Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар


КІРІСПЕ
Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы - сала- дағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлмеде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өн- дірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамта- масыз етілуі қажет. Сонымен қатар, арзан сиыр етін өндірудің тиімділі- гіне көңіл аудара отырып, табиғи пайдалы жерлерді суаландыру және ауыспалы жайылымға қосу арқылы, азықтандыруға пайдалы жерлерді ұлғаюына қажетті шаралар қолдану керек. Жас төлдің «бір қыс, екі жаз» қағидаты бойынша жайылымда жүру уақыты аналық бастардың бұзаулау мерзімімен реттелуі қажет. Етті бағыттағы малдарды жайып семіртуді қарқынды бордақылаумен аяқтаған жөн. Өзіндік асыл тұқымды база негізінде ғылыми негізделген отандық селекцияның бағалы генетикалық ресурстарын тиімді қолдана алса, етті бағыттағы мал шаруашылығын әрі қарай дамыту жемісті болады. Мамандандырылған етті мал шаруашылығы саладағы прогессивті және экология жағынан өзін- өзі ақтаған технологиясы шоғырланған дербес база аясында жүргізілу керек. Негізінде, қысқы кезеңде етті малды күтіп-бағуда байламсыз ұстау технологиясы қолданылады, яғни қора жеңілдетілген типті, жартылай құрастырылған жақтаудан және қабырғасы арзан материалдардан жасалған, ал жазғы мерзімде суаландырылған және жайылымды жерлерде малдарды максималды ұстау. Малды өсіру және табынды ұдайы өндіру кезінде «сиыр -бұзау» жүйесін қолдану қажет. Яғни, жайылымдық уақытын ұзарту, бұзаулау мерзімі, қысқы уақытта пішенмен азықтандыру, арзан қораларда күту, 100 бас аналықтан 90 бас бұзау алу. Жыныстық топтары әр түрлі ірі қара малдардың физиологиялық жағдайына байланысты қорада ұстау немесе қысқы кезеңде малды күту әр кезеңде басталады. Малдарды күтуге қолданылатын технологияға және кысқы мерзімнің басталу уақытына шаруашылықтың географиялық және табиғи-климаттық орналасуы маңызды. Малдың денсаулығы және оның өнімділігі негізінде қоршаған орта факторларының әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан қоршаған орта көрсеткіштерін мал организміне қолайлы ету малшылар мен мамандардың басты міндеті. Мал ауруларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын барлық ветеринария-лық-санитариялық шаралар, қоршаған ортаның мал организміне қолайлы гигиеналық-санитариялық нормативтер мен ережелер тек осы орта көрсеткіштеріне сүйене отырып белгіленуі керек. Бұл тарауда осы жоғарыда айтылған тұжырымдардың маңыздылығын дәлелдейтін мәліметтер келтірілген.
1. ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1. Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
Гигиена сыртқы ортаны тек жануарлар организміне оның әсер ету ерекшеліктерін зерттейді. Бұл ретте гигиенаның басты мақсаты жануарлар денсаулығын қорғауға сыртқы орта факторларының маңызын дәлелдеп, организм мен олардың арасындағы қарым-қатынас пен өзара әсерін терең зерттеу. Себебі, жануарлардың тіршілік ету қабілеті үнемі сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Сыртқы орта деп жануарларды қоршаған әрі оларға тікелей немесе жанама әсер етуші табиғаттың бөлігін айтамыз. Оның ең негізгі құрайтын бөліктері ауа, топырақ, су, азық, технологиялық құралдар мен қора-жай, сонымен қатар тірі организм, яғни ол қандай түрге жататынына тікелей байланысты. Тірі организм қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болса өмір сүре алады әрі өз даму, өсуіне қажетті заттарды (азық, ақпарат және т. б. ) ала отырып өзін-өзі сақтайды.
Организмнің дамуы қоршаған ортаның үнемі өзгеріп тұру-ымен тығыз байланысты.
Егер осы қоршаған орта қалыпты жағдайдан ерекше өзгерсе, яғни организм өзіне қажет элементтерді (эволюция процесіне қажетті) ала алмаса, онда орта мен организм арасында қарама- қайшылық туады. Организмге әсер ететін ортаның элементтері сыртқы орта факторлары деп аталады. Сыртқы орта факторлары тіршілік жағ-дайында организмнің өміршеңдігіне әсер ететін бірден-бір қозғал-тқыш күш болып саналады. Сыртқы орта факторлары табиғатына және әсер ету түріне байланысты абиотикалық (өлі табиғат) және биотикалық (тірі табиғат) болып бөлінеді. Абиотикалық факторларға жануарлар организміне әсер ететін неорганикалық (өлі табиғат) орта кешені жатады (ауа темпера-турасы, ылғалдылығы, қысымы, ауаның, судың химиялық құрамы, ксенобиоттар және т. б. ) . Биотикалық факторларларға тіршілік ететін ортадағы орган-измдердің бір-біріне әсері жатады (жануарлар, микрооргани-змдер және т. б) . Ал өзінің құрамы жағынан сыртқы орта факторлары химиялық (заттық), физикалық (энергетикалық) және биологиялық (биотика-лық) болып бөлінеді. Физикалық факторларға - температура, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, ауаның су буымен толығуы, күн сәулесінің интенсивтілігі, ауаның иондалуы және т. б. жатады. Химиялық факторлар: химиялық элементтер мен ауа, су, топырақ, азықтағы қосылыстар. Биологиялық факторларға - табиғи жағдайда ауада, суда, топырақта, азықта кездесетін бактериялардың құрамы негізінде сапрофитті микрофлоралардан тұратын әрі қоршаған ортаның патогенді микробтарымен, гельминт жұмыртқасымен ластануы жатады. Бұларға жануарларда паразиттік жолмен өмір сүретін жабайы аңдар, құстар және бунақ денелілер (шыбын-шіркей, кене және т. б) жатады. Қоршаған орта факторларының организмнің тіршілік қабілетіне үш түрлі әсері бар: минимум, максимум және оптимум. Жан-уарлар денсаулығы үшін ең қолайлысы факторлардың оптималдық шамасы. Тек дені сау жануар ғана генетикалық потенциалына сай жоғары өнім бере алады. Ал жануарлар денсаулығын сақтау, қорғау олардың иелері мен шаруашылық мамандарының міндеті. Денсаулық - организмге тән табиғи жағдай, ол қоршаған орта мен организм арасындағы тепе-теңдікті сипаттайды. Мал денсаулы-ғына баға беру үшін әртүрлі зерттеу әдістеріне сүйенеді (клиника-лық, биохимиялық гематологиялық және т. б. ) . Мал өнімділігінің төмендеуі (сүттілігі, жүнділігі, еттілігі және т. б. ) оның денсаулығының төмендеуін дәлелдейді. Тірі организмнің ең маңызды ерекшелігі, оның қоршаған орта жағдайларының кең ауқымды диапазонындағы өзгеруінде ағзаның физиологиялық, өзіне тән, тұрақтылықты бірқалыпты жағдайда сақтауы болып табылады. Бұған жету, әрине организм гомеостазының (грек. һоmоіоз - ұқсас, тән, statis-қалыпты) автоматты түрде өзін-өзі басқаруына байланысты, осы кезде организмдегі туындайтын әртүрлі физиоло-гиялық параметрлерінің ауытқулары белгілі шамада гомеостазбен шектеліп отырады. Гомеостаз - жануарлардың орта өзгерістеріне қарсы тұру және организмдегі тепе-тендікті сақтау қабілеті. Ол дені сау малға тән қалыпты жағдай. Оны бүкіл организм мен оның ішкі ортасының қоршаған ортаның ауытқуларына қарамай, салыстыр-малы бірқалыпты күйде сақталуымен қамтамасыз ететін организм мен ортаның өзара қарым-қатынасының ең жетілген үлгісі деп қарауға болады. Былайша айтқанда, малдың ішкі ортасының (қан, лимфа, ұлпа сұйығы және т. б. ) құрамы мен қасиеттерінің негізгі физиологиялық қызметтерінің салыстырмалы динамикасының тұр-ақтылығы (қан айналым, тыныс алу, жылу өткізгіштік, зат алмасу және т. б. ) қалыпты болады. Соның нәтижесінде организм әрқашан барлық физиологиялық функцияларын белгілі бір деңгейде сақтайды. Бұған дене қызуы, сутекті иондардың сұйықтық концентрациясы, артериялық қысым көлемі, тыныс алу жиілігі және басқа көрсеткіштер жатады. Гомо-йотермдік (дене температурасы тұрақты) жануарлар үшін ең бас-тысы температуралық гомеостазды сақтау - сыртқы темпера-тураның өзгеруіне қарамай ішкі температураның салыстырмалы тұрақтылығы. Бірақ организм өз гомеостаз жағдайын қоршаған ортаның қолайсыз факторларының тек белгілі бір деңгейіне дейін ғана ұстай алады. Факторлардың әсерлері шекті мөлшерден асқан жағдайда ғана гомеостаз бұзылады. Нәтижесінде ағзада функцио-нальдық және морфологиялық өзгерістер туындап, ол ауру дамуымен жалғасады. Гомеостазды сақтау денсаулықтың белгісі, оның бұзылуы ауру тудырады. Иммунитет те гомеостаздың меха-низмі, яғни организмге микроб немесе вирус енген жағдайда тіршілік әрекетін бұзбай, өлімге қарсы күресетін механизм. Ауру - организмнің табиғи өмір сүру жағдайының бұзылуы. Ол функциональдық және морфологиялық өзгерістерінен туындай-ды. Қоршаған орта факторларының әсерінен жануарлар организм-інде қан айналу, тыныс алу, ас қорыту ағзаларының жұмыстары бұзылады. Сондықтан мал организмінде аурудың дамуы оған қоршаған ортаның патогенді факторларының әсер етуімен тығыз байланысты: физикалық (жоғарғы немесе төменгі температура, шектен тыс немесе жеткіліксіз күн радиациясы және т. б. ), хими-ялық (ауадағы, топырақтағы, азықтағы улы заттар), биологиялық (патогенді вирус, бактерия, ұсақ саңырауқұлақтар, гельминттер және т. б. ) . Аурудың дамуы кейде организмнің ішкі орта фактор-ларына, былайша айтқанда генетикалық жеке дефектілерге (тұқым қуалайтын аурулар) де байланысты болады. Зоогигиенада мал қораларының ауасындағы зиянды газдардың (аммиак, күкіртсутегі және т. б. ) организмге әсері нақты түрде анықталған. Бұл газдардың әсерінен риниттер, ларинготрахеит, бронхит, өкпенің қабынуы туындайды. Ал, атмосферада иондардың жоқ болуы малды өлімге душар ететіні экспериментальді түрде дәлелденген. Қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларының ұзақ және шектен тыс әсер етуінен көптеген жұқпайтын аурулар пайда болып, етек жаяды. Мысалы, топырақта биогенді элементтер (кальций, фосфор, йод, мыс және т, б. ) жетіспесе жануарлардың өнімділігі мен көбейтушілігінің төмендей-тіні белгілі. Ал, рационда ас тұзының аз немесе аса көп мөлшері тиісінше организмде гипонатриемия немесе токсикоз тудырады. Малды толық құндылығы төмен, бұзылған, зең шалған азықтармен азықтандыру зардабы мол аурулар тудырады (микоздар, микоток-сикоздар, гастрит және т. б. ) . Жануарларды жеткіліксіз азықтандыру - арықтауға, өніміділігінің төмендеуіне, ауруға (алиментарлық дистрофия мен төлсіздік) шалдықтырады. Организмге судың жеткі-ліксіздігі токсикозға (судың теріс балансы) әкеп соқса, ал ластанған суды пайдалану (өндіріс қалдықтары мен пестицидтермен және т. б. ластанған) гастрит, энтерит, гепатит, токсикоздардың жиі болатын себептері. Ауру тудыратын қоздырғыштармен зардаптанған ауа, су және азық жануарлар арасында көптеген індетті және инвазиялық ауру-лардың туындауына себепкер (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, аусыл, туляремия және т. б. ) . Жалпы айтқанда жануарлар денсаулығының бұзылуының басты себептері қоршаған орта жағдайының зиянды әсері болып табылады. Әсіресе, жануарлар арасында аурудың өршуін оларды қанағаттанарлықсыз ұстау мен азықтандыру тек аурудың өршуімен қатар олардың өнімділігін (ет, сүт, жүн) жоғарылататын, тұқымдық қабілетін төмендетіп, өсімділігі мол, денсаулығы мықты төл туу қасиеттерін де төмендетеді. Әрине, мал денсаулығын сақтауда қоршаған орта әсерімен қатар, тұқымдық факторлардың әсерінен де қалыптасады. Бірақ маңызды шешуші роль қоршаған орта факторлары болып табы-лады. Осыған байланысты оның сапасын бақылау гигиеналық тұрғыдан өте маңызды. Айта кететін жағдай, қоршаған ортаның кейбір факторларының әсері бір жануар түрінде ауру тудырса, екіншісіне әсері төмен немесе мүлдем жоқ болуы мүмкін. Бұл мал организмінің табиғи төзімділігімен (резистенттілігімен) түсінді-ріледі. Организм резистенттілігі (лат. resistentіа - қарсы әсер, қарсы-ласу) - жануарлар организмінің сыртқы қоршаған ортаның зақымды факторларына қарсы тұру қасиеті. Организм төзімділігінің ерекше-лігі оның түрі, тұқымы, жасы, анатомиялық-физиологиялық ерек-шелігімен организмнің иммундық жүйесіне, азықтаңдыру және т. б. факторларына байланысты. Бұл ретте иммунитеттің (лат. іmmunitas - босату немесе құтылу) маңызы өте зор. Ол - организмнің бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті.
1. 2. Теріс аэроиондардың малға әсері
Ауаның теріс зарядталған жеңіл иондары оң заряталған ауыр иондарға қарағанда мал, құс, тіпті балық шабақтарының организміне қолайлы әсер етеді. Иондалған ауа организмнің арнайы емес төзімділігін ұлғайтады. Олар демалған ауамен тыныс жолдарының шырышты қабығы арқылы организмге, ал өкпе альвеолалар қабырғасынан өтіп қанға енеді. Сол кезде қандағы коллоидтардың зарядталуы ұлғаяды, ал керісінше, оң иондар жұтқан кезде-азаяды. Сондай-ақ иондардың организмге тері рецепторлары арқылы (мәселен, шошқада) тікелей, ал зат алмасу процестерінің нейроэндокриндік реттейтін жоғарғы тыныс жолдарының нерв ұштары арқылы жанама әсер етуі мүмкін. Сыртқы ауада (бір текше сантиметрінде) 250-450 мың жеңіл теріс ион болса, қора-жай ауасында олардың саны едәуір кемиді (50-100 мыңға дейін) . Ауа деп атмосфераны құрайтын газдар қоспасын айтамыз. Тропосфераның төменгі қабатындағы ауаның орташа құрамы тұрақты және белгілі көлеммен, салмақтық пайызбен белгіленеді. Жоғарылаған сайын ауаның сиреуіне байланысты әрбір газдың құрамы мен мөлшері және оның парциалдық қысымы төмендейді. Мысалы, оттегінің шоғырлануы теңіз деңгейінде 229 г/м болса, 15 км биіктікте-шамамен 15 г/ м, парциалдық қысым тиісінше 21, 3 және 2, 5 кПа (160 және 8, 0 мм) . Орта өнімді сиыр 1 сағат ішінде шамамен 2, 5 м ауа пайдаланады.
1. 3. Ауадағы механикалық қоспалар
Ауада әруақытта шаң-тозаңның аздды-көпті мөлшері кездеседі. Ауа шаңының және басқа қоспалар ерекшелігі олардың бөліктерінің тез қонуға деген қабілеті бар тозаң болып табылады. Шаң негізінен жеңіл қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық немесе органикалық шығу тегімен сипатталады. Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0, 25-25 мг/м аралығында. Зерттеулер нәтижесінде мұхит үстінде әрбір см бетте 100 шаң бөлшегі кездессе, ал қалаларда 100 мың данаға дейін кездесетіні анықталған. Көп шаң ауада қатты желде, дауылда, орман өртенгенде, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындар жұмысының салдарынан пайда болады. Өнеркәсіп орындарының шаң түріндегі қалдықтарында өте майда минералдық (кремний, барий, темір тотығы, күшәлә) және өсімдік бөлшектері мен тозаңы кездеседі. Мысалы, Арал теңізінің құрғауы бүкіл Орта Азияда құрғақ желдің және шаңды дауылдың пайда болуына себебі болып отыр. Мал қораларының ауасындағы шаң жем-шөп тарату, төсеніш төсеу, оны жинау, малдың, әсіресе құстың орнын ауыстырғанда көптеп жиналады. Олар органикалық, минералды және аралас шаң болып бөлінеді. Минералды шаң қорадан тыс жерде (топырақ бөлшегі, кварцты, әкті және т. б. ) болады. Қора ауасында органикалық шаң көп (өсімдік талшықтары мен спорлары, дән, жем-шөп, төсеніш, қи, эпидермис, қауырсын, жүн бөлшектері, микроорганизмдер) кездеседі. Шошқа қораларында мөлшері 1 см ауада 80-95 шаң бөлшектеріне дейін кездеседі. Шаңның мал организміне әсері. Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларымен және микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады. Соның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі бұзылады, дерматит, пиодермия, бөртпелер, тағы басқа ауруларөршиді. Көздің кілегей қабығына түскен шаң конъюктивит, кератит (көз етінің қабынуы) тудырады. Шаңның кез-келген әсері тек оның мөлшеріне, шығу тегіне ғана емес, оның бөлшектерінің мөлшеріне де байланысты. Қазіргі уақытта шаң деп мөлшері 0, 1 мкм дейінгі бөлшектерді, ал одан кіші бөлшектерді түтін деп атайды. Оның бөлшектерінің мөлшері 0, 2-5 мкм аралығында болса өте қауіпті. Мұндай шаң бөлшектері өкпеге, тіпті альвеолаларына дейін оңай өтіп, тез қонады (60-80%) . Шаң бөлшектері тыныс жолдарына түсіп, танау, жұтқыншақ, кеңірдектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп жаралайды. Сөйтіп, инфекция қоздырғыштарының енуіне жағдай тууғызып, катаралды (қабыну) процестердің жіті және созылмалы түрлері пайда болып, өршуіне мүмкіндік береді. Шаң-тозаң өкпе ауруларының көптеген түрлерінің өршуіне альвеолаларда шаң бөлшектері жинақталатын экссудаттардың жиналуы себепкер болады. Экссудат бірнеше мәрте пайда болып, өзінен өзі керісінше тарап тартылып кетіп отыруы мүмкін. Соның салдарынан альвеола қабырғалары қалыңдап, қанталап альвеолит, бронхиолит пен периобронхиолит сияқты процестер өршиді. Тыныс жолдарына терең енген майда шаң фагоцитозға ұшырайды. Мал арасында өкпе силикозы ауада кремний шаңы көп болғанда жиі кездеседі. Ал өкпе фиброзы құрамында асбест және кремний қос тотығы (диоксиді) бар шаңды мол жұтқаннан болады. Ол қойда кең тараған, ірі қара мен шошқада сирек кездеседі. Силикоз кезінде өкпе ұлпасының кейбір жерлері байланыстыру ұлпасымен ауыстырылып өз функцияларын жоғалтады. Шаңның жанама әсеріне келетін болсақ, оның әсерінен ауада атмосфераның мөлдірлігі (тұнықтылығы) төмендегендіктен қорада табиғи жарық азаяды. Шаңданған атмосферада табиғи ультракүлгін радиацияның қарқындылығы төмендейді. Атмосферада шаң көп болған сайын, соншалықты температурада төмендейді, ал жазда оның әсерінен 10°С дейін төмендеуі мүмкін. Шаңның көптігі ауадағы будың суға айналуының себепкері болып, жауын-шашын да тудырады. Сонымен бірге шаң өсімдікке кері әсер етіп, жеңіл иондар санын азайтады, тұман мен бұлт пайда болуына мүмкіндік жасайды. Мұндайда, шаң майда аэрозоль күйінде болып, бөлшектерінің көлемі 10 мкм-ден 0, 1 мкм-ге дейінгі аралықта ауытқиды. Аэрозольдың шаңнан айырмашылығы тұрақты динамикалық коллоидты жүйеде бола тұрып, өте жай шөгуінде. Сондай-ақ, олардың тағы бір ерекшелігі-беткейі кең көлемге салмағына қарай орналаса алатын қасиетінде жатыр.
1. 4. Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz