228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы



КІРІСПЕ
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 1.1.Атмосфералық қысым
1.2.Жануарлар өнімділігіне және резистенттілігіне ауаның әсері
1.3.Ірі қара малының төлдерін өсірудің гигиенасы
1.4.Буаз малдарды күтіп.бағу, азықтандыру және жас төлдердің туғанға дейінгі, туғаннан соңғы мезгілдеріндегі күтіп.бағу ерекшеліктері
1.5.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
ҚОРТЫНДЫ
Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық, экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата.тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады. Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6.8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
1. Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.
8. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.
9. Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.
10. Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..
11. Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және
малдың конституциялық, экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы
өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған
бұзауларға, ата.тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде
бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз
етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады. Мал
төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған
бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау
туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп
өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек
береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде
зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның
барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта
бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып,
бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп
өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6.8 айға дейін енелерімен
бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы
шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді. Ірі
қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму
үшін, олрға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы-малды дұрыс
азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Малдың организімі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның
өзгеруіне байланысты жас организім де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс
болады, әсіресе жас малдың өсіп.дамуына және өнімділігінің қалыптасуына
тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс
азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті
жузеге аспай қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші тәсілін қолданып, оның
өнімдік қасиетін де өзгертуге болды. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынынан
өнімді көп алудың негізгі бір жолы. 
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс азықтандырумен
қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалдық
(бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты. Төлдің
эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға дейінгі және
эмбриондық деп бөледі. Жануарлардың жоғары өнімділігін қолдау және фермада
ветеринарлық саулығын қамтамасыз ету төлдерді ұстау, жем беру, күту, өсіру
гигиенасы мен үй-жайды пайдалану ережесін сақтаусыз мүмкін емес. Ауыл
шаруашылық жанауарларының гигиенасы – бұл жобаға енгзілген климат,
метеорологиялық, топырақ факторлары, жем беру, ұстау, талаптары, ғимараттың
технологиялық шешімдеріне байланысты стресс ситуациясында жаунарлар ағзасын
алдын алу туралы ветеринарлық ғылым. Зоогигиена инфекция енуден ауыл
шаруашылық объектілерін қорғаудан басталады және өндіріс қалдықтарын
пайдаға асыру шараларын әзірлеумен аяқталады; ол микроағзалар таралуының
аэрогенді жолын ескертеді, зооветеринарлық ажырау және санитарлық-қорғау
зонасын құрастырады; үй-жайды толтыру және босату принциптері, секцияда
алдын алу үзілістерін қалыптастырады, секция және үй-жайда жануарлар саны,
сонымен қатар қазіргі заман регламенті және жануарлардан мемлекеттік
стандарт талаптарына жауап беретін экологиялық таза, қауіпсіз өнімді алу
үшін оларды ұстау, жем беру, су беру және күтудің ұтымды жағдайын
анықтайды.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Атмосфералық қысым
      Бізді қоршаған атмосфера ауасының салмағы (1 м ауа сынап бағанасымен
760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа соның ішінде
тірі организмге де (1 см шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды.
Атмосфералық қысымның шамасы сол ортаның теңіз деңгейінің биіктігімен
өлшенеді. Теңіз деңгейінде және температура 0 С кезінде атмосфералық қысым
сынап бағанасымен 760 мм. Бұл қалыпты барометрлік қысым болып есептеледі.
Атмосфералық қысым сонымен қатар метеорологиялық шаруашылықта басқада
өлшемдермен өлшенеді. Атап айтқанда, Бармен (б) немесе миллибармен (мб)
және Паскальмен. Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп
болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал
төмендесе-күн бұлттанып, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады.
Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы (сынап бағанасымен 25 мм-ге дейін)
мал денсаулығы пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса
сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқының
ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі. Тауға
өрлеген сайын барометрлік қысым  мен оттегінің парциалдық қысымы
өзгеріп отырады. Биік тау (2500-3000 метрден жоғары биіктікте)
жайылымдарда, немесе тауға тым тез көтерілгенде оған бейімделмеген малда
тау немесе биіктік ауруы өршиді. Мұндай аурумен құлын жиі, ал жылқы, қой,
ірі қара мен түйе сирек ауырады. Қаны аз және семіз мал аталмыш сырқатқа
тез шалдығады. Тау жағдайына спорт аттары да өте сезімтал. Атмосфералық 
қысымның төмендігінен болатын бұл  аурудың себебі артерия қанында 
оттегінің парциалды қысымының  жетіспеуі. Бұл жағдай ұлпадағы оттегінің  аз
болуына (гипоксия) ұшыратады. Мұндайға итермелейтін факторлар:
температураның төмендеуі, ауаның ылғалдылығы, күн радиациясы кернеуімен,
қысқа толқынды сәулелер санының ұлғаюы және атмосфераның электрлік жағдайы.
 Оттегі  жетіспеген соң зат алмасудың бұзылуына,
организмде толық тотығып үлгермеген өнімдердің жиналуына, қан ағымының
тамыр қабырғаларға өтуіне (инфильтрация) әкеліп соқтырады. Атмосфералық
қысым мен оттегінің парциалды қысымның азаюы орталық нерв жүйесінің жоғарғы
бөлігінде жылдам байқалады. 2 км биіктікте иттердің тежеу процесі, ал 5 км
биіктікте шартсыз рефлекстері мүлде жойылып, қозғалу қызметі бұзылады.
Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе мал атмосфералық қысымының төмендігіне
жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады. Мал
организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроциттер
санының және гемоглобин мөлшерінің (айналмалы қан салмағы) ұлғаюына көп
байланысты. 
1.2.Жануарлар өнімділігіне және резистенттілігіне ауаның әсері
      Ауа ылғалдылығы мал тіршілігіне  және оның өнімділігіне зор әсер
етуші  фактор. Ылғалдылық деп ауа құрамындағы  су буын айтамыз. Температура
және ылғалдылық бір-бірімен тығыз байланысты және басты климаттық
факторлар. Ауадағы бу
мөлшері белгілі кең аралықта ауытқиды. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен
2,34 г су буы болады. Атмосферадаға бу негізінен су көздерінің, топырақ пен
өсімдіктің булануы нәтижесінде пайда болады. Ауадағы ылғал мөлшері
температураға, теңіз деңгейінен биіктікке, су қоймаларының жақындығына,
өсімдік сипатына және т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Мал қораларының ішкі ауасындағы бу мөлшері
әдеттегідей атмосферадағы буға қарағанда көп. Атмосфералық ауа ылғалдылығы
қора ауасының 10-15% құрайды. Қора-жайлар ауасында будың негізгі мөлшері
ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен
пайда болады. Мал бөлетін бумен салыстырғанда оның үлесі небары 10-30% ғана
тиеді. Қора-жай ауаысына мал организмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс
жолдарынан шығарылған ауамен және т.б.) пайызы едәуір (60-80 %).
Ауа ылғалдылығының гигиеналық
мәні өте зор. Ылғалдылық, көбінесе қоршаған ортаның климат пен микроклимат
жағдайын көрсетеді. Соған орай ауа, өсімдік, топырақ, қора кострукциясы мен
заттардың жай-күйі және микроорганизмдер арқылы мал организміне тікелей
және жанама әсер етеді. Ауада ылғалдың мол болуы жоғары температура
жағдайында организмге жылудың жиналуына (гипертермия), ал төменгі
температурада жылуды көптеп шығаруға (гипотермия) ықпал жасайды. Жоғары
салыстырмалы ылғалдылық организмге, оның жылу шығаруына ауа температурасы
ыстық кезде де, суық кезде кері әсер етеді. Мал организмінен ылғал тері
және тыныс жолдары арқылы шығады. Ылғал тері арқылы тер түрінде және газ
түрінде де шығады. Әдеттегі жағдайда жақсы күтіп-баққанда мал организмі
ылғалдың булануына жалпы жылу шығынының 20-25% жұмсайды. Алайда ауа
құрамында бу көп болса жылу организмнен булану жолымен шықпайды. Сондықтан
да ылғал көп, температура ыстық кезде әрі ауа қозғалысының жылдамдығы төмен
болса (қапырық, нашар желдетілген қораларда) организмнен жылу шықпай,
қызады, ыстық өтеді. Ылғал ауаның сыйымдылығы құрғақ ауа сыйымдылығынан 10
есе үлкен. Соған орай ауа ылғалды әрі суық болса, оның үстіне ызғырық соқса
организм тез мұздайды. Мал қораларының жоғары ылғалдылығына 
қарсы мынандай шаралар жүргізу  қажет: мал қораларын жобалағанда  және
салғанда құрылыс материалдарын  дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде 
зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабаннан төсеніш төсеу (сонда
салыстырмалы ылғалдылық 8-12%-ға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану
(салыстырмалы ылғалдылық 6-10%-ға төмендейді), асыл тұқымды мал
шаруашылықтар мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда
жайылымға шығарған дұрыс.  Ауа қозғалысы
топырақтың, содан соң оған жақын ауа массасының біркелкі қызбауының
салдарынан болатын құбылыс. Мәселен, ауаның жылырақ массалары жоғары
көтеріледі де, ал олардың орнын температурасы төмен жылжыған тасқындары
басуға тырысады. Жылжи отырып олар өздерінің жылдамдықтары мен бағытын
өзгертеді. Мұндай қозғалыс ауаның турбалентті құйынды қозғалысы деп
аталады. Оны құйын, жел кезінде бақылауға болады. Ауаның жер бетіне
параллель тегістіктегі қозғалысын жел деп атайды. Сол желдің жылдамдығы
секундына метрмен (мс) өлшенеді. Ауаның жылдам қозғалысын, яғни желдің
күшін сипаттайтын жылдамдық Бофорттың он екі баллдық шкалаыс бойынша
анықталады. Бүкіл республика территориясына тән қасиет-желдің күштілігі.
Қыс және күз айларында олар кейде дауылға айналады. Сондықтан қыста боран,
жазы мен көктемде шаңды дауыл жиі кездеседі. Желдің күштілігі топырақты
эрозияға шалдықтырып, егінді жояды. Қазақстанда желдің (жер бетінен 12 м
биіктікте) жалпы энергиясы 1 млрд киловатт құрайтыны есептелген.
Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды
желдетуге және онда жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді. Егер желдің
жылдамдығы 4 баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоңазиды. Шамалы ғана
жел өті бұқа терісін тым тәуір салқындатады. Мысалы, бір сағат шамасында
желдеткенде оның терісінің қызуы 3,5°С төмендейді, жүнінің беткі
қабатындағы қызуы 2,9°С, ал қалыңдау терең тұсында-2,8°С төмендейді. Ауа
қозғалысының жылдамдығы секундына 0,1-0,4 метрге дейін артқанда ауа
температурасының 5°С суығына тең келеді (Н.М. Комаров, 1971). Тіпті ауа
қозғалысының жылдамдығы сәл ғана ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті
айтарлықтай өседі. Сондықтан да микроклиматтың бұл факторын температурамен
үйлестіре білу керек. Ауа
қозғалысы жылдамдығының секундына 0,1 м артуы оның суыту күшінің бір шаршы
метрде секундына 0,19 мкал өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтанда да
зоогигиеналық нормаларда қора-жайлардағы ауа қозғалысының ең аз жылдамдығы
қыста төл үшін секундына 0,02-0,03 метр, сақа мал үшін-0,2-0,5 мс ұстау
қарастырылған. Жазда немесе бордақыдағы бұқалар ұсталатын жабық мал
қоралары немесе құс қоралары ауасының қозғалу жылдамдығы секундына 0,5 және
1 метрге дейін, ал сырттағы ауаның температурасы 31-35°С кезде малға салқын
болу үшін секундына 1,5 метрге дейін арттырылады. Кейбір авторлар ауа
тасқынының бағытын малдың басына бағыттаған дұрыс деген пікір айтады. Ауа
қозғалысының жылдамдығын арттырған кезде, әсіресе ауа температурасы мен
ылғалдылығы тәрізді микроклимат факторларын қатаң түрде ескеру керек.
Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс) мына
төмендегідей болуы  керек: сиыр қорада-7,2-9,5 мкал(см .с); бұзауханада-
6,6-8; ат қорада-8,2-9,5; шошқа қорасында-6,5-8. Жас төлдерге арналған
қораларда катаиндекс төмен болуы керек (4-5).
1.3.Ірі қара малының төлдерін өсірудің гигиенасы

Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде
оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау
нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп
жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған
жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа
райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу
және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема
малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің
сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға
арналған шаруашылықтар (фермалар):
1) тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға
арналған;
2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;
3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және
бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен
айналысатын шаруашылықтар.
1.4.Буаз малдарды күтіп-бағу, азықтандыру және жас төлдердің туғанға
дейінгі, туғаннан соңғы мезгілдеріндегі күтіп-бағу ерекшеліктері

Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының
физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері мен (температура,
ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер мен
шаң-тозаңдар мөлшері т.б.) сипатталады.
Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат олардың жасы, өнімі
және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір малдардың
түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр, тұқымды
т.б.) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді (кесте 5). Ондай мал
организміне сай микроклиматты қорада әртүрлі жолдармен қалыпқа келтіреді
(желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т.б.)
Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор болып
ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа температурасы (1-6
градусқа дейін) төмендесе жас малдардың, әсіресе бұзаулардың өсуі 15-20
пайызға, сиырдың сүт өнімі – 15-30 % кеміп, ал азықтың шығыны – 15-50
пайыға артады.
Мал қораларының микроклиматының қалыпты шамада болуы пайдаланған
құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты. Қора бөлшектері шыдамды,
берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына су сіңірмейтін, ауа өткізгіш,
жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы қажет. Себебі,
әсіресе қыс айларының суық мезгілдерінде қораның ішкі жылуының 30-45
пайызына таяуы оның бөлшек беттері арқылы тарап кетеді де, ішкі ауа
температурасының төмендеуіне апарып соғады. Неғұрлым қора бөлшектерінің
беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік жолдарымен
жылу тарауы жоғарғы болады. Көбінесе қыс мезгілдерінде булану арқылы
жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына, есік-қақпа, терезелерге
таяу орналастырылған малдарда болады. Мысалы, қораның ортасындағы
клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы, қораның
басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы төлдермен
салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген.
Гипотермия малдардың, әсіресе жас төлдердің төзімділігін
(резистенттілігі) төмендетеді. Ол кезде организм де қарсы дене (антител)
түзілуі төмендеп, лейкоциттер мөлшері азайып және олардың фагоцитарлық
қарқыны (активность) кеміп, жұқпалы және жұқпайтын әртүрлі аурулардың
шығуына апарып соғады. Ортаның жоғарғы температурасы да организмнің
резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп, өнімі азайып гипертермия ауруының
(дене температурасының жоғарлауы) тууына әсер етеді. Мысалы, ауа
температурасы 27-32 градусқа көтерілсе, сиырдың сүті 10-30 %, ал 38
градуста – 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың тәбеті төмендеп, су
ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді.
Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету шамасына
байланысты организмдегі жылу алмасу процесстеріне айтарлықтай әсерін
тигізеді, яғни орта температурасы төмен болса, жоғарғы ылғалдық денеден
жылудың тарауын арттырып, организмді суыққа ұрындырса, ауа температурасы
жоғары болғанда, денедегі жылудың тарауын тежеп, ыстық соғу ауруына
ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда (салыстырмалы
ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12 % төмендетеді. Ірі
қара малдарын бордақылау орындарының ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда
азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының өсуі 12-28 % төмендеп
және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы 2-3 есе артатындығы анықталған.
Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі т.б.)
мөлшері көбейеді. Ондай жағдайда малдардың өкпе ауруына (туберкулез)
шалдығуы жиілейді. Бордақыда тұрған малдардың қора ауасындағы аммиак
газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып соғады.

Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің
мөлшерінің артуы жас төлдердің төзімділігін айтулы төмендетіп, олардың
арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен күресуге қыйындық
туғызады. Мұндай жағдайда ол аурудың алдын алу тек қора ауасының
тазалығында ғана болады. Мысалы, бұзауларды ауасы ластанған қорадан
жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына әсер етеді. Ірі
қара малдарына арналған қоралардың жарықтану шамасыныңда мал организміне
айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен 70-100
люксе жоғарлауы бұзаулардың ауруын 9-12 % төмендетіп, дене салмағының,
тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып соғады.

Сыйыр қораларының жарықтану мерзімін тәулігіне 6-7 сағаттан 14-18
сағатқа дейін ұзартса (жасанды түрде) малдың сүті 6-15 % жоғарлап,
ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6).
Мал қораларының жарықтануын қалыпқа келтіру арқылы буаз сиырлардың
қанының биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштерінің жоғарлап, туған
төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Сондықтан
ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық ерекшеліктеріне
негізделіп қалыпты (нормативті) микроклимат көрсеткіштері (параметрлері)
белгіленген (кесте). Ірі қара малдарын қалыптанған микроклиматы бар
қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35 %
кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы 2-3 есе азаяды. Мұнымен қоса сүт
өнімінің жағымсыз иістері жоғалып, қышқылдығы азайып, микроорганизмдермен
ластануы төмендеп, сапасы артады.
Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-
зоогигиеналық шаралардың жинағын жасау қажет. Олар қоралардың жоспарлап
салу шешімдері мен оған керек құрылыс бөлшектерін таңдау, тиісті құрылыс
материалдарының, әр аймақтардың жер орайы мен ауа райларына сәйкестіріп,
қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа технологиясын еңгізу, қораның
ауасын алмастыру, көңнен тазалау т.б. шаралар жатқызылады.

1.5.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және
азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат
көрсетекіштері

Жас туған бұзаулардың өсіп-дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды
екі түрге бөледі: физиологиялық жетілген (нормотрофиктер), және толық
жетілмеген (гипотрофиктер). Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге
алынады: бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің
барлығы, жүнінің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл-қозғалысының активтілігі,
енесінің емшегін тауып, соруы т.б. қалыпты жағдайда өсіп, дамуы дұрыс
жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы – 28-35 кг (енесінің тірі салмағының
8 %), туғаннаң соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай
аналығының желнін тауып, емуі, 3-4 тәулікте кіндігі құрғап және сыртқы
ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында, аурудан қорғайтын
негізгі ірі малекулярлы гамма-глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды жас төл
тек енесінің уызымен алады. Аналық жатырында өсіп-дамуы кезінде оның
плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездеріне жиналады. Мұнымен қоса
алғашқы тәуліктерде желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно-глобулиндер
түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек
қабырғасынан өтіп, қанына түседі.
Егер ірі малдарының ішінде ол белоктар ыдырап сіңірілетін болса, жас
туған төлдердің ішіндегі арнайы клеткалар уыздың белоктарын ұстап алып,
ыдыратпай, алғашқыда бездерге, одан кейін қанға түсіреді де сол арқылы жас
төлдің өздігінен қорғаныс белоктарын түзілгенге дейін қорын жасайды.
Қорғаныс белоктарын өзгеріссіз түрде жас туған төлдердің ішек клеткаларымен
ұстап тасымалдауы ұзақ уақытқа созылмайды – 36 сағаттан артық емес,
көптеген бұзауларда – 6-12 сағат. Сондықтан жаңа туған бұзауларға бірінші
рет ему рефлексі шығуынан соң қолма-қол, денеде қорғаныс белогінің қорын
жасау үшін, уызбен қамтамасыз ету қажет. Егер бұзауға уыз беру уақыты 5-9
сағатқа кешеуілдеткен болса, қорғаныс белоктарының организмде
тасымалдануының қарқыны -18-50 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Шу және оның мал организміне әсері
Жамбыл облысындағы 228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайын зерттеу
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар
Ересек Сиырдың салм
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Пәндер