20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі



КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
1.2.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
1.3.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
1.4.Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі азықтандыру және ұстау гигиенасы
1. Қолдан сүт беріп өсіру тәсілі . көбінесе сүт өндіру бағытындағы
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
ҚОРТЫНДЫ
Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі. Жас туған бұзаулардың өсіп – дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі түрге бөледі; физиологиялық жетілген және толық жетілмеген. Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге алынады:бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүннің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл – қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып, соруы т.б. қалыпты жағдада өсіп, дамуы дұрыс жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы – 28-35кг(енесінің тірі салмағының 8%), туғаннан соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай аналығының желін тауып, емуі,3-4 тәулікте кіндігі құрған және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі. Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында,аурудан қорғайтын негізгі ірі молекулярлы гамма- глобулиндер болмайды.Бұл белоктарды жас төл тек енесінің уызымен алады. Аналық жатырында өсіп- дамуы кезінде оның плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно – глобулиндер түзіледі.Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек қабырғасынан өтіп, қанына түседі. Бұзауларды 10-15 тәуліктік жасынан бастап, профилакториядан жалпы бұзау қораға көшіреді де, олардың алдыңғы күтіп- бағу және азықтандыру тәсілдері, шаруашылықтың пайдалану технологиясымен бағытына байланысты болады. Қазіргі кезде бұзауларды өсірудің екі тәсілі: бірінші – қолдан қоректендіріп өсіру – сүттік және сүт пен еттік табындарда, екінші көбінесе еттік табындарда қолданылатын енесінің бауырында бөліндебей өсіру. Бұл тәсіл – арнайы емізуге, арналған сиырларды пайдаланғанда сүттік бағыттағы шаруашылықтарда да қолданылады.
1. Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.
8. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.
9. Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.
10. Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..
11. Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына
қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп
бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының
ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі.
Жас туған бұзаулардың өсіп – дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі
түрге бөледі; физиологиялық жетілген және толық жетілмеген. Олай бөлуге
мынандай көрсеткіштері негізге алынады:бұзаудың туғандағы тірі салмағы,
денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүннің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл
– қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып, соруы т.б. қалыпты
жағдада өсіп, дамуы дұрыс жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы – 28-
35кг(енесінің тірі салмағының 8%), туғаннан соң 30 минут ішінде аяқтанып,
бір сағаттан кеш қалмай аналығының желін тауып, емуі,3-4 тәулікте кіндігі
құрған және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі. Жаңа
туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында,аурудан қорғайтын негізгі ірі
молекулярлы гамма- глобулиндер болмайды.Бұл белоктарды жас төл тек енесінің
уызымен алады. Аналық жатырында өсіп- дамуы кезінде оның плацентінен
өтпейді де, ол белоктар желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно –
глобулиндер түзіледі.Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде
бұзаудың ішек қабырғасынан өтіп, қанына түседі. Бұзауларды 10-15
тәуліктік жасынан бастап, профилакториядан жалпы бұзау қораға көшіреді де,
олардың алдыңғы күтіп- бағу және азықтандыру тәсілдері, шаруашылықтың
пайдалану технологиясымен бағытына байланысты болады. Қазіргі кезде
бұзауларды өсірудің екі тәсілі: бірінші – қолдан қоректендіріп өсіру –
сүттік және сүт пен еттік табындарда, екінші көбінесе еттік табындарда
қолданылатын енесінің бауырында бөліндебей өсіру. Бұл тәсіл – арнайы
емізуге, арналған сиырларды пайдаланғанда сүттік бағыттағы шаруашылықтарда
да қолданылады. Бұзауларды арнайы бекітілген сүтін беріп
өсіру үшін бір сиырдың бауырына 2-4 бұзауды бекітеді. Бұзаулардың өсіп –
дамуына қарап, белгілі бір мезгілде, оларды басқа жас төлдермен
алмастырады, сөйтіп бұл әдісті – топтап алмастыру тәсілі деп атайды. Бұл
тәсіл кезінде аналықтың бауырына бекітілген 2-4 бұзау сапалы, микробы жоқ,
жылы,құнарлы сүтті сиыр емшегінен қабылдап, аурудан аман, жылдам өсіп-
дамиды. Бірақ бұл тәсілдің де бірнеше кемшілігі бар.Мысалы: емізгіш
сиырлар, көбінесе қысыр қалады. Сол сияқты әдіспен пайдаланылған сиырлардың
кейбірі машинамен сауғанда сүт бермейді. Сондықтан бұл тәсіл сиырды жыл
бойына біркелкі бұзаулатқанда пайдаланған қолайлы.
Жаз айларында бұзаулады енесімен бірге бағып жаяды да, дем
алатын орындарға көлеңкелі жаппа қаралып, азық беріп, суаратын құбырлар
орнатады. Әсіресе жаздың екінші жартысынан бастап құрама жем береді.
Ұлғайған бұзауларды клеткаларда топтап10 басқа дейін ұстайды. Клеткаларды
қатаң және құрама жемдерге арналған науалар мен жабдықтайды.
Жас бұзауларды өсіру кезінде,
олардың қабырғаларды жалап, бір – бірінің жүндерін сорып, соның нәтижесінде
бұзаудың ас қорыту органдарының ауруы, жүн – жұрқамен ас жолдарының бітелуі
пайда болады. Бұзаудың әр нәрселерді жұлқылау,сору әдетін азайтып, осындай
аурулардың алдын алу мақсатында клетка қабырғасына резинка еміздіктер іліп
қойып, бұзауға сорғызу.
Бұзаулар арасында, әсіресе өмірінің алғашқы екі аптасында, көп тараған ауру
- әртүрлі факторлардан туған іш өту болып саналады.Диарея бұзауларда
көбінесе аналық сиырды буаз күнінде құнарлы азық пен қоректендірілмеген,
бұзауға уызды дұрыс ішкізбеген, күту кезінде санитарлық – гигиеналық
талаптардың орындалмауы т.б. пайда болады. Ондай бұзау арасында тышқақ
ауруы кездеседі, оны жекелеп алып, орынды тазалап дезинфкциялаудан
өткізеді. Жас төлдердің тұратын орындарындағы ауа температурасын жиі
төмендеп, немесе жоғарыла тұруы, ауа ылғалдылығының көтерілуі, улы
газдардың мөлшерінің жоғрылауы, ауа шаңтозаңдар мен бактериялармен ластануы
бұзаулардың төзімділігін төмендетіп, әртүрлі ауруларға , әсіресе тыныс
органдарының аурларына ұшырауына апарып соғады.
Төл қораларының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай
келіп, дұрыс азықтануы , және де микроклимат көрсеткіштерінің қалыпты
межеде болуы бұзаулар арсындағы аурудың тумай, мал басының сақталуын
қамтамасыз етеді. Алғашқы 15-20күндігінде бұзау басы шығыны көбінесе іш
ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін бұзау ауқымы кең,
ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен
серуендетеді.

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық
бөлшектерінің көрсеткіштері
Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық
процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты
болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды жобалап салу кезінде
пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және ұстау жүйелеріне
сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін төмендетпейтін жағдай туғызу
қажет.
1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар
үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді
жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың
құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты
жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып
байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына
байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады.
Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты
қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын
ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа
алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде
жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз
салу керек.
Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас
немесе жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің
материалдарының жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккалм²сағград жоғары
болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу
тарап, еденді жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып,
төзімділігі азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып
соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі
болуының салдарынан 100 ккалсағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің
коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары
астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе
тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы,
құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы
әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез
тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың
мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала
10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май
(смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп
және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды.
Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері
бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.
Бетонды едендер – берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық
болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу
бөлмелеріне, зертханаларда т.б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын
орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер
немесе қалың төсеніштер салып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді
жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.
Асфальтты едендер - серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді,
жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге
жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде
ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне
төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшлігі сыртқы әсерлерге
әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін
жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар
шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау мақсатында
көмір қалдықтары (шлак) мен битумдардың (қарамай) қоспаларынан және
асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс кірпіштерді пайдалану ұсынылады. Бірақ
олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе жылулық қасиеттерінен, кездесіп
кең таралмаған.
Көптеген еден түрлеріне қарағанда керамзит (қыш) бетонды едендер
зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды, жоғарғы
температураға төзімді, механикалық әсерлерге берік, салмағы жеңіл, жылу
тарату коэффициенті төмен және өндеуге қолайлы болады. Сиыр қораларда
керамзит – бетонды едендер болғанда сүт өнімінің сапасы жоғарлап,
санитарлық тазалығы артады. Олар малдардың денсаулығы мен өніміне теріс
әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды едендер өзінің физикалық-жылулық
қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді деп санап
көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен қапталған
түрінде кең пайдалануға ұсынылады.
Керамзит-бетонды едендермен қоса кейінгі кезде жасанды, кеуекті
материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.
Аглопорит – сазды және көмірді өңдіру кездерінде қалған қалдықтарды
күйдіру арқылы алынатын жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің
жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық қасиеттері бойынша керамзит-
бетонды едендерден кем түспейді.

Сурет 1. Аглоприт

Сол сияқты формальдегид смоласын КС-11, латекс СКС-65-ГП, полиамид
смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып, жеңіл бетонды
едендер жасалып жүр.
Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты кордорезиналы-
битумды үстінің жаппасы бар жеңіл бетонды едендер жасауды ұсынған. Мұндай
едендер жылы, құрғақ, қатты жайсыз емес, берік, көпке шыдамды, мал
нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға қолайлы болып
келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.
Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын бокстарда ұстағанда, көңді
оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді едендер орнатады.
Бірақ тәжірибеде дәлелденгендей өте ұзын тұрақтардағы (110-140 см)
қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал жатып, дем
алған кездерде иіліп, арасынан суық соғып, сиырлардың желіндері түсіп
қыстырылып, тұяқтарын айырып, жарақаттар салып, желін сау, ауруларының
шығуына апарып соғатындығы дәлелденген. Мұндай кемшіліктерді болдырмай,
алдын алу жолында төркөз еденнің аз бөлігін (18-20 см) тұтас тақтайдан
жасау қажет және төркөздің (решетка) ұзындығы 40 см, сырық аралық
саңылаудың ені 3,5-4,5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см жасалады. Мұндай
едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.
Едендердің құрылымы сиыр қораларынан көңді тазалап-шығару тәсіліне
байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде қорадағы көңді
транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.
Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын құрылымдардың
размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.
Сиыр қораларының оң түстігінен малдар серуендейтін алаңдар қаралады
да, оның едені қатты материалдармен (бетон) жабылады. Егер ондай қатаң
едендер қаралмаса қораға малдардың кірер жерлері, азық, су науалырының
бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып 6 градусқа
дейін еністікте жасалады. Серуен аланының едені қатаң жапқышпен жасалған
болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай жоқ болса 15 м² қаралып,
үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.
2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын
тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште немесе бокста) жер орайы,
ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты (еттік, өнімдік,
сүттік т.б.) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;
2) Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-жартылай ашық
қоралар;
3) Малдардың еркін серуен алаңына кіріп-шығуына арналған қақпа
кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;
4) Малдардың мезгілді шығуына арналған – жылыланған қоралар.
Бірінші типпен салынған күрке қоралар Өзбекстан, Түркіменстан,
Қырғызстан және біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында салынады, жартылай
ашық және жылыланбаған типті қоралар Ресейдің оңтүстік аймақтары, Молдава
және Украина жерлерінде қаралады, ал сыртқы ауа температурасы минус 15
градус, оданда төмен аймақтарда жылыланған қораларды жобалап салып
пайдаланады.
Ондай қораларда сиырларды қалың төсеніштерде ұстайды да жылу
сиымдылығы малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қорадағыдай болады.
Қораның сиымдылығы үлкен болса, әр 25-50 басқа шақтап, дем алатын орнын 4-5
м² есептеп, бірнеше бөліктерге бөледі. Малдарды азықтандыру, суару, арнайы
жасалған серуен алаңдарында жүргізіледі. Мұндай сиыр қораларында
микроклимат қалыптанбайды, бірақ ауа температурасы плюс бес градустан төмен
болмағаны қаралады. Қалың төсеніштердің арасындағы микробиологиялық
процесстердің нәтижесінде, оның қалың қабатындағы температура 15-20 ºС
дейін көтеріледі. Төсенішті тәулігіне бір рет 3-5 кг әр басқа есептеп салып
отырады да, жыл бойында 1-2 рет механикалық әдіспен шығарып отырады.
Ірі қара малдарын бос байлаусыз арнайы бокстарда ұстағанда ондай
қоралардың көрсеткіштері малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналғандай болып
және ондағы технологиялық процесстердің түрлеріне байланысты болады.
Мұнымен қоса ірі қара малдарын бос байлаусыз ұстаған кезде әрбір
топтағы мал басының санына байланысты олардың өнімі өзгерісте болады.
Себебі малдың әр топтағы басы (60 одан артық) көп болса оларды бақылау
қыйындап, ауру, күйтке келген сиырларды дер кезінде анықтау қыйынға түсіп,
әлсіз малдар шектеліп азық жеп, су ішуден қағылып, жүдеп-арып кетуіне әсер
етеді.
Ірі қара малдарын әртүрлі тәсілдермен қораларда тұрғызып-байлап және
бос еркін ұстаған кезде әр басқа келетін еден аудандары мен қораның негізгі
технологилық бөлшектерінің қалыпты размерлері 1-ші кестеде өрсетілген.
Малдарды байлаусыз, ірі топтармен ұстаған кездерде, оларды
азықтандыру, суару серуендеу мезгілдерінде жиі таластар туып, әлдісі
әлсізін шектеп, азық-судан қағып, сүзіп жарақаттар түсіріп, малда стресс
(күйзеліс) туғызып, жүдеуіне өнімінің төмендеуіне апарып соғады. Сондықтан
оларға арналған азықтандыру науалары мен суару құбырларының ені әр малдың
жасына, өніміне негізделіп белгіленуі қажет. Сол сыйяқты малдардың
серуендейтін алаңдарының мөлшері де нормативке сәйкес болуы керек.
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдерімен жас айырмашылықтарын негізделіп
азық науаларының ені мен суғарғыштардың размері және серуен алаңдарының
нормативтері берілген.
Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде сиырлар тобы
әр цехта (бөлмеде) технологиялық есептеу уақытына байланысты
орналастырылады.
Ірі қара малдарын, олардың жасына, туу мерзіміне қарай жіктеп, топқа
бөліп бір цехтан екінші цехқа ауыстыру мал мамандары-зоотехникпен
малдәрігерлердің жасаған технологиялық циклограммына (есебіне)
байланыстырып жүргізіледі.

1.2.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының
физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері мен (температура,
ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер мен
шаң-тозаңдар мөлшері т.б.) сипатталады.
Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат олардың жасы, өнімі
және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір малдардың
түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр, тұқымды
т.б.) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді (кесте 5). Ондай мал
организміне сай микроклиматты қорада әртүрлі жолдармен қалыпқа келтіреді
(желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т.б.)
Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор болып
ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа температурасы (1-6
градусқа дейін) төмендесе жас малдардың, әсіресе бұзаулардың өсуі 15-20
пайызға, сиырдың сүт өнімі – 15-30 % кеміп, ал азықтың шығыны – 15-50
пайыға артады.
Мал қораларының микроклиматының қалыпты шамада болуы пайдаланған
құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты. Қора бөлшектері шыдамды,
берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына су сіңірмейтін, ауа өткізгіш,
жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы қажет. Себебі,
әсіресе қыс айларының суық мезгілдерінде қораның ішкі жылуының 30-45
пайызына таяуы оның бөлшек беттері арқылы тарап кетеді де, ішкі ауа
температурасының төмендеуіне апарып соғады. Неғұрлым қора бөлшектерінің
беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік жолдарымен
жылу тарауы жоғарғы болады. Көбінесе қыс мезгілдерінде булану арқылы
жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына, есік-қақпа, терезелерге
таяу орналастырылған малдарда болады. Мысалы, қораның ортасындағы
клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы, қораның
басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы төлдермен
салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген.
Гипотермия малдардың, әсіресе жас төлдердің төзімділігін
(резистенттілігі) төмендетеді. Ол кезде организм де қарсыдене (антител)
түзілуі төмендеп, лейкоциттер мөлшері азайып және олардың фагоцитарлық
қарқыны (активность) кеміп, жұқпалы және жұқпайтын әртүрлі аурулардың
шығуына апарып соғады. Ортаның жоғарғы температурасы да организмнің
резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп, өнімі азайып гипертермия ауруының
(дене температурасының жоғарлауы) тууына әсер етеді. Мысалы, ауа
температурасы 27-32 градусқа көтерілсе, сиырдың сүті 10-30 %, ал 38
градуста – 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың тәбеті төмендеп, су
ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді.
Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету шамасына
байланысты организмдегі жылу алмасу процесстеріне айтарлықтай әсерін
тигізеді, яғни орта температурасы төмен болса, жоғарғы ылғалдық денеден
жылудың тарауын арттырып, организмді суыққа ұрындырса, ауа температурасы
жоғары болғанда, денедегі жылудың тарауын тежеп, ыстық соғу ауруына
ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда (салыстырмалы
ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12 % төмендетеді. Ірі
қара малдарын бордақылау орындарының ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда
азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының өсуі 12-28 % төмендеп
және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы 2-3 есе артатындығы анықталған.
Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі т.б.)
мөлшері көбейеді. Ондай жағдайда малдардың өкпе ауруына (туберкулез)
шалдығуы жиілейді. Бордақыда тұрған малдардың қора ауасындағы аммиак
газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып соғады.

Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің
мөлшерінің артуы жас төлдердің төзімділігін айтулы төмендетіп, олардың
арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен күресуге қыйындық
туғызады. Мұндай жағдайда ол аурудың алдын алу тек қора ауасының
тазалығында ғана болады. Мысалы, бұзауларды ауасы ластанған қорадан
жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына әсер етеді. Ірі
қара малдарына арналған қоралардың жарықтану шамасыныңда мал организміне
айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен 70-100
люксе жоғарлауы бұзаулардың ауруын 9-12 % төмендетіп, дене салмағының,
тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып соғады.

Сыйыр қораларының жарықтану мерзімін тәулігіне 6-7 сағаттан 14-18
сағатқа дейін ұзартса (жасанды түрде) малдың сүті 6-15 % жоғарлап,
ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6).
Мал қораларының жарықтануын қалыпқа келтіру арқылы буаз сиырлардың
қанының биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштерінің жоғарлап, туған
төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Сондықтан
ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық ерекшеліктеріне
негізделіп қалыпты (нормативті) микроклимат көрсеткіштері (параметрлері)
белгіленген (кесте). Ірі қара малдарын қалыптанған микроклиматы бар
қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35 %
кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы 2-3 есе азаяды. Мұнымен қоса сүт
өнімінің жағымсыз иістері жоғалып, қышқылдығы азайып, микроорганизмдермен
ластануы төмендеп, сапасы артады.
Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-
зоогигиеналық шаралардың жинағын жасау қажет. Олар қоралардың жоспарлап
салу шешімдері мен оған керек құрылыс бөлшектерін таңдау, тиісті құрылыс
материалдарының, әр аймақтардың жер орайы мен ауа райларына сәйкестіріп,
қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа технологиясын еңгізу, қораның
ауасын алмастыру, көңнен тазалау т.б. шаралар жатқызылады.

1.3.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және
азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат
көрсетекіштері
Жас туған бұзаулардың өсіп-дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды
екі түрге бөледі: физиологиялық жетілген (нормотрофиктер), және толық
жетілмеген (гипотрофиктер). Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге
алынады: бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің
барлығы, жүнінің шығуы, жылдам аяқтануы, қыймыл-қозғалысының активтілігі,
енесінің емшегін тауып, соруы т.б. қалыпты жағдайда өсіп, дамуы дұрыс
жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы – 28-35 кг (енесінің тірі салмағының
8 %), туғаннаң соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай
аналығының желнін тауып, емуі, 3-4 тәулікте кіндігі құрғап және сыртқы
ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында, аурудан қорғайтын
негізгі ірі малекулярлы гамма-глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды жас төл
тек енесінің уызымен алады. Аналық жатырында өсіп-дамуы кезінде оның
плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездеріне жиналады. Мұнымен қоса
алғашқы тәуліктерде желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно-глобулиндер
түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек
қабырғасынан өтіп, қанына түседі.
Егер ірі малдарының ішінде ол белоктар ыдырап сіңірілетін болса, жас
туған төлдердің ішіндегі арнайы клеткалар уыздың белоктарын ұстап алып,
ыдыратпай, алғашқыда бездерге, одан кейін қанға түсіреді де сол арқылы жас
төлдің өздігінен қорғаныс белоктарын түзілгенге дейін қорын жасайды.
Қорғаныс белоктарын өзгеріссіз түрде жас туған төлдердің ішек клеткаларымен
ұстап тасымалдауы ұзақ уақытқа созылмайды – 36 сағаттан артық емес,
көптеген бұзауларда – 6-12 сағат. Сондықтан жаңа туған бұзауларға бірінші
рет ему рефлексі шығуынан соң қолма-қол, денеде қорғаныс белогінің қорын
жасау үшін, уызбен қамтамасыз ету қажет. Егер бұзауға уыз беру уақыты 5-9
сағатқа кешеуілдеткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландыру
Мал қорасына қойылатын зоогигиеналық талаптар
6-8 айлық бұзауларға арналған қораның желдеткіш режимін оңтайландырудың есептері
Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар
Сиырды күтіп бағу әдістері
Бөлмеде құстардың секциясынан
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Ірі қара малына қойылған негізгі ветеринарлық санитарлық талаптар
Ауыл шаруашылығы құстарының түрлері
Пәндер