Ауа алмасуды су буларының және көмірқышқыл газының бөлінуі бойынша есептеулерді жүргіз
КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ірі қара мал гигиенасы
1.2.Ірі қара малдарын ұстау жүйелері
1.3.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
1.4.Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.3.Қорадағы желдеткіш бойынша негізгі мәліметтер
ҚОРТЫНДЫ

Қай заманда да болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп- бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Ірі қара шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өңдіреді. Қазақстан Республикасында да бұл сала жетекші салалардың бірі болып табылады. Отанымызды азық- түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылғынан алынатын өнім 60℅ асады.
1. Гершун В.И., Туякова Р.К.«Ветеринарная гигиена»
2. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. «Ветеринарная гигиена» -Алматы,2005
3. Шекенов Е., Қазыханов Р., Бекқожин А., Әшімов С., «Зоотехния негіздері» -Алматы,2007
4. А.Ә.Төреханов., Ж.К. Каримов., Ш.Д.Даленов., Д.Қ.Найманов., Н.Ә.Жазылбеков « Ірі қара шаруашылығы»-Алматы,2006
5. Д.Қ.Найманов., М.К.Мустафин., Р.З. Вахитова., Ж.Қ.Аубакиров «Мал шаруашылығы»- Қостанай,2007.
6. Ж.К.Каримов., Ш.Д.Дәленов., Д.Қ.Найманов «Ірі қарамал шаруашылығы» -Қостанай,1996.
7. В.И.Баланин «Зоогигиенический контроль микроклимата в животноводческих помещениях» Ленинград.

Қай заманда да болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте
зор. Сол себепті дұрыс күтіп- бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап,
оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Ірі қара
шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден
халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден жеңіл
өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық
тыңайтқыштарды да өңдіреді. Қазақстан Республикасында да бұл сала
жетекші салалардың бірі болып табылады. Отанымызды азық- түлікпен (ет,
сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының
маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-
45пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де
жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін
шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш
ретінде пайдаланылуда. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал
шаруашылғынан алынатын өнім 60℅ асады. Ғылыми техниканың
ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан
алынатын өнімдер де көбеюде. Ірі қара малы және оның жабайы тұқымдары
барлық дүние жүзінің аймақтарында дамыған. Оның саны жыл сайын орташа
есеппен 2℅ өсіп тұрады. Осы ірі қара малының жартысы Бразилия, АҚШ, ТМД
мемлекеттерінің шаруашылығында да шоғырланған, әлем бойынша осы
мемлекеттердің үлесіне ірі қара етін өндірудің 39,1℅ келеді. Ірі қара
тұқымын бүкіл дүние жүзі мемлекеттері өсіреді.
Қазіргі уақытта аталған мемлекеттерде ірі қара малын жаңа өндірістік
технологияға бейімделу жұмысына көп көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті және
8-сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде, айта кету керек, бұл
асыл тұқымды малдарының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді
емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы
ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар
жүргізілуде. Ірі қара шаруашылығының нәтижелі
дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру,
әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін
молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып
саналады.
Сондықтан курстық жұмысымның негізгі мақсаты- ірі қараны күтіп-бағудағы
ұйымдастыру,қора жайлардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуін,
температура, ылғалдылық, қысым, микроклимат көрсеткіштерін талапқа сай
орнату, төлдетуді тиімді пайдалануды және денсаулығын нығайту мақсатында
жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық, гигиеналық шарларды ұйымдастыру.
Халықты азық –түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен
(ет, сүт және т.б) қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей
байланысты. Сондықтан малды күтіп- бағу және ұдайы өсіру жүйелерін
жақсарту микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын
жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру , шымыр да
шыныққан төл өсіру, малдың сан-салалы аурулармен күрес, сауу гигиенасы,
яғни тазалығымен сүт сапасымен арттыру басты міндет болып табылады.
Ірі қара мал шауашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы
толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр тобының сапасын жақсарту,
мал азығының сапасын жақсарту болып табылады. Малдың денсаулығын
қалыпты сақтау іс жүзінде оның қоршаған ортаның әртүрлі зиянды әсеріне
төтеп бере алатындай төзімділігін нығайтуда малды дұрыс күтіп бағу, өз
деңгейінде азықтандыру, суару, пайдалану ерекше орын алады. Жануарлар
ауруының алдын алу шараларын жүргізуде ветеринарлық-гигеналық нормативтер,
ветеринарлық-санитарлық ережелер мүлтіксіз орындалу керек..
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ірі қара мал гигиенасы
А.Ә. Төреханов, Ж.К. Каримов деректері бойынша ірі қара малы барлық
дүние жүзінің аймақтарында дамып, оның жалпы саны 2℅өсіп тұрған. Халықты
мал өнімімен қаматмасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі кезде алдыңғы орын
алады. Ірі қара мал
шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды
технологияға көшіру, әрі әр табының сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп
таңдау тәсілдерін молымен қолдану, мал азығын молайту, мал азығының
сапасын жақсарту болып саналады.
Ірі қараны дамытудың негізі сүт өнімі өндірістік негізде
дамытып, сүт және сүт және ет өнімдерін көбейту. Әсіресе ірі қара төлінің
тірідей салмағын өсіріп, бордақылағаннан кейін төлдердің тірілей салмағын
400-500кг дейін жеткізу. Әрбір шаруашылықта сүт өнімін 300кг деән
жеткізсе, ал сүтті аймақтарда 4000-5000кг дейін жеткізу қажет.
Келешектегі мақсат ірі қара малының сапалық жағынан одан әрі асылдандыру
және жоғары өнім алу, жоғары өнімді малдардың тобын шығару. Әсіресе, сүтті
сиырлардың сүттілігін молайту, әрі ол шаруашылықты өндірістік негізге
айналдыру. Республикамыз бойынша етті сиыр тұқымының
санын көбейту, асылдандыру жұмысын жақсарту, әрі ірі қара малын толық етіп
азық – түлікпен қамтамасыз ету.
Осы мәселелерді шешу үшін осы шаруашылықты өндірістік негізде
дамытып, одан әрі шоғырландыру қажет. Мал
шаруашылығының кешендері және механикаландырылған фермалардың
көрсеткіштеріне қарасақ, өндірістік негізде дамудың әсері өте үлкен екенін
аңғарамыз. Ал осы уақытқа дейін сүтті кешендердің еңбегінің нәтижесі басқа
фермалардан 2-3 есе артық, ал өзіндік бағасы 1,5 есе кем.
Қазақстан Республикасында сүтті және
етті тұқымдары ірі қара малының саны артуымен қатар малды асылдандыру
мәселесі жөнелді. 1қаңтар 1990 жылғы мәлімдеме бойынша ТМД-да ірі қара
малының жалпы саны 118,3млн басқа жетсе,оның ішінде сауын сиыр 41,7 млн-ға
жеткен. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 9,7 млн-нан, ал сауынды сиыр
3,2 млн-нан асқан.
Жалпы мал шаруашылығы қазіргі уақытта іштей мамандандыру арқылы, әрі осы
саланың қарқынды жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда.
Ж.К. Кәрімовтің мәліметі
бойынша жалпы мал шаруашылықтарында сүтті, сүтті етті, етті және ірі қара
малынан алынатын өнім 60%-тен асады. Балтық теңізі бойындағы
республикаларда және өнеркәсіпті ТМД аймақтарында бұл өнім 60-75%-ға дейін
жеткен. Ірі қара малы өте төзімді және өмір
сүретін ортасына тез бейімделгіш, сондықтан әлемнің барлық аймақтарында
өсіріледі. Сонымен қатар ТМД-ның 45-500С қыста
өте аяз аймақтарда да өсіріледі. көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы
мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың
салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық
талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап
отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі.
Қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру.
Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың
болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге
болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі
сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық – гигиеналық
талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері
ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып
көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды
сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы
және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс.
Сиырларды қорада байлауды ұстағанда қыс айларында қораның жылылық
температурасы 8-100 С ылғал 70-80% ауа қозғалысы 0,3 мсек болуы, ал мал
жарығында 4,0-4,5 секм2 болғаны дұрыс терісін таза ұстауды желінін,
тұяғын күтудің және күнде таза ауаға шығарып бірнеше сағат серуендетуге
естен шығармаған жақсы. Күнделікті серуен сиырдың қуатын арттырады.
Ж.Б. Мырзабеков, Г.Т.
Ибрагимовтың (2005) деректеріне қарағанда малды күтіп-бағу жүйелері мен
әдістері мал шаруашылығында орналасқан. Ауданының табиғи және экологиялық
жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай
отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды көздейтін шаруашылық,
ветеринариялық-санитарлық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының
жиынтығын атап көрсетеді. Сонымен,сауын малын қолда-лагерде және қолда-
күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Сиырларды байлап жіне байламай ұстау
әдістерін пайдаланады. Соған орай ветеринарлық- санитариялық және
зоогигиеналық ережалар, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас
жоспарын бастап, малды күтіп –бағу және азықтандыру технологиясына
жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуі тиіс. Қолда-лагерьде бағу
жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жаппалармен, басқа да қосалқы қора
–жайлармен, сондай-ақ сауын қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде
ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оңды әсерін тигізеді
және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөңдеу
жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік –санитариялық сақытық шараларын
жүргізуге мүмкіндік береді.Соған орай ветеринариялық-санитариялық және
зоогигиеналық ережелер, малды күтіп бағудың жүйелері мен ережелеріне
ферманың бос жоспарынан бастап малды күтіп-бағу және азықтандыру
технологиясына жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге болады. М.
С. Сәдуақасов деректеріне сүйенсек мал сүтінің түзілу, сауу, сақтау және
тасымалдау кездерінде әртүрлі фабрикалық, химиялық және биологиялық
факторлардың зиянды әсері болады.Сүттің төменгі сапасы ( бактериялық
ластанудың жоғары болуы, улы заттардың араласуы, микробтар мен шаң-
тозаңдар мен ластануы т.б.) адамдарды ауруға шалдығуына алып соғады. Мал
қоралары мен ауыл малының санитарлық жағдайы әсіресе сүт алатын
фермаларда, сүттің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Сүт өнімі ауадан
жағымсыз иістерді тез бойына сіңіріп алады. Сондықтан сиыр қоралар
мезгілінде тазаланып және желдетіліп отыруы қажет. Қоралардан көңді
уақытында тазалап шығарып, қалыпты санитарлық жағдайда ұстаса сүт
құрамындағы микробтардың мөлшері төмендейді. Сүт
фермаларында мезгіл- мезгіл санитарлық күндер белгіленеді. Сүттің
микробтар мен негізгі ластану көзі болып, ауа, малдың нәжіспен ластанған
терісі әсіресе желіні, сүт сауу, сақтау жабдықтары, адамдардың қолы және
киімдері және т.б болып саналады. Сиыр сауатын бөлмені таза ұстау қажет.
Қабырғалары майлы бояу мен бояп немесе қыш плиткаларымен қаптап, жоғарғы
жағын сылақтап, ағартып қояды. Сауатын жабдықтарды, станоктарды жылына бір
рет ақ түсті майлы бояумен ағартып қояды. Сүт сауатын бөлменің едені биік,
көң жолына қарай сәл еңіс болуы керек. Мұндай талаптарға көбінесе бетонды
едендер сай келеді. Сүт сауатын бөлменің қабырғаларын және еденнің
күнделікті тазаланып, жуып және дезинфекциялаудан өткізу үшін 2℅ демзол
немесе 2℅ кальциланған соды ерітінділерін пайдаланып және сауу
аяқталғаннан соңбарлық сүт жабдықтарын санитарлық өңдеуден өткізеді.
Қ.Қ. Қоқанов зерттеулері бойынша сиырға берілетін азықтарды олардың
қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және
жем азықтар деп бірнеше топқа бөлінеді. Ірі азықтарға
организмге сіңімділігі төмен, құрамында клечаткасы көп пішен, топан сияқты
азықтар жатады. Шырынды азықтардың құрамында көп мөлшерде су болады.
оларға көк шөп, сүрленген шөп, тамыр жемістілер (мал азықтық қызылша,
сәбіз және т.б.) мен тамыртүйнектілер – картоп топинамбур және
т.с.с.жатады. Сиырға жем шөп бергенде тұз,
бор, сүйек ұны және сол сияқты минерал азықтарды да қосып береді. Азықтың
қоректік бағасы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты
болады. Мал азығының құрамына: қоректік заттардан ақуыз, май, минералдық
заттар, углеводтар, дәреумендер кіреді
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су
көп болсаоныңқоректік құндылығы кем болады. Ірі қара
шаруашылығында тобына құруды ұтымды ұйымдастырудың негізгі шарттың бірі
сиырлардың бірінші бұзаулағандағы, жасы малды өз төлі есебімен өсіруді
интенсивтендіру сиырларды жаңа туған бұзау кезінен бастап табын айналымына
қосуды қажет етеді. Сиырларды бірінші шағылысқа қосу және бұзаулату жасы
оның өзіндік құнын және оған жұмсалған өндіріс шығынын анықтайды.
Ғалымдардың сиырларды азықтандыру жүйесі жөніндегі пікірлері әртүрлі,
мысалы ретінде Е.И. Боресина (1957), А.П. Бегунов (1969), Е.А. Новиков
(1971) сиырларды орта мүшелерде азықтандырған жөн, олардың наушанының дені
ірі көп балауса азықтардан құрылуы керек деп есептейді. Сиырларды ірі
азықтармен орташа азықтандыру олардың ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс
істеуіне және бездерінің жақсы жетілуіне себепкер болады, мұның бәрі сиыр
өнімділігінің артуына мүмкіндік береді.
Қ.Ш. Нұрғазы (2008ж) мәліметтеріне қарағанда Мал тұқымын асылдандыру,
олардың онімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық –
экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты.
Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата-
тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты
жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз етілсе,
олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады. Мал төлден
өседі. Сондықтан мал шарушылығының тәжірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың
қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан
кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп
өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек
береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде
зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның
барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта
бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады .
Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып,
бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп
өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен
бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы
шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
[6]
В.И. Гершун зерттеулеріне қарағанда ірі қараны азықтандыру. Сиырлардан
мол өнім алу мақсатымен оларды мейлінше жақсы азықтандыруды ұсынады. Ал
кейбір авторлардың пікіріне қарағанда, сиырларды азықтандыру типі мен
интенсивті өсіру оның сүттілігі әсер етпейтіндігі көрсеткен. Бұл
зерттеулердің барлығы да сүт бағытындағы ірі қара шаруашылықтарында
жүргізілген.
Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына
байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден
астам қан өтеді екен.
Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін
тамырлары арқылы 5—6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы
қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар
жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас
қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі.
Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты
толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.
Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін
білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен
төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын,
жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы
қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың
өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл
реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде
сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга
құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік
реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып,
ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың
қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар
бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес
(микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен
қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына
енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының
амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың
(амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты
химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық
түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин
қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция
барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын
микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара
тіршілік етеді. Алмастыруға келмейтін
аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды
витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек,
олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды
екенін ағару қиын емес.Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы
қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау
қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді
неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті
витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр
рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды
біртіндеп, аз аздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы
жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым
отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен
сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер
ассоциациясын сақтап қалуға болады.
Сиыр азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін оның жасына,
тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті
қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі
кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың
қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың
бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік
заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең
маңызды алты көрсеткіш алынады. Олардың ішіндөгі негізгісі —
организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі.
Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май
байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу
энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының 2500 килокалориясына
тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады қашарлардың бірінші шағылысқа
түскендегі салмағы кеш дегенде 270 кг болуы керек, өйткені мұндай
салмақтағы сиырлар неғұрлым оңай бұзылмайды.П. И. Зеленковтың
мәліметтеріне қарағанда сиырлар мен тайынша қашарлар қорада
бағылады.Қораның ортасынан ұзына бойына кеуде қолмен жинау үшін екі 150-
165 сантиметрдей жол салынады. Осы жолдың 2 жағын ала мал тұратын орындар
жасалады. Олардың мөлшері әр түрлі : ұзын – 195-225 см (ұзындығы), 120-160
см (ені), қысқа 140-190 см (ұзындығы) және 80-125 см (ені).Қабырғаны
байлай екі жағына жем таситын жол – вогонетпамен тасу үшін ені – 80-90 см
қалдырылады.Мал үнемі қолда бағылатын қораларда қапсырма терезелер
салынады. Олардың сыртқы терезелері жоғары, ал ішкі терезелері төменгі
жағынан ашылады. Қапсырма терезелерді ашқанда сырттан кірген ауа қораның
жо,арғы жағына көтеріліп, бірте-бірте төмен түседі. Негізгі сиыр және
тайынша-қашарлардың қораларының қақпасы тамбур арқылы жылытылуы тиіс. [8]
Сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылық ерекшелігі –
физиологиялық процесстердің – буаздықтың және қарқынды сүт өнімінің, сүт
беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процесстер
организмнің алмасу процесстеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен
күш түсіреді. Осы кезеңде сиыр үшін жем-шөп те, микроклимат та, күтім де,
бір сөзбен айтқанда жан-жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың
маңызы зор. Сауын сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін
азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс.
Рационда құрамында ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен
микроклиматтар енуі тиіс. Сондай-ақ рационнның салмаққа, сауылатын сүті
мен жыл маусымына гигиенада қатысты болғаны жөн және олардың малдың
белоктарға, минералды заттарға, витаминдерге деген физиологиялық
қасиеттерін өтеуі де керек, өйткені әр минут сайын сүтпен бірге 0,66 г
жуық майы, 0,88 г лактоза және 0,60 белок бөлінеді.Сондықтан жоғалтқан
энергия мен пластикалық материалдардың орнын толтыру сауын сиырлар күніне
30 кг-га дейін азық қабылдауы керек. Себебі 1 л сүт пайда болуы үшін
сиырдың емшегінен 300-500 л қан жүру керек. Сапасы жақсы пішен, сүрлем,
бұршақ тұқымдастардың шөп қоспасы, сондай-ақ тамыржемістер рационындағы
протеин, витамин, минералды заттар мөлшерімен қант-протеин қатынасын
арттырады. Сиыр рационындағы ірі азық пен шырынды
азықты қоректілігі жағынан жас шөптен салынған пішендемемен алмастыруға
болады, жемнің өте көп мөлшері сүттің майлылығын кемітетіндіктен оны
қалыпты мөлшерде ғана берген жөн.
Рационды протеин жетіспесе жем қоспасының құрамына аминді жем қоспасы
немесе мочевина қосылады. Сонда малдың протеинге деген 20-25% қажетін
алмастыруға мүмкіндік бар. Сауын малын азықтандыру
кезінде минералды заттардан рацион құрамында кальцийдің, фосфордың, хлорлы
натрийдың, калийдің, магнийдің, йодтың, кобальттың, мыстың, темір,
марганец, мырыштың болуын қадағалау қажет.
Сауын малының рационына енетін жем-шөпке сүттің құрамы, оның
дәмдік сапасы мен технологиялық қасиеті қатысты келеді. Сүттің құрамы мен
қасиеті, малды сапасыз жем-шөппен, шіріген немесе көгерген пішен, сүрлем
және пішендеме сүттің құрамын бұзады. Рационда азықтық
шалқан, қызылша, тамыржемістер пәлеге көп болса сүт ашқылтым тартып
тұрады. Айқыш гүлді өсімдіктер сүтке қыша иісін беріп, оның дәмін бұзады.
Ірі қара малдарының
қораларын жобалап – салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-
санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және
ветеринариялық-санитариялық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға
арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың
ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне
байланысты жүргізіледі. Қандай
болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және
пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитариялық проблема
малдарды әртүрлә аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің
сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады. Ірі қара малдарынан
алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар
(фермалар): 1) Тұқымдық – мал тұқымын
жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;
2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған
шаруашылықтар; 3)
Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және
бордақылау бағытындағы шаруашылықтар; 4) Ірі
малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен
айналысатын шаруашылықтар.
1.2.Ірі қара малдарын ұстау жүйелері
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын
өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі
азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т.б. технологиялық
тәсілдердің жинағы – малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты
отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынадай жүйелері болады.
1.Қолда тұрғызып-жайып ұстау.Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге
арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық
тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғи төзімділігін
арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарылайды.
Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат
алмасу процесстерінің жоғарылауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп,
белокқа, витаминдерге және минералды заттарға бай азықтарды қабылдауына
қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың
ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір
физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері
жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды
жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын
жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық
жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға,
сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері
болады.
2. Қолда тұрғызып ұстау. Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе
жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде
(комплекстерде) ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен
күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға
шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында
азықтандырады.
Сурет 1. Қолда тұрғызып ұстау
Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың
қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін
тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғары ветеринариялық-
санитарлық талаптар қойылады. Ірі комплекстерге ірі қара малдарының кейбір
бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай бейімделе алмай
өнімділік көрсеткіштерін төмендететіндігі тәжірибеде дәлелденген. Ондай
жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік
шулардың пайда болуы, қозғалыстарының аз болуы, біркелкі типті
азықтандырудың нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер етіп, сүтінің
азаюына апарып соғады.Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның
жағымды (қораның біріктірілуі, құрылыс материалдарының шығынының кемуі,
технологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz