ДАҚонаев ірі мемлекет қайраткері туралы ақпарат
Кіріспе
1 Д.А.Қонаев ірі мемлекет қайраткері
2 Д.А.Қонаев қазақтың көрнекті ғалымы
3 Д.А.Қонаев және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ... ... ... ... ... ..
Қорытынды .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол - Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халыққа сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдына балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген, «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын», - деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге егемендікке қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деген ойын ашып айтты.
Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматыда дүниеге келді. Балдәурен балалық шағы, жастық дәуірі осы әсем қалада өтті. Сол тұста Қазан төңкерісінен кейін 1921 жылы көрнекті партия және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың ұсынысы бойынша Верный өзінің байырғы аты – Алматыға ие болады, 1924ж Жетісудың орталығы саналды. Астана Қызылордадан Алматыға көшіріледі.

1. Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994ж.
2. Б.Нұржекеұлы. Жүз тұңғыш.2. Алматы; Жалын. 2005ж.
3. Рысалды Көменова. Ұлы адамнан ұлағат. Алматы.
4. «Жетісу» газеті, 11 қаңтар, 2007жыл. №5.
5. Д.Қонаев. Өтті дәруен осылай. Алматы, 1992.
6. Елу жыл ел ағасы.

Тақырыбы: Д.А.Қонаев ірі мемлекет қайраткері
Жоспары:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1 Д.А.Қонаев ірі мемлекет қайраткері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2 Д.А.Қонаев қазақтың көрнекті ғалымы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
3 Д.А.Қонаев және 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы ... ... ... ... ... ..
Қорытынды

... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Кіріспе
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының
тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-
парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол - Дінмұхаммед Ахметұлы
Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халыққа сүйкімді, ұлтқа
қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда
халқының алдына балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген, Ту
жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын, - деп тәңіріне сыйынып
халықпен бірге егемендікке қуанып, келешекке сенген. Болашақ
жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды деген ойын ашып айтты.
Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматыда
дүниеге келді. Балдәурен балалық шағы, жастық дәуірі осы әсем
қалада өтті. Сол тұста Қазан төңкерісінен кейін 1921 жылы көрнекті
партия және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың ұсынысы бойынша Верный
өзінің байырғы аты – Алматыға ие болады, 1924ж Жетісудың орталығы
саналды. Астана Қызылордадан Алматыға көшіріледі.
Д.А.Қонаевтың ата-бабалары мал шаруашылығын кәсіп еткен жандар.
Ауылы Құйған маңайындағы Күрті мен Іле өзені жағалауын мекендеген.
Бертінірек келгенде тау бөлтіріндегі Алматы өзенінің оң жағалауына
тұрақты түрде қоныс тебеді.
Атасы Жұмабай жас кезінде мұсылман мектебінде оқып, оны үздік
бітіргеннен кейін еңбек жолын осы аймақтағы қазақ-татар балаларына
дәріс беруден бастапты. Сөйтіп жүргенде Д.А.Қонаевтың әкесі
Меңліахмет 1886 жылы өмірге келеді де, атасы оны 14 жасқа толысымен
Верный көпесі И.Ғабдолуәлиевтің шаруашылығына жұмысқа орналастырады. Ал өзі
содан кейін көп ұзамай түркия арқылы Сауд Аравиясына сапар шегіп,
Мекке мен Мәдинеге қажылық етуге барған. Одан ол Үндістан мен
Ауғаныстанды басып өтіп, 1905 жылы отбасына аман-есен оралады.
Д.А.Қонаевтың әкесі 1917жылға дейін көпе И.Ғабдолуәлиевке жалданып
жұмыс істейді де ешқандай оқу орнын бітіре алмайды. Бірақ өз бетінше
білімін көтерудің арқасында орысша-қазақшаға өте сауатты болды. Кеңес
өкіметі тұсында ол кісі Алматы облысының ауыл шаруашылық және сауда
орындарында жұмыс істеді. Сонан соң зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін
көп уақыт өткен соң 1976 жылы 90 жасқа үш ай қалғанда дүние салды. Ал
анасы Зайцовка (қазіргі Алматы облысының Шелек селосы) елді мекеніндегі
кедей шаруаның қызы болады.
Әкесі мен анасы жетпіс жылдан астам уақыт бірге баянды ғұмыр
кешкен. Анасы 86 жасында 1973 ж дүние салады.
Д.А.Қонаев Чернышевский атындағы №19 мектептің бірінші сатысында
оқыған. Төртінші сыныпты бітірген соң №14 мектепке ауысып, сол жерде
екінші сатысында оқиды. Алғашқы хат танытып, әліппені оқытып, орыс
тілін үйреткен алғашқы мұғалімі – Анна Павловна, сонымен қатар,
математик С.И.Соколов, физик А.А.Астраханцев, И.П.Масленников, географ
Тугарин, Е.Войцеховский т.б. Мектепті бітіргеннен кейін, жоспарлау
органдарында статист болып жұмыс істеп, кешкілік институтының
дайындық курсында оқиды.
1931 ж Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеу
түсті металдар институтына түсуге жолға шығады...
Мәскеуге келген соң, әпкесі Әлима мен жездесі А.Түркебаевтың үйіне
тоқтайды.
Институтқа қабылданысымен Панкратьев көшесіндегі Сретенкода
жатақханасына ауысқан. Студенттік өмірдің ащысы мен тұщысын бірге
көріп, қиын кезеңді басынан өткерген. Оның Мәскеудегі оқуы
республиканың, елдің өміріндегі аса ауыр кезеңге - күштеп
коллективтендіру науқанымен тұспа-тұс келді. Ауылындағы ауыр жағдайдан
хабардар болып, оның анық-қанығына жету үшін жоғарғы өкілет
орындарынан сұраныс жасайды. Сол жылдары студенттердің біразы оқуларын
тастап, ауылдарына қайтып оралады.
Д.А.Қонаевтың алғашқы практикасы 1933ж Оралдың Дегтярск кенішінде
басталады.
1936ж шілдеде Мәскеу түсті металдар мен алтын институтын қызыл
дипломмен бітіріп, Қызырат – Балқаш құрылысына жолдама алады. Бұл
Д.А.Қонаевтың алғашқы нағыз еңбек жолы еді. Қызыратта жұмыс істей
жүріп, Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қызырат карьерінің
қуатын айқындау деген тақырыпта дипломдық жұмысына материалдар
жинастырған. Сөйтіп, бұл жұмысын үздік бағаға қорғап шығады.
1. Д.А.Қонаев ірі мемлекет қайраткері
1942 жылдың сәуір айында Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Скворцовтан жедел хат алады. Ол хатта Д.А.Қонаевты Орталық
Комитеттің қарамағына қызметке шақыртуы туралы баяндалған екен. Ендігі
жерде Д.А.Қонаев Лениноградтағы бар шаруасын Новиковқа өткізіп,
Алматыға бет алады. Сәуір айының жиырмасына қараған түнде
Д.А.Қонаевты Скворцов қабылдап:
- Өнеркәсіп саласында ұлттық кадрлардың тапшылығы өзіңізге аян.
Дүр сілкінетін күн де алыс емес шығар. Әзірге, барға қанағат.
Орталық комитет Сізге сенім көрсетіп отыр. Қазақ КСР Халық комиссариаты
төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Одаққа бағынышты өнеркәсіп
орындарының жұмысымен шұғылданатын боласыз. Сондықтан БК(б) П Орталық
Комитетіне бекітілуге бару үшін, шұғыл Мәскеуге жүріп кетуге тура
келеді, - дейді.
Бірақ дәл сол кездегі қиын-қыстау кезде Лениноградты тастап кету
Д.А.Қонаев үшін аса ауырға соғады. Орталық Комитеттің шешімін екі
етпеуге болмайтындығын түсініп, Халық Комиссарлар Кеңесінде, кейін
Орталық Комитетте қызмет атқарады. Қызмет бабымен Лениногорға да жиі
ат ізін салып отырды. Қаланың әрбір жаңалығына қызыға қарап, зәру
істерін шешуге аянбай күш жұмсайды. Кейін 1959ж лениногорлықтар
Д.А.Қонаевты республика Жоғары кеңесіне депутат етіп сайлайды. Осылайша
өр Алтай өңірі Д.А.Қонаев үшін ең ыстық жерұйыққа айналады.
Лениногорда БЛКЖО-ның 40 жылдығы атындағы және Тишин кеніштерінде,
байыту фабрикаларында, қорғасын, мырыш заводтарында Д.А.Қонаевтың
беймаза бірақ жемісті істерінің куәсіндей күндері мен түндері өтеді.
1942 жылы маусым айының 6-сы күні Д.А.Қонаев Қазақ КСР Халық
Комиссарлар Кеңесінің табалдырығын аттайды. Бұл жердегі қызметі қатал
тәртіп бойынша жүрді. Ол - өзіңнен бір саты биікте тұрған кісінің
пікіріне ден қойып, құлақ асу еді. Ең әуелі Д.А.Қонаев ешқандай
бұрылмастан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Оңдасыновта,
Скворцовта, онан кейін Шаяхметовте болып, өз міндетін айқындап алады.
Олардың әңгімесі бойынша түйгені: Орталық Комитеттің өнеркәсіпке
қатысты бөлімімен, Орталық Комитеттің салалық хатшысымен қоян-қолтық
араласып, жұмыс істеуге тиісті болды. Түсті металлургия, көмір және
мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының, электростанциялардың, теміржол,
транспорт және автотранспорттың, сондай-ақ қорғасын заводтарының
жұмысын қадағалап, қажет кезінде көмектесіп отыру. Осының бәрі
Д.А.Қонаевтың алдағы уақытқа белгіленген жауапты қызметі болып табылды.
Д.А.Қонаев бұл істерге жүрексінбей, тайсақтамай, қандай да болмасын
жауапты тапсырмаға сергек қарауға, сеніп тапсырылған үлкен істі мінсіз
орындауға әбден қалыптасып қалған.
Қысқа мерзім ішінде түсті металлургияға қатысты ірі-ірі
кәсіпорындармен, Қарағанды және Ленгер кеншілерімен, қорғаныс
саласындағы өнеркәсіп орындарымен тығыз байланыс орнатылады.
Мемлекеттік қорғаныс комитеті вольфрам мен малибден концентратын күрт
көбейтуді талап етеді. Соған байланысты Ақшатау вольфрам комбинатының
құрылысын жеделдету мақсатымен Д.А.Қонаев геолог Вяжевич, тау-кен
инженерлері Кравченко, Орталық Комитетінің нұсқаушысы Төлебаев
Ақшатауға табан тірейді. Қысқа мерзім ішінде стрательдің күшімен
вольфрам өндіруді жолға қояды. Бұл ісінің нәтижесі де өз дәрежесінде
болады. Кеніште асыл тас шығару екі есе артса, малибден өнімдерін
шығару 70%-ға дейін өсті. Елде, соғыс уақытында өндірілген әрбір 100
тонна малибденнің 60 тоннасын Балқаш даласының ерлері, Шығыс Қызырат
кеншілері беріп отырды.
Орталық Комитеттің және Халық Комиссарлар Кеңесінің тапсырмасымен
талай бригада, комиссияларды бастап, ауыр өнеркәсіптегі Ащысай
полиметалл комбинатына, Шымкент қорғасын заводына, Гурьевтегі,
Ақмоладағы, Балқаштағы және т.б. ірі кәсіпорындарға барып тұрды.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өкілі ретінде Д.А.Қонаев
Ленгерде, әсіресе, Қарағандыда айлап жұмыс істеді. Сөйтіп, 1944ж 31
желтоқсанда Қазақ металлургия заводы өзінің тұңғыш металын берді.
Қарағанды шахтерлерінің алдында да аса күрделі міндет қойылды.
Жұмысшылардың тізе қосып жұмыс істеуі арқасында бұл атырапта төрт
жыл ішінде 23 жаңа шахта салынады. Көмір өндіру 1945 жылы 11,2 млн.
Тоннаға жетіп, 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей ұлғаяды.
Халық Комиссарлар Кеңесінде қатарынан бірнеше жыл қызмет істеуі
Д.А.Қонаевтың республика өмірімен қоян-қолтық араласып, оның
біршамасымен шұғылдануына жол ашты.
Өмір өзгеріссіз болмай тұрмайды. 1944 жылдың екінші жартысында
республика партия ұйымының басшылығында ауыс-күйіс болып, Н.А.Скворцов
Совхоздар халық комиссарлығына тағайындалуына байланысты Мәскеуге
кетеді. Соғыс аяқталардың алдында ғана Қазақстан компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшылығына Г.А.Борков сайланады. Ол осыған дейін
БК(б)П Воронеж обкомының екінші хатшысы, сосын Новосибирск обкомы
мен Хаваровск өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Бұл
қызметте де ол тұрақтай алмай, БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына
жұмысқа ауысады.
1946 жылы бірінші хатшылыққа Ж.Шаяхметов сайланады. Д.А.Қонаевтың
Ж.Шаяметовке берген мінездемесі: - Мақтауы келіскеннің де міні бар
дегендей, ол кісінің бір осал жері. Көмекшілерін, бөлім бастықтарын
бір шыбықпен айдап, апшсын қуырып отыратын. Ұсақ-түйекті жіпке тізіп,
түймедейін түйедей етуге бейім тұратын. Қарамағындағыларды күн құрғатпай
жиып алып, өндірістік кеңес өткізуге құмар еді, - дейді. Бірақ
Ж.Шаяхметовтың қарамағында ұзақ қызмет атқарады. 1949 жылы ақпан айының
соңына қарай өткен IV съезде Д.А. Қонаев қазақстан Көппартиясы Орталық
Комитетінің мүшесі болып сайланады. Осы жылы орталық Комитет Д.А. Қонаевты
Семей облысына астық дайындау жөнінде өкіл етіп жібереді.
Аз уақыт Елубай Тайбековтың қарамағында істейді. Халық Комиссарлар
Кеңесінде, кейін Министрлер Кеңесінде Д.А.Қонаевпен қатар, Ч.Чуланов,
И.Л.Буданцев, И.Т.Шәріпов, Н.А.Ерофеев, Ш.Б.Бүрбаев министрлер –
А.Г.Шугайло, К.Е.Едігенов, В.К.Францишин, Ұ.Ү.Ұрымбаев, А.Өтембаев және
басқалар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызмет атқарған.
1945 жылы Мәскеуге шаруа барысымен барып, Мемлекеттік Жоспарлау
комиссиясының, жабдықтау ұйымдарының, Халық Комиссариатының
табалдырығын аттайды. Осылайша жұмыс сапарымен жүргенде, Жеңіс
салтанаты өтетін күнге таяп қалады. 1945 жылдың 24 маусымында
Д.А.Қонаев пен жары Зуһра Шәріпқызын Қызыл алаңға шақыртады.
И.В.Сталинмен осы күні жақын кездеседі.
Осы жылдар Д.А.Қонаев үшін бір күні бір күніне ұқсамайтын өмірді
терең түсінуге адамдардың табиғатын тануға, күнделікті күйбең тірліктен
өмірлік мәні бар маңызды мәселелерді айыра білуге, жүктелген міндеттің
жауапкершілігін барынша сезіне түсуге бет бұрған жылдар болды.
1955 ж табалдырықтан аттайды. Наурыз айында Мәскеуде КСРО Жоғары
Кеңесінің сессиясы өз жұмысын бастаған болатын. Д.А.Қонаевты шақыртқан
Пономаренко оған бар жағдайды түсіндіреді. Яғни Д.А.Қонаевты Қазақ КСР
Ғылым академиясының президенттігінен босатып, республика Министрлер
кеңесінің төрағалығына бекіту еді. Осы мақсатпен Пономаренко, Брежнев және
Д.А.Қонаев Хрущевтің қабылдауында болып, ендігі жерде ғылым
академиясының президенттігіне үміткер іздейді. Д.А.Қонаев
Қ.И.Сәтбаевтың кондидатурасын ұсынады. Бюро оның ұсынысын мақұлдап
Қ.И.Сәтбаевты Қазақ КСР Ғылым академиясының президенттігіне қайта
сайлайды. Сөйтіп 1955жылы 31 наурызда Алматыда республика Жоғары
Кеңесініңт кезекті сессиясы ашылып, Д.А.Қонаев республика Министрлер
кеңесінің төрағалығына тағайындалады. Қуатты энергетикалық және
индустриялы база ірі ауыл шаруашылығы өндірісін жасау үшін, мәдениет
пен ғылым деңгейін көтеріп, уақыт талабына сай жаңа қалалар салу
үшін Д.А.Қонаев өз жұмысын жаңа одақтар – республикалық министрліктерді
ұйымдастырудан және кейбір министрліктер мен республикалық органдардың
басшылығын нығайтудан бастайды. 1955жылғы тың жерді игеруге
байланысты да бірқатар жұмыстар атқарады.
КОКП ХХІІ съезінде Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің саяси Бюросының
мүшелігіне кандидат болып сайланады.
Қаңтар айының 24-27-і күндері Қазақстан компартиясының VIII съезі
өтіп, сол съезде Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің және бюромүшесі,
партияның ХХ съезіне делегат боп сайланады. Осы қызметтерде жүргенде
бірнеше кездесулерге қатысады. Мысалы, 1955ж есімі дүниежүзіне
белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі Үндістанның премьер-министрі
Джавахарлал Нерумен кездеседі. Мәдениет министрі Фурцева бастаған
үкімет делегациясымен Англияға барып, онда да бірнеше жүздесулер
болады. Англия сапары Королева Елизаветаның Букингем сарайында өткізген
салтанатына қатысуымен аяқталады. Ал 1977ж ағылшындардың киелі
табалдырығын екінші рет аттайды. Бұл жолы Ұлыбритания коммунистік
партиясының 35-ші схезіне қатысуға КОКП делегациясын бастап барады.
Мәскеуде ашылған КОКП-ның ХХІ съезінде Д.А.Қонаев Президиумға
сайланады. Бұл съезде халық шаруашылығын өркендетудің 1959-1965жылдарға
арналған жобасы талқыланып, қара және түсті металлургия саласында,
энергетика, көмір, химия өндірісі бойынша, сондай-ақ тамақ, жеңіл және
жергілікті өнеркәсіптің, қазба байлықтары мен мұнай дайындау жөніндегі
ірі-ірі 240 кәсіпорынды салу көзделді.
1959 жылы теміртаудағы әйгілі оқиға – металлургиялық комбинат
құрылысындағы жұмысшылардың ереуілі болады. Соған байланысты КОКП Орталық
Комитеті Президиумының мәжілісі болып, оқиғаның себептері
талқыланады. Ал, 1959 жылы 19 қаңтарда Қазақстан КП Орталық Комитетінің
Пленумы болады. Пленум Беляевті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
өндірісінде, партиялық-ұйымдастыру және идеологиялық жұмыстарға
басшылық жасауда жіберген кемшіліктері үшін айыптап, оны орнынан
алады. Сол күні Д.А.Қонаевты Орталық комитеттің бірінші хатшылығына
бірауыздан сайлайды. Ал КОКП Орталық Комитеті Беляевті Ставрополь
өлкелік комитетінің хатшылығына сайлауға кеңес береді.
Д.А.Қонаев республиканың басшылық қызметінде істеп, халқымен бірге
сүрген қиын да қызықты өмір жолдарын өз кітабында мынадай кезеңдерге
бөледі.
Бірінші – бұл Сталиндік заман, бесжылдықтардың балғасы солқылдата
соғылған жылдар, индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Отан
үшін от кешіп жеңіс салтанатын тойлаған, жеке басқа табанудың әбден
асқынған жылдары.
Екінші – Бұл Сталиннің жеке басына табынудың әшкерелеген КОКП ХХ
съезінен кейінгі жылдар. Көптеген мемлекеттік органдардың таратылып,
халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылған және ауыл шаруашылығы
органдары құрылымдарының астан-кестеңі шыққан тұс. Адамның ғарышқа
тұңғыш рет самғап, дүниені дүбірге бөлеген жылдар. Антипартиялық топтың
талқандалып, бар биліктің бір кісінің қолына көшкені, Хрущевтің
ұрттан ішіп, шайқап төккен шағы.
Үшінші – бұл 1964ж қазанда КОКП Орталық Комитетінің пленумында
Хрущевтің субъективизмі мен волюнтаризміне күйрете соққы беріп, оны
тақтан тайдырған, сөйтіп Брежневтің билігі басталған жылдар, яғни
тоқырау деп айдар тағылған кезең.
Төртінші – Брежневтің дүниеден өтіп, Андронов және Черненко
басқарған жылдар.
Бесінші – бұл қайта құру деп аталған Горбачевтің билік құрған
жылдары, жариялық пен демократия жылымығы ескен, бірақ халқымызың 70
жыл бойы өткен тарихы аяусыз сыналып, жөнсіз қаралған уақыт.
Мінеки, өзі арасын ашып берген барлық бес кезеңдердің алғашқы төрт
кезеңінде Дінмұхаммед Қонаев ағамыз 1942 жылдың сәуір айынан 1986 жылдың
желтоқсанына дейін республикамыздың басшылық қызметінде болды.
2. Д.А.Қонаев қазақтың көрнекті ғалымы
Д.А.Қонаев қай жерде жұмыс істемесін, өзі таңдаған мамандықтан қол
үзген емес. Осы саладағы ғалымдармен тығыз байланыста болды. Алматы тау-
кен металлургия институтында кен инженерлерін даярлау жөніндегі
мемлекеттің комиссиясының төрағалығын атқарады. Қоңырат пен Риддерде
қызмет істеген кезеңде Қазақстан кеніштеріндегі бұрғылау және қопару
жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген материалдар жинайды. Республика
геологиялық Кеңестің төрағасы боп жүріп талай кен орындарының
құрылымын жете ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz