Мағжан - сыршыл ақын



Жоспар:

I. Кіріспе

1.1. Лирика дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... .. 2.5

II. Негізгі бөлім
2.1. Мағжан . сыршыл ақын ... ... ... ... ... ... . 6.7
2.2. Мағжан өлеңдеріндегі махаббат лирикасы ... ... 8.13
2.3 Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық лирика ... ... .. 14.21
2.4 Мағжан өлеңдеріндегі табиғат лирикасы ... ... .. 22.24

III. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... . 25

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.‭ ‬Кіріспе
.1.‭ ‬Лирика‭ ‬дегеніміз не‭?__________________________‬ 2-5‭
II.‭ ‬Негізгі бөлім
.1.‭ ‬Мағжан‭ ‬-‭ ‬сыршыл ақын‭_________________________‬ 6-7‭ ‬
.2.‭ ‬Мағжан өлеңдеріндегі махаббат лирикасы‭________ ‬8-13
.3‭ ‬Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық лирика‭__________ ‬14-21‭
2.4‭ ‬Мағжан өлеңдеріндегі‭ ‬табиғат лирикасы‭__________ ‬22-24
III.‭ ‬Қорытынды бөлім‭_____________________________ ‬25

1.1.‭ ‬Лирика дегеніміз не‭?

XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында бұрынғы ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына енді әзіл аралас жеңіл терме,‭ ‬шырқап салар әндер,‭ ‬өлеңдер,‭ ‬жүрекке назды әсер етер лирика түрлері‭ (‬табиғат,‭ ‬махаббат‭)‬,‭ ‬айтыстардың қыздырмасы болар небір шабытты жырларды төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды.‭ ‬Ақындар поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен де,‭ ‬түп,‭ ‬стиль,‭ ‬бағыт ерекшеліктерімен де өзгешеленеді.‭ ‬Өмірдің барлық саласында тақырып етіп,‭ ‬өлең өнері жаңа сатыдан көрінді.‭ ‬Кейін жазба әдебиеті де қалыс қалған жоқ.,‭ ‬күн санап даму үстінде болды.Осыған орай көптеген жанрлар кең етек жая бастады.‭ ‬Жалпы жанр дегеніміз не‭?
Жанр‭ –‬әлем әдебиетіндегі‭ ‬немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі‭ ‬белгілі бір дәуірде қалыптасқан‭ ‬,‭ ‬ортақ типологиялық т.б.‭ ‬белгілері бар көркем шығармалар жүйесі...‭ ‬Осы мәселеге орай қазақ әдебиеттануына зор үлес қосқан алғаш ғалым‭ ‬-‭ ‬Ахмет Байтұрсынұлы екені даусыз.‭ ‬Оның ғалым-теоретик,‭ ‬эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі,‭ ‬толымды,‭ ‬жаңашыл туындысы Ташкентте‭ ‬1926‭ ‬жылы‭ “‬Әдебиет танытқыш‭” (“‬Теория словестности‭”) ‬деген атпен басылған.‭ ‬Араға екі-үш жыл салып,‭ ‬авторы ұсталып кеткен соң,‭ ‬бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді.‭ ‬Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі,‭ ‬методологиялық арналары,‭ ‬басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.‭ “‬Әдебиет танытқыштағы‭” ‬қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап,‭ ‬жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың.‭ ‬Эпосты‭ —‬әуезе,‭ ‬лириканы‭ –‬толғау,‭ ‬драманы‭ –‬айтыс деп бір қайтарып алып,‭ ‬сала-салаға жіктеп әкетеді‭; ‬шежіре,‭ ‬заманхат,‭ ‬өмірбаян,‭ ‬мінездеме,‭ ‬тарихи әңгіме,‭ ‬саясат шешен сөз,‭ ‬билік шешен сөз,‭ ‬қошемет шешен сөз,‭ ‬білімір шешен сөз,‭ ‬уағыз,‭ ‬көсемсөз‭ (‬публицистика‭)‬.‭ ‬Әсіресе көзге түсетіні лирика жанрын талдауы.
‭ ‬Ахмет Байтұрсынов лириканы‭ –‬толғау деп алып,‭ ‬осы әдеби тектің қыр-сырын ерекше тиянақты талдап,‭ ‬орасан терең пікірлер тұжырымдап,‭ ‬сұлулық,‭ ‬көркемдік,‭ ‬әсемдік,‭ ‬шеберлік табиғатына қатысты ойларын бажайлай жеткізеді.‭ ‬Ықшамдап,‭ ‬жинақтап айтқанда Ахмет Байтұрсынов лирикаға‭ (‬толғауға‭) ‬мынадай шарттар қояды:
1.‭ ‬ІШКІ ШАРТЫ:‭ ‬а‭) ‬Толғау жалпы сырлы болуы керек.‭ ‬Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады.‭ ‬Бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс.‭ ‬Күйі түсінікті болмаса,‭ ‬өзгеге әсер ете алмайды‭;
ә‭) ‬толғау шын сырлы болуы тиіс.‭ ‬Өтірік жай сөзге де жараспайды.‭ ‬Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл,‭ ‬бүлдіреді.‭ ‬Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығу керек.‭ ‬Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау,‭ ‬құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден шын толғау болып шықпағандықтан‭;
б‭) ‬толғау таза болуы тиіс‭ –‬нас,‭ ‬былғаныш,‭ ‬нәжіс әдемі нәрседен шықса,‭ ‬көңілге қандай әсер етеді‭? ‬Толғау сөзге былғаныш сөз,‭ ‬былғаныш пікір қатысса,‭ ‬о да сондай әсер етеді‭;
в‭) ‬толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс.‭ ‬Көңілдің бер жағынан шыққан сөздердің әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды‭;
.‭ ‬ТЫСҚЫ ШАРТЫ:‭ ‬а‭) ‬Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы тиіс.‭ ‬Күй де,‭ ‬би де біріне-бірі үйлесіп келгенде,‭ ‬сұлу болып шығады.‭ ‬Күй мен бидің үйлесуі‭;
ә‭) ‬толғау қысқа болуы тиіс.‭ ‬Көңіл күйінің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды.‭ ‬Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс,‭ ‬ұзын болмайды да.‭ ‬Нағыз толғаулардың көбі-ақ‭ ‬4-5‭ ‬ауыз өлеңнен аспайды‭;
б‭) ‬толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс.‭ ‬Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін‭ –‬күй мен ән.‭ ‬Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін‭ ‬-‭ ‬әуезді сөз,‭ ‬әуезді күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс.
Кейінгі қазақ әдебиетшілері орыс тіліндегі еңбектердің ізімен саяси лирика,‭ ‬махаббат лирикасы деп қана шектеліп келсе,‭ ‬Ахмет Байтұрсынов ұлттық өнердің өз табиғатынан шығарып,‭ ‬лириканың сап толғау,‭ ‬марқайыс толғау,‭ ‬налыс толғау,‭ ‬намыс толғау,‭ ‬сұқтаныс толғау,‭ ‬ойламалдау,‭ ‬сөгіс толғау,‭ ‬күліс толғау секілді түрлеріне анықтама береді.
‭ ‬Сондай-ақ Ә.Қоңыратбаев та‭ ‬лирика табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдардың бірі.‭ ‬Әдеби процестерге қатысты көзқарасын,‭ ‬эстетикалық талғамын‭ ‬Лирика жанры туралы‭ ‬мақаласында кеңінен білдіріп отырады.‭ ‬Лирика жайлы‭ ‬...‭ ‬мейлінше көп колданылатын бірақ жанрлық ерекшеліктері,‭ ‬теориялық негіздері аз әңгімеленген жанр‭ ‬дейді.‭ ‬Ғалымның пайымдауынша лирика жанрын‭ (‬тек орнында‭) ‬кейбіреулер ең оңай,‭ ‬жеңіл,‭ ‬төменқол,‭ ‬сұрауы жоқ жанр деп біледі‭‬.‭ ‬Зерттеуші осы еңбегінде лирика тегінің обьектісі мен образдау тәсілдері қандай деген сұрақтарға жауап іздейді.‭ ‬Ол лирика жанрын қамтитын обьектісі сан алуан,‭ ‬шеңбері әлдеқайда кең деген пікірді жақтайды.‭ ‬Лирика‭ –‬субьектілік сезімнің ғана көрінісі.‭ ‬Соған сай онда форма,‭ ‬сюжет болмайды деген қисынға қарсы:‭ ‬өлеңде сюжет бола қоймайды,‭ ‬ол көбінесе өмір көрінісін ақынның өз ойлары арқылы береді,‭ ‬осы себептен көп жағдайда өлеңде ақын образы елеулі болмақ‭ ‬деген пікірді білдіреді.‭ ‬Ол ақындық‭ ‬менді‭ ‬культтық,‭ ‬халықтық‭ ‬менге‭ ‬айналдыра беруге болмайтынын ескертеді.‭ ‬Мысалы:

Жер жүзіне ер атағым жайылған,

Жан емеспін оттан судан тайынған.

Қайраты мол қандыбалық қыранмын,

Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.
Еркін ырғып шыққам асқар Алтайға,

Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға.

Талай тайғақ,‭ ‬тар кешуде таймаған

Батыр жүрек,‭ ‬қайрат енді алдай ма‭?

Бұл өлеңдерде ақынның өзіндік‭ ‬мені‭ ‬емес,‭ ‬халықтық‭ ‬мені‭ ‬сипатталады.‭ ‬Ал келесі өлеңдерінде өзіндік‭ ‬мені‭ ‬айқын көрінеді.

Өмір‭ –‬теңіз,‭ ‬жоқ оның түбі,‭ ‬шеті,

Сылқ-сылқ күлген сиқырлы толқын беті.

Осы өмірге кіргелі көп күн болды,

Енді бір ай‭ –‬толады жиырма жеті.

Немесе,

Мен қуансам,‭ ‬жас баладай қунам,

Көрген адам талай деген:‭ ‬Есалаң‭!

Мен қайғырсам,‭ ‬орнатамын қиямет,

Жас баламын тағы да тез жұбанам.

Күлсем егер,‭ ‬есім шығып күлемін,

Жылағанда қап-қара қан төгемін.

Қасым болса,‭ ‬қанын ішкім келеді,

Досым болса,‭ ‬жолында оның өлемін.‭

Зерттеуші танымына сүйенсек,‭ ‬романтикалық поэзияда‭ ‬қауызына сыймайтын титандық қаһармандар қатарына‭ ‬ақынның өз образын да жатқызуға болады.‭ ‬Оның пікірінше ақындық рух‭ ‬-‭ ‬лирика жанрының жетекші ықпалына ие.‭ ‬Ә.Қоңыратбаевтың лирика жанры жайлы пайымдарын зерделей келе,‭ ‬мынадай тұжырымдауға келуге болады:
.‭ ‬Лирика‭ –‬субъективтік сезімнің ғана көрінісі емес,‭ ‬ол объективтенеді де‭;
.‭ ‬Лирикада ақындық‭ ‬менді‭ ‬культке айналдыруға болмайды‭;
.‭ ‬Лирика‭ –‬көпке тартымды,‭ ‬жауынгер жанр болуға тиіс‭;
.‭ ‬Лириканың формасы сан алуан,‭ ‬композициясыз,‭ ‬сюжетсіз,‭ ‬образсыз лирика болмайды‭;
.‭ ‬Лирика‭ –‬тарихы терең жанр түрі саналмақ‭;
.‭ ‬Лирика‭ ‬-‭ ‬әдеби жанрдың аса әсерлі,‭ ‬образдау тәсіліне бай,‭ ‬көркем түрінің бірі‭;

Қазіргі әдебиеттануға келер болсақ:
‭‬Лирика‭ –‬шындықты‭ ‬адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп,‭ ‬ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың бірі‭ ‬,-‭ ‬дейді З.‭ ‬Қабдолов‭ [‬22‭;‬237‭]‬.‭ ‬Адамның көңіл-күйі,‭ ‬ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты ерекшелігі болып табылады.‭ ‬Жанрларды бейнеленген‭ ‬өмір құбылыстары‭ ‬,‭ ‬ой сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты:

саяси-әлеуметтік лирика,
философиялық лирика‭ ‬,‭
көңіл-күй лирикасы,
махаббат лирикасы,
азаматтық лирика,
ағартушылық лирика,
сатиралық лирика,
табиғат лирикасы т.б.‭ ‬деп жүйелеп топтастыру үрдісі де бар.

2.1‭ ‬Мағжан‭ ‬-‭ ‬сыршыл ақын

...Мағжан нәзік сезімнің,‭ ‬тәтті қиялдың ақыны.‭ ‬Ұлт ақыны‭!
Мағжан шығармашылығымен тереңірек,‭ ‬молырақ танысқан шақта оның поэзиясының қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді деген сұрақ туады.‭ ‬Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берелік,‭ ‬бүкіл ұлттық,‭ ‬азаматтық мазмұн‭ –‬тақырыбын,‭ ‬тіл құнарлығы мен ой тереңдігін,‭ ‬сөз қолдану шеберлігін басты ерекшелігі деп айтуға болады.
‭ ‬Өйткені ақынның нағыз өзіндік бет-‭ ‬бағдары мен айырым қырлары осы маңайдан табылмақ.‭ ‬Тәңірдей талантының,‭ ‬дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінетіні анық.‭ ‬Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл бағалап,‭ ‬көпшілікке жеткізу‭ ‬аса қажет іс екені анық.‭ ‬Ой,‭ ‬қиял ұшқырлығы,‭ ‬молдығы,‭ ‬сөз кестесінің әрқилы,‭ ‬сан айшықты болып келуі мүлде еншісі бөлек жайлар.‭
Адам бойында тұншыға бұлқынған бұла сезімдерді осынша асау арынмен,‭ ‬еркін тыныспен,‭ ‬сыртқа шығарып,‭ ‬сұлу да сырлы жырға айналдырған сыршыл ақын қазақ лирикасына тағы да бір жан тебірентерлік жаңа,‭ ‬таза,‭ ‬ағыс әкеп қосқандай,‭ ‬оның жылылығын еселеп,‭ ‬нәзіктігін тереңдете түседі.‭ ‬Мағжан поэзиясындағы‭ ‬лирикалық кейіпкер‭ –‬ақынның өзі болса,‭ ‬типтік дәрежеге дейін сомдалған эпикалық образ‭ ‬-‭ ‬өлеңдерінде емес,‭ ‬поэмаларында.‭ ‬Мағжан лирикасы қазақ поэзиясының жаны мен жүрегі секілді кезеңді құбылыс екенін және Абайдан кейінгі абайшыл алыптардың аралығындағы алтын көпір екенін жоққа шығармайды.‭ ‬М.Жұмабаев Абай тәжірибесін бойына сіңірген де,‭ ‬өзімен қатар өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғыров,‭ ‬Сәкен Сейфуллин,‭ ‬Ілияс Жансүгіров,‭ ‬Бейімбет Майлин,‭ ‬Сәбит Мұқанов‭ ‬шығармаларына мүлде ұқсамайтын,‭ ‬тың жол салған.‭ ‬Мағжан Жұмабаевтың өз кезіндегі,‭ ‬өз қатар‭ –‬құрбыларының арасындағы әдебиоқу‭ –‬бірлігі терең,‭ ‬эстетикалық талап‭ –‬талғамы биік ақын болып қалыптасуына,‭ ‬біріншіден,‭ ‬Медресе‭ –‬Ғалиядан кейін орыстың Сібір университеті атанған Омбы мұғалімдер семинариясында‭ (‬1913-1917‭)‬,‭ ‬одан әрі араға бірнеше жыл салып Мәскеудің әйгілі Валерий Брюсов жетекшілік ететін әдебиет‭ ‬-‭ ‬өнер институтында оқуы‭ (‬1923-1927‭) ‬себеп болса,‭ ‬екінші жағынан,‭ ‬1909‭ ‬жылы Петербургте жарық‭ ‬көрген Абайдың өлеңдер жинағымен танысуы,‭ ‬аса білімдар қаламгер әрі қайраткер Міржақып Дулатовтан дәріс алып,‭ ‬үлгі‭ ‬-‭ ‬өнеге үйренуі‭ –‬орыс әдебиетіне,‭ ‬жалпы Еуропа мәдениетіне қанығуы шешуші себеп болғаны сөзсіз.‭ ‬ Ақын-‭ ‬талант.‭ ‬Талант тумыстан...‭ ‬Ақындық бара-‭ ‬бара,‭ ‬өсе келе жетіледі.‭ ‬Демек,‭ ‬ақынның адам ретіндегі жеке өз қара басына тек қана өзінің құдай жаратқан туасы табиғи болмыс-‭* ‬бітімін мұқият тексере отырып,‭ ‬оның ақындық,‭ ‬яки,‭ ‬шығармашылық тағдырына тек қана ол өмір сүрген уақыт пен кеңістік тұрғысынан келу шарт.‭ ‬Мағжан қазақ поэзиясын психологиялық параллелизм арқылы табиғатпен астастыра келе оның бүгінгі қалпы мен халінен түңіле,‭ ‬кешегі тарихына үңіле толғайды.‭ ‬Адам бойында тұншыға бұлқынған бұла сезімдерді осынша асау арынмен,‭ ‬еркін тыныспен сыртқа шығарып,‭ ‬сұлу да сырлы жырға айналдырған сыршыл ақын қазақ лирикасына тағы да бір жан тебірентерлік жаңа,‭ ‬таза,‭ ‬ағыс әкеп қосқандай,‭ ‬оның жылылығын еселеп,‭ ‬нәзіктігін тереңдете түседі.
‭ ‬Мағжан Абай үлгісімен өзінің шығармашылық ортасында ақындық шеберлігін шыңдаса,‭ ‬Міржақып ықпалымен күллі ел‭ –‬жұртқа азаматтық келбетін танытып,‭ ‬таза ұлтжанды тұлғаға айналды.‭ ‬Сөйтіп,‭ ‬ақындық өнерін де,‭ ‬азаматтық өмірін де тек қана туған халқының азаттық туының астына өрбітіп,‭ ‬еркіндік-‭ ‬теңдік жолына бағыштайды.‭ ‬Мұның өзі Мағжанның талғамай талпыну,‭ ‬оқу,‭ ‬үйрену,‭ ‬арқылы жеткен білім деңгейі‭; ‬кеңіген ой-өрісі,‭ ‬сезім,‭ ‬сыр қалыптастырған көзқарас көкжиегі болатын.‭ ‬Оның өз ортасынан оза шабуы да осындай білімдарлығына байланысты.
‭ ‬Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ,‭ “‬Мағжан сыршылдығымен,‭ ‬суретшілігімен,‭ ‬сөзге еркіндігімен,‭ ‬тапқыштығымен күшті,‭ ‬маржандай тізілген,‭ ‬торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен,‭ ‬шерлі,‭ ‬мұңды зарымен күшті‭”‬.‭ ‬Оның өлеңдері‭ “‬әлде өкіндіреді,‭ ‬әлде мұңайтады,‭ ‬әлде жылатады,‭ ‬әлде аятқызады,‭ ‬әлде есіркетеді,‭ ‬әлде жігер береді‭”‬.
Менің бұған қосарым,‭ ‬ақын жырларындағы әлгі‭ “‬нәзік үнді күйдің‭” ‬де,‭ “‬шерлі,‭ ‬мұңды зардың‭” ‬да астарында қорғасындай ой жатыр,‭ ‬тұлғаның таңды таңға ұрған толғаныстары жатыр.‭
Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жылдары оқырманға танылып келеді.‭ ‬Ақынның кітаптары тыйым салу салдарынан сарғайып,‭ ‬тозып,‭ ‬жыртылып,‭ ‬жоғалып жатты.‭ ‬Өзінің кім екенін,‭ ‬ақындық қуатын,‭ ‬қайраткерлік қарымын‭ ‬Мен кім‭? ‬деген өлеңінде бір аңғартып өтеді:

Жалынмын мен,‭ ‬келме жақын,‭ ‬жанарсың,

Тұлпармын мен,‭ ‬шаңыма ермей қаларсың,

Күл болсын көк,‭ ‬жемірілсін жер,‭ ‬уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана‭ ‬қарармын.

Мен өлмеймін,‭ ‬менікі де өлмейді.

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім патша,‭ ‬өзім қазы,‭ ‬өзім би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді‭?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне,‭ ‬өз талантына,‭ ‬керек десеңіз,‭ ‬өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.
2.2.‭ ‬Мағжан өлеңдеріндегі махаббат лирикасы

Ақынның табиғаты өте күрделі,‭ ‬жұмбақ,‭ ‬сырға толы.‭ ‬Оны сырттай түсіну әсте мүмкін емес.‭ ‬Менің өмірім‭ ‬-‭ ‬өлеңімде деп Есенин жырлағандай,‭ ‬Мағжанды түсіну үшін өлеңіне үңілеміз.‭ ‬Қайталанбас саф гауһар жыр жолдарын қан қызып,‭ ‬бас айнала мас болып отырып сыр аңдимыз...‭ ‬Тәңірінің ерекше жаратылысы,‭ ‬елдің еркесі,‭ ‬желдей жүйрік,‭ ‬оттай ыстық ақынды тар сөздердің шеңберіне сыйғызуға тырысамыз.‭ ‬Ойға алған ісіміздің көзсіз батырлық,‭ ‬аспандағы айды алуға ұмтылған аңғалдық екенін біле тұрсақ та,‭ ‬үмітсіз шайтан деп Жаратушыға сыйынып,‭ ‬іске кірісеміз‭... ‬Телегей теңіз шексіздіктен,‭ ‬мұхиттай тұңғиық тереңдіктен тамшыдай даналық,‭ ‬болар-болмас сыр ұштығы бұйыра ма деген дәмемен ақын жайлы сөзімізді бастаймыз...‭
Ақынның сыры неде,‭ ‬талайды аузына қаратып тамсандырған ақын феноменін қалай түсінуге болады‭? ‬Ол құдіреттің аты не,‭ ‬заты не‭? ‬Ол құдіреттің аты да Махаббат,‭ ‬заты да Махаббат дер едік біз ойланбастан.‭ ‬Құдіреті күшті Иеміз Алла сұбханакә уә тағала мына біз өмір сүріп отырған ғажайып әлемді,‭ ‬әрісі он сегіз мың ғаламды Махаббатпен жаратыпты.‭ ‬Тіршілігіміздің негізінде іргетас болып қаланып,‭ ‬күретамырымында тынбай ағып,‭ ‬барша әлемнің қан тамырларына жан беріп тұрған құдіреттің аты да Махаббат.‭
Жаратқанның көлеңкесінің ішісндегі ең сұлуы,‭ ‬ең үздік жаратылысы,‭ ‬кемел,‭ ‬келісімді жаратылысы‭ ‬-‭ ‬әйел‭; ‬жәй ғана әйел емес,‭ ‬сұлу әйел,‭ ‬жаны да,‭ ‬сыртқы келбеті де көрген адамды есінен тандыратын әйел заты.‭ ‬Шығыс поэзиясында ақынды бұлбұлға сұлу әйелді гүлге теңейді.‭ ‬Таңмен таласып қауызын ашқан раушан гүліне ғашық болып,‭ ‬мың құбылтып сайрай жөнелген бұлбұл осы арқылы жалпы жаратылысқа ғашық болады.‭ ‬Ақын Сұлу әйел арқылы Құдіретке бас иеді.‭ ‬Ақындық табиғаттың терең сырларын алдымызға жайып салатын шығыс поэзиясының бұл формасын Мағжан да жеріне жеткізе шеберлікпен пайдалана білген:

Болса гүлсіз,

Бұлбұл үнсіз,

Үнсіз бұлбұл‭ –‬бір сұр құс.

Үнсіз өмір‭ –

Сөнген көмір,

Отсыз жүрек‭ –‬бос қуыс.

Бұлбұл‭ –‬Ақын гүлсіз‭ –‬ғашық жарсыз неге тұрады‭? ‬Ол бар жоғы қатардағы,‭ ‬саны бар сапасы жоқ,‭ ‬қарын тойдырғанға мәз сұр құс‭ –‬көп пенденің бірі.‭ ‬Бұлбұлды бұлбұл қылып тұрған оның үні:‭ ‬мұқым тіршілік иесін таң қалдыра,‭ ‬бойыңдағы алпыс екі тамырды иітіп,‭ ‬тіршілікке ғашық қылатын ерекше әуез,‭ ‬сығынышы,‭ ‬үзіліп түскен тамшының өз отанын аңсаған шетсіз-шексіз ынтықтығы.‭ ‬Мына біз өмір кешіп жатқан фәни дүниеде жаратылыстың әсемдігі мен сұлулығын гүлге ғашық болу арқылы білдіретін бұлбұл мен сұлу әйелге мәңгі ғашық ақынның айырмасы бар ма‭? ‬Болмаса керек.‭ ‬Бұлбұлдың үні болмаса,‭ ‬ақынның жыры болмаса мына тіршілікте не мағына,‭ ‬не сән қалады.‭ ‬Мағжан ақын сезімсіз жандарды бойында еш жылуы қалмаған сөнген көмірге,‭ ‬өмірге ғашық бола білмеген отсыз жүректі бос қуысқа теңейді.‭ ‬Осы өлең жолдары арқылы жалпы Ақынның табиғаты,‭ ‬өмірлік ұстанымы,‭ ‬кредосы ашылады ғой деп ойлаймын...
‭ ‬Ұлы ақын не жазса да алдымен өз жүрегіне үңіледі,‭ ‬сол арқылы айналадағы әлемді білуге,‭ ‬өмір шындығын ұғуға ұмтылады.Мәселен,‭ ‬ жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы сүйіспендік лирикасы.‭ ‬Мағжан ақын өзі ғашық болған сұлу әйел табиғатын,‭ ‬оның рухын өте жете таныған.‭ ‬Өзінің махаббат лирикасында қайталанбас шедевр болып табылатын‭ ‬Гүлсімге‭ ‬атты өлеңінде сұлу әйелдің затын былайша суреттейді:

Жұмақтағы жібек желден

Мәңгі жайнап тұрған гүлден‭

Жаратылған әйел сұлу‭!

...‭ ‬Жұмақтағы кәусар судан,‭

Бетіндегі алтын будан,

Періштелердің жырынан,

Жұмақ суы сылдырынан,

Жапырағының сыбдырынан,

Тәңірінің дәл өз нұрынан,

Жаратылған періште еді,

Мекені оның ғарышта еді.

...‭ ‬Періштелер лебізінен,

Шын махаббат теңізінен

Жаратылған әйел сұлу‭!

Осындай әйелге ғашық болып тұрып қалай тазармайсың,‭ ‬қалай пенделіктің кір-қоңынан ада-күде арылмайсың...‭ ‬Қалайша адамшылықтың биік асқарларына қанат қақпайсың‭? ‬Мағжан ақынның ақындық феномені де осында‭ ‬-‭ ‬әйел затының ішкі сұлулығын тани білуінде.‭ ‬Сондай-ақ,‭ ‬ Жәмилә‭‬,‭ ‬З-ға‭‬,‭ ‬Махаббат не‭?‬,‭ ‬Сен сұлу‭‬,‭ ‬Сүйемін‭ ‬т.б.‭ ‬өлеңдері қазақ әйелдеріне арналады,‭ ‬олардың сыртқы да,‭ ‬ішкі де сұлулықтардың тәңірдей көтере жырлайды.‭ ‬Басқа да өлеңдеріндегі сияқты,‭ ‬ақын мұнда да терең сезім құшағында,‭ ‬жүрек тербелісінде.‭ ‬Әшейінде өзге ақындар‭ ‬күйдім-жандым‭ ‬деп жазатын жайлар Мағжан қаламында басқаша күйді,‭ ‬ыстық‭ –‬суығы аралас,‭ ‬қуанышы мен реніші қатар жүретін жұмбақ сезімді аңғартады.‭ ‬Махаббат азабы,‭ ‬сүйіспендік азабы әуелден белгіленген,‭ ‬жаратылыстан бірге жаралған,‭ ‬өзгертуге,‭ ‬қайта жасауға көнбейтін табиғи нәрсе,‭ ‬сондықтан да өмірдің өзі сияқты бірде тәтті,‭ ‬бірде ащы,‭ ‬бірде серуен,‭ ‬бірде сергелдең.‭ ‬Ақын сезім сырын ашамын деуден аулақ,‭ ‬азапты жайды,‭ ‬жүрек‭ –‬жара‭ ‬,‭ ‬көзі жасты‭ ‬күйді суреттейді,‭ ‬бірақ оның шешімін табамын деуден аулақ.‭ ‬Махаббат пен машахат күй бастауын әуелден,‭ ‬әуел баста жаралған ілгері жайдан іздейді.‭ ‬Мағжан жырлауында шын махаббат азап жылы,‭ ‬қуанышы мен өкініші аралар,‭ ‬тіпті кейде қатар жүреді.

Махаббат‭ –‬бір тікенек,

Жүрекке барып қадалар.

Бақытсыз ғой бұл жүрек,

Тамшылап одан қан ағар.

Тез жазылмақ бұл жара,

Бал тілімен сүйсе жар.

Сүймесе жар,‭ ‬дариға,

Өлер жүрек,‭ ‬қансырар.‭

Махаббат‭ –‬бір тәтті у,

Ішер жүрек,‭ ‬болар мас.

Дүниедегі у мен шу,

Мас жүректі оятпас.

Махаббат‭ –‬бір тәтті у,

Ішер жүрек,‭ ‬төгер жас‭!

дейді Мағжан.‭ ‬Махаббат бір қолайсыз‭ –‬жүрекке қадалған бір тікен дейді ақын.‭ ‬Жүрекке сонша ауыртпалық әкелетін,‭ ‬қайғы-қасірет әкелетін бұл сезімнің не құдіреті бар‭? ‬Адам баласы бәрін біле тұра бұған неге ділгір,‭ ‬неге зәру‭? ‬Махаббатсыз-ақ таң атырып,‭ ‬күн батырып жүрген қаншама пенде бар.‭ ‬Жоқ,‭ ‬жүректің қасірет шегуі,‭ ‬у ішуі,‭ ‬ол удың тәтті уға айналуы табиғи қажеттілікке айналған сыңайлы.‭
Лирикадагы ақын махаббат құшағына шырмалғандай.‭ ‬Лирикалық көңіл ылғи тынымсыз жаралы жанның,‭ ‬көңілгі қаяу жанның жабырқау жайы оның мазасын алады.

Келші,‭ ‬көзім,‭ ‬күн бетіңді көрейін,

Сүйші,‭ ‬сәулем,‭ ‬тұншығым мен өлейін

Жет жұлдызым,‭ ‬жылжып қана жібектей,

Жұлдызды-жүзік,‭ ‬Айды алқа ғып берейін.

Келші,‭ ‬қөзім,‭ ‬күн нұрына көмейін,

Сүйші,‭ ‬өлейін,‭ ‬неге өлейін‭?‬-‭ ‬демейін.

Жет,‭ ‬жұлдызым,‭ ‬жылжып қана жібектей,

Жұлдызды‭ –‬жүзік

Айды алқа ғып берейін‭!

Мағжанның Мағжан атын шығарған,‭ ‬халық аузында жатталып кеткен әйгілі өлеңдері.‭ ‬Бұл шығармаларда сан алуан психологиялық күй-сезімдер мол,‭ ‬адам жанының неше түрлі тылсым сырлары,‭ ‬азапты түндер,‭ ‬қоштасулар,‭ ‬тосулар,‭ ‬қайта табысу сәттері,‭ ‬қуаныштың жасы,‭ ‬қайғының қаны,‭ ‬жүрек толқыны‭ –‬міне үлкен ақын осының бәрін алдыңа жайып салады.

Сүй,‭ ‬жан сәулем,‭ ‬тағы да сүй,‭ ‬тағы да‭!

Жылы,‭ ‬тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін

Патша тағы,‭ ‬бүкіл дүние малына‭ ‬.

Бір қарағанда ақынның бұл өлеңі гедонистік сарында жазылған боп көрінуі мүмкін.‭ ‬Бірақ мәселенің байыбына барар болсақ,‭ ‬бұл өлең жолдарында терең сыр жатқанын аңдаймыз.‭
Сондықтан сұлу әйелдің қадір-қасиетіне жетіп,‭ ‬оның құшағын жұмаққа теңеген,‭ ‬дүниені көзіне ілмей,‭ ‬барлық дүние қызығынан сұлудың құшағын артық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев – қазақ жерінің жыршысы
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Мағжан - ғасырда бір болатын құбылыс
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
Қазағым өлеңі
Жатыр өлеңі
Пәндер