Материалды-құндылықтар мен ақша қаражаттары


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

2. Бухгалтерлік есептегі негізгі құралдар.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі бірліктері инвентарлық обьектілері болып табылады. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі инвентарлық карточкаларда немесе кітаптарда жүргізіледі. Ал инвентарлық карточкалар (инвентарлық кітаптар) негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актілері, техникалық төлқұжаттары және басқада сатып алуға, қондыруға, орнын алмастыруға, сондай-ақ негізгі құралдар объектілерін жою құжаттарының негізінде толтырылады.

Негізгі құралдардың синтетикалық есебі шоттардың Бас жоспарындағы 12 Негізгі құралдар бөлімінің активті шоттары бойынша жүргізіледі. Олар:

121 Жер

122 Ғимараттар мен құрылғылар

123 Машиналар мен жабдықтар, өткізгіштер мен қондырғылар

124 Көліктер

125 Басқа да негізгі құралдар

126 Аяқталмаған құрылыс.

Негізгі құралдар ағымдағы есебі бастапқы құны бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдарды қонақ үй шаруашылығына кіріске алу кезінде олардың алғашқы құны әртүрлі анықталады.

Негізгі құралдарды сатып алу, қондыру және дайындау үшін жұмсалған нақты шығындар құрамы:

  • жабдықтаушыға келісім шартқа сәйкес төленген сомма;
  • жеткізу, монтаждау, қондыру бойынша шығындар;
  • құрылыс және басқада келісімдер бойынша жұмыс құны;
  • негізгі құралдарды сатып алуға байланысты ақпараттық және кеңес қызметтерінің құны;
  • негізгі құралдар объектілеріне құқық алуға байланысты жұмсалған тіркеу салымдары, мемлекеттік алымдар және басқада ұқсас төлемдер;
  • кедендік алымдар және басқада төлемдер;
  • негізгі құралдар объектілерін сатып алуға байланысты төленетін өтеусіз салықтар;
  • негізгі құралдар объектісін сатып алуға ортада көмек көрсеткен кәсіпорынға берілген марапаттау;
  • негізгі құралдар объектілерін сатып алу, қондыру және дайындау жұмыстарына байланысты басқада шығындар.

3. Негізгі құралдардың маңыздылығы.

Басқада кәсіпорындардан келісім бойынша сыйлық ретінде немесе басқада жағдайлармен өтеусіз қонақ үйге кіріске алынған негізгі құралдар объектілері үшін бастапқы құны объектті бухгалтерлік есепке қабылдаған күні нарықтағы бағасы бойынша анықталады және құжаттармен немесе эксперттік жолмен бекітіледі.

Басқа мүліктерге айырбасталып алынған негізгі құралдардың бастапқы құнын, кәсіпорындар сол айырбастаған құндылықтарының құнының бағасына ұқсас бағамен анықталады.

Бухгалтерлік есеп принципінде активтер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді активтер - қонақ үй кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдық есеп мерзімінен ұзақ мерзім пайдаланатын және бір жылға дейін сату үшін қолданылмайтын материалды-жабдықтар мен қаржы-қаражаттарын айтамыз. Ұзақ мерзімді активтер баланстың бірінші бөлімінде негізгі құрал жабдықтар мен айналымнан тыс активтерінде көрсетіледі.

Сонымен, негізгі құрал-жабдықтар (активтер) -деп, материалды түрде болып келетін, ұзақ мерзімде пайдалынатын қаражаттарды айтамыз. Бұл қаражаттар категориясына ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен құрал-жабдықтар, транспорттар және т. б. жатады. Негізгі құрал-жабдықтардың барлық баптары бойынша амортизациялық аударым жарнасы жүргізіліп, амортизациялық қаражат, яғни өтелім қаражатын құрайды. Баланста бұл бөлімнің барлық баптары қалдық құны бойынша есептеледі, яғни негізгі жабдықты сатып алу, жеткізу және құрастыру үшін жұмсалған қаражаттарынан амортизациялық өтелім шығынын алып тастау ереже ретінде іске асырылып отырады.

Материалды емес активтер - бұл физикалық сезілмелі түрде болып келмейтін, бірақ, қонақ үй кәсіпорнына кіріс әкелетін қаражаттар. Сезілмелі емес активтерге патент, тауар белгілері, сауда маркілері, авторлық құқық, лицензиялар, ғылыми - зерттеу және тәжиірбелі - конструкторлық зерттемелер шығындары с. с. Қызметі бір жылдан асатын сезілмелі емес активтерге де басқа құрал-жабдықтар секілді амортизациялық аударым жарнасы жүргізіледі.

8. Материалды-құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі.

1. Бухгалтерлік есепте айналым қаражаттарына түсінік.

2. Туризм қызметтерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен есеп айырысу

3. Туризмдегі қаржы салымдары.

1. Бухгалтерлік есепте айналым қаражаттарына түсінік.

Қысқа мерзімді активтер немесе айналым қаражаттары деп, бір есеп мерзім айналымында, яғни бір жыл ішінде қонақ үй шаруашылық қызметтерде пайдаланылған, сатылған немесе қолданылған материалды-жабдықтар мен қаржы-қаражаттарды айтамыз. Айналым активтері баланстың екінші және үшінші бөлімдерінде, актив жағында көрсетіледі.

Қонақ үй кәсіпорнының шаруашылық тиімділігін арттыратын шешім қабылдау үшін, айналым қаражаттары құрамынан келесі ресурстардың бухгалтерлік мәліметтерін топтастырып бөліп алу маңызды:

  • ақша қаражаттары
  • қысқа мерзімді қаржы салымдары
  • дебиторлық берешектер
  • материалды - өндіріс қоры

Айналым активтерінің ең өтімді бөлігі - ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорын кассасындағы (451 “Ұлттық валтада кассадағы қолма-қол ақша қаражаттары” шоты), банктегі (441 “Есеп шоты”) валюталық (431 “Ел ішіндегі валюталық шоты” және 432 “Шет елдегі валюталық шоты”) қаражаттары болып табылатын ақша қаражаттары.

2. Туризм қызметтерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен есеп айырысу

Қонақ үй кәсіпорны қолма-қол ақша қаражаттарымен есеп айырысуды іске асыруы үшін нормативті құжаттарына сәйкес кассасы болуы керек. Ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кез-келген кіріс және шығыс кассалық операциялары, міндетті түрде кассалық алғашқы құжаттарда көрсетілуі керек. Қонақ үй шаруашылығында әрбір кассалық-бақылау машинасы бойынша негізгі құжаттары кассир-операционисттің Мемлекеттік Статистика Комитетімен бекітілген Журналы болып табылады. Журнал міндетті түрде нөмірленген, байланған, мөрленген және қонақ үй кәсіпорнының басшысымен, бас бухгалтерінің жеке қолдарымен бекітілген, сондай-ақ салық инспекторының тіркеуге алған қолымен қуатталуы керек.

Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық есебі 451 “Ұлттық валтада кассадағы қолма-қол ақша қаражаттары” актив баланстық шотында есепке алынады.

451 “Ұлттық валютада кассадағы қолма-қол ақша қаражаттары” шоты қонақ үй кассасында ақша қаражаттарының қозғалысы мен қолда бары туралы ақпараттарды жалпыламалау үшін арналған.

451 “Ұлттық валютада кассадағы қолма-қол ақша қаражаттары” шотына қосымша шоттар ашуға болады:

451-1 “Кәсіпорын кассасы”. Бұл қосымша шотта қонақ үй кассасындағы ақша қаражаттарының есебі жүргізіледі.

451-3 “Ақша қаражаттары” және т. б. . кәсіпорынның кассасындағы пошта маркалары, мемлекеттік алымдардың маркасы, векселдер маркасы, төлемі жүргізілген әуе билеттері және басқада ақша қаражаттары.

Ақша құжаттарының аналитикалық есебі олардың түрлері бойынша жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептін, кәсіпорынды басқарудағы рөлі
Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Материалды-құндылықтар мен ақша қаражаттарының есебі
Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Активтер міндеттемелер меншікті капитал
Шаруашылық әрекеттерімен процестері
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
Айналым қаражатының негізділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz