Қазіргі заман психологиясы және міндеттері



I. Кіріспе ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ..4
2.1. Жалпы психология туралы түсінік ... ...4
2.2. Психологияның даму кезеңдері ... ... ..5
2.3. Қазіргі психология пәні ... ... ... ... 12
2.4. Қазіргі психология пәнінің мақсаты ... ..16
2.5. Қазіргі психология пәнінің міндеттері ... .20
Қосымша ... ... ... ... ..24
IIІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда психология ғылымын зерттеуге көп көңіл бөлінуде. Әрбір қоғамның даму деңгейі, соның ішінде сол қоғамда өмір сүретін адамдардың психологиясы басты назарда болуы тиіс. Психология – адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттың және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы субьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология — психикалық құбылыстардың пайда болу,даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық ,Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология, Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
6. Илина Т. А. Педагогика, Алматы, 1977.- 488 бет.
7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
9. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
11. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет
12. Н.Мухамадиева, М.Атабаева, Р.Ибраева. Іскерлік қазақ тілі. А-2000ж.
13. Аяпова Т.Т., Күзекова З.С. Қазақ тілі. Алматы, 2002ж.
14. Күзекова З.С. Қазақ тілі Астана, 2003ж.
15. Оралбай Н., Қ.А.Құрманалиев Қазақ тілі Алматы, 1997ж.
16. Күзекова З.С., Қарақұсова Г. Қазақ тілі Алматы, 1997ж.
17. Ақанова Д.Х., Алдашева А. М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ., Сулейменова Э. Практическая грамматика казахского языка. «Арман – ПВ»; Алматы, 2003.
18. Ақанова Д.Х., Алдашева А. М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ., Сулейменова Э. Ресми - іскери қазақ тілі «Арман - ПВ» 2002ж.
19. Күзекова З. «Қазақ тілі», Астана 2003ж.
20. Бектұров Ш., Бектұрова А., Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Инженерлік-педагогикалық факультеті
Педагогикалық сервис пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Қазіргі заман психологиясы және міндеттері

Жалпы психология секциясы
Студент: Алдабергенова Шәмшат
Көшенәліқызы
Тобы: ЖХМ-011 тобының
ІІ курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы

Данияров Т.Ә.

Түркістан 2011ж

ЖОСПАР

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
2.1. Жалпы психология туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2. Психологияның даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.3. Қазіргі психология
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.4. Қазіргі психология пәнінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5. Қазіргі психология пәнінің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...20
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
IIІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

І. Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда психология ғылымын зерттеуге көп
көңіл бөлінуде. Әрбір қоғамның даму деңгейі, соның ішінде сол қоғамда өмір
сүретін адамдардың психологиясы басты назарда болуы тиіс. Психология –
адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезім,
аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге
сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-
құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және
практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан:
терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттың және
теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы субьективттік
структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-
әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология — психикалық құбылыстардың пайда болу,даму және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған
сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып
табылады. Олар елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б
көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін
ұғымдар. Бір қарағанда мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да,білетінде
сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұғыдан түсіну
арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен
баяндауды,олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауд-сөз болып отырған
психология ғылымы қарастырады. Бұл жұмыс мектеп оқушыларының психологиялық
қабілеті, таным-түйсігі салыстырмалы түрде зеттелумен маңызды.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Жалпы психология туралы түсінік
Адам – көптеген ғалымдардың және ғылымдардың зерттеу тақырыбы болып
келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін
тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін
басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты,
психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының
заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы
қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр
түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып
саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде
психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым
өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. СЛ.Рубинштейн "Жалпы психология
негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін
құбылыстардың арнайы шеңбері, анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің
өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты
сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б.
жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі – жеке адамда
тікелей өзіндік уайымдарының болуы – тікелей сезімнің негізінде ғана
білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі
қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау
оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан
сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін,
шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек
өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра
алмайды .
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар
ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау
қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі
айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде
қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың
өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты
адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және
сезілмейтін, адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен
ажырағанда – адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын
ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми
талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық
қарапайым ілімдер жинақталған.
Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі
қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған психологиялық
қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру
кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға
қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді
құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар
беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген
жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес,
сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар
арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық
психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не
кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру
үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы
ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу
қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да,
келешегі де зор.

2.2.Психологияның даму кезеңдері.
Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт
болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық
ой ретінде кездеседі.
Ежелгі заман. Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның
біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын
жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде
психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.
"Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик
пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват
гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің
есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы
мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған
қолданылуы болып есептеледі.Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс
идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica
және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын
енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл
ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның
көмегімен кең тараған.
Өзінің
"жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан,
психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан
көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология
медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының
мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы
Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. ХІХ-шы
ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды. Ерте
жаңа заман. 1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт
(1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу
зертханасын ашты. Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология
Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда
психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте
сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн
Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану
процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек. Осы тұста,
1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми
білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді
дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және
интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін
шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең
тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және
жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты
мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд
болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд
теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Жаңа заман. Ноам Хомский. Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды
ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін
жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет"
(сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі
жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының
бірі болып танылады. Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл
үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен
құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы
өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың
ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық
бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін
еместігін көрсетті. Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950
жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне
кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық
көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы
түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және
феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми
әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық
мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды. Бұл мектептің негізін
қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем
Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және
Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс. Компьютерлік
технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға
әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой
ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен
оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді. Ми мен жүйке
жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз
Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан
ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу
технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік
невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен
(пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан
қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде
пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым —
когнитивттік ғылым жаратылды.
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу
объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық
табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі
болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше.
Адам болмысының табиғатына, оңың саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен
қалыптасуына, төңірегіндей басқа адамдармен қарым-қатынасының
ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу
уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым,
медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет
психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін
емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері
жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр
түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьекті, ал ғылымдардың әрбірі
өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде
қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық
факторларды айналып өтуі тіпті мүмкін емес. Л.С.Рубинштейн "Жалпы
психология негіздері" (1940) атты еңбегінде "Психология зерттеуіндегі
ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз,
сезіміміз, ойларымыз, ықлас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т.б., яғни біздің
өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін тәнімізге
ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны" – деген. Психологиялық дүниенің
бірінші ерекшелігі әр тұлғаның (индивид), өз меншік толғанысының болуы, ол
түйсік сезімінен ғана көрінеді де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттен берсең де соқыр дүние сұлулығын
сезінуі қиын, керең тікелей қабылдамаған соң, он-күй әуенін танымайды,
махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да
түкке де тұрмайды. Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері жалпы
психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар
психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі.

Жалпы психология антикалық кезеңнен бастау алып, философия аясында
психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыптасты. ХХ ғасырда дербес
ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы лейпциг қаласында дүние
жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент
әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.
Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның
теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа
әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның
психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік
іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын,
құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың
көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.

Психологияда ерекше орын алады.

Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу
дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық
сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен
дағдыны қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары
негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді
жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-
психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен
ептіліктерді дамыту; 3) дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының
негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру. Психология
ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын,
қалыптан тыс ғылым құбылыс болуында. Себебі, әрқандай нақты заттың өзі мен
оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше,
тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған
мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін,
адамның түс көретінін сезіп, білген, осыған орай адам ұстамға келетін
тәннен және көрімбейтін жаннан бірінен-бірі бөлінбейтін дербес екі бөліктен
тұрады, деген сенім туындады: яғни адам өлмейінше, жан оның тәнінде жасап,
өлгеннен тәннен шығып кетеді-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан тәнінен
уақытша ажырап, қандай да бір басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық
процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін
адамдардың бірінің екіншісі жөніндегі қарапайым тұрмыстық психологияға тән
пайымдаудары жинақтала берді. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді ол
өмір тәжірибе негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында
түсінісуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет
болудан жинақталған жан психологиялық пайымдаулар білімдер ауқымын құрады.
Осы біршама біліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, әрекетіне сай
қатынас жасауға көмегін тигізеді. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген,
тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық
тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті
үлгілерінен (мақал-мәтел, ертек, әпсана) ұғып, түсініп келдік. Қазіргі
заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы
өмір тәжірибемізден ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.

Р.Эббингауз

ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог
Р.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ
деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде,
философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік
әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі
айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның
қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр. Пәннің атауы ежелгі грек тілінен
аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді
білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық
түсініктер діни нанымдармен байланысты болды.
Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек
философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз
байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және
жаратылысты – жалпы, жанды – жеке деп санайтын мифологиялың нанымдары бар
дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды
зерттеу және түсіндіру – психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі
болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде
анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады.
Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді.
Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы
әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне – материя мен сананың,
рухани және материалдың субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі
философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік.
Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын,
бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдың түсінік психиканы
материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді. Идеалистік
философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар
екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдың, тумайтын әрі
өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдың заттар мен
үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір "абсолютті
рух", "жаратылыстың ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде
қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым күштердің –
адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен рухтың
әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста болған
кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын
жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп түсіндірілді. Дін пайда болған
кезде, жан тәннің өзіндік көшірмесі, адамды тастан кеткеннен соң мәңгі өмір
сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста болатын, денесіз және
өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла бастады. Осының негізінде
идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат,
материя – екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын
философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды .

2.3. Қазіргі психология пәні. Психиканы адамның рухани өмірінің
көрінісі және ол барлық материалдың табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды
деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі
материалдың көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы
көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды
өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда
ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол
тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті – оның
басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді
көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал
етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол
өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз
екі субстанцияның – материя мен рухтың бар екендігін айтады. Сондықтан
психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен dualis -
"қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша,
психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан
тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік
идеализм деген атқа ие болды.
Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда
пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік
сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді.
Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар
мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да
сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Демокрит: психикалық процестер
көзге көрінбейді, олар ұсақ атомдар әсерінен пайда болады. Адамның
қабылдауы бізді қоршап тұрған сыртқы дүниедегі атомдардың біздің сезім
мүшелерімізге әсер етуден пайда болады. Дуализм – жан мен тән бөлек
құбылыс. Аристотель – жан мен тәнді екіге бөлуге болмайды. Ол біртұтас
процесс. Тән организм болса, жан – сол организмнің мазмұны.Ол жанды 3-ке
бөледі: жәндіктер, жануарлар, адамдар жаны.
XVIғ.басында француз философы Декард рефлекс деген ұғымды енгізді. 1874ж.
Германияда бірінші психологиялық лаборотория ашылды.Оны ашқан неміс
психологы Велгени Вунд.3.Ми және психика. Психика мидың қасиеті болып
табылады.Ми мен психика әр уақытта байланысты. Адамның бас миында 15
милиардтан астам нерв талшықтары орналасқан. Адамның бас миы 4 бөліктен
тұрады: 1) маңдай . 2) самай. 3) желке. 4) төбе.
1)Маңдай – адамның оқу, жазу процестерін реттейді. 2)Самай
–естудіқамтамасыз етеді. 3)Желке–адамның көру мүмкіншілігін қамтамасыз
етеді. 4)Төбе–қимыл-қозғалыстардыреттейді. Адамның нерв системасы 2
бөліктен тұрады: 1)Орталық – бас ми және арқа ми. 2)Перифериялық – бүйрек,
жүрек, бауыр, өкпе және бұлшық еттер. Орталық және перифилиялық нерв
системасы сырттан және іштен түсетін информацияларды өңдеп отырады.
Организмнің барлық органдарын орталық нерв системасы арқылы
байланысады.Сырттан бас миға келетін импульстер эфференгтер деп аталады.
4.Психика және сана.
Психиканың 2 деңгейі бар. 1)Жоғарғы деңгейі – сана, 2)Төменгі деңгейі –
санасыздық. Сана – психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек
әрекетінде басқа адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық
тарихи жағдайлардың нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында
сезім мүшелері арқылы байқалады. Сананың құрылысы:
1)Сананың өзі. 2)Объект пен субъектіні айыру. Жеке адам өзінің санасына
сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдармен ажырата алады.
Яғни адамдардың мен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның даму тарихы
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының пәні мен объектісі
Психология пәні және оның міндеттері
Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Психология пәні және міндеттері.Психология ғылымының қолданбалық (прикладной) мәні
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Пәндер