Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қорғауға жіберілді:
Бейнелеу өнері кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доцент
Ауелбеков Е.
«___»20__ ж.
Диплом жұмысы
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Мамандығы 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
Студент
Ғылыми жетекшісі,
Түркістан-2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету
1. 1 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету барысында эстетикалық тәрбие беру . . . 6
1. 2 Қазақстан бейнелеу өнеріндегі портрет жанры . . . 17
2 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету технологиялары
2. 1 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету мазмұны . . . 23
2. 2 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету әдістері . . . 27
2. 3 Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету барысында оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру . . . 45
Қорытынды . . . 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 49
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстан 2050 бағдарламасындағы ұсынынған стратегиялық бағыттарының бірі білім беруге арналған, онда сапалы мамандар даярлауға баса назар аударылған. Оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауын баса көрсеткен. Осындай жаңа талаптар негізіндегі дайындық ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асатындығы айқындалған [1] .
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. [2]
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді, жоғары сынып студенттерінің жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ету.
Болашақ мұғалім тұлғасын дайындаудың сапалық жақтары М. Ж. Қозыбаков [3], Қ. Е. Ералин[4], Қ. Ж. Әмірғазин [5] және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді барынша дамытуға, cтуденттердің өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Қ. К. Болатбаев [6], Б. И. Ижанов [7], Д. А. Кемешов [8], Қ. Е. Ералин [9], еңбектерінде ұлттық өнер негізінде студенттердің көркемдік білім беру эстетикалық тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориясы мен практикасы зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін көркемдік білім беру үдерісінде картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы орындау мәселесі бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы орындау мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі көрінді. Олар, картина композициясын түстік үйлесімділік тәсілдері арқылы құрастыру оқыту тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі мен оның тәжірибеде қолданылмауы арасындағы қайшылықтар болып табылады. Осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты зерттеу тақырыбын « Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету » -деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйретуді әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оның нұсқауларын жасау.
Зерттеу нысаны: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету үдерісі.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету тәсілдері .
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету тәсілдері анықталса, онда оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету ұтымдылығы артады; ал бұл болса, композицияны орындауды жаңа шығармашылық сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.
Зерттеу міндеттері:
- Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету тәсілдерін айқындау;
- Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйретудің жаңа әдістерін табу;
- Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету әдістемесін дайындау;
Зерттеудің жетекші идеясы: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету нәтижесінде жаңа композиция құрылымы мазмұнды болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Конституциясы, Ғылым мен білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің этнодизайн бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шет ел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік инновациялық құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық тәжірибе нәтижесіне математикалық, статистикалық талдаулар жасап, баға беру.
Зерттеудің теориялық мәні :
- Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету тәсілдері айқындалды;
Зерттеудің практикалық мәні: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету тәсілдері көрсетілген картина жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы сәндік өнер мамандығы студенттеріне білім беру жүйелерінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйретудің білімділік, іскерлік мазмұнға негізделуі.
2. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету оқу үдерісін мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық қамтамасыз етуге негізделуі.
3. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету тәсілдерінің сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері композиция пәні мен өндірістік тәжірибе кезінде сынақтан өткізілді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік жұмыс А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университетінде жүргізілді.
Диплом жұмысының құрылымы, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады. «Көшпенділер» композициясын орындауда түстік үйлеімділікті үйлесімділікті шешу жолдары Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету» атты бірінші тарауда тприхи портрет даму ерекшеліктері, «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету» шарттары негізделді. «Көшпенділер» гобеленінің композициялық құрылымы және оны орындау технологиялары» атты екінші тарауда тәжірибелік шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалды. «Көшпенділер» композициясының түстік үйлесімділіктерін табудың әдіс тәсілдері, технологиясы берілді.
Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылды.
1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету негіздері
1. 1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету барысында эстетикалық тәрбие беру
Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы . . . дамытуға барынша қолдау жасап отыр, - деген сөзі мұның айғағы.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай баяндалған: «Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды . . . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар . . . күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады. »
Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтықпен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, . . . әлемдік және отандық мәдениеттердің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтармен тарихын, әдет ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін меңгеру», - деп айрықша атап көрсетілген. Осы қозғалып отырған мәселеге байланысты «Мәдени мұра» бағдарламасында былай делінген: «Мәдени мұраны, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты негізгі ғылыми проблемаларды зерттеу және танымал ету, оның ішінде Орталық Азияның қазақтары мен көшпелі халықтарының көшпелі қоғамның өткен өмірінің бай тарихын зерттеу және танымал ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылмақ». Бұл жөнінде Президенттің халыққа жолдауында да «Біз қазақ халқын сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз» - деп айтылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасының мақсаты: «Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды белгілеу», - деп көрсетілген. Ұлттық мектепті жасаудағы қажеттіліктің бірі - қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей бүгінгі тәрбие жұмыстарын қалыптастыру мүмкін емес. Бұл туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуы - ол дегеніміз, ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (1990ж. ) республика құжат етіп ұсынды [10] . Бұл бағдарлама мазмұны балабақшалардан бастап қазақ мектептеріне бүгінгі күнге дейін, кеңінен өріс алып келген келеңсіз құбылыстарды жоя отырып, имандылық-эстетикалық тәлім-тәрбие беру жүйесін, ұлттық ерекшеліктерді, баланың рухани дамуын, өсіп жетілетін ортасындағы ахуалды ескере отырып, қайта құруға, отбасымен аталған мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, эстетикалық сезімталдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Өсіп келе жатқан балаға мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалім-тәрбиешілердің алдына оқушыларға қоршаған ортаның көркемдігін, адамдардың рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп олардың ойлау, қиялдау қабілеттерінің дамуына жол ашу міндеттері қойылады. Биік эстетикалық талғам еңбек, қоғамлық орта, табиғат, өнер т. б көптеген факторлардың ықпал етуі нәтежиесінде қалыптасады. Сондықтан мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер шәкірттерінің әсемдікті, сұлулықты түсініп, одан ләззат алуына көмектесуі керек.
Балалардың эстетикалық тәрбие өрісін зерттеуге негізделген ғылыми педагогикалық еңбектердегі тұжырымдар мен мағлұматтар қазіргі кезеңдегі эстетиклық тәрбие жүйесінің әлеуметтік, педагогикалық өзекті мәселелерін, бүгінгі таңда және болашақта жүргізілетін ғылыми-тәжірибелердің негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттерін айқындап жол ашады. Ендігі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі эстетикалық тәрбие теориясы мен көркемдік білім жүйесінің әдіснамалық және практикалық негіздерін қазіргі қоғам дамуының талаптарына сәйкестендіріп қайта зерттелуі нәтежиесінде үздіксіз эстетикалық тәрбиенің халықтық педагогика мен ұлттық психологияға сүйенген жүйесін жасау, әрі оқу-тәрбие ісінде тиімді пайдалану көзделуде.
Эстетикалық тәрбиенің негізін қалауда, тәжірибелік мәселерді зерттеуде П. П. Блонский, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, А. В. Бакушинский, С. Т. Шацкий және т. б ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ж. Баласағұни т. б. ) эстетикалық тәрбиенің маңызы жөніндегі еңбектерін қалдырды. Жалпы қазақтың халық педагогикасын және ұлттық мәдениетін қалауда зор үлесін қосқан халық ағартушы - педагогтары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов т. б. болды. Олар болашақ ұрпақтың эстетикалық, талғамын тәрбиелеуге талпынған және халық даналығын жоғары бағалаған. Бүгінігі таңда педагог - ғалымдарының қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңіндегі жай-күйі, өзіне тән ерекшеліктері: М. Х. Қышқашбаева, Р. К. Дүйсенбінова, С. Ә. Жолдасбекова, Ә. О. Қамақов, Ұ. О. Асанова, Б. С. Өтемұратова, Б. А. Әлмұханбетов, Е. Асылханов, Б. Байжігітов, З. Р. Ахметова, Ф. Н. Жұмабекова, Р. Р. Жәрдемәлиева, Ш. Ә. Ақбаева, А. Қ. Ералина және т. б. еңбектерінде арнайы зерттелген.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің үлкен бір саласы - қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнері. Ол Орта Азия және орыс халықтарының ұлттық өнерімен де ұштасып жатыр. Қазақтың ұлттық бейнелеу өнері бірі -портрет өнері.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісін дұрыс жолға қою үшін оның табиғатын тану орынды. Эстетика - көркемдік таным теориясы. Дүниетаным үрдісінде болмысты логикалық ұғым, категория, заң арқылы таныса, көркемдік сана дүниені нақты сезіммен түйілген бейнелер арқылы таниды. Қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылатын өнер - эстетиканың арнайы зерттейтін саласы. Көремдік таным ақиқатына жету тәсілі мен өнер бейнелерінің болмысқа сай келуі жайы, яғни шығармашылықтың әдіс проблемасы да эстетика ғылымының зерттейтін мәселесі. «Эстетика» термині гректің «эстезис» - сезімталдық деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет немістің өнертанушы ғалымы Баумгартен ғылыми атау негізінде енгізді. 1750 жылы оның «Эстетика» деген еңбегі жарық көрді. Сол кезден бастап эстетика ғылымның жеке бір саласына айналды. Эстетиканың өнер тану ғылымдарынан айырмасы: ол өнердің барлық жанрына қатысты жалпы заңдылықтарды зерттейді. Эстетика өнердің барлық түріне байланысты мәселені шешеді. Өркениет өрісінде адам өзін қоршаған ортадан сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. Ол еңбек процесіне орай дамиды және кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын, әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырып отырады. Эстетикалық тәрбиенің басты тәрбиесінің бірі, тұлғада әсемдік сезімін дамыту болып табылады. Адам әсемдікті сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты. Табиғатқа, көркем сурет және т. б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты әсемдік тұрғысынан саналы дамуына әсер
Эстетика ұғымы белгілі бір ұлттың эстетикалық көзқарастарымен тығыз байланысында анықталады. Қазақ эстетикасы - қазақ халқының адам мен әлем арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейтін философия ғылымының бір саласы. Қазақ эстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы эстетикалық ой - пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фолькрларда - тұрмыс - салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тұрмыс - тіршілігіне ежелден бастап - ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс - әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылады.
Қазақ эстетикасының Батыс пен Шығыстың дәстүрлі көркем мәдениет үлгілерінің типтік ерекшеліктеріне ұқсамайтын, оларды сіңіре отырып дамыған өзіндік төлтума мәдениеті болды. Шексіз далада адамдар өзімен - өзі және табиғат пен қарым - қатынасқа түсіп, өзінің табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақ халқының «адам мен әлем біртұтас» деген философмялық тұжырымға көзбен көріп, қиял қанатымен жетіп, ой көзіне салып, іштей білген тәжірибесі, көшпенділік өмірі арқылы ие болды. Осы рухани сырластық деңгейі халықтың әдет - ғұрып сырына, эстетикалық негізіне айналған.
Кең жазира айдын дала, аңызақ аптап, табиғаттың қатал да қатігез сынымен бетпе - бет тіршілік кешкен қайсар, сырт көзге қарапайымдау, аңқау көрінетін, бірақ көшпенді өмір тіршілігін салтанатқа бөлеп, осынау ұлан-ғайыр дала кеңістігін жайлаған қазақтың рухани байлығын, әдет-ғұрыптары мен дәстүр-салтын, өнерін, осы Ұлы даланы арлы-берлі аралап сапар-саяхат кешкен қытай, араб, европа, орыс жихангездері, жылнамашылары, ғалым-зерттеушілері таңдана жазған тарих беттерінен білеміз. Олар қазақ даласынан ұшыратқан түрлі өнер иелерінің құдірет-күшіне қандай сипат берерін, көргендерін қай дәстүрге жатқызарын білмей, өз жылнамалары мен естеліктерінде тек қаз-қалпында жазып қалдырған. Бірақ, әртүрлі тарихи себептермен, қазақ арасынан шыққан даналардың төл еңбектері, қалдырған бай мұралары бірі ерте, бірі кеш танылуда.
Этнокөркемдік білім дегеніміз халықтың ежелгі өнері шеңберіндегі ілімдердің жүйесі болып табылатын көне көркем білімдердің жиынтығын айтамыз. Этнокөркемдік білім қолөнерге, музыкаға, сәулет өнеріне қатысты қолданылатын ілімдердің жүйесін құрайды.
Қ. Ералиннің «Қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» атты зерттеу еңбегінде қазақ бейнелеу өнері шығармаларының оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жүйесінде пайдаланудың маңызы мен міндеттерін ашып, бейнелеу өнері арқылы оларға эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі жасалған.
Ж. Балкеновтың «Қазақ халқының қолданбалы өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іскерліктері мен дағдыларын арттыру жолдары» атты зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие мен білім беру барысында халықтың қолданбалы өнерінің мүмкіндіктерін пайдаланудың мәнін ашып көрсеткен.
Б. Ижановтың «Болашақ мұғалімдерді қазақ қолөнері арқылы оқшыларға көркемдік білім беруге даярлау» атты зерттеу жұмысында болашақ мұғалімдерге қолөнердің көркемдік білімін беру барысында болашақ педагогикалық қызметке дайындау мазмұны, формалары мен әдіс тәсілдері айқындалған. Еңбекте көркемдік білім берумен қатар эстетикалық тәрбие мәселері де қатар қарастырылған.
Қ. Ералиннің «Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларын болашақ мұғалімдерді көркемдік кәсіптік дайындау жүйесінде қолдану» атты зерттеу еңбектерінде қазақ бейнелеу өнері шығармалары арқылы болашақ мұғалімдерге көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берумен қатар оларды педагогикалық қызметке дайындаудың мазмұны, формалары мен әдістемесі ашып көрсетілген, бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруге дайындаудың әдістемесі жасалған, осы аталған дайындықтың теориясы мен практикасы ашылған.
Қазақстан бейнелеу өнерінің өзінің түрлері мен жанрлары кең көлемде дамыған көркем өнердің бір саласы. Қазақстан бейнелеу өнері графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолөнер түрлері мен портрет, пейзаж, тұрмыстық, тарихи, анималистік, т. б. жанрлары дамыған өнер болып табылады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің түрлерін сөз еткенде алғаш аталатыны графика. Қазақ бейнелеу өнерінің ішіндегі графика шығармалары кең көлемде әңгіме болатын тақырып. Графика бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақстандық графика өнерінің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т. б. жерлерде жартастарға салынған суретер жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz