Қоғамның саяси өмірі



1 Саясат. Саяси жүйе. Билік. Халық — билік қайнары.
2 ДЕМОКРАТИЯ . ХАЛЫҚ БИЛІГІ
Саясат деп нені айтамыз? Саясат (гр. Politika- мемлекеттік, қоғамдық іс) — адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі. Мемлекеттік деңгейде шешілуге, билік жүргізуге қатысы бар істердің, халық бұқарасының немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттердің бәрі саяси сипат алады. Мемлекеттік билікке қатысы бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе болып табылады.
Саясатпен айналысатын адам сипаты және мүдделері жағынан әртүрлі, көптеген параметрлері бойынша біріне-бірі ұқсамайтын адамдармен және топтармен жұмыс істейді. Сипаты жағынан да саяси мәселелер алуан түрлі болып келеді. Экономиканың, әлеуметтік жағдайлардың, мәдениеттің түрлі салалары бойынша шешуі қиын түйіндердің кез келгені саяси сипат алып, ушығып кетуі мүмкін. Саясатта аса ыждағаттылықпен шешілуге тиісті, шетін мәселелерге шет елдермен жасалатын катынастар, ұлтаралық және этносаралық байланыстар, ұлттық диаспоралардың мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне қатысты мәселелер жатады.
Саяси жүйе. Саяси қызметті жүзеге асыру белгілі бір ин-ститугтар мен құраддарды пайдаланып әрекет етуді талап етеді. Адамзат өркениетінің даму үрдісінде жасалған ондай құралдардың ең маңыздылары саяси жүйе және мемлекет болып табылады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ӨМІРІ
САЯСАТ ЖӘНЕ БИЛІК
Саясат. Саяси жүйе. Билік. Халық — билік қайнары.
Саясат деп нені айтамыз? Саясат (гр. Politika- мемлекеттік, қоғамдық іс)
— адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен мемлекет
пен билікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі. Мемлекеттік
деңгейде шешілуге, билік жүргізуге қатысы бар істердің, халық бұқарасының
немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттердің
бәрі саяси сипат алады. Мемлекеттік билікке қатысы бар мәселе саясаттағы ең
мәнді мәселе болып табылады.
Саясатпен айналысатын адам сипаты және мүдделері жағынан әртүрлі,
көптеген параметрлері бойынша біріне-бірі ұқсамайтын адамдармен және
топтармен жұмыс істейді. Сипаты жағынан да саяси мәселелер алуан түрлі
болып келеді. Экономиканың, әлеуметтік жағдайлардың, мәдениеттің түрлі
салалары бойынша шешуі қиын түйіндердің кез келгені саяси сипат алып,
ушығып кетуі мүмкін. Саясатта аса ыждағаттылықпен шешілуге тиісті, шетін
мәселелерге шет елдермен жасалатын катынастар, ұлтаралық және этносаралық
байланыстар, ұлттық диаспоралардың мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне
қатысты мәселелер жатады.
Саяси жүйе. Саяси қызметті жүзеге асыру белгілі бір ин-ститугтар мен
құраддарды пайдаланып әрекет етуді талап етеді. Адамзат өркениетінің даму
үрдісінде жасалған ондай құралдардың ең маңыздылары саяси жүйе және
мемлекет болып табылады.
Саяси жүйе деп қоғамда билікті жүзеге асыруға тура қатынасы бар,
мемлекеттік, саяси және қоғамдық органдар мен мекемелердің жиынтығын
айтамыз. Саяси жүйе саяси билікке қатыстының бәрін — саяси ұйымдасуларды,
саяси нормаларды біріктіреді, саяси көзқарастарды, тұжырымдамаларды,
дәстүрлерді қалыптастырады.
Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға президент, парламент,
үкімет, сот органдары жатады. Қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде белсенді
саяси әрекеттер жасайтын саяси партиялар, түрлі бағытгардағы оппозициялық
топтар да мемлекетгің саяси құрылымының субъектілері болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының да елдегі саяси ахуалды қалыптастырудағы
маңызы зор.
Саяси жүйенің сипаты ең алдымен демократиялық ұстанымдардың орнығу
деңгейімен айқындалады. Мемлекеттік билік мәселесі демократиялық жолдармен
шешіліп жатқан елдерде жоғарғы заң шығарушы және атқарушы билік органдары
бүкілұлттық мүдделер тұғысынан әрекет етіп, елдің экономикалық-әлеуметтік
дамуының орнықтылығын қамтамасыз етеді. Оппозициядағы партиялар мен өзге
қоғамдық ұйымдар да өркениетті жолдармен өз топтарының мүдделерін алға
тарта отырып, билік үшін күрес жүргізеді. Елдің саяси өмірі өзіндік
үйлесіммен, қызу қайнап жатады.
Адамдар арасындағы еріктік қатынастардың көрінісі.
Мемлекеттік билікті жеңіп алу үшін саяси партиялар мен жекелеген саяси
қайраткерлер бар ресурстарын сарп ете отырып, табанды күрес жүргізеді.
Билік жолында олар халық бұқарасын ездеріне тарту үшін қолдарынан келгеннің
бәрін жасап бағады.
Адамдардың билікке қатысты көзқарастары алуан түрлі. Сондықтан олар билік
үшін күресте әртүрлі бағдар ұстанады. Біреулер билікті өзгелерге өзін
таныту құралы деп есептесе, енді біреулер қоғамды өзінің "үңгірлік идеалы"
бейнесінде елестету үшін, енді біреулер байлыққа, өзгелердің үстінен
жүргізетін өктемдікке қол жеткізу үшін қажет деп есептейді. Көптеген
адамдар билік баспалдағымен неғұрлым жоғары көтеріле алса, соғұрлым өзін
бакьгттымын деп есептейді. Нағыз саясатшылар, өз Отанын сүйетіндер өз
қоғамын адамзатты алға жетелейтін прогресс жолына бағыттауға тырысады.
Ондай адамдардың мемлекеттік өкімет басына келуі қоғамның бақыты болып
табылады.
Билік деп адамдар арасындагы еріктік қатынастардың формасын айтамыз. Ол
адамдардың, әлеуметтік топтардың тәртібіне, олардың қоғамдық қызметінің
сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс береді. Адамдар арасындағы
еріктік қатынастар әлеуметтік қатынастарды да айқыңдайды. Бұдан биліктің
әлеуметтік қатынастар формасы ретінде де қызмет ететіні көрінеді. Билік —
басқаруға келген адамның немесе адамдар тобының еркін өмір жүзіңде іске
асыру қабілеті. Билікке қол жеткізуші өзгелердің әрекеттерін өз еркіне
бағындыру, басқару және жұмсау мүмкіндігіне ие болады.
Билік адамдар қоғамы пайда болғаннан бастап, қоғамның дамуымен бірге,
біте қайнасып өмір сүріп келеді. Адамдардың бірлесіп өмір сүруі бар жерде
билік бар. Өйткені, бірлесіп істеген кез келген әрекет басқаруды қажет
етеді. Билік ең алдымен адамдардың бәрінің біртұтас ерікке бағынуынсыз іске
асырылмайтын, сонымен қоса, қоғамдағы өмірмен байланысты өзге қатынастарды
реттеу үшін, қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет.
Бұл жерде ескере кететін бір мәселе билікке келген адамның немесе топтың
жарамдылығына (компетентгігіне) байланысты туындайды. Билеушінің
жарамдылығы билікке бойсұнушы нысанның (топтың, мемлекеттің) сол кезеңдегі
жағдайына қатысты алғанда оны прогреске тура бастап апаратын жалғыз жолды
таба білуінен көрінеді. Өйткені, саясат дегеніміз -мүмкіндік өнері, екінші
сөзбен айтқанда, балама жолдардың ішіндегі сол қоғамның сол тарихи
мезеттегі жағдайына сай келетін жолды таба алу мүмкіндігі.
Билік бөлісу ұстанымы. Мемлекеттік билікті тармақгарға бөлудің
конституциялық ұстанымы ел билігін күшпен иемденіп кетуді болдырмауға
кепілдік бере алатын тетік ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік билік біреу
ғана. Оның қайнары — халық.
Билік бөлісу тек қана жоғарғы биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот
билігі тармақтарына, олардың өзара әрекеттесуі мен бірін-бірі "тежеу және
қарсы салмақ" жүйесін пайдалана отырып бөлісу ұстанымына негізделіп жүзеге
асырылады. Бұл ұстаным биліктің толық бір органның қолына шоғырлануын
болдырмайды. Ол мемлекеттік билік ағашының заң шығарушы, атқарушы және сот
бұтақтарының арасында тұруы керек.
Халық — билік қайнары. Демократиялық ұстанымдарды жүзеге асырудың басты
кепілі халықтың саяси сауаттылық деңгейі болып табылады. Бұқара өзі өмір
сүретін қоғамға лайықты, өзінің тағдырына тура әсер ететін заңдардың
жазылып, талқыланып, қабылданып жатуына енжар қарамауы, ол үрдістерге
белсене атсалысуы керек. Сонда ғана әділетті заңдар дүниеге келеді. Бұл —
мәселенің бірінші жағы. Заң қаншалықты жетілген болса да, ол үнемі бұзыла
беруі неме-се мүлдем орындалмауы мүмкін. Мәселенің екінші жағы осыдан —
заңның орыңдалуының халық сайлаған депутаттар тарапынан бақылануынан
көрініс береді. Өркениет тарихыңда сырттай қарағанда демократияның барлық
нышаңдары көрініп тұрғанымен, шын мәнінде демократияның ізі де жоқ болып
шығатын қоғамдар аз болған жоқ. Конституцияның, сайлау туралы заңның болуы,
сайлаулардың жүріп жатуы, сайлауға баламалы каңдидаггардың түсіп жатуы
сияқты қүбылыстардың бәрі демократияның толыққаңдылығының мысалы бола
алмайды. Билікке әділ емес жолдармен келген саясатшылар сөз жүзінде
демократияның барлық белгілерін жасанды алға тарта отырып, іс жүзінде
өздерінің түпкілікті мүдделерін іске асыра береді. Мұңдай жағдайлар халық
бұқарасының саяси сауаты төмен жағдайында үнемі ұшырасып отырады.
Бұл жерде "халық" ұғымы мен "тобыр" ұғымының мағыналарын ажыратып алу
керек. Белгілі бір аумақты мекен еткен тұрғындардың механикалық жиынтығы
халық бола алмайды. Халық саяси сауатты болса, өзі сайлаған билік иелерінің
әрекеттеріне саяси баға бере алса, қоғамның даму бағыты мен аяқ алысын
түсіне алса, сол үрдістегі жетістіктер мен келеңсіздіктердің мәніне назар
аударып, олардың сырларын ұға алса, өз құқықтарын пайдалана отырып, өз
мүдделерін сауатты қорғай алса ғана — халық. Егер олай ете алмай, билік
иелерінің бақылауындағы бағытты ақпараттың құлы болып, қоғамның қалай қарай
бағыт алып бара жатқанын аңғармайтын болса, сонысымен өзі езгіге түсіп,
ноқтаға басын өзі сұғатын болса, адамдардың оңдай құрылымсыз жиынтығын
халық деп атауға болмайды, ол тобыр болып шығады.
Римдік шешен, ойшыл, мемлекет қайраткері Цицерон (б.з.д. 106-43) "...
халық дегеніміз - белгілі бір жағдайлармен бірігіп қалған адамдардың кез
келген жиынтығы емес, құқық және мүдделердің ортақтығы мәселелеріңде бір-
бірімен келісім арқылы байланысқан көптеген адамдардың жиналуы" деген екен.
"Халық" ұғымына қатысты қарама-қайшы екі тұрғы бар. Оның біріншісі
халықгың қасиеттілігін, асқақтығын дәріптейді. Халықты жеңу, жойып жіберу
мүмкін емес, ол бәрібір түбінде әр нәрсені өз орнына қоятын фактор деп
қарайды. "Көп — қорқытады, терең — батырады" деген халық мақалы да осыны
меңзейді. Екінші тұрғы бойынша халық — қолынан ештеңе келмейтін, бейшара
пенделердің жиынтығы. Халық — тобыр, билікке қол жеткізіп алғандар оны
қалай айдаса, солай жүреді. Тобырды мәңгі езе беруге болады, керек болса,
жойып та жіберуге болады.
Сұрақ:
Адамдар өздерінің бірлескен кызметінде бірінің үстінен бірі билік
жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
Сіздер қалай ойлайсыздар?
Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үгымына
қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар. Кдйткенде халық өзінің қуатын
сактап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
ДЕМОКРАТИЯ - ХАЛЫҚ БИЛІГІ
Демократия деп нені айтамыз? Демократияның қозғаушы күштері.
Демократияның орнығуына қажетті шарттар. Демократиялық емес режимдер:
авторитаризм, тоталитаризм.
Демократия ұғымы. Мыңдаған жылдар бойы адамдар бірлесіп өмір сүрудің
негүрлым жетілдірілген, әлеуметтік әділетті жолдарын іздестіріп келеді. Сол
ізденістердің қо-рытындысы ретінде адамзат қауымы адамдардың бірлескен
қызметін баскарудың бүгінгі таңда ең үтымды деп есептелініп отырған әдісі —
демократияны ойлап шығарды.
Демократия деген сөздің мөні мен оның түсіндірілуіне қатысты бірізділік
жоқ. Төтелей аударғанда бұл сөз (грек. demos — халық, kratos — билік) халық
билігі немесе халықтың бас0аруы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси әлеуметтендіру
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Қоғамның рухани өмірі
Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет
Қоғамның саяси жүйесіне тән сипаттар, ерекшеліктер, функциялар және типология
Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
Конституциялық құқық әдістері
Пәндер