Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану ерекшеліктері


Êiðiñïå.
“Àäàìíû» æàºñû ¼ìið ñ¾ðóiíå ¾ø ñàïà íåãiç áîëà àëàäû, îëàð áàðëû¹ûíàí áàñûì áîëàòûí àäàë å»áåê, ìiíñiç àºûë, òàçà æ¾ðåê. Á½ë ñàïàëàð àäàìäû ä¾íèåãå êåëãåí ê¾ííåí áàñòàï ò¸ðáèåëåéäi”.
ظê¸ðiì.
²½íäû ºàñèåòòåðãå àäàìäû áàóëóòó¹àí êåçäåí áàñòàëñà êåðåê. Àäàìíû» àäàì áîëûï ºàëûïòàñóûíäà àòà-àíàëàðìåí қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Ÿғни, білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі-бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеу-бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халақтық мәселе болған. Тарихта айтылғандай: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.
Оқу мен тәрбие сапасындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет-талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны іздеп тауып оны жетілдіріп шығару.
Ал, еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада да дәлелденген.
Жеке адамды қалыптастыру үшін оған не керек? Ол үшін оқутудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек.
Міндет-ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдеп-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, Отанын, өз жанұясын қадірлейтін Азамат тәрбиелеу. Ол үшін ұлттық мектептерімізде жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек.
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас, пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясымен жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшілігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызды зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал технология түсініктемесіне сөздікте қандай да болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы деп, ал педагогикалық технология-педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіскамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті деп түсінік береді В. Кларин.
Педагогикалық жаңа технологиялар-іс әрекетке, оқыту жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал, педагогикалық жүйе-жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт.
Педагогикалық технологияның негізі-әдіс-тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе ең тілімдесің әр тұлғаның немесе сыныбылдағы оқушысы қажетіне қарай аударып толғап таңдап қолдануында.
Педагогикалық технология оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқыту мен тәрнбиенің тілімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамды бөлігі. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономиялық һзгерістерге байланыста жас ұрпаққа білім беру мен тәриелеу мазмұнын түбегецлі жаңарту көзделген. Тәрбиенің, білім беретін мәдиниеттің борлық кешенін жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау - қазіргі жалпы білім беретін мектептердің басты міндеті.
Бүгінгі оқыту жүйесйнде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытып отыр.
Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту, бүгінгі күннің объективті заңдылығы.
Қазақстандағы білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын мейлінше сауатты меңгермейінше, жан-жақты білімді, жетілмеген ұрпақ оқытып тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңа техналогияны меңгеру мұғалім үшін де, оқушы үшін де интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухан, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қоғамдағы өзгерістер-бұл адамнның қоршаған ортасы, табиғатты бағындыру тарихындағы әлеуметтік техналогиялық төңкерістердің нәтижесі. Оқыту техналогиясы мектепте оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогикалық нақты ғылымға жақындату, оқушының интеллектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндігі оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады .
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сынымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектілігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның, мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз .
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зеттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактирдердің бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді мақсат қойған.
XVІІ ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің
негізгі қағидаларынның бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген күштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И. Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышыта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" атты еңбегінің де негізгі болып табылады. "Дамыта оқыту" деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған.
"Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғлім оқушының өзін ізденуге жетелейді, " -деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқытта отырып дамыту мәселелерін ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
"Дамыта оқыту" деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін және басқа да психиканың функциясын зерттеген және т. б. іс-әрект теориясының психологиясын жасаған ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.
Зерттеулердің мақсаты: Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды.
Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналады. Жүйенің авторлары “дамыта оқыту депоқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды” атайды. Жүйенің басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау, жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология В. С. Библердің, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың, А. В. Занковтың, Г. И. Шухинаның зерттеулерінде жеке бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш. А. Амонашвили еңбектерінде жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы жан-жақты зерттелінген.
Педагогикалық технология-оқу тәрбие үрдісінің негізгі өзегі болып табылады. Сондықтан оны ғалымдар жоғарыда аталып өтілетіндей әр түрлі қырынан жан-жақты зерттеуге тырысуда.
Жаңа технологияны оқытуда мұғалімнің теориялық және жалпы әдістемелік көрсеткіші бола алмады. Мұғалімдердің жаңа білімдері қалай алып, меңгеруге болатынын және оларды қай жерде қалай тиімді пайдалану жолдарын білуінің қандай дәрежеде өзінше ойлап дұрыс қорытынды шығара алатындығының маңызы зор.
Педагогикалық жаңалықтарды, әсіресе педагогикалық техологияны енгізудің тиімділігін жетілдірудің қажеттілігі және оны меңгеру бастауыш сыныптардан бастап жүзеге асыруға мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімдері жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бар екенін көрсетуде. Бұл қайшылықтар зерттеу проблемасының мынандай тақырыбын анықтап беріп отыр:
“Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану ерекшеліктері”.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауышта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың мазмұнын, жүйесін ғылыми негіздеу және тәжірибелік әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысаны:
Тараз қаласы, Абай атындағы №26 орта мектебі
Зерттеу пәні :
Қазақ тілі пәндерінде оқыту жаңа технологиясын қолдану жүйесі.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сыныпта оқытылатын оқу пәндері негізінде оқытудың жаңа технологиясын қолданудың теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасау.
- Оқытудың жаңа технологиясын қолданудың мазмұнын ашып, дайындық үлгісін (моделін) жасау.
- Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиялық ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесін жасау және оны тәжірибеге енгізу.
Зерттеудің әдістері:
- философиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау
- интервью, анкета
- тәжірибелік эксперименттер
- жаңашыл мұғалімдердің әдіс тәсілдері
- мұғалімдер баяндамасы
- диагностикалық бақылау
- тәжірибелік эксперименттер жүргізу
- арнаулы курстар ұйымдастыру
Зерттеудің болжамы:
Егер бастауыш сыныпта оқытылатын негізгі пәндерді оқытудың жаңа технологиясымен толықтыру:
- бүкіл оқу процессіндегі ғылыми негізге байланысты оқу пәндерін жаңа технологияларды меңгеруге бағыттау және аларды терең де жұйелі меңгерту мақсатында жүргізу;
- студенттер мен мұғалімдерге арнап оқытудың жаңа технологияларын қолдануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасау;
- оқу пәндірінде оқы тудың жаңа технологиялық әдістемелік жүйесі түзілсе, онда өзгерген әлеуметтік экономикалық жағдайда бастауыш сынып оқушыларына оқытудың жаңа технологиясы арқылы білім беруді жетілдіруге болады.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, колданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясының қолданудың теориялық негіздері
- Оқытудың жаңа технологиясының
философиялық, психологиялық,
педагогикалық негіздері.
Еліміздің ата заңы ҚР-ның Конституциясында атып көрсетілгендей, құрылып жатқан зайырлы қүқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбаст қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан адамды әдеттегі үйреншікті санасезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік жасап, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзкарастарын тудыру білім берудің маңызды мақсаты.
ҚР ның «Білім туралың заңында педагогика қызметкерлері оқушылар алған білімнің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына күш салуға, оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттернің көрінуі мен дамуы үшін жағдай жасауға міндетті деп атап көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу қазіргі педагогикалық зерттеулер нәтижелері көрсетік отырғандай жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны тезнологияндырудың қажет екеніне кетіп тіреледі. Ойткені, дәстүрлі оқу үрдісінің нәтижесінде білім заңы талап етіп отырғандай, әр оқушының мемлекеттік стандарттан төмен болмайтын білім алуын, алардың міндеттері мен құқықтарын қантамасыз ету мүлдем мүмнін емес.
Оқытудың мақсаты - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни қызмет субъектісін тәрбиелеп шығару. Мұндай мақсат білім мазмұнының құрылымына, оны іріктеп алудың дәстүрлі талаптарына сәйкес өзгерістер енгізуді талап етеді.
Республика мектерінде білім мазмұны, мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиіс.
Болашақ қоғамның азаматы:
- дүниеге диалектикалық қөзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйемрін;
- жаңа хабарларды өздегінен дұрыс қабылдан, бағалай білуге, дереу шешім
- табуға қабілеттілікті, кез келген нақты жағдайларды өз бетінше талдай
- білуді т. б меңгеруге міндетті
ҚР - білім беру жүйесінің стратегикалық мақсаты мемлекеттік әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын жоғары білімді, әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі қолданып жүрген білім үлгісінде этикаға, моральға және дүниенің жаратылыстану ғылыми көрінестеріндегі адамгершілікке мүлде орын берілмеген. Мән мағыналық міндеттерді қазіргі бар дүниені танып білудегі оны мақсатты түрде түлетуге бұрғанда білім берудің мүлде өзгеше мақсаттары қажет болады.
Жаңа (инновациялық) білім жүйесі адамға дүние (және оның заңдары) туралы білім, бұл дүниені түлету методологияда беруге міндетті. Инновациялық білім жүесі білімді гуманизациялық және гуманитарландыру проблемаларын шешуді талап етеді.
Жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары мыналар:
- Адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту;
- Құрылғыны жобалаудан іс - әрекетті жобалауға өту.
- Оқушының бойында шешімдерін көп өлшемділігіне, басқаша ойлауға, төзімділікке және өзінің іс - әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасты қалыптастыру;
- Пәнаралық байланысты дамыту;
- Оқытудың интеллектуалдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру;
Оқыту, білім беру тәжерибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжерибесі жинақталған. Салардық бірі педагогикалық үрдісті технологияландыру.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық даму адам өмірінің, қызметінің барлық саласын қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялық және технологиялық өзгерістердің жалпы стратегиясы ғылымның тұрақты өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтіқ негізін қалыптастырады, білімді еңбекпен ұмтастырып іс - әрекеттің саналылығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы оқу бағдарламасында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі, құралы және түрлерінің жүйсі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы.
Барлық берілген анықтамалардан біз «технологияң- techі - өнер, шеберлік және logos-ғылым, заң деген мағына беретінін білеміз. Технология шеберлік, өнер туралы ғылым.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдірі негізінде жасалган дамытушы тұлғалық, бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.
Оқу үрдісін технологияландыру басқа ақыл ой талабына ғана негізделген рационалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдіснамалық байланысты. Педагог рационалистердің негізі міндеті-оқу материалын меңгерудің негұрлым тісімді тәсілін іздестіту.
Қазіргі заманғы қоғамдық білім саласында білім беру үрдісінде көптеген философиялық бағаттар, ағымдар, мектептер бар. Педагогикалық технологияға олардың берінің негізінде сипаттама беру мүмкін емес. Біз тек қана педагогикалық технологиялардың тұжырымдамасынан айқып көрінетін бірнеше философиялық негіздердің кейбіріне ғана тоқталамыз. Олар материализм мен идеализм, диалектика мен метафизика, гуманизм және антигуманизм және т. б.
Диалектикалық - материалистік бағыт кеңістік дәуірде білім берудің өзегі болып табылғандықтан, одан басқа бағыт туралы айту мүмкін боллағанын біз сол кезде жарық көркен оқу әдістемелік әдебиеттердің кез келгенінен табамыз.
Ізгілік адамды жеке тұлға есебінде танып, оның құндылықтарын бағалап, оған еркіндік беріп, өз қабілетін-көрсете білуге жағдай жасайтын жүйе.
Теософия діни бағыттағы мекткптердің маңызды іргетасы болып табылады. Психологиялық ізгілік парадогмасының тамыры халықтық педагогикада жатыр.
Педоцентризм философияның баланың қызығушылығы мен талабының, қажеттілігінің басымдылығын бағалай жағдай туғызуды негізгі міндет деп есептейтін бағыты.
Прогматизм тұжырымдамасы бойынша жеке бастық интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттері оның сирек кездесетін табиғатына және тәжірибесіне байланысты. Мұның негізі адамға табиғат берген қабілеттілікке, өзін-өзі икемдеуге байланысты шешіледі ден есептейді.
Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру мақсатымен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының, арасындағы, әйкессіздік білім беру жүйырауына сақтырды:
- педагогикалық білімге деген сұраныс;
- педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру;
- жалпы білім берудің ерекшелігі мен икемділігі;
- жалпы білім берудің қоғамның талабына сәйкес келуі;
- дәстурлі технологияның тиімділігінің төмендігі;
- қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып отырған талабының өсуі;
- оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері жер етіп отырған психологиялық, әмуметтік кедерілер.
Технологиясы оқыту теориясын бейнелейді және оқытудың технологиялық деңгейін стратегиясы мен тактикасы болып табылады.
Мектептердегі білім мазмұны мәдениеті ортендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиеге бағытталуы тиіс.
Осы заманға ұлттық мектеп білім мазмұны тұжырымдамасының методологиясы таным процесінің философиялық теориясынан жеке тұлға болмысын түсінуге бағытталған іс - әрекет туралы ілімнен, түрлі оқу пәндерін оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау мен тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі қағидаларынан келіп шығады.
Қазіргі уақытта жалпы білім қоғамдық қажеттілік қана емек, сонымен қатар, жеке адамның өзіне де қажет, оның қоғамдық мәдени өмірге кәсіптік еңбекке қатысып, білімін одан ары жетілдірудің мөмиері болып табылады.
Соңдықтан да жалпы білім беру мекткптің білім мазмұнын жаңарту үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитын әрбір оқушының талғам-тілегінің, оның табиғи-биологиялық - генетикалық негіздерін, қабілетін, денсаулығы мен психалогиялық ерекшеліктерін барынша ескере отырып, жеке тұлғаны шығармашылықпен іс-әрекет ете білу мақсаты асшылыққа алынады. Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми - әдістемелік негізіне дамыта оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік білім, білік, дағды қалыптастырудың қажеттілігін жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен оқытушыны дамыту міндеттерін бөліп қарастыруды, яғни білімдік міндеттерін, басымдылығын қолдамайды, оқыту оқытушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді приоритет етіп қою.
Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны оқушының жеке бас болмысын, тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырады. Ол мазмұнды оқушы меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы меңгеретін жалпыланған амал-әрекеттер және ұстанымдары беріліп бейнеленуі қажет және бұл мазмұн оқулықта көрініс табуы шарт.
Оқытудың жаңа технологиясының психологиялық негіздері.
Кез келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың негізгі жетекші факторына байланысты технологияларды төмендегіше бөлуге болады:
- психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратынбиогендік технологиялар;
- жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжіриебесіне, оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын социогендік технологиялар;
- даму нәтижесіне адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын психогендік, технологиялар;
- жеке тұлға және оның қасиеттері материя емес деп ұғындыратын идеалистік технология;
Жаңа технологияны оқып үйренудегі әрекет түрлерінің психологиялық аспектілері.
Әрекет
- Заттық (материалданған әрекет)
- Дауысты сөйлеу
- Іштей сөйлеу
- Үйреншікті әрекет кезеңі
Оқытудың жаңа технологиясының педагогикалық негізі.
Инноватика теориясының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В. Земберг, В. Метчерлих, австралиялық И. Шушпетер.
Иновация педагокиканың барлық саласына толық еніп дамуда. Ұстаздарымыз бен белгілі ғалымдарымыздың ендігі негізгі міндеті-жаңалықты тек педагогика саласынан іздестіріп қоймай, басқа ғылым салаларындағы жаңалықтармен салыстырып, байланысын нығайту, тарату, практикалық инновацияны жүйеге келтіру.
Жаңалықтарды ашу процесінде ғылым мен практикалық білімнің және зерттеу мен практикалық тәжірибелер нәтижелерін практик қызметкерлердің меңгеруі арасындағы байланыстың үзілуінің себебі педагогикалық білім мен енгізу қызметтерінің бір-біріне қатыссыз жекелей дамуында.
Жаңалық-педагогикалық зертеулерді бағалау негізгі критерийлерінің бірі, шығармашылық үрдістің түпті нәтижесі, кез-келген жаңалықтың өзіндік құндылығы, дербес қасиеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz