Көшпелі халықтардың әскери құрылымы



1 Көшпелілердің әскері
2 Көшпелілердің әскерінен құрамы
3 Әскердің жабдықталуы
4 Батырлар жекпе.жегі
Түркілерлің тастағы суреттерінде де жаяу соғысып жүрген жауынгерлер бейнеленеді. Эрмитажда Шығыс Түркістанда табылған аттылы және жаяу тұрған жауынгерді бейнелейтін мүсіншілер бар. әмір Темір әскерінде жаяу әскерлер де болған. Кенесары әскерлері де ат үстінде соғысумен қатар, жаяу соғысу әдістерін үйренген (Хан Кене, 371-б.). Осы мысалдар көшпелілердің керек болған жағдайда жаяу да соғысып, жаяу әскер топтарын да құрғанын көрсетеді. Оның бәрі, әрине, стратегиялық тактиқалық мақсаттардан туындап отырды. Қазақ тілінде әскердің майданда, жорықта шеп құруына қатысты әскердің топтарын белгілеитін «қарауыл», «ереуіл», «шапауыл» сөздері сақталған. Сонымен бірге жалпы әскер түрлеріне қатысты ауыз әдебиетінде «аламан», «қылқұйрық» атауларын жиі кездестіреміз.
Ер жігіт шауып шеп бұзбас Айқалап ұран, шаппаса Аламаны артынан. Ақтамберді жырау. (Бес ғасыр).
Жидырды қанжыға елін дамыл алмай, Аттанды «қыл құйрық» деп, адам қалмай. «Бөгенбай батыр» (Алмас қылыш, 128-б.).
«Аламан» деп басқа елді шауып, олжа түсіру үшін жиналған әскерді айтқан (Сыздықова, 24—27-бет). Халел Досмұхамедұлының жазуынша да «аламан» деп тәртіпке, жолға, низамга көнбейтін, өз дегені болмаса басқаны елемейтін топты айтады. Бастықтан рұқсатсыз біреуді шабуға, олжалауға аттанған тәртіпсіз топты да аламан дейді. (Аламан, 147-б.). Қоқан, Бұхар ханлықтарында да көшпелілердің осындай топтарын, «аламан», «қара аламан» деп атаған. Аламан сөзінің ауыз әдебиетінде қолданылуы да осыны меңзейді.
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік. Махамбет (Бес ғасыр, I т. 226-б.).
Яғни аламан деп өмірі соғысқа арналған кәсіби әскәрилерден емес, басқа елді шауып, олжа түсіру үшін жиналатын, кез келген қаруланған адамдардан тұратын жұрт тобын айту керек.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Түркілерлің тастағы суреттерінде де жаяу соғысып жүрген жауынгерлер бейнеленеді. Эрмитажда Шығыс Түркістанда табылған аттылы және жаяу тұрған жауынгерді бейнелейтін мүсіншілер бар. әмір Темір әскерінде жаяу әскерлер де болған. Кенесары әскерлері де ат үстінде соғысумен қатар, жаяу соғысу әдістерін үйренген (Хан Кене, 371-б.). Осы мысалдар көшпелілердің керек болған жағдайда жаяу да соғысып, жаяу әскер топтарын да құрғанын көрсетеді. Оның бәрі, әрине, стратегиялық тактиқалық мақсаттардан туындап отырды. Қазақ тілінде әскердің майданда, жорықта шеп құруына қатысты әскердің топтарын белгілеитін қарауыл, ереуіл, шапауыл сөздері сақталған. Сонымен бірге жалпы әскер түрлеріне қатысты ауыз әдебиетінде аламан, қылқұйрық атауларын жиі кездестіреміз.

Ер жігіт шауып шеп бұзбас Айқалап ұран, шаппаса Аламаны артынан. Ақтамберді жырау. (Бес ғасыр).

Жидырды қанжыға елін дамыл алмай, Аттанды қыл құйрық деп, адам қалмай. Бөгенбай батыр (Алмас қылыш, 128-б.).

Аламан деп басқа елді шауып, олжа түсіру үшін жиналған әскерді айтқан (Сыздықова, 24—-бет). Халел Досмұхамедұлының жазуынша да аламан деп тәртіпке, жолға, низамга көнбейтін, өз дегені болмаса басқаны елемейтін топты айтады. Бастықтан рұқсатсыз біреуді шабуға, олжалауға аттанған тәртіпсіз топты да аламан дейді. (Аламан, 147-б.). Қоқан, Бұхар ханлықтарында да көшпелілердің осындай топтарын, аламан, қара аламан деп атаған. Аламан сөзінің ауыз әдебиетінде қолданылуы да осыны меңзейді.

Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік. Махамбет (Бес ғасыр, I т. 226-б.).

Яғни аламан деп өмірі соғысқа арналған кәсіби әскәрилерден емес, басқа елді шауып, олжа түсіру үшін жиналатын, кез келген қаруланған адамдардан тұратын жұрт тобын айту керек.
Ал қыл құйрық—елді қалың жау шапқанда бүкіл халықтың соғысқа аттануы. Осылайша кәрі-жасы демей, малшы-қойшы демей жиналып құрылған халық жасағы (народное ополчение) да қыл-құйрық деп аталды.

Баласы Маянбайдын жауға аттанса, Қалмапты еркек кіндік, қыл құйрық деп. Бөгенбай батыр (Алмас қылыш, 45-б.).

Бұқар, Коқан хандықтарында көшпелілердің осылай құрылған жасақтары қыл құйрық аталатын. (Рассудова). Құрбанғали Халиұлы бұл атаудың қазақтармен байланысты екенін жазады. Көп ұзамай Қоқан әскері келеді деп естідік. Аталық жарлық етіп, ерлігімен танылған, шанышқылы қазақтарын көрші ауылымен қоса қала атрабына қондырып, басшыларына шапан-шарқы жауып, жігіттеріне ат-құрал беріп қала халқын қыл-құйрық етіп шығарды (қыл құйрық атқа мінуге жарамды еркектердің бәрін жаппай майданға шығару). (Халидұлы, 21-б.). Көріп отырмыз, қыл құйрық кәсіби әскерилер емес, елге қасырет келгенде, құралатын халық жасағы (ополчение). Елді көп әскермен жау шапқанда тұрақты кәсіби әскерлермен бірге осындай халық жасақтарын құру барлық, халықтарда болған. Мысалы, Наполеон әскеріне қарсы соғысқан орыс армиясында (1312 жылы осындай халық жасақтарының (народное ополченне) әскер бөліктері болған. Сонымен аламан, қылқұйрық көшпелілердің кәсіби әскерлерінің ішіндегі қара халықтан құралатын әскер жасақтары. Егер кәсіби әскерилер сипай сыпай батыр (бахадур) деп аталса, халық жасақтары жауынгерлерінің түркі тілдеріндегі атауы сарбаз, шерік. Бұрынғы кезле мұндай жасақтардың қара шерік,

қара қазан деген көне атаулары да болғаны (Рассудова) бұл әскер тобының қара халықтан құралғанын көрсетеді.

Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
Махамбет. (Бес ғасыр)

Сонымен бірге тіліміздегі қоғын, жасақ, лек (әскер лек-легімен жүруі) сөздері де әскердің сан жағынан әр түрін мағналайтын сияқты.
Әскербасылардың қазақ тілінде де бірнеше атаулары сақталған. Соның бірі аға сөзі. Түрік әскерінде әскер бөліктерінің қолбасшылары аға деп аталған. Қазақ ауыз әдебиетінде де аға сөзі осы мағнада жиі қолданылалы.

Сан шерулі қол болса. Батырлар болар ағасы. Махамбет (Бес ғасыр I т. 220-б.).

Батыр жігіт жау бастар Аға жігіт қол бастар.
Халық мақалы.

Азаудың ер Доспамбет ағасы Азаудың бір бұрышындай нарты екен! Доспамбет жырау (Бес ғасыр. 36-бет)

Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар мақалындағы салар сөзі де қолбасшы, әскер басы деген сөз. Түркі тілдеріндегі толық атауы —сипахсалар. Бұл сөздің екінші варианты батырбасы. Сыпай (сипах) мен батыр бір мағнаны —кәсіби атты әскер дегенді білдіреді. Әскербасының қазақ тіліндегі тағы бір атауы —сардар сөзі. Бас қолбасшыны бас сардар деуін де кездестіреміз.
Көріп отырмыз, көшпелі халықтардың әскери құрылымы өте күрделі де әртүрлі болған. Осы уақытқа дейін ғалымдар көшпелі әскерін сандық жағынан ондық жүйеге бөлінгенін ғана айтып, сапалық жағынан ауыр қаруланған, жеңіл қаруланған деп екіге ғана бөліп келді. Көшпелілер әскерін бұлай қара дүрсін көрсетуден көптеген жансақтықтар туып, оларды басқалардан дәрежесін төмен қылып көрсететін.
Көшпелілердің әскерінен құрамы, соғысу әдістері туралы сөз қылғанда мына жәйіттерді де айту керек. Көшпелілерде әскер жорыққа шыққанда міндетті тұрде әскер ішінде соғыстың қандай болатынын болжап, сәуе көретін жауырыншылар болған. Ол туралы қазақтың батырлық, жырларында, ертегілерінде жиі айтылады. Мысалы, Жалғыз жігіт ұрпақтары ертегісінде Ертұяқ батыр екі жүз әскер алып, бір жауырыншы, бір құмалақшы алып қалмаққа жөнелді,—деп айтылады (Ертегілер, 4 т. 182-б).

Қырық мың үйлі қияттан Қырық мың әскер қол алып, Ақ, қара бас ту алып, Боз ат шалып құдайға Жұртын жиып қуана Қияттан шықты бес батыр, Қара қозы, Аққозы Қатардан асқан қос батыр Қаражан ұлы Қосдәулет — Топты бұзған бұл батыр Қара Бұқан жаурыншы — Түнде қалын жол тартар Ғайыптан болжап сөз айтар. Қарғабойлы Қазтуған. (Батырлар жыры).

Жаурыншылар жорықта соғыс, жорық нәтижесін болжап, жаудың әрекетін жорып, оған қарсы айла жасап отыратын. Ол үшін адамның тісі тимеген қойдын жаурынының етін сылып, кептіргеннен кейін отқа салып, сосын оған қарап болжайды. Жаурынмен болжау, айту тек көшпелілерге тән жору әдісі. Есепшіні жұт алады, жаурыншыны жау алады деген қазақ мақалы жаурыншылық өнердің соғыс ісімен және соғыспен айналысатын әскерилер сословиесімен байланысты екенін көрсетеді. Шынында да, жаурыншылықпен батырлардың өздері айналысқан. Желкілдек ертегісінде қалмақтың әскербасы Телегей алыптың осындай өнері болғаны айтылады:

Жамағаттар, тұра тұрыңыз Бұ жерде от жағайық,
Құмалақ шашайық,
Бал ашайық,
Қой жаурынын жағайық,
Жауды алар айланы табайық,—дейді.

Қумалақ шашты, бал ашты,
Жауырын жағып қарасты,
Бізді тосып жатқан жау екен,
Жеті жасар Жастүлек дәу екен,—
деп болжап біледі. (Ертегілер, 4. 114-б).

Қазақтарда да жаурыншылық өнермен айналысқан, көріпкелдік қасиет дарыған батырлар көп болған. Қарғабойлы, Қазтуған жырында айтылған Қара Бұқан жаурыншы—батыр адам. Бұл ноғайлы заманы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде көзге түскен батырлар ішінде Жасыбан, Хангелді батыр жаурыншы болған.

Жаурыншы, көріпкел Албаннан асқан Хангелді. (Бұхар жырау).

Соғыс кезінде батырлардың күші ғана емес, жаурыншының да өнері, күші сынға түседі. Кейде екі жақтың жаурыншылары жекпе-жекке түсетін. Қарсы жақтың жаурыншысының болжамын шатастырып, оны алдаудың түрлі әдістері болғанын ауыз әдебиетінен білуге болады. Жаурыншыны жау алады деп айтатыны сондықтан. Бір аңыз әңгімеде жаурыншы, әрі мерген Жасыбай батырдың және қалмақ жаурыншысының айқасы айтылады. Жасыбай жаурын жағып қалмақ қосынының Қызылтауға келгенін біледі. Қарауыл қарайтын тасына шықса, Қызылтауда бір тасқа шығып қалмақ қарауылшысы да отыр екен. Бұл оны көрді, ол мұны көрді. Үйіне келіп жауырын жақса, жаурынға қалмақ қарауылшысының көбіне айтып барған сөзі түсті.
Ол айтқан екен: —Асудың аузында бір жанды қара көрдім, кісі екенін де, құс екенін де аныра алмадым,—деп сол сөзі жаурынға түсіпті. Жасыбай қу сүйекті үгіп күл қылып, бір ақ шүберекке түніп, бір тулақтын пұшпағына байлап, қарауыл қарайтын тасына шығыпты. Шықса қалмақтың қарауылшысы отыр екен. Күн қатты дауыл, уілдеп тұрған жел екен, тулақты аспанға ұшырып, күлді шашылатын қылып қоя беріпті. Қалмақтың қарауылшысы қуанып, жүгіріп көбіне барып айтыпты:
—Кешегі құс екен, аспанға ұшып, саңғып жіберді, құс екенін сонан білдім,—депті.
Қалмақта да жаурыншы бар екен, жауырын жағып жіберіп, қарапты да айтыпты: Ол құс емес, кісі, өзі жаурыншы, өзі мерген. Біздің қарауылшы құс екен деп ойласын деп тулақ ұшырып, күл шашылдырыпты. Ал жалмажан аттарыңды өрттеңдер, ердің алдынғы қасын аттын көтіне қаратып өрттеңдер. Жаурынға аттын басы түспейді, ердің қасы түседі. Қайтып кетті екен деп бейғам болсын, түн қатып жүріп, түн ішінде барып, асудың аузын алып тұра қалыңдар депті.
Қалмақ өз жабдығын қыла береді. Жасыбаи үйне келе сала жаурын жақса, ердің қасы әрмен қарапты Бәлем, қайтып кеткен екен деп бейғам жата беріпті, жаурынға нанды да қойды. Сөйтсе қалмақ түні бойы жүріп, түн қатып келіп, отыз мерген жез айыл мылтығын қатар ұстап тұра қалған екен. Жасыбай ойында дәнене жоқ, қаннен қаперсіз қарауыл тасына шыға бергенде дәл өндіршектен көздеп мұрттай ұшырыпты. (Абылай хан, 341-б.). Жасыбайдың өзін асудың үстіне жерлеп, сол асу Жасыбай асуы аталып кетеді. Сөйтіп Жасыбайдың өлуіне өзінің жауырынына сенгені себеп болады.
Радловтың еңбектерінде қой жауырынының суреті мен оның болжам жасалатынының бөліктерінің атауы келтірілген. Қазақтардың жауырынымен болжам айтатыны Палластын жазбаларында да айтылған (Прошлое Казахстана). Қазақ аңыздарында Абылай сарбаздарын басқарған Жидебай батыр да жорыққа шығарда тіс тимеген қойдың жауырынынн отқа жағып, жорықтың қалай бітетінін болжап отырады екен деседі. Ауыз әдебиеті мен жазба деректер көшпелі түркі халықтарының әскерінде аспаннан түскен сиқырлы тас жады таспен соғыс кезінде жаудың үстіне қар жаудырып, найзағай түсіріп, нөсер тудыратын адамдар да болғанын көрсетеді. Кейбір ғалымдар бұндай тастар аспаннан түскен метеориттердің қалдығы болуы мүмкін деген болжам айтады. Жадыны қолданатын адамдарды жадышы, жадыгер атаған. Садыр руынан шыққан, Тауке заманындағы Алдияр батыр осындай жайшы болған. Жадыгерлікпен жаңбыр, қар жаудырып, тұман тұрғызған. (Тынышбаев 220 б.). Желкілдек ертегісіндегі қалмақ батыры Тілегей де осындай әдіс қолданады.

Әскер басы Тілегей
Күнді боран соқтырды,
Аяз қатайды.
Бала тоңды, жаурады.
Күн боран болды, суық болды, бала мұздалы,
тоңды (Ертегілер, т. 114-бет).
Яғни Телегей қазақтың жас батыры Жастүлектің үстіне жадыгерлікпен боран соққызып қар жаудырады.
Жадышы өзінің ісін дұрыс істей алмаса қар, жаңбыр, боранды өз әскерінің үстіне түсіріп алып, әскерін жеңіліске душар етуі де мүмкін. Осындай жағдай Шыңғысхан әскерінің Жамуха бастаған таигжигуг, найман, меркітт әскерлерімен соғыста болады.
Найманның Бұйрық-қағаны және ойроттың Худуга —бегі жадышы екән. Таңертең екі жақтын әскері қозғалып бір-біріне жақын келіп, әскери шеп құрып тұрды. Әскерлер жоғары көтеріліп, төмен түсіп орналасқанша, ол екеуі, Бұйрыққаған мен Худуға, білетін жадыгерлігімен айқаспақшы болды. Жадыгерлік жасап олар нөсер жаудырып, жай түсірді, бірақ нөсер олардың өздерінің үстіне жауып, олар жүре алмай қалды, батпаққа, шұңқырға батты да, жан-жаққа қашты. Біздерді көк тәңірі қаламады—деп. (Лубсан Данзан, 113-б.).
Қазіргі түркі тілдерінде жадыгер, жадылау, жады сөздерінің соғыс ісімен баиланысты мағнасы ұмытылып тек дуалау, сиқырлау деген мағнасы ғана қалды. Қазақ тілінде де жадылау, жадыгөй сөздері сиқырлау. сиқыршы, қу, залым адам деген мағналарды білдіретін болған, яғни жалпы сиқырлық өнердің атауы болып кеткен. Бұл кейін енген ислам дінінің көне діни түсініктерді ығыстырып, өзгертуінің әсері. Қазақтарда өткен ғасырларда осындай өнермен айналысатын адамдар болғаны орыс авторларының жазбаларында да айтылады. Палластың айтуынша жәдігер —жауды сиқырлап тұтқынға түсіреді, ал Фальктің жазбаларында, жайшы —тастын көмегімен жауын, найзағай шақырып, желді -оқтатады делінген. (Прошлое Қазахстана в источниках). Жоғарыда айтылған Алдияр батыр Қарақалпақтарға аттанған жорығында, олардың шеқарасына жақындағанда жауын жаудырып, тұман түсіреді де, білдіртпей қарақалпақ жеріне басып кіріп, көптеген мал, тұтқындардан олжа түсіріп кейін қайтады (Тынышпаев, 220-б.). Бұл атақты батыр есімі найманның ішіндегі садыр руыиың ұранына айналған.
Жадышылар қыпшақтарда да болғаны жазба деректерде айтылады (Плетнева, 1990).
Кейн ислам дінінің енуімен бірге көшпелілер әскерінде жұлдызға қарап айқас барысын анықтайтын жұллызшалар (астрологтар) пайда болды. Шығыс миниатюраларында әскер ішінде аспабымен айқас алдында жұлдыз бақылап тұрған жұлдызшалар бейнесін көруге болады. Бірақ бұл қызметті енді батырлар емес. ислам дінінің өкілдері атқаратын болған.

ӘСКЕРДІҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ

Көшпелілер жауынгерлері соғысқа шыққанда өзімен бірге екі-үш ат алып жүрген. Марко Поло, П. Карпини еңбектерінде монғолдардың жорыққа 2-3 атпен шығатыны жазылады. Әмір Темір аманатында жорыққа әр жауынгердің екі ат, әр онбасы бес, жүзбасы он, мыңбасы жүз аттан алып жүруге міндеттілігі айтылған (Әмір Темір аманаты, 72-б.). Орыс авторлары қазақтардың —көрші аймақтарға жорыққа шыққанда шамасына қарай, әрқайсысы, шаршағанда оларды ауыстырып міну үшін екі-үш ат мініп шығатынын жазады.
Екі-үш атқа кезек мініп көшпелілер әскері үлкен қашықтықты тез арада өтіп, жау күтпеген жерден шығып отыратын. Әскерде моторлы техника пайда болғанға дейін ұшқырлығы, екпінділігі жағынан көшпелілер әскеріне тең келер ешкім болған жоқ.
Соғыс кезінде әр жауынгер өзіне керекті қарумен қоса жорық жағдайында қажетті түрлі жабдықтар, ине, біз, жіп, қайрақ, ара, балта, оларды салуға қоржын не тері қалта алып жүрген. Тері қалтаны жауынгерлер өзен- сулардан өткенде сал ретінде де қолданатын. Мысалы монғол жауынгерлері 2-3 садақ, арқан, балта алған (Карпини, 14-47-б). Әмір Темір әскерінде жауынгерлердің әр он сегізі шатыр, ара, балта, ине, біз. жіппен қамтамасыз етілетін. Шамасына қарай жауынгерлердің кейбіреулері өз қаруын өзі табуға тиіс болса, кеибіреулері қарумен мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін. Ол үшін қару сақтайтын арсеналдар болып, соғыс кезінде оны әскербасылар жауынгерлерге тарататын. Бұл қаруды жауынгер ұқыптап ұстап, кейін қайтып өткізген. Ол туралы ІПынғысханның Біліктерінде айтылады. (Хара-Даван, 93-б.). Марко Поло Кұбұлайханның осындай қару арсеналдары болғанын жазған. Жақ, оқ, қылшан, ер-тұрман, тағы-тағылар жеке-жеке сарайларда сақталған (Марко Поло, 95-б.) Кенесарының да осындай қару сақтайтын арнаулы үйі болып, оны қокақхано деп атаған. Ондағы үкімет қарулары соғыс кезінде жауынгерлерге таратылатын. (Хан Кене, 373-б.) Жауынгерлер үкімет тарапынан атпен де қамтамасыз етілетін. Осындай көлікке, азыққа алынған запас аттар, қару, заттар, шатырларды салуға арба, күймелер, оның жұмысын атқаратын адамдар әскердің жабдық-шаруашылық бөлігін құрады (әскердің салықшы тобы). Монғол армиясында мұндай билік басқаруға арнайы тағайындалған адамның әскери лауазымды черби деп аталды (Хара-Даван, 88-б.). Бұл бөліктің ішінде қару жөндейтін ұсталар, жарақатты емдейтін тәуіп, сынықшы, жарақшылар болуы мүмкін.
Айқас кезінде әскерді басқару үшін, түрлі дыбыстық сигналдар беруге, шеру кезінде әскерге салтанат беру үшін әскер бөліктерінде керней, сырнай, сыбызғы, дабыл, дауылпаз, шындауыл ойнайтын музыканттар тобы да болған. Шайқас басталарда олар тушы, байрақшылармен бірге бас қолбасшының жанына жиналған. Шығыс миниатюраларында қолбасшының жанында тұрған осындай музыканттар тобын көруге болады.
Шеру кезінде музыканттар қосынның алдында болады. Батырлар жарларында да осы туралы, айтылады.

Шорық ханның қызыл ту, Асабасы жалбырап, Алтын қоңрау дауылбас Қақса гулеп қаңғырап, Тартып керней бапылдап, Дап қақтырып дапылдап, Сыбызғысы, сырнайы.

(Манас. 2 т. 105-б.).

Құдайдан сұрап сапарды
Қараман шықты қаладан.
Кернейлері бапылдап,
Байрақ-тулар көтерген,
Алтыннан қалқан жарқылдап,
Сыбызғы-сырнай шақылдап.
Камбар батыр (Ақсауыт, I т. 334-б.).

Көшпелілерле айқас алдында музыка тартылып, әй айтылатыны туралы жазба деректер бар. Марко Поло еңбегінде Құбылай хан мен Ноян әскерінің кездесуі былай суреттелген: Екі жақта қаруланып тұрды, тек айқасты бастап кету ғана қалды. Осы кезде көп аспаптардың ойналғаны, кернейдің тартылғаны, ән айтылғаны естілді. Татарларда осындай салт бар, олар шайқасқа шыққанда қолбасшының нақары соғылмайынша ұрыс бастамайды, оған шейін ән айтып, аспапта ойнайды. Сондықтан екі жақ та көп ән айтып, музыка ойнады. (Марко Поло. 92-б.). Оғыздың батырлық жырларынан оғыздарда да айқас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хұндар айбынды жауынгерлер
Ғұндар Саяси тарихы
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар шапқыншылығының тарихта алатын орны
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы
Моңғол шапқыншылығы дәуірінде Қазақстанда мемлекет пен құқық
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы мен құлауы
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Пәндер