Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру



КІРІСПЕ
1. ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы.
Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетің қалыптастырудың психологиялық.педагогикалық мәні
Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық жолдары
2 ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМСІ

Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық тапсырмалар .
Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда қолданылатын әдіс.тәсілдер
Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық.тәжірибелік жұмыстар

ҚОРЫТЫНДЫ .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Елдігімізді алып, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді баян¬ды етіп келе жатқан жылдар ішінде Пре¬зидент білім мен ғылым саласына қа¬жеттің барлығын мүмкіндігіне қарай жасап келеді. Н.Назарбаев «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Өткен жылы «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». [2] Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім. Сондықтан жеке тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда мәдени және рухани құндылықтардың алатын орны ерекше. Мектепке дейінгі ұжымдары алдына мынадай міндеттер қойылуда: - жаңа технологияны пайдалана отырып тәрбиешілердің жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау;
1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты Алматы: «Ақиқат» №1, 2013. - 18-19.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007.
3. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегiнде. – Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б.; Қазақстан – 2030; Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы, 2004.
4. Понамарев Я. А. Психология творчества и педагогика. -М.: Педагогика, 1976. - 390 с.
5. Амонашвили Ш. А. Единство цели. -М.: Просвещение, 1988. б.23
6. Талызина Н. Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. - М.: Просвещение, 1988.
7. Эльконин Д. Б. Психология обучения младшего школьника. -М.: Педагогика, 1974. - 211 с.
8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007.
9. Жарықбаев Қ. «Психология» оқулығы, Алматы, 2002.
10. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. - А.: Жазушы, 1979. - 121 б.
11. Тілешова С. «Білім ғылыми» педагогикалық журнал. 2004-2007 ж.
12. Жаманбаева К. А. Методика ориентации учащихся на литературно-художественное творчество на уроках литературы /6-7 классы/: Автореф. … дисс.канд. педагог. наук: 13.00.02. -Алматы, 1994. - 18 с.
13. Мырзабаев А. Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Пед. ғыл. канд. … дисс. –Алматы, 2005. -132 бет.
14. Тұрғынбаева Б. А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Пед. ғыл. канд…. дисс. –Алматы, 1998. -148 бет
15. Жарықбаев Қ. «Психология» оқулығы, Алматы, 2002.
16. Философский энциклопедический словарь. «А-Я» /Гл. ред. Л.Ф.Ильичев и т.д. – М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 836 с.
17. Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердiң танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру. Дис. п.ғ.к. – Алматы, 2001. – 167 б.
18. Дәулетбекова Ж.Т. Оқушылардың оқу мотивтерi сапалы бiлiм негiзi. – Алматы, 2001. – 170 б.
19. Төлеубекова Р.к. Жоғары сынып оқушыларын жаңа әлеуметтiк-мәдени жағдайда адамгершiлiкке тәрбиелеудiң ғылыми-педагогикалық негiздерi. Автореф .. – Алматы, 2001. – 32 б.
20. Төлешова Ұ.Б. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық. Автореферат. – Алматы, 2004. 30 б
21. Бухвалов В. А. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества. –М.: Центр “Педагогический поиск”, 2000. – 144с.
22. Балкенов Ж. Студенттерді өрнек өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері: автореф…. Пед. ғыл. док. -Қарағанды, 2005. -42 бет.
23. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегiнде. – Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б.; Қазақстан – 2030; Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы, 2004.
24. Бабанский Ю.К. Выбор методов обучения в средней школе. – М.: Педагогика, 1982. – 32 с.
25. Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1959. – 259 с.
26. Философский энциклопедический словарь. «А-Я» /Гл. ред. Л.Ф.Ильичев и т.д. – М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 836 с.
27. Философиялық сөздік / Ред. ұжым: Р.Н. Нұрғалиев, Г.Г. Ақмамбетов, Ж.Ж. Әбділдин. – Алматы: Дәуір , 1995. – 526 б.
28. Жарықбаев Қ. «Психология» оқулығы, Алматы, 2002.
29. Хмель Н.Д. Бiртұтас педагогикалық процестi жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2003. – 128 с.
30. Жарықбаев Қ. «Психология» оқулығы, Алматы, 2002.
31. Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. -М.: Просвещение, 1975.
32. Қатубаев І. Шығармашылық жұмысқа баулу // Қазақстан мектебі. - 2002. - 60 бет.
33. Тұрғынбаева Б. А. Шығармашылық қабілеттер және дамыту оқыту: методикалық оқу құралы. -Алматы, 1999. -63 б.
34. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. 2015. - 12 б.
35. Философиялық сөздік / Ред. ұжым: Р.Н. Нұрғалиев, Г.Г. Ақмамбетов, Ж.Ж. Әбділдин. – Алматы: Дәуір , 1995. – 526 б.
36. Выготский Л.С. Психология творчества и педагогика. -М.: Педагогика, 1976. - 390 с.
37. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсендiлiгiн арттыру жолдары. – Алматы: Мектеп, 1978. – 110 б.
38. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасы. / «Егемен Қазақстан», 14 желтоқсан, 2010.
39. Қараев Ж., Абықанова Б., Ілиясов Н. // Қазақстан мектебі. - 2003. - N3. - 267-269 бб.
40. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. 2015. - 12 б.
41. Махмутов М.И. Современный урок. – М.: Педагогика, 1981. – 192 с.
42. М.Жанпейісованың "Модульдік оқыту" технологиясы.
43. Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 61 б.
44. Мырзабаев А. Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Пед. ғыл. канд. … дисс. –Алматы, 2005. -132 бет.
45. Әбдікерімұлы Б. Кредиттік оқу жүйесіндегі студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың үлгісі және педагогикалық шарттары. // «Қазақстан жоғары мектепбі», №3, 2006. 5-11 беттер.
46. Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан», №41 - 42, 2012
47. Таубаева Ш. Т. Педагогикалық колледждер мен институттар, универсиеттер студенттерінің курстық және дипломдық жұмыстарды жазып даярлау әдістемесі. - Алматы, 2002. - 55 б.
48. Бұзаубақова К. «Өзіндік жұмыс және оған қойылатын педагогикалық талаптар» // Қазақстан мектебі, №10, 2011. - 25-28 бб.
49. Тұрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы, 2002
50. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -2004. - N4. -5-12 бб.
51. Журавлева А. П. Техника моделін жасауды үйрету /Ауд. Қ.Мәдібаева. -Алматы: Мектеп, 2002.
52. Абуов А.Е. Мектептің оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед. ғыл. канд. … автореф. -Астана, 2005. -26 бет.
53. Кобдикаова Ж. Педагогическая технология уровней дифференциации обучения школников. А, 2002.
54. Мухина И.В. Шығармашылық жұмысқа баулу // Қазақстан мектебі. - 2002. - 60 бет.
55. Тұрғынбаева Б. А. Шығармашылық қабілеттер және дамыту оқыту: методикалық оқу құралы. -Алматы, 1999. -63 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 370. 113: 373. 222 Қолжазба құқығында

CЕЙТҚҰЛОВА ЖАНАР

БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

6М010100 – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін магистерлік
диссертация

ТҮРКІСТАН – 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Жалпы педагогика және этнопеда -

гогика кафедрасының меңгерушісі

_______

(қолы)

_________________2013_ ж.

Магистрлік диссертация
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

мамандығы: 6М010100 – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Магистрант ___________________ Ж.Сейітқұлова
(қолы)
(аты-жөні,тегі)

Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент ___________________ Д.Кішібаева
(қолы)
(аты-жөні,тегі)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1. ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
педагогика ғылымындағы зерттелу
теориясы ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2 Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетің қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.3 Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
педагогикалық жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



2 ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМСІ
2.1 Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
педагогикалық тапсырмалар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда
қолданылатын әдіс-тәсілдер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... . ... ..
2.3 Тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық
жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық
жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге
дайын болуға тиіс. [1]

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі
заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Елдігімізді алып, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді баянды етіп келе
жатқан жылдар ішінде Президент білім мен ғылым саласына қажеттің барлығын
мүмкіндігіне қарай жасап келеді. Н.Назарбаев Білім туралы Қазақстан
Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол
қойды. Өткен жылы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. [2]
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық
бағдарламасында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі
мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз дегені мәлім.
Сондықтан жеке тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда мәдени және
рухани құндылықтардың алатын орны ерекше.
Мектепке дейінгі ұжымдары алдына мынадай міндеттер
қойылуда: - жаңа технологияны пайдалана отырып
тәрбиешілердің жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай
жасау; - тәрбиешілердің білігін
жетілдіру, алған білімдерін оқу-тәрбие жұмыстарында шығармашылық
шеберлікпен қолдану, кәсіби деңгейін жоғарылату; -
сапалы білім беру үшін тәрбиеші жұмысының мазмұны мен технологиясын
диагностика мен мониторинг арқылы жаңартып отыру;
- авторлық бағдарламасы бар тәрбиешілерге
қолдау көрсету; - интерактивті
әдісті пайдалану арқылы тәрбиешілердің белсенділігін арттыру, шығармашылық
қабілетін дамыту, құзіретті тұлғаны қалыптастыру; -  
бала-бақша тәрбиесінің маңызын арттыру барысында педагогикалық ұжымдардың
жұмысын одан әрі дамыту. [3]
Шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді
дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты
дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Осы
“шығармашылық” ұғымына “... адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі” ретінде сипаттама берілген. Білім беру жүйесіндегі оң
өзгерістер біздің елімізде орын алып қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның
қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім берудің озық технологияларын
пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым
мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің
өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепке дейінгі мекемеде
шығармашылық тұлғаға тән білім беру қажеттігі. Шығармашылық - мәдени
немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде
жинақталғаны, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Болашақ
тәрбиеші әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында қол жеткізген
жетістіктерін меңгерумен қатар өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа
жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада мол табыстарға қол
жеткізеді. Шығармашылықтың саласы көп
мысалы: музыкалық, көркем, техникалық, т.с.с. бірақ осы шығармашылықты
дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер
барысында дәлелді көрсеткен. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс
табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері,
жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде
айқындалады. Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын
көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Ежелгі дәуір философтары
(Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, шығыстың көрнекті ойшылдары Әл-
Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн-Сина, Қ.А.Иассауи), жаңару
кезеңінің ағартушылары (Я.А.Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци,
А.Дистервег т.б.), орыс педагогтары (К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский т.б.), қазақтың ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б.)
еңбектерінде адамның дара мүмкіндіктерін ашу, ішкі рухани күштерін дамыту
мәселелеріне ерекше мән берілгені анықталды. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы
Әбу Насыр әл-Фараби “Бақытқа жол сілтеу” атты трактатында адамның бақытқа
жетудегі бірден бір жолы – адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы,
логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесіндегі шығармашылық ізденістері,
қабілеттері деген тұжырымдары зерттеліп отырған мәселенің әрқашанда, әр
заман талабына сай туындап отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз процесс
екендігінің дәлелі. Демек, шығармашылық – үздіксіз және адамзат баласын
прогрессивті түрде ілгері қарай жетелейтін үрдіс. Қазіргі кезеңдегі білім
берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын
қалыптастыру - тәрбиешінің қабілеті шығармашылық қызығушылығына тікелей
байланысты.
Шығармашылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет
сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі
құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке
тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең
дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық ізденісті тәрбиешінің
дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік
бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Зерттеу барысында
зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті
бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков,
О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б.), болашақ
мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов,
М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков,
О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке,
В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы
(Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева
т.б.), қазақ этнопедагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы
теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ.Б.Бөлеев, Ж.Асанов,
С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсенбинова, Қ.Б.Жарықбаев
Х.Шалғынбаева, Ә.Табылдиев т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін
дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова,
Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.
Шығармашыл тұлғаның, шығармашылық
қабілеттердің болуы адам қанындағы құрамның өзгешелігімен сипатталады деген
пікір ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі
психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер шығармашылық қабілеттердің
нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде дәлелденді. Оқушыларыдың
шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Я.А.Пономарев
[4, б. 390], Ш.А.Амонашвили [5 б.23], Н.Ф.Талызина [6 б.30], Л.И.Божович ,
Д.Б.Эльконин [7 б.34] және т.б. қарастырған. Білім берудің шығармашылық
бағыттылығын күшейту, болашақ тәрбиешінің қабілеттілігін дамытуға басшылық
жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету -
педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Ғылым мен техниканың,
өндірістің, табиғат жөніндегі білімдер жүйесінің дамуы білім беру
мазмұнының барлық құраушы элементтерінің мазмұндық өзгерісіне алып келеді
Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі
технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып
табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен
іскерліктердің болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға
маңызы ерекше болары айқын. Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасын Білім туралы заңында білім беру мекемелерінің ең негізгі
мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Аталмыш
құжатта “шығармашылық” ұғымына “... адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген .Қазақстан Республикасы
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: “Білім берудің
гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең
алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін
дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен болашақ
тәрбиешілерді баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді” [8]. Бұл
айтылғандар білім берудің басты мақсаты тәрбиешілерге дүние заңдылықтарын,
фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде болашақ
тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін арттыру жағын ойластыруды алға
тартады.Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып
келеді. Солардың қатарына тәрбиешілердің қасиеттерін, қабілеттерін дамытып,
шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды,
оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға болады. Оның себептерінің
бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының
озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты
жоғары оқу орындарында шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру
қажеттігі.Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы
бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары
формасы болып табылады. Бүгінгі таңда шығармашылықтың саласы көп, әр сала
бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін
еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында
дәлелдеп көрсеткен. Шығармашылық тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты
да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді
шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шығармашылық тұлға
қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің
психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық қасиеттерінің
жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет жөнінде өз ойларын
көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Ал, 60-жылдардан бастап
жалпы білім беретін мектептерде,жоғары оқу орындарында оқыту процесінде
болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі
зерттеулер жүргізілді.Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына
байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер
(Жарықбаев Қ ), [9] педагогикалық қабілеттер. Сондай-ақ оқушылардың
шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту және т.б. мәселелер бойынша
зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді .Республикамызда шығармашылық
қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде
жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу (Ә.Қоңыратбаев [10], С.Тілешева [11]),
оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту
(Қ.Ә.Жаманбаева [12]), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық
мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А.Б.Мырзабаев [13]
шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау,
шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б.А.Тұрғынбаева [14]) мәселелері
тереңінен зерттелген. Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, болашақ
тәрбиешінің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-
бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның
негізгі мәселелерінің бірі. Қарастырылған жұмыстар мыналар: шығармашылық
қабілеттер, қабілеттерді дамыту, шығармашылыққа баулуды ұйымдастыру
мәселесінің зерттелгендігін, сол сияқты болашақ тәрбиешілердің шығармашылық
қабілетін қалыптастыру әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс
таппағандығы. Демек, болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін
қалыптастыру арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес болашақ
тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесін педагогикалық
тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің бала бақша тәжірибесінде өз
дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар біздің зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін
қалыптастыру деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін
қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негідеу және оны жүзеге асырудың
педагогикалық жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, зерттеу
мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы бала-бақша тәрбиешілерінің іс-тәжірибесін
зерделеу, талдап қорыту, оқу-әдістемелік құжаттарды талдау, болашақ
тәрбиешілермен сауалнама жүргізу, әңгімелесу, оқудағы және сабақтан тыс
шұғылданыстарындағы іс-әрекет нәтижелерін бақылау, зерделеу, педагогикалық-
тәжірибелік зерттеу жұмысы және оның нәтижелерін талдауда әдістерді
пайдалану.
Зерттеу көздеріне психолог, педагог - ғалымдардың жоғары оқу
орындарындағы болашақ тәрбиешілерді шығармашылыққа баулу, шығармашылығын
дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және
ғылым министрлігінің құжаттары (Конституция, Білім туралы заң, гуманитарлық
білім беру және білім мазмұны тұжырымдамасы, және т.б.) оқу жоспарлары,
мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары, оқулықтары мен
әдістемелік құралдары, диссертанттың бала-бақшадағы тәжірибелік-
педагогикалық жұмыстары алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- шығармашылық қабілетті қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық
мәні айқындалды;
- "шығармашылық", "шығармашылық қабілет" ұғымдарының мазмұны
нақтыланды; Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін" қалыптастырудың
педагогикалық жолдары анықталды;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
педагогикалық тапсырмалар жүйесі нақтыланды;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
әдістемесі теориялық тұрғыда негізделді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мынадай
нақтылы мәселелердің шешімін табумен анықталады;
- болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруға
бағытталған әдіс-тәсілдер жетілдірілді;
- жұмыстағы әдістемелік талдаулар мен ұсыныстар оқу процесінде болашақ
тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда қолданылады;
- мектепке дейінгі оқыту мекемесінде оқытылатын оқу пәндерінің
мазмұнына сәйкес шығармашылық тапсырмалары жасалды. Зерттеу нәтижелерін
бала-бақша тәрбиешілері пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі таңдалған тақырыбы
бойынша психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге терең
талдаулар жасалуымен және оны жүзеге асырылуымен тәжірибе нәтижелерімен
қамтамасыз етіледі.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен алпыс сегіз пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және алты
қосымшадан, екі суреттен, екі кестеден тұрады.
Жариялымдар тізімі: 1. Қазақ халық дәстүрлері негізінде мектепке
дейінгі балаларды әдепке тәрбиелеу Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. –
Түркістан, 2012, №1, 53-58 бб. (М.Б.Жаздықбаевамен авторлық бірлестікте).
2. Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың
педагогикалық мәні Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – Түркістан,
2012, №1, 114-116 бб. (Д.Ж.Кішібаевамен авторлық бірлестікте).
3. Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Ізденуші ғылыми журнал №1, 2012. 90-94 бб. (Д.Ж.Кішібаевамен авторлық
бірлестікте).
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты,
объектісі, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен
дәйектілігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
теориялық негіздері тақырыбындағы бірінші бөлімінде шығармашылыққа тән
сапалық қасиеттер, ортақ іс-әрекеттер негізі, болашақ тәрбиешілердің
шығармашылық қабілетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәні,
шарттары айқындалады, болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін
қалыптастырудағы педагогикалық тапсырмалар қарастырылды.
Диссертацияның қорытындысында болашақ тәрбиешілердің шығармашылық
қабілетін қалыптастыру жайлы нақты тұжырымдар мен дәлелді пікірлер,
зерттеуді жүргізу нәтижесінде сипатталады.

1 БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы

Бүгінгі таңда кез келген өндіріс саласының даму кезеңінде адамдардың
шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік
прогрестің жетекші факторы болып табылады.
ТМД елдеріндегі шығармашылықтың әсіресе ғылыми-техникалық
шығармашылықтың едәуір көпшілігі тиімді ұсыныс жасау мен өнер табушылықтың
- мәнді түрі болып табылады. Адам қоршаған ортаны өзгертуде айқындалған үш
шығармашылық іс-әрекет түрін орындайды. Бірінші - қоршаған ортадағы өмір
сүруші заңдылықтарды, қасиеттерді және құбылыстарды объективті зерделеуі.
Бұл сөзсіз ғалымдардың назарын аударатын және іс-әрекеттің көлемді нәтижесі
жаңа ашылым болып табылады.
Бүгінгі таңда болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетінің базасы
еңбек іс-әрекетіне байланысты емес ортақ құраушылардан тұратыны ғалымдар
зерттеуінен белгілі болып отыр .
Көпшіліктің техникалық және ғылыми шығармашылығын зерделеу
экономистердің, психологтардың, әлеуметтанушылардың, философтардың зейінін
өзіне көп аударды және аударып келеді. Бұл мәселе өнер табушылар мен
инженерлердің ынталы зерттеу пәні болды.
Адамзаттың шығармашылықтағы іс-әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны ұқсас
болып келетіні жөніндегі пікірлер де ХХ ғасырдың бас кезеңінде пайда болды.
Ғалымдар мен инженерлер ХХІ ғасырда бастау алған техникалық шығармашылықтың
мәні жоғары екендігін көрсетті. Ғалымдар мен инженерлер техникалық өнер
табушылық және жаратылыстанудағы жаңа ашылымның өнердегі шығармашылық
сияқты шығармашылық іс-әрекет екендігі жөніндегі тезисін қорғады. Олар
техникалық өнертабыстағы адамның іс-әрекетінің жоғары рухани жүруінің
көрінісі көркем шығармашылықтағы сияқты екендігін атап көрсетті.
Шығармашылықтың психологиялық жалпы мәселелерін қарастыру
ұмтылыстарының жүргізілуімен қатар, адамның шығармашылық міндеттерді
(тапсырмаларды) шешудің нақты процестерін экспериментальды зерттеу
ұйымдастырылды. Бұл зерттеулер ХХ ғасырдың 30-жылдары өнімді (шығармашылық)
ойлау деген атауға ие болды. Адамның өткен тәжірибесі жағдайындағы ұқсастық
жеткіліксіздігінен, оған қандай-да бір жаңа пайда ету керек болды.
Сондықтанда бұл жағдайдағы ақыл-ой іс-әрекеті (қызметі) өнімді ойлау деп
аталды.
Қ.Жарықбаев ойлаудың іс-әрекетпен немесе іс-әрекет ойлаумен жайдан-жай
қабат жүрмейді, іс-әрекет бұл ойлаудың өмір сүруінің алғашқы нысаны екенін
атап көрсетеді [15].
Адамның еңбек сферасы саласындағы іс-әрекетінің түріне байланысты
шығармашылық және шығармашылық емес деп ажыратады. Ғалымдар арасында
кейбіреулері шығармашылыққа ертеректе белгісіз болған техникалық және
технологиялық мәселелерде туындайтын және шешетін еңбекті айтады.
Кейбіреулері шығармашылық еңбек ұғымының мәнін тарылтады, оны тек ақыл-ой
еңбегіне қатысты деп қарастырады, ал дене еңбегінің шығармашылық мазмұнының
болуының объективті мүмкіндігін қарастырмайды.
Шын мәнінде шығармашылық еңбек негізінің өзінде жатады. Сонымен қатар
шығармашылық элементтері адамның еңбек іс-әрекетінің әртүрлілігі де түрліше
дәрежеде болады. Еңбектің шығармашылық сипаты және еңбекке шығармашылық
қатынас ұғымдары теңгестірілмейді.
Энциклопедияда шығармашылық "... ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы
нәрсені тудырушы іс-әрекет ..." ретінде қарастырылады [16]. Идеалистік және
метафизикалық тұжырымдамаларға қарсы тұрған шығармашылықтың ғылыми-
философиялық ұғымы, шығармашылықты адамның және адамзаттың мақсаттары мен
қажеттеріне сәйкес, нақтылы өмірдің объективті заңдылықтары негізінде
табиғат пен әлеуметтік дүниені өзгертетін адамның іс-әрекеті деген тұрғыда
қаралады .
Біздің ойымызша, шығармашылық деп адамның алдағы міндеттерді
(тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі аталады
және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң
нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа объекті, құбылыс,
т.б. пайда болады.
Шығармашыл тұлғаға қажетті сапаны зерттеудің алғашқы кезеңінде
психологтар және басқа да ғылым саласының ғалымдары мен ойлап табушылардың
өмірбаянын, мемуарын және олардың шығармашылық лабораториясы жөніндегі
айтылғандарды талдады. Осы талдау мен талдап қорытудың арқасында шығармашыл
жеке тұлғаға тән сипатты белгілер бөлінді. Олар: интуиция, бай қиял,
эмоционалдық қозушылық, жоғары деңгейде дамыған интеллект, зейін және т.б.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық процесс және оны
зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап
табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқындау әдістемесі,
организмде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі,
шығармашылық қабілеттерді дамытудың әртүрлі тәсілдері бойынша жүргізілгені
осының дәлелі.
Шығармашылық процеске даярлауды мектеп қабырғасында жүзеге асыру
мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болды. Халыққа білім беру жүйесінің
негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды
дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектеп оқушыларын, болашақ
тәрбиешілерді қалыптастыру қарастырылды. ХХ ғасырдың 70-жылдарында мектеп
оқушыларын проблемалы оқытуды ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла
бастады. Омарова Р.С. бұл оқытудың ұйымдастырылуы болашақ тәрбиешілердің
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол
жөнінде ізденушілер: “Бұл жердегі ең қажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу
әдісін қолдану талап етіледі. Болашақ тәрбиешілер негізгі ғылымға
байланысты дайын білімнің жиынтығын біліп қана қоймауы керек. Сондай-ақ,
болашақ тәрбиешілер оқытушының басқаруымен бұл білімді немесе оның қажетті
құраушыларын өздерінше алуы керек жағдайда болуы қажет. Бұл өз кезегінде
оқытуды ұйымдастыру процесінде мынаны жоспарлайды. Болашақ тәрбиешілер
алдына жаңа мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық процесіне
айналдырады. Басқаша айтқанда, оқыту процесінің құрылымын ситуациялық
мәселелер құрайтын болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай аталады”, - деп
жазды. [17]
Шығармашылық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндіктері, шығармашылық
қабілеттерді тәрбиелеу жөніндегі зерттеулерде жүргізілді. “Адамдағы
іскерлік қабілетті тәрбиелеу өз бетінше ойлау қабілетін дамытуда жатыр.
Менің көз қарасымша, ол мына бағыттарда дамуы мүмкін: ғылыми қорытынды
жасай білу - индукция (жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығару тәсілі); іс
жүзіндегі процестердің өтуін айта білу үшін теориялық шешімді қолдана білу
- дедукция (ойлаудың бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығаруы); ең соңында
табиғатта болып жатқан процестер мен теориялық толықтырулардың қарама-
қайшылығын анықтай білу - диалектика (табиғаттың, адам, қоғамның және
ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары)” – деп, өзіндік ойлаудың
мәнін, бағытын сипаттады .
Жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарындағы білім берудің негізгі
міндетінің бірі білім мен іскерлікті игерту ғана емес, осылардың негізінде
жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ол жөнінде
Дәулетбекова Ж.Т. “Бірақта ең бастысы білім беру - бұл білім "қоржынын"
емес, бұл "қоржынды" игере білу іскерлігі керек екендігін жиі ұмытамыз. Бұл
кез келген, соның ішінде жоғары білім беру саласының да басты мақсаты. ...
Игеру - бұл дегенің қолдана білу (іскерлік). Қолдана білу (іскерлік) екі
бөліктен құралады: өз мамандығың бойынша техникалық жұмыс жасай білу, ол
тәжірибе арқылы болады. Ал негізгі іскерлік - өз мамандығың бойынша
сұрақтарды қойып, оны шеше білу. Сонымен білім берудің негізгі мақсаты -
едәуір шығармашылық түрдегі сұрақтарды қоя білуге және оны шешуге мыйды
шынықтыру”, – деп жазды [18].
Жалпы шығармашылық тұлғаға, шығармашылық процесс барысына өзек болатын
негізгі элементтер не деген сұрақ та ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс
қалмады. Төлеубекова Р.К. өзінің зерттеуінде, зерттеу нысанына байланысты
жұмысшылардың және инженер-техникалық жұмысшылардың техникалық
шығармашылығына ықпал ететін факторларды, факторлар мен жаңашылдардың
шығармашылық белсенділігі арасындағы байланыс тығыздығының дәрежесіне
сәйкес төмендегідей етіп анықтайды:
- біліктілігі;
- өндірістік өтілімі;
- әлеуметтік жағдайы;
- жасы;
- кәсіптік тобы [19].
Соңғы педагогикалық әдебиеттерде жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие
процесінде болашақ мамандардың шығармашылық қабілет әдістері жөнінде
кеңінен жазылуда. Солардың бірі шығармашылық қабілет әдістерін кеңінен
төмендегідей етіп береді:
1. Шығармашылық тапсырмаларды орындау , талдау.
2. Зерделенген ережелерді қосу .
3. Ойлауды белсендіру әдістері. Бұл әдістер болашақ тәрбиешілердің жеке
дара және топтық шығармашылық жұмыстарында қолданылады. Аталған әдістердің
құрамына төмендегілерді жатқызады:
- (топтық пікір-талас ;
- бақылау сұрақ әдісі..
Қазіргі уақытта мектептеке дейінгі педагогикалық процестің мақсаты –
бұл мәдениеттің негізгі заңдылықтары мен әдістері, танымдық және
практикалық іс-әрекетте өзбетінше жұмыс жасай алуды, кәсіптік, қоғамдық
және отбасылық карьерді таңдаудағы еркіндікті меңгеру процесінде өнегелік
және шығармашылық жеке тұлғаны дамыту .
Төлешова Ұ.Б. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы
мектеп пен университет арасындағы сабақтастық шығармашылық жеке тұлға, яғни
шығармашылық жеке тұлғаны дамыту теориясының негіздерін әзірледі (жеке
тұлғаның шығармашылық сапасы жөніндегі ілімді қалады). Бұған дейін кейбір
ғалымдар "Шығармашылық сапа балаға тұқым қуалаушылық бойынша ата-анадан
беріледі және оны тәрбиелеу мүмкін емес" деген көзқараста болған болатын.
Егер ондай көзқарас дұрыс болған жағдайда педагогтар мектепте тек жеке
тұлғаны дамытумен ғана шектелген болатын еді.
Осы мәселені шешу үшін ғалымдар мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың
өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың қабілет түріне
байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларын меңгергенін анықтады:-
шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің қабілетін бағындыру
іскерлігі;
- өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау іскерлігі;
- жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі;
- мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі;
- өзінің сенімін қорғай білуі [20].
В.А. Бухвалов адам өмірді белгілі мақсат үшін сүретінін және оның
шығармашылық болуы керектігін айта келе, шығармашылық іске өз балаңды
тәрбиелеу барысында, жиһазды конструкциялау, өсімдіктердің жаңа сорттарын,
жануарлардың тұқымдарын, тағамның жаңа түрлерін, киімнің жаңа үлгілерін
құру және т.б. жұмыс үлгілерінің қатысы барын өз еңбегінде сипаттайды.
Сондай-ақ мұндай жұмыстар әрбір адамның өзінің қызығушылық саласы мен
өзінің мүмкіндігінің деңгейінде жасауы, шығаруы қажет екендігін айтады.
[21]
Соңғы кездері нақты бір кәсіп, іс-әрекет түріне баулу бойынша да
шығармашылықты зерттеулер жүргізілуде. Ж.Балкенов өзінің зерттеуінде
студенттерді , болашақ тәрбиешілерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-
әрекетке оқытудың жүйелі ерекшеліктерін төмендегідей етіп белгілейді:
- өрнек өнеріндегі көркемдіктің тиімді жолдарын қарастыру;
- өрнек өнеріндегі шығармашылықтың көркемдік мазмұнын терең меңгеру;
- өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке студенттердің белсенділігін
туғызу, өрнек өнеріне қызықтыру;
- болашақ мамандардың өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық қабілетін
қалыптастыру, көркемдік логикасын дамытуға ықпал ету. [22]
Адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін, педагогикалық ықпал
етудің жолдарын тұжырымдай отырып, ой жүргізудің ұйымдастыру жоспарын
төмендегідей белгілеген:
- тапсырманы орындаушының өзі мен өзі, басқа бір әріптесімен немесе
тапсырманың өзімен шығармашылық қабілеті барысында диалогта болуының
коммуникативті-тұлғалық шарты;
- ойлау үрдісінің өз ішіндегі динамикасы немесе тапсырманы шешу
кезеңдерінің алға жылжуы, өнімділігі;
- құрылым реттілігі немесе ой жүргізу компоненттерінің өзара байланысы
мен әрекеттесуі.
Дегенмен, зерттеулер нәтижелерін зерделеудің негізінде шығармашылық
қабілетке қызығушылық пайда болғанда басталады деген пікірімен толық
келісуге болады .
Адамның шығармашылық қабілетін зерттеу барысы, негізінен, төмендегідей
ғылымдар жүйесі тұрғысынан зерттелді:
1. Шығармашылықтың мәні жөнінде философия саласы тұрғысынан;
2. Адамның шығармашылық қабілетін психологиялық тұрғыдан;
3. Шығармашылыққа баулу мәселесі бойынша педагогикалық тұрғыдан.
Біздер зерттеуімізде болашақ тәрбиешілердің шығармашылық тұлғасы
жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында болашақ тәрбиешілердің
шығармашылық қабілеті жүзеге асырылады.

1.2 Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық мәні

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар,
ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында
қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық
білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі
әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда
кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық
арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, оқытушылардың алдында
жаңа міндет тұр: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және
оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Осы аталған
мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде
анықтап, оған қолдау көрсету аса дәлелдеуді қажет етпейді.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер — бүгін ЖОО-
ның студенттері, оқытушы оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты — қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа
көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға
алатын, ізгілігімен XXI ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты
мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру " деп тұжырым жасағаны
бекерден бекер емес. XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты
сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы.Алтынсарин "Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса,
оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана
өркениетке жетелейтін озық (светское) білім " дейді. Ш.Уәлиханов
шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі
көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі
пікірі мынандай: "Қазақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық
көңілшектілігімен ерекшеленеді". Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере
отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор
екендігін алға тартады. А.Құнанбаев адамды қоршаған орта табиғаттың бір
бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы туылғаннан
бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе
осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды.
Жеке тұлғаның рухани өсуі дегеніміз — кісілік қасиетін, шығармашылық
қасиетін, дүниетанымын кеңейту. Біреулер айналадағы құбылысқа тандана,
тамашалай қарайды, ал енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сыни
пікірлер айтуы мүмкін. Тандана, тамашалай қараған баладан шығармашылық
қасиетті тани білу — оқытушы парызы.
Психологтердің зерттеуінше, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек
болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады. Сондықтан жүйелі түрде
шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынның
шығармашылық мүмкіндігі зор, өйткені, олар шығармашылықпен тұрақты,
белсенді айналысуға икемді келеді.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан студенттердің мынандай ерекшеліктері
болады:
— балалардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға
қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
— шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға
тырысады;
— қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик
болып келеді, болмыстары поэзиядан құралады;
— бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске
бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі;
— студенттер реферат, курстық жұмыс жазудан гөрі әңгіме, музыка
тыңдауға бейім.
Студенттерді шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік
психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни, педагогтің
психологиялық әсері шығармашылық кезеңде студенттің шабытын оятып,
құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін студентке
оқытушының берер психологиялық әсері мынандай болмақ:
— "сенің қолыңнан бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "оқы", "үйрен" деп,
студенттің еркін билеп, сенім білдіру;
— студенттің кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап,
көтермелеу, студенттер басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне
көмектесу;
— шығармашылық сәтте студентке құптаушылық көзқарас білдіру, сезім
күйін бақылау, қамқорлық таныту;
— ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен
қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
— студенттер үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу,
оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
— студенттің қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың
психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық студентке шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны
жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты студент үшін шабыт
баспалдағы саналады. Ғылыми жұмыс жаза білген студенттің сұлулық пен
әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық — студент үшін сұлулық пен
әсемдіктің мектебі. Студенттерге алуан түрлі тапсырмалар беру, ойындар
ұсыну студент назарын шығармашылық арнаға бұрады. Ұшқырлық, өткірлік,
қиялға, ойға жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық түйін табу,
сөзді сүю, оның мән-мағынасына түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйрету
қажеттілігі ЖОО-да тіл тәрбиесін жүргізудің сан алуан формасын меңгеруді
керек етеді. Шығармашылықтың түрлері көп. Солардың ішіндегі ерекшесі — сөз
өнері саласы. Олай болса, студенттерге сөз өнерін меңгерту оқытушының
алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болуы тиіс.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан студентті іздеу, оларды тәрбиелеу
қоғам үшін өте қажет, себебі дарынды адам басқа адамдарға қарағанда көп
пайда алып келеді. Сол себепті студентті зерттеу, бейімдеу, ынталандыру
жұмыстары көптеп жүргізілуі қажет.
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық
деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін білімгерлерді жоғары
сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет деп
еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап
көрсеткен. [23]
Болашақ тәрбиешінің шығармашылық қабілеті және оның мәнін түсіну үшін
жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде анықталу
сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық қабілет тұлғаны
құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің
мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап
бағалайтындығы байқалды. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер
қатарынан, өркениет биігінен көрінуі оқу сапасына тікелей байланысты.
Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде, жоғары оқу орындарындағы болашақ
тәрбиешілерді заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңа заманға жаңаша
көзқарас қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен сабақтастыра
отырып жаңарту – ХХІ ғасыр талабы болып табылады.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде бұл міндеттердің
жүзеге асуы, жеке тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге деген
қызығушылығы мен ынтасына байланысты.
Болашақ тәрбиешілердің білімге деген қызығушылығы мен ынтасы негізінде
танымдық белсенділігі қалыптасады. Білім алу барысындағы болашақ
тәрбиешілердің қабілетінде танымдық белсенділікті арттыру, олардың
шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу - бүгінгі
оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Оқыту барысында белгілі бір
әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға мәселесі теориялық тұрғыдан
педагогтар үшін де маңызды. Бұл проблеманың кейбір тұстары тамыры тереңге
бойлайтын көне замандардан бастау алды. Ол шәкірттеріне білімді жай ғана
бере салмай, сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын
арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті.
Қызығушылықты дамыту белгілі бір болмыстағы белгісіз жағдайларға
қызығудан, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын және өзара байланысын
айқындаудан, одан әрі қарай жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті
қанағаттандыру мен алға қойған мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық пайда
болады. Ол - адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды Ю.К. Бабанский. [24]
Әйгілі педагогтар тәрбиешінің ізденімпаздығы мен белсенділігі жоғары
болуы және ол білімін үнемі жаңартып, толықтырып отыруы керек деп есептеді.
А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім
оқушының өзін ізденуге жетелейді“ дейтін қанатты сөзі, мүғалімнің негізгі
мақсаты болашақ маманның өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс,
себебі, солар арқылы ғана білім тереңдей түсетіндігіне көз жеткізеді.
А.Дистервегтің еңбектерінде алғаш рет қарастырылған оқытудың өз бетінше
ұстанымының біз үшін үлкен маңызы бар болып табылады. [25]
Философтардың бұл iлiмi педагогика ғылымы үшiн өте маңызды, себебi
педагогикалық үрдiс барысында адамның тек бiлiм, бiлiк, қабiлеттерi
қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтiк дамуы жүзеге
асады. Тұлға үнемi даму үстiнде болу үшiн шығармашылықпен байланыста болуы
қажет. Шығармашылық мәселесiн қарастыруда шығармашылық, қабілеттілік,
шығармашылық іс-әрекет ұғымдарын айналып өтуге болмайды. Бұл ұғымдардың
ғалым-философтардың, психологтардың, педагогика ғылымының көрнекі
тұлғаларының көзқарастары арқылы сипатталып, анықталуын қарастырайық.
Кеңес Одағының Үлкен энциклопедиясында: қоғамдық маңызы бар, жаңа
материалдық, рухани құндылық тудыратын адам әрекетін – шығармашылық, - деп
көрсеткен. Философиялық энциклопедияда: шығармашылық – бұрын еш уақытта
болмаған жаңа бірдеңе тудырушы әрекет, - деп айқындалады
Қазіргі заманғы философиялық сөздікте: Шығармашылық жаңа объектілер
мен сапалық белгілер, жаңа бейнелер мен білімдерді, жаңаша сөйлесу мен
қатынас тізбектерін тудыратын адамның іс-әрекеті. [26, 27]
Шығармашылық мәселені қарастырудың жаңа координаталарын береді
делінген. Психологияда шығармашылық ұғымының түрлі тұжырымдары көп. Мысалы,
Т.И.Шамова: шығармашылық дегеніміз – қорытындысында бұрын белгісіз болған
деректер мен материалдық әлем және рухани мәдениеттің заңдылықтарын,
қасиеттерін және өзіндік құндылықтар тудыратын рухани әрекет, - деп
келтіреді . Ал профессор Қ.Жарықбаев: Басқалардан көмек күтпей, мәселені
шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам
шығармашыл ойдың иесі, - деген болатын.[28]
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар қоғамдық тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді. Қабілеттіліктің үш белгісін бар:
  (     қабілеттілік – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз
болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік;
(       қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқызбай,
тек бір немесе бірнеше iс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа
жеткізетін ерекшеліктер жатады;
(      қабілет адамда бар білім, іскерлік және дағдымен ғана
шектелмейді, керісінше, сол білім, іскерлік, дағдыны меңгеруге қабілетті.
Хмель Н.Д. шығармашылық қабілет қызығушылықтан туындап, соның негiзiнде
белсендi iс-әрекетке деген қажеттiлiктi сезiнуден пайда болады деп
түсiндiредi. [29] Бірқатар психолог(педагог ғалымдар қабілеттің мынадай
құрамдас бөліктерін атап көрсетеді.
1.     Мақсат – құрал – нәтиже
2.     Іс-әрекет – қимыл – нәтиже
3.     Түрткі – норма – білім – дағды – құрал
4.     Мақсат – себеп – дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже
арасындағы байланыс.
Қ.Жарықбаев қабілет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі
мақсатқа жетуге бағытталған үрдісті айтамыз десе, А.Леонтьев Бұл өзара
әсер, әрекет қажеттіліктен келіп шығады. Сонда да болса, қажеттілік
әрекетінің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай
бағытталғанын, затын(предметін) анықтайды дейді.
Шығармашылық танымдық әрекетке болашақ тәрбиешілердің өзіндік жұмысы,
бақылауы мен тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесінде алған білімі, дағдысы,
танымы мен ғылыми түсініктері жатады.
Жеке тұлға белгiлi бiр әрекеттер нәтижесiнде қалыптасады десек, ол
тәрбиенiң әсерi ғана емес, өзінің ойлаушылардың ойлау қабілетін,
қызығушылығын, танымдық іс-әрекетiн, даму мүмкiндiктерi мен білім, білік
деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін ұйымдастыруы қажет.
Қабілетті, ынталы болашақ тәрбиешілердің арасында ойлау қабілетінің
дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, практикалық
дағдысын дамыту мақсатында дайындалатын жеке жұмыстар жүйесі өзекті
мәселеге және оны шешу жолдарына бағытталуы тиіс.
Жүйелі ұйымдастырылған танымдық әрекеттер нәтижесінде тәрбиешінің
білімі, біліктілігі кеңейіп, танымдық ізденімпаздығы қалыптасады.
Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті өзінің және тәрбиеленушілердің іс-әрекетін
жоспарлаудан, оны дұрыс ұйымдастырудан, тәрбиелеу.оқыту сапасын талдаудан
жеке тұлғалық дамуын болжаудан т.б. тұрады. [30]
Болашақ тәрбиешілердің білім, білік, дағды және шығармашылық қабілеті
қалыптасуының деңгейін ақпараттық технологияның көмегімен шешу - бүгінгі
күн талабы. Білім алуды дұрыс ұйымдастыруда ақпараттық технологияның алатын
орны ерекше. Ақпараттық технологиялардың негізгі құралы – компьютер десек,
болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетің ұйымдастыруда төмендегідей
талаптарды орындау қажеттілігі туады:
(    Компьютерлік технологияны пайдалана білу іскерлігі;
(    Қажетті ақпараттық технологияны таңдай білуі.
Аталған талаптарды, яғни компьютерлік сауаттылығы бар, ақпараттың
түрлі көздерімен жұмыс істеудің қазіргі заманғы әдіс-
тәсілдерін игерген болашақ тәрбиеші , өзінің интеллектуалдық және
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Оқыту құралдары:
компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті
бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар оқыту түрлерін жетілдіруге
мүмкіндік береді десек, мұғалім тарапынан болашақ тәрбиешілер жеке
мүмкіндіктеріне қарай даярланған жеке дара тапсырмалар жүйесін жоғарыда
аталған құралдар көмегімен орындауы шығармашылық қабілеттерін жүйелі
қалыптастыруға жол ашады.
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін дұрыс ұйымдастыруда ең
алдымен өзекті мәселе анықталып, мақсаты мен міндеттері айқындалуы қажет.
Мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін болашақ тәрбиеші
бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға жұмсауда тиімді әдіс амалдарды
қолдану арқылы тапсырмалар дайындап, олардың танымдық қабілеттеріне қарай
ұсынады.
Болашақ тәрбиешінің шығармашылық ойлауы мен шығармашылық қабілетін
ақпараттық технология көмегімен ұйымдастыруда өз тарапынан белсенділік,
дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық
қабілетке бет бұрады. Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты
түсініктердің бірі.
Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан,
психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен
оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін
емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда
тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық
материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С.
Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев сынды кеңестік психологтердің
есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан
қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ
ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық
пікір таластардың пәніне айналып, түсіндіру принципі ретінде танылды. Ол
психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу бірліктерінің бірі болып
қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз
қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы
психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.
Іс-әрекеттің әлдеқайда нақты психологиялық тұжырымын толықтыра және
түрлендіре отырып А.Н. Леонтьев жасаған. Леонтьевтің пікірі бойынша іс-
әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге
бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын
белсенді процестер. А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-
әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен
психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-
әрекет деді.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы. Іс-әрекет үш қырлы анықталады,
яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-
әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі түрліше белсенді
процесстер.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
Қажеттілік Белсенділік
Мотив Іс-әрекет
Мақсат Әрекет
Жағдай Амал
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-
әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы
актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті
түрліше деңгейде белсенді қылады. Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен
мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты
психологиялық іс-әрекетке айналады. [31]
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде
елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, қалаға бару үшін
ерте тұрып дайындалу керек, жолға керек заттарды жинап, баратын жерге жету
қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға
қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет.
Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі,
бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып
табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш
түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде
көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-
әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада,
алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы,
тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті
психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып,
келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.
Мәселен, суға жүзуді үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде,
мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл дұрыс орындау мақсатына
бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер
қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған
әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы суға жүзу әрекетінде іске асырылатын
амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға
қатысты емес, жақсы жүзуге қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен
күш жұмсалады. Дағды – естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен,
тұтастай психиканың еренді еңбегінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсендігін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ұлттық тәрбиеің мәні
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Педагогтың өздік жұмысы
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
Пәндер