Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту



Кіріспе
1Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың теориялық негіздері.
1.1Морфологияны оқыту мәселелеріне байланысты зерттеулерге шолу
1.2Сөз таптарын сабақтастыра оқытудың мәні..
2Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту технологиясы
2.1Бастауыш мектепте сан есімді оқытуға байланысты меңгерілетін білім мазмұны
2.2Етістіктің түрлерін оқыту әдістемесі.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңыздылығы ешқашан кеміген емес. Өйткені қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халықтық тәрбиелеудің заңды қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпы, дәстүрлерлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру, қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ерекшеліктерін сезінбей басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес.
Республиканың егемендігі ұлттық сана-сезімнің өсуі, мәдени және рухани дәстүрлердің білім беру жүйесінде де үлкен талпыныстар бар екені оның, соның бірі – қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні.
Қазақ тілінің әдістемесіне қатысты біршама еңбектерді зерттеу тақырыбымызбен байланыстырып айтуға болады. Мысалы: «Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру» (Жолымбетов Қ, Рахметова С, Алматы 1975ж) кітабын атауға тура келеді. Кітап шағын мақалалар көлемінде берілген, сондай-ақ морфология: жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады. Сонымен қатар бастауыш сыныпта қазақ тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылған мына сияқты әдебиеттерді атап айтуға болады: И.Ұйықбаев «Қазақ тілі методикасының очерктері» (Алматы 1962ж), Арғынов X. «Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы» (Алматы 1964ж), Рахметова С. «Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту» (Алматы 1978ж.), «Бастауыш мектеп методикасы» - (Алматы 1978ж).
1. Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Ана тілі оқулығына методикалық нұсқау - Алматы: Мектеп, 1988.
2. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы -Алматы: Санат, 1994.
3. Рахметова А. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы: Өлке, 2005.
4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: 1994. 288 б
5. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. - Алматы: 1941.
6. Ысқақов А. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы: 1967.
7. Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании. //Пед., соч., сост. С.Ф.Егорова. Москва: Педагогика,1988. 256 с.
8. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. - Алматы: Қазақстан, 1994.
7. Маманова И.Е. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы: 1966.
8. Төлеуов А. Қазақ тіліндегі сан есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар. - Алматы: 1975.
9. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. - Алматы: 1956.
10. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. - Алматы: 1958.
11. Әміров Р. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау - Алматы: Рауан, 1994
12. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. - Алматы: 1991.
13. Әуелбаев Ш. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар. - Алматы: 1959.
14. Көшербаев Е. Қазақ тілі сабақтарындағы қайталау. - Алматы: 1961.
15. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының очерктері. - Алматы: 1962.
16. Ұйықбаев И. Қазақ тілін оқыту методикасының мәселелері. - Алматы: 1969.
17. Жұбанов Қ. Қазақ тіліндегі зерттеулер. - Алматы: 1966.
Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. - Алматы: 1983.
18. Хасенова А.Қ. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. - Алматы: 1989.
19. Уәйісова Ғ. Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. - Алматы: 1994.
20. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. - Алматы: 1950.
21. Ермеков Ә. Грамматикалық талдау. - Алматы: 1958.
22. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы: 1954.
23. Ұйықбаев И. Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар. - Алматы: 1957.
24. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты - Алматы: 1971.
25. Бастауыш мектеп. №5 - Алматы: 2008.
26. Уәйісова Г.И., Әміров Р.С., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі 2-сынып оқулығы. - Алматы: Атамұра, 2002ж.
27. Уәйісова Г.И., Әміров Р.С., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі 3-сынып оқулығы. - Алматы: Атамұра, 2003ж.
28. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі -Алматы: Рауан, 1971.
29. Балақаев М., Уәйісов Г. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау - Алматы: Рауан, 1993.
30. Дайырова Ә., Тіленсова С. Әдебиеттік оқу кітабына методикалық нұсқау - Алматы: Мектеп, 1969.
31. Жолымбетов К. Қазақ орфографиясын оқытудың ғылыми негіздері - Алматы: Ана тілі, 1974.
32. Жұмабаева Ә.Е. дидактикалық материалдар - Алматы: Атамұра, 2000.
33. Жазыбаев М., Асқарбаева А., Рахметова С. Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру - Алматы: Ана тілі, 1975.
34. Жүнісбек Ә., В.Қунышбаева Ж. Мәжитқызы "Қазақ тілі" - 2 сынып- Алматы: Атамұра, 1998
35. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы –
Алматы: Қазақ университеті, 1991.
36. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері -Алматы: Қазақ университеті, 1993.
37. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар - Алматы: Ана тілі, 1992.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Набиева Дилноза
ППМ о

Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
1Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың теориялық негіздері.
1.1Морфологияны оқыту мәселелеріне байланысты зерттеулерге шолу
1.2Сөз таптарын сабақтастыра оқытудың мәні ... ... ... ... ... ... ...
2Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1Бастауыш мектепте сан есімді оқытуға байланысты меңгерілетін білім
мазмұны ... ... ...
2.2Етістіктің түрлерін оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...



Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың
маңыздылығы ешқашан кеміген емес. Өйткені қазіргі қазақ халқының ұлттық
мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық рухани қайта
өркендеу негіздерін қалыптастыратын халықтық тәрбиелеудің заңды қажеттігі
арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани
қазынасымен, оның ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпы, дәстүрлерлерімен
неғұрлым тереңірек таныстыру, қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай
негіздерді білмей, өз халқының ерекшеліктерін сезінбей басқа халықтың өзіне
тән белгісін толық түсіну мүмкін емес.
Республиканың егемендігі ұлттық сана-сезімнің өсуі, мәдени және рухани
дәстүрлердің білім беру жүйесінде де үлкен талпыныстар бар екені оның,
соның бірі – қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні.
Қазақ тілінің әдістемесіне қатысты біршама еңбектерді зерттеу
тақырыбымызбен байланыстырып айтуға болады. Мысалы: Бастауыш оқудың
тиімділігін арттыру (Жолымбетов Қ, Рахметова С, Алматы 1975ж) кітабын
атауға тура келеді. Кітап шағын мақалалар көлемінде берілген, сондай-ақ
морфология: жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады. Сонымен қатар бастауыш
сыныпта қазақ тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылған мына сияқты
әдебиеттерді атап айтуға болады: И.Ұйықбаев Қазақ тілі методикасының
очерктері (Алматы 1962ж), Арғынов X. Құрмалас сөйлем синтаксисінің
методикасы (Алматы 1964ж), Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша
тілін дамыту (Алматы 1978ж.), Бастауыш мектеп методикасы - (Алматы
1978ж).
Бұлардан басқа морфология саласының объектілері ғылыми тұрғыдан жан-
жақты зерттеліп, нақтыланды. Осыған орай морфологияны оқыту мәселесі де
методикалық жақтан қарастырылуына қатысты атап айтсақ: С.Жиенбаевтың Қазақ
тілі методикасы (Алматы 1946ж.), Ш.Сарыбаевтың Қазақ тілі методикасының
кейбір мәселелері (Алматы 1956ж.), И.Мамановтың Қазақ тілі методикасы
(Алматы 1965ж.), И.Ұйықбаевтың Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші
материалдар (Алматы 1957ж.), Б.Кәтенбаеваның Морфологияны оқыту
методикасы (Алматы 1975ж.), Еліктеу сөздерді оқыту (Алматы 1974ж.)
Мұғалімдерге қазақ тілінен көмек (Алматы 1969ж.) атты еңбектердің бәрінде
де қазақ тілі морфологиясының салаларын әр түрлі әдіс-тәсілдермен оқыту
жайы сөз болады.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде
мұғалімдердің ескеретін жұмыстары көп. Қазақ тіліне байланысты тоқталған
материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру
әкеретінің ең құнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ
тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық
принциптер мен методикалық заңдылықтарға сүйенеді. 1
Қазақ тілі морфологиясынан білім беруде мынадай әдістемелік талаптарды
басшылыққа алған жөн.
1. Сөздің түрлі бөлшектерден құрылатынын білдіретін тілдік
фактілер.
2. Сөз құрамында әр бөлшектің мағынасы мен қызметін білдіретін
тілдік материалдар.
3. Сөздің құрамын білдіретін тілдік фактілер.
4. Мағынасына, тұлғасына және жеке қызметіне қарай бөлінетін сөз
таптарын білдіретін тілдік материалдар.
Бастауыш сыныптарда сөз таптарынан біршама білім беріледі.
Балалар сөз таптарын төмендегі бес түрлі белгісі бойынша таниды.
-сөздің мәнін, заттың аты, сыны, қимылы туралы және басқа мағыналарын
ұғынады;
-сөздің қандай сұраққа жауап беретінін айырады;
-сөздің қалайша өзгеретінін, қандай-қандай категориясы бар екенін
таниды;
-сөз сөйлемде қай мүше болып қандай синтаксистік қызмет атқаратынын
түсінеді;
-сөздің өзіне тән қандай жалғаулары болатынын, олардың көбіне-көп
қалай жасалатынын ұғынады.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде
мұғалімдердің ескеретін жұмыстары көп. Қазақ тіліне байланысты таңдалған
материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру
әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ
тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық
принциптер мен әдістемелік заңдылықтарға сүйенеді.
Қазақ тілі морфологиясынан білім беруде мынадай әдістемелік талаптарды
басшылыққа алып, қарастырған жөн:
Сан есім тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі грамматикалық
категория. Сан есім күрделігімен аса өрісті, лексика-грамматикалық
формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты. Ал
етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі категория. Етістіктің
мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерінің күрделігіне байланысты оны оқыту басқа
сөз таптарына қарағанда анағұрлым қиынға соғады. Біз қолданып отырған
етістік деген атаудың өзі абстрактілі ұғым, мұны оқушыларға бірден
түсіндіру оңай емес. Сондықтан да етістіктің грамматикалық белгілеріне
терең үңіле отырып, жан-жақты талдау жасай отырып, етістікті ұтымды, ұғымды
меңгерту жолдарына ізденіс жасалуы қажет болғандықтан, зерттеу тақырыбын:
Бастауыш сыныптарда сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпта сан есімнің және етістіктің түрлерін
оқыту әдістемесінің мәселелерін ашып көрсету. Сан есім мен етістікті
сабақтастыра өтудің тиімді жолдарын іздестіру.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныпта сан есімді және етістікті оқыту
әдістемесі.
Зерттеу пәні: Сан есімді және етістікті оқытуда сөздің мағынасын
түсініп, сөз таптарын ажырата білу процесі.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныптарының қазақ тілі сабақтарында
күнделікті қолданып жүрген әдіс-тәсілдермен қатар, сабақтың мақсатына сай
көп ізденіп, оқушылардың мүмкіншіліктерін ескере отырып, түрлендіре, жаңа
тақырыпты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып жүргізсе, оқушылар
бағдарламадағы материалдарды толық меңгерер еді.
Зерттеу міндеттері:
1.Тақырып бойынша ғылыми-педагогикалық материалдарды жинақтап, алынған
материалдарға шолу, талдау жасау.
2.Бастауыш мектепте балаларға сан есім және етістік категорияларының
күрделілігін анықтау.
3.Сан есімнің және етістіктің мағыналық топтарын оқыту арқылы оқушылардың
білімін, қызығушылығын, ой-өрісін дамыту әрекеттерін айқындау.
Зерттеу әдістері: Бақылау, әңгімелесу, анкеттік әдіс, эксперименттік
әдіс.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Сан есім мен етістікті
байланыстыра оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-педагогикалық материалдарды
талдау. Зерттеу жұмысының тәжірибелік сыналған нәтижелері мектепте қазақ
тілін оқытудың сапасын жақсартуға, оқушылардың морфологиядан алған
білімдерін одан әрі дамытуға өз әсерін тигізеді. Зерттеу нәтижесінде
жасалынған әдістемелік ұсыныстары мен тәжірибеде сыналған ұтымды әдіс-
тәсілдерді мұғалімдер сабақ беруде қолдана алады.
Зерттеу орны: **** қаласы, № **** орта мектеп.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Бiрiншi тарауда Бастауыш сыныпта сөз таптарын оқытудың теориялық
негіздері сөз таптарымен сан есімді және етістікті сабақтастыра оқытудың
мәніне назар аударылды. Сөз таптары ғылыми психологиялық, педагогикалық
және әдістемелік тұрғыдан қарастырылып, зерттеу жұмысының мақсаты мен
міндеттері анықталды.
Екiншi тарауда Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра
оқыту технологиясы тақырыбы тәжiрибе барысында қарастырылды. Бастауыш
сыныптарда сөз таптарымен сан есімді және етістікті сабақтастыра оқытудың
мәні оқыту үрдісінде қарастырылды.

1 Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың теориялық негіздері

1. Морфологияны оқыту мәселелеріне байланысты зерттеулерге шолу

Қазақстанда қазақ тілі әдістемесінің дамуы, ғылыми негізі және қазақ
тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ы.Алтынсарин
Қазақ хрестоматиясы және Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш
құралы оқулықтарын жазды. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашу
жұмысын тұңғыш рет дыбыстық әдіс бойынша ұйымдастыруды қарастырды. Ы.
Алтынсарин оқулыққа жазған алғы сөзінде: 8 бөлімге бөлініп берілген зат
аттарын оқушылар жаттап алғаннан кейің әрбір бөлімнің соңында берілген
грамматикалық ережелерге, құралда берілгеннен де молырақ тоқталу қажет,
келтірілген үзінділерге сәйкес оқушыларға жаңа сұрақтар қойып, род(тек)
сан, септік т.б. бойынша сөздердің өзгеруін олар игеріп алғаннан кейің
соған ұқсас мысалдарды көрсетіп беру керек, - деді. Сондай-ақ жаттығу
жұмысына, ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін сөйлеуге
мән берді 2.
Тіл мамандарының кеңес тұрғысында ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті
оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталады. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл
мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары
(грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек
етті. (24. 37-38 б.)
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар
ғана болды. Осы жылы Бастауыш мектепте қазақ тілінен оқыту әдісі деген
атпен жинақ шықты.
1936 жылы орта мектептің 4-6 сыныптарында Сейіл Жиенбаевтың
Грамматика талдауыш, 1938 жылы Үлкендерге хат танытудың әдістемесі,
1942 жылы Грамматикалық таблицалар, 1944 жылы Жаттығу емле мен тіл
дамыту, 1946 жылы Қазақ тілі әдістемесі деген еңбектер жарық көрді 3.
Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов
болды. 1938 жылы Грамматиканы оқыту жөнінде деген мақаласында оқыту
әдістеріне тоқталды. 1940 жылы Ғани Бегалиевтің Бастауыш мектепте қазақ
тілінің методикасы, онан кейін 1950 жылы Бастауыш мектепте қазақ тілі
методикасының мәселелері деген кітабы жарық көрді. 1956 жылы Шашғали
Сарыбаевтың Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері (І бөлім, фонетика
мен морфология) деген кітабы шықты.
1957 жылы Қазақстан Орталық Комитеттінің басшылығымен қазақ тілі мен
әдебиетін жақсартуға арналған республикалық кеңес өткізілді. Кеңесте қазақ
тілі мен әдебиетін жақсарту туралы мәселе қаралды. Осы жылдан бастап қазақ
тілін оқыту методикасын зерттеудеге ерекше мән беріп, Қазақ ССр оқу
министірлігінің Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғалымдар ғылыми-зерттеу
институтының қазақ тілі және әдебиеті бөлімі қазақ тілі методикасының
жүйелі курсын жасауға кірісті. Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын
жақсарту жөнінде, методикалық еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын
жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға
қойып, қазақ тілін оқытуға жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым - (сол
кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқақов болды.
М.Ұйықбаевтың 1957 жылы Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері,
Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар, ал 1962 жылы
Қазақ тілі методикасының очерктері деген еңбектері басылып шықты.
Бұл аталған методикалық еңбектерде морфоргафияны оқуға жан-жақты
талдау жасалынады, оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде пайдаланып
жүр. 1957 жылы Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері,
Пунктуацияны оқыту жолдары деген Ә.Хасенов еңбектері жарық көреді. Кәшен
Жолымбетовтың 1958 жылы 5-6 сынып оқушыларында кездесетін орфографиялық
қателерді түзету және болдырмау жолдары, 5-7 сынып оқушыларының ана
тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар (1961), Қазақ
орфографиясын оқытудың негізі (1962) атты методикалық еңбектерінде қазақ
орфографиясын оқытудағы негізгі принциптер мен тәсілдер сараланып берілді.
Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы Қазақ тілін оқыту
методикасы атты еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері,
тәрбиелік мәні, басқа пәндермен байланысты, білім берудің методтары мен
жолдары деген мәселеге тоқталды.
1956 жылдан бастап Балғаным Құлмағанбетова қазақ тілі методикасының
көптеген мәселелеріне ғылыми әрі практикалық жағынан зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту (1957), 6-сыныпта
қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру (1965
ж.), 5-сыныпта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру (1966 ж.), Құрамалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері
(монография) (1963 ж.), 5 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
техникалық құралдарды пайдалану (1968), Аз комплектілі мектептерде
сабақта ұйымдастырудың жолдары (1974), Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған
дидактикалық материал (1975,1979, 1983), Қазақ тілінен 4-5 сыныптарға
арналған тіл ұстарту (1978), 7-сыныпс қазақ тілі оқулығына Методикалық
нұсқау (1983), Жай сөйлемдер синтаксисінің таблицасы (1984), Қазақ тілі
оқулығы (шетелде тұратын Отандастарымызға арналған, 1984), Кешегі мен
бүгінгі Алматы (1984) оқу диофильмі еңбектерін жазды. Бұл еңбектер қазір
мектеп практикасында пайдаланып жүр. Сол сияқты Бибігүл Кәтенбаева да 1995
жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасының даму тарихына көп үлес
қосты. Оның Морфологияны оқытудың методикасы (1975), Қазақ тілінен 4-5
сыныптарға үлестірмелі карточкалар (1978), Сөз құрамын оқыту (1968), 4-
сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (1984), Еліктеуіш
сөздер (1974), Грамматикалық таблицалар (1972, 1974, 1977, 1983) (4,5,6
сыныптарға арналған); Москва – бағыт астанасы (1982), Қасқырды жеңген
бала (1983) оқу диафильмдері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алады.
1978 жылдан бастап Айтбай Айғабыловтың Лексиканы оқытудың кейбір
мәселелері (1980), 6-сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығы (1982, 1984),
6-сынып қазақ тілі оқулығының методикалық нұсқауы (1983), Морфологияға
байланысты грамматикалық таблица (1984), Қазақ тілінің программасы (1983-
1984), М.Әуезовтың Қараш-қараш әңгімесіне байланысты жасалған оқу
диафильмі (1984) сияқты еңбектері жарық көрді.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінеді.
Құрамалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов.
Х.Арғыновтың жай сөйлем синтаксисін оқудың методикасы (1969), Құрамалас
сөйлем синтаксисінің методикасы (1964), Қазақ тілі методикасы (1974),
Құмалас сөйлемдер таблицасы (1985) тағы да еңбектерін айтуға болады.
(1.19-21 бет.).
Мектеп программасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік
мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип
негізінде іске асырылады.
Қазақ тілі морфологиясының қарастыратын объектілері тілдің бірден-бір
нақты зерттелген, әбден қалыптасқан актуалды мәселелері болып есептеледі.
Сондықтан қазақ тілі морфология материалдардан оқытуда зерттелмеген екіұшты
ұғым туындыратын категориялар ұшыраспайды.
Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім.
Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына
мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі. Морфологияны оқытуда
мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың
әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр-сипатының барлығын және
контексте қандай қызымет атқаратынын оқушыларға білдіру талап етіледі.
Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу
жұмыстары әр сабақ үстінде үнемі ескеріп, іске асырып отыратын негізгі өзек
болады. Сондықтан тіл фактілерінің сапалы да, тиянақты меңгертілуі,
мұғалімдердің теориялық бөліміне тікелей қатысты. Мұғалім тілдің ішкі
заңдылығын жан-жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де, тілдің жүйесі
де, тараулары да өзара байланып, дұрыс оқытылады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытатын үстаздарға ортақ грамматикалық
бір тұлғаны екінші бір ұқсас категориялармен шатастырып алушылық жиі
ұштастырады. Сонымен қатар, кейбір тақырыптардың өзіндік сыр-сипатын
саралап, нақтылап беруде, кейбір ұстаздар грамматикалық талдауға үстірт
қарап, оқулықта берілген ереже, анықтамалар мен мысалдарды қайталап айтып
беру мен шектелетін жайлар да бар. Тіл сабақтарында ұшырасатын олқылықтарды
жоюда мұғалімдер өз білімдерін жетілдіріп, толықтыруды бүгінгі мектеп
реформасы талабындағы шешімдердің ең бастысы деп қараулары керек. Жалпы
білім беретін орта мектептің он бір жылдық мерзімге ұзартылуына бастауыш
сыныптың оқу мерзімі төрт жылға созылу мәселелеріне байланысты мектепте
берілетін білім негіздерінің программалары қайта қарастырылып жетілдіреді.
Морфология бөлімінің объектілері ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп,
нақтыланған, осыған орай, морфологияны оқыту мәселесі де методикалық жақтан
қарастырылуы аз емес.
Реформа негізде жетілдірілген қазақ тілі программасы Қазақстан
мектебі журналының 1986 жылғы 11-нөмірінде жарияланып, мұғалімдердің
талқысына ұсынылады. Бұл жетілдірілген қазақ тілі программасында фонетика,
зат есім, сын есімдер бөлшектенбей, тұтас бір жерде, бір сыныпта өтілу
ұйғарылады. Фонетика және зат есім түгелдей 4-сыныпта, сын есім түгелдей 5-
сыныпта оқылу ұйғарылған. Ал етістік бұрынғы 4-5-6 сыныптарда оқытылуы
сақталған. Бұрынғы программада оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
етістіктің ішік жүйесінің тізімінде өзгеріс болған еді. 4-8 сыныптарда
етістіктің ішкі заңдылық жүйесін сақтау енгізіледі.
Атап айтқанда, Әлімжанов Д., Маманов Н. Қазақ тілі методикасы,
(1965), Ұйықбаев М. Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші
материалдар (1957), Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы, (1946),
Кәтенбаева Б., Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы, (1975),
Еліктеу сөздерді оқыту, (1974), Мұғалімдерге қазақ тілінен көмек,
(1972), Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері (1956)
тақырыпты күрделі еңбектердің бәрінде де қазақ тілі морфологиясының
объектілерін оқыту мәселесі әрқилы әдіс-тәсілдерімен, индукция, дедукция
және аналитикалық, синтетикалық, сұрақ-жауап әдістері, салыстыру,
әңгімелесу, ізденіс жасату, ойландыру, сөйлеу әдістері арқылы оқытудың
жолдары жан-жақты сөз болады. Қазақ тілі морфологиясының жеке категориясын
оқыту жөнінде шыққан кітапшалар мен жинақтар, методикалық көмекші
құралдардың саныда біраз мұғалімдердің едәуір еңбектері Мектепте қазақ
тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (1957, 1958, 1959, 1961, 1963, 1972,
1974); Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (1982), Мектепте қазақ
тілін оқыту проблемаларын жетілдіру (1984) деген методикалық жинақтар әр
жылдары жарық көрді.
Республика, облыс, қала, аудан көлемінде өтетін Педагогикалық
оқуларда озат тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесі жөнінде жасалған
баяндамалардың көпшілігінде морфология тақырыптарының оқытылуы көлемді орын
алған.
Сондай-ақ бұл айтылғандардан басқа да морфологиялық бөлімін оқытуда
Мектеп баспасынан шыққан таблицалардың саны да едәуір.
Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілі оқыту барысында балалардың
сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса, қалай дұрыс
сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп
назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар
пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының он бойында
үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың
қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген
көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектептерінде
оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық,
морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар
сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп
табылды. Осы жағдай 60 жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім
мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. (2.11-
13 б.)
Қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламаларын жақсарту жөнінде,
әдістемелік еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат
мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселерін дұрыс жолға қойып, қазақ
тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым-профессор А.Ысқақов
болды. Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмысын
дұрыс жолға қою міндеттелінді. Озат мұғалімдерді, методистерді ғалымдарды
қазақ тілін оқыту мәселесімен айналасуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық
жасап жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өмірінде-ақ
қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектері жарық
көреді 4.
Бұл салада Қазақстан Республикасында еңбек сіңген мұғалім Иманбек
Ұйықбаев, Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілін
дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды.
Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы – Қазақ тілін оқыту
әдістемесі атты еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері
тәрбиелік мәні, оның ғылыми негіздері, басқа пәндермен байланысы, білім
берудің әдістемелері мен жолдары деген мәселеге тоқталды. Бұл күні бұл
еңбек өзінің практикалық жағынан құнын жойған жоқ.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім
көлемі де ұлғайды. Осыған орай бұл пәндердің ғылыми-теориялық дәрежесін
көтеріп, оқыту мәселелерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру
жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі
міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдісімен
қаруландыру, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды
көбірек қолдануды ұйымдастыру, сабақты мазмұнды әрі тартымды жүргізу талап
етеді.
Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми-теориялық мәселері тіл білімімен қатар
мектеп тәжірибесіне де сүйенеді. Мектеп тәжірибесі, оның ішінде озат
тәжірибе арқылы әдістеме теориялық жағынан жетіліп, толығып, жаңа факті,
идеялармен байып, мұғалімдер тәжірибесі әдістемені дамытып отырады.
Сондықтан озат тәжірибені мектеп тәжірибесіне ендіру – аса қажетті
мәселелердің бірі. Өйткені, озат тәжірибе арқылы сабақтың әдістемесін
жетілдіру, оқушылардың ақыл-ой дербестігін, танымдық қабілеті мен қоғамдық
белсенділігін дамыту, білімге ынтасын арттыру, педагогикалық оқулар өткізу
сияқты проблемалар іске асырылады.

2. Сөз таптарын сабақтастыра оқытудың мәні

Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында грамматиканың
алатын орны мен оны оқытудың мәні зор. Грамматиканы оқыту - оқушының
сөйлеу, жазу тілі дағдысын, мәнерлі оқуын, орфографиялық, пунктуациялық
және стильдік білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті
болып танылады. Тілдің қарым-қатынас, пікір алысу құралы екендігінің іштей
үлкен екі обьектісі бар; бірі - тілдің сөздігі, екіншісі - грамматикалық
құрылысы.
Грамматиканы оқытудың өз жүйесі, өз заңдылығы бар. Тілдің ішкі
заңдылықтарын білдіруде, тіл пәнінің мұғалімдері өз ана тілінің практикалық
және теориялық жақтарын жете біліп, олардың тілдің ішкі салалары мен тығыз
байланысты болатынын ескеріп, оларды үнемі бірлікте, қарастыруы керек.
Мектепте оқытылатын білім негіздерінің бәрі де тіл арқылы
меңгертіледі. Тілсіз бірде-бір ғылым негіздерін меңгеру, қоғамдық құбылысты
тану мүмкін емес. Олай болса, тілді оқыту, оның ішінде ана тілін оқытудың
міндеттері әр халықтың мәдениетін, әдеп-ғұрпын, тарихын танытудың негізгі
құралы болып есептелінеді.
Әр ұлттың әдет-ғұрпы, мәдениеті, өсу тарихы, өмір тарихы ауыз екі
сөйлеу, жазу ерекшеліктері, әдеби тіл нормалары сол тілдің грамматикалық
заңдылықтары арқылы танылып, сол тілдің жазуы арқылы сақталады. Ұлт
мектептерінде тәлім-тәрбие ғылым негіздерінен берілітін білім, түрлі
педагогикалық жұмыстар, достық қарым-қатынас мәселелері ана тілі негізінде
жүргізіліп, ана тілінде шыққан құралдар, газет-журналдар арқылы оқушының
логикалық ойы дамиды. Оқушының өмір танымына, ақыл ойының кеңеюіне мектеп
қабырғасында оқытылатын пән атауларының бәрі де үлкен себепкер бірақ ана
тілінің алатын орны, атқаратын қызметі ерекше. Оқушының бойындағы білім де,
мәдениет те, өзін ұстауы да, ізденгіштігі, мінез-құлқының бәрі де ана тілі
арқылы танылады.
Орыс халқының педагогы К.Д.Ушинский логика тілге арқылы, негіз болады
ол тілдің грамматикалық заңдары арқылы жарыққы шығып, көріктенеді.
Сондықтан ана тілін оқытатын мұғалім осы логикадан ешуақытта алшақ кете
алмайды, онсыз жұмыс істей алмайды. Баланың логикасы онша дамымаған,
жетімсіз болса, ұғым да толық шықпай, ойдың бұлдыр, күңгірт болатынын айта
келіп, баланың сөздік қоры мол, дамымаған болса, оның ой-өрісінің де
кеңдігін білдіретінін айтқан 5.
Қоғам тарихындағы тіршілік, даму, өсу, өзгерулердің бәрі тілдің
грамматикалық құрылысы арқылы танылып, қорытылып, тұжырымдалып отырылады.
Қорыта келгенде, адам баласының барлық таным процестері тіл заңдылығын
білуден, оқудан, ой сауатын ашудан басталады. Сондықтан тілдің
грамматикалық құрылысын оқытудың мәні айрықша.
Тілдің грамматикасының өз ішінде морфология және синтаксис болып
бөлінетін үлкен екі саласы бар. Бұл екі бөлім бір-бірімен тығыз байланыста
қарастырылатын бір бүтіннің екі жағы. Морфология синтаксис бір бүтіннің екі
жағы болғанымен бұлардың өз алдына қарастыратын обьектілері басқа-басқа.
Морфология - сөздерді жеке-жеке қарастырмайды, оларды белгілі топқа бөліп,
сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және өзіне тән
ерекшеліктерін анықтап, сол жөнінде анықтама жасайды. Синтаксис - сөздердің
тіркесін, сөйлем заңдылықтарын жүйелеп сол жөнінде анықтамалар жасайды.
Морфология мен синтаксистің қарастыратын обьектілерінің үнемі бірлікте
жұмсалатыны грамматикалық талдау амал-тәсілдері арқылы іске асырылады.
Грамматикалык, талдаулардың барысында морфология синтаксис ішінде,
керісінше синтаксис морфология ішінде жарыса қолданылып, олар өзара тығыз
байланыста бір-бірімен ұштастырыла оқытылады.
Грамматика морфология және синтаксис болып екі тарауға бөлінуіне
қарай, олардың оқытылуы да екі салаға бөлініп қарастырылады.
Қазақ тілі морфологиясының қарастырылатын обьектілерін тілдің бірден-
бір нақты, зерттелген, әбден қалыптасқан актуальды мәселелері болып
есептеледі. Сондықтан қазақ тілі морфология материалдарын оқытуда
зерттелмеген екі-ұшты ұғым тудыратын категориялар ұшыраспайды.
Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім.
Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына
мен қызметке ие болып тұрғаны ескертіледі. Морфологияны оқытуда
мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтарының
әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр-сипатының барлығын және
контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға білдіру талап етіледі.
Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу
жұмыстары әр сабақ үстінде үнемі ескерліп, іске асырылып отыратынын негізгі
өзек стержень болады. Сондықтан тіл фактілерінің сапалы да тиянақты
меңгертілуі мұғалімдердің теориялық біліміне тікелей қатысты. Мұғалім
тілдің ішкі заңдылығын жан-жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де,
тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып, дұрыс оқытылады. Қазақ
тілі мен әдебиет пәнін оқытатын ұстаздарға ортақ грамматикалық бір тұлғаны
екінші бір ұқсас категориялармен шатастырып алушылық жиі ұшырасады. Сонымен
қатар, кейбір тақырыптардың өзіндік сыр-сипатын саралап, нақтылап беруде,
кейбір ұстаздар грамматикалық талдауға үстірт қарап оқулықта берілген
ереже, анықтамалар мен мысалдарды қайталап айтып берумен шектелетін жайттар
да бар, мұндай кемшілік көп-ақ. Тіл сабақтарында ұшырасатын олқылықтарды
жоюда мұғалімдер өз білімдерін жетілдіріп, толықтыруда бүгінгі мектеп
реформасы талабындағы шешімдердің ең басты қараулары жалпы білім беретін
орта мектептің он екі жылдық мерзімге ұзартылуына, байланысты мектепте
берілетін білім негіздерінің бағдарламалары қайта қарастырылып
жетілдірілуде 6.
Морфология бөлімінің объектілері ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп,
нақтыланған, осыған орай, морфологияны оқыту мәселесі де әдістемелік жақтан
қарастырылуы аз емес. Атап айтсақ, С.Жиенбаев Қазақ тілі әдістемесі,
1946, Ш.Сарыбаев Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері, 1956, 1959,
Әлімжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілі әдістемесі, 1965, Ұйықбаев И Қазақ
тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар, 1957, Кәтенбаева Б,
Нұрғалиева М Морфологияны оқытудың әдістемесі, 1975. Еліктеу сөздерді
оқыту, 1974, "Мұғалімдерге қазақ тілінен көмек", 1972: "Қазақ тілі
әдістемесінің мәселелері" 1969 тақырыпты күрделі еңбектердің бәрінде де
қазақ тілі морфологиясының обьектілерін оқыту мәселесі әрқилы әдіс-
тәсілдермен индукция, дедукция және аналитикалық, синтетикалық, сұрақ-жауап
әдістері, салыстыру, әңгімелесу, ізденіс жасату, ойландыру, сөйлеу әдістері
арқылы оқытудың жолдары жан-жақты сөз болады. Қазақ тілі морфологиясының
жеке категорияларын оқыту жөнінде шыққан кітапшалар мен жинақтар,
әдістемелік көмекші құралдардың саны да біраз.
Республика, облыс, қала, аудан көлемінде өтілетін "Педагогикалық
оқуларда" озат тәжірибелердің іс тәжірибесі жөнінде жасалған баяндамалардың
көпшілігінде морфология тақырыптарының оқытылуы көлемді орын алған.
Сондай-ақ бұл айтылғандардан басқа морфология бөлімін оқытуда "Мектеп"
баспасынан шыққан таблицалардың саны да едәуір.
I сыныпқа арналған грамматикалық әрбір бөлімнің қарастыратын
мәселелері мен объектілері басқа-басқа болғанмен олар іштей өзара тығыз
байланысты, бірлікте оқытылады. Сондықтан әрбір сөз тобының заңдылықтарын,
олардың грамматикалық белгілерін меңгертуді фонетика, лексика,
орфографиялардан өтілген білімді еске түсіріп, солармен ұштастыра отырып
іске асыру керек.
Сөз таптарының сыр-сипатын ашпастан бұрын, ең алдымен қазақ тілі
лексикологиясындағы сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай үш
топқа бөлінетінен мәлімет беріледі. Бұны мұғалімдердің өздері саралап,
жіктеп алуы керек. Оқушыға нені аңғарту бағдарлама, оқулық негізінде
жоспарланады.
Қазақ тілі лексикасындағы сөздер мағына, тұлғалық өзгерістеріне және
қызметтеріне қарай негізгі сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып
бөлінеді.
Негізгі сөздердің өздеріне тән дербес мағыналары болады. Негізгі
сөздер мейлі контексте болсын, мейлі жеке-жеке сөздік түрінде қолданылып,
әрқашан белгілі бір ұғымдық атауда жұмсалып, арнаулы бір сұраққа жауап
болып, сөйлемнің құрамды бөлшегі немесе сөйлем мүшесі бола алады. Негізгі
сөздер түрлі грамматикалық көрсеткіште түрленіп, қажетіне қарай басқа
сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсе беретіні мысалмен дәлелденеді.
Негізгі сөздердің семантикалық - лексикалық және грамматикалық
мағыналары мол, әрқилы реңге түрленіп, сөздердің толық құбылыстарын
аңғартатын категория екенінен мәлімет беріледі.
Көмекші сөздердің тобына енетін сөздердің өздеріне тән арнаулы дербес
сөздік мағыналары болмайды, олар тіркес сөздер және сөйлем құрамында
дербес мағыналы негізгі сөздермен ғана селбесіп, олардың мағыналары негізгі
сөздермен ғана нақтылай түсетін реңктік мағына мен оларды екінші бір
сөздермен қарым-қатынасқа түсіретін қызмет атқарады. Көмекші сөздердің
тіркесетін негізгі сөздеріне байланысты өз ішінде бірнеше түрге
ажыратылады. Көмекші сөздер шылау, көмекші есімдер, көмекші етістіктер
болып белінеді.
Сөздердің лексикалық мағыналары жағынан үшінші топқа бөлінетін түрі -
одағай сөздер. Одағай сөздер тобына жататын сездердің мағыналары негізгі
сөздерден бүтіндей басқаша. Атап айтсақ: одағай сөздердің мағыналары нақты
емес, олар адамның алуан түрлі көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімдерін
білдіретін абстрактылы ұғымдардың атаулары екендігі танытылады. Одағай
сөздер контексте белгілері: бір сөйлем мүшелерімен байланысқа түспейді.
Олар өз алдына оқшауланып жұмсаларына көңіл аударылады. Одағай сөздердің
мағынасы болғанымен грамматикалық өзгеріске түсе алмайтыны айтылуы тиіс.
Қорыта келгенде, қазақ тілі лексикасындағы сөздердің жоғарыдағыдай
негізінен үш топқа бөлінетіні, бұлардың ең бастысы - негізгі сөздер екені
айтылады. Көмекші сөздер, одағай сөздер болып сараланатыны, олардың негізгі
сөздер шылауында жұмсалып, дәнекерлік қызмет атқаратыны да нақтыланады.
Бұлар көмекші есім, көмекші етістік, шылау, одағай сөздері бар сөйлемдерден
мысал келтіріп, оның құрамын талдау процесінде түсіндіріледі. Мысалы,
Дастарқан үстінде өмірде сирек кездесер аса бір тәтті сырласу басталды
Х.Кәрімов деген сөйлемдегі сөздерге толық талдау жасалып, негізгі,
көмекші сөздер өзара салыстырыла оқытылады.
Негізгі мағыналық тұлғалық ерекшеліктеріне және өзара бір-бірінің
жақындықтары мен сипаттарына қарай сөздердің бірнеше лексика -
грамматикалық топқа бөлінетінінен де мәлімет беріледі. Негізгі сөздер мен
көмекші сөздердің өзара топталуы семантика-лексикалық жақтарына қатысты
болса, негізгі сөздердің грамматикалық сипаттарына байланысты олардың
есімдер тобы, етістіктер тобы болып саралануы да аңғартылады.
Қазақ тілі лексикасындағы сөздерді өз ішінде топтастырып, белгілі бір
сөз табына бөлуді олардың ортақ принципі негізге алынады. Сөздер
топтастырылғанда олардың жалпы лексика- грамматикалық сипаттары белгілері
көрсеткіштері көпшілігіне бірдей ортақ болып келуі негізінде жіктеледі.
Сөз табына бөліну негізінен алғанда сөздердің лексика-грамматикалық
ерекшеліктерінен туған заңдылықтар.
Сөз табының лексика грамматикалық ерекшеліктерінен дұрыс аңғарту үшін,
мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік үш белгісі
бірдей қарастырылады. Осы үш түрлі принципті бірдей қамтып, оларды түгелдей
ескеріп отырған жағдайда ғана әр сөз тобындағы мағына мен форма нақты
ашылып, сөз тобының бөліну принципі дұрыс аңғартылады.
Осындай үш түрлі принципті басшылыққа алғанмен бұлар сөздердің бәрінен
бірдей табыла бермейді. Сондықтан бұл үш принцип кейбір сөз топтары үшін
негізгі принцип болса, енді бір сөз топтарына жартылай қатысты, үшінші бір
сөз тобында бұл үш принциптің тіпті қолданбауы мүмкін. Мысалы, есім сөздер
және етістік тобына бұл үш принциптің бәрі ортақ.
Одағай сөздерді анықтағанда морфологиялық, синтаксистік белгіні іздеп
жатудың қажеті жоқ, одағайдың өзіндік ерекшелігі бар. Қазақ тілі
лексикасындағы сөздердің негізгі сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер
есімдер тобы, етістік тобы болып сараланатын түрлері мен бұлардың
әрқайсысының іштей өзара бөлінетіні таблица көрнекілігі арқылы нақты
мысалдар төңірегінде түсіндіріледі 7.

2 Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
технологиясы

2.1 Бастауыш мектепте сан есімді оқытуға байланысты меңгерілетін білім
мазмұны

Сан есімдер мағынасы мен қызметі жағынан сын есімдерге өте ұқсас,
демек, сын есімдер зат есімнің әрқилы сапасын, сынын, қасиетін, түр - түсін
білдірсе, сан есімдер тобындағы сөздер зат есімнің алуан тұрлі сан
мөлшерін, шамасын білдіреді.
Сан есімдер ішінара есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік,
топтау сан есімдер болып бірнеше салаға бөлінетіні сараланып түсіндірімді.
Сан есімдердің лексика семантикалық мағыналары, морфологиялық қасиеттерін
және әрбір сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметін түсіндіру сын есімнің
ерекшелігін оқыту жолымен ұштастырылып оқытылады.
Сын есім мен сан есімнің грамматикалық белгілерінің ұқсастықтары көп.
Бұл ұқсастықтар сөз таптарына тән үш түрлі принциптіқ үшеуіне де сын есім
де, сан есім де ортақстасып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, сын есім заттық
сынын білдірсе, сан есім заттың санын білдіреді. Екеуі де зат есімнен
тіркесіп сөйлемде, негізінен, анықтауыш қызметін атқарады. Ал морфологиялық
жасалу жолдарының да ортақтастық жақтары мол. Сан есімдер дара, күрделі,
негізгі, туынды болып келуі - "Сөздердің жасалуы" деген бұрын өтілген
тарауда айтылған таныс категория. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, сан
есімді ұтымды меңгертудің жолы салыстыру, сұрақ - жауап әдістері арқылы
іске асады.
Сан есімдердің мөлшерлік мағынада қолданылатын: жарым, жарты, дара,
жалғыз, сыңыр, қос, егіз деген сөздер, сол сияқты центнер, килограмм, пұт,
тонна, қадақ, гектар, кубометр, адым, шақырым, қарыс, елі, ат шаптырым, бие
сауым, қас, қаққанша, ет асым, шай қайнатым, қас пен көздің арасында деген
сияқты мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барын да
ескеру керек. Бұлар мағына жағынан сан мөлшерін білдіргенімен, сан есімдер
тобына жатпайтын фразылық тіркестер екені аңғартылады.
Сан есімдер жасалу жүйесі жағынан, семантика - лексикалық мағыналары
жағынан іштей өз алдына жеке - жеке категорияларға, топқа бөлінетінін
мектеп оқушыларына саралап түсіндіру көзделеді. Сан есімнің мағынасы көп:
кейбір сан есім заттың дәл нақты санын білдірсе, енді біреуі ретін, үшінші
бір тобы болшегін, төртінші бір тобы топтау көрсеткішін білдіреді. Бұлардың
әрқайсысының өздеріне тән мағыналық және жасалу жолы, белгілі бір қызметі,
болатыны айтылады.
Сан есімдер мағыналарына қарай сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.
Бірақ сан есімдердің сөйлемдегі негізгі қызметі анықтауыш екені
ескертіледі.
Сан есімдердің лексика - семантикалық мағыналарын, морфологиялық
көрсеткіштерін және сөйлемдегі қызметін оқушыларға меңгерту де сын есімнің
жүйесімен оқытылады. Сонымен қатар, өз алдына жеке кітап болып шыққан
методикалық құралдарда есім сөздердің окытылуына сабақ үлгілері толық
берілген.
Сан есім туралы түсінік.
Мақсаты: 1. Сан есімнің семантикалық мағынасын аңғартып, зат есіммен
табиғи байланыста жүмсалатынын түсіндіру. Сан есімнің мағыналық түрленуіне
қарай Неше? Нешінші? Сияқты арнаулы сүрауларының барын меңгерту.
2. Сан есімнің мағынасын түсіндіруге керекті плакаттар мен сюжеттік
суреттер пайдалану.
Сан есімнің мағыналық ерекшелігін әрбір мұғалім, өз тәжірибесіне
байланысты индукция синтез, анализ сияқты амал -тәсілдерді қолдану арқылы
жандандырып отырады. Әр сөз табының өзіндік қасиетін таныту әр түрлі амал -
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сонымен қатар, кейбір сөз таптарының
бірден ережесін айтып, одан әрі қарай ішкі өзгешелігін танытуды көздесе,
енді бір сөз табы талдаудан, анализден бастауды қажет етеді, оқушылардың
көздері әбден жеткен соң барып, ереже шығаруға болады. Амал - тәсілдердің
бүлайша алмасып, түрленіп отырылуы мұғалімге де, өтіліп отырылған тақырып
сырына да байланысты.
Сан есімнің сематикалық мағынасын аңғартуды әңгімелесу, сұрақ - жауап
әдістері арқылы да, бірден ережесін беріп, оған орай сүрауларын атап, одан
әрі сөйлем талдатып кетуге де болады. Бірақ бұлай етуден гөрі әңгімелесу
әдісі арқылы ең алдымен талдаудан бастаған жөн. Оның себебі мұның алдында
оқушылар зат есімді, сын есімді өткен.
Бірнеше сөйлемдерді не тақтаға, не плакат етіп жазып, әңгімені осы
төңірегінде өткізу қажет.
1. Алматында үлкен, әдемі, зәулім үйлер салынуда.
2. Облысымыз 166 мың гектар егін сеуіп, 14 миллион пут астық алды
(С.М.).
3. Мектебіміздің сабағы сағат сегіз жарымда басталады.
4. Әскерлерді сапқа төрт - төрттен, сегіз – сегізден тұрғызады.
Бүл төрт сөйлемді былайша талдап, сын есім, сан есімдердің зат
есімдермен табиғи бірлікте қолданылатынына оқушылардың көздерін жеткізу
керек.
Бірінші сөйлемнің құрамынан зат есімді (мысалы, үй) таптырып, оған
қатысты (үлкен) сұрақ қойып, олардың үй деген зат есімнің әр қилы сынын
білдіріп тұрғаны еске түсіріледі. Бүл сөйлемді берудің себебі сын мен
заттың табиғи байланыста қолданылатынын аңғарып, өткен сабақты жаңа
сабақпен бай л аныстырамыз.
Ендігі кезеңде екінші сөйлемнің құрамын талдауға кірісеміз. Егін,
астық сөздерін таптырып, 166 мың гектар, 14 миллион пүт дегендер егін,
астық сөздерінің сан мөлшерін білдіретіні айтылады.
Үшінші сөйлемнен сегіз жарым деген сөзінің сан есім екені танымылады.
Сегіз жарым деген сандық үғымның 166 мың гектар, 14 миллион пүт деген
үғымдардан нендей айырмашылығы барын оқушылардың өздеріне сәл ойландырып,
алдыңғы сөйлемдегі сандар (166 мың гектар, 14 миллион пүт) заттың санын
нақты атап берсе, соңғы сегіз жарым заттық санын бөлшекке бөліп көрсетіп
түрғаны аңғартылады. Сол сияқты, төртінші сөйлемге әскерлер сапқа нешеден
тұрғызылды? деген сұрақ қойып, төрт - төрттен, сегіз - сегізден деген сан
есімдерді таптырып, бұлардағы сандық ұғымдар топталып тұрғаны айтылады.
Міне, осылайша бірнеше сөйлемдердегі сан есімдерді таптырып, олардың
семантикалық, грамматикалық мағыналарын сұрақ қою арқылы аңғартқан соң,
анализден жинақтау жасалады. Бұл үшін мұғалім: - Балалар, осы сөйлемдегі
сан есімдер қандай сұраққа жауап болып тұр? деген творчестволық ойландыру
сұрақ қоюды да, канша? Нешеде? Нешеден? деген сұрақтарды айтқызады. Мұнан
соң сан есім деп қандай сөз табын айтамыз? деген екінші сұрақ қойып, сан
есімнің ережесін оқушылардың өздеріне айтқызу керек. Осылайша сан есімнің
зат есіммен тығыз байланыста қолданылатынын сұрақ - жауап әдісі арқылы
түсіндіріп, өздеріне қорытынды жасатқан соң, мұғалім шағын сөзбен: "Сөйтіп,
сан есім заттың әр қилы санын білдіріп, неше? қанша? нешінші? нешеден?
деген сұрақтарға жауап болатынын білдік. Сан есім де, сын есім сияқты,
үнемі зат есіммен тығыз байланыста болады екен", деп, сан есімнің лексика -
граматикалық мағыналарына жаттығу жүргізеді.
Сан есімнің қандай сөз табы екенін ұзақ есте сақтау үшін жүргізілетін
жаттығу алуан түрлі жолмен жүргізіле береді.
Ауызша жаттығу. Оқушылардың белсенділігін, ізденгіштігін, білім
құмарлығын арттыру үшін әр түрлі мазмұнда құрастырылған мынадай сұрақтар
қоюға болады; Қашан тудың? Нешедесің? Нешінші сыныпта оқисың? Күніне неше
сабақ оқисындар? Сыныптарыңда қанша оқушы бар? Үзіліс кезіндегі кезекшілер
нешеден тұрады? Мектеп маңына ағашты қаншадан отырғыздыңдар? Мектеп
участогының жері қанша? Семьяларында неше адам бар, олардың жастары нешеде?
Жазбаша жаттығу. 1. Шағын текст беріп, одан сан есімдерді тергізіп әрі
сөзбен, әрі цифрмен жаздыруға болады.
2. Тақтаға немесе карточкаға жеке сан есімдерді бірде цифрмен, бірде
сөзбен жазып, олардың цифрмен жазылған түрін сөзбен, сөзбен жазылған түрін
цифрмен жаздыру талап етіледі.

Бастауыш сыныптарда сан есімнің түрлерін оқыту
барысында дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі.

2.1.Дара және күрделі сан есімдерді оқыту жолдары
Сан есімдер кұрамына қарай бір сөзден де, одан көп бірнеше сөздерден
кұралып қолданылатынын айту. Сонымен қатар, сан есімдер бірыңғай цифрмен,
не бірыңғай сүзбен және цифр мен сөз түрлерінің алмасып та келетінін
таныту. Сол сияқты, сан есімдердің құрамында гектар, пұт, литр, метр, сома,
км, тонна сөздерінің қабаттасын қолданылатынын да ескерту.

Дара сандар Күрделі сан есімдер
Сөз тіркесі Қосарлану түрі
1.Бір, жиырма, жүз, мың 1.Он бес, • бір жүз 1.Қырық - елу, бес -
миллион алпыс, бес миллион. алты.
2.Мыңдаған жүздеген, 2.Жүзге жуықмыңға тарта 2.Бір - бірден, үш-
жүздей, елулеп онға таман. үштен.
3.Он см. бес тонна, жүз 3.Бес - бестен.
гектар, үш есе 4.Алпыс - жетпістей

Дара сан есімдердің бір ғана сөзден жасалатының айтып, олардың
лексикалық мағыналары алуан түрлі болатынын схеманың бірінші графасындағы
мысалдар арқылы түсіндіруге болады.
Күрделі сан есімдер күрделі ұғымдардың атауын білдіріп, жасалу
жолдарына қарай, өз ішінде сөздердің тіркесінен және сөздердің қосарланып
келуі арқылы жасалатынын айтып, олардың түрлеріне екінші, үшінші
графалардағы сандардан мысал келтіру керек.
Дара сан есімдердің де мағыналары күрделі болып келетіні бар, бірақ
тұлғасы бір сөз болып табылады. Оны төмендегідей екі түрлі жазу арқылы
нақтылау керек. Мысалы: 40 - қырық, 20 -жиырма, 80 -сексен, 100 - жүз, 1000
- мың, 1000000 миллион.
Дара сан есімдер бір сөзден жасалғанымен, құрамы негізгі, туынды
тұлғаларда келетіні туралы мәлімет берілгені жөн. Мысалы, бір, екі, үш,
бес, тоғыз, он, елу, жеті, қырық, жүз, мың сөздері негізгі түбірлерден
жасалынып тұрса, қырықтай, отыздай, мыңдаған, жүздеген дегендер негізгі
түбірден - тай - дай - даған, - деген жүрнақтардың қосылуы арқылы жасалыньш
түрған туынды дара сан есімдер екені түсіндіріледі.
Күрделі сан есімдер мағыналары жағынан да, тұлғалары жағынан да
күрделі болып келеді. Бірақ бұлардың жасалуында іштей айырмашылық бар.
Сөздердің тіркестерінен жасалған күрделі сан есімдерді мынандай
түрлерге бөліп, олардың жасалуындағы ерекшеліктерді аңғарту керек.
а) екі не одан да көп түбір сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы
жасалады: он бес, он жеті, жиырма бес, бір жүз алпыс екі, төрт мың, екі
миллион, үш жүз қырық, алты жүз отыз, жеті жүз сексен үш, бес миллиард
т.б.,
ә) түбір сан есімдерге жуық, тарта, таман, шамалы, шақты, қаралы,
жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: он шақты, қырық шамалы, жүзге
жуық, мыңға таман, мың қаралы, миллионға жақын т.б.
б) түбір сан есімдеріне гектар (гк), литр (л), метр (м), километр
(км), сантиметр (см), тонна (т), грамм (г), килограмм (кг), есе сөздерінің
тіркесіп келуі арқылы жасалады: қырық мың гектар, жүз метр, елу км, 75 см,
243 тонна, 6 метр, 3 есе, 436 кг т.б.
Күрделі сан есімдердің қосарланған түрі сан есімдердің қосарланып
қолданылуынан жасалады. Бұлардың өзі өз ішінен мынадай түрге бөлінеді:
а) екі түрлі түбір сан есімдерінің қосарланып келуі арқылы жасалады:
қырық - елу, отыз - қырық, бес - алты, мың - миллион, сексен - тоқсан, жүз
- жүз елу т.б.
ә) бір түбірдің екі рет қайталанып келген түріне шығыс септік
жалғауының қосымшасының қосылуы арқылы жасалады: бір - бірден, екі -
екіден, үш - үштен, алты - алтыдан, қырық - қырықтан, жүз — жүзден, мың -
мыңнан, екі жүз — екі жүзден, тоғыз — тоғыздан т.б.
б) екі рет қайталанып келген сан есімдердің екінші сыңарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Етістікті мектепте оқыту
Септіктер Септіктердің жалғаулары
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Сөз тіркесі
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәндер