Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау


Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Қолжазба құқығында
ЖАРИКБАЕВА ДАРИГА РАХИМЖАНОВНА
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДАЯРЛАУ
13. 00. 08. Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. д., профессор
Л. К. Керимов
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға құқықтық тәрбие
беруге даярлаудың ғылыми - педагогикалық негіздері …… . . . ………. 12
1. 1. Орта ғасыр ойшылдары, қазақ қоғам қайраткерлері және қазақ
ағартушы-педагогтарының жеке тұлғаға құқықтық тәрбие беру туралы
ой-пікірлері . . . 12
1. 2. Болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларына құқықтық
тәрбие берудің теориялық негіздері . . . 27
1. 3 Болашақ мұғалімдердің оқушыларға құқықтық тәрбие беруге даярлаудың
мазмұндық-құрылымдық моделі . . . 49
2. Болашақ мамандарды мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие
беруге даярлаудың педагогикалық шарттары . . . 59
2. 1. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға құқықтық тәрбие
беруге даярлаудың мазмұны мен бағдарламалары . . . . . . 59
2. 2. Болашақ мұғалімдердің оқушыларға құқықтық тәрбие беруге даярлау
технологиясы . . . 81
2. 3. Тәжірбиелік-эксперимент жұмысының нәтижелерін қорыту,
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру . . . . . . 96
Қорытынды . . . 113
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . 121
Қосымшалар . . . 129
Кіріспе
Қазіргі заманда жас ұрпақты өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық құрылымын, заңдарын, рәміздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын, заңда бекітілген міндеттерін білетін және осы аталынған институттарды қадірлейтін, оларға қол сұқпайтын құқықтық саналы, әрі мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі, мемлекеттің көкейкесті мәселесі. Өйткені, Қазақстан Республикасының Үкіметі қоғамды демократияландыру, заңдылық пен құқықтық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне баса назар аударатындығы ерекше аталынған [1, 53-б] . Сондай-ақ, бұл мәселе Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылуда. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев Ақтау қаласында 2001 жылдың 7 қыркүйегінде өткен жастардың бірінші конгресіндегі баяндамасында Республика халқы мен жас азаматтарын Қазақстан өркениетті мемлекеттер қатарында болуы үшін оқуда белсенді және өздеріне сенімді болуға шақырып, мемлекет азаматтарының білім деңгейі мен тәрбиелік сипаты әлемдік мәдениетке сай болу керектігін атап көрсетті. Қазақстан Республика Перзидентінің бағдарламасы бойынша мемлекеттің азамат тұлғасын қалыптастырушы құрал - тәрбие болып табылады [2, 1-2-б. б. ] .
Педагогика ғылымында тәрбие мәселесін көптеген ғалымдар зерттеп, оған әртүрлі түсініктер мен ұғымдар берген. Бұл ұғымдар негізгі үш мағынада беріледі: жеке тұлғаның бойындағы жалпылық немесе жеке қасиеттерін қалыптастыруды қоғам талабына сай келетіндей етіп жүйелі басқару; тұлғаның жеке басының тәртібінің, іс-әрекеттерінің, қасиеттерінің, санасы мен өмірге деген көзқарастарының қалыптасып, дамуына әсер ету; тәрбиені жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етуші күш ретінде пайдалану.
Жоғарыда көрсетілген ұғымдарды ескере келе тәрбиеге мынандай түсінік беруге тура келеді. Тәрбие - бұл жан-жақты білімді, білікті, саналы, сондай-ақ мәдениетті, өз Отанын сүйетін, елінің қамын ойлайтын, қоғамның дамуына зор ықпал ететін мемлекеттің үлгілі азаматы тұлғасын қалыптастырып, дамыту мақсатында жүргізілетін жүйелі және жоспарлы іс-әрекет.
Педагогика ғылымында тәрбиенің ақыл-ой, азаматтық, адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, құқықтық сияқты түрлері зерттелген. Осы аталынған тәрбие салалары бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір ғана мақсатты көздей іске асырылады. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында тәрбие мақсаты “Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс” деген ұғыммен сипатталған [3] .
Педагогика саласы бойынша жалпы ұлттық тәлім-тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына қажеттігін, оның маңыздылығын зерттеген, сондай-ақ оның теориясын жасаған Ж. Наурызбай, К. Оразбекова, С. Ж. Піралиев, Р. Төлеубекова, Н. Д. Хмель т. б. болды [4; 5; 6; 7; 8] .
Жалпы тәрбие жүйесінде елеулі орынға ие болатын тәрбиенің бір саласы - құқықтық тәрбие. Жеке тұлғаны құқықтық тәрбиеге баулу арқылы оның заңды сыйлау, ұғыну, құқықтық білімін, сондай-ақ құқықтық санасы мен мәдениетін жоғары дәрежеде дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.
Республикамыз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі өзекті мәселелердің бірі - нағыз азамат тәрбиелеу болып табылады. Кез келген мемлекет азаматы міндетті түрде өзінің құқығы мен бостандығын, міндеттерін біліп, оларды бұлжытпай орындап, заң нормаларына қайшы келмейтін әрекеттерге баруы арқылы олардың құқықтық тұлғасы қалыптасады. Осы мақсатты негізге ала отырып оқушылардың мектеп табалдырығынан бастап дұрыс құқықтық білім алуы мақсатында жарық көрген “Мемлекет және құқық негіздері” оқулығының авторы Ғ. С. Сапарғалиевтің еңбегі зор. Қазақ заңгерлерінің ҚР-сы мемлекет және құқық теориясын, тарихын, конституциялық құқығын зерттеп, ғылыми еңбектер шығаруы арқылы Республика азаматтарының құқықтық білімділігі мен тәртібінің деңгейін көтеру мәселелерін бірінші орынға қояды. Бұл заңгер ғалымдар З. К. Аюпова, С. Б. Бейсебаева, А. О. Бейсембаева, К. Бегалиев, Г. С. Джусупова, С. З. Зиманов, С. И. Корыкбаев, А. Қ. Мұхтарова, Ғ. С. Сапарғалиев, А. Б. Сейфуллина, А. В. Турлаев және т. б. еңбектерінен қарастырылған [ 9; 10; 11; 12; 13 ; 14; 15; 16; 17; 18; 19] .
Бүгінгі кезде құқықтық мемлекеттің жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру, яғни жаңа заңды терең түсініп және оны игерген саналы жастарды тәрбиелеу өзекті мәселе. Себебі, бұл көкейкесті мәселені шешуде жүйелі түрде құқықтық тәрбие беру арқылы ғана белгілі бір қоғамның саналы азаматын қалыптастыруға болады. Ал, мұндай тұлғаны қалыптастыру жалпы орта білім беретін мектептерден бастау алатыны айқын. Мектептегі тәрбие үрдісін жүзеге асырып, ұйымдастырушылық қызметті мұғалім-тәрбиешілер жүзеге асырады. Сондықтан да, педагогикалық іскерлігі мен тәжірбиесі мол мектеп мұғалімін құқықтық тәрбие жұмыстарына даярлау мемлекеттің өзекті мәселесі болып табылады.
Еліміздің болашағы мен келешегі қолдарына сеніп берілген, жас ұрпақ тәрбиеленетін жалпы орта білім беретін мектептердің алатын орыны ерекше. “Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері” тұжырымдамасында жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әр бір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау - жалпы білім беретін мектептің мақсаты екендігі атап көрсетілген. Мектептен дәріс алған еліміздің мыңдаған ұрпағын осы бастан дұрыс тәрбиелесек, келешекте көптеген келеңсіздіктерге жол берілмейді [20, 3-4-б. б. ] .
Мемлекеттің үлгілі, әрі тәртіпті азаматын қалыптастыру үшін, сол тұлғаға дұрыс тәрбие беретін құқықтық білімі, санасы мен мәдениеті дамыған, сондай-ақ тәжірибелі мұғалім тұлғасын даярлау әр уақытта өзекті мәселе ретінде қарастырылып, келеді. Мұндай жан-жақты білікті және білімді педагог маман даярлау педагогикалық жоғары оқу орындарында жүзеге асады.
Жоғары оқу орынында білім алу үрдісінде студент өзіндік бағдарлануы (өзін-өзі басқара білу), өзіндік ұйымдастыру (өзін-өзі бақылау), өзіне-өзі мінездеме беру (өзін-өзі бағалау), өзін-өзі тәрбиеленуі (өзін-өзі өзгерте білуі, тәрбиелеуі) сияқты іскерліктерді өз бойына қалыптастырады, бекітеді және дамытады. Бұл іскерліктердің студент бойына қалыптасуы мен дамуы студенттің өз қызметін, әрекетін бақылау арқылы жүзеге асады [21, 361-362-б. б. ] . Сонымен қатар, даярлықтан өткен студент - жан-жақты білімді, әрі тәртіпті, педагогикалық іскерлігі қалыптасқан болашақ мұғалім кәсібіне дайын педагог.
Болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлығын қалыптарстыру үшін оларға жоғары оқу орынының оқу-тәрбие үдерісі арқылы мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мақсаты мен мазмұнын нақты ұғындыру қажет. Осы тұрғыда мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру мақсатында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу мәселесі талап етіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында белгіленген педагогтардың басты міндеттерін болашақ мұғалімдер педагогикалық жоғары оқу орын табалдырығынан бастап білулері қажет. Бұл заңда: педагог қызметкерлер: [3, 41(7) бап] .
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, іскерлік және дағды алуын қамтамасыз етуге;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуына жәрдемдесуге;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Жоғарыда айтылып өткен іскерліктерді (өзіндік қасиеттерді студенттердің өз бойына қалыптастыруы, құқықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнын ұғынуы, педагог маманға қойылатын талаптарды, олардың міндеттерін білуі, сондай-ақ құқықтық білімді меңгеруі) студенттің болашақ кәсібіне дайындық барысында өз бойына қалыптастырып, дамытуы арқылы мектеп оқушыларына сапалы құқықтық білім мен тәрбие бере алатыны анық. Яғни, студент өзінің білімін жан-жақты жетілдіріп қана қоймай, құқықтық білімін, сана-сезімі мен мәдениетін жоғары оқу орынындағы өтілетін арнайы құқықтық пәндер мен тәрбие іс-шаралары арқылы дамытуы тиіс. Сол себепті құқықтық жағдайда мемлекеттің азаматтарын тәрбиелеу қоғамымызда мұғалім тұлғасымен, оның құқықтық мәдениетімен, ғылыми білімімен, педагогикалық іскерліктермен, дағдылармен анықталатындығын естен шығармау керек.
Тұлға мемлекеттен жоғары тұрады және ешбір мемлекет оны өзіне қосымша құрал ретінде қарастыра алмайды. Онан соң құқық адамның бостандығын қамтамасыз ету үшін өмір сүріп, міндетті түрде тұлғаның жетілуіне, қоғамдағы моральдық және рухани қағидалардың дамуына жетелейді [12, 30-б. ] . Мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие беретін болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастырып, даярлауда бұл пікірді негізге алуға болады. Яғни, құқықтың қоғамдағы орынын ұғындыру арқылы педагогикалық жоғары оқу орын студенттерінің құқықтық білімділігі, құқықтық санасы мен мәдениеті дами отырып, олар мемлекеттің әлемдік деңгейде дамуы сол мемлекет азаматтарының жан-жақтылығына байланысты жүзеге асатындығын ұғынады.
Қазақстан Республикасының орта мектептеріндегі азаматтық және құқықтық білім беру тұжырымдамасында арнайы заңды білім беру “Азаматтану” курсының негізгі мақсаты - азаматтық қоғамның құқықтық білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады. Олар: тұлғаның бас бостандығы мен егемендігі; басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлау; жеке меншік негізінде экономикалық тәуелсіздігінің дамуы сынды белгілермен негізделеді [22, 44-б] . Осы тұжырымдама негізінде мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді дайындау маңызы мен мазмұны: оларға құқықтық ойлары мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі; құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаттары мен саясатын ұғындырумен қатар педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерін осы саясаттың көрсеткіштері ретінде тәрбиелейді; мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің теориясын, әдіс-тәсілдерін жұмыстың алғашқы бастамасымен қамту мәселелерін қарастырады.
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімді даярлаудың жалпы теориясы жөнінде толығымен А. Б. Абибулаева, О. А. Абдуллина, А. Г. Абдушинова, Н. М. Андреев, Г. К. Ахметова, Э. Р. Ашхаруа, К. Әбдімажитұлы, И. Д. Багаева, Е. П. Белозерцев, Е. Б. Гормаш, А. Ю. Гордин, П. Д. Джумаева, Г. С. Жарменова, Қ. Жарықбаев, Н. Н. Загрязкина, И. А. Зязюна, А. Т. Қапанова, М. В. Лукьяненко, А. А. Молдажанова, А. В. Посмитный, Ж. Е. Саркеева, И. Е. Синица, С. Г. Тажбаева, Т. А. Таскаева және т. б. еңбектерінде қарастырылып, зерттелген [23; 24; 25; 26; 27; 28; 29; 30; 31; 32; 33; 34; 35; 36; 37; 38; 39; 40; 41; 42; 43; 44; 45; 46] .
Соңғы уақытта құқықтық мемлекет азаматының тұлғасын қалыптастыру (В. Д. Бабкин, Л. А. Байсеркеев, Р. К. Баймурзаева, Г. П. Давыдов, Г. М. Дайрабаева, Г. С. Джусупова, С. З. Зиманов, С. И. Корыкбаев, Л. В. Кузнецова, А. Қ. Қисымова, М. В. Лукьяненко, Ж. А. Макатова, Е. В. Милова, А. В. Мицкевич, С. Ю. Савченко, Ғ. С. Сапарғалиев, А. Б. Сейфуллина, Ә. Табылды, А. В. Турлаев, Ж. Ыбыраев, В. Ф. Яковлев), сонымен қатар жастарға құқықтық тәрбие беруші мамандарды даярлау (Л. А. Байсеркеев, В. В. Берман, И. М. Дармаська, Г. О. Медетбекова, В. Н. Обухов, В. П. Понамарева және т. б. ) сияқты құқықтық тәрбиені пайдалану мәселелері туралы жүргізілген зерттеулерге көп көңіл бөлінуде [47; 48; 49; 50; 51; 13; 14; 15; 52; 53; 40; 54; 55; 56; 57; 17; 18; 58; 19; 59; 60; 48; 61; 62; 63; 64; 65] .
Оқушыларға теория мен практика жүзінде құқықтық тәрбие беруге дайындау - студенттерді мамандық бойынша даярлаудың құрамды бөлімі болып табылады. Болашақ мұғалімді даярлауда теориялық білім беру мен педагогикалық практика ролінің ерекшелігін зерттеп, дәлелдеген ғалымдар қатарына Э. З. Бабаев, Т. Ф. Белоусова, С. В. Зверева және т. б. жатқызуға болады [66; 67; 68] .
Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру мәселелерін дамыту үшін болашақ мұғалім құқықтық тәрбиелеу мен білім беру қызметтерін сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын қажетті біліммен, іскерлікпен, дағдымен қарулануы тиіс.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында әртүрлі құқық бұзушылықтар кездеседі. Оның себебі мектепте құқықтық тәрбиенің талапқа сай жеткіліксіз жүзеге асу салдарынан қоғамдағы тәртіп бұзылады. Мектеп оқушыларына жоғары дәрежеде құқықтық тәрбие беру, студентті болашақ мұғалім ретінде қоғамдағы қылмыс пен теріс қылықты болдырмау мақсатында мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру дайындықтарын қалыптастыру педагогикалық институттардың негізгі мақсаты.
Құқық бұзушылықты алдын-алу шаралары құқықтық тәрбие мақсаттарының бірі болып саналады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылықтарын алдын-алу немесе құқық бұзушылыққа бару себептерін зерттеп, құқықтық тәрбиемен байланыстырып отырған ғалымдар: А. Н. Аббасов, Е. О. Алауханов, В. А. Балюк, К. Бегалиев, Д. Б. Бұғыбай, А. В. Гаврилин, Ә. Жұмабаев, Л. К. Керімов, А. Н. Ли, Г. К. Пралиева, Д. Пстронг және т. б. [69; 70; 71; 12; 72; 73; 74; 75; 76; 77; 78] .
Зерттеу барысында айқындағанымыздай өзекті, тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппаған, оқушының құқықтық санасы мен мәдениетін құқықтық тәрбиеге баулу арқылы қалыптастырудағы педагогикалық жоғары оқу орын студенттерінің даярлықтарының өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қарама-қайшылықты ескере отырып, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын қалыптастырып, қоғамдағы құқық нормаларын ұстамаушылықты алдын-алып болдырмау мақсатында мектеп табалдырығынан жасөспірімдерге дұрыс құқықтық тәрбие беретін құқықтық білімді, іскерлігі мен дағдысы қалыптасқан мұғалім тұлғасын даярлау негіздері «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға құқықтық тәрбие беруге даярлау» тақырыбын таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты - болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтап, педагогикалық шарттарын сұрыптап, тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу нысаны - қазіргі жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісі.
Зерттеу пәні - болашақ мұғалімдерді оқушыларға құқықтық тәрбие беруге даярлаудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларын құқықтық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үдеріс төмендегідей ықпалдастықта жүзеге асуы мүмкін егер:
- болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталса;
- жоғары оқу орындарындағы оқытылатын пәндердің құқықтық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану арқылы құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары анықталса;
- мектеп оқушыларының құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұндық-құрылымдық нобайы жасалынып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анқталса;
- студенттерді құқықтық тәрбие беру мәселелеріне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарға белсенді қатыстыру арқылы бейімделген ұзақ мерзімді педагогикалық практика процесінде құқықтық білім, іскерлік және дағды мен тәжірбиені дамытып отырса, онда оқушыларға сапалы құқықтық тәрбие мен білім беретін болашақ мұғалім тұлғасы даярланады.
Зерттеу міндеттері:
- болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;
- болашақ мұғалімдердің оқушыларға құқықтық тәрбие беруге даярлаудың мазмұндық-құрылымдық нобайын жасау, көрсеткіштері мен өлшемдерін анықтау;
- болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлаудың педагогикалық шарттарын сұрыптау;
- тәжірбиелік-эксперимент жұмысының нәтижесін шығару және ғылыми-әдістемелік ұсыныс жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы:
Құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекеттің білімді, саналы және мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастырып, мемлекетімізде азаматтық қоғам құру мақсатын негізге ала отырып, қоғамның үлгілі азаматын қалыптастыратын, яғни жасөспірімге сапалы құқықтық тәрбие мен білім беретін болашақ мұғалім тұлғасын, даярлау.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: жеке тұлға теориясы; біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; демократиялық қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы туралы ереже; адам өркениетіндегі мемлекет пен құқықтың ролі; әлеуметтік-құқықтық әрекет үдерісіндегі азамат тұлғасын тәрбиелеу; адамның құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғау жөніндегі бағдарламалық құжаттар; қажетті халықаралық келісімдер; құқықтық мемлекет азаматтарының толық және бірқалыпты даму мәселелері жөніндегі мемлекеттік құжаттарды зерттеу.
Зерттеудің көздері: ҚР Конституциясы, ҚР-ның Білім туралы Заңы, ҚР Үкіметінің білім саласына қатысты және ҚР білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың нормативтік-құқықтық актілері (қаулылар, жарғылар және т. б. ), еліміздің, шет мемлекеттердің философия, педагогика, психология, заң салалары бойынша қорғалған диссертациялық зерттеулер және философ, педагог, психолог, заңгерлердің монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары, білім беруші мекемелердің іс-тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық, гендерлік, арнайы және оқу-әдістемелік әдебиеттердің жүйелілігі мен ара-қатынасы; педагогикалық оқу орындарының тәжірибелерін тақырыпқа байланысты талдау; тәжірибелік сараптама жұмыстары, бақылау, сұрақ-жауап алу, студенттердің міндеттемелерін белгілеу, болашақ мұғалімдер туралы статистикалық көрсеткіш, сараптамалық және өзіндік бағдарлауға талдау беру.
Тәжірибе-сараптамалық жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында және Абай атыгдағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінде өтті.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең (2003-2004 ж. ж. ) педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиеге баулуға даярлық мазмұнын анықтап, осы мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық, гендерлік, әлеуметтану салалары бойынша жазылып, зерттелген диссертациялар мен әдебиеттер, мақалалар, сонымен бірге мерзімді баспа материалдарымен танысу, талдау, зерттеу.
Екінші кезең (2005-2006 ж. ж. ) құқықтық тәрбие бойынша ғылыми-әдістемелік кешен жасау, оны жоғары оқу орындарының, мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтындағы 030540 - «Тарих, құқық және экономика негіздері» және 050115 - «Құқық және экономика негіздері» мамандықтардың студенттеріне құқық пәндері бойынша оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру арқылы олардың құқықтық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Үшінші кезең (2006-2007 ж. ж. ) құқықтық білім мен тәрбие әдіс-тәсілдерін бір жүйеге келтіріп, эксперименттік-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін қорыту, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау, диссертацияны ғылыми тұрғыда рәсімдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеуге даярлықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталды;
- болашақ мұғалімдердің оқушыларға құқықтық тәрбие беруге даярлаудың мазмұндық-құрылымдық нобайы жасалынды, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
- айтылған даярлықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар сұрапталып, мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруде психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, арнайы пәндердің мазмұндары сараланды;
- оқушыларға құқықтық тәрбие беруші болашақ мұғалімді даярлау әдістемелері жасалынып, тәжірибелік экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді
Зерттеудің практикалық мәнділігі: педагогика теориясы мен тарихы, мемлекет және құқық негіздері, психология, мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеу әдістері курстарында және оқушылар арасында кәмелетке толмағандардың қылмыстылықтарын алдын-алу шараларының студенттермен ұйымдастырылуында мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелері туралы зерттеу жұмысының қорытындыларын пайдалану.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz