Web - сайт құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001/133
Мазмұны
Кіріспе - - - - - - - - - - -- - - - - - - - - - - 2
I ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. 1. Web - дизайны және браузері - - - - - - - -- -3
1. 2. Гипермәтіндік HTML беттерінің тілі - - - - - - -7
1. 6. Web - серверлер- - - - - - - - - - - - -- 9.
II ТАРАУ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР ЖӘНЕ САЙТ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Web - беттерді өңдеу- - - - - - - - - - - 11
ASP технологиясы- - - - - -- - - - - - --11
ASP көмегімен ақпараттық сайт құру- - - - - 15
ІІІ ТАРАУ. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
3. 1. Есептің қойылуы- - - - - - -- - -- 31
3. 2. Сайтты жобалау- - - - - - - - - - 34
3. 3. Программалау- - - - - - - --- - 35
Қорытынды- - - -- - - - - - - - - - - - - - - - 44
Әдебиеттер- - - - -- - - - - - - - - - - - - - -45
Кіріспе
Қазір Internet қарқынды дамуда. Желі тақырыбына арналған баспалар саны да көбейіп жатыр . Internet кез келген категориядағы пайдаланушыларға пайдалы хабар алудың толық құнды қайнарына айналды. .
Мамандардың болжауы бойынша, он жылдан соң жанұялардың 50 пайызы ( сөзсіз, әзірше тек дамығандарды елдерде ) күн сайын Интернетті пайдаланады . Теледидар және радиоқабылдағыштар компьютерлермен ауыстырылмайды, бірақ қуатты процессор сонымен қатар үлкен жадты болады және нақты өздері компьютерлермен байланыста болады.
Бұл уақыт компьютерге ие болатын кез келген адам оның көмегімен мақала, иллюстрациялар немесе өзіне ұнаған тақырыпта видео не аудио информациялар алатын кезде болады. Және пайдаланушы мұны қалаған уақытында істей алады. Қайсыбір уақыттардан соң жасанды интеллект жүйесі паралельді машиналы аударма арқылы, сонымен қатар соңғы уақыттағы ұлттық және тілдік барьерлердің орнын еркін трантұлттық информация алмасу басады.
Біздің әрбіріміз Internet-тің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін өз веб - сайтымызды құру және оны желіге орналастыру жеткілікті. Бірақ мұны қалай істеуге болды? Тап осы сұраққа жауапты мен осы жұмыста беруді байқап көремін .
Ол үшін келесі жеке мақсаттарды шешу қажет:
- заманауи интернет-технологиялармен танысу және мүмкіндігінше оларды өзіміздің жұмысымызда қолдану ;
- Web - сайт құру барысында пайдаланылатын бағдарламалық инструментарилерді зерттеу;
- түрлі информациялардың Web - беттерінде ұсыну тәсілдерін айқындау және ескеру;
- Web - сайт құру жұмысында оның негізгі ережелерімен танысу және өз тәжірибемізде оларды міндетті түрде пайдалану ;
- Web - беттердің құрылымын анықтау ;
- Өңдеу стратегиясын таңдау және Web - сайт құру;
Диплом жұмысы үш тараудан, әр тарау үш бөлімнен және қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда қазіргі заманғы интернет технологиясы туралы мағлұматтар, оның ішінде Web-серверлер мен браузерлер туралы мағлұматтар қарастырылған. Екінші тарауда негізгі ережелер мен сайт жасау кезеңдері, ASP көмегімен ақпараттық сайт құру мәселелері бар. Үшінші тарауда құрылған бұқаралық ақпарат
жобасын іске асыру көрсетілген. Диплом жұмысы суретпен және кестелермен көркемделген.
1-Тарау. Қазіргі заманғы интернет - технологиясы
1. 1. Web - дизайн және браузерлер
Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленеді. Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьтердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, оның логикалық құрылымын анықтап береді. Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:
Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;
Броузер жұмыс атқаратын компьютердің мүмкіншіліктерін ескере отырып Web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу;
Web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқа да объектілерді бейнелеуге арналған ұралдарды ұсыну;
Web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған Web-беттерге қатынауды ықшамдастыру;
Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.
Интернет жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік программалық құралдар - Web-серверлер қамтамасыз етеді. Қолданушы жағынан бұл қызметті клиенттік программалар - Web-броузерлер атқарады.
Ең көп тараған броузерлер - Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera. Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ Microsoft Internet Explorer 5. 0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows 98 операциялық жүйесімен бірге қойылады және оның бөлінбейтін компоненті болып табылады.
Көптеген Web дизайнерлердің пікірінше, Web - дизайнның басты проблемаларының бірі - әрқайсысы сценариі мен HTML-ге әр түрлі байланысатын браузерлер мен платформалардың әр алуандығы. Жаңадан шығарылған әрбір браузерлер өзінің мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді, бірақ бұл алдыңғы броузерлер қолданыстан шығады деген сөз емес. Адамдардың көпшілігі жаңасын алуға бейім емес. Кейбіреулері өздерінде барына қанағат етеді, ал басқалары браузерге қосылған фирмалардың немесе мекемелердің компьютерлерінде жұмыс істейді.
Web - бет дизайнын браузердің алдыңғы түріне ұқсатпай қалай эстетикалық және техникалық қызықты етіп жасауға болады? Кез келген браузерге қосылған Web - бет пайдаланушы үшін қызықты болатын мүмкіншілігі бар ма? Бәріне ұнауы мүмкін бе? Олай болмаса қай жерін
Ф-ОБ-001/133
өзгерту керек? Қанша ескі версиялар сіздің Web - бетіңізбен жұмыс істей алады?
Web - дизаинда қатып қалған ереже жоқ. Біздің басты мақсатымыз - бетті пайдаланушының көп мөлшері қолдана алатын болу керек, мұнда эксперимент пен алға жылжу бірдей маңызды және жаңа технологияны да пайдалану керек. Дизайнер шешімінің табысы - сайт қолданылғанда қажеттіліктердің айқын берілуінде жатыр.
Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer браузерлері. Қазір екі негізгі браузерлер жоғары болып тұр: Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer. Оларды (бүкіл версияларын қосқанда) пайдаланушылардың 90% ( немесе одан да көбірек ) қолданады.
Бұл екі браузер сатылымда жоғары бәсекелестікке ие. Бәсекелестік нәтижесі фирмалық HTML тег коллекцияларына байланысты. Екінші жағынан, Netscape және Microsoft арасындағы бәсекелестік Web орталарының жылдам дамуына көбірек жағдай жасады.
Өз жұмысында Web - авторлардың көпшілігі Navigator және Internet Explorer-мен хабардар болады, сондықтан олар сатылымда үлкен үлеске, орынға ие болады . Әйткенмен, сіздер ескерту жасай алатын басқа да браузерлер қатары бар.
Internet Explorer 4. 0 версиясы Macintosh компьютерлері үшін Windows үшін арналып жасалған функционал мүмкіншіліктерінің маңызды бөлімі жоқ болады.
Бірқатар құжатталған ерекшеліктерін қосатын болсақ: кірістірілетін әріптердің қодамауы; CSS сүзгілерінің болмауы және асулардың (мәтін элементтері үшін визуалды эффектілер қолданылады) ; мультимедиалық басқарушы элементтердің болмауы ( өту эффектілері және анимациялар, қарапайым құрылған авторлық бағдарламалық мультимедилық құралдар) ; орындау проблемалары.
Microsoft шағымына қарамастан, DHTML барлық платформаларды қолдады, бірақ Масintosh платформалы компьютерлері сенімді емес.
America Online браузері. America Online пайдаланушылары кейбірі өте минималды қолдау көрсететін жеті браузердің бірін қолданады. Платформаға және AOL бағдарламалық версияларына тәуелді болатын.
PC үшін America Online соңғы версиясы - 3. 0. Microsoft Internet Explorer 3. 0 браузерін пайдаланады. Әйткенмен MS Internet Explorer 3. 0 стандартты варианты сияқты емес, оған барлық кезде сене беруге болмайды. Бұл көптеген Web құраушыларды таңқалдырған, себебі жүйесіне қосылған сайтын көргенде және браузерлердің біріне бейнеленген.
Ф-ОБ-001/133
Басты проблемалардың себебі AOL-дің прокси - серверлерге және бейнелеулердің қысу әдістеріне байланыстылығында. Пайдаданылатын AOL әдісі JPEG графикалары бейнелеуінде проблемалар бары айқын. Фондық бейнелеулер шығару кезінде де болатын проблемалар есепке алынды.
Java және Cascading Style Sheets ( стильдердің каскадты кестелері ) сияқты кейбір технологиялар Windows 3. 0 пайдаланушыларына қосылмаған (шамамен 40 пайыз AOL пайдаланушылары) Macintosh компьютерлерінің иелері JavaScript және тағы басқа мүмкіншіліктерді пайдалана алмайдв (шамамен 8% пайдаланушы ) .
Бақытқа орай, AOL пайдаланушыларына қосылатын және қызықты әрі тартымды сайт беттерін істеуге тырысатын Web - дизайнерлер пайда болды. Ерекше назар аударатыны, сіз әр адамға браузерді арнайы тізімнен таба аласыз (версиясы мен платформасына қарай) . Web -дизайнерге арналған AOL мекенжайы: http://webmaster. info. aol. com
WebTV. WebTV біздің пәтерімізге Web-ті қашықтан басқаратын қарапайым пультті теледидар арқылы қосады (қалауымызға қарай пернелер пайдалана аламыз) . WebTV-да Web-бетті көру үшін өзіндік арнайы браузерді пайдаланады. Ол бірақ Java, JavaScript, ActiveX немесе басқа да форматтағы кескіндік мүмкіндіктерді көрсете алмайды. Қазіргі уақытта тек WebTV пайдаланатын көптеген фирмалық HTML тегтер жарыққа шығуда.
WebTV қаншалықты теледидар экранына шығарылғанымен экран параметрлері мен түстер турасында жаңа талаптар қоя бастады.
Opera. Opera - Осло қаласындағы OperaSoftware компаниясында құрылған норвегиялық кішігірім әрі қарапайым браузер. Бұл браузер жүктеуге аз уақыт жұмсайтындығымен және дискте көлемі аз болатындығымен ерекшеленеді. Opera-ның басты беделі HTML стандартымен толық сәйкес келетіндігінде. Көп браузерлерден жіберілетін тег жазылуының нақты болмауы бұл браузермен де дұрыс жазылмайды (мысалы, жіберілген жабық тегтер, дұрыс енгізбеу, т. б. ) .
Пайдаланушылар арасында Opera бірінші орынды алмайды, әйтсе де көптеген сайт құрушылар кодтың дұрыстығына сенімді болу үшін Opera-ны таңдайды.
Lynx. . Lynx - бұл көп таралған тегін браузер. Ол мәтінді ғана оқи алады және Web-ке тез қосылуды қамтамасыз етеді әрі сенімді. Ол өзінің танымалдылығын стандарттың жалпылығы және Web-беттерді тестілеуге қалыпты екендігін көрсетеді. Қарапайымдылығына қарамастан бұл браузер қолданыстан шықпайды. Ол қазіргі уақытта кесте, формалармен жақсы жұмыс істейді және JavaScript қолдауына да ие.
Ф-ОБ-001/133 Адамдар Lynx-ті көптеп қолдануда, сондықтан клиент Lynx-та сайт құруды ұсынса оған таңқалмаңыз. Сонымен қатар бұл браузер көз инвалидтері үшін де өте маңызды, олар Lynx-ті арнайы құралдар арқылы пайдаланады.
Егер қай браузердің көп қолданылатынын білсеңіз, сізге қай технологияны пайдалану туралы шешім шығару оңай болмақ. Қажет мағлұматтарды сайт құрудағы статистикаға қарап ала аласыз.
Браузерлерге қатысты статистикалық мәліметтерді интернеттің бірнеше сайтынан табуға болады. Бұл сайттардағы статистика сайтқа қосылушылар анализіне негізделген. Пайдаланушылар ортасының статистикалық таңдауы - жаңа автомобильдер немесе телебағдарламалар туралы, т. б. мәліметтер алу үшін әр түрлі браузерді таңдауы мүмкін. BrowserWatch сайтындағы статистикалық мәліметтер алғашқы шыққан браузер версияларының әрқайсысы туралы толық мағлұматтар береді.
Ф-ОБ-001/133
1. 2 HTML беттерінің гипермәтіндік тілі
HTML беттерінің гипермәтіндік тілі ( - Hypertext Markup Language ) - Web-құжат құру үшін арнайы пайдаланады. . Ол арнайы нұсқаулардың орналастырылуы мен синтаксисін анықтайды. Бұл экранға шықпайды, бірақ берілген құжатты браузерге қалай берілгенін көрсетеді. Сонымен қатар ол басқа құжаттарға ссылка құру үшін де пайдаланылады. Ол локальді не желілі, мысалы Интернет желісінде болуы да мүмкін.
HTML стандарты және Web-тің басқа да стандарттары World Wide Web құрылған. Дәл қазір HTML спецификациясы орындалуда және негізгі браузерлер қолдауы күн санап өсуде.
HTML стандарты тәжірибесінде тегтер үлкен ықпалын жасауда, мұнда өте танымал браузерлер қолдайды, мысалы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator . Қазіргі кезде бұл тегтер HTML спецификациясының құрамына кіре де алады.
HTML Compendium тегтері туралы мәліметтер Ron Woodall-да құрылған. Бұл тегтердің тізімі атрибуттарымен алфавит бойынша реттелген. Және де браузерлер тарапынан болған жаңа қолдаулар туралы жаңа мәліметтер келіп отырады.
HTML құжаттары қарапайым мәтіндік ASCIIфайлы болып табылады. Бұл оларды құру үшін минимальді мүмкіндікті болса да кез келген мәтіндік редакторда пайдалануға болады деген сөз. Арнайы HTML жазу үшін арналған редакторлық орта да бар. Олар уақыт үнемдеуді қамтамасыз етеді және де тез орындалу үшін пернелерді пайдалануға болады. мысалы, бастапқы құжатты орнату, кесте және мәтіндік стиль қолдану, т. б. HTML редакторы авторлық WYSIWYG -дан ерекшеленетіні, ол HTML -ді қолдан құру үшін білімді талап етеді. Редакторлар бұл процесті тек тездетеді.
Windows пайдаланушыларына HomeSite тексеруді ұсынады, бұл арзан әрі мықты компьютерлердің HTML редакторы. Сонымен қатар оның күрделі элементтерін құру үшін арнайы командалар мен шаблондар бар. Macintosh компьютерінде жұмыс істейтіндер BBEdit-ке назар аударады., компаниясының коммерциялық HTML редакторы. Ол Macintosh компьютерлері үшін жасалатын Web-құрушылардың бүкіл ортасын қамтиды. Оның құрамына ыңғайлы және тез орындалатын HTML құрал саймандары кіреді. Көп файлды іздеу және ауыстыру мүмкіндігі, 13 бағдарламалау тілі, кесте құру, HTML синтаксисі және тағы басқа көптеген функциялары бар.
Ф-ОБ-001/133
WYSIWYG . соңғы жылдары авторлық құралдардың тез өсуі белең алды. WYSIWYG класының HTML редакторы графикалық интерфейсті болды, және HTML жазуын редакторлық бағдарламалауға немесе бет бөлігіне көбірек ұқсады. Бұл бағдарламалаудың басты мақсаты - HTML тегтері пайдаланушыларынан бағдарламаларды босату болды, PostScript тілі командалар жиынынан құрушыны қорғайтын. Бүгінде олардың алатын орны өсуде, құжаттар шығару деңгейі көтерілді, және бір уақытта HTML мәтініне өту мүмкіндігі болды.
Қазіргі уақытта WYSIWYG редакторы ішіндегі ең танымалы: Macromedia Dreamweaver, Golive CyberStudio ( тек қана Macintosh компьютерлеріне арналған тек қан ), Microsoft FrontPage, FileMaker Claris, Home Page, Adobe PageMill болып табылады.
Ф-ОБ-001/133
1. 3. Web - серверлер
Бүгінгі таңда интернет әр түрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылды. Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын Интернеттің қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды. Бұл сөздің аудармасы Бұкіл дүние жүзілік өрмек дегенді білдіреді. World Wide Web-қазіргі интернеттің ең көп тараған қызметі түрі болып табылады. Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзәра гипермәтіндік байланысқа түскен Web-құжаттар жиынтығын атайды.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web-сервер деп атайды. WWW-дің құжаттары Web-серверлерде сақталады. WWW орта дегеніміз Web-серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік. Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды Web-беттер дейді. Тақырып бойынша топтпстырылған Web-беттерді Web-тораптар деп аталады (Жаргондық термині - Web-сайт) . Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп атайды.
Көп жағдайда жай файлды жүктеген кезде де сервермен тікелей қатынастан қол үзу мүмкін емес. Сол себептен барлық дизайнерлер сервер және оның жұмысы туралы терең білімді болу керек. Бұл сервер администраторымен нақты қатынас жасауға көмектеседі. Егер үлкен көлемді серверге қосылуға мүмкіндік болатын болса ешқандай көмексіз шешімді өзіміз қабылдауымызға болады.
Сервердің көпшілігі Unix платформасында жұмыс істейді. Міне сол үшін әлемде Web бұрынғыдай Unix жүйесінде пайдаланылады. Жұмыс барысында бірнеше Unix командаларын білуге тура келеді. Кейбір серверлік пакеттер графикалық интерфейс ұсынады. Танымал серверлерді атап өтер болсақ: NCSA Server, CERN, Netscape Servers, Internet Information Server.
Бүгінде сервердің көпшілігі (шамамен 70 пайызы) NCSA-да жұмыс істейді. Сервердің нақты типі дизайнердің істегеніне, мысалы графика құру немесе HTML файлдардың базасын жасау, т. б. әсерін тигізбейді. Әрине, ол Web-бет құрудың нақты әдістеріне, мысалы, мәліметтер қорымен басқарылатын Web-беттерге әсер етеді.
World Wide Web-тағы жеке құжатты Web-бет дейді. Әдетте бұл әр түрлі объектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтін де, графиктік бейнелер де, мультимедиялық және басқа енгізілетін бъектілер болады.
Web-беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді. Осы командалар тегтер деп аталады. Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу тілі - HTML(Hyper Text Markup Language) . Сонымен Web-құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен. Осындай құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп аталады. HTML-құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер экранда көрінбейді, тек құжатты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын Web-беттердің ең маңызды сипаты - гипермәтіндік сілтемелер болып табылады. Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.
Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір Web-құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады. Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқанның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі. Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады. Сонымен Web-серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web-кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс Web-серфинг деп аталады. Егер осы кеңістіктегі әрбір құжаттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді. Бүкіл әлемдік масштабтағы әрбір файлдың адресі ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL-унифицированный указатель ресурса) анықталады
Ф-ОБ-001/133
2 тарау. Негізгі ережелер және сайт жасау кезеңдері
2. 1 Web - беттерді өңдеу
Web - беттердің толық бекітілген немесе иілгіш болуы міндетті емес . Екеуін біріктіретін етіп бетті өңдеуге болады.
Жалпыға мәлім бір әдіске келер болсақ, бекітілген беттердің кестелер арқылы жасалуы, содан соң бетте оның орналасуы ол үлкен дисплейлерге шыққанда балансталған түрде көрінуі (экранның оң жағындағы күшті эффектіден қорғану) . Бұл әдісті қолдану кезінде кестені фондық бейленуге дәл қою мүмкін емес.
Басқа қосылу кестелерді немесе фреймдер тобын пайдаланғанда болады. Абсолютті және салыстырмалы мөлшерлері берілетін фреймдерден болады. Бұл жағдайда терезе размерін өзгерткенде бір баған немесе фрейм өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалады. Бұл кезде басқалары размерлерін өзгертіп, бос орындарды ала бастайды.
2. 2. ASP технология
ASP (Active Server Pages) - Microsoft корпорациясынан алынған WWW жүйесі үшін қосымшаларды оңай жолмен жасау мүмкіндігін беретін ең күшті технология. ASP - Windows NTжәне IIS (Internet information Server) плптформасында жұмыс жасайды. ASP - программалау тілі емес, бұл Web -беттерге программаларды қосу мүмкіндігін беретін ішкі технология. ASP тілінің негізгі ерекшелігі - қарапайым скрипт тілі (VBScript немесе JavaScript) және сыртқы СОМ-компоненттерін пайдалану мүмкіндігі.
Сіз програмамны жазып, оны сервердегі файлға жазасыз. Клиент браузері файлды сұрайды. Файл бірінші сервермен интерпретацияланады, шығару кезеңінде HTML-кодына өндіріледі. Осы HTML клиентке жіберіледі. Программалары бар файлдар . asp кеңейтілуін алады. Asp файлдары -бұл қарапайым мәтіндік файл. Файлдар кез-келген мәтіндік редакторда жазылады. Браузерден сұраныс түскенде сервер файлдарды орындайтын болғандықтан asp файлдары орналасқан каталог орнатылады. Негізінде программалар жүйеде орнатылған кез-келген скрипті тілде жасала береді. VBScript және JavaScript келісілген түрде орнатылған, немесе басқа да скриптілерді орнатуға болады, мысалы Perl тілі. Егер де арнайы көрсеткіш болмаса VBScript тілі пайдаланылады. Программалық фрогментер <%%> жақшасында жазылады.
Программалау қандай ортада құрылады.
Ф-ОБ-001/133
Web -программалау үшін ең қарапайым орта. VBScript тілінде структуралық программалау үшін барлық конструкциясы (if, while, case, etc) және айнымалылар бар. Обьектілермен байланыс орнатылған. Олармен жұмыс өте қарапайым - Object. Property, Object. Method. кірістірілген обьектілер қатары да бар (Request, Response, Session, Server, Connection, Recordset) . Басқада компанеттерді орнатуға болады, мысалы электронды поштамен жұмыс жасау үшін.
Шығару
Пайдаланушыға көрсетілген, ол берілгендерді HTML тілінде шығарады. Пайдаланушы браузері бұл HTML-ді интерпретациялайды. Шығаруды қысқарту үшін Response обьектісі қолданылады. Ал шығарудың өзі write обьектісінің көмегімен орнатылады.
Response. Write (“<h2>Hello, world!</h2>”) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz