Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық сапасын дамыту
- Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы - адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қарым-қатынас жасай білетін, өзін - өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру үшін оңтайлы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, соның негізінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына баса назар аудару.
Білім беру жүйесіндегі тәрбиенің бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуына байланысты ол білімнің алдында жүруге тиіс. Қазір еліміз өркениетті елдердің қатарына ену кезеңінде тұрса да, қоғам мүшелерінің рухани тоқырауына, қоғамдық санасының төмендеуіне жол беріліп отыр. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деген екен. Осы қағида бүгінде шындыққа айналуда, өйткені, жағымсыз құбылыстардың көбеюі жастардың әлеуметтік мәселесінің өсуіне әкеліп отыр. Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын өзгерту, жаңаша көзқарас, жұмыс жүйесін жаңалау қажеттілігі туындады.
Өзін -өзі басқару жүйесі - оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының негізі. Өзіне берілген тапсырмаларды орындау кезінде оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге кең мүмкіндік алады. Сонымен қатар бұл жұмыс түрінің оқушының білім деңгейін көтеруге де септігі мол.
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балаларды білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу - мектеп алдындағы міндеттердің бірі.
Мектептің бүгінгі міндеті - қоғамда өз орнын таба алатын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу. Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарын басқаруда түрлі әдіс - тәсілдерді сұрыптай келе қолданған тиімді.
Соңғы кезде көп қолданылып жүрген өзін -өзі басқару жүйесі өз жемісін беріп келеді. Өзін - өзі басқару жүйесі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Олай дейтінім, өзіне берілген тапсырма, жүктеме бойынша бала өз бойындағы біз біле бермейтін шығармашылық қабілеттерге ие болып, оны кең көрсете алады. Және де жауапкершілік, ұйымшылдық, қамқорлық сияқты асыл қасиеттер бой көрсете бастайды. Сонымен қатар бұл жұмыс түрі тек тәрбие ісінде ғана емес, білім деңгейін көтеруге де септігін тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық сапасын дамыту
Оқушылардың өзара іс - әрекеттері:
Әрине, тапсырманы оқушыға бермес бұрын олардың психо - педагогикалық ахуалын да ескеремін. Мұнда балалардың темпераментін есте ұстап отырамын. Тапсырманы баяу орындайтындарға бір - екі апта ертерек беріп, ал тез, шапшаң қимылдайтын оқушыларға жуық арада шараларды белгілеп беремін. Сонда ғана тиянақты дайындалған топтарды көруге болады. Мен тек оларға бағыт, ақыл - кеңес беріп отырамын. Бұдан мұғалім оқушы, оқушы оқушы қарым- қатынасы туындайды.
Шараның қандай түрде өтілуін оқушылар таңдап алады. Мысалы, «Аналар мерекесі»- концерттік бағдарлама, «ХХІ - ғасыр көшбасшысы» - сайыс түрінде, «Мың бір мақал, жүз бір мәтел» - жарыс түрінде, «Наурыз - думан» - ойын - сауық кеші түрінде өтеді.
Тәрбие сағатының өтілу құрылымы
( тақырып таңдау әр бағыт бойынша)
Өзін - өзі басқару жүйесі оқушыларды өзара ұйымшылдыққа, бірін - бірі сыйлауға, жауапкершілікке баулиды. Мұндай топқа бөлудің ерекшелігі көп балалардың ішінен тұйық, ұяң мінезімен қалып қоятын оқушының болмауы. Олар өзара бірігіп, жұмыс жасаған уақытта әр баланың өз атқаратын қызметі, айтатын сөзі болады. Осылай келе, топта барлық бала жұмыс жасайды.
Осы жерде білім сапасы да, тазалық жағы да, тәртіп деңгейі де, тағы басқа көрсеткіштер жағынан да алда болуға тырысып, соған байланысты жұмыстар атқарып отырады. Аталған көрсеткіштер бойынша және өткізген шараларының, тәрбие сағаттарының мазмұнды шығуына байланысты жыл соңында жиналған ұпайлары есептеліп, «Сыныптың бір жылы» тақырыбында өткізілген қорытынды іс - шарада жоғары ұпай жинаған топ белсенділері, топтар марапатталады.
Сонымен қатар жыл бойына тәрбие жұмыстарына қосқан үлестері ескеріліп, ата- аналарға да алғыс хаттар тапсырылады.
Тәрбие- өмір бойы жүретін үрдіс. Ендеше, бала біздің болашығымыз десек, сол бала тәрбиесінің маңызы мен мазмұнын жете танып, оны болашақ бойына сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болатынына сенімдімін.
Осындай жұмыстар жүргізе отырып, мен әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, олардың бойынан мынадай асыл қасиеттерді көргім келеді.
Сынып оқушыларының моделі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан - он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.
Бастауыш сынып кезеңіне тән негізгі белгілері мынадай: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтық белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез - құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез - келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым - психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларының дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері туралы мәселелерді Ресей - Кеңес ғалым психологтары: А. В. Петровский, Р. С. Немов, В. С. Мухина, С. Ф. Жустков, Д. Б. Эльконин, Л. В. Заньков және тағы басқалар. Ал Қазақстандық ғалым психологтар: Қ. Жарықбаев, М. Мұханов және тағы басқа еңбектерінен кездестіруімізге болады.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.
Баланың класқа келген алғашқы күннен - ақ оған оқушының сабақтағы, жанұядағы және қоғамдық орындардағы мінез - құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығы дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруа қажетті шарт болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік - жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте - бірте мөлшерлерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен.
Бастауыш сынып оқушысының өз құрбыларымен қарым - қатынасы әртүрлі және осының өзі бұрын бала - бақшада өстіме, соған орай келеді. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі І - сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір - біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ 2 - 3 сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір - біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларындағы басты қажеттілік - оқушы болу. Ол сыртқы пішіні мен, оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез - құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz