Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары



Кіріспе
Негізгі бөлім
Ќорытынды
Ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі жай күйі, еліміздің полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құндылықтарынан, ұлы педагогтарымыз бен ғұлама гуманистеріміздің философиялық ой толғауларынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы, тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді.
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол – жасөспірімдерді отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім үлгісі осыдан бастау алып, жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыру болмақ. Білімнің басты ұстанымы адамға білім беру ғана емес, сол білімді және біліммен қарулануды «руханияттандыру», «адамгершіліктендіру» болғаны аса маңызды. Қазір еліміздегі ұрпақ тәрбие мәселесіне тікелей қатысты прагматикалық құндылықтарға негізделген батыстық өркениетке, батыстық мәдениет үлгілеріне (үлгіге келмейтіні қанша) талғамсыз еліктеу; идеологиялық, ақпараттық дамудың зардаптарын алдын ала ескермеу және оларға қарсы тұрудағы құлықсыздық пен шарасыздық; ұлттық идеяға негізделген сындарлы идеологиямыздың болмауы, жастар арасында саяси-идеологиялық тәрбие жұмыстарының әлсіздігі; мектептің тәрбие жүйесінде стратегиялық көзқарастың болмауы, оған тиісті көңіл бөлінбей, қосымша міндет деп қарау; тәрбие жүйесінің ғылыми-әдіснамалық, педагогикалық-психологиялық және рухани-әлеуметтік негіздерінің осалдығы; тәрбие мәселесіндегі отбасының, социумның, қоғамның рөлінің төмендеуі; өзімізде барды бағаламай өзгенің жасығына еліктеп-солықтау, т.б. басты-басты ойлануға тұрарлық мәселелер орын алып отырғаны белгілі.
1 Ұлттық тәрбие – тарихи дәстүрдің заңды жалғасы // Қазіргі таңдағы педагог мамандарды кәсіби даярлау мәселелері: аймаќтыќ ғыл. - практ. конф. материалдары. –Ќараѓанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – Б. 61-66.
2 Халық тағылымы – ұлттық тәрбиенің өзегі // Қазақстан мектебі. - 2003. №11. – Б.5-7.
3 Ұлттық психология мен тәрбие жаңа жағдайда // Тәрбие құралы. – 2003. №4. – Б.13-14.
4 Ұлттық тәрбиенің өзегі нұрлы // Өзіндік таным. - 2003. №5. – Б. 27-28.
5 Ұлттық тәрбие-ұлт санасының өрісі // Актуальные проблемы права: Материалы научной конференции. – Караганда: КарЮИ МВД РК им.Б.Бейсенова, 2002. - 102 с.
6 Тіл – ұлттық тәрбие діңгегі // Ұлт тағылымы. - 2004. №3. – Б. 18-19.
7 Өнегелілік пен сенім – ұлттық рухтың болмысы (педагогикалық түйін) // Ізденіс - 2005. №1. – Б. 241-244.
8 Қазіргі кезеңдегі білім берудің инновациялық бағдары және бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру // Ќазаќстан Республикасындаѓы білім беру ж‰йесініњ даму жаѓдайы жєне перспективалары: респуб. ғыл.-практ. конф. материалдары. - Ќараѓанды: ЌарМУ баспасы, 2006. - Б.281-284.
9 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері // ҚарМУ хабаршысы. Ќараѓанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – №1 (49) - Б.76-80.
10 Ж.Аймауытов шығармашылығындағы тәрбие мәселесі //Қазақстан мектебі. - 2008. №5. – Б.59-63.
11 Бастауыш сыныптарда ұлттық қолөнер арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп. – 2008. №5. – Б. 15-18.
12 Бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану // Шоқан тағылымы – 13: халықаралық ғылыми-тєжірибелік конференция материалдары. Т.2. – Кµкшетау, 2008. –Б.101-104.
13 Бастауыш сыныптарда сєндік-ќолданбалы өнер арќылы оќушылардыњ ќызыѓушылыѓын арттыру // Шоқан тағылымы – 13: халықаралық ғылыми-тєжірибелік конференция материалдары. Т.2. – Кµкшетау, 2008. – Б.104-108.
14 Халықтық педагогика – ұлттық тәрбие беру құралы //«ЖезУ хабаршысы» - – Жезқазған: ЖезУ АҚ, 2008. – Б.217-221.
15 Бастауыш мектеп оќушыларын сыныптан тыс тєрбие ж±мыстары арќылы дамыту // Көпсалалы универстиет: болашақ мамандардың отансүйгіштігі, көпмәдениеттілігі мен бәскеге қабілеттілігі: VІІІ Халықаралық Байқоңыров оқулары конференция материалдары. Екі кітап. Бірінші кітап. – Жезқазған: ЖезУ АҚ, 2008. – Б.207-211.
16 «Халықтық таным әліппесі» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама). Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №289, 02.07.2008 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан
Жұмабаевтың: Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай
негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға
қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ
серттесуге болады деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде
Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Еуропалық және Азиялық өркениеттің
аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана тіліміз бен ұлттық
мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі жай күйі, еліміздің
полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі
даналығынан, рухани құндылықтарынан, ұлы педагогтарымыз бен ғұлама
гуманистеріміздің философиялық ой толғауларынан, яғни тереңге бойлаған түп
тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы,
тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді.
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін
бірден-бір құндылық, ол – жасөспірімдерді отаншылдық, ұлтжандылық рухта
тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім үлгісі осыдан бастау алып, жас
ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де,
білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін,
азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде
қалыптастыру болмақ. Білімнің басты ұстанымы адамға білім беру ғана емес,
сол білімді және біліммен қарулануды руханияттандыру,
адамгершіліктендіру болғаны аса маңызды. Қазір еліміздегі ұрпақ тәрбие
мәселесіне тікелей қатысты прагматикалық құндылықтарға негізделген батыстық
өркениетке, батыстық мәдениет үлгілеріне (үлгіге келмейтіні қанша)
талғамсыз еліктеу; идеологиялық, ақпараттық дамудың зардаптарын алдын ала
ескермеу және оларға қарсы тұрудағы құлықсыздық пен шарасыздық; ұлттық
идеяға негізделген сындарлы идеологиямыздың болмауы, жастар арасында саяси-
идеологиялық тәрбие жұмыстарының әлсіздігі; мектептің тәрбие жүйесінде
стратегиялық көзқарастың болмауы, оған тиісті көңіл бөлінбей, қосымша
міндет деп қарау; тәрбие жүйесінің ғылыми-әдіснамалық, педагогикалық-
психологиялық және рухани-әлеуметтік негіздерінің осалдығы; тәрбие
мәселесіндегі отбасының, социумның, қоғамның рөлінің төмендеуі; өзімізде
барды бағаламай өзгенің жасығына еліктеп-солықтау, т.б. басты-басты
ойлануға тұрарлық мәселелер орын алып отырғаны белгілі. Сондықтан жаңа
білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани,
интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болшағына
бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілген
ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау және білім беру көлеңкесінде қалып
қоймайтын, керісінше тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім жүйесін
іске қосу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты мәселелерінің бірі
болып табылады.
Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
еңбектерінен бастау алады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының
тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің
әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары
Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің,
М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың,
Х.Досмұхамедовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен
дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.
Ұлттық тәрбиенің негізі халықтық педагогика мен этнопедагогика болып
табылады. Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев,
С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев,
Р.Қ.Дүйсембінова, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, т.б. тың зерттеулер
жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуын,
этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие
процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Ұлттық тәрбие жалпы тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиенің әдіснамасы мен ғылыми-
әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді.
Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын
жетілдіру бойынша Ш.Абдраманның, Қ.Ж.Аганинаның, Қ.М.Арынғазинның,
Е.З.Батталхановтың, А.А.Бейсенбаеваның, А.Байсеркенің, Қ.Қ.Жампейсованың,
А.А.Калюжныйдың, Л.К.Керімовтың, А.А.Қалыбекованың, Н.Ә.Мыңжановтың,
Қ.Б.Сейталиевтің, т.б. еңбектері ұлттық тәрбиені тәрбиенің құрамдас бөлігі
ретінде оқып-үйренуге мүмкіндік берді.
Тәрбие процесінің нәтижелі болуы мұғалімге байланысты, сондықтан болашақ
мұғалімдерді даярлау мәселесіне ерекше мән беру қажет. Осы сала бойынша
орындалған Ғ.З.Әділғазиновтың, С.Т.Каргиннің, Қ.М.Кертаеваның,
Г.Ж.Меңлібекованың, Ә.Ә.Усмановтың, С.Қоқанбаевтың және т.б. еңбектері
оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі мұғалімнің ролі мен қызметін айқындауға
негіз болды.
Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді
жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-
педагогикалық негіздерін зерттеген К.А.Оразбекованың және болашақ
мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен
практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің зерттеулерін ерекше атап
өткен орынды.
Ұлттық тәрбие қағидаларын мектептің педагогикалық процесіне ендіру,
ұлттық сипаттағы мектептер мен гиманзиялар құрудың ғылыми-теориялық
негіздері бойынша – Б.А.Альмухамбетов, Ш.Әмір, Т.Ә.Қоңыратбаева,
Л.С.Сырымбетова; оқушылардың тәрбиелілік деңгейін арттыру мәселелері
бойынша – А.Қ.Қисымова, Ұ.О.Асанова, Ж.Б.Сәдірмекова, С.Иманбаева,
Р.К.Төлеубекова; бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту мәселелері
бойынша – Н.Албытова, Г.Н.Жолтаева, Қ.А.Сарбасова, С.А.Жолдасбекова,
Б.А.Тойлыбаев, А.Қ.Айтбаева, О.Сатқанов, А.Едігеновалардың еңбектерінде
тұжырымдалған ой-пікірлер ғылыми зерттеуіміздің басым бағыттарын
анықтауға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге бастауыш мектеп сатысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
мақсатында жасалынып, қолданысқа енген Атамекен (М. Құрсабаев), Кәусар
бұлақ (З. Ахметова), Әдеп әліппесі (А. Ашайұлы), Қазақ тәлімінің
тарихы (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), Әдеп әліппесі (Ә.Табылдиев), Ұлттық
дүниетаным (1-4сыныптар) (А.Құралұлы), Дәстүр (Ә.Сәдуақасов) атты тәрбие
бағдарламалары зерттеуіміздің тәжірибелік бағыттылығын анықтауға септігін
тигзіді.
Дегенмен, жоғарыда аталған еңбектерді ғылыми теориялық тұрғыдан талдау
бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
ұлттық тәрбие беру мәселесінің арнайы зерттелмегенін және педагогика
ғылымында өз шешімін таппай отырғандығын дәлелдеді.
Бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері мен
олардың оқушыларға ұлттық тәрбие беру барысында есепке алынбауы арасындағы
және халықтық педагогика құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық
тәрбие берудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық
байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында бастауыш сынып
оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын айқындау
зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық
тәрбие берудің педагогикалық шарттары деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді
қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу
және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің мазмұны,
әдіс-тәсілдері мен формалары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептің бастауыш сатысында оқушыларға
ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері айқындалып, соның негізінде үлгісі
жасалса, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс тәжірибеге
енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық
қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады, өйткенi
мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз
етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі артады.
Зерттеудің міндеттері:
- жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық
педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау;
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын,
әдістері мен формаларын айқындау;
- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін
эксперимент арқылы тексеру.
Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес
ерекшеліктеріне сәйкес халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие
беру этностық-мәдени білім беру аясында қамтамасыз етіліп, этнос
субъектісін қалыптастыруды көздейді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
- бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері, даму
заңдылықтары мен принциптері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.В.Занков,
В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, т.б.);
- этнос теориясы (Ю.В.Бромлей, Л.Н.Гумилев, т.б.);
- әр жастағы балалардың ұлттық сана-сезімінің дамуы туралы теориялар
(Л.М.Дробжиева, Г.Д.Очиров, Т.Н.Петрова, Ф.Ф.Харисов, т.б.);
- ұлттық сана-сезімнің этноәлеуметтік және этнопсихологиялық
тұжырымдамалары (А.Г.Агаев, Б.А.Әмірова, Н.Елікбаев, Қ.Жарықбаев,
Т.Тәжібаев, Б.П.Поршнев, т.б.);
- этнопедагогика бойынша тарихи-педагогикалық зерттеулердің
тұжырымдамалық идеялары (Г.Н.Волков, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова, К.А.Оразбекова, т.б.);
- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.Наурызбай);
- қазіргі білім беру және тәрбие теориялары (Е.В.Бондаревская,
Н.Е.Щуркова, А.А.Бейсембаева, Қ.Қ.Жампейсова, т.б.).
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу проблемасына қатысты
философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi,
бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен
(оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), алдыңғы қатарлы
бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи-
педагогикалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, теориялық моделдеу,
алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып-үйрену және жинақтау,
бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін
математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық
педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздері ашып көрсетілді;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісі жасалды;
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны,
әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;
- педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:
- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық
тәрбие беру бағдарламасы жасалды;
- бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика
құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған
әдістемелік нұсқаулар жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларына арналған Халықтық таным әліппесі ЭЕМ-ға
арналған оқыту бағдарламасы жасалды.
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігін диагностикалау
әдістемесі жасалды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: автордың
педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара
байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, эксперимент
бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы
нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігінің жалпы бiлiм беретiн
мектептердiң тұтас педагогикалық процесінде тексерілуімен қамтамасыз
етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу эксперимент жүргізу
барысында жүзеге асты және халықаралық, аймақтық ғылыми-практикалық
конференцияларда баяндалды, басылым көрген мақалаларда көрініс тапты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына өз этносының мәдениеті, тарихы, тілі және
географиялық аймағы туралы алғашқы түсінік беру, ана тілін меңгерту,
олардың ұлттық сана-сезімі мен дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі тану
және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныстарын дамытуға ынтасын арттыру
халықтық педагогикаға негізделеді.
2. Бастауыш сынып оқушысының даму деңгейіне сәйкес ұлттық тәрбие беруде
оқыту мен тәрбие берудің психологиялық және педагогикалық негіздері есепке
алынып, оқушылардың санаткерлік және этностық-мәдени сәйкестілігін,
толеранттық мінез-құлқын және жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруға
бағытталуы тиіс.
3. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісі негізінде
педагогикалық шарттар жүйесі анықталды:
- этнос субъектісін қалыптастыруға бағытталған халықтық педагогика
құралдарының мол мүмкіндіктері мен әлеуетін бастауыш сынып оқушыларының
ұлттық тәрбиесінде мақсатқа бағыттап пайдалану;
- ұлттық тәрбие беру процесінде әрбір оқушыға жеке тұрғыдан қатынас
жасауды жүзеге асыру;
- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы оқу
және оқудан тыс уақытта ұлттық тәрбие беру бағдарламасын іске асыру;
айқындалған өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде оқушылардың ұлттық
тәрбиелілігінің қалыптасу деңгейін жүйелі түрде есепке алып отыру.
Зерттеудің негізгі базасы: Қарағанды қаласының №39, 57, 66, 81, 83, 100
жалпы білім беретін орта мектептері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-кезеңде (2002-2003 ж.ж.) зерттеудiң теориялық негiздерi анықталды,
зерттеу тақырыбына сәйкес философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-
әдiстемелiк еңбектер мен зерттеулер оқып-үйренiлiп, теориялық тұрғыдан
талданды, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, тәжiрибелiк-эксперименттiк
жұмыстың мазмұны негiзделдi.
2-кезеңде (2004-2006 ж.ж.) оқу-тәрбие жоспарлары, бағдарламалар,
педагогикалық, оқу-әдiстемелiк құралдар талданды, мектепте тәжірибелік-
эксперименттiк жұмыс жүргiзiлдi.
3-кезеңде (2006-2008 ж.ж.) эксперименттік жұмыс нәтижелері
қорытындыланып, жүйеге келтiрiлдi, математикалық тұрғыдан өңделді.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің
негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық, республикалық және аймақтық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды.
Зерттеу жұмысының мазмұны баспа беттерінде жарияланған 14 еңбекте
көрініс тапты.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты,
нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдiснамалық және
теориялық негiздерi, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми
жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы және қорғауға
ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі,
талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ғылыми теориялық
негіздері атты бірінші тарауда педагогика теориясы мен тәжірибесінде
оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесінің зерттелу жай-күйіне талдау жасау
арқылы оның негізі халықтық педагогика екендігі ашып көрсетіледі, бастауыш
сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері анықталады және үлгісі жасалады.
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық
шарттарын іске асыру атты екінші тарауда халықтық педагогика құралдары
арқылы бастауыш сынып оқушыларына оқу процесінде және сыныптан тыс
жұмыстарда ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары анықталып,
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелеріне талдау
жасалынады.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне
негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.
Негізгі бөлім

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп,
танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім
берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге
байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру - өмір талабы. Әр
халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен
дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан
біздің көтеріп отырған мәселесіміз біріншіден – ұлт, екіншіден – тәрбие
мәселесі.
Алтау ала болса, ауыздағы кетедi - деген екен бабаларымыз. Этностың өз
iшiндегi ала-құлалық ұлттың, мемлекеттiлiктiң болашағына қатер туғызбай
қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, сонсоң мемлекетiнен айрылудың
әкелер қасiретiн — бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күң болатынын
осыдан 13 ғасыр бұрын Күлтегiн тасына қашап жазған байырғы түркiлердiң
даналығынан көруге болады. Кеңестiк жылдары Күлтегiндей дананың айтқаны
басымыздан өткенi рас қой. Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: Қазақтың
сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы — тарихтың толқынында
өзiнiң ұлттық МЕН дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана
мүмкiндiк алып отыр... Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек
қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан
фактiге айналуы қажет, - деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр.
Ұлттық МЕНДІ қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері сан алуан
екендігі белгілі. Соның ішінде жетекші орынды тәрбие алатынына ешкім күмән
тудырмайды. Себебі, тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған
озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жеке тұлғаның бойына сіңіру, оның
қоршаған ортаға қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және
соған сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру болып табылып, дені сау, ұлттық сана-
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу мақсатын көздейді. Қазіргі мектептерде ұлттық тәрбие беру
мәселесі өз шешімін таппаса, білім беру саласында жүргізіліп жатқан
реформалар түпкі нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес. Ол үшін ұлттық тәрбие
беру барысында басшылыққа алынатын талаптарды анықтап алудың да маңызы зор:
- біріншіден, ұлттық тәрбие беру Ата Заңымызға, Білім туралы Заңыңа
қайшы келмеуі керек, яғни нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық кемсіту немесе
дәріптеуден алыс тұрған абзал;
- екіншіден, ұлттық тәрбие бір ұлттың мұратын ұлықтаумен қоса, басқа
ұлттардың тарихын, дәстүрiн, этникалық ерекшеліктерін есепке ала отырып,
оларға қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ету қажет;
- үшiншiден, ұлттық тәрбие үздіксіз болу керек. Елдiң iшiндегi, жер-
жаhандағы нақты ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып
отыратыны айтпаса да түсiнiктi жайт. Мәселен, қазiрдiң өзiнде тарихи
отанында отырған қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген қазақтардың
ұлттық мұраты бiрдей дей алмаймыз. Бiрiншiлерi үшiн қазақстанның бүгiнi мен
ертеңi басты мәселе болса, екiншiлерi жүрген ортасында қазақ болып қалу
қамын көбiрек ойлайды. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осынау айырмашылық
ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат.
Қазақстан Респубилкасы өз алдына дербес мемлекет ретінде егемендігін
алғаннан кейін елімізде ұлттық рухани мұраларымызға бет бұрып, соның
негізінде тәрбие беруге көңіл қойыла бастады. Осы тұрғыдан ұлттық тәрбие
атауын өздерiнiң докторлық диссертацияларында Қ.Бөлеев пен К.Оразбекова
пайдаланып, жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері
мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді дайындаудың теориясы мен
тәжірибесін зерттеді.
Қ.Бөлеевтің айтуынша: .. ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика
ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi
тиiс. Өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны
қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық
тәрбие – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн,
ата тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде
қалыптасқан этнопедагогиканың саласы.., - деп, анықталады.
Ғалымның ойынша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие
жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi – болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi
тәрбиешiлердi даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған
арнайы бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.
К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие – болашақ қоғамымыздың
құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты
дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол:
..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-
өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-
ұрпаққа жетiп отырды..,-деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттыј
идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi.
К.Ж.Қожахметова ұлттық тәрбиені этникалық тәрбиеге қарағанда кең ұғым
деп қарастыра отырып, мынадай анықтама береді: ұлттық тәрбие-
жалпыхалықтықты ұлттық сипаттармен біріктіре алатын ұлттың азаматтарын,
мүшелерін қалыптастыру: олар тілді, мәдениетті білумен қатар қазіргі
заманға сай білімді де игеруі қажет.
Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы – оның ұлттық
құндылықтармен мыңғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық
педагогикасындағы ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң
ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды.
Қазақ халқы - елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен
тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-
адамгершілік тағлымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-
тәрбие процесінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық
материалдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жасалуын өмірдің өзі
талап етеді.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процесінде халық
педагогикасын пайдалану бойынша мол тәжірибе қалыптасқан. Негізгі мақсат –
жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық өнерін,
дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-
құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру. Өйткені еліміз үшін жас ұрпақтың
өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады.
Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің
өзінде педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Халық
педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен,
ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен
бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір
сүрген емес.
Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін,
атадан–балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан
қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз.
Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-
танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып
келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор
ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-
мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп
кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік –
имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты
мәселелерге келіп тіреледі.
Халық мұрасының танымдық мәні – ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда
жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың
рухани – эстетикалық қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне
байланысты, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына негіз болатын дәстүрлер көп-
ақ. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті
тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың тілін, салтын,
дәстүрін бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-
тәрбие жұмысына негіз етіп алуға болады. Халық педагогикасын келер ұрпаққа
айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күй, би,
музыкасы, фольклорлық шығармалар арқылы ежелгі ойын-той думанында салт-
саналық дәстүрлерінде насихатталған. Яғни, әр халықтың бала тәрбиесіндегі
өзіне тән дәстүрі ұлттық мұра арқылы көрініс береді.
лттық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар сан қырлы. Оған ұлт
тарихы, ұлттық материалдық және рухани мәдениет, халық фольклоры, дәстүрлер
мен салт-жоралғылар, ұлттық психологияның элементтері, саясат пен қоғам
идеологиясы әсер етеді. Осы тұрғыдан ұлттық тәрбиені қалыптастыратын
мәселелердің өрісі жайлы айтылып жүр. Мұның арасынан тек мектеп оқушылары
ғана емес, жоғары білімді мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындаудың
теориясы мен практикасының қолға алынуы құптарлык нәрсе. Дегенмен, осы
кешенді құбылыстардың арасынан ұлттық тәрбие процесінде ұлттық психология
үлесінің қомақты екендігі дау тудырмаса керек. Мұның өзі — қазіргі егеменді
тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайында
ерекшеленіп отыр. Оған нарықтық қатынастар дәуірінің өмір салтының
психологиялык, дәстүрлік өзіндік қасиеттері қосылады. Соған орай көптеген
тарихи-дәстүрлік белгілер жаңа рухымызға. ұлттық тәрбиге үйлесімді жүзеге
асуы қажет.
Ұлттық тәрбие мен ұлттық психологияның арақатынасында біздің пікірімізше
мынадай әдіснамалық талаптар орын алғаны дұрыс сияқты. Ұлттық тәрбие
жалпыазаматтық өнегенің құрамдас бөлігі ретінде өрбуі тиіс. Ұлттық тәрбие
өз ерекшелігін шешумен қатар ұлттық шектеушілік пен басқа да тар өрісті
белгілерден аулақ болғаны жөн. Ұлттық психологияның ұлттық тәрбиеге
ықпалынын барысында ескі мен жаңа қасиеттер үйлесімділікті қажет етеді.
Ескінің барлығы қазіргі заманға толық сіңісе алмайды.
Тарихи мәдениет, оның өрістері ұлттық рухтың көзі болғандықтан тәрбие
процесіне әсері жүйелі әрбір әлеуметтік топтың жас ерекшеліктеріне қарай
жүргізілгені дұрыс. Сондықтан бала бақшалардағы, мектептің әрбір
сыныптарындағы ұлттық тәрбиенің барысы ерекшеленіп тұруы қажет. Мұндағы
ескерілетін жағдай — еліміздің көп ұлттылығында. Әсіресе, мектептердегі
қазақ және орыс сыныптарына арналған міндетті оқу құралдарының ұлттық
тәрбиеге байланысы мен мазмұны негізгі жатса пайдалы болар еді. Осы
мәселенің ара жігін дәл анықтап тәрбиенің құралына айналдыра білу де
әдіснамалық міндеттердің бірінен саналады. Басты бағдар — барлық ұлт
балаларының елімізге деген ортақ сүйіспеншілік сезімін, мүдделерін
қалыптастыру. Тек оқу процесі емес, мәдени-көпшілік шаралары да оқушыларға
ұлттык тәрбие беруде түрлі тәсілдердің шебер әрі ұтымды пайдаланылуын
іздестіруді талап етеді.
Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тұлғасын
қалыптастыруда алдымызға мынадай міндеттер қойдық. Олар:
- бастауыш сынып оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастыруға арналған
педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау,
теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білу шеберлігін меңгеру;
- бастауыш сынып оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастырудың маңызы
мен мәнін анықтау;
- халық педагогикасының мазмұны мен әдістемесі туралы білімдерін
жетілдіру;
- бастауыш сынып оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастыруға бағытталған
тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін айқындап алу;
- бастауыш сынып оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастыруда диагностика
жасай білу іскерлігін меңгеру.
Зерттеу барысында бұл міндеттерді жүзеге асыруда жоғарыда айтылған
ұлттық тұлға туралы анықтамаға сүйеніп, бастауыш сынып оқушысының ұлттық
психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, олардың тәрбиелілігінің
қалыптасу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері белгіленді.
Бастауыш сынып тұлғасының ұлттық психологиялық ерекшелігі ұлттық
психикалық құрылымға байланысты. Ұлттық психикалық құрылым үш компоненттен
тұрады: ол ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез-құлық. Осы
үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Біз өз зерттеуімізде ұлттық тәрбиені тар мағынасында, белгілі бір ұлттың
халықтық педагогикасы арқылы оқушыны тәрбиелеуді көздейтін салыстырмалы
түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде қарастырамыз. Кең мағынасында,
ұлттық тәрбиені - халықтық педагогиканың іс тәжірибедегі шынайы тәрбиелік
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық
тәрбиелілігін қалыптастырудың тұтас процесі деп білеміз.
Ұлттық тәрбиелілік – бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, ұлттық
дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде
сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-
білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу
дәрежесімен – мінез-құлқымен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды:
бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тәрбиелілігі (ұлттық тұлғаның
қалыптасуы) өз кезегінде кіріктірілген біртұтас тұлғалық құрылым болып
табылатын когнитивті, эмоциялық және мінез-ќұлыќтыќ компоненттерін
қамтиды. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес
ерекшеліктеріне, психикалық және даму деңгейіне сүйене отырып, ұлттық адами
сапаларының қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды (Сурет 1).

Аталмыш өлшемдер мен көрсеткiштер негізінде бастауыш сынып оқушыларының
ұлттық тәрбиелілігінің үш деңгейі (төмен, орта, жеткiлiктi) белгіленді.
Төмен деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері
туралы білім сапасы төмен, үстүрт, ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлерін атай
алмайды, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін
түсінбейді, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі шамалы,
ќоғам ұлттың алдындағы жауапкершілігін сезінбейді, этникалық-мәдени
сәйкестіліктің қалыптасуы төмен, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы
түсінбейді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін толыќ білмейді, ұлттық
мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері
қалыптаспаған, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінбейді, өз
ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы
қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толыќ ќалыптаспаған, өзінің
мінез-ќұлќын толыќ басќара алмайды, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге,
тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынаспайды, Отанына, өз ұлтына, оның
мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі толыќ
байќалмайды, ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу, адамдармен ізгілікті
ќатынас жасау дағдыларын меңгермеген, оќу және оќудан тыс уаќытта саналы
тәртіп пен жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
төмен.
Орта деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері,
ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлері туралы алғашќы білімі болғанымен, ол бір

жүйеге келмеген және берік тұраќты емес, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық
педагогика құралдарының мәнін шамалы түсінеді, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-
ождан туралы түсінігі бар, ќоғам алдындағы жауапкершілігін сезеді,
этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы орташа, ұлттық мәдениеттің мәнін
түсінеді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш,
ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптасқан,
өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінеді, өз ұлттық тіліне,
дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы,
толеранттық, патриоттық сана-сезімі ќалыптасқан, өзінің мінез-ќұлќын
басќара алады, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға
қатынасады, Отанына, ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне
сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық мәдени қарым-қатынас пен адамдармен
ізгілікті ќатынас жасауға тырысады, оќу және оќудан тыс уаќытта тәртіпті,
біраќ толыќ жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін
игерген.
Жеткілікті деңгей - ғылыми білімнің біршама барлығымен сипатталады,
ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері, ќазаќ халќының
ұлттық дәстүрлері, еліне, Отанына, табиғатќа, халќына сүйіспеншілік,
елжандылыќ, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан мейірімділік, адал болушылыќ
туралы ұғымдарды толыќ түсінеді, ќоғам алдындағы әрбір ұлттың
жауапкершілігін толығымен сезеді, этникалық-мәдени сәйкестілігі
қалыптасқан, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түрде түсінеді, ќазаќ халќының
әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан
сезімдері мен ұлттық сенімдері биік, өз ұлтының тағдыры алдындағы
жауапкершілікті терең сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне берік, басқа
ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынаспен қарайды, толеранттық,
патриоттық сана-сезімі жоғары, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге,
тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасады, Отанына, халќына, оның
мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі жоғары,
адамдармен ізгілікті ќатынас жасай алады, оќу және оќудан тыс уаќытта
саналы тәртіп пен жауапкершілік танытады.
Зерттеу барысында біз бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тәрбиелілік
деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны ќалыптастырудың
эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде бастауыш сынып
оќушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісін қарастырдық.
Бастауыш сынып оќушыларына ұлттық тәрбие беру мұғалімдерден де,
оќушылардан да осы әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер