Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін, ойын арқылы жетілдіру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСКЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН, ОЙЫН АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі- адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдық құзыреттілікті дамытудың атқарар қызметі, қосар үлесі зор. Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін «Қазақстан Республикасында 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген. [9]

Әлеуметтік-экономикалық дамудың, оқу тәрбие жұмысының ағарту саласының бастауыш мектеп балаларын тәрбиелеу, білім беруге байланысты шешуін күткен мәселелер тұр. Баланың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшелігін, ішкі потенциалын анықтап жан-жақты зерттеу негізінде оқу тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы дамуына бағыттау. Ал баланың дамуына ықпал жасайтын кезең бастауыш мектеп жасы екендігі анық.

Бастауыш сынып балаларының тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе еске сақтаудың ерекшеліктері мәселне байланысты. Ал баланың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, ерекшелік еске сақтау қабілеті болып табылады.

Бастауыш сынып жасы кезіндегі еске сақтаудың ерекшеліктерінің балалардың ойлау қабілетіне тигізетін ықпалы байланысты Ю. М. Зародина, Б. В. Ломова, Л. Н. Смирнов, Аристотель, Павлов және т. б. ғылыми зерттеулері кеңінен тараған. Сонымен есте сақтау балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін фактор және жағдай болып табылады. Ғылымда балалардың есте сақтауына байланысты шешілмеген мәселелер жеткілікті.

Қазіргі кезде білім беру саласының негізгі мақсаты - тәрбиелі де білімді, өз өзіне сенімді, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, өзіндік шешім қабылдай білетін, жауапкершілігі мен тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру баланың білім игеру кезінде өзіндік іс әрекеттері мен ізденуін белсендіріп, есте сақтау қабілеті ойын арқылы шешілмек.

Біз өзіміздің педогогикалық тәжірибе экспериментальдық жұмыс бағдарламасына қалалық білім беру бөлімінің, мектептің және бастауыш сынып бірлестігінің өзекті тақырыбымен байланыстыра отырып таңдап алдық.

Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін, ойын арқылы жетілдіру».

Зерттеу мақсаты: Ойын арқылы оқушының еске сақтау қабілетін жоғары деңгейге арттыру нәтижесінде оқушының субьектілік белсенділігін арттыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Баланың еске сақтауын анықтау және ойын арқылы, қалыптастыру көздері жайлы мағлұмат жинау.

2. Жаңа өзекті тақырыпқа зерттеу бағдарламасын құру, теориялық кезеңнің жұмысын айқындау бағдарламасын құрып, бекіту.

3. Есте сақтау мүмкіндіктерін анықтау.

5. Баланың есте сақтауындағы даралық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, жоғары нәтижеге жету.

Зерттеу обьектісі: 2«г» сыныбы

Зерттеу пәні: Есте сақтаудың дара ерекшеліктері, ойындардың тиімділігі.

Зерттеу болжамы:

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетінің ерекшелігіне көңіл аудара отырып, ойын түрлеріне дұрыс таңдалған жағдайда. Ойындар арқылы оқушының еске сақтау қабілетін жоғары деңгейге арттыру нәтижесіне жете отырып оқушының субьектілік белсенділігін арттыруға болар еді.

Зерттеу әдістері: Эксперимент барысында есте сақтауды зерттеуге бақылау, байқау әдістері қолданылды.

Бақылау - зерттелінушінің танымдық белсенділіктерін анықтау.

Салыстыру - баланың еске сақтау қабілетінің ұқсастығы мен айырмашылығын нақты жағдайға байланысты айқындау.

Өлшеу - сандық көрсеткіштерді пайдалана отырып, еске сақтау белсенділігінің жетілуін қадағалау.

Эксперимент - күнделікті жағдайда баланың еске сақтау қабілетінің дара ерекшеліктеріне араласу арқылы, ойын ойнату. Жағдайлар тудыру арқылы, еске сақтауын жетілдіру және туындаған қайшылықтарды зерттеу.

Кездесетін қарама-қайшылықтар

  • психологиялық диагностика жүргізу үшін теориялық білімнің төменділігінің, диагностикалық формализмнің зерттеу нәтижелерінің нақтылығына кедергі келтіруі;
  • зерттеу нысанасы ретінде ата-аналарды қарастырудағы қайшылықтар;
  • қажетті ақпараттың жеткіліксіздігі;
  • Ойын процесінде құралдардың жетіспеуінен болатын қайшылықтар;

II- кезең Зерттеушінің сынақ тәжірибесі (2009-2012 оқу жылы)

  • Еске сақтауын анықтау, диагностика қорытындыларының мониторингін жасау;
  • Ш Қ О Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларына өткізілетін естің дара ерекшеліктерін анықтай отырып оның ойын арқылы жетілдіруге байланысты проблеманың шешілу жолдарын зерттеу.

Эксерименттік кезеңде төмендегі әрекеттер басшылыққа алынып отырды:

Р№
Зерттеуші
Зерттелінуші
Істелінетін дамытушылық жұмыстар
Күтілетін нәтиже
Р№:
  1. 1

1

Зерттеуші: Денсаулығын зерттеу
Зерттелінуші: Күн тәртібін сақтау. Тамақтану ережесін білу. Сауықтыру жаттығулар жасау
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: Баланың денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп оның қуанышына айналдыратындай сабақты ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже: Медбикемен байланысқан жүйелі жұмыстар жүргізу
Р№:
  1. 2

2

Зерттеуші: Әлеуметтік жағдайын зерттеу
Зерттелінуші: Баланың ата-анасы, ата-тегі қайдан шыққан, әлеуметтік ортасы қандай? Деген сұрақтарға нақты жауап алу.
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: «Қамқорлық» айлығында өткізілген шаралар легіне баланы кіргізу.
Күтілетін нәтиже: Топтың ата-анадлар комитеті, мектеп, қалалық білім беру бөлімі тарапынан жағдайлар жасау.
Р№:
  1. 3

3

Зерттеуші: Психолого-педогоикалық зерттеу
Зерттелінуші: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін зерттеу
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: Әр баланың мүмкіндік деңгейі мен қабілетіне байланысты жеке жұмыстар жүргізу.
Күтілетін нәтиже: Баланың дербес ерекшеліктерін анықтау
Р№:
  1. 4

4

Зерттеуші: Эксперименттік зерттеу
Зерттелінуші: Әр оқушының табиғи есте сақтау қабілеттерін зерттеу.
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: Әр баланың мүмкіндік деңгейіне байланысты жекелей жұмыс жүргізу.
Күтілетін нәтиже: Баланың дербес ерекшеліктерін анықтау
Р№:
  1. 5

5

Зерттеуші: Ойын іс-әрекеті
Зерттелінуші: Балаларды ойынға өз қызығушылығымен ынтасымен қалыптастыру.
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: Баланың белсенділігі мен қызушылығын арттыратын ізденушілк, шығармашылық деңгейдегі тасырмалар беру.
Күтілетін нәтиже: Баланың сабаққа ынтасы артады, зейін қоя тыңдайды қабылдауы жеңілдейді, білімді толық игереді.
Р№:
  1. 6

6

Зерттеуші: Ата-анамен жұмыс
Зерттелінуші: Оқушының дамуына екі жақ тарапынан әсер ету.
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: Мектептен тыс тәрбиелік шараларға оқушы мен ата-ананы жұмылдыра кірістіру.
Күтілетін нәтиже: Оқуға жауапкершілікпен қарауға, оқудың қоғамдық мәнділігін ұғына білу, мектеп өмірінің талаптары мен ережелеріне бағыну.
Р№:
  1. 7

7

Зерттеуші: Өзін-өзі бағалауға үйрету.
Зерттелінуші: Әрбір бала өз іс-әрекетін, көрі тани білу
Істелінетін дамытушылық жұмыстар: Өзгені бағалата отырып, топтың лидерін анықтау
Күтілетін нәтиже: Өзінің көргенін байқағанын ойын тұжырымда бағалай білу.

2009-2010 оқу жылы бойынша тәжірибе эксперименталдық жұмыс бойынша бірінші кезең жүзеге асырылды. Мұнда теорианы оқып үйрену барысында өз жоспарымыз жүзеге асырылды. Мұнда қазіргі 2«г» сыныбының оқушылары қатысты.

Зерттеу жұмысымыздың басында бірінші кезекте оқушылардың еске сақтау қабілеті тексерілді. Мұнда математика, ана тілі пәндерімен байланыстырылып еске сақтау деңгейі анықталды.

Олар:

1 Еске сақтау қабілетін анықтау. (сандарды еске сақтау)

2 Еске сақтау қабілетін анықтау (сөздерді еске сақтау)

Сандарды еске сақтау бойынша. Бір таңбалы 6 санды еске сақтау керектігі анықталды.

Сонымен зерттеліп отырған мәселенің практика жүзінде шешілуі.

ШҚО Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінің 2«г» сыныбынан 25 оқушы қатысқан, еске сақтау қабілетіне байланысты тәжірибе жүргізілді.

Мұның нәтижесін төмендегі (№1 кестедегі) мониторингтен көруге болады.

Кесте №1

Бірінші рет алынған тәжірибе жұмысының нәтижесін шығарып алған соң еске сақтауға байланысты жұмыстар ойындар түрінде жүзеге асырылды.

Олар:

  1. математикалық диктант
  2. Қимыл-қозғалыс ойындары
  3. Суреттегі затты еске сақта
  4. Еске сақтау нүктелерін орналастыр
  5. Аталған сөздерді еске сақта
  6. Қысқаша көру арқылы еске сақта

Кейіннен бастауыш сынып оқушыларының еске сақтауының деңгейін қайтадан тексердік. Сонда байқалғаны оқушылардың есте сақтау қабілетінің алға қарай жылжуын төмендегі (№2 кестедегі) мониторингтен көруге болады.

Кесте №2

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік теорияны үйрету бастауыш сынып оқушыларының есте
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ерекшеліктері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Қолданылатын әдіс тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz