Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында « Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде», «Қазақстан-2030» атты еңбектерінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы . . . дамытуға барынша қолдау жасап отыр», - деген сөзі осының айғағы [1] .

Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында

« . . . азаматтықпен ел жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу . . . », - деп айрықша атап көрсетілсе, бұл мәселені Президентіміз халыққа жолдауында «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз» - деп бекіте түседі [2] .

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріңде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасын», «ҚР үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасын» т. б. ұлттық тәрбие мазмұнын жандандыруға бағытталған ұсыныстарды республика мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарын қайта құруда басшылыққа алатын құжат етіп ұсынды. Бұл педагогикалық шаралар, егемен Қазақстан мектебінің жаңа үлгісін жасауға ықпал етті.

Ұлттық мектептің үлгісін жасаудағы қажеттіліктердің бірі - қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың тілін дамыту барысында тиімді пайдалану. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан-қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес [3] .

Бұл туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуы - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарда, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп көрсетілген [4] . .

Бүгінгі таңда, едіміздің өткен дәуірлердегі салт - дәстүрлерін рухани-эстетакалық білу, оның бар мүмкіндіктерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мәселелеріне байланысты «Этномәдениет тәрбиесі тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарламасы және Қазақстан республикасындағы «Білім туралы» заңдағы көрсетілгені бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Олар, ұлттық мәдениетіміздің асыл арналары саналатын халықтық рухани қазыналарын, материалдық мәдениеті құндылықтарын, мектеп жасынан бастап әр азаматтың шығармашылықпен игеруіне мүмкіндік жасайтын мемлекеттік әрі педагогикалық міндеттерді қамтиды. Бастауыш мектеп оқушыларының өнер моральдық және мәдениеттілік шарттарында жатыр. Қоғамымызға адал, арлы адамдар қажет [5] .

Қазіргі тандағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықты қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - жас өспірімдерінің тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ ұрпағымызды заманның талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.

Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері жас баласын тәрбиелеуде, оның адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие.

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлардың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Қазір елімізде орын алып отырған имунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жастар ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы. Осы проблемаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы, мектептерде бастауыш сыныптардан бастап ұлттық тәрбиені негізге алып, ата-бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, азаматық пен елжандылыққа, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі құннің кезек күттірмейтін мәселесі [6] .

Егер шетел педагогикасының тарихында ұлттық тәрбиенің ғылыми негізін қалағандар белгілі ағартушы - педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, П. Ф. Каптерев, С. И. Гессен, А. П. Ярош болса, ал шығыс педагогикасының тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов т. б. болған [7, 8, 9, 10, 11] .

Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған және қазақ халқының педагогика тарихына байланысты жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде балаларға білім беру, тәрбие мәселесі оқу орындарының деңгейінде сөз болған Т. Т. Тәжібаев, А. С. Сыдықов, А. И. Сембаев, Г. М. Храпченков, т. б. жұмыстары бар. Бұл еңбектерде қазақ балаларының адамгершілік тәрбие беру мәселесі айтылған. Сонымен қатар Республикамызда білім беру, тәрбиелеу жөнінде К. Қ. Құнантаева, Ш. Беркімбаеваның еңбектері мен мақалалары, Ж, Т. Сарыбекованың, А. Е. Дайрабаеваның, Л. С. Сырымбетованың, А. Қ. Қасымованың, Б. Қ. Өтешованың еңбектері, ал қазақтың халық тәрбиесі мен дәстүріне бағышталған, елдік тәлімі еңбектері, ал қазақтың халық тәрбиесі мен дәстүріне бағышталған, елдік тәлімі туралы А. Х. Мұсамбаева, Қ. Б. Жарықбаевтың, баланың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін халықтық педагогика әлементтерін нысаналы пайдалануда Б. А. Тойлыбаевтың ғылыми-педагогикалық жұмыстары қазақ педагогика тарихында ерекше орны бар еңбектер [12] .

Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие дәстүрлері, оның даму тарихы, эстетикалық мәні жөнінде С. А. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекованың, С. Қалиевтің болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындауда Қ. Бөлеевтің, халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне өндіруде Т. Қоңыратбаеваның, қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда Л. А. Бөлееваның еңбектерін атап өтуге болады.

Ал қазақ этнопедагогикасының тарихы бойынша К. Б. Жарықбаев, А. Көбесов, К. Кұнантаева, А. Ильясова, І. Халитова, А. С. Сыдықов, М. Тәнекеев, С. А. Ұзақбаева, К. Камалива, Е. Садуақасов, У. С. Иманкулов, К. Шаймерденова, М. Б. Көккөзова, Т. Әлсатов, Ш. Жалғасова, К. Ж. Ибраева, Б. М. Досқараев т. б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.

Сонымен қатар шетелдерде этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін Г. Н. Волков (Шувашия), Ю. А. Рудь (Ресей), Я. Ф. Хинтибидзе (Грузия), А. Ш. Гашимов - (Әзірбайжан), С. М. Саипбаев (Қырғызстан), Г. С. Попова (Якутия), А. Б. Григорян (Хантыманен) т. б. өз зерттеулерінде жасаған.

Педагогика, этнопедагогика салаларында жарық көргeн ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасалған талдаудан біздің зерттеу мәселемізге сипаттас жұмыстардың өте аз екенін байқадық. Сонымен бүгінгі таңда мынандай мәселелердің шешімін табу қасиеттігі байқалады:

- бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілі сабақтарында толық іске асырылмауы арасындағы;

- оқушылардың тілін дамытуда әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерге баулу қажеттігі мен оның практика жүзінде қолданбауы арасындағы.

Бұл қиыншылықтардың шешімін табу біздің зерттеу тақырыбымызды: «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану» - деп алуымызға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын ана тілін оқу оның үдерісінде пайдалану жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыда негізінде практикада қарастыру.

Зерттеу нысанасы : Бастауыш сыныптардағы оқу тәрбие процесі.

Зерттеу пәні : Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдары ана тілі пәнін оқыту үдерісінде пайдалану деп танылса онда халықтың дәстүрмен сусындаған, әдет-ғурып, салт-дәстүрлердің негізі, қаланады; себебі бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика мастериалдарын пайдалануда теориалық білімдерінің негізін қалайды.

Оқушылардың тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын қолдануға болады, егер:

  • этнопедагогика материалдарын пайдаланудың педагогикалық, әдістемелік негізі анықталса:
  • оқушылардың тілін дамытуда халық тағылымдарын мақсатты түрде пайдаланылса, онда этнопедагогика материалдарын саналы меңгерін, ана тілі пәні арқылы тілін дамытуға ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері:

1 . Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи еңбектерді зерттеу және талдау.

2. Этнопедагогика материалдары арқылы оқушылардың тілін дамыту мүмкіндіктерін анықтау;

3. Ана тілі пәнін оқыту үдерісінде этнопедагогика материалдарын қолданып, олардың педагогикалық мәнін ашу.

4. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдаланудың жолдарын анықтау.

Зерттеу көздері: Философ, психолог, педагог ғалымдарының этнопедагогика материалдарын пайдалану жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасының біліммен тәрбие саласындағы заңдары мен тұжырымдамалары; Қазақсытан Республикасының этникалық -мәдени білім тұжырымдамасы, «Эномәдениет тәрбие» тужырымдамасы; «Мәдени мұра» бағдарламасы; рухани мәдениет құндылықтары туралы психология, педагогика саласындағы ғылыми еңбектер және Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, оқулықтары мен әдістемелік құралдары магистранттың мектептегі педагогикалық тәжірибелік жұмыстары негізге алынды.

Зерттеу әдістері : Зерттеу тақырыбы бойынша филасофиялық психалогилық тарихы-этнографиялық әдебиеттеріне талдау жасау, зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы бастауыш мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесін зерделеу, талдап қорыту, оқу әдістемелік құжаттарды талдау, педагогикалық тәжірибелік жұмысының нәтижелерін талдау, оның нәтижесін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • оқушылардың тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын қалыптастыру философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан зерделенді және оны іс- жүзіне асырудағы әдіс - тәсілдері айқындалды;
  • «Этнопедагогика» ұғымдарының мазмұны нақтыланды;
  • бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастырудың мазмұнына сипаттама берілді.
  • Оқушылардың тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын қолданудың жолдары ғылыми -теориялық тұрғыдан анықталды.
  • Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарының қалыптастырудың әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, сынақтан өткізілді және алынған нәтижелері практикаға ендірудің мүмкіндіктері белгіленді.

Зерттеудің практикалық мәні:

  • Бастауыш сыныптағы этнопедагогика материладар бойынша білімдер мазмұны айқындалды:
  • Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда ана тілі пәнінің маңызы нақтыланды этнопедагогика материалдары бастауыш сыныпта пайдалануға болады.

Қорғауға мына қағидалар ұсынылады :

- Этнопедагогикалық ұғымдарының нақтыланған мәні, оқушылардың тілін дамыту ұғымының педагогикалық мәні;

- Оқушылардың тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдаланудың жолдары;

- Зерттеліп отырған этнопедагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі мен нәтижелері;

Магистрлік диссертацияның құрылымы : Диссертация кіріспеден екі тараудан қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, практикалық құндылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.

«Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдаланудың теориялық негіздері » тақырыбындағы бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарының педагогикалық психологиялық сипаты, пайдалану ерекшеліктері қолдану жүйесі айқындалды; және бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдалану мәселесінің философия, психология, педагогика ғылымдарындағы зерттеу жайы мен этнопедагогика материалдарын пайдаланудың практикалық жайы талданады.

«Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі» атты екінші бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын қолданудың әдістемесі мен педагогикалық сипаттамасы беріледі, оқушылардың тілін дамытуда ана тілі пәні арқылы этнопедагогика материалдарын пайдалануды жетілдіру жолдары қарастырылады.

Қортындыда оқушылардың тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы нақты тұжырымдар мен пікірлер, зерттеуді жүргізу нәтижесінде туындаған заңдылықтар сипатталады.

Қосымшада педагогикалық іс-тәжірибе жұмысының материалдары берілді.

1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика материалдарын пайдаланудың теориялық негіздері.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы этнопедагогика

материалдарының педагогикалық - психологиялық сипаты.

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міидеттердің бірі - болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-дәстүрі мен дамуындағы бағалы байлықтың бірін - біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол төжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды игілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім-тәрбие тағылымынын бай мұрасы бар, ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым - қатынасынан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Еңдеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынап өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиенің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. Міне, сол себептен де халық, педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстанымдық - идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда.

Әр халықтын, қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуыида эгпостардың өзара байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материалдиқ мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшеліктері бар.

Археологтар тапқаи мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуіне немесе құлдырауын анық аңғаруға болады.

Этнологиялық, этнографиялық. тұрғыда қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге болады. Сондай зерттеу қорытыидылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес.

Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.

Халықтық педагогика-тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтық рухани мұрасы.

Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

Г. Волков, К. Қожахметовалардың басқаруымен жарық көрген «Қазақстан халқының этнопедагогикасы» авторлар ұжымы еңбегінде «Біз этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ол этнография, этнофилософия, этносалық мәдениет және этнопсихология ғылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы. Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасы өмірінде және білім беру мекемелеріндегі үздіксіз іске асатын этникалық, тәрбие жүйесі болып табылады» деп көрсетеді [13] .

Сонымен қатар ғалымдар «этникалық» деген ұғымды айтқанда оқыту мен тәрбие саласындағы этникалық сананы, ұлттың психикалық ерекшелігін, мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік өзгешеліктерді есепке алу деп түсіңдіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының тарихи даму сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттеу деп түсінуіміз керек. Осындай байланыс тұрғысында білім беру үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі, оқушы тұлғасының қалыптасуын өз этнос және өзіндік ұлтгық ерекшеліктері негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.

Ең бастысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен зандылықтарының қалыптасуынан бастау бұлақ болған. Демек, қай ғылымның болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері болатыны сияқты этнопедагогиканың да белгілі терминдері бар.

Олар - шәкірт, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, әдеттендіру, жаттықтыру және т. б. Ал тәрбие түрлеріне мыналар кіреді: дене, еңбек, экономикалық, ақыл-ой, әсемдік, экологиялық, адамгершілік, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз тәрбиесі.

Профессор С. Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп анықтауда П. Плеханов ұсынған төмендегідей әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған жөн деп есептейді. Олар мына төмендегілер:

- идеялардың (ой-пікірлердің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тәуелді екендігін анықтау;

- ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру;

- тарихтың әр кезінде гылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси , экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.

Сонымен бірге ғылым бұл талаптармен қатар тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатыи маңызды әдіснамалық талаптардың бірі: деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропологая, тарих, этнология, фольклористика, логика, пси-хология, социология, археология) зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет екенін атап көрсетеді [14] . .

«Этнос» гректің - etnos - тайпа, халық деген сөзінең шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Сондай-ақ, біз ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе, этнос ұғымына ең алғаш ғылыми дәйекті анықтама берген тарихшы ғалым Л. Гумилев ерекше көз жеткіздік Л. Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсінікгердің болғанын айта келіп, оларды төмендегідей алты топқа жіктейді [15] .

Біреулер «этнос» дегеніміз - шығу теп бір халықтар десе, келесі бір ғалымдар «этнос» - тілдің бірлігіне негізделген мәдениетпң тууы дейді.

Үшіншілері «этнос» - бір-біріне ұқсас адамдар тобы десе, төртіншілері «этнос» ~ сана-сезімдері бір адамдар тобы дейді. Ал бесіншілері «этнос»- белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы десе, алтыншылары «этнос» - табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория деп жіктейді.

Сондай - ак, Л. Гумилев осындай түрлі көзқарастарды зерттеп, қорыта келе олардың ішінен үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады. Олар:

- В Анучкин бастаған галымдар тобының «бірыңғай географиялық жағдайда этнос мүшелерінің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік заңдылығын туғызды» деп қарауы;

- С Токарев А Агеев, И. Көзлов сияқты тарихшылар мен этнографтарының этносты адам баласының әлеуметтік бірлестігінен туған феномен деп есептеуі;

- Л Гумилев, М. Артомонов бастаған үшінші ғалымдар тобының адамның шығу тегін зерттеу үрдісінде материяның қоғамдық және табиғи-диалектика-лық даму заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу формасы мен қоғамдық-формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып қарастырған жөн» деген көзқарастары .

Профессор С Қалиев өзінің «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» еңбсгінде этностар тарихын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері мен қазақ этнопедагогикасының туу тарихы мен бүгінгі күнгі өзекті мәселелеріне жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда терең талдау жасаған. Және ол еңбекте «қазақ» атауының этимологаялық мәніне тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезендерін шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.

Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс көзіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарап қоғамдық сипатқа ие болды.

Екінші кезенді сақтар мен ғүндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz