Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1ТАРАУ. ДЫБЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері ... ... ...5
1.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету ... ... .13
2 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері...20
2.2 Буын, дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік..21
2.3 Дыбыс , әріп, фонема туралы түсінік ... ... ..23

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... .29

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
1. Абілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.Әбілқаев.- Алматы. Санат. –1984
2. Абішева А. Ой белсенділігін арттыру А. Әбішева // Бастауыш мектеп. –1996. -№4
3. Бакірова А. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау А. Бәкірова. –Алматы. –Рауан. 1994. –51 бет
4. Кулиманова М. Білім негізгі бастауышта қаланады. Семей таңы. –1998. -№42
5. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы, 1985
6. Таубаева Ш. Мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру. Бастауыш мектеп. –1997. -№9-10
7. Ералиева М. Жаңа буын оқулықтарының алғашқы қадамы. Бастауыш мектеп. -№10. –1999
8. Адамбаева Ж. Қазақ тілі сабақтары тиімді жоспарлы тәсілмен. Бастауыш мектеп. –1996. -№4
9. Оралбаева Н. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, 1996
10. Қазақ тілі мен әдебиеті.-2001- №3,6,5,7
11. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990
13. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4
14. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975
15. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.
16. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы.Халық мұғалімі,1941. №11
17. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен методикалық нұсқау. – Алматы, 1993.
18. Сыздықова Р., шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. – Алматы, 1989.
19. Кәтенбаева Б. Морфологияны оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988
20. Исабаев А. Қазақ тілі фонетикасын оқытудың методикалық негіздері. – Алматы, 1984
21. Қалиев Ғ., Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы. – Алматы, 1997
22. Дүйсебаева М. Фонетиканы оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1ТАРАУ. ДЫБЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Дыбыстардың айтылу
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
1.2 Дауыссыз дыбыстарды
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Сөйлеудің фонетикалық
бірліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Буын, дауыс ырғағы, екпін туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Дыбыс , әріп, фонема туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде
қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.
Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол
тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын
зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл
дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен
байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым
тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына
да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының
тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу
мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау
мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу
дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.
Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала
береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында,
туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу
нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2.
көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен
ауыз қуысы.
Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі
даңғыл қазақ еліндегі Білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп,
ұлы көшке еруде. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға
үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, парасатты
экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті
білім беру жүйесін қалыптастыру талап етілуде. Жастарды жаңа заманға сай
тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,
қазақ тілі сабағында фонетиканың оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы
керек.
Зерттеудің пәні : Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында
фонетиканы оқыту.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында
фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Фонетиканы оқыту әдістемесі туралы толық мағұлмат беру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды үйрету, олардың айтылу үлгісін көрсету.
Зерттеудің болжамы: Фонетиканы әдістері сан алуан. Осы әдістерді
методикада жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден,
оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін
жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді
мектепте білім беруде қазақ тілін оқытуда түрлі әдістерді қолданса, онда
білім сапасы артады.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1ТАРАУ. ДЫБЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. Дыбыстардың айтылу үлгілері

Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, оның лексикалық
грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте
фонетнканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.
Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты
салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен
таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық
тұрғыда оқыту мүмкін емес.
Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді.
Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі:
дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін
дамыту т.б.
Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:
a) физиологиялық (жасалу);
ә) акустикалық (естілу);
б) қызметі (сөз жасау).
Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте
сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп
отығуға тиіс. Мысалы физиологиялық тұрғыдан дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының
жемісі,яғни тілдің, еріннін қалпы, жақтың ашылу қалпы т.б.[1]
Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың
қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі.
Бірақ дыбыстардың жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді,
тек қана ана тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.
Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық
құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен
ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн
мен салдардың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады.
Мектепте дыбыстын мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді,- бірақ
жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге
мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып
қалыптасқан.
Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі — оның құрамында 12 дыбыс бар;
2) дауыссыз дыбыстар тобы — оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:
1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға
жамылғы болып тұрады;
2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын айтылу
және құлаққа естілу әуені бар;
3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан
ажыратылып, оған қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы
дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, к, дыбыстарынан ажырата
аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту
қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды;
4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан.
Мысалы: а) к, г, дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен
тіркесіп айтылмайтыны сняқты қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке
дауыстылармен тіркеспейді; ә) байырғы сөздер екі дауыссыз тіркесінен
басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке түрде қосылады.
Тілді оқып үйрену үшін, оның негізгі компоненттерін (дыбыстық
жүйесін,лексикасын, грамматикалық құрылысын), қалыптасуы мен қызметін білу
керек. Қоғамдық құбылыс ол өсіп дамып отырады. Осы тұрғыдан оған сөздердің
жасалуы мен сөздердің түрленуі сияқты қасиеттері ерекше сипат береді[2].
Оқушылар сөздердің жасалуы жайында түсінік алғаннан кейін, енді
сөздердің түрленуі жайында, олардың жасалу тәсілдері жайында оқып біледі.
Ал сөздердің түрленуі грамматиканың морфология бөлімінде өтіледі, мұнда
ғылымда сөз таптары деп аталатын сөздердің лексика-грамматикалық
түрлерге бөлінуінде қарастырылады.
Сөздердің түрленуі түсінікті болмайынша оқушылар синтаксис
материалын, сөздердің сөйлем ішінде тіркесу заңдылығын біле алмайды өйткені
сөздердің бір-бірімен байланысуы көбінесе сөздердің түрленуіне (септелуі,
тәуелденуі, жіктелуі) негізделеді. Сөз таптары — сөздердің лексика-
грамматикалық топтары, яғни олар тек таза грамматикалық белгілері,
тұлғалары арқылы ғана емес, сонымен қатар сөздердің лексикалық мағыналары
арқылы да бөлінеді. Сондықтан сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың
сөздікпен жұмыс жургізулерімен байланыстырылады.
Сөз таптарын оқыту оқушыларды синтаксистік жүйелі курсын етуге
даярлайды, дұрыс жазу ережелерін оқып үйренуге жағдай туғызады, грамматика
сабақтары оқушылардын тіл ұстартуы, сөздіктерін байытуы, сөздерді қолдану
ережелерін меңгеру мақсатында пайдаланылады.
Сонымен бірге, сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың логикалық ойлауын
дамытуға мүмкіндік береді, бұған әр түрлі сөз таптарына жататын сөздерді
грамматикалық белгілеріне қарап жіктеу, тектік және түрлік ұғымдарды
ажырату, құбылыстарды қандай да бір белгілеріне қарап жіктеу сияқты
логикалық операциялар жүргізуге жетелейді.
Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар;
1) оқушылар сөз таптары мен сөйлем мүшелері ұғымдарын шатастырады;

2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады (соң,
кейін, әрі, бері сөздерінің әрі үстеу, әрі шылау болатындығы);
3) аттас формаларды ажырата алмау (жатыс септігі -да, -де -мен
жалғаулық да, де шылауы; көмектес септік –мен , -бен және жалғаулық бен,
пен: табыс септік -ды ты және сын есімнің -ды, -ты жұрнақтары; етістіктің
ме ме жұрнағы мен сол тұлғадағы зат есім жұрнақтары сұрақтары
1992 жылы қазақ тілі бағдарламасына Сөздердің жасалуы атты жаңа
бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің IV класс бағдарламасында: Сөз тұлғасы туралы
түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік,
тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз деген
тақырыптар қамтылса, V класс бағдарламасында: Дара, күрделі сөздер.
Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қос сөздердің
емлесі. Қысқарған сөздер және олардың емлесін сияқты тақырыптар
қамтылды[3]. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда
Сөз құрамы, Сөз тұлғалары деген жалпы тақырыптар морфология бөлімінде
қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім
етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі — сездердің
жасалу процесі — тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес,
сонымен катар тіліміздін сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде,
лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің
жасалуы — лексика-грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы — сөздің
құрылымын, морфемальқ құрамына, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердін
жасалуының әр түрлі жолдарын зерттейді.
Сөз—мағыналық, бөлшектерден тұратын құрылым. Қазақ тіліндегі атауыштық
сөздер өздерінің құрылым бойынша негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Туынды сөздердің құрамында түбір және қосымша (жұрнақ) болады. Сөздің
барлық бөліктерін морфемалар деп атайды, түбірге косылып жаңа сөз тудыратын
немесе жаңа тұлға тудыратын бөлшектерді қосымшалар дейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор
маңызы бар.
Сөздердің жасалуымен танысуы біріншіденсөз құрылымының дамуы мен
сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса;
екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара
байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау денгейі, екінші жағынан
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер; үшіншіден, тілдің
грамматикалық құрылысын тереңірек білуге жағдай жасайды. Өйткені қазақ
тілінде грамматикалық мағыналарды білдірудің аса маңызды тәсілдері
жалғаулар мен сөз түрлендіретін жұрнақтар болады.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге,
орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады.
Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық
принцип болса, тубір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын
сақтайды[4].
Туынды сөздерді талдаудың түрлері. Сөздердің жасалуын оқыту кезінде
туынды сөздердің құрылымы мен оның жасалу жолдарын анықтауға тура келеді.
Туынды сөздердің құрылымын анықтағанда, сөзге морфемалық талдау жасалады да
(түбір—қосымша), оның жасалу жолдарын анықтағанда, сөз жасаушылық талдау
жасалады. Мысалы: ақшылдау—морфемалық талдау; ақшылдау — ақшыл сөз
жасаушылық талдау, демек тілде ақшылдау деп те, ақшыл деп те туынды сөз
қолданылады. Морфемалық талдауда сөз құрамындағы барлық қосымшалар
бөлшектеліп көрсетіледі. Сөз тудырушылық талдауда сөздің жасалу тәсілдері
мен сөз жасау процесінде морфемалардың қосылу тәртібі анықталады.
Морфемалық талдау: білімділік. Сөз тудырушылық талдау:
білімділік—білімді-білім.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін
физиканың бір саласы.(akustikos - естілу)
Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің
белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да,
құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы
төмендегі белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты
болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе
береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің
нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден
шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады[5].
Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына
қарай айқындалады.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі
топқа бөледі. Дауыстылар мен дауыссыздар. Негізгі ортақ белгісі олардың
буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп
топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да
еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды
бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға
негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады. Дауыссыздарда салдыр басым
.Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе
дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан
алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге
ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы
жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда
фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші,
тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның
шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді.
Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2
топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты
дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің
болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар.
Оның 1-физиологиялық классификация;
2-акустикалық классификация.
Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда
әлдеқайда қолайлы[6]. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің
қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің
қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан
дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы
жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү
т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді
(о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып
бөлінеді.
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Дауысты дыбыстар кестесеі
Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысынаТілдің қатысына қарай
қарай
Еріндік Езулік Ашық Қысаң Жуан Жіңішке
дауыстылар дауыстылар дауыстылар дауыстылар дауыстылар дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, ҮА, Ә, Ы, І, А, Ә, О, Ө, Ы, І, (И), А, О, (У), Ә, Ө, Ү, І, Е,
(Э) Е У, Ұ, Ү Ұ, (И) (И), (У)

Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде
жуан, бірде жіңішке болып айтылады[7]. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э
болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э)
түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі:
а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге
ұшырайды.
ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады.
б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды.
в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни
пассив қатысады.

1.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуынан жасалатын дыбыстар.
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у) , һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне
соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге
салыдр араласады.

Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;
в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ

Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары жүйесі, олардың топтастырылу жүйесі
бірінші сыныптан бастал үйретіледі де, әр сыныпта күрделеніп отырады.
Қатаң, ұяң, үнді, дыбыстардың айтылуының қазақ тілінде ерекшелігі бар.
Сондықтан олардың әрқайсысына тән дыбысталу ерекшелігін білу керек.
Орыс тілінде де дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді,
сондықтан дауыссыздың бұл түрлерін оқытуда оқушының ана тілінен алған
біліміне сүйену керек. Сонымен бірге дауыссыздардың бұл топтарының ішінде
екі тілге ортақ белгілері бар.
Мысалы: стп,т,м,б,зл,иг,н,р сияқты дауыссыздарды оқыту қиындық
келтірмейді. Ал орыс тілінде жоқ қ,ғ,ң,һ, дыбыстарын оқытуға мұғалім ерекше
мәе береді. Бұл дыбыстардың орфоэпиясын алғашқы күннен бастап дұрысс
қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оқушы бұл дыбыстарды ана тіліндегі к,н,г.х-
дыбыстарына ұқсатып айтадыі. Мұғалім олардың арасындағы айырмашылықты оқушы
санасына жеткізіп, олардың дұрыс айтылуын үнемі қадағалап отырады. Бұл
дыбыстарды оқытуда еліктеу, салыстыру әдісін қолданады[8].
Оқушы мұғалімнің бұл дыбыстарды айтуыға еліктейді, мұғалімге қосыла
қайталайды, мұғалімнің буынды, сөзді айтуын мұқият тыңдайды. Орыс тілінде
дауыссыз дыбыстар жуан, жіңішке болып бөлінеді, ал қазақ тілінде дауыссыз
дыбыстар жуан кемесе жіңішке болып бөлінбейді.
Бірақ дауыссыздардың сөзде жуан иемесе жіңішке айтылуы дауысты
дыбыстарға байланысты.
Дауыссыз дыбыстардың бұл ерекшелігі салыстыру, тыңдау, жаттықтыру,
қайталау, еліктеу әдістері арқылы үйретіледі. Дауыссыз дыбыстарды үйрету
мынадай жүйемен берілген:
Қатаң
П,Т, К-Қ.Ш, һ
Уяң

Б, Д, Г. 3, Ж
Үнді
М, Н, Ң, Ү. Р, Л, Й, У
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары жүйесі оқушыға топтастырылу арқылы
үйретіледі. Олардың әрқайсысына тән дыбысталу ерекшелігін білу керек. Орыс
тілінде де дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді. Сондықтан
дауыссыздардың бұл түрлерін оқытуда оқушының ана тілінен алған біліміне
сүйенуге болады.
Сонымен бірге дауыссыздардың. бұл топтарының ішінде екі тілге ортақ
белгілері де бар.
Мысалы: с,п,т,м,б,з,д,ш,н.р сияқты дауыссыздар оқытуда қиындық
келтірмейді. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды білу, оларды дұрыс айтуға ғана
пайдалы емес, дауыссыздардың топтарын, түрлерін білу де байланысты сөйлеуге
қызмет етеді. Сондықтан дауыссыз-дардың жүйесін білу қазакша орфоэпияны
дұрыс қалыптастыруға да, ойын да дұрыс жеткізуге, дағдылануға көмектеседі.
Орыс тілінде жоң қ,ғ,ңңһ дыбыстарын оқытуда мұғалім ерекше мән береді
Оқушы бұл дыбыстарды ана тіліндегі к,г,и, х дыбыстарына ұқсатып
айтады
Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді
оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке
дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада
теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс
өтетін орта — ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып,
пайда болуы мүмкін емес[9].
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені
ажыратылады,
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі
дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады.
Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді.
Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде
пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа,
яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады[10].
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда
— лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе
береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы
және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей,
дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т.
б.) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет
атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да,
үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ
оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі
дыбыстар жасалады.
Тіл дыбыстары ның артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау
мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты,
дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау
қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25
дауыссыз буын құрамайды.
Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у.
Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т ,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.
У дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады.
Ендеше ол бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау
балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары
баса үйретілуі қажет.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз
дыбыста қысым – дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда
дыбыстау аппаратына жайылады жа, жалпылама өтеді – деп, айқындаған болатын.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан
жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке
дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін
дыбыстар – дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде
айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек
тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері астыңғы еріннің
үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен , енді біреулері тіл ұшының астыңғы
тіске жуысуынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Көрнекі құралдар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Сабақ процесінде сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану
Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
Пәндер