Қазақтың төреші, әрқашан әділ Төле биі
1 Төле бидің толғау сөздерінің мәні
2 Төле бидің өмірі
3 Қаз дауысты Қазыбек
4 Ақтамберді жырау шығармашылығы
2 Төле бидің өмірі
3 Қаз дауысты Қазыбек
4 Ақтамберді жырау шығармашылығы
Қазақтың төреші, әрқашан әділ төбе биі. Тәуке ханның тұсында лауазымы ханнан кем түспеген, ал Тәуке өлгеннен (1715 ж.) кейін бар билікті өз қолында ұстаған сенімді ел басшысы. Зор ақыл иесі дана адам. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қызмет етіп, талай қасіретті халқымен бірге тартқан, зарына зар қосып, тарихтың ең ауыр жүгін арқалаған қайыспас қара нары. Ел-жұртының тыньштығын көздеп, ұтымды саясат жүргізе білген көреген көсем. Шабылған, босқын күй кешкен халқына дем беріп, жоңғар қонтайшыларының ауыр салығын төлеп, өз баласын оларға кепілдікке беріп, жауын келіссөзге келтірген. Орта азиялық көршілерімен де келісім жасап, оларды жоңғарларға қарсы жұмылдыру әрекетін жасап баққан. Тәшкент жұртын өз аузына қаратып, қоқандардың қоқан-лоқысын басқан. Ал кейінірек өз бетімен патша өкіметімен де тілдесіп, олардан қашпайтындарын, тату-тәтті алыс-беріс жасап, сауда-саттықты жолға қою, тіпті патшаға бас июге де тартынбайтынын айтқан. Шабылған қазақ елінің сол тұстағы ауыр жағдайы оны бұған мәжбүр еткен.
Қазақтың төреші, әрқашан әділ төбе биі. Тәуке ханның тұсында лауазымы
ханнан кем түспеген, ал Тәуке өлгеннен (1715 ж.) кейін бар билікті өз
қолында ұстаған сенімді ел басшысы. Зор ақыл иесі дана адам. Жоңғар
шапқыншылығы кезінде қызмет етіп, талай қасіретті халқымен бірге тартқан,
зарына зар қосып, тарихтың ең ауыр жүгін арқалаған қайыспас қара нары. Ел-
жұртының тыньштығын көздеп, ұтымды саясат жүргізе білген көреген көсем.
Шабылған, босқын күй кешкен халқына дем беріп, жоңғар қонтайшыларының ауыр
салығын төлеп, өз баласын оларға кепілдікке беріп, жауын келіссөзге
келтірген. Орта азиялық көршілерімен де келісім жасап, оларды жоңғарларға
қарсы жұмылдыру әрекетін жасап баққан. Тәшкент жұртын өз аузына қаратып,
қоқандардың қоқан-лоқысын басқан. Ал кейінірек өз бетімен патша өкіметімен
де тілдесіп, олардан қашпайтындарын, тату-тәтті алыс-беріс жасап, сауда-
саттықты жолға қою, тіпті патшаға бас июге де тартынбайтынын айтқан.
Шабылған қазақ елінің сол тұстағы ауыр жағдайы оны бұған мәжбүр еткен.
Халық арасына тараған аңыздар Төле бидің бала кезінде-ақ ел билігіне
араласқан, тапқыр әділ билік айтқыш болғанын растайды. Сыртқы жаудан
ығысып жүрсе де, өзара жер, суға таласқан дауды ол бала кезінде шешіп,
оларды келістіріпті.
Халқына қамқор болу, елінің бірлік-тірлігін сақтай білу жыраудың басқа
толғауларына да идеялық арқау болып отырған. Ел сенімін ақтарлық беделді
тақ иелері, ақылға жүгінер парасатты адамдарын, елді аузына қарата ой
толғайтын дуалы ауызды жырауларын ізгі ниетке, азаматтық ар-ождан, иманды
инабатты адамгершілікке, ел сенімін ақтауға үндейді. Өзінің ақсақалдық
адамгершіл ақылдарын кемеңгер шешен бейнелі сөздер арқылы толғайды. Төле
бидің толғау сөздерінің мәні терең. Ол ел бірлігі, халық бақыты, жер, су
тәуелсіздігін, адал басшы, ер азамат, өнерлі парасатты жас ұрпақты аңсай
отырып, қазақтың жеке басы, от басы, ошақ қасы берекесі, көрші, ағайын-туыс
арақатысы, ата сыйлар ұл, ана сыйлар қыз өсіріп, олардың қызығын көре
білуді толғайды. Халық берекесін кетіріп, тынышын кетірер бұзақы-
бұзықтардан сақтандырады.
Төле бидің өмірі түгел дерлік қазақ жұртының қамын ойлап, соның
тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында тынымсыз еңбек үстінде өткен нәтижелі
өмір. Сексенге келгенше ел басында, халық тағдырын қолынан шығармай ұстап,
әділеттікке бастаған адал азамат. Тәуке хан, Қазыбек пен Әйтеке билер
қатарлы қажырлы қоғам қайраткері. Елі, жұрты алдында қалтқысыз қызмет еткен
ары таза, әділетті биліктің символы дерлік қадірмен. Өзінің соңғы шығарғаны
күмәнсіз. Ол нақылдарды халық өзінің ең қымбат мүлкіндей жинап, мәңгі
есінде ұстап, ауыздарынан тастамай айтып жүрсе, оның алғашқы шъіғарушысының
да арманы орындалғаны емес пе?! Мысалы мына бір тұспалдарды халық өз
сөзіндей-ақ көп жерде қолданады. Реті келгенде тілдеріне тиек етіп,
пікірлерін өңдей түседі. Тіпті кейінгі ақын, жыраулардың сөздері ішінде де
кезігіп қалады. Ал ол сөздерді Төленікі десін, демесін әркім өз керегіне
асырады. Мысалы: „Жаңбыр жаумаса, жер жетім, басшысы болмаса, ел жетім,
ұқпаса айтқан сөз жетім; Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы, балаң жақсы
болса, жан мен тәннің шырағы. Қатының жақсы болса, бірінші — иманың, екінші
— жиғаның, үшінші — ырысыңның тұрағы, т. б." тұспалдардың ілкі шығарушысы
Төле би шешен дегенді қостаймыз.
Төле би бабамыздың келешек ұрпақты алғырлыққа, еңбекке, адалдыққа,
кішшейілділікке (момындыққа) шақырып, қулық-сұмдықтан аулақ болуды
қолдағаны оның мына бір өсиетінде көрінетін сияқты: „Қудың берекесі таудай,
арты қылдай. Момынның берекесінің басы та-рыдай, арты таудай. Момын
болайық. Ата-бабамызға момындық жаққан". Төле екеңнің өзі де кішіпейіл, зор
ақыл иесі, тілінен бал тамған шешен болған ғой. Оның үстіне адамгершіл
әрекеттерін танытатын „Қарлығаш балапандаған ұяны бұзбау" туралы биліктері
қандай қызық. Немесе Данагүл сияқты қызды тануы, оның тек жақсы келін ғана
больш қоймай, үлкен мәселені ақылмен шешуі туралы әңгіме өте өнегелі және
көркем туынды.
Төле би атамыздың тарихымызда, сөз өнері өрім-өрнегінде сақталар өшпес
орны бар зор тұлға екенін ескеру кезі жеткен маңызды мәселе.
Қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өле-
өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биіміз Қаз дауысты
Қазыбек. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның орта жүзінің тізгінін
берік ұстаған беделді биі әділ қазы, асқан талант иесі. Тәуке ханның
беделін бекітіп, халқының бірлігін нығайту, қаптаған қалың жоңғарға қарсы
ерлік күрес ашып, ер жүрек қазақ ұлдарын ел мүддесін, ұлтының ар-намысын
қорғауға үндеп өткен дана басшы, салиқалы сөз, салмақты мінез танытып,
жастайынан ақыл-парасатымен жоғарыдан көрінген, өзіндік жол-жосық
бастаулары бар ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын
түйіннің жігін тауып, бойындағы сөз маржанын жеріне жеткізе, сезіндіре,
серпілте сөйлеп, күмәнсіз сендіре білген қызыл тілдің шебері, айтыс-
тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шыңдықты,
әділетті жақтаған абзал азамат. Халқымыздың басына қайғылы күн туып,
берекесі кеткен ауыр заманында ел-жұртын сақтап қалу үшін өмірін сарп еткен
ардагер асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін
шашқан жарық жұлдызы.
Жоңғардың басым кезінде, оның аузынан от шашқан қонтайшыларынан жасқанбай,
ешбір қатерден қорықпай, өзіне төнген найзаның бетін қайтарар қаһарлы
тапқыр, алғыр, батыл қимылдарын, өжет сөздерін қоя білген ер жүрек адам.
Қонтайшылардың үш рет тонап кеткен елінің есесін ол осы бір қасиетті істері
арқылы түгел қайтарған екен. Қара күшке қасқайып қарсы барып жеңіске
жеткен.
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз
асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген
елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан үл
туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Үл
мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен
қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы , қелгенбіз, сен темір болсаң, біз
көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз.
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы
келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен — арыстан, алысқалы
келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары
желіммең, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын
жеріңді айт!
Қонтәжі бұл сөзге бөгеліп, елшілерге құрмет көрсетіпті. Қазыбекке төрден
орын беріпті. Сонда бала би Қазыбек: „Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай
отырып, жасына қарай сөз сөйлей береді, өзімнің үлкен ағаларым төрде
отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей"— депті. Қазыбектің бұл сөзі
Қонтәжінің басынан асып, не дерін білмей сасып, қалыпты аузын ашып... деп
аңыздайды халық.
Қалмақтар Қонтәжіні кеу-кеулеп, сізге не болды? Қаршадай балаға жауап
таппай, бойыңыз дірілдеп, түсіңіз қашып, мұнша сасқаныңыз не?—депті. Сонда
Қонтәжі:— Сендер білген жоқсыңдар. Сөзді өңменімнен сұққылап айтқан кезде,
екі иығынан екі аю аузынан от шашып: „Тыпыр етші осыдан, көріп алайын" деп
тұрды. Мініки, мен содан қатты сескендім..."—деп, жеңілгенін мойындап,
қазақтардың мал-мүлкін, тұтқындарын қайтарып, өздеріне сый-сыяпат көрсетіп,
айып төлеп аттандырыпты. Осындай ел арасы даулардың Қазыбек араласқан
айтыстары қазақтардың пайдасына шешіліп отырыпты. Халық Қазыбекті дуалы
ауыз, сиқыр сөзді, аруақ қолдаған дүлдүл-шешен десе, Қонтәжі оны Қаз
дауысты Қазыбек би деп атап кетіпті.
Қалмақ тұтқында да жүріп ауыр зәбір көрген қазақ жігіті, өзіне
бостандық алғасын сынған тісіне, қолына, басқа да зәбір-жапасына төлем
талап етіпті. Бірақ қалмақтар: „Қол сынса, жең ішінде, тіс — ауыз ішінде"
деп, айып төлеуден бас тартады. Сонда Қазыбек зәбір көрген жігіттің дауын
қостап, ұтымды сөз айтқан екен:
— Тісі сынса, ауыз ішінде, қолы сынса, жең ішінде жүре беру керек деген
не сөз: Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тісі
болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене?. Хан қарыспай
бітіскені рас болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатын
қайырмай алғанын қайыру керек. Қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл
да біреудің ардақтап өсірген ұлы. Ерікті ұл көрікт болып қайтуы керек"—
депті. Бұл дауды да шешкен Қазыбек екен.
- Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен. Қазақта
хандыққа жөнсіз таласқандар болғанымен, билікке жөнсіз таласқандар
болмаған—дегендей, әділ билерге халық бас иген.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер Тәуке ханның ел билігін заңдандырып,
тәртіпті нығайтуға да күш салған. Олар қазақ елінің алғашқы заңы есепті-
—"Жеті жарғыны" шығарушылар болды. Осылайша атаілмыш билеріміз қазақ
елдігін нығайтушы, оның мәртебелерін зорайтып, ішкі, сыртқы саясаттарын
іске асырушы, ақыл мен
әділ биліктің символдары. Барлық билік сөздерін, ақыл сөздерін кестелі
көркемдеп, шешен де бейнелі баяндаған шебер тілді, жүйрік ойлы асқан талант
иелері. Сөз бастаса түспалдай жөнелер қабілеттері жоғары суырып салма
өнерпаз. Аттары әйгілі Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Жиенбет т. б.
жыраулар сияқты, сөз өнерінің шеберлері. Сондықтан аталмыш Төле, Қазыбек,
Әйтеке, Сырым, Ақтайлақ т. б. үздік өнерлі билерді жыраулар қатарында, ХЛШІ
ғасыр әдебиеті, мәдениеті тарихында атап, олардың орындарын белгілеу
абзал.
Кіші жүз Алшыннан шыққан ұлы билердің бірі. Тәуке ханның атақты Төле,
Қазыбек билерімен дәрежелес үшінші аға биі. Осы үш би арқылы үш жүз
қазақтарының басы қосыльш, бір хандыққа бағынып, бір жеңнен қол шығарып,
жоңғар шапқыншыларыңа қарсы күресте елінің пәтуасын қолдарына алып,
азаттыққа бастаған батырлармен қатар қамқор басшы — көсем, ұшқыр ойлы,
өткір тілді шешен билері десек, сол үштіктің бір қабырғасы атақты Әйтеке
екен. Зерттеушілердің мәліметі әзірше тапшы болғандықтан, Әйтекенің өмір
жолы мен шешен терме-толғаулары жиналып, баспа жүзін көре алмай жүр. Қолда
бар деректер Ә. Кекілбаевтың „Егеменді Қазақстан" газеті (1991 ж. 23
қарашада) жариялаған газет ішіндегі кітаптан алынып отыр. Бірақ автордың
өзі айтқанындай, Әйтекенің өмірі зерттеусіз жатқан дүние. Ал аталмыш
газеттің 1992 жылғы санында басылған Шайхислам Серікбаевтың берген мәліметі
бойынша шешен биіміз Әлімнің Алшыны, Жалаңтөске аталас ағайын. Сүйегі
Ташкентке қарасты „Мыңтөбе" деген жердегі „Сейіт баттал", „Зәңгі ата"
бейітінде болса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz