Қазақ бастауыш мектебінде оқушыны еңбекке баулу пәнін оқыту барысында баланың еңбек дағдыларын арттыру


Мазмұны.
Кіріспе.
І-бөлім.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шағармашылығын дамытудың теориялық мәселелері.
1. 2. Бастауыш мектеп кезеңінде еңбекке баулу пәнін оқыту сабақтарында тұлғаны шығармашылық дамытудың педагогикалық негіздері.
ІІ-бөлім.
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларын еңбек сабағында шығармашылыққа баулу.
2. 2. Еңбекке баулу сабағында 2 сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша материалдар мен көрнекіліктер тізімі.
Кіріспе.
Тақырыптың көкейкестілігі. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп - қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тірбиенің сан-саналы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан-дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формулалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Шәмшия Беркімбаеваның «Ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпайық» атты баяндамасында:
« . . . Біздің осындай қоғамға жетуіміздің долын белгілеп берген Президентіміздің «Қазақстан - 2030» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналды. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғашарттар толық орындалуда. Алайда «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі шетелдердегі замандастармен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану деп аталатын процестің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік даму көшіне ілеспек.
Бүгінгі таңда өздеріңіз тәлім - тәрбие беріп жатқан бүлдіршендер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, қазақстандық діл мен дүниетаным негізінде азаматтық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет.
Ол үшін: біріншіден, еліміз мектептерінде әрбір шәкірт ұлтына, дініне, жынысына қарамай, барлық қазақстандықтардың ортақ Отаны - Қазақстан екенін түйсінетіндей ахуал қалыптастыра алудың мәні зор. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты » деген түсінік жас ұрпақ санасында берік орнығуы шарт;
Екіншіден, жас ұрпаққа өзі туған аймақтың ғана емес, көлдің де, жан-жануарлардың да, қазба байлықтардың да өз елінің байлығы болып табылатынын сезіндірудің де тәрбиелік әсері зор. Бәлкім каникул күндері еліміздің қастерлі орындарында, табиғаты сұлу аймақтарға, экспедициялық жорықтар ұйымдастыру шараларын қолға лау қажет болар;
Үшіншіден, өскелей ұрпақ өз елінің ғалымы мен ғұлама ғалымдары, өнері мен талантты өнерпаздары, спорты мен спортшылары т. б. туралы хабардар болып, оларды мақтаныш тұтып өскені жөн. «Қазақстан ғалымы», «Қазақ киносы», «Қазақ музыкасы», «Қазақстан спорты», т. б тақырыптарға арналған викториналық ойындар, сауық кештерін ұйымдастырып отырудың қиындығы жоқ.
Төртіншіден, әрбір қазақстандық жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғалардың өмірбаяндары мен өнегелі істерін біліп өсуі тиіс. Шәкірттер санасында «Менің елімнің тарихы - менің тарихым» деген түсінік орнығатындай, материалдарды еліміздің өткен тарихынан да, дербес мемлекет претінде өмір сүре бастаған бүгінгі тарихынан да көптеп табуға болады.
Ең соңында, жас ұрпаққа біздің ұлттық дәстүрлеріміз бен әдіт-ғұрыптарымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарымен ұштасып жатқанын аңғартудың мәні зор. Өз мәдениетін түсінетін адамның ғана өзге мәдениеттерді терең қабылдай алатынын әрбір адам жас кезінен ұғынып өссе құба-құп.
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өрісі биік өскелең мәдениеттің түп-төркіні сонау Орхон - Енисей ежелгі түркі жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама Әль-Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес халықтарға ортаө өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Яссауи трактаттары, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т. б еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар.
Ал Асан қайғы, Жиембет, Атамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Майлықожа, т. б сияқты күміс көмей, жез таңдай ақын-жыраулардың әр түрлі өмір құбылыстары адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, дана өсиеттерін қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама . . .
Бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары Абай, Шоқан, Ыбырайлармен қатар ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық тұжырымдары қазіргі заман талабына үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі.
Мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған халықтың осынау рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен ассата келіп, оқу-тәрбие беру қызметіне негіз болып отырған бүгінгі қазақ мектебі нашар болуға тиіс емес, -делінген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»:
« . . . Негізгі жалпы білім беретін бағдарламалар мен негізгі кәсіптік бағдарламалар тиісті мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленеді».
Білім алатын азаматтар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
- Мемлееттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
- Білім беру ұйымы кеңесінің шешімі мен жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, жеделдетілген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
- Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымшабілім беру қызметін пайдалануға, білім алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіп пен білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуге.
- Өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге.
- Өзінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне құқығы бар-деп жазылған.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын тұлға - Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» -деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтың педагогы Я. А. Каменский : «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, барлық ой мен әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», - деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
І. Диплом жұмысының көкейкестілігі - 2-ші сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқыту сабақтарында тұлғаны шығармашылық дамыту.
ІІ. Диплом жұмысының негізгі мақсаты - қазақ бастауыш мектебінде оқушыны еңбекке баулу пәнін оқыту барысында баланың еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын анықтау.
ІІІ. Зерттеудің міндеттері -
- Ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
- Бастауыш мектеп мұғалімінің жаңашыл іс әрекетінде тұлғаны шығармашылық дамытудың жүйесін іске асыру.
- Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру арқылы баланың еңбекке қызығушылығын ояту жолдары.
а) Оқушылардың шығармашылық қабілетін бақылау, тексеру.
ә) Нақты оқушылармен осы мәселені дамыту үшін оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.
IV. Зерттеудің нысанасы (объектісі) - Оңтүстік Қазақстан облысының Прыс қаласындағы N18 С. Қожанов атындағы орта мектебінің бастауыш мектеп жүйесінің еңбекке баулу пәнін оқыту сабақтарында тұлғаның шығармашылық дамытуды жетілдіру жолдары зерттелді.
V. Зерттеу әдістері - педагогикалық эксперимент пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулуды оқыту жолдары мен тісілдерін зерттеу.
1-бөлім.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытудың теориялық мәселелері.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктерін орай таным әрекеттерінің біршама жедел дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу, тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейтесті мәселесі. Шығармашылық қабілетттілік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялы қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылм салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.
Шығармашылық қабілоеттілік - бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С. Л. Рубинштейн, Б. М. Кедров, А. В. Брушинский, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б. М. Теплов, Н. С. Лейтес, А. Крутецкий зерттеу жұмыстарын жүргізді. (Б. Байжұманова «Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілеттің дамуын зерттеудің теориялық негізі». Ізденіс - Поиск, № 6. 2001. -196бет) .
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жаьқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп, олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қодан келерлік іс. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды: ақыл - ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарынды балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері (С. Л. Рубинштейн, Я. А. Пономарев, Б. М. Кедров, О. К. Тихомиров, А. Н. Брушинский және т. б. ) шығармашылыққа бейім оқушылардан маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалар мен әдістемелер қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып шығармашылық қабілеттілікті дамыту қажет. (М. Қаламқалиев. «Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары». Ізденіс -Поиск, № 6. 2001. -103-104бет) .
Білім негізі - бастауышта деп тегін айтылмаған. Қазіргі талап бойынша, баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын оқулықтарымен жаңаша жұмыс істеуде ізденісті талап ету, орынды және заңды. Өйткені, бастауыш білім беру сатысы - оқушы дамуының іргетасы, оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Бала дамуының басты көзі - олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Олай болса, оқу әрекетіне қойылып отырған бүгінгі талаптар, ғылыми - әдістемелік ұстанымдар: өзін-өзі тану, шығармашылық, өзін-өзі дамыту т. б. барлығы да оқушының өздік жұмыстарында олардың шешім жасауына, ой қорытындылауына бағытталған әдістемелік жүйені қажет етеді. Қазіргі мектептің негізгі міндеті - біршама күрделі, ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икесді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу.
Ұстаздар осынау ұлы мақсат жолында аянбай еңбек ете бермек. Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдесін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл бөліне бастады.
Балаларды оқыту қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам өмірінің дамуына байланысты өзгеріп отырады. Оқыту барысында жастарға берілетін білімнің мазмұны мен әдістерін белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе -жеке баланың мүддесі емес қоғамдық мүдделер мен қажеттер.
Балалрды оқыту-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жас өспірімдерге біліммен қатар белгілі бағытта тәрбие беріледі.
Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себеп болатын негізгі қозғаушы күш - ол түрлі қайшылықтар (қиындықтар, кедергілер) . Бала білмеуден білуге қарай көшуде әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі және оларды шешу үшін оқу міндеттерін жүзеге асырады. Оқыту процесіндегі ең негізгі қайшылық - ол педагогикалық міндет-талаптар мен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі дәрежесі) арасындағы қайшылық.
Балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы -олардың тек жасына ғана емес, шұғылданатын іс-әрекеті мен олардың түрлі қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың ойлауы оқыту методикасы мен мазмұнына байланысты қалыптасады. Қазіргі бастауыш мектеп теретін жаңа күрделі білім оқушылардың теориялық ойлауының негізін қалыптастырады. Оқытудың міндеті-балаларда әлі жоқ жаңа психикалық қасиеттерді де қалыптастыру. Бұл міндетті іске асырудың тиімді жолдарын психологтар мен озат педагогтар зерттеп ұсынуда. (Т. Сабиров. «балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері» Алматы, 1977. -5-12бет. )
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың боршы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек.
Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру -мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілет іүлкен роль атқарады. Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім - еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еншізу мүмкін емес.
Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл - өскелең өмір талабы.
Жалпы білім беретін мектептеоде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан республикаасы Білім министрлігі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясы жасаған тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында (1998ж) былай деп жазылған:
«Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне ьбастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы білім-тәрбие мазмұныны анықтап құруға көмектесетін қазіргі оқыту идеясы алынады.
Бастауыш саты - оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді.
Оқушы әрүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап - бағалауы, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және мектеп, жоғары оқу орындары дайындайды.
Жаңартылған білі мазмұны оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға, іскерлігін, өздігінен іздену бірліктерін қалыптастырып жетілдіруге, қажетті әрекет түрлерін (оқу, еңбек, қарым-қатынас, т. б. ) меңгеруіне мүмкіндік беретіндей компонентті құрамда құрылған.
Жалпы білім беретін мектептерде көкейтесті мәселелердің бірі- оқыту үрдісінде оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып отыр. Осы әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері қандай, оқушыларды біліммен қаруландырудағы атқаратын ролі оқушылардың өзіндік жұмысында білік пен дағдыны қалай қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қалай жетекшілік ету керек деген өй пікірлер көптеген мұғалімдерді қызықтырады. Әрине, бұл мәселелер теориялық және практикалық шешімдерді талап етеді.
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамырын тереңге жіберіп көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Оқытудың күшейту құралы ретінде оқушылардың танымдық ізденімпаздылығы туралы пікір Ян Амос Каменскиидің еңбектерінде, сонан соң И. Г. Песталоцций мен А. Дистервергтің еңбектерінде тереңдетіледі.
Н. Г. Чернышевский еңбектерінде оқу үрдісіне оқушылардың танымдық ізденімпаздылығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы көптеген пікірлер айтылады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, -деп жазды ол, -өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс» (Чернышевский, 1940) .
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп - қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан-саналы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формулалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz