Алаштың бас шығармасы


Алаштың бас шығармасы
Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз
қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдеби-
етте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты
шығармасы "Абай жолы" романында жүзеге асты.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен
толғаған "Абай жолы" роман - эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке
дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған
өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай
өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға
барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен
кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған [2, 5б. ] . Дегенмен,
ескі жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы сырларын,
дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз - әңгімелерді даланың
жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың
құбылтып жеткізген. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары -
Әйгерім, ұлы - Тұрағұл, інісі - Шәкәрім, шәкірттері - Көкбай, Қатпа, Баймағам-
беттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы
Қамқа мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі:
Ділда, Әйгерім, Еркежан.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен - cарындар жал-
ғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған,
қазақ тілінің адам психолгиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі
орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін
мол мүмкіндіктері ашылған. М. Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының
өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына
дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлем-
дік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік
жасады[2, 5б. ] .
Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық
әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейне-
лейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің әртүрлі
сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз өтіп жатады. Аталар буыны Құнан-
байлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа
буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің басы - бірімен-
бірі жалғас, үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі қуалай жо-
сыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады.
Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат,
әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді.
Романдағы негізгі соқталы оқиға, бас майдан өтетін орта - тобықты ру-
лары мекендеген Шыңғыстау аймағы. көршілес елдер қаракесек, уақ, керей,
матай авторлық баяндау барысында, кейбір тартыс, дау-дамай кезінде ғана
айтылып отырады. Шыңғыстаудың айналасы, іші-сырты, Хан, Орда, Машан,
Доғалаң, Семейтау секілді әйгілі биіктер, Шаған, Ащысу, Қарауыл, Бақанас, Ер-
тіс өзендері, белгілі күзеу, көктеу, жайлау, қыстаулар, толып жатқан адыр, шо-
қы, бел, асу, төбе, құдық, бастау-бұлақ, көл, ши, қорық, зират, қорым, шатқал,
сай, аңғар, тоғай, үңгір, сүрлеу-соқпақ, жолдаралақанға салғандай ап-айқын кө-
ркем суретке айналған.
Жазушы бір рулы ел жайлаған ортаны бейнелеу арқылы қазақ тұрмысын,
тұтас алғанда көшпелілер мәдениетін түгел көрсетіп беретін биік деңгейге көте-
ріледі. Көші-қонныың бүге-шігесіне дейін анықтап, шаруашылық орайына бай-
ланысты, мал жаю талабына сәйкес жер отын тиімді пайдалану үшін шаруа қаз-
ақтар қолданған кәсіби әректтерін әлеуметтік тамырлары ашылады, теңсіздік,
зорлық-зомбылық, тіршілік үшін күрес сарындары сабақтас жүреді, осы арна-
дағы адамдар тағдыры бар.
Бір рулы ел жайлағанмен, жалпы көлемі отырықшы шағын мемлекет сы-
йып кететін аймақтың негізгі қатынас-құралы - ат. Шығарма кейіпкерлерін көп
ретте ат үстінен көреміз. Ат пен адам бір тұлға іспеттес. Жалғыз жолаушы си-
рек. Қатал далада топтасып жүрмесе болмайды. Көшпелі елдің перзенті көбіне
ат үстінде. Аттың жасы, түсі, жүрісі, ер-тұрманы, мінез-машығы, аяңдау, желу,
жорту, жорғалау, шабу - осының бәрін автор әр ситуацияға орай дөп басып,
баяндап отырады.
Көшпелі өмірдің көбесі сөгіліп, қазақ елі патша өкіметінің отарлық таба-
нына түскеннен кейін, бекіністер, қалалар салынып, ендігі биліктің түп қазығы
сол шаһарларда қағылған. Сондықтан қырда басталған дау-шар, бітімсіз күрес,
лап еткен өрт түптің түбінде ұлық кеңесіне тұмсық тірейді. Соңғы шешім сол
жерде. Сол себептен романдағы бір қыдыру оқиға Қарқаралы, Семей, Алматы
қалаларында өтеді. Әсіресе, Абайдың бала кезінде оқыған, кейін білім қуған,
әділет іздеген, достар тапқан күндерінің куәсі - Семей.
Жазушы негізінен өмірдің табиғи ағымын, уақыттың ілгері жылжу құбы-
лысын көрсетеді. абайдың он үш жасынан бастап дүние салғанына дйінгі қырық
алты жылда оны қоршаған ортада өткен басты оқиғалар тізбектекті сабақтас-
тықта, бірінен-бірі туып, өрістеп, тарамданып, асқынып, шорт сынып, тағы бас-
тау алып, шығанданып, қатарласа дамып, лаулап барып өшіп, қайта жанып, құ-
былып, өзгеріп, осы арнада ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдар тағдыры ше-
шіліп жатады: жас шынар гүл шашады, кәрі бәйтерек құлайды.
Жарты ғасыр уақытты қамтитын кең тынысты, сан арналы, ұлы шығарма-
ның барлық тарау, бөлімдерінде көшпелі қазақ тұрмысына етене көрініс, сурет,
тартыстармен астарлас жалпы адам баласына тән қайшылық күрес, қасиеттер
мол қамтылып, кең көлемде терең де сенімді бейнеленген.
Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал
шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып жат-
қан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына сал-
мақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш тағы бар. Қо-
дар - Қамқа трагедиясының үстінен шыққан соң екіұдай көңілдегі Абайдың
мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып бейнеленеді.
Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін бала көңіл
айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен қарап, бірте-
бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, фи-
лософиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.
Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп, саналы
күрес жолына қарай беттеді. Абайдың азамат, қайраткер ретіндегі өсіп-толығуы
ақындық дарынының түйін тастап, бүршік атып, гүл шашып, жапырақ жаю-
ымен қатар егіз отырады. көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадында тұтып,
көңілге тоқып; шығыс, батыс әдебиеттері теңіздеріне құлаш ұрып брыып, поэ-
зияның ұлы айдынына шыққан Абай талантының небір тылсым сырларын,
шығармашылық психологиясын терең бейнелеген Әуезов өнегесі - әлемдік
прозадағы жаңа бір дәстүрлерге мұрындық болғанын, оны өз тәжірибелерінде
пайдаланғанын көптеген қаламгерлер айтқан[2, 5б] .
Кейіпкерлерін бір жамандық, бір жақсылықта сынау - Әуезов поэтика-
сындағы ерекше шебер қолданылатын өнімді көркемдік тәсілдердің бірі екенін,
әсіресе, Абай характерін сомдау приципінен көреміз. Қараңыз: жылы сөз айтып,
маңдайдан бір иіскемейтін қатал әке, мейір-шафқат төгіп, елжіреп, еміреніп
отырған әже мен ана, жаттан бетер жауығып кеткен туған аға, қоң етін кесіп
берсе, қыңқ етпейтін туған іні, ата дәстүрмен қосылып, балаларына ана болып
отырған құшағы суық әйелі. Бұл бір шаңырақ ішіндегі кереғар жәйттер. Ал
енді бұдан сыртқа шығып көріңіз.
Кеше ғана тізе қосып, ел тізгінін қатар ұстаған Құнанбай мен Бөжей бү
гін Ырғызбаймен Жігітекті соғыстырып, кісі өліміне дейін барып отыр. Бұл
екі қошқардың басы бір қазанға сыймағаннан туған бақастық, күншілдік ки-
кілжің емес, алыс түкпірлі ниетті тіршіліктің қамы, өз нәсілі үшін қоныс кең-
ейту, жер алу мақсатынан шыққан арпалыс. Шындап келгенде, бұл ауыз бір-
ліктің жоқтығынан өршитін таза қазақы рулық қақтығыс емес, жалпы адам
баласының мәні бар, әулет пен әулетті, ұрпақ пен ұрпақты, халық пен халық-
ты, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті соғыстыратын мәңгілік майдан. Сол
үшін шекара күзетіледі, қару-жарақ жасалады, елшілік жүреді, ұйымдар құры-
лады.
Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған ру басылары, билер, мансап ұстаған
адамдар кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйлеген сөздерімен арғы-
бергі замандардағы небір іргелі елдердің басшыларынан патшалардан, король-
дерден, хандардан, дипломаттардан асып түспесе, кем соқпайды. Аспан, зәу-
лім, биіктік, шыңырау, тереңдік. Іштерінде алтын ер-тоқымды арғымақ жатса
да титтей сыр бермейтін беріктікке, бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын мәрттікті,
қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты қосыңыз. Қас-қабақ, ым-жым,
емеурін, жүріс-тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік айту, ел басқару - мұның бә-
рінде мыңжылдық көшпелі мәдениет қалыптастырған тапжылмайтын, әбден
орныққан берік салт-дәстүр бар. Дүниежүзінде болып жатқан ұлы әлеуметтік
өзгерістер, отаршылық атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың мәңгі-
лік шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ капитализмнің қанды шеңгелі сияқ-
ты ғаламат дүмпулер көшпелілер әлемін де іріте бастаған. Жаңа өріс, соны ны-
сана, өзгеше байлық тумақ. Мұны көшпелілердің ескі қауымы түсінбейді, ке-
лешекпен туыса табысатын жаңа төл енді келе жатыр[2, 5б. ] .
Мұхтар Әуезов осындай планеталық мән-мағынаға ие, қауымдар, мәде-
ниеттер ауысуы тұсындағы сан алуан отбасылық, әулеттік, ру-тайпалық, ха-
лықтық қақтығыс, шайқас, татртыстар үстінде адамдық мінез қалыптарымен
ашылатын исі түркілік, шынайы қазақылық исі аңқыған әрі тың, әрі ғажап
көркем қаһармандары бір тұтас сұлулық әлемін алып келді. Бұл жұлдызды
аспанның қақ төрінде Темірқазықтай болып, бойына халқының ғасырларда
сұрыпталып, екшелген барлық асыл қасиеттерін жиған, әрі ақын, әрі дана, әрі
қайраткер, әрі ойшыл Абай тұлғасы тұр.
Абай бейнесін жасауда ақын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен сурет-
теледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдала-
нады. Бірақ жеке өлеңдерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта баяндап беру
дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-
түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар
тудырған[3. ] .
Ұлы ақын, Ұлы күрескер шытырман, қат-қабат ғұмыры диалектикалық
қайшылықта реалистік шыншылдықпен ашылады. Бір жағынан, Бұл қазақтың
жаңа жазба әдебиетінің классигі, өмірдегі іздері халық санасында сайрап жат-
қан нақты, тарихи тұлға болса, екінші жағынан, бұл ұлы жазушы қиялында
балқып туған зор талант, мәні бар, мың сан қыры жарқыраған, образдық,
символдық қуаты күшті, дүниежүзі өнеріндегі биік, көркем, ұмытылмас әде-
би бейнелердің бірі. Адамдар рухының мың сан өзара шарпысуын кең көлемді,
терең психологиялық талдау арқылы ашып берген күрделі романдағы ең үлкен
сезім ағыстарының бірі - сан-салалы махаббаты алуан түрлі құлпырған көрік
бояуымен, сәт кезеңдегі әуез-сарынымен, бұлқына жосыған күй-толқынымен
бейнеленген. Көлденең көк аттыға елеусіз ғана көрінетін туған жердің тау-тасы,
өзен-көлі, аймақ-даласы жазушының шабытты қаламында жаратылғандай бо-
лып, құлпырып, жайнап, небір ғажап қалыпта көрінеді, қыс, көктем, жаз, күз -
бәрі бар. Нөсерлетіп жаңбыр жауады, ат ұлағын көрсетпей боран соғады.
Абайдың аналарына (Зере, Ұлжан), бауырларына(Оспан, Шәке, Кәкітай),
достарына(Ербол, Базаралы, Дәркембай), балаларына(Әбіш, Мағауия) деген
ыстық ықылас, қымбат пейілін биік адамгершілік тұрғысынан өмірдің сан қи-
лы кезеңіне лайық қалыпта суреттеген жазушының ерекше ден қойып, зор ша-
бытпен, ақындық ғаламат қуатпен бейнелеген психологиялық сезімі - ғашықтық
сырлары махаббат әуездері. Бұл күй, бұлқалып ең алдымен Абай басына тән.
Табиғатына ерекше сезімтал, рухы таза, бала күнінен халық әдебиетінен
сусындап, жадында тұтып, шығыс поэзиясынан ғашық жырларын оқып, тәр-
бие алған жас бозбаланың сұлулыққа, пәктікке, әсемдікке құлауы - Тоғжанмен
тұңғыш танысуымен дөп келеді. Бұл бір ақынға, асқақ тұлғаға жарасып келіс-
кен романтикалық, ғажайып махаббат. Екі жағы да өртеніп, жанып, лаулап тұр.
Сол күйлерді жазушы бірде Абай, бірде Тоғжан толғау, монолотары, тебіренісі,
лебіздері арқылы жас ғұмырдың салтанат жыры етіп төгілтеді. Астарлас, тоғы-
сулар, ұласулар Ләйлі - Мәжнүн, Қозы - Баян, Татьяна - Онегин болып жалға-
сады.
Түптеп келгенде, Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік
мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес ал-
ып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді. Бұл күй-
лердің жалғасы, жаңа замандағы соны көрінісі болып Әмір - Үмітей, Әбіш -
Мағыш, Дәрмен - Мәкен махаббат хикаялары, сол сапардағы трагедиялық
халдер, романтикалық серпіндер ішкі толқынды әлемді жайып салған, биік
адамгершілік тұғырлардан шырқалған қымбат, асыл, жалынды ән болып тө-
гіліп, мол сарынды симфониядай бойыңды балқытып, жан-жүйеңді елжіре-
теді. Бұл арнада батыр, бағылан Базаралы мен Нұржүзді, науша Нұрғаным
арақатынасы, сыйластық, сүйіспеншілігі оқшау әсер етіп, естен кетпей, ойда
қалып қояды. Шығармадағы диактеликалық қайшылық, тартыс, күрес сан-
салалы, тарам-тарам, жүлге-жүлге. Әуелде зорлықпен оқудан қол үзген Абай
темір ноқта кигендей болып, сүгеінен айырылып, атастыру жөнімен үйленіп,
опық жейді. Бірте-бірте өз әкесінің жуандығынан басталған әділетсіздік тол-
қыны оны басқа жағаға, қорланғандар, қорғансыздар тобына қарай ығысты-
рады. Дұшпан жаттан да, жақыннан да шығады. Бір әкенің екі баласы Абай
бір қиырға, Тәкжан екінші қиырға тартады. Күндестік отын бықсытып жүрген
Күнке, Мәніке, Қаражан, Ділдалар анау. Олардың жалғасы болып жауыздық-
тың жас жолбарысы Әзімбай өсіп келе жатыр. Бір жағынан, жамандық қауласа,
екінші жағынан, жақсылық көктей бастайды. Исі Ырғызбай дұшпаны есепті
Дәркембай, Базаралы бірте-бірте жақындай түсіп, ақыры Абай қасынан табы-
лады. Өз бауырында жаралған қанаттары қандай: Әбіш, Мағауия, Дәрмен,
Көкбай өле-өлгенше - ақ, адал пейілімен, таза достығынан айнымаған Ерболды
айтсаңшы.
Көшпелі мәдениетке тән этнографиялық, тұрмыс-салттық, сенім-наным-
дық, құқықтық, әскери-саяси, адамгершілік-моральдық көріністердің барлық
белгілерін толық та кең, терең де дәл қамтыған шығармада ерекше ықшамды-
лық, лаконизм бар. Қазақ елінің ежелгі бар дәстүрі, арғы замандарда басталған,
тіпті шариғаттың өзі де мұртын бұза алмаған белгілі адамға ас беру, жылы өт-
кенше өліктің артын күту, азалы үй тігіп, ат тұлдап, қаралы көш жүргізу, дауыс
айтып, көрісу дәстүрі Бөжей өлімі тұсында кеңінен бейнеленеді. Екнші қайтара
мұндай ситуацияға оралу жоққ
Әншілік, серілік, аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерлерінің үлкен-
үлкен бір-бір тарауларда арнайы түрде суреттелуінен осындай көркемдік шарт-
тарын, қаламгерлік қатал позицияны аңғарамыз. Сол секілді мезгілді уақыты
жеткен соң, өзіне тиеілі көркемдік-эстетикалық міндетін атқарғаннан кейін қо-
салқы персонаждар ұлы оқиға арнасынан түсіп қалып, олрдың орнын жаңа,
басқа мақсат үшін көрсетілетін кейіпкерлер басып, соны ситуация, тың әрекет
бел ала бастайды.
Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары - әже мен ананың перзентке де-
ген шексіз махаббаты (Зере, Ұлжан - Абай), аға мен іні арасындағы қаяусыз
адалдық (Абай - Оспан), өле-өлгенше сызат түспеген тамаша достық (Абай -
Ербол), мәңгілік махаббат (Абай - Тоғжан), азамат басын сйлап жасалған қа-
рымтасыз жақсылық (Абай - Салтанат), ерегеспен кек алу (Тәкежан малын
қуып әкету; Оразбай аулын шабу), жігіттіктің ләзатты түндері (Абай - Қундық),
серілік рахаты (салбурын аңшылық), ақындық шабыттың тәтті сәттері (өлең ту-
ған мезгілдер), биік әнмен қауышқан бақыт (Біржанның келуі, Әйгерімнің Та-
тьяна әнін салуы), туған жердің ыстық құшағы (жайлау суреттері) секілді сан
алуан кез-кезеңдер романда айрықша бейнелі, кең тынысты, өрнекті, ырақты
бай тілмен, дәстүрлі прозаның реалистік әдістерімен, зор шабытпен суреттеле-
ді.
Іштей өзін-өзі ғажап, екіұдай болып арпалысып, ой ұшығына жете алмай,
қате қадам басып, бармақ шайнап, от басынан опық жеп, ортасына сыймай, ші-
дер үзіп кетіп, басты тауға, тасқа соғып, ұрт қимылға барып, содан таяқ жеп,
қылмысты атанып, жазықсыз жаза шегіп, көп уақыттан кейін туған жерге ора-
лып, саналы әрекетке көшкен Базаралының іші-сыртын жазушы тамашалай
отырып, іштартуын жасырмай, ашық пейілмен жрқырата көрсетеді. Бұл тұлға
жазушы қаламынан ертеректе туған ірі қимыл иелері Бақтығұл, Ұзақтардың ру-
хани туысы, дәлірек айтса, әлем әдебиетіндегі күрескерлер қатарына еркін аттап
барып, тең қосылған, үздік қаһарман.
Әуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің терең ашылып көрінетін ай-
қын тұсы - адам кескіндерін бейнелейтін шақ. Кейіпкер алғаш әрекет сахнасына
шыққан бетте автор оның келбетінің есте қаларлық сипат-белгілерін суреттеп
береді. Адамның жалпы тұрпаты, бойы, дене бітімі, қимыл-қозғалысы, әсіресе,
бас бітімі, бет пішіні, көзі, мұрны, ерні, тісі атамалап көрсетілмей, бір-бірімен
байланыста, әрекет, қимыл үстінде, жанды - тірі қалыпта, сан алуан көңіл-кү-
йімен толқыған, тебіренген, ренжіген, қуанған, жеккөрген сәтінде бой көрсе-
теді. Жазушының қырағы көзі әр түрлі нәсілді, сан алуан әулетті діл көріп, анық
танып қапысыз танытады. Суретші қалам бір-біріне ұқсамайтын ондаған адам-
ның реалистік портретін жасайды, олар тұтас көрмелерді толтыруға жетіп жа-
тыр. Әуезов құдіретімен жаратылған әйелдер бейнелері бірінен-бірі өткендей
сұлу, нұрлы, әсем: Тоғжан, Қуандық, Салтанат, Әйгерім, Үмітей, Керімбала,
Нұрғаным, Мағыш, Мәкен. Атпал азаматтар, батыр жігіттер қандай: Базаралы,
Балағоз, Оспан, Дәрмен, Әбіш. Қыртысты билер, қат-қабат жуандар: Бөжей,
Оразбай, Әзімбай.
Осынау қалың шоғырдың бір тұғырында - Құнанбай, бір тұғырында -
Абай. Екеуінің де үй-ішінде, көпшілік ортасынд, далада, шұрай топ алдында,
отырған, жүрген, ат үстінде, ойға батқан, ашуға мінген шақтардағы, әр кез-
дердегі шешім қабылдап, билік айтқандағы кескін-келбеті барша бояуымен
көз алдыңызға келеді. Бірі - қаттылықтың, зорлық-зомбылықтың, екіншісі адам-
гершіліктің, әділет-махаббаттың бейнесіндей.
Жазушы кейіпкер келбетін сомдау үшін авторлық баяндау, персонаж-
дың өткен күндерін еске түсіру, өзіндік сөздік сипаттама, басқалардың берген
бағасы, психологиялық саралау, ой ағымы, диалог, монолог, полиог секілді
көркемдік құралдарды мейлінше еркін қолданады. Қаһарман оңаша күйде, екеу-
ара, топ ортасында, мәжіліс үстінде, әрекет-күрес басында, қолма-қол шайқаста,
бір қуаныш, бір қайғыда, барлық болмысымен толық ашылып, оқырман наза-
рына түседі. Әрбір кейіпкердің мойнына жүктелген көркемдік мақсат, идеялық
салмақ бар. Романның басынан аяғына дейін көрініп, характерлік даралығымен
толық ашылатын ұлы қаһармандар бір төбе болса, жеке оқиғаларға, эпизодтар-
ға ғана қатысатын кейіпкерлерде бар.
Өмір сахнасына бір буын келіп, өсіп, жетіліп, күресіп, шайқасып, жақ-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz