Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 378. 02:37 Қолжазба құқығында
Султанов Ташмухаммад Абдухаимович
БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІН МЕКТЕПТЕ ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУҒА ДАЯРЛАУ
6М010700 - БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ мамандығы бойынша бейнелеу өнері және сызу магистрі академиялық
дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
«Бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. к. доцент м. а.
Е. Ауелбеков
«___»20__ ж.
Магистрлік диссертация
БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІН МЕКТЕПТЕ ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУҒА ДАЯРЛАУ
Мамандығы: 6М010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
Магистрант Султанов Т.
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к. доцент м. а. Ауелбеков Е.
ТҮРКІСТАН - 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР. 9
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР … . . . 10
1 БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІН МЕКТЕПТЕ ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Болашақ бейнелеу өнері мамандарын даярлауда графиканың алатын орны . . . 11
- Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері . . . 23
1. 3 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың нобайы . . . 40
2 БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІН МЕКТЕПТЕ ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Жоғары оқу орнында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға дайындаудың мазмұны . . . 46
2. 2 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графиканы оқытуға дайындаудың формалары және әдістері . . . 52
2. 3 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың тәжірибелік жұмыстарының нәтижелері . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев биылғы 2014 жылдың 12 қараша күнгі жариялаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі дамытудың перспективалық негізгі 14 тапсырмасын белгілеп, бұл тапсырмалардың орындалуына қажетті қаржыларды нақтылап берді. Елімізде әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісін дамытуды 12-тапсырмасында көрсете отырып, оны еліміздегі алдыңғы қатарлы 10 жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту арқылы жүзеге асыру жолдарын айқындап берді[1] .
Елімізде қазіргі таңда болашақ мамандарды сапалы даярлау жұмыстарының тиімді шешімдерін шығарудың маңыздылығы арта түсуде. Бұл бағытта әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі мен білімін қалыптастыратын жалпы орта білім беретін мектептің, ондағы ұстаздардың сапалы білім-біліктілігінің өзіндік ауқымды орны анық көрінеді. Соған сәйкес, келешекте сол мұғалімдердің орнын басатын болашақ педагог кадрларды даярлау, олардың дайындық көрсеткіштеріне ерекше мән берілуі де заңдылық деп білеміз.
Жоғары оқу орнында болашақ бейнелеу өнері және сызу мамандарына жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді дұрыс қалыптастыру нәтижесінде мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашылады. Болашақ бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, қабілетінің қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізіп отыруы тиіс. Бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында оқушының көркемдік-танымдық қызығушылығы артып, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың түсін, түрін, тегін, көлемін, пішінін, табиғатын ұғу арқылы оның мәнін ғылими негізде терең түсінуге ұмтылысы арта түседі.
Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беретін мектепте көркемдік білім мен сұлулық тәрбиесін жүзеге асырушы маман ретінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің жалпы кәсіби дайындығын қамтамасыз ету барысында олардың графикалық іскерлік дайындықтарының күшті болу қажеттілігі арта түсуде. Себебі сурет салу, графикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы графикалық жұмыстардың мазмұнымен, олардың түрлерімен, формаларымен және әдіс-тәсілдерімен танысып, оларды игеріп, бейнелеу өнеріне үйретудің негізі болатын графикалық жұмыстарының басты практикалық дағдыларын меңгереді. Ежелгі заманнан бізге жеткен тас бетіндегі графика өнерінің алғашқы нышандары, қазақ оюларының таңдаулы өрнектері, халқымыздың мәдениетінен сыр шертетін графика өнері туындылары - ұрпаққа мұра ретінде қалдырылған игілік. Яғни, графика - осы игіліктерді жоғары оқу орындарында болашақ бейнелеу өнері мамандарын даярлау барысында оқытудың ауқымды бір өнер саласы болып табылады. Графика өнері туындыларындағы мәдени құндылықтарды студенттерге оқытудың маңызы зор.
Мектеп жасындағы оқушыларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру, олардың өнер түрлеріне қызығушылығын қалыптастыру, бейнелеу өнері құралдары арқылы оқушыларға көркемдік беру, бейнелеу өнерін оқытуда графикалық іскерліктерді қалыптастыру мәселелері Қ. Е. Ералин [7], Б. А. Әлмұхамбетов [8], Б. К. Байжігітов[9], А. Қамақов[10], Л. Г. Медведев [11], Е. С. Асылханов [12], К. О. Жеделов [13], Б. Е. Оспанов [14] т. б. еңбектерінде қарастырылған. Сондықтан бейнелеу өнері пәні оқушылардың қоршаған ортаның сұлулығын тануға деген құмарлығын арттыруға бағытталған пән екендігін, көркемдік танымдық мүмкіндіктерге бай әрі оқушының тұлғасын дамытуда ерекше орын алатын пән екендігін әрдайым ұмытпаған жөн. Ал бұл пәннің осындай күрделі міндеттерін жүзеге асыратын және пәннің мерейін үстем ететін тұлғалар - бейнелеу өнері мұғалімдері және болашақ бейнелеу өнері мамандары, яғни қазіргі студенттер.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлауда графикалық түсініктерді қалыптастыру ең басты орын алады. Себебі, бейнелеу өнерінің бастауы, өзегі мен діңгегі де - графика өнері және оның құрамдас құраушылары болып есептелетін сызықтар, дақтар, штрихтар болып табылады. Заттардың формасын штрих арқылы салу үшін сурет сызықтардан, штрихтардан және дақтардан құралатындығы белгілі. Бұл жерде штрих - қаламұштың немесе қарындаштың өзінше дербес маңызы жоқ қысқа ғана ізі. Ол басқа штрихтармен қосылып біріккенде ғана өң-түс жасай отырып, маңыз бен мәнге ие болады. Қою жазылған штрихтар дақ береді. Сызық - нүктелердің жиынтығы немесе аспаптың созылмалы қимылының ізі. Оның суреттегі ролі күрделі де жауапты, ол бейнеліп отырған нәрсенің мәнімен тікелей байланысты және форманы көркемдік ой елегінің өткізудің нәтижесі болып табылады. Сызық - суреттің ең негізгі, мейлінше әсерлі элементтерінің бірі. Сондықтан болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлауда графика өнерін игеру, оны оқытудың мазмұнын меңгеру - сапалы педагог маман тұлғасын қалыптастырудың басты факторларының бірі болып саналады.
Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін болашақ мұғалімдерді оқыту ісіне дайындау мәселесі жоғары мектептің теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың, олардың графикалық білімдері мен білік-дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі айқындалды. Яғни:
- заманауи компьютерлік және графиканы оқыту технологияларын оқыту тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі мен болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің мектепте оқушылардың графикалық жұмыстарды орындау қабілеттерін арттыру арасында;
- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің мектепте графиканы оқыту іскерліктерін дамыту қажеттігі мен жаңа графиканы оқыту технологияларын оқу үдерісінде тиімді пайдалана алатын мұғалімге деген сұраныстың артуы арасында;
- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің мектепте графиканы оқыту іс-әрекетін дамыту әдістемесінің қажеттілігі мен бұл әдістеменің жоғары оқу орнында қолданылуының аздығы арасында қарама-қайшылықтар анықталып, осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты зерттеу тақырыбын «Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Жоғарғы оқу орнында болашақ бейнелеу өнерін мұғалімдерін даярлауда олардың мектепте графиканы оқытуды сапалы меңгеруінің маңыздылығын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін әдістемелік тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу міндеттері:
1. Жоғары оқу орнында бейнелеу өнері мамандарын даярлауда графиканың алатын орны мен маңызын, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу;
2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың нобайын ұсыну;
3. Жоғары оқу орнында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға дайындаудың мазмұны мен инновациялық әдістемесін жасау;
4 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың әдістері мен тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін практикада жүзеге асырып, тексерістен өткізу.
Зерттеу пәні: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың теориясы мен әдістемесі.
Зерттеу нысаны: жоғарғы оқу орнында болашақ бейнелеу өнері және сызу мамандарын даярлау үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғарғы оқу орнында бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін оқыту үрдісінде графика өнерін оқыту жаңа, заманауи технологиялар негізінде қарастырылып, оның мектепте сапалы оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері дайындалып, олардың мүмкіндіктерін практикада қолданса, онда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің графика өнері бойынша білімдерін, әдістемелік іскерліктері мен шығармашылық деңгейлерін жоғарлатады, графикаға деген қызығушылықтарын арттырып, графика пәнін оқытудың үрдісінің жетілуіне және жас ұрпақтың жаңа графикалық технологияларды кеңірек меңгеруіне ықпал жасалады.
Жетекші идея: Жоғары оқу орнында бейнелеу өнері және сызу мамандығының білім алушыларына графиканы оқытудың инновациялық технологияларын тиімді меңгерту мектепте болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің білім-біліктерін, кәсіби-педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырып, графикалық іскерлік-қабілеттерін дамытады.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесіне байланысты философтар, психологтар, педагогтар, тарихшылар, этнографтар, өнертанушылар, мәдениеттанушылардың еңбектеріне теориялық талдау жасау; ҚР-ның нормативті ресми құжаттарына және жоғары оқу орнының оқу жоспарлары мен бағдарламалары, мамандықтың элективті курстар каталогы, іс-тәжірибе бағдарламалары, зерттеу пәнінің оқу әдістемелік кешеніне, суретшілер шығармаларына, студенттердің графикалық шығармашылық жұмыстарына талдау жасау, педагогикалық бақылау, әңгіме және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне өңдеу жүргізу.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. Жоғары оқу орнында бейнелеу өнері мамандарын даярлауда графиканың алатын орны мен маңызы, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді.
2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың нобайы ұсынылды.
3. Жоғары оқу орнында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға дайындаудың мазмұны мен инновациялық әдістемесі жасалынды.
4 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың әдістері мен тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін практикада жүзеге асырылып, тиімділігі тексерістен өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында, арнайы орта білім беретін педагогикалық және көркемсурет колледждерінде, арнайы көркемдік орта білім беретін көркемсурет мектептерінде және мамандар біліктілігін қайта жетілдіретін институттар мен мекемелерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың ғылыми негіздерін қарастыруда, ғылыми жұмысымызда графиканы оқыту әдістемесінің дамуының тарихи-мәдени кезеңдері қарастырылды. Бұл кезеңдердегі графиканы оқытудың дамып қалыптасуына ықпал еткен эндогендік және экзогендік факторлардың ролі айқындалды.
2. Зерттеу жұмысында қолданыс тапқан терминдер нақтыланып, зерттелген ғылыми зерттеу жұмыстарына салыстырмалы талдау жасалып, өңделіп, қайта қарастырылып түсініктер берілді. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың нобайы ұсынылды
3. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың әдістемесі жасалынды.
4. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау барысында қолданған әдістері тексерістен өткізіліп, жасалған бақылау нәтижесі көрсеткіштер мен деңгейлермен айқындалоды.
Зерттеудің тәжірибелік базасы : зерттеудің тәжірибелік жұмыстары Түркістан қаласы, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» факультеті, «Бейнелеу өнері» кафедрасында және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және кескіндеме» кафедрасында өтті. Тәжірибелік жұмыстарға жоғары оқу орнындарының 45 студенті, 7 профессор-оқытушылары қатысты.
Зерттеу мәселесіне сәйкес ұсынылып отырған нобай бойынша оқыту әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеріліп, практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижесін сынақтан өткізу және енгізу:
1. Бейнелеу өнері пәнін оқытуда пәндер интеграциясын пайдалану ерекшеліктері. ХҚТУ ХАБАРШЫСЫ, № 3 (85), Түркістан қаласы, қыркүйек-қазан. 2013.
2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне этнодизайн композицисын үйретудің маныздылығы. ХҚТУ ХАБАРШЫСЫ, № 1 (87), Түркістан қаласы, қаңтар-ақпан, 2014.
3. Бейнелеу өнерінің терминдер мәселелелері. «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК ОҚУЛАРЫ-2014» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Түркістан қаласы, 5 наурыз, 2014.
4. ФОРМИРОВАНИЕ ЭСТЕТИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ СТУДЕНТОВ СРЕДСТВАМИ ГРАФИЧЕСКОГО ДИЗАЙНА. Международные индексы : . Международный Научный Институт "Educatio". Ежемесячный научный журнал /Главный редактор: Вершинин Б. М., профессор, руководитель Института Психологии Новосибирского университета Ответственный секретарь: д. ф-м. н., Егоров Федор Тихонович (РФ, Санкт-Петербург), № 5 / ЧАСТЬ 4, 2014.
Зерттеу құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен және алты тараушалардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері сараланды, диссертацияның мәнділігі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдамалар баяндалды.
«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде философ, психолог, педагог, өнертанушы, мәдениеттенушы, этнограф т. б. ғалымдардың еңбектеріне және халқымыздың ғұмыр жолынан ақпарат беретін графика өнерінің құнды туындыларына сүйене отырып, зерттеу проблемасының теориялық негіздері анықталды. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың нобайы жасалып оған сипаттама берілді.
«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың әдістемелік негіздері» атты екінші бөлімде жоғары оқу орнының 6М010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығының оқу-әдістемелік кешендеріне, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне талдау жасалып, графиканы оқытудың құралдары мен әдістемесі берілді және зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген тәжірибелік әдістемелік жұмыстар нәтижелері баяндалды.
Қорытындыда теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделіп тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада тәжірибелік, анықтамалық және үлгі сабақтарының нақты талдамалары ұсынылды.
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған.
1 Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғауға қойылатын талаптар. 27. 04. 2014ж.
2 ҚР МЖБС 5. 04. 033 - 2012 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру -магистратура. Негізгі ережелері 27. 04. 2014ж.
3 ГОСТ 7. 1 - 84 Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Құрастырудың жалпы талаптары ережелері 23. 08. 2012 ж. №1080.
4 «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2014 жылғы 17 қаңтар) . Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2014
5 Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының заңы (2014. 14. 01 берілген өзгерістер мен толықтырулары. Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2007 ж. 15 тамыз № 254-256 (24829) ; «Ресми газет» 2007 ж. қыркүйек № 37; ҚР Парламентінің Жаршысы 2007 ж., шілде-тамыз, № 20 (2501), 151-құжат;
6 Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 26 желтоқсан.
7 Қазақстан Республикасында Білім және Ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары». Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 Қаулысы (2013. 31. 12 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) . Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 2 желтоқсан № 583-587 (26979) ;
8 ҚР МЖМБС 6. 08. 063-2010 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары білім бакалавриат мамандық 5В010700 - бейнелеу өнері және сызу Астана; ҚР Білім және ғылым министірлігінің 03. 11. 2010ж. №514
9 ҚР МЖМБС 6. 08. 063-2010 5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны;
10 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 20. 04. 2011жылғы №152 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл магистірлік диссертацияда келесі сәйкес терминдер мен анықтамалар мен қысқартулар бірге қолданылады.
Графика (грекше graphike (сөздің түбірі) grapho - жазамын, суретке саламын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Оған сурет пен гравюра кіреді. Графиканың бейнелеу құралдары: штрих, сызық, таңба.
Петроглиф - (petros - тас, glifos - жазу) жалпы түсінік бойынша тасқа ойылған, сызылған, қашалған дегенді білдіреді.
Гравюра (франц. gravure, om graver - бедерлеу) - бедер сурет, графиканың бір түрі. Гравюра бетіне бедер түсірілген пластина, гравюра бедерленген пластинадан алынған басылым.
Тастағы гравюра - литография техникасының бір түрі, литографиялы тас бетіне әр түрлі металл инелермен жұмыс жасалынады.
Галерея (франц. galle) - 1. жаңа заман өнерінің көрмесін өткізуге арналған ғимара 2. жекелеген немесе топтасқан ауысып отыратын көрмелер өткізетін орын. беру аясындағы пәндік салада ақпараттарды жасау, жинау, беру, сақтау мен өңдеу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Шығыңқы баспа гравюрасы - бұған ксилография мен линогравюра жатады.
Автолитография - Суретшінің көркем литографияны орындау тәсілінің түрі; мұнда суретші өз шығармасын литографияға арналған арнайы тасқа тікелей түсіреді. - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.
Графит (нем. -гр. жазамын) - қарындаш жасалатын түрлі-түсті минерал. Графит қара түстің табиғи жолмен пайда болуының нәтижесі - кристалдық көміртегінің басқа заттармен қосындысынан құралады.
Экзогенді фактор - сыртқы: орыс реалистік мектебінің тікелей әсері, әлемдік бейнелеу өнерінің жанама ықпалы т. б.
Эндогенді фактор - ішкі: тарихи қалыптасқан дағдылар, байырғы нышандар, ұлттық бейімделушілік пен талант т. б.
1 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың теориялық негізі
1. 1 Болашақ бейнелеу өнері мамандарын даярлауда графиканың алатын орны
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында біздің қоғамның болашақтағы алар асуларының нақты белестері мен соған жетудің тиісті жолдары мен олардың орындаудың перспективалық межелері айқындалып берілді [1] .
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстандағы болып жатқан күрделі өзгерістер білім беру саласындағы көптеген инновациялық жаңа идеялардың туындауына септігін тигізіп отыр. Еліміздегі білім беруді дамытудың тұжырымдамалары мен бағдарламаларында келешек қоғамды құрушы жас өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты ықпал жасаудың жолдары көрсетіліп айқындалған. Бүгінгі ұрпақ - келешек қоғам мүшелері, сондықтан олардың тәрбиесі мен білім, біліктерін қалыптастырудың негізгі ошағы ретінде жалпы орта білім беретін мектеп саналады. Ал сол мектеп түлектерінен келешек қоғамды құрушы мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары кәсіби маман даярлайтын ұстахана болып есептеледі.
Елімізде мекендейтін сан түрлі халықтардың бірлікте өмір сүруіне ұйтқы болып отырған халқымыздың ұлттық мәдениетінің қалыптасуында бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері - болашақ бейнелеу өнері мамандарының теориялық білімдерінің қайнар көзі және кәсіби шыңдалуына қажетті ең басты өнер түрі және ақпараттар легі. Осы ақпараттар легінің ішінде бейнелеу өнерінің ең кең әрі негізгі саласы - графика басты орын алады. Кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, сәулет, дизайн сияқты бейнелеу өнерінің түрлерінің басын біріктіруші саласы да - осы графика болып саналады.
Қазіргі ауқымды ақпараттық қоғамда өмір сүріп өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін графиканың жаңа технологияларға негізделген кең тарап отырған түрі компьютерлік графика сүйікті жанрларының бірі болып табылуда. Компьютерлік графика қазіргі қоғамда қарқынды түрде дамып келе жатқан интеграцияланған (графика, информатика, геометрия, түр-түстану т. б. ) өнер түріне айналуда. Мысалы, фирмалық таңбаларды (хаттар, құттықтаулар, әртүрлі белгілер, символдар) жарнамаларды құру. Компьютерлік графиканы түрлі салаларда қолданудың маңызы зор. Сондықтан оқушылардың графикалық іскерліктері мен компьютерлік қызығушылықтарын дұрыс пайдалануда мектепте бейнелеу өнері мен информатика пәндерінің кіріктіру сабақтары үлкен роль ойнайды.
Графика Қазақстанда кеңінен тараған бейнелеу өнерінің алғашқы түрі болды, ал бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде ол Қазақстанда XX ғасырдың басында пайда болып дами бастады. Бастапқы кезеңдерде суретші-графиктердің жұмысы кездейсоқ сипатта болып, олар газет бетіндегі мақалаларға иллюстрациялармен жэне этюдтермен бірге кескіндемелік жұмыстарға қосымша материал қызметін атқарған нобайлармен шектеліп отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz