Элегазды ажыратқыштар. Ажыратқыштарды таңдау


Сабақ тақырыбы:
Элегазды ажыратқыштар. Ажыратқыштарды таңдау.
1. Сабақ мақсаты: Элегаздық ажыратқыштарды оқып білу.
2. Жабдықтар мен құралдар:
2. 1. Элегаздық ажыратқыштар: ВГУ-220-45/3150, ВГБЭ-35, 145РМ40.
2. 2. Технологиялық карта, техникалық сипаттамалар және пайдалану инструкциялары, плакаттар.
2. 3. Жұмыс құралы.
3. Нұсқау 1сағ.
Жоғарғы кернеулі айнымалы ток ажыратқыштары. Элегазды ажыратқыштар. Ажыратқыштарды таңдау.
4. Техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.
4. 1. ТК №1 З. 2., п. 3. материалын қайталау. Техника қауiпсiздiгi бойынша негiзгi мәлiметтер.
5. Практикалық жұмыс №8. 5 сағ.
Элегаздық ажыратқыштарды оқып білу.
5. 1. Жұмыс мақсаты: Элегаздық ажыратқышардың конструкциялық ерекшелiгiн және әрекет ету қағидатын талқылау.
5. 2. Тапсырма:
1. Элегаздық ажыратқыштардың конструктивтiк ерекшелiктер және әрекет ету қағидатын талқылану.
2. Доғаның сөндiруi, қадыр қағида және элегаздық ажыратқышардың кемшiлiктерiн талқылау.
3. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындау.
6. Бақылау сұрақтары:
1. Элегаздық ажыратқыштардағы доғаны сөндіру қағидаты.
2. Біржақты үрілген элегаздық ажыратқыштардың доғаны сөндіру сұлбасы.
3. ВГУ-220-45/3150У1 элегаздық ажыратқыштарының конструкциясы және әрекет ету қағидаты.
4. ВГБЭ-35 элегаздық ажыратқыштарының конструкциясы және әрекет ету қағидаты.
5. 145РМ40, LТВ145D1/В элегаздық ажыратқыштарының конструктивтік ерекшеліктері мен негізгі параметрлері.
6. Элегаздық ажыратқыштардың қадір-кемшіліктері.
7. Әдебиет
- Почаевец В. С., Электрические подстанции М., 2001г.
- Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.
- Андреев В. А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.
- Ливинец Н. П., Немилостивый А. Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж
- Сибикин Ю. Д., Сибикин М. Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.
№8 Тәжірибелік жұмыс. Элегаздық ажыратқыштарды оқып білу.
SP 6 элегазда тығыздығы ауа тығыздығын 5 есе асатын инертті газдар болады. Элегаздың электрлік төзімділігі ауадан 2-3 есе көп.
Элегазды ажыратқыштарда автокомпрессорлық доға сөндіргіш құрылғылары қолданылады (18-сурет) . Ажыратылған жағдайда цилиндр 4 түйіспесімен 3 бірге төмен қарай ығысады. Жылжымалы 3 және жылжымайтын 1 түйіспелерінің арасында үзіліс пайда болады да доға жанады. Поршень 5 жылжымайтын болғандықтан, цилиндрдің жылжуында элегаз поршеньнің үстінде қысылады да камераның көлеміне үрлеу пайда болады. Доға салқындайды да, сөнеді. Ажыратқыштың қосылған жағдайында цилиндр 4 жоғары қарай ығысады, түйіспе 1 цилиндрдің жоғары камерасында орналасады да тізбек тұйықталады.
Элегазды ажыратқыш газды сыртқа шығармайтын тұйықталған жүйе болып табылады. Қазіргі уақыттағы модульдік принциппен құрастырылған элегазды ажыратқыштарда екі жақты үрлеу қолданылады. 110 кВ ажыратқыштарда - бір, 220 кВ - екі, 500 кВ - төрт доға сөндіргішті модульдер қолданылады.
18-сурет. Элегазды ажыратқыштардың бiржақтан үрленетін доға сөндіргіш құрылғысының сұлбасы:
1-жылжымайтын қуыс түйіспесі;
2 - фторопласттан жасалғсн саңылау;
3 - жылжымалы түйіспе;
4 - жылжымалы цилиндр;
5 - поршень.
19- суретте ВГУ-220-45/3150У1 типті ажыратқыш көрсетілген. Климаты -бір қалыпты, орналасуы - ашық. Сыйымдылық бөлгіштері полюстердің үздіктерінің арасындағы кернеудің бір қалыпты таратылуын қамтамасыз етеді. Сыйымды бөлгiштер полюс үзiлулердiң арасындағы кернеудi бiр қалыпты үлестiрiлулердi қамтамасыз етедi.
Ажыратылуы пневматикалық жетекпен жүзеге асырылады, ал қосылуы сепріппелердің көмегімен Ажыратқыштардың механикалық ресурсы 3000 цикл. Таратушы шкафы 4 ажыратқыштарының үш полюстарының пневматикалық және электрлік байланысына арналған.
19- сурет. ВГУ - 220 - 45/3150 элегазды ажыратқышы:
1 - доға сөндіруші модуль;
2 - тіректік колонка;
3 - жетекті басқаруды шкафы;
4 - таратушы шкаф;
5 - (сыйымдылық бөлгiштері) конденсаторлар.
35 кВ бакты ажыратқыштарды жаңа серияларында тарату құрылғыларының конструкциясын жеңілдететін ток трансформаторлары болады (20-сурет) . Ток трансформаторлары мен кірістер ішінде түйіспелі және доға сөндіргіш жүйесі бар бакке бекітілген. Элегаздың номиналды қысымы 0, 45 МПа, қысым 0, 33 МПа төмендегенде белгі беру іске қосылады, ал 0, 3 МПа төмендегенде ажыратқыш автоматты ажырайды. Доғаның сөндірілуі элегады ажырату тогынан туындаған магнит өрісінің көмегімен айналдыру арқылы жүзеге асырылады. Ажыратқыштың жетегі электро магнитті. ВГБЭ-35-12, 5/630 ажыратқышы 12, 5 кА ажырату тогына, 0, 07 с ажырату уақытына, 35 кА электр динамикалық төзімділігіне есептелген. Ажыратқыш автоматты қайта қосылуға (АПВ) жарамды. Элегазды ажыратқыштар механикалық және коммутациялық тозуға төзімді.
20-сурет. ВБГЭ - 35 - элегазды бакты ажыратқыш:
1 - кіріс;
2 - тоқ трансформаторы;
3 - түйіспелі және доға сөндіруші жүйелі бак;
4 - механизмнің қорабы;
5 - клапан;
6 - қысым сигнализаторы;
7- түйіспелер қорабы;
8 - жылу беруші;
9- жетекті шкаф.
110 кВ элегазды бакты ажыратқыштар АББ фирмасы шығарады. 145РМ40 типі, 3000 А номинальды тогы, 100 кА динамикалық тұрақтылық тогы, t откл =0, 05 сажыратылу уақыты.
Колонкалы LТВ145D1/В типті ажыратқыштар 110 кв кернеуге, 3150 А токка, 40 кА ажырату тогына есептелген. Мұндай сериялы ажыратқыштар 800 кВ кернеуге дейін шығарылады. LТВ серияның ерекшелігі: жоғары сейсмо тұрақтылығы, қоршаған ортаның экстремальды жағдайында жұмыс істеу мүмкіндігі.
Элегаздық ажыратқыштардың артықшылықтары: өрт және жарылыста қауіпсіздігі, тез іске қосылуы, жоғары ажыратылу қаблеті, доға сөндіруші түйіспелерінің аз тозуы, модульмен құрылуы.
Кемшiлiктері: SР 6 элегаздық құнының жоғарылығы, толтыруы және тазарту үшін арнайы құрылғыларының қолданылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz