Бала емізулі әйелдер мен жүкті әйелдердің тамақтануы


Бала емізулі әйелдер мен жүкті әйелдердің тамақтануы.
1) Тамақтану өмір сүру үшін өте маңызды функция атқарады. Организмнің өсіп дамуына жасушалармен тілдердің үздіксіз жаңарып отыруын қамтамасыздайтын организм тіршілігіндегі энергияның функциясы. Адамның өсіп жетілуіне, ойының дұрыс қалыптасуына тамақтанудың әсері үлкен. Сондықтанда тағамды рациональды түрде қолдану тиімді, яғни тамақтану режимі бір қалыпты, әр түрлі болуы керек.
2) Рациональды тамақтану - бұл тамақтың саны мен сапа жағынан ағзаға қажеттілігін өтеуге қабілетті, организнің шығынын өтейтін, ағзаның өсуі мен дамуын, қорғаныш күшін қамтамасыздайтын, жұмыс қабілетін сақтауға көмектесетін тамақтану үрдісі.
3) Денісау адамдарға күніне 3 рет тамақ қабылдайды, ал жүкті әйелдер күніне 5 - 6 рет тағам қабылдай отыруы тиіс.
ВОЗ-дың жіктелуі бойынша азық - түлікті 5 топқа бөледі:
1) Нан, дәнді - дақылдар, макорон, күріш, картоп. Бұл азықтар энергия көзі болып табылады. Құрамында В тобының витаминдері, темір, цинк, кальций, картопта витамин С, жармаларда клетчатканың болуы ішектің стимульденуіне қатысады.
2) Жеміс жедектер және көкөністер.
Бұлар витаминдермен минералдардың көзі болып табылады. Витаминдер организмге қор ретінде жиналмағандықтан оларды күнделікті қабылдап отыруы қажет. ВОЗ-дың тағайымдалуы бойынша 400 грамм.
3) Сүт және сүт өнімдері.
Кальций белоктың, В тобының витаминдерімен минералды заттардың негізгі көзі болып табылады.
4) Балық, құс, ет өнімдері.
Жүкті және емізулі әйелдер майы аз сорттағы етті жеуі тиіс.
5) Май, маргарин, тәтті өнімдер, газдалған сусындар, тағамдық мөлшері аз тағайымдалу керек. Себебі аз мөлшерде тағамның құндылығы жоғары болып келеді.
Емізулі әйелдердің тамақтану статусы төмен болған жағдайда да, сүтті қажетті мөлшерде өтей алады. Емізулі әйелдердің оптимальды сүт мөлшерін беру үшін құнды тамақтануы керек. Олардың дұрыс тамақтануының білу үшін диет анамнезін жинау, яғни тәуліктік тағамдық рационын жинаймыз. Олардың күнделікті таңертеңгілік асынан бастап, тағамның түрін және мөлшерін келесі таңға дейін алуымыз керек. Ал жүкті әйелдердің тамақтану жағдайын дене салмағының индексмен анықтаймыз.
Дене сал. Кг
Бойы мІ
ВОЗ бойынша дене салмағының индексі 18, 5 - 25 кг құрайды, егер 18, 5 кг төмен болса - индекс жеткіліксіз, ал 25 кг жоғары болса, онда индекс артық. Дене салмағы орташа 10 - 12 кг көбейеді. Жүктіліктің 2 - 3-ші триместрінде 1 кг-дан аз емес, 3 кг-дан көп емес.
Тағамдық заттардың жіктелуі:
1. Макронутриендер тағамдық заттардың негізі - бұл тағамдық заттардың тәулік мөлшері граммен есептеледі. Оларға белоктар, майлар, көмірсулар, тағамдық клетчатка Са, Р, Na, K, Mg тәуліктік қажеттілік рационында 1 граммға дейін жақындатады.
2. Микротағамдық заттар - өмірлік қажеттілік макронутриндер тәуліктік қажеттілігі мг есептеледі. Бұларға витаминдермен минералды заттар, тағамдық үстемелер (тағамның исін, түсін жақсартатындар) .
Жүкті және емізулі әйелдердің белокқа қажеттілігі.
Белок адам өмір сүру жағдайында ең қажетті зат болып табылады. Белоктардың биологиялық рөлі зор. Олар энергия көзі. Олар организмнің өсуі мен дамуы қалыптастырады. Пластикалық қызмет атқарады. Тағамды алмастырмайтын амин қышқылдары неғұрлым көп болса, соғұрлым биологиялық құндылығы жоғары болады. Белоктың тәуліктік қажет мөлшері 118 грамм, ал жүкті әйелдерде +30 грамм, емізулі әйелдерде +40 грамм 50% төмен жануарлар белоктары құрайды.
АҚШ-тың тағайындауы бойынша белоктың қажеттілігі жүкті және емізулі емес әйелдерге 45 грамм, ал жүкті әйелдер +6, емізулі әйелдерге +11, 65 - 70% жануар май өнімдерімен түсетін белок мөлшері.
Жалпы тағайындалу бойынша: Дене салмағы төмен әйелдерде жануар майымен түсетін белок мөлшерін жоғалатады, ет өнімдерін, сүт өнімдерін, балық, жұмыртқаларды көп мөлшерде қабылдыу тиіс. Дене салмағы қалыпты жүкті және емізулі әйелдердің тәулік рационында (жұмыртқа, ет, балық, сүт өнімдері) тағайындалады.
Дене салмағы жоғарғы әйелдерде азық түлік өнімдеріндегі майдың аз мөлшерде немесе майсыз қабылдау қажет.
Нан
Балық
Ет
Сырды
Творг
Ірімшік, құрт, сүзбе
-10
14
16-18
30
20
таза белок 50-70.
Майлар.
Майдың негізгі құрамына май қышқылдары кіреді. Олар қаныққан және қанықпаған болып болінеді.
Қаныққан май қышқылдарына - пальмигиндер, стеарин, миристин кіреді.
Қанықпаған май қышқылдарына «қанықпаған» сатысы бойынша ажыратады.
Моноқанықпаған май қышқылдары: олеин қышылы (оливка майы -65%, маргарин 43-47%)
Поликанықпаған май қышқылы ең негізгісі болып табылады. Олардың құрамына линоле, линоленді және арахидон кіреді. Тағамда ең көп кезесетін полиқанықпаған май қышқылы, линоле қышқылы жоғары биологиялық активтілік қасиетке ие, 60 %-ке өсімдік майында кездеседі.
Арахидон қышқылының биологиялық активтілігі жоғары, көптеген тағам құрамында кездеседі. Мыс: мида 0, 5 %, жұмыртқада 0, 1 %, бауырда 0, 3 %, жүректе 0, 2%.
Жүкті және емізулі емес әйелдердің майға қажеттілігі 87 грамм, жүкті әйелдерде +12, емізулі әйелдер +15.
АҚШ пен Батыс Европада тәулігіне жүкті және емізулі әйелдерде 60 - 62 грамм тағайымдалады.
Жалпы тағайындауда жануар текті майды төмендетіп, өсімдік майын жоғарлату керек.
Көмірсулар.
Көмірсудың тәуліктік құндылығы 60 - 65% тағамдық азық түлікте көмірсулар моно, ди, полисахаридтер түрінде кездеседі.
Жай көмірсуларға жататындар: моносахаридтер - глюкоза, фруктоза, галактоза.
Күрделі көмірсулар.
Полисахаридтер - крахмал, глюкоген, пектинді заттар.
Дисахаридтер - сахароза, лактоза, мальтоза. Тәуліктік қажеттілік жүкті әйелдерде +30 гр., емізулі әйелдерде+40гр.
Жалпы қажеттілік 378гр. ВОЗ-дың жалпы тағайындауы бойынша белоктарға 10 - 15% тәуліктік құндылығы, май 30% көмірсу 50% кем емес, жай көмірсу 10% көп емес. Дене салмағы аз әйелдерде көмірсу қабылдауы шексіз рұқсат етіледі. Ал дене салмағы артық әйелдерде көмірсу мөлшерін азайтады (тәтілермен ұннан жасалған тағамдар) .
Тағамдық клетчаткалар.
Негізгі көзі болып көкеністер, жеміс жидектер және дәнді дақылдар. Азқазан ішек жолы ферментінің бөліну қызметін тежейді. Ішектің маторлық қызметін тежейді (жүкті әйелдердің іш қатуына әкеледі), қажеттілігі 50 - 60 гр.
Жүкті және емізулі әйелдермен, жүкті емес әйелдердің физиологиялық қажеттіліктері
Белоктар (г)
Жалпы жануар
Минералды заттектер.
Ұрық қалыптасуына кальцфикациясына қажет болғандықтан емізулі және жүкті әйелдерде кальции қажеттілігі өзгеріп отырады. Тәуліктік қажеттілігі 800 мг., жүктілерге +300 мг., емізулі әйелдерде +400 мг. Фосфорға тәуліктік қажеттілік 1200 мг, жүктілерде +450 мг, емізулерде 600 мг. Са негізгі көзі сүт өнімдері б. т. Ал фосфордың негізгі көзі құрт, сүзбе, сыр б. т.
Темірге қажеттілік.
Теміртапшылық анемиясы жүктілік және босану уақытына дейінгі кезеңде ана және бала өлімінің факторы ретінде қарастырылады. Жүкті әйелдер арасында анемияны жою бала өлімінің деңгейін 25 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретіндігі анықталады. Жүкті әйелдер құрсақтағы нәрестеге темірді бере отырып жоғалтады (темірдің шамамен 600 - 900 мг анадан құрсақтағы сәбиге беріледі), ал анемияға шалдығу барысында темірді беру процесі төмендейді. Анемиялы йелдердің босану уақытындағы өлім мүмкіндігі анемиясы жоқ йелдермен салыстырғанда 5-10 есе жоғары.
Жүкті әйелдер анемиясы нәрестелердің төменгі салмақпен тууының, мерзімінен бұрын босануыдың, босану барысында қан кету сияқты жағдайлардың себебі бола отырып, ана мен сәби ағзасының жұқпаларға қарсы тұру қабілеттерігің әлсіреуіне әкеледі. Жүктілік барысындағы, оған дейінгі және кейінгі ана өлімінің 40 пайызы анемиямен байланысты. Сондықтан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы барлық жүкті әйелдерге темірдің дәрі - дәрмек препартарын тағацындауды ұсынды.
Қазақстандағы жүкті әйелдер арасындағы анемияның таралуы
Сыр
қат
түрі
Ане
мия
Анемиялы аналардан туған балалардың көпшілігінде (балалардың 57 пайызы) гемоглобиннің төменгі деңгейі болады. Анемия нәрестелер мен балалар арасында темір қажеттілігінің біршама артуына алып келетін тез өсімге байланысты жиі кездеседі. Нәрестелер мен жас балалардың темірге деген қажеттілігі ересек ер адамның осындай қажеттілігінен 3-6 есе артық болады.
Жұқпалар сіңімділік пен темір қорын төмендетеді, ал балалар жұқпаларға жиі шалдығатындықтан, олардағы темір жемкіліксіздігінің даму қауыпы одан сайын арта түседі.
Анемияның негізгі себептері:
Теміртапшылық анемиясы дамуында тамақтану факторы халықтың әлсіз топтары, әсіресе, балалар, жүкті және емізулі әйелдер үшін аса маңызды.
- үлесіне теміртапшылық анемисы жағдайларының жартысынан астамға жуығы тиетін тағам өнімдерімен темірдің ағзаға жеткіліксіз түсуі;
- қаның кетуі, малярия, түберкүлез және тағы да басқа жұқпалардың әсерінен эритроциттердің жоғалуы немесе бұзылуы немесе ішек құрттардың болуы;
- эритроциттердің генетикалық кемшіліктері.
Йодқа қажеттілік.
Йод - адам және жануарлар өсімі мен дамуына қажет микроэлемент. Органикалық емес құрылымдар түрінде немесе органикалық түрде тағам және ауыз су құрамында йод ішек - қарын жолдарында аминқышқылдарымен қосылып, қан құрамына түседі. Ағза құрамындағы йодтың шамамен 80%-ы қалқан безінде шоғырланған. Йод қалқан безіндегі тиреоидты гормандардың (ішкі секреция бездерінен түзіліп қанға қосылатын зат) синтезі үшін қажет. Олардың көп бөлігі тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) сияқты қалқан безінің гормондарында орналасқан. Қалқан безі жеткілікті йод түсімі жағдайында күн сайын 90-100 мкг тироксин, 5-10 мкг трийодтиронин түзіп шығарады.
Ауыз су, ауылшаруашылық дақылдарды, жануар текті өнімдердегі йод мөлшері әдетте оның жергілікті топырақ пен су құрамына тәуелді болып келеді.
Тиреоид гормондарының синтезі мен бірқатар жағдайлар дамуының бұзылысына әкелетін тағам құрамындағы йод жеткіліксіздік - йодтапшылық бұзылыстары деген жалпы терминмен белгілі. Йодтапшылық бұзылыстары тағам құрамындағы йодтың жеткіліксіз мөлшерде түсуі әсерінен дамитын қалқан безінің патологиясын ғана емес, сонымен қатар тиреоидты гормондардың шексіз немесе салыстырмалы тапшылығымен байланысты патологиялық жағдайларды да біріктіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz