Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштар


Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштар. Міндеті, жіктелуі, құрылғысы, маркаларының жүйесі. Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштардың электрлік параметрлері. Сақтандырғыштарды таңдау.
- Сабақ мақсаты:Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштарды оқып білу.
2. Жабдықтар мен құралдар:
2. 1. Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштар: ПК, ПКН, ПВТ.
2. 2. Технологиялық карта, техникалық сипаттамалар және пайдалану инструкциялары, плакаттар.
2. 3. Жұмыс құралы.
3. Нұсқау 1сағ. Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштар. Міндеті, жіктелуі, құрылғысы, маркаларының жүйесі. Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштардың электрлік параметрлері. Сақтандырғыштарды таңдау.
4. Техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.
4. 1. ТК №1 З. 2., п. 3. материалын қайталау. Техника қауiпсiздiгi бойынша негiзгi мәлiметтер.
5. Практикалық жұмыс№11. 5 сағ.
Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштарды оқып білу.
5. 1. Жұмыс мақсаты: Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштардың конструкциясын, негізгі параметрлерін, әрекет ету қағидатын зерттеу.
5. 2. Тапсырма:
1. Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштардың конструкциясын, негізгі параметрлерін, әрекет ету қағидатын зерттеу.
2. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындау.
6. Бақылау сұрақтары:
1. Жоғарғы вольтты сақтағыштардың міндеті, классификациясы, маркіленуі.
2. Балқығыш сақтандырғыштардың негiзгi параметрлері.
3. ПК топтамасының сақтағыштары.
4. ПСН-35 типті газ шығаратын балқығыш сақтандырғышы.
5. Балқығыш сақтандырғыштарының қадыр және кемшiлiктері.
7. Әдебиет :
- Почаевец В. С., Электрические подстанции М., 2001г.
- Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.
- Андреев В. А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.
- Ливинец Н. П., Немилостивый А. Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж
- Сибикин Ю. Д., Сибикин М. Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.
№11. Тәжірибелік жұмыс. Жоғарғы кернеулі сақтандырғыштарды оқып білу.
Балқымалы сақтандырғыш электр тізбектерін жоғарғы токтардан қорғауға арналған бір полюсті коммутациялық аппарат. Оның жұмыс істеу принципі металдан жасалған аз көлемді салынбалы қылдың токпен балқуына және пайда болған доғаны сөндіруге негізделген. Балқымалы сақтандырғыштардың артықшылықтары: құрлысының қарапайымдылығы, құнының төменділігі; тізбекті қысқа тұйықталуда тез ажыратылуы; қысқа тұйықталу токтарды шектеу. Олардың кемшіліктері: шамадан тыс жүктелгенде тізбектерді қорғау үшін қолданылмауы; тізбектерді автоматты қайта қосу тек қана көп дүркінді күрделі конструкциялы сақтандарғыштардың қолданылуымен жүзеге асу мүмкіндігі; балқымалы сақтандырғышпен тізбектерді ажырату кернеудің аса жоғарылауымен өтеді.
Сақтандырғыштың
номинальдық тогы, А 8; 10; 20; 32; 40; 50; 80; 160; 200; 320; 400;
Балқымалы салынбалы қылдың
номинальдық тогы, А 2; 3, 2; 5; 8; 10; 16; 20; 32; 40; 50; 80; 160; 200; 320; 400;
Ажыратудың
номинальдық токтары, кА . . 2, 5; 3, 2; 4; 5; 6, 3; 8; 10; 12, 5; 16; 20; 25; 31, 5; 40;
1000 В жоғары электр қондырғыларында сақтандырғыштардың қолданылуы шектеледі; оларды негізінен кернеудің күштік, өлшеуіш трансформаторларын және статикалық конденсаторларын қорғау үшін қолданады.
ПК сериялы сақтандырғыштар ұсақ дәнді толтырғышымен 3, 6, 10, 35 кВ кернеуге және 400, 300, 200 және 40 А номинальдық токтарға жасалады. Мұндай сақтандырғыштар ток шектеуші эффектілі болады және қысқа тұйықталу токтарын ажырату уақыты 0, 005 - 0, 007с.
Сақтандырғыштың патроны (1-сурет) фарфорлы түтікшеден тұрады, латунды колпактармен армирленген. Патронның ішінде мыс немесе күміс балқымалы салынбалы қылдар орналасқан. Доғаны сөндіруге қолайлы жағдай жасау үшін балқымалы салынбалы қылдардың ұзындығымен үлкен және қиылыстары кіші болуы тиісті. Мұндай жағдай қабырғалы керамикалық өзекшеге оралған бірнеше параллельді балқымалы қылдарды 5 қолдану арқылы немесе үлкен токтарда бірнеше спиральды балқымалы қылдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады (1-сурет) . Фарфорлық түтікшенің іші кварц құмымен толтырылып, қақпақшалармен 1 жабылады да дәнекерленеді. Сақтандырғыштың іске қосылуы көрсеткіш 7 арқылы анықталады, көрсеткіш 7 балқымалы болат қыл жанғанда түтікшенің ішінен серіппенің көмегімен сыртқа лақтырылады. Болат қыл жұмыс қылдарынан соң, барлық ток өткеннен кейін жанады.
1-сурет. ПК типті сақтандырғыштар:
а -ПК4 жалпы көрінісі;
б -7, 5 А жоғары токка арналған сақтандырғыш патроны;
в - 7, 5 А дейінгі токка арналған сақтандырғыш патроны;
1 - шеткі қақпақ;
2-латун қалпағы;
3- фарфор түтікшесі;
4- кварц құмы;
5 - балқымалы қыл;
6 - қалайыдан тжасалған шариктер;
7 - іске қосылу көрсеткіші.
ПК сериясының түрлері:
ПКТ- күштік трансформаторларды және желілерді қорғауға арналған сақтандырғыштар;
ПКН - кернеу трансформаторларын қорғауға арналған сақтандырғыштар;
ПКЭ - экскаватор қондырғысының күштік тізбегіне арналған сақтандырғыштар.
100 А жоғары токты тізбектерде сақтандырғыштарды қондырғанда екі немесе төрт патрон қолданылады (1, а-сурет) .
Газгенераторлық балқымалы сақтандырғыштар 35 және ПО кВ құрылғыларында сыртқа қондыруға арналған. 2-суретте ПСН-35 типті сақтандырғыш патроны көрсетілген. Патрон корпусында 1 өзара болат потрубкамен 4 жалғанған виниплаттан жасалған, түтікшелер 2 және 3 орналасқан. Сонымен бірге бір ұшымен ток өткізгіш стержнге 6, ал екінші ұшымен майысқақ өткізгіш ұшына 8 бекітілген балқымалы қыл 5 патрон корпусына орналасқан.
2. сурет. ПСН-35 типті газгенераторлық балқымалы сақтандырғыш патроны
3-сурет. ПСН-35 типті газгенераторлық балқымалы сақтандырғыш .
Патрон сақтандырғыш негіздігіне орнатылады (3-сурет) . Сақтандырғыш негіздігі цоколдан 1, өткізгіштерді қызуға арналған жоғарғы 3 және төменгі 4 басты қысқыштары бар екі тіректі оқшаулағыштан 2 тұрады. Төменгі басында 4 серіппемен жабдықталған түйіспе пышағы 5 бекітілген. Балқыма қылы жанғанда түйіспе пышағы серіппенің әсерінен босап, өзімен бірге майысқақ өткізгішті тартады. Сақтандырғыш іске қосылғанда дыбыс эффектісі пайда болады. Майысқақ өткізгіш патроннан шығып кетеді. Түйіспе пышағы мен түтікше соңында айырлу жерінде сенімді оқшаулануды қамтитын, ауа аралығы пайда болады. ПСН-35 типті сақтандырғышының ажыратылу номинальдық тогы 3, 2 кА құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz