Ток өлшеуіш трансформаторлары


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Өлшеуіш трансформаторлар. Ток өлшеуіш трансформаторлары. Міндеті, жіктелуі, құрылғысы, маркілену жүйесі. Электрлік параметрлері. Ток трансформаторларының және аспаптардың оларға қосылу сұлбасы.

1. Сабақ мақсаты: Ток өлшеуіш трансформаторларын оқып білу.

2. Жабдықтар мен құралдар:

2. 1. Тоқ өлшеуіш трансформаторлары: ТПОЛ-10, ТПЛ-10, ТШЛ-20, ТФЗМ

2. 2. Технологиялық карта, техникалық сипаттамалар және пайдалану инструкциялары, плакаттар.

2. 3. Жұмыс құралы.

3. Нұсқау 1сағ. Өлшеуіш трансформаторлар. Ток өлшеуіш трансформаторлары. Міндеті, жіктелуі, құрылғысы, маркілену жүйесі. Электрлік параметрлері. Ток трансформаторларының және аспаптардың оларға қосылу сұлбасы.

4. Техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.

4. 1. ТК №1 З. 2., п. 3. материалын қайталау. Техника қауiпсiздiгi бойынша негiзгi мәлiметтер.

5. №13. Тәжірибелік жұмыс 5 сағ.

Өлшеуіш ток трансформаторларын оқып білу.

5. 1. Жұмыс мақсаты: Тоқты өлшеу трансформаторларының құрылғысын, таңбалау жүйесін, электрлік параметрлерін зерттеу.

5. 2. Тапсырма:

1. Тоқты өлшеу трансформаторларының құраылғысын, таңбалау жүйесін, электрлік параметрлерін зерттеу.

2. Құралдарға тоқтың трансформаторының қосындысы және қосу схемасын талқылау. 3. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындау.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Тоқ өлшеуіш трансформаторларының класификациясы, міндеті, маркілену жүйесі.
  2. Тоқ өлшеуіш трансформаторларының негізгі параметрлері.
  3. Тоқ өлшеуіш трансформаторларының жұмыс істеу принципі.
  4. Құралдарға тоқтың трансформаторының қосындысы және қосу схемасы.
  5. ТПОЛ-10, ТПЛ-10 тоқ трансформаторлары.
  6. ТПОЛ-20, ТШЛ-20 ток трансформаторлары.
  7. ТФЗМ ток трансформаторлары.

7. Әдебиет:

Почаевец В. С., Электрические подстанции М., 2001г.

Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.

Андреев В. А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.

Ливинец Н. П., Немилостивый А. Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж

Сибикин Ю. Д., Сибикин М. Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.

№13 Тәжірибелік жұмыс. Ток өлшеуіш трансформаторларын оқып білу.

Өлшеуіш ток трансформаторлары айнымалы ток электр қондырғыларында өлшеу аспаптарының және қорғаныс релелерінің ток орамдарына қорек бері үшін, өлшеу аспаптарының өлшеу шектерін кеңейту үшін, және оларды релермен бірінші реттік жоғарғы кернеуден оқшаулауға қолданады.

Ток трансформаторлары ток түрлеріне байланысты ішке және сыртқа арналып және кштік трансформаторлар мен майлы ажыратқыштар шығарылады. Ток трансформаторлары қондырылу тәсілдеріне байланысты өтпелі және тіректік болып бөлінеді.

Бірінші реттік орамның конструкциясына байланысты ток трансформаторы мынандай болады:бір виткілі стержнді; бір виткілі шиналы; көп виткілі.

Ток трансформаторының әрбір типіне әріпті-цифрлы шартты белгі берілген:

Т - ток трансформаторы;

П - өтпелі (отсутствие буквы П указывает на то, что трансформатор опорный) ;

В - майлы ажыратқышқа келтірілген;

ВТ - күштік трансформаторға келтірілген;

О - бір виткілі;

Л - құйылған оқшаулау;

Ш - шиналық;

М - аз габаритті (ішке қондырылатын ток трансформаторларына арналған) ;

К - шарғылы;

Ф - фарфорлық оқшаулағышты;

3 - жерге тұйықталудан қорғауға арналған;

У - күшейтілген (жоғары электрдинамикалық төзімді) ;

ФЗ - фарфорлық корпусты біріншілік орамды типі;

Н - сыртқы қондырғы;

Р - релелік қорғанысқа арналған өзекті;

Д -дифференциальдық қорғаныс қорегі үшін екінші реттік орамды;

М - май толтырылған (сыртқа қондырылатын ток трансформаторларына арналған) .

  • әріптен кейінгі бірінші сан -киловольтпен берілетін трансформатордың номинальды кернеуі;
  • "дробь арқылы" берілген келесі сан тобы - өзекшелердің нақтылық классы (сан орнына әріп тұруы мүмкін Р немесе Д),
  • " дробь арқылы" берілген екі сан - бірінші және екінші реттік токтар;
  • номинальдық токтан кейінгі сан - орындалудың конструкцилық вари­анты;
  • конструкцилық варианттан кейінгі әріптер - климаттық орындалу;
  • соңғы цифр - орналасу категориясы.

Ток трансформатор типінің белгілену мысалы және оның мағынасы:

1-сурет. Ток трансформаторлары: а- ТПОЛ-10 типті; б- ТПЛ-10 типті

Өтпелі бір виткілі ТПОЛ типті номиналды бірінші реттік тогы 400-1500 А трансформаторлар ең қарапайымы болып табылады (1, а-сурет) . Оларда бірінші реттік орам қызметін ұштарында Л 1 , және Л 2 болтты қысқыштары бар тік сызықты стержнь 4 атқарады. Оқшау үстіндегі стержньге екінші реттік орамды екі сақиналы магнит өткізгіш 1 және 2 кигізілген. Магнит өткізгіштер бірінші және екінші реттік орамдармен бірге эпоксидті компаундтан 5 құйылған. Екінші реттік орамның шығыстары 7 корпустың ортаңғы бөлігіндегі жанында орналасқан.

ТПЛ типті ток трансформаторында шығыстары 4 және екі өзекшесі бар ілмешекті көп виткілі бірінші реттік орамы болады (1, б-сурет) . Орамды ылғалдан және механикалық бұзылыстардан қорғайтын корпус 3 құйылған компаундтан жасалған. Екінші реттік орамның қысқыштарымен 5 трансформатор корпусында орналасқан.

ТПЛ-10 трансформаторы негізгі орындалуы тіректік. Оны бекіту үшін болат бұрыштарында 6 төрт монтаждалу тесігі болады.

2-сурет. Ток трансформаторы:

а - көп орамды ток трансформаторының принципаиалды сұлбасы;

1-бірінші реттік орам;

2 - магнит өткiзгiш;

3-екiншi реттік орам;

б- бір орамды ток трансформаторының принципаиалды сұлбасы;

в- ТПОЛ-20 конструкциясы;

1 - бірінші реттік орам шығысы;

2-эпоксидтық құйып жасалған оқшаулану;

3 - екiншi реттік орам шығысы;

2, б-суретте магнит өткізгіштер мен орамдардың орындалуы сұлбамен көрсетілген, ал 2, в -суретте ТПОЛ -20 ток трансформаторының (өтпелі, бір виткілі, 20 кВ кернеуге құйылған оқшаулағышты) сыртқы көрінісі көрсетілген. Бұл трансформаторларда екі магнит өткізгіштің «окна» -сі арқылы өтетін ток өткізгіш стержнь бірінші реттік орамның бір орамы болып табылады. Бір орамды трансформаторлар 600А және оданда көп бірінші реттік токқа шығарылады. ТПОЛ-20 трансформаторында әрқйсысына өзінің екінші реттік орамы оралған екі магнит өткізгіші болады. Бұл трансформаторлардың нақтылық класы 0, 5; 3 және Р. Мұндай трансформаторлардың көлемі фарфорлық оқшауланған трансформаторларға қарағанда аз және жоғары электр динамикалық төзімді.

3-суретте ТШЛ-20 ток трансформаторы көрсетілген (шиналы, құйылған оқшаллағышты, 20 кВ кернеуге және 6000-18000А токқа арналған) . Бұл трансформаторларында магнит өткізгіш пен екінші реттік орамы бар сақина тәрізді эпоксидті блок болады. Тоқ өткізгіштің шинасы бірінші реттік орам болып табылады. Бұл ток трансформаторының электр динамикалық төзімділігі шина конструкциясының төзімділігімен анықталады.

3-сурет. ТШЛ-20 тоқ трансформаторы

1-0, 5 класты магнитөткізгіш;

2 - Р класты магнитөткізгіш;

3 - құйып жасалған эпоксидтық блок;

4 - корпус;

5 - екiншi реттік орамдар шығыстарының қорабы;

6 - токөткізгіш шина.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансформаторлардың жұмыс істеу принципі
Өлшеуіш кернеу трансформаторлары
Кернеудi өлшеу трансформаторларын зерттеу
Кернеу трансформаторларын таңдау
Автотрансформаторлар және өлшеуіш
Электр станцияларындағы өлшеу құрылғылары
Автотрансформаторлар
ТФЗМ ток трансформаторы
Құралмен өлшеу қателігі
Электрлік машиналар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz