Абай Құнанбаевтың қоғам және билік туралы идеялары


ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:
1.Абай Құнанбаевтың қоғам және билік туралы идеялары ... ... ... ..2.3 б.
2.Абайдың әлеуметтік.экономикалық көзқарастары ... ... ... ... ... 10 б.

ІІІ. Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 19 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге


ЖОСПАР
І.‭ ‬Кіріспе
ІІ.‭ ‬Негізгі бөлім:
1.Абай Құнанбаевтың қоғам және билік туралы идеялары‭______________‬2-3‭ ‬б.
2.Абайдың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары‭____________________‬10‭ ‬б.
ІІІ.‭ ‬Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев‭ (‬1845-1904‭) ‬-‭ ‬өз заманының жыршысы.‭ ‬Оның шығармалары‭ –‬сол заманның шежіресі.‭ ‬Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс тіршілігі барлық ерекшелігімен,‭ ‬тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен,‭ ‬өзіндік бояу-өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген.
‭ ‬Ақындық өнердің реалистік бағытын берік ұстанған ол өз шығармашылығы туған халқының,‭ ‬өз ортасының сол кездегі тұрмысын,‭ ‬кәдімгі қазақ ауылының тірлігін,‭ ‬оның тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен,‭ ‬өзіндік ерекшелігімен мейлінше айқын да толық бейнелеп беріп кетті.‭ ‬Осы арада академик-жазушы Ғабит Мұсіреповтің мына бір тағылымды сөзін еске сала кету орынды болар:‭ “‬Абайда еліктеу жоқ,‭ ‬‰ндестік барын даусыз дәлелдейтін көп өлеңдер бар.‭ ‬Бірақ ол‭ ‬‰ндестік сезіну жағынан,‭ ‬реалистік ақындардың өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан.‭ ‬Одан әрі десек,‭ ‬біріне жала жапқан боламыз‭”‬.
‭ ‬Ал,‭ ‬ол заман‭ –‬патшалықтың отарлау саясаты әбден‭ ‬‰стемдік алған кез болатын.‭ ‬Қазақ даласында өмірдің патша әкімшілігіне тәуелді болмаған,‭ ‬отаршылдықтың қатал заңына бағындырылмаған бірде-бір саласы қалған жоқ еді.‭ ‬Осы көзбен көріп,‭ ‬санасымен ұғынған ақын ел-жұртының болашағын ойлап толғанды.‭ ‬Сол тас қамаудан алып шығар басқа к‰ш жоқ екенін,‭ ‬одан жол тауып шыға алатын халықтың өзі ғана екенін т‰сінгендіктен де,‭ ‬ол сөзін соған арнады.‭ ‬Оны елдікке,‭ ‬бірлікке,‭ ‬берекелі тірлікке шақырды.
‭ ‬Сөзі өтпеген жерде шымбайына батырып,‭ ‬шындықтың бетін аша,‭ ‬ашынып айтты.‭ ‬Сөйтіп оның ақындық мұрасы даналық ойдан өріліп,‭ ‬көреген көкіректен құйылған болмыстың шынайы дастаны болып жазылып қалды.
‭ ‬Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сипат бар еді.‭ ‬Оның қаламынан туған қастерлі жыр,‭ ‬оның даналығынан туған лұғатты сөз халқының рухани қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады.‭ ‬Оның алып тұлғасы ауыр д‰ниеден өтіп кеткен к‰ннің ертеңінен-ақ замандастарының к‰нделікті тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты.‭ ‬Оның атағын алғаш көтеріп әкеткен ғасырымыздың өлең-алаңында ел өміріне жыл басындай жаңалық әкеліп,‭ ‬қалың ұйқыда жатқан халқының санасына сәуле т‰сірген бір топ зиялылар еді.‭ ‬Солардың ішінде,‭ ‬ең бірінші‭ “‬бісмілләні‭” ‬айтқан,‭ ‬туған халқының елдік тәуелсіздігі мен рухани бостандығы жолында Алаш туын көтеріп шыққан қайраткерлердің топбастары‭ ‬-‭ ‬Әлихан Бөкейханов және А.Байтұрсынов,‭ ‬М.Дулатов,‭ ‬М.Жұмабаев,‭ ‬С.Торайғыров,‭ ‬алдыңғы толқын ағалар тобын бастаған‭ –‬Ж.Аймауытов пен М.Әуезов болатын.
‭ ‬Әлбетте,‭ ‬бұл саладағы ғылыми және әдеби жұртшылыққа кеңінен танылған ең бірінші және ең беделді сөз замандастарының заңғар жазушысы,‭ ‬әдебиетші ғалым,‭ ‬академик Мұхтар Әуезовтың еңбегі оның Абай тақырыбына арналған көркем шығармашылық мұрасымен пара-пар десек,‭ ‬артық айтқандық болмас-1933ж.‭ “‬Абайдың туысы мен өмірі‭” ‬атты көлемді монография.
‭ ¦‬лы Абай шығармашылық мұрасы‭ –‬халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.‭ ‬Маңызын жоймау былай тұрсын,‭ ‬заман өзгеріп,‭ ‬қоғамдық санада к‰рт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,‭ ‬қадірін арттыра т‰сетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
1.‭ ‬А.Құнанбаевтың қоғам және‭ ‬билік туралы идеялары.‭ ‬Абайдың‭
өмірі мен шығармашылығы‭ ‬-‭ ‬отарлау саясатының дәуірлеп тұрған шағына тұспа-тұс келді.‭ ‬Ол қазақ жеріне Ресейдің орталық,‭ ‬оңт‰стік аудандарынан орыс,‭ ‬украин шаруаларын тоғытып,‭ ‬жаппай қоныстандыру,‭ ‬отарлау саясатының қадамдарынан басталды.‭ (‬1868‭ ‬жылғы патшаның екінші жарлығынан Қазан төңкерісіне дейінгі аралық‭)‬.‭ ‬Әкесі Құнанбай ағасұлтандық құрып тұрғанда,‭ ‬сол әке ырқымен оқудан шығарып алынып,‭ ‬ел билігінің шет-жағасына араластырылған жас жігіт кейін,‭ ‬елдің әлеуметтік-саяси өміріне елеулі өзгеріс енгізіліп,‭ ‬тұрмыс салты м‰лде басқа арнаға т‰сіріле бастаған кезде де сол ел тіршілігінен қол‭ ‬‰зе алмай,‭ ‬неше т‰рлі талас-тартыс пен дау-лардың қалың ортасында қалып қояды.‭ ‬Жұрт алдында беделі артып,‭ ‬жақсы атағымен танылып қалған ақын ел тағдырының бұдан былайғы тетігі патша әкімшілігінің қолына көшкеннен кейін,‭ ‬елдің сөзін сөйлей алатын көзі ашық,‭ ‬көкірегі ояу азаматтар қажет екенін сезеді.
‭ ‬Абай осы зәрулікті т‰сінгендіктен де ел тіршілігінен бойын аулақ сала алмайды.‭ ‬Бұқара халықтың қалауымен біраз жыл әкімшіліктің билік ісіне араласты.‭ ‬Бірде төреші,‭ ‬бірде төбе би бола ж‰ріп,‭ ‬ел ішінің тыныштығын көздейтін,‭ ‬зорлықшыны тезге салып,‭ ‬жәбірленушінің теңдігін әперетін жерде өзінің ақыл-парасаты мен қажыр-қайратын іркіп қалған жоқ.‭ ‬Сөйтіп ж‰ріп ол халықтың Абайы атанды.
‭ ‬Абайдың заман бейнесін,‭ ‬елдің тіршілік болмысын,‭ ‬халықтың аз сөзбен бір жерге шоғырландырып,‭ ‬мейлінше ширыға жазған шымыр шығармалары‭ –“‬Қалың елім,‭ ‬қазағым,‭ ‬қайран жұртым‭”‬,‭ “‬Қартайдық,‭ ‬қайғы ойладық,‭ ‬ұйқы сергек‭”‬,‭ “‬Қартайдық,‭ ‬қайрат қайтты,‭ ‬ұлғайды арман‭”‬,‭ “‬Болыс болдым,‭ ‬мінеки‭”‬,‭ “‬Мәз болады болысың‭” ‬деген сияқты қоғам өмірінің әлеуметтік мәселелерді өзек еткен шығармаларында,‭ ‬ақын қазақ қауымының басындағы м‰шкіл халді әр қырынан алып көрсетті.
‭ ‬Ол қандай қырлар еді‭? ‬Ол көбіне ел басқарудың жаңа тәртібінен туындаған зардаптар болатын.‭ ‬Атап айтқанда,‭ ‬патша әкімшілігіне тікелей бағынышты болған жергілікті биліктердің ұлық алдындағы дәрменсіздігі мен өз халқына ж‰ргізген ж‰генсіз озбырлығы арасындағы кереғарлық.‭ ‬Осынау басты бақытсыздықтан тараған басқа да көп қырсықтар:‭ ‬ел ішінде жік туғызған партияшылдық‭; ‬билікке таласудан туған мансапқорлық‭; ‬к‰штінің алдында жарамсақтанып,‭ ‬оның есесіне әлсізге тізе батырған зорлық-зомбылық‭; ‬билік к‰шін өз пайдасына ғана жұмсаған әділетсіздік‭; ‬осы сияқты кекті әлеуметтік кінәраттардың айналасында‭ ‬‰ймелеген жалақорлық,‭ ‬арызқорлық сияқты к‰йкі келеңсіздіктер.
‭ ‬Әрине,‭ ‬бұл сияқты тікелей отаршылдық зардаптарынан тараған‭ “‬келімсек‭” ‬кеселдерден басқа қазақтың өз қанына сіңген бойк‰йез қарекетсіздік,‭ ‬жалқаулық,‭ ‬ел кезіп тамақ асырауды кәсіп еткен қыдырмалық,‭ ‬жөнсіз тіл безеп,‭ ‬сөз сауған көк мылжыңдық,‭ ‬желбуаз мақтан қуған бөспелік сияқты‭ “‬тумашылықтардың‭” ‬да кесепаты кем болған жоқ.
Ақын бірқыдыру шығармаларында соларға да сын садағын қадап бағады.‭ ‬Абайдың айтуынша,‭ “‬қоғамды құртатын‭ ‬‰ш нәрсе бар,‭ ‬содан қашпақ керек.Әуелі-‭ ‬надандық,‭ ‬екінші еріншектік,‭ ‬‰шіншісі-‭ ‬зұлымдық деп білесің.‭ ‬Надандық‭ –‬білім ғылымның жоқтығы,‭ ‬д‰ниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.‭ ‬Білімсіздік‭ –‬хайуандық болады.‭ ‬Еріншектік‭ –‬к‰ллі д‰ниедегі өнердің дұшпаны.‭ ‬Талапсыздық,‭ ‬жігерсіздік,‭ ‬ұятсыздық,‭ ‬кедейлік бәрі осыдан шығады.‭ ‬Зұлымдық‭ –‬адам баласының дұшпаны.‭ ‬Адам баласына дұшпан болса,‭ ‬адамнан бөлінеді‭”‬.‭ ‬Адам бойындағы жаман қасиеттерді саралаған Абай адамгершілікті,‭ ‬әділеттілікті ең негізгі моральдық принціп ретінде ұсынады.‭ ‬Адамгершілік пен әділдік болмаған жерде өкініш пен мұқтаждық ж‰реді,‭ ‬олар адамды бақытқа жеткізе алмайды деп ой т‰йеді дана ақын.‭ ‬Адам өмірінің мағыналы да,‭ ‬саналы болуы,‭ ‬алдына қойған мақсатына жету жолдары да өз заманы мен заман талабына сәйкес болу керек деп т‰йген Абай:
Әркімді заман с‰йремек,‭ ‬заманды қай жан билемек‭? ‬Заманға жаман к‰йлемек,‭ ‬замана оны илемек,‭ ‬-‭ ‬дейді.
Ия,‭ ‬адам баласын заманы өсіреді.‭ ‬Егер адамдар бір-біріне көмектесе,‭ ‬бір-бірін сыйласа,‭ ‬ынтымақты,‭ ‬бірлікті‭ ‬‰немі назарда сақтаса,‭ ‬жаман болмайтыны рас.
Д‰ние‭ ‬‰лкен көл,
Заман‭ –‬соққан жел,
Алдындағы толқын‭ –‬ағалар,
Артқы толқын‭ –‬інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер,‭ ‬-‭ ‬деген ақынның тағылымды ойы дамудың өз заңдылығы бар екенін ұғындырады.
Ақын өз халқының өміріндегі келеңсіз көріністерді‭ ‬әйгілеп әшкерелеуші ғана емес,‭ ‬сонымен бірге оның тарихи тығырықтан шығар жолын мегзеуші рухани көсемі болды.‭ ‬Ақынның бұл бағыттағы шығармашылық басты өзегі-‭ ‬ел жұртын жоғарыдағыдай әдеттерден арылтып,‭ ‬жақсы адамгершілікке,‭ ‬парасатты мінез-құлыққа шақыру.
Ақын ұғымында халықтың адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруінің ең жемісті жолы‭ –‬қоғамдық пайдалы еңбекке жұмылу,‭ ‬жаппай оқуға,‭ ‬ғылым-білімге,‭ ‬өрісті өнерге ұмтылу,‭ ‬ілгері кеткен өркениетті елдердің қатарына шығу.‭ ‬Әсіресе,‭ ‬отарлық бұғаудан босанудың амалы‭ –‬сол отаршыл елдің өз тілін,‭ ‬өз өнерін‭ ‬‰йреніп,‭ ‬онымен терезесі теңелетін,‭ ‬өзін қорлыққа бермейтін дәрежеге жету.‭
Абай шығармаларында заң шығаратын жоғарғы органның‭ (‬парламенттің‭) ‬ең жоғарғы өкіметтерінде танылып,‭ ‬оның‭ ‬қабылданған заңдары қатынастарды реттеуде тиімді рөль атқаратынына сеніммен қарайды.‭ ‬Абай құқықтық мемлекетте заңның‭ ‬‰стемдігін қоғамның барлық саласында арттыруды,‭ ‬заңның к‰шімен,‭ ‬тиімділігімен демократияны,‭ ‬билік ж‰ргізуді,‭ ‬жетілдіруді және мемлекет органдарының жеке адам,‭ ‬жалпы халық алдында жауаптылығын талап етеді.‭ ‬Мұндай құқықтық мемлекет принціптеріне сай келетін Абай идеяларының құндылығын‭ “‬Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам,‭ ‬адам мінезін т‰зеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім‭”(‬отыз жетінші сөз‭)‬,‭ ‬-деген пікірінен аңғарамыз.‭ “‬Закон қуаты‭”‬-әрине ғылыми негізге с‰йеніп шығарылған заңдар.‭ ‬Яғни тек қана халықтың барлық пікірі ескеріліп қабылданған заңның құқықтық мемлекетте атқаратын міндетіне,‭ ‬оның қоғамда өзгертуде,‭ ‬алға қарай дамытуда шексіз рөл атқаратынына ойшыл зор сеніммен қарайды.‭ ‬Б‰гінгі к‰ннің талабы Абай көрсеткен идеяны нақты әлеуметтік практикада растап отыр.‭ ‬Бұл да оның көрегенділігінің айғағы болса керек.
Абай құқықтық мемлекет идеясының негізгі талабтарының бірі‭ –‬кәсіби парламенттің құрылуына ерекше назар аударады.‭ ‬Ойшылдың зерделі пайымдауынша мемлекеттегі кәсіби парламентті сайлаудан,‭ ‬қалыптастырудан елдің өркендеп өсуі,‭ ‬өкімет билігінің тиімді әрі халық талабынан шығатын ең жоғарғы орган болуына к‰мән келтірмейді.‭ ‬Абайдың ойынша,‭ ‬парламентке‭ “‬халықтың‭… ‬сайлаймын деген кісісі пәлен қадірлі орысша образование алған кісі болсын‭” (‬‰шінші сөз‭)‬.
Қазақ ойшылының мұндай мағынасы терең сөздерді д‰ниеж‰зінің өркениетті елдердің парламенттерінің тәжірибесімен‭ ‬‰ндестік тауып отырғанына тағы да қайран қалып,‭ ‬тағзым етеміз.‭ ‬Атап айтсақ,‭ ‬АҚШ,‭ ‬Франция,‭ ‬Германия сияқты көптеген мемлекеттерде парламент құрамының кәсіби негізін заңгер мен экономистер,‭ ‬ірі білімпаз мамандар құрайды.‭ ‬Мысалы,‭ ‬АҚШ-тың парламент құрамының әр кезеңдегі‭ ‬60-қа жуық проценті заңгерлерден тұрады.‭ ‬Ал біздегі бұрынғы парламентте небары‭ ‬13-ке жуық заңгерлер болғанын айтудың өзі ұят.‭ ‬Кейде тіпті шала салауатты,‭ ‬заң шығарудан м‰лдем ұғымы жоқ,‭ ‬талқылаудың ғылыми негізін білмейтін депутаттарымыз мінбеген шығып алып,‭ ‬не болса соны көкитін,‭ ‬соншалы‭ ‬шала салауатты парламенттен болашақта құдай сақтасын демекпіз.
Абай кәсіби парламенттің қажетті болуын жақтай келе,‭ ‬мемлекетте атқарушы биліктің жедел және дұрыс шешім қабылдай алатын статустық деңгей санатына көтерілуін талап етеді.‭ ‬Тек осындай талаптарға сәйкес болғанда ғана мемлекетте атқарушы билік парламент шығарған заңды орындап,‭ ‬тәртіпті нығайтады,‭ ‬шаруашылық-ұйымдастыру функцияларын,‭ ‬алдында тұрған міндеттерін ойдағыдай атқара алады.‭ ‬Мемлекетте заман ағымына,‭ ‬талабына сай басқару‭ ‬‰шін‭ “‬әуелі‭ –‬бек зор өкімет жарлық қолында бар болу керек‭”‬.‭(‬қырық бірінші сөз‭) ‬дейді Абай бұл мәселе хақында.
Сонымен қатар,‭ ‬Абайдың ойынша,‭ ‬атқарушы билікті іс-ж‰зіне асыру‭ ‬‰шін мемлекет ісінде халыққа танымал,‭ ‬соңынан жұрт еретін,‭ ‬білімпаз қайраткерлердің болуы ауадай қажет.‭ ‬Беделсіз адам ешуақытта‭ (‬Абайдың т‰сінігі бойынша‭) ‬атқарушы билікті ж‰ргізе алмайды,‭ ‬ондай жағдайда мемлекетте бассыздық,‭ ‬заңсыздық орнауы,‭ ‬демократияны тұншықтыру процесі кең етек алуы,‭ ‬к‰штілердің әлсіздерге тізе батыруы к‰нделікті оқиғаға айналатыны хақ.‭ ‬Абай осы факторларды ескере келе,‭ ‬өлеңмен былайша баяндайды:
Единица-жақсысы,‭ ‬ергені елі бейне нөл.
Единица нөлсіз‭ –‬ақ,‭ ‬әз басындық болар сол.
Единица кеткенде,‭ ‬не болады өңкей нөл.
Бұл мағынада‭ “‬единица‭” ‬деген ұғымның мағынасы елден ерекше,‭ ‬дара тұлға ұғымында берілген.‭ ‬Атқарушы билікті ж‰ргізуші ірі,‭ ‬танымал тұлғалардың санатына жататын қасиет екенін келесі бір шумақта дәлелдей т‰седі:
Көп шуылдақ не табар,‭ ‬билемесе бір кемел‭?
Ғұламаның ойынша мемлекетке атқарушы билікті к‰шейту‭ ‬‰шін,‭ ‬тиімді функцияларды атқара алатын халге жету‭ ‬‰шін,‭ ‬ел басшысы әрқашан саясат ж‰ргізіп отыратын салалар бойынша‭ ‬‰немі білгір мамандардың,‭ ‬ғалымдардың оқшау ойларына,‭ ‬пікірлері мен идеяларына міндетті т‰рде с‰йенуі қажет.‭ ‬Олай болмаған жағдайда да бассыздыққа жол берілуі ықтимал.
Сонымен қатар,‭ ‬Абай саяси билік ж‰ргізу‭ ‬‰шін құрылған мемлекттік аппаратты жетілдіру туралы құнды пікірлер мен идеялар ұсынады.‭ ‬Абайдың т‰сінігі мен ой т‰йіні бұл мәселеде өз заманының талаптарынан әлдеқайда озық,‭ ‬қазіргі талаптармен тікелей сабақтас екенін аңғарамыз.‭ ‬Мәселен,‭ ‬саяси аппараттың қызметі жеке адамның қызметіне,‭ ‬беделіне негізделуге тиіс.‭ ‬Беделсіз жеке адамның мемлекеттік билік ж‰ргізуге құқығы жоқ.‭ ‬Билік ж‰ргізуге,‭ ‬басқаруға кездейсоқ,‭ ‬тамыр-таныстық,‭ ‬рулық негізде тағайындалған адамдарды Абай қатаң сынға алады.‭ ‬Ондайға жан-тәнімен қарсы,‭ ‬мемлекетті басқару арнайы кәсіби дайындықтан өткен,‭ ‬салауатты,‭ ‬беделі мол жеке адамдарға берілуі ең негізгі талап екенін дәлелдейді.‭ ‬Ол:‭ “‬сатып алған,‭ ‬жалынып,‭ ‬бас ұрып алған‭… ‬биліктің ешбір қасиеті жоқ‭” (‬жиырма екінші сөз‭) ‬деп жазды.‭ ^‬2
Абай өз заманының қайшылықтарын,‭ ‬өз қоғамының ілгеруіне тұсау болып отырған қыл бұраудай қиямет қырсықтарды,‭ ‬өз замандастарының кежегесін кейін тартқан кесір мінездерді сынаумен ғана шектеліп қойса,‭ ‬Абай болмас еді.‭
Ақын әлеуметтік істерде,‭ ‬билердің төтенше съезіне жетпіс алты баптан тұратын жаңа заң ережелерін ұсынады.‭ ‬Абайдың төрағалығымен өткен бұл съезде әдет-ғұрып нормаларының негізгі сақталған Ереже қабылданды.‭ ‬Билер сотының артықшылығын көрген Абай оған Ресей империясының кейбір заң ережелерін ғана енгізеді.‭ ‬Бірақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкіметінің отаршыл әкімшілігінен қолдау таппайды.‭ ‬Бұл кезде қазақ даласында‭ ‬1868‭ ‬жылы‭ ‬21‭ ‬қазанда қол қойылған‭ “‬Орал,‭ ‬Торғай,‭ ‬Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже‭” ‬‰стемдік етіп тұрған еді.‭ ‬Аталған ереже негізінде Ресей өкіметі қазақтардың дәст‰рлі заң ж‰йесін бұзып,‭ ‬қазақтың тұрмыс-тіршілігімен‭ ‬‰йлеспейтін заң жобасын жасады.
Патша өкіметі құрған әкімшілік басқару ісіндегі әділетсіздік пен жорықсыз әрекеттердің қазақтың билік дәст‰ріне қандай зардабын тигізгендігі мен‭ “‬бар малын шығындап,‭ ‬болыс болғандардың‭” ‬қызметі де Абай назарынан тыс қалған жоқ.
‭“‬Бай да‭ –‬аларман,‭ ‬би мен болыс та‭ –‬аларман.‭ ‬Олардікі жөн-ақ болсын.‭ ‬Қандай қулық-сұмдықта да малына сенетін қарау бай ертең өсімімен қайтарамын деп сауда жасайды.‭ ‬Би мен болыс қолындағы билік к‰шіне арқаланады.‭ ‬Ал енді солардың арасында қыстырылып ж‰рген жансебіл елубасы қайтеді‭? “‬Ертең сайлау болғанда шар саламын‭”‬,‭ ‬-‭ ‬деп бәлденеді екен ол,‭ ‬сол‭ ‬‰шін де оның аузын алу керек екен‭”‬.Алармандықтың жолы көп.‭ ‬Біреу сұғанақтықпен емініп алады.‭ ‬Біреу әлімжеттікпен зорлап алады.Ал енді екі жақты да осындай қыжылдан ада қылып,‭ ‬әрқайсысында орнына келген істей жалған қанағат сезімін туғызатын бір алармандық бар.‭ ‬Оның аты‭ –‬пара‭”‬.Бұл өзі қоғам тіршілігіне тамырын бір жіберсе,‭ ‬тарам-тарам қылып,‭ ‬барған сайын тереңдете беретін,‭ ‬сондықтан оңайлықпен арыла қоймайтын және адамзат өмірінде кейінірек пайда болған аса кеселді тарихи құбылыс болса керек.‭
Олай дейтін‭ ‬-‭ ‬халықты хан билеп,‭ ‬ел ішінің жергілікті дау-дамайы бидің төрелігімен бітіп келген арғы заманда бидің айтқан кесіміне бұлжымайтын тұрақты к‰ш болған.Сондықтан ел дауына билік айтар әрбір би халық өмірінің не бір қалтырыс-қабаттарын,‭ ‬адамдар қарым-қатынасының барлық б‰ге-шегесін жетік білетін тәжірибелі,‭ ‬ақыл-парасаты мол адамдардан тағайындалатын болған.‭ ‬Билік айтушы адам қандай жағдайда да әділдік таразысының екі басын тең ұстап,‭ ‬өз‭ ‬‰кіметінде мейлінше әділ болуға тырысқан.‭ “‬Тура биде туған жоқ,‭ ‬туғанды биде иман жоқ‭” ‬дейтін адамгершілік кодексінің мызғымас қисынындай қатаң мақал да сол кезде туған болар.‭ ‬Иманын сатып,‭ ‬әділдіктен аттау қай қазақ‭ ‬‰шін де ар мен ақылға сыймайтын,‭ ‬ең‭ ‬‰лкен к‰пірлік болса керек.‭ ‬Осындай қатаң шарттармен алды-артын бірдей орап алған би төрелігі екі болмайтынын білгендіктен,‭ ‬би‭ ‬‰стінен арыз айту да атымен болмаған.
Би төрелігі к‰шінен айрылып,‭ ‬ауыл тірлігінің тізгіні әкімдерге тигеннен кейін жағдай өзгерді.‭ ‬Баяғы төбе бидің алдына келіп ағынан жарылатын,‭ ‬ақтығына жанын беріп арылатын ақ пейіл жоқшының орнына енді өтірікті судай сапырып,‭ ‬пәле-жаланы қардай борататын арам-без арызшы келді.‭ ‬Сол арамдығын өткізіп жіберу‭ ‬‰шін‭ ‬‰йден неше т‰рлі қулық ойлап,‭ “‬майлап‭” ‬әкелетін болды.
Тегінде,‭ “‬берген перде бұзады‭”‬,‭ “‬алтын көрсе,‭ ‬періште жолдан таяды‭” ‬дейтін аярлық мақалдар да сол кезде шыққан болуы керек.‭ ‬Мәселенің бәрі кеңседе ғана бітетін заманда,‭ ‬шөп басын қимылдата алатын болмашы дабылдан‭ ‬‰лкен дау-жанжалдың өрті қаулап кетуі‭ ‬‰шін бір бет қағаз бетіне т‰скен арыз жетіп жататын заманда,‭ ‬ел ішін т‰гел кеулеп кеткен парақорлықтың аса бір қатерлі әлеуметтік қырсыққа айналуы заңды еді.‭ ‬Сондықтан да жамандық атаулыға жаны қас ақын көп өлеңдерінде осы қырсықты мықтап айыптайды.‭ ‬Сол парқорлықты туғызатын себептерді әшкерелеп ашады.‭ ‬Сондықтан да Абай болыстыққа білімді адамдардың сайлануын жақтайды.‭ ‬Оның ойынша,‭ ‬білімді болыс қана сайлану құқығына ие болса,‭ ‬оң нәтиже береді.‭ “‬Кісіге біліміңе қарай болыстық қыл‭”‬,‭ ‬-‭ ‬дейді Абай.‭^‬3
‭“‬Көңілім қайтты достан да,‭ ‬дұшпаннан да‭” ‬деп,‭ ‬ақын көңілінің құлазып,‭ ‬т‰ңілетіні сондықтан.‭ ‬¤йткені алыс-жақын қазақтың бәрін көре ж‰ргенде,‭ ‬ақынның анық байқап көз жеткізгені‭ –‬тірі жанда алдамайтын кісі қалған жоқ.‭ ‬Бәрінің да жанын жалдап,‭ ‬арын саудаға салғандаѓы ойлайтыны‭ –‬тек пайда.‭ ‬Жұрт аузында бір-ақ сөз.‭ ‬Ол‭ –‬ұрлық-қарлық.‭ ‬Одан басқа жөн сөзді ешкім ұқпайды.
Мал қызығын көре алмай ж‰рген байдың жайын жоғарыда айттық.‭ ‬Осы елде жаңадан пайда болған бір кәсіп иесі бар.‭ ‬Ол‭ –‬саудагер.‭ ‬Пұлының‭ ‬‰стінен тыйын-тебенің жонып жеп ж‰рсе де,‭ ‬бұл өзі‭ –‬шәћардан қашық жатқан елге керекті адам.
Ақынның адамгершілік,‭ ‬парасаттылық жөнінде жастарға арнап көп-көп сөздерін жинақтап келсек,‭ ‬жалпы бағыт-бағдары‭ “‬Жігіттер,‭ ‬ойын арзан,‭ ‬к‰лкі қымбаттан‭” ‬бастау алған бұл тағылымның соңғы ой қорытып,‭ ‬н‰кте қояр тұсы деп‭ “‬Әсемпаз болма әр неге‭” ‬деген өлеңін айтуға болады.‭^‬4
¤з тұсындағы өмірдің сәуле т‰сірмес көлеңкелі жақтарын көре білген ақын қай заманда да аз болмаған.‭ ‬Тек солардың т‰п-тамырына‭ ‬‰ңіліп,‭ ‬арғы себебін аша білген ақын ғана көрегендік жәрежесіне көтеріле алған.‭ ‬Ал енді сол себептерді аша отырып,‭ ‬содан арылудың амалын айтқан,‭ ‬жолын нұсқаған ақын-‭ ‬міне сол дана,‭ ‬міне сол ұлтының ұстазы,‭ ‬халқының рухани көсемі атануға лайықты тұлға.‭
Абай шығармашылығындағы реалистік тағылымды сөз қылғанда,‭ ‬сол замандағы әлеуметтік өмірдің мейлінше шыншылдықпен суреттелуін,‭ ‬әсіресе халық тұрмысының барлық егжей-тегжейлерімен ақиқат жеткізілуін,‭ ‬көңілге т‰йген қынжылысынан,‭ ‬өз халқының болашағын ойлап мазасыздануынан деп т‰сінеміз.
Абайдың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары.
Абай нағыз шыншыл ақын болғандықтан ол өзі өмір с‰рген ортасын,‭ ‬оның әлеуметтік жағдайларын жақсы,‭ ‬терең т‰сініп,‭ ‬ақиқаттықпен көрсетті.‭ ‬Оның шығармашылығы сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастың нағыз айнасы іспетті болды.‭ ‬Ал Абай өмір с‰рген кезде қазақ қоғамы әлі де феодалдық құрылыстың бұғауында еді.‭ ‬Сондықтан сол қоғамдағы әлеуметтік қатынастар қазақ өміріндегі өз ерекшеліктермен оның шығармаларында толық көрініс тауып отырды.‭ ‬Әсіресе рулық құрылыстың ыдырамауы,‭ ‬оны патшалық әкімшіліктің өздерінің отарлық саясатын ж‰ргізу мақсатына пайдаланып,‭ ‬ру басыларының тартыстарын қоздыруы әлеуметтік ахуалды шиеленістіріп,‭ ‬халықтың к‰йін нашарлатып жібергенін данышпан ақын к‰йінде жырлады.‭ ‬¤з тұсындағы қазақ қоғамындағы негізгі әлеуметтік екі тап‭ –‬байлар мен кедейлердің арасында қайшылықты Абай былай көрсетті:
Қар жауса да тоңбайды бай баласы.
‭‡‬й жылы,‭ ‬киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып ж‰ріп ойнатар көздің жасы.
Жалпы‭ ‬‰йіне жаны ашып ас бермес бай,
Артық қайыр,‭ ‬артықша қызметке орай,
Байда мейір,‭ ‬жалшыда бейіл де жоқ,‭
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай‭! –
әлеуметтік қатынаста екі таптың аңдысуымен келе жатқанын,‭ ‬ал кедей,‭ ‬жалшыда өнімді еңбек етуге пейілінің болмайтынын дәл көрсеткен.‭ ‬Мұндай қатынаста өндірістің ілгері баспайтыны,‭ ‬әлеуметтік жағдайдың жақсармайтыны заңдылық.
‭ ‬Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік к‰йі мен қатынастарын осы сияқты көркемдік суретпен басқа шығармаларында да кемеңгерлікпен жырлап,‭ ‬әрдайым кедейлер жағында,‭ ‬халықтың қалың бұқарасы жағында болды.‭ ‬Оны ұлы ақынның мына ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Абай жолы романындағы Абай бейнесі8 бет
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары7 бет
Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары10 бет
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу69 бет
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану60 бет
Бала Абай6 бет
М. әуезовтың «абай жолы» романы3 бет
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы51 бет
Ибн Рушд ілімінің батыс әлеміне әcepi7 бет
Мұсылман әлемінің философиясы7 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь