«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы



Кіріспе ... ... ... .4
І. Жеңіл атлетиканың тарихи дамуына шолу
1.1.Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы қстанда дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... .6.8

ІІ бөлім. Спорттың түрі ретінде жеңіл атлетиканың негізі
2.1. Жеңіл атлетика жаттығуларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі ... ... .8.13
2.2. Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканың орны мен мән ... ..13.14
2.3.«жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» пәнінің педагогикалық оқу орындарында дене тәрбиесі мамандарын даярлау мазмұны мен міндеттері ... ... ..14.15

ІІI бөлім. Жеңіл атлетикада жарыстардың
Ұйымдастырылуы мен өткізілу ережелері
3.1 Жеңіл атлетикағы жарыстардың түрлері мен сипаттамасы ... ... 15.20
3.2 Жеңіл атлетика жарыстарында төрешілер алқасының қызметі...20.24
3.3 Жеңіл атлетика бойынша жарыстардың жалпы және жеке ежелері ... ... ...24.43
3.4. Алаңнан тыс жүгіру бойынша жарысты ұйымдастыру ... ... ... 43.48
Қорытынды ... ... ..49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын көпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Жеңіл атлетика спортының әртүрлі түрлерімен әуесқой және кәсіби мамандар көптеп айналысады. Спорттың осы түрінің танымалдығын былай түсіндеруге болады, яғни бұл спорт түрі өзінің ұйымдастырылуы үшін аса қымбат тұратын спорттық құрал-жабдықтарды, арнайы құрылысты талап етпейді. Осы жағдайда жеңіл атлетика денсаулықты жақсарту мақсатында көп қолданылатындығы ретінде қарастырылады. Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын қалыптастырады, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді. Сонымен бірге «Жеңіл атлетика» жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің міндетті оқу бөлімі болып табылады. Ал мамандану ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар ерекше құрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртүрлі түрлерін кірістіреді.
Жеңіл атлетикада Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіретін спорттың түрлерін де қамтиды. Сонымен бірге Олимпиадалық болып табылмайтын жеңіл атлетика түрлері де бар, бірақ олар бойынша әртүрлі жарыстардың түрлері өткізіледі. Дененің қозғалыс белсенділігі аясында жаяу жүрулер және жылдамдыққа жүгірулер адамның ағзасының жалпы нығаюына және жұмыс жасау қабілеттілігінің жоғарлауын қамтамасыз ететін міндетті қозғалыс режимі талаптарының негізі болып табылады.
1.Жеңіл атлетика кітабы. Озолина Н.Г., М Ф и С, 1989
2..Жеңіл атлетика жаттықтырушыларының кітабы. Хоменкова Л.С., М.Ф. и С., 1984
3.Жеңіл атлетика кітабы. Маркова Ю.Л., М.Ф. и С, 1982
4.Жеңіл атлетикаға арналған жаттығулар және машықтану. Алабина М., М.Ф. 1986ж
5. Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.
6. Базарбегі Т. Мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
7. Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001.
8. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
9. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.
10. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
11. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.
12. Жалпы мектептерге арналған дене тәрбиесінің бағдарламасы. 2003 жыл
13. Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен тәсілі М. 1987г.
14. Төтенай Б., Басыбеков Б.Дене шынықтыру. – А.- Атамұра, 2000ж.
15. Төтенай Б., Тайжанов С. Дене тәрбиесi. – А.- Атамұра, 2001ж
16. Тайжанов С., Құлназаров А Дене тәрбиесi. – А.- Атамұра, 2002ж.
17. Тiлеуғалиев Ю., Адамбеков Қ., Қасымбекова С. Дене тәрбиесi. – А.- Атамұра, 2003ж.
18. Тұрыскелдина М.Т. Дене тәрбиесінің әдістемесі және теориясы. А.2003ж
19. Тұрыскелдина М.Т. Дене тәрбиесінің әдістемесі ( әдістемелік құрал) Атамұра 2004 жыл

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І. Жеңіл атлетиканың тарихи дамуына шолу
1.1.Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
1.2. Жеңіл атлетиканың қазақстанда дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ...6-8

ІІ бөлім. Спорттың түрі ретінде жеңіл атлетиканың негізі
2.1. Жеңіл атлетика жаттығуларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-13
2.2. Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканың орны мен мән ... ..13-14
2.3.жеңіл атлетика оқыту әдістемесі пәнінің педагогикалық оқу орындарында дене тәрбиесі мамандарын даярлау мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-15

ІІI бөлім. Жеңіл атлетикада жарыстардың
Ұйымдастырылуы мен өткізілу ережелері
3.1 Жеңіл атлетикағы жарыстардың түрлері мен сипаттамасы ... ... 15-20
3.2 Жеңіл атлетика жарыстарында төрешілер алқасының қызметі...20-24
3.3 Жеңіл атлетика бойынша жарыстардың жалпы және жеке ежелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-43
3.4. Алаңнан тыс жүгіру бойынша жарысты ұйымдастыру ... ... ... 43-48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Кіріспе

Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын көпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Жеңіл атлетика спортының әртүрлі түрлерімен әуесқой және кәсіби мамандар көптеп айналысады. Спорттың осы түрінің танымалдығын былай түсіндеруге болады, яғни бұл спорт түрі өзінің ұйымдастырылуы үшін аса қымбат тұратын спорттық құрал-жабдықтарды, арнайы құрылысты талап етпейді. Осы жағдайда жеңіл атлетика денсаулықты жақсарту мақсатында көп қолданылатындығы ретінде қарастырылады. Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын қалыптастырады, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді. Сонымен бірге Жеңіл атлетика жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің міндетті оқу бөлімі болып табылады. Ал мамандану ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар ерекше құрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртүрлі түрлерін кірістіреді.
Жеңіл атлетикада Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіретін спорттың түрлерін де қамтиды. Сонымен бірге Олимпиадалық болып табылмайтын жеңіл атлетика түрлері де бар, бірақ олар бойынша әртүрлі жарыстардың түрлері өткізіледі. Дененің қозғалыс белсенділігі аясында жаяу жүрулер және жылдамдыққа жүгірулер адамның ағзасының жалпы нығаюына және жұмыс жасау қабілеттілігінің жоғарлауын қамтамасыз ететін міндетті қозғалыс режимі талаптарының негізі болып табылады. Себебі, жаяу жүру мен жүгіру кезінде денеге түсетін күшті реттеу қиын емес, дене жаттығуының бұл түрі әртүрлі жастағы адамдарға қол жетімділігімен тиімді. Қазіргі уақытта біздің елдерде әртүрлі жас тобындағы адамдар арасында жүгіру бойынша жарыстар өткізілуде. Мұндай жарыстарға қатысушылар саны да күннен-күнге арытуда. Сирек спортшылар жасы 70 және одан асқан жасты құрайды. Жеңіл атлетика жаттығуларымен айналысу тұлғаны жан-жақты дамытып, дене шынықтыру және спортты насихаттау мен үгіттеудің бірі ретінде қызмет етеді.Бұл оқу құралында Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі курсын оқыту ерекшеліктері ашылып, спорттық жеңіл атлетиканың әртүрлі түрлерінің жіктелуі мен жалпы сипаттамасы берілген, стадиондарда және алаңдарда жеңіл атлетика түрлері бойынша спорттық жарыстарды өткізу ережелерінің ерекшеліктері қарастырылады.

І. Жеңіл атлетиканың тарихи дамуына шолу
1.1.Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы
Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың түрін табу қиын. Жүгіру, секіру және лақтыру адам баласының еңбегіне және күн көрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен бірге дүниеге келген. Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтардың бірінші ойындары, қызықты шаралары, сонан кейін жарыстарына айналды. Археологиялық қазбаларға қарағанда табылған суреттерден Азия және Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс болды деген ұғымға келуге болады. Ежелгі Египетте және Таяу Шығыс елдерінде жылдам жүгіру өнері пайда бола бастады.
Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол кездегі көп соғыстар күшті және епті адамдарды тәрбиелеуді талап етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы дамыды. Жарыстар сол елдің дәстүрі бойынша жүргізілді. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізілген. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы Олимпиада чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі.
Афинада тәрбие жүйесі ерте құрылды, дене тәрбиелеу мәдениеті мен қатар ғылым және өнер жақсы дамыды. Балалар бір уақытта грамматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге қатысты. Жалпы гимназиялық мектептерде тәрбиелеу 6 жастан басталды. Гимназияда дене жаттығуларына көп көңіл бөлінді. Сондықтан Афинада жан-жақты дененің дамуына үлкен алаң ашты. Гректер жақсы дайындалған Олимпиадалық ойындарға қалай жарысу керек екендігін білген және жақсы көрді. Гректердің спортпен айналысуы соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық және әдебиеттік ескерткіштерден көрініп тұрды. Соңғы ғасырларда біздің эраға дейін Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кәсіпқойлар қатысты.
Бірінші Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 776 жылы болған. Соның бағдарламасында бір стадионнан екінші стадионға дейін жүгіру болып (192,27 метр), бұл арақашықтықты дромас деп атады. XIV Олимпиада ойындарында екі рет жүгіру сол арақашықтықты драулос деп атады. Ал кейін ұзын арақашықтыққа жүгіру 24 стадия доликас деп аталды.
Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған.
Ал, жеңіл атлетика жарыстары алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстар жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізді.
1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым бөлігі университет ошақтары болды.
1880-1890 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті.

1.2.Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет өкіметі өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет өкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес.
Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейін жылдары басталды. Осы жылдары Динамо, Локомотив, Искра, Пищевик, Спартак және т.б. жаңадан әртүрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады.
Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды.
Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда жүгіріс жолын салып және Автомобилистте спорт зал ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды.
2009 жылы стадионға яғни Достық Спорткомбинатына жеңіл атлетика спортын дамытуға берілді.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРОның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы).
Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы. 1960 жылы ХVІІ-нші Рим Олимпиадасынан 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан күміс медалға ие болды. КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966 жылы), КСРО - АҚШ кездесуінің 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965 жылы) болды.
1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан --Қосанов Мемориалы‖ атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты.
Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4 метр, 200х4 метр эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Ә.Тұяқов Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жылы), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері болды.
1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ Құрмет белгісі орденімен марапатталды.
Солдатенко Вениамин - жеңіл атлет, спорттық жаяу жүрістен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1976 жылы). Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 50 км. қашықтыққа спорттық жаяу жүрістен жеті дүркін КСРО чемпионы (1967 жылы, 1969 - 1972 жылдары, 1975 - 1976 жылдары) және қола жүлдегері (1973 - 1974 жылдары). Еуропа чемпионы (1971 жылы, Финляндия, Хельсинки), қола (1969 жылы, Афины, Грекия), күміс (1978 жылы, Прага, Чехия) жүлдегері. Әлем чемпионы (1976 жылы, Швеция, Мальме).
ХХ-Олимпия ойындарының күміс жүлдегері (1972 жылы, Германия, Мюнхен). Сонымен қатар --Құрмет белгісі‖ орденімен және медальдармен марапатталған.
Муравьев Владимир Павлович - жеңіл атлет, техникалық ғылымдар кандидаты (1991 жылы). Спорт шебері (1977 жылы), спортқа еңбегі сіңген шебері (1980 жылы). 200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1983 жылы Мәскеу), 200 метрге және 4х100 метрлік эстафетаға жүгіруден Еуропа кубогінің иегері (1985 жылы, 1987 жылы), Дүниежүзілік чемпионаттың күміс жүлдегері (1987 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионы (1985 жылы). ХХІІ- (1980 жылы, Мәскеу) және ХХІV-Олимпия ойындарының (1988 жылы, Сеул) чемпионы. 2 рет --Құрмет белгісі‖ орденімен марапатталған.
Шишигина Ольга Васильевна - қазақстандық жеңіл атлет, кедергілі жүгіру спринтершісі, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
1994жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.
Дмитрий Карпов - қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы.
2004 жылы Афины олимпиадасының қола жүлдегері.
2003 жылы, 2007 жылы, 2008 жылы Әлем чемпионаттарының қола жүлде иегері, Азия ойындары жеңімпазы (2006 жылы Катар).
2007 жылғы Әлем рейтингісінде онсайыстан 8586 ұпаймен 4-ші орында табан тіреді.
Дмитрий Карпов - онсайыстан 8725 ұпайлық Азия рекорды иегері (Афина Олимпиадасындағы көрсеткіші).
Ольга Сергейқызы Рыпакова -- Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды.
Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен Гауһар лига деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды.
ІІ БӨЛІМ. СПОРТТЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ ЖЕҢІЛ
АТЛЕТИКАНЫҢ НЕГІЗІ
2.1.Жеңіл атлетика жаттығуларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Жеңіл атлетика спорты жаттығуларын әртүрлі параметрлері бойынша жіктеуге болады. Жеңіл атлетика жаттығулары: тобы, жыныстық және жастық белгілері бойынша ерекшеленеді. Жеңіл атлетика негізін 5 түрлі жаттығулар құрайды: спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көпсайыс. Жыныстық және жастық белгілері бойынша жіктеледі: ер адамдар мен әйел адамдар, әртүрлі жастағы ұлдар мен қыздар. Әйелдерде жеңіл атлетика бойынша алаңдарда, тас жолдар мен қиылысқан елді-мекендерде жүргізілетін спорттың 50 түрі және спорт залда жүргізілетін спорттың 14 түрі, ал ер адамдарда осыған сәйкес спорттың 56 және 15 түрі есептеледі.
Спорттың келесі түрлерінің жіктелуі жаттығулар мен жарыстарды өткізу орындары, соның ішінді стадиондарда, спорттық алаңдарда, тас жолдарда, қиылысқан елді-мекендерде, спорттық манеждер мен спорттық залдарда өткізілуі бойынша топтастырылады.
Құрылымы бойынша жеңіл атлетика жаттығулары: циклдік, ациклдік және аралас болып бөлінеді. Ал қандайда бір дене сапасы тұрғысынан жылдамдық, күштік, төзімділік, ептілік, жылдамдықкүштік, арнайы төзімділік қасиеттерін дамытады.
Сонымен қатар жеңіл атлетика жаттығулары классикалық (Олимпиадалық) және классикалық емес (қалған барлығы) болып бөлінеді. Қазіргі таңда Олимпиада ойындарының бағдарламасында жеңіл атлетика жаттығулары ер адамдар бойынша 24 түрі (100 метр, 200 метр, 400 метр, 800 метр, 1500 метр, 5000 метр, 10000 метр, 42 км. 195 метр, 110 метр кедергілерден жүгіру, 400 метр кедергілерден жүгіру, 3000 метр тосқауылдардан жүгіру, эстафеталық жүгіру 4х100 және 4х400 метр, спорттық жүріс 20 метр және 50 км, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш аттап секіру, ядроны итеру, дискі лақтыру, балға лақтыру, найза лақтыру, онсайыс ) кіреді.
Ал әйел адамдарда жеңіл атлетиканың 22 түрі (100 метр, 200 метр,
400 метр, 800 метр, 1500 метр, 5000 метр, 10000 метр, 42 км. 195 метр, 100 метр кедергілерден, 400 метр кедергілерден жүгіру, эстафеталық жүгіру 4х100 метр және 4х400 метр, 20 км. спорттық жүріс, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш аттап секіру, ядроны итеру, дискі лақтыру, балға лақтыру, найза лақтыру, жетісайыс кіреді.
Жеңіл атлетика жаттығуларының барлық түрлері өзара топтарға бөлінеді.
Спорттық жүріс - арнайы жылдамдықтың пайда болуын қажет ететін, циклдік жаттығу түрі. Жарыстар ер адамдар мен әйел адамдар арасында да өткізіледі. Әйелдер арасындағы арақашықтықтарға: спорттық алаңдарда - 3 км., 5 км., 10 км.; манеждерде - 3 км., 5 км; тас жолдарда - 10 км., 20 км. кіреді. Ер адамдар арасында өткізілетін арақашықтықтарға: спорттық алаңдарда - 3 км., 5 км., 10 км.; манеждерде - 3 км., 5 км., тас жолдарда - 35 км., 50 км. кіреді.
Классикалық (к) түрлеріне: ер адамдарда - 20 км., 30 км., ал әйел адамдарда - 20 км. жатады.
Жеңіл атлетикада жүгіру жаттығулары бірнеше категорияларға бөлінеді: арақашықтықтарға жүгіру, кедергілерден жүгіру, тосқауылдардан жүгіру, эстафеталық жүгіру, кросстық жүгіру.
Жүгіру - жылдамдықтың, жылдамдық-төзімділіктің, арнайы төзімділіктің пайда болуын қажет ететін циклдік жаттығу түрі.
Спрингтік және қысқа арақашықтыққа жүгіру спорттық алаңда немесе манежде жүргізіледі. Қысқа арақашықтықтарға кіреді: 30 метр, 60 метр, 100 метр, 200 метр. Ер адамдар мен әйел адамдар үшін де ара қашықтықтар саны бірдей. Төзімділікті талап ететін орта ара қашықтықтарға: 800 метр, 1000 метр, 1500 метр жатады. Ер адамдар мен әйел адамдар арасында осы арақашықтықтарда жарыстар жүргізіліп, спорттық алаңдарда және манеждерде өтеді. Ұзын ара қашықтықтарға кіреді: 3000 метр, 5000 метр, 10000 метр алаңда, манежде тек 3000 метрге жүгірулер өткізіледі. Жүгіру қашықтықтары ер мен әйелдер үшін бірдей өткізіледі. Спорттық алаңда сөрелік басталу сәті мен мәре сәті болуы мүмкін. Ер мен әйелдер үшін арақашықтықтар саны бірдей, әсіресе ұзын қашықтыққа тәуліктік жүгірулер тас жолдарда жүргізіледі, оған ерлер де әйелдер де қатысады.
Кедергілерден жүгіру - құрылымы бойынша жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, иілгіштікті дамытатын аралас жаттығу түрі.
Спорттық алаңда және манежде ер адамдар мен әйел адамдар арасында жарыстар жүргізіледі. Кедергілерден жүгіру арақашықтықтарына кіреді: әйел адамдарда 60 метр, 100 метр, 110 метр, 300 метр, 400 метр, ер адамдарда жарыстар жүргізіледі. Соңғы екі ара қашықтық тек қана спорттық алаңдарда жүргізіледі.
Тосқауылдардан жүгіру - құрылымы бойынша арнайы төзімділіктің, ептіліктің, иілгіштіктің пайда болуын талап ететін аралас жаттығу түрі. Әйел және ер адамдарда спорттық алаңдарда және манеждерде жарыстар өткізіледі. Әйел адамдар арасында 2000 метр, ал ерлер арасында 2000 метр, 3000 метр арақашықтықтарда өткізіледі. Жақын уақытта жүгірудің бұл түрі әйелдер арасында Олимпиадалық спорт қатарына енді.
Эстафеталық жүгіру - құрылым бойынша циклдік жаттығу түріне өте жақын аралас жаттығу түрі, жылдамдықты, төзімділікті, жылдамдық-төзімділіктің пайда болуын қажет ететін командалық жаттығу түрі.
Эстафеталық жүгірудің классикалық түрлері 4х100 метр және 4х400 метр арақашықтықтарды қамтиды, жарыстар алаңда ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Ал манежде тек 4х200 метр, 4х400 метр эстафеталық жүгірулер бойынша жарыстар өткізіледі. Сонымен бірге аралықтың әр түрлі ұзындықтарымен алаңдарда жарыстар өткізілу мүмкін: 800 метр, 1000 метр, 1500 метр эстафеталар қала көшелері бойынша ұзындығы, саны және контингенті бойынша бірдей емес аралықтармен ер адамдар мен әйел адамдар арасында да жүргізіледі.
Бұрын үлкен танымалдықта шведтік эстафеталар үлкен орын алып, ер адамдарда 800 м.+ 400 м.+200 м.+100 м. арақашықтықтарда, әйел адамдарда 400 м.+300 м.+200 м.+100 м. арақашықтықтарда өткізіледі.
Шеңберлі жүгіру - арнайы жылдамдық пен ептіліктің пайда болуын талап ететін қиылысқан елді-мекен бойынша жүгіру. Жарыстар әрдайым ормандық және саябақтық зоналарда жүргізіледі. Ер адамдар жүгіретін арақашықтықтарға: 1 км., 2 км., 3 км., 5 км., 8 км., 12 км., әйел адамдар жүгіретін арақашықтықтарға: 1 км., 2 км., 3 км., 4 км., 6 км. жатады.
Жеңіл атлетикада секірулер екі топқа бөлінеді: тіке кедергілер арқылы секіру және ұзындыққа секіру.
Бірінші топқа жатады:
1.Жүгіріп келіп биіктікке секіру;
2.Жүгіріп келіп сырықпен секіру.
Екінші топқа жатады:
1.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру;
2.Жүгіріп келіп үш аттап секіру. Жеңіл атлетика секірулердің бірінші тобы:
а) жүгіріп келіпбиіктікке секіру (к) - ациклдік жаттығу түрі, жылдамдық, күш, ептілік, серпімділік қасиеттерінің пайда болуын қажет етеді. Спорттық алаңдарда және манежде ер мен әйел адамдар арасында жүргізіледі;
б) жүгіріп келіп сырықпен секіру (к) - ациклдік түрі,
спортшылардан жылдамдық, күш, ептілік, серпімділік қасиет-терінің пайда болуын қажет ететін, жеңіл атлетиканың техникасы жағынан ең қиын жаттығуларының бірі, ер және әйел адамдар арасында алаңда да, манежде өткізіледі.
Жеңіл атлетиканың екінші тобы:
а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (к) - құрылымы бойынша аралас жаттығу түрі, спортшыларда жылдамдық, күш, ептілік дене қасиеттерін дамытады, ер және әйел адамдар арасында алаңда да, манежде өткізіледі;
б) жүгіріп келіп үш аттап секіру (к) - спортшылардан жылдамдық, күш, ептілік, серпімділік қасиеттерінің пайда болуын қажет ететін, жеңіл атлетикада техникасы жағынан ең қиын жаттығуларының бірі, ер және әйел адамдар арасында алаңда, манежде де өткізіледі.
Жеңіл атлетикада лақтырулар келесідей топтарға бөлінеді:
1. Тікелей екпінмен аэродинамикалық қасиеттерге ие және ие емес снарядтарды лақтыру;
2. Шеңбер ішінде снарядты лақтыру;
3. Шеңбер ішінде снарядты итеру.
Соның ішінде мынаған баса назар аудару қажет, яғни лақтыруда екпіннің әрбір түрін техникасы бойынша орындау рүқсат етіледі, бірақ ақырғы күш салу тек қана ереже бойынша орындалады. Мысалы, найзаны, гранатты, допты лақтыру тек қана иықтан асыра орындау қажет; дискіні мен балғаны тек қана жанынан лақтыру қажет; ядроны секіру мен айналу арқылы итеру қажет.
Найза лақтыру (к) (гранат, доп) - ациклдік жаттығу түрлеріне жатады, спортшылардан жылдамдық, күш, ептілік, серпімділік қасиеттерінің пайда болуын қажет етеді. Лақтыру тек қана алаңда ер мен әйелдер арасында жүгіріп екпін алу арқылы орындалады. Найза аэродинамикалық қасиеттерге ие.
Дискіні лақтыру (к), балға лақтыру (к) - ациклді жаттығулар түрлері, спортшылардан күш, жылдамдық-күш, ептілік дене қасиеттерді дамытуды қажет етеді.
Ядроны итеру (к) - ациклді жаттығу түрі, спортшылардан күш, жылдамдық-күш, ептілік қасиеттерін дамытуды талап етеді. Лақтыру тек алаңда немесе шектелген шеңберлі кеңістікте ер және әйел адамдар арасында өткізіледі.
Көпсайыс - жеңіл атлетика жаттығуларының классикалық түріне жатады. Ер адамдарда онсайыс, әйел адамдарда жетісайыс түрлерінен жарыстар өткізіледі.
Онсайыс құрылымына жатады:
1. 100 метрге жүгіру;
2. ұзындыққа секіру;
3. ядро итеру;
4. биіктікке секіру;
5. 400 метрге жүгіру;
6. 110 метр кедергілерден жүгіру;
7. дискі лақтыру;
8. сырықпен секіру;
9. найза лақтыру;
10. 1500 метрге жүгіру.
Әйел адамдардағы жетісайыс түрлеріне жатады:
1. 100 метрге жүгіру;
2. ядро итеру;
3. биіктікке секіру;
4. 200 метрге жүгіру;
5. ұзындыққа секіру;
6. найза лақтыру;
7. 800 метрге жүгіру.
Көпсайыстың классикалық емес түрлеріне жататындар: ер балалар үшін сегізсайыс өткізіледі (100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, 400 метрге жүгіру, 110 метрге кедергілерден жүгіру, сырықпен секіру, дискі лақтыру, 1500 метрге жүгіру); ал қыз балалар үшін бессайыс өткізіледі (100 метрге кедергілерден жүгіру, ядро итеру, биіктікке секіру, ұзындыққ секіру, 800 метрге жүгіру).
Спорттық жіктелімде анықталған: әйел адамдарда - бессайыс, төртсайыс, үшсайыс; ал ер адамдарда - төғызсайыс, жетісайыс, алтысайыс, бессайыс, төртсайыс, үшсайыс. Төртсайыс бұрын пионерлік деп аталған түрі, 10-13 жастағы оқушылар үшін жүргізіледі. Көпсайыс құрамына кіретін жаттығу түрлері спорттық жіктеліммен анықталғандықтан, жаттығу түрлерін ауыстыру рұқсат етілмейді.

2.2.Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканың орны мен мәні
Көптеген адамдар әлемнің түкпір-түкпірінде жеңіл атлетикамен айналысып, спорттың ең танымал көпшілік сипатына ие болды. Спорттың барлық түрлерінде спортшыларды дайындау үшін жеңіл атлетика жаттығуларын қолданады. Спорттық жаттығу мен жарыстар кезінде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіліп, физиология, биомеханика, спорттық медицина, дене шынықтыру және спорт негіздері және басқа да ғылымдармен тығыз байланысып, осы бағыттағы ғылымдардың дамуына жағдай жасайды.
Ерте жастан бастап жеңіл атлетика жаттығулары мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, орта және жоғарға оқу орындарында қолданылады. Жеңіл атлетика жаттығулары ағзаның барлық жүйелерінің қызметін жақсартып, әртүрлі аурулардын алдын-алудың басты факторларының бірі болып табылады.
Жеңіл мөлшерленген жаттығулар жоғары топтағы спортшылардың дене қасиеттерін дамыту үшін, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дене дамуы мен қарапайым адамдардың ағзасының қалыпты жұмыс қабілетін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Жеңіл атлетика әскериалды дайындығында және әскери дене дайындығында орасан зор рөль атқарады.
Жаттығулардың қарапайымдылы, қол жетімділігі мен материалдық- техниканың аз шығынына байланысты жеңіл атлетика жаттығуларының әртүрлі түрлерімен кез-келген ауылдық елді-мекендерде, қалалық жерлерде айналысуға болатындығымен тиімді.
Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстық әрекеттер спортшылардың өздерінің потенциалдық қабілеттерін жүзеге асыруға, тұлға ретінде өзін көрсетуге, психологиялық дайындығы мен мінезін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады:
oo спорттың түрі, осы тұрғыда спортшылар адам мүмкіндігі шегінде белгілі бір нәтижелерді көрсетеді;
oo ағзаны қалпына келтіру және сауықтыру құралы;
oo өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу және жан-жақты дамыту құралы;
oo оқу пәні ретінде, дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды даярлауда оқу үрдісінде кең көлемде жүргізіледі.
Жеңіл атлетика халықтың дене тәрбиесі жүйесінің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальді негізі болып табылады, ал лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функционалдық дайындықтарын дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады.
Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану адамның дене қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады.

2.3.Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі пәнінің педагогикалық оқу орындарында дене тәрбиесі мамандарын даярлау мазмұны мен міндеттері
Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау үрдісінде жетекші орындардың бірін алады. Сонымен қатар жеңіл атлетика жаттығуларымен айналысу спорттық емес факультеттерде студенттердің дене дайындығы деңгейін жоғарлатып, қозғалыс шеберлігі мен дағдыларын қалыптастырады, қозғалысты оқыту белсенділігінің енжарлығын төмендетіп, дене тәрбиесі пәні жүйесінде ерекше рөль атқарады.
Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі оқу пәнінің негізгі міндеттері болып табылады:
oo Дене шынықтыру және спорт мамандықтарының студенттеріне теориялық білімді меңгерту;
oo жеңіл атлетика түрлерінің техникасын орындау үрдісінде қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру;
oo жеңіл атлетика жаттығуларын орындауда жеткіліксіз техникалық элементтер мен қателерді түзету және талдай білу қабілеттілігін қалыптастыру;
oo қандай жағдай болмасын оқыту үрдісін дұрыс ұйымдастыру мен оқыту қабілеттілігін қалыптастыру;
oo жеңіл атлетика жаттығуларымен айналысу қозғалыс техникасын тиімді оқытады және қажетті дене қасиеттерін дамытады;
oo жеңіл атлетиканың әртүрлі жаттығулары жаттықтырушылық қызметтің шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады;
oo ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қозғалыс қабілеттілігін анықтау мен дамыту жолдарын ашу және алынған материалды тәжірибиелік жұмыста пайдалану.
Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі оқу пәнінің мазмұнына дене қасиеттерін оқыту мен дамыту үшін өткізілетін жеңіл атлетика түрлері мен арнайы жаттығуларының техникасы жатады. Дәлірек айтсақ, жан-жақты жеңіл атлетика жаттығуларының техникасын оқыту әдістемесі қарастырылады. Әртүрлі сатыдағы спортшылар мен спорттық жаттықтыру саласындағы балалардың теориялық және тәжірибиелік дайындықтарын оқытады. Сонымен қатар жеңіл атлетика жаттығулары түрлерінің даму тарихы мен техникасының қалыптасуының өзі орасан зор маңызға ие. Жеңіл атлетикада денені жан-жақты дамытуға, дене дайындығы, дене қасиеттерінің көрсеткіштерін, оқыту мен жаттығуда әртүрлі әдістемелердің тиімділігін бағалауда әртүрлі тәжірибиелер мен тестілеулер қолданылады. Осы салада жүргізілетін ғылыми-зерттеу бағыттары жоғары спорт мектебі мамандарын даярлау алғышарттарын қалыптастырады. Жеңіл атлетика спорты жаттығуларымен айналысатындарды жан-жақты гармониялық дамытып қана қоймай, оның әртүрлі жаттығулары басқаларды сауықтыруды үйретуде және адамзат қоғамының спортқа назарын аударту бағытында үлкен педагогикалық сипатқа ие.

ІIІ БӨЛІМ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДА ЖАРЫСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ӨТКІЗІЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

3.1.Жеңіл атлетикағы жарыстардың түрлері мен сипаттамасы
Жеңіл атлетикада жарыстар ашық ауа аясында (алаңдар, тас жолдар, орман жолдары) және жабық аудандарда (спорт залдар мен спорттық манеждерде) жүргізіледі. Стадиондардағы жарыстың бағдарламасына жеңіл атлетика жаттығуларының барлық түрлері жатады. Тас жолдарда әдетте ұзын арақашықтықтар, аса ұзын арақашықтықтардың жарыстары жүргізіледі. Оларға 10 км-ден бастап және одан жоғары спорттық жүрістер жатады. Кросстық жүгірулер орман жолдары мен қиылысқан елді-мекендер арасы-мен жүгірулер жүргізіледі.
Жарыстар сипаты бойынша: жеке, командалықжәнежекекомандалық болып бөлінеді.
Жеке жарыстар - бұл жеке жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын, ал сонымен қатар басқа да қалған жеке қатысушылар орын алатын жарыстар.
Командалық жарыстар - жеке қатысушылар болмай, команданың атынан шығады, жеңімпаздарды тек қана командалық есепте шешіп, басқа орын алған командаларды да анықтайтын жарыстар.
Жеке-командалық жарыстар - алдыңғы екі түрін жеке және командалық жеңімпаздарды анықтап байланыстырады.
Мағынасына қарай жарыстар кубоктік, біріншілік, чемпионаттар болуы мүмкін.
Кубоктік жарыстарда жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен марапаттайды, жарыстар жыл сайын немесе бір жылдан кейін өткізіліп тұрады.
Біріншілік жарыстар бірінші және одан кейінгі командаларды немесе жеңімпаздарды анықтау үшін жыл сайын өткізіліп тұрады.
Чемпионаттық жарыстар жыл сайын немесе жылына бір рет өткізіліп, тек қана жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, сонымен бірге чемпион атағын береді. Қандай да бір спорттың түрінде чемпион атағы тек қана чемпионаттыққа сәйкес өткізілген жарыстар да болуы мүмкін.
Жарыстар рангісіне тоқтала келе, жарыстардың төрт деңгейін бөліп қарастыруға болады: жоғары, бірінші, екіншіжәнеүшінші.
Жарыстың жоғары деңгейі - әлемдік және континенттік масштабта өткізілетін жарыстар:
Олимпиадалық ойындар, әлемдік және континенттік чемпионаттар мен Кубоктік жарыстар, континенттік біріншіліктер.
Бірінші деңгейдегі жарыстар - бұл мемлекеттік масштабтағы жарыстар: елдің жеңіл атлетика Федерациясы өткізетін жарыстар, ҚР қалаларында өткізілетін финалдық және Кубоктік чемпионаттар, республикалық масштабта бекітілген халықаралық жолдастық кездесулер.
Екінші деңгейдегі жарыстар - Федерация құрамына кіретін республика федерациясымен, облыстармен, олардың орталықтарымен өзара келісіліп, бекітіліп жүргізілетін жарыстар.
Үшінші деңгейдегі жарыстар - қалалар, облыстар мен аудандарда спорт басқармасының және дене тәрбиесі ұжымдарының келісімімен жүргізілетін жарыстар.
oo Жарыстардың келесідей түрлері болады:
oo негізгі жарыстарда жеңіл атлетика түрлері бойынша жарыстар, онда жеңімпаздарды анықтау бағытында өткізіледі;
oo квалификациялық жарыстар жеңіл атлетика жаттығуларының түрлері бойынша іріктеу мақсатында өткізіледі;
oo классификациялық жарыстар спортшылардың спорттық дайындық деңгейін анықтау мақсатында, маусым аяғында өткізіледі;
oo разрядтық жарыстар спортшыларға разрядтар беру үшін өткізіледі, бұл жарыстарға тек төменгі разрядтағы спортшылар ғана қатыса алады, ал жоғарғы разрядтары бар спортшылар қатыспайды;
oo теңестіру жарыстарының негізгі мақсаты әлсіз спортшылар мен командаларға демеу беріп, күштерін теңестіру, әдетте бұл жарыстар көп жағдайда мектеп оқушылары арасында спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізіледі;
oo іріктеу жарыстары құрама командағы спортшыларды жасақтау және дене дайындықтарын бақылауға алу мақсатында өткізіледі;
oo сырттай жарыстар - әртүрлі қалаларда бір уақытта жүргізіліп, жинақталған ұпайлар саны бойынша орындар тағайындалады;
oo ашық жарыстар - барлық қалаушылар үшін өткізілетін жарыс, тек дәрігердің рұқсат қағазы болуы тиіс;
oo бөлек және түрлі жарыстар - жеңіл атлетика жаттығуларының бір түрінен немесе бір түрінен командалық есепте өткізілетін жарыстар, мысалы, Жүгірушілер күні, Секірушілер күні,
Марафон күні және т.б.
Жолдастық кездесу жарыстары - командалық есепте үздік командаларды анықтау үшін жүргізіледі.
Сипаты мен түріне қарамастан жарыстардың барлығы жарыстар күнтізбесіне кірістірілуі қажет. Ұйымның жарыстар күнтізбесіне кірістірілмеген жарыстар жүргізілмейді және қаржыланбайды. Жарыстар күнтізбесін құрастыру қағидасында жоғарыдан төмен, яғни субординация сақталу қажет, алдымен жоғарыдан қарайтын ұйым өзінің күнтізбесін, одан кейін төмен тұратын және осылай ең төменгі ұжымға дейін қарастыру қажет. Төмен тұратын ұйымдардың жарыстарды өткізу уақыты жоғарыдан қарайтын ұйымдардың жарыстарымен сәйкес келмеуі қажет. Жоғарыдан қарайтын ұйымдардың жарыстарына құрама команда жасақтау мақсатымен бұрын өткізілуі қажет (мысалы Қазақстан біріншілігіне аймақтық жарыстарға өз кезегінде облыс біріншілігі, әрі қарай қала, ұжымдық жарыстар бұрын өткізілуі тиіс).
Жарыстарды дайындау мен өткізу. Жарыстарды ұйымдастыруда және өткізуде қатысушыларға жақсы нәтижелер көрсетуге мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар жасау керек. Көрермендер мен қатысушылар үшін жарыс тәрбиелік және насихаттау сипатындағы жарқын, әсерлі спорттық мереке болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар, көрермендер, жаттықтырушылар үшін жарыстың барысы туралы мәлімет толық, уақытында және дәл болуы керек. Спорттық шараларға қатысушылардың барлығының қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Бұл мақсатта келесі мәселелерді шешу қажет:
+ өтетін жарыс туралы Ережені жасақтау, оны қатысатын ұйымдарға тарату;
+ спорттық базаны анықтау және жалға алу;
+ жарысқа қатысушылардың (шетелдік спортшылар қатысқан жағдайда) тұру, тамақтану және транспорттық қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау;
+ төрешілер ұжымының құрамын жасақтау және олардың жұмыс жасауына жағдай жасау;
+ қажетті құжаттарды дайындау (бағдарламаларды, хаттама-
+ ларды, күн тәртібін);
+ өткізілетін жарыстарды жарнамалау;
+ жарыстардың ашылу және жабылу сценарийлерін құрастыру;
+ марапаттау құжаттарын дайындау (мақтау қағаздары, дипломдар, медальдар, сыйлықтар және т.б.);
+ спортшыларды жарысқа жіберу, өтініштерді қабылдау бойынша комиссия жұмысы;
+ команда өкілдерімен жиналыс;
+ төрешілер құрамын ұйымдастыру және нұсқаулық кеңесі;
+ жарыстың салтанатты ашылуы;
+ жарысқа қатысушылардың дайындығы;
+ бекітілген талаптар мен ережелерге сәйкес жарысты өткізу;
+ жеке жарыстардың қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау;
+ командалық жарыстардың қорытындысын шығару;
+ жарысты сәтті өткізуге себепші болған адамдарды, төрешілерді, спорт сарайларының қызметкерлерін, командалық жеңімпаздарды марапаттау және жарыстың жабылуы;
+ қорытынды құжаттарды дайындау және оны командаларға беру.
Жарысқа қатысушылар. Жасөспірімдік тобы: 11-13 жас.Кіші жасөспірімдер тобы: 14-15 жас, қыздар мен ұлдар.Үлкен жасөспірімдер тобы: 16-17 жас, қыздар мен жігіттер.
Ересектер тобы: 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер. Бұл топтан жастар тобы бөлініп шығады.
Жарысқа қатысушыларға рұқсат беру. Жарысқа арнайы дайындықтан өткен және дәрігердің рұқсаты бар адамдар ғана жіберіледі. Дәрігердің рұқсат берген құжаты болып сынақ кітапшасы, дәрігердің визасы бар және әр фамилия тұсында дәрігердің мөрі қойылған атаулы өтініші немесе бекітілген үлгідегі жеке анықтамасы болып табылады.
Спортшылардың қатысу кезегі. Жарыстың түрі мен ауқымына қарамастан секіру мен лақтыру жарыстарына қатысу кезегі жеребемен анықталады. Жүгіру (жүріс) жарысында жолдарды немесе орындарды бөлу әр айналымда жеребемен анықталады. Көпсайыс жарысында да әртүрі үшін жеребе жүргізіледі.
Командалық жарыстарда қатысушылардың өнер көрсету кезегі, сонымен қатар жүгіру жолдарын бөлу жеребесі бүкіл жарыс үшін бір өткізіледі (бұл үшін түрлерді кезектеу кестесі дайындалады).
Спортшылардың құқықтары мен міндеттері. Спортшылар жарыстың өткізілу тәртібі мен ережесін білуі қажет. Тәртіп бұзғаны үшін және сырттан көмек үшін ескерту жасалады (сары карточка), қайталап тәртіп бұзған жағдайда қатысушы жарыстан шығарылады (қызыл карточка), оған дейінгі нәтижелер саналады. Айқын техникалық дайындықсыз қатысушы жарысқа қатысуға жіберілмейді.
Тіркелуге жиналу орнына келу: жүгірушілер, лақтырушылар, ұзындыққа секірушілер үшін - 20 минут бұрын, биіктікке секірушілер үшін - 25-30 минут, сырықпен секірушілер үшін - 40-50 минут бұрын жүргізіледі. Тіркелуге кешіккен спортшылар жарысқа жіберілмейді. Лақтыру мен секіру мүмкіндіктерін орындауға 1 минут (сырықпен секіруде - 1,5 минут) беріледі.
Бір уақытта өткізіліп жатырған әртүрлі жарыста (мысалы, жүгіруде және секіруде) қатысушы алдымен жүгіруге, тек содан кейін секіру мен лақтыруға қатысуы керек. Бұл жағдайда ол жарысты сол биіктіктен немесе сол мүмкіндігінен бастайды. Егер қатысушы бірнеше жарыс түрінен жазылса, оларға қатысуға міндетті.
Барлық жарыстар ұйымдастырушы ұйыммен қарастырылған және бекітілген ережеге сай жүргізіледі. Ереже жарыстардың негізгі құжаты болып табылады, ережені басшылыққа ала отырып, төрешілер алқасы жарысты жүргізеді. Ережеге толықтырулар мен өзгерістер еңгізуді тек қана жарысты өткізіп жатқан ұйымдар өкілдерінің көмегімен және команда өкілдерімен бірге бас төрешілер алқасы жүзеге асыруы мүмкін.
Жеңіл атлетика бойынша жарыстарды өткізетін ұйымдар жарыс мерзімінен бұрын командаларға (мекемелерге, оқу орындарына және т.б.) жарыс ережесін жіберу қажет. Ереже келесідей бөлімдерден тұрады:
oo жарыстың мақсаты мен міндеттері;
oo жарысты өткізу орыны мен уақыты;
oo жарысты ұйымдастыру басшылығы;
oo қатысатын ұйымдар мен командалар;
oo жарыстың бағдарламасы (күндері мен сағаттары болуы тиіс);
oo команда құрамы мен бір қатысушы үшін жарыстық әрекет саны;
oo жеке және командалық жеңімпаздарды анықтау тәртібі мен шарттары (есептеу жүйесі мен бағалау);
oo марапаттау рәсімі;
oo ұйымдар мен қатысушыларды қабылдау шарттары;
oo тапсырыстарды ұсыну мерзімі мен шарттары;
oo ереже жарыстардың сәйкесті шартына қарама-қайшы болмауы тиіс.
oo Күні мен сағаттары бойынша жарыстардың бағдарламасын тарату кезінде мыналарды ескеру қажет:
oo осы жарыстарды жүргізуде жарыстардың түрлері;
oo жарыстарға бөлінген сағат санын, тәулік санын;
oo жабық жерде өткізілсе жарықтың болуын;
oo бағдарламалық жарыс түрлері бойынша қатысушылардың болжамдылығы;
oo бір уақытта секіру мен лақтыру үшін секторлар санын;
oo жарысқа қатысушылардың біртекті жаттығуларды реттеу мүмкіндігі (мысалы 100 метрге жүгіру, 200 метрге жүгіру, 400 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру т.б. );
oo бірнеше айналым арақашықтықтарын жасау (жүгірулер айналымы, ширек финалдар, жартылай финалдар, финал);
Күндер бойынша бағдарламаны жоспарлаудың қарапайым тәсілі, мысалы, өсуі бойынша жүгіру түрлерін қарастырған жөн: тақ түрлері - бірінші күні, жұп түрлері - екінші күні, егер жарыстар үш күн жүргізілетін болса, онда: I түрі - бірінші күні, II түрі - екінші күні, III түрі - үшінші күні, IV түрі - төртінші күні және т.б.
Разрядтар бойынша жарыстардың ережелерінде жүгірулер айналымын, секірулерді, лақтыруларды өткізу үшін белгілі-бір уақыт беріледі. Өзіндік саралау үшін бір жүгіріс айналымы мен төрешілер алқасының жұмысы уақытын есепке алу қажет.
Ережеде командалық біріншілікті анықтау үшін есептеу жүйесін яғни, өткізілетін жаттығу түрлерінің санын, бір түрдегі қатысушылар санын, орнынемесеұпай саны бойынша нәтижелерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Ядроны итермелеу техникасын жетілдіру
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Жеңіл атлетиканың түрлері
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері
Жеңіл атлетика тарихы
Жеңіл атлетика мамандануы
Жеңіл атлеттердің оқу-жаттығу үрдісін құру
Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Пәндер