Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Ⅱ. Негізгі бөлім
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің іріктелуін құрау. Іріктеу жиынтығы ... ... ... ..5
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері ... .6
Сандық және сапалық әдістер:
бәсекелестік пен әріптестік ... ... ... ... ... ... .6
Формализмге негізделген сұрау ... ... ..9
Формализмге негізделмеген сұхбат ... ... ...12
Ⅲ. Қорытынды
Фокус.топ ... ... ... ... ... 13
Бақылау ... ... ... ... ... ... ... 14
Зерттеу нәтижелерін ұсыну ... ... ... ...15
Қолданылған әдебиеттер
Объективті және субъективті логиканың көрініс беруінің нақтылы нысаны арасындағы көрсетілген айырмашылыққа байланысты бізге нақтылы эмпирикалық әлеуметтану зерттеулерінің жүзеге асырылу қисынының ерекшеліктерін арнайы қарастыру қажет. Бұл логика әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің, сондай-ақ осы зерттеуді өткізудің негізіне алынған тұжырымдық және теориялық ережелердің қайсы бір нақтылы әдістерінің жүзеге асырылу қажеттілігімен айқындалады. Мұнда тарихи қалыптасу барысында құрылған қазіргі әлеуметтанудың әдіснамасы мен рәсімі маңызды рөл атқарады. Олар шамалы айырмашылықпен қазіргі барлық әлеуметтану жөніндегі оқулықтарда баяндалған.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің әдіснамасы мен қисыны бойынша екі басты және бастапқы принциптік талапты тұжырымдайық:
1. Әрбір әлеуметтанушы әлеуметтану классиктерінің еңбектерінде көрініс тапқан және қазіргі әлеуметтану жөніндегі оқулықтарда біршама жүйелі түрде баяндалған әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің тарихи қалыптасқан теориясын, әдіснамасын, қисынын, әдістері мен рәсімін терең және толық меңгеруі тиіс.
2. Әрбір әлеуметтану тұрғысынан зерттеу, бір жағынан, зерттелетін әлеуметтік проблеманың мәнін көрсететін әлеуметтану теориялары, ұғымдары негізінде құрылуы тиіс, екінші жағынан, ол проблемалық жағдайда тұрған адамдардың әлеуметтік болмысының орындылығы мен әлеуметтанушының тәжірибесіне бағытталады.
1. Волков Г.Н. Социология: Изд. центр Академия, 1999.
2. Әбілова З.Ә. Әлеуметтану. Қаз. әлем тілдер Унив-і, - Алматы, 1997.
3.Кожахметова К.Ж. Казахская социология: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998.
4.Қалиев С.Қ. Қазақ социологиясының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.
5.Антипина Г.С. Теоретико- методологические проблемы исследования малых социальных групп. – М., 1982
Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

№3 Семестрлік жұмыс
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері
Пәні: Қоғамның саяси құқықтық және әлеуметтік рухани негіздері
Мамандығы: 5В071700 - Жылуэнергетикасы
Орындаған: Тоқтасынов Елнар Тобы: ТЭк 17-2
Қабылдаған: доцент Әбдіқалық А.Ә.

______ __________ ________________2017ж. (бағасы) (қолы) (күні)

Алматы 2017
Жоспар
Ⅰ. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Ⅱ. Негізгі бөлім
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің іріктелуін құрау.
Іріктеу жиынтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Сандық және сапалық әдістер:
бәсекелестік пен әріптестік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Формализмге негізделген сұрау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Формализмге негізделмеген сұхбат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Ⅲ. Қорытынды
Фокус-топ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Зерттеу нәтижелерін ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе

Объективті және субъективті логиканың көрініс беруінің нақтылы нысаны арасындағы көрсетілген айырмашылыққа байланысты бізге нақтылы эмпирикалық әлеуметтану зерттеулерінің жүзеге асырылу қисынының ерекшеліктерін арнайы қарастыру қажет. Бұл логика әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің, сондай-ақ осы зерттеуді өткізудің негізіне алынған тұжырымдық және теориялық ережелердің қайсы бір нақтылы әдістерінің жүзеге асырылу қажеттілігімен айқындалады. Мұнда тарихи қалыптасу барысында құрылған қазіргі әлеуметтанудың әдіснамасы мен рәсімі маңызды рөл атқарады. Олар шамалы айырмашылықпен қазіргі барлық әлеуметтану жөніндегі оқулықтарда баяндалған.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің әдіснамасы мен қисыны бойынша екі басты және бастапқы принциптік талапты тұжырымдайық:
1. Әрбір әлеуметтанушы әлеуметтану классиктерінің еңбектерінде көрініс тапқан және қазіргі әлеуметтану жөніндегі оқулықтарда біршама жүйелі түрде баяндалған әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің тарихи қалыптасқан теориясын, әдіснамасын, қисынын, әдістері мен рәсімін терең және толық меңгеруі тиіс.
2. Әрбір әлеуметтану тұрғысынан зерттеу, бір жағынан, зерттелетін әлеуметтік проблеманың мәнін көрсететін әлеуметтану теориялары, ұғымдары негізінде құрылуы тиіс, екінші жағынан, ол проблемалық жағдайда тұрған адамдардың әлеуметтік болмысының орындылығы мен әлеуметтанушының тәжірибесіне бағытталады.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің кезеңдері
Жалпы, әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің қисыны оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:

1-кезең. Әлеуметтану сұрауына дайындалу:
-бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдар операциясы, репрезентативтілікті есептеу);
-эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.

2-кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
-сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);
-сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).

3
3-кезең. Әлеуметтану мәліметтерін өңдеу және түсініктеме беру:
-алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);
-сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

4-кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
-алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);
- мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
-зерттеудің соңғы есебін дайындау;
-талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;

Әлеуметтанудың әдісі. Әр ғылым ерекше таным саласында өзіне лайықты өзгеше зерттеу әдісін әзірлейді. Оның негізінде жалпы ғылыми тәсілдің қағидалары жатады. Егер де әлеуметтанудың пәні бұл ғылым немен шүғылданатынын керсетсе, онда оның тәсілі қоғамды, әлеуметтік құбылыстарды қалай зерттейтіні туралы түсінік береді. 'Метод" деген ұғым грек тілінде "бірдеңеге апаратын, жеткізетін жол" магынасын білдіреді. Сонда"әдіс", "тәсіл" социологиялық білімді жасау мен негіздеудің амалдары мен әрекеттсрінің жиынтығын көрсетеді.
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері. Әлеуметтану зерттеулерінде миллиондаған адамдардан жүздеіен адамдар объект ретінде алынады. Адамдар саны көбейген сайын барлығына жаппай сұрау өткізу мүмкін болмай қалады. Сұрау жүргізетін адамдардың саны шектеулі болады, ал олардың тиімді, сапалы жүмыс өткізуі үшін 5­6 адамды сұраумен шектелу қажет. Ал негізгісі қаржы мен уақыттың көп кететіндігіне байланысты зерттелетін жиынтықты ішінара тексеру мүмкін болады. Зерттелетін жиынтықтың арнайы іріктеп алынатын бөлігін ғана толық зерттеу қажет, өйткені оған ұқсас болатын азғана бөлігін іріктеу тәсілін қолданып алғанымыз жеткілікті. Ішінара тексеру барлық жағынан ұтымды әдіс.Іріктеудің екі үлгісі кең қолданылады: ықтималдықты жэне мақсапылықты. Олардың әрқайсысының бірнеше түрлері бар.Іріктеудің ықтималдықты үлгісі ықтимал деген түсінікпен байланысты. Әр нәрсенің өмірде болуы ықтимал. Әр оқиға қайталануы мүмкін. Неғұрлым көп санды заттар, адамдар, түрлі құбылыстарға талдау жасалынса, оның ұқсас жақтары, қасиеттері соғұрлым көбірек қайталана береді.

4
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің іріктелуін құрау.
Іріктеу жиынтығы

Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратты анықтап алу қажет.
Жиынтық - соларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы (7).
Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген кіші тобы.
Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.
Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.
Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады .
Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.
Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты.
Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды әлеуметтану тұрғысынан зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде зерттелетін объект айтарлықтай әр текті болады сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол "қайталанған" респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.
Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.
Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.
5
Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсыбір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.
Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Кездейсоқ іріктеу әдісі - зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерінің зерттеуге түсуінің тең ықтималдылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Кездейсоқ іріктеу әдісі көп еңбекті қажет етпейді, көбінесе экспресс-сұраулармен және телефондық сұхбат жүргізу кезінде қолданылады.

Сандық және сапалық әдістер:
бәсекелестік пен әріптестік

Қолданбалы зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің үлкен тәжірибесі жағдайында теориялық бағдарланған әлеуметтанушылар арасында "сандық" және "сапалық" әдістерді жақтаушылардың ұзақ жылдарға созылған пікір-таластары өрбіді.
Осы қағысу теориялық және қолданбалы әлеуметтанудың тарихи дамуының барысын белгілі бір дәрежеде ашып көрсетті.
Әлеуметтанудың атасы Огюст Конт өзінің көптеген замандастары сияқты әлеуметтік процестерді табиғаттағы процестер секілді математикалық дәлдікпен есептеуге, модельдеуге және болжамдауға болады деп армандаған. 19 ғасырда әлеуметтануды көбіне "әлеуметтік физика" деп атады. Әлеуметтану ойының классиктері, Конттан бастап Дюркгеймге дейін, әлеуметтанудың ұғымдық аппаратына математика, физика, биология, басқа да жаратылыстану ғылымдарының терминдерін енгізуге барынша тырысты.
Алайда, Веберден бастап, қоғамтануда "қоғам - математикалық аппараттың көмегімен талдау үшін тым күрделі шындық" деген өзге түсінік қалыптаса бастады. Бүгінде қоғамдық ғылымдарға өзінің атомдары мен гендерін ашуға тура келетінін айқын байқап отырмыз. Қазіргі статистикалық қорытындылау мен математикалық есептеулер эйфориясы әзірше әлеуметтік қатынастар механизмінің күрделілігін және көбінесе шешілмегендігін ескеретін танымның өзге құралдарын іздеумен алмастырылды.
Осы ізденістің негізгі кезеңі әлеуметтану тұрғысынан зерттеулер стратегиясын таңдауда сандық және сапалық әдістер арасындағы біршама тең құқылықты бекіту болды.
6
Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолданыла бастады. 19-20 ғасырдың басында зерттеушілер халық санағы, арнайы статистикалық зерттеулер мәліметтерін белсенді пайдаланды. К.Маркстің "Капиталы", Ф.Энгельстің "Англиядағы жұмысшы табының жағдайы", Э.Дюркгеймнің "Өзін-өзі өлтіру" сияқты өткінші емес, даңққа ие болған еңбектері статистикалық ақпаратты ғылыми әлеуметтану тұрғысынан талдаудың тамаша үлгілеріне айналды.
Қоғамдық пікірді зерттеудің институттануының алғашқы әрекеті статистика шеңберінде "пікірлер статистикасы" деп аталатын біршама дербес бағыттың құрылуы болғаны атап кетерлік жәйт. Қазіргі эмпирикалық әлеуметтануда қолданылатын ақпарат жинаудың аса маңызды әдістері - сауалнама, сұхбат, пошта және баспасөз сұраулары да статистика аясынан шықты.
Осы тұрғыда сапалық әдістер біршама жасқанып көрінді. Көбіне сапалық ақпарат негізінде жасалынған және қалың бұқараның көңілін аударған ең ірі әлеуметтану зерттеуі У.Томас пен Ф.Знанецкийдің "Еуропа және Америкадағы поляк шаруасы" атты еңбегі болды.
Кезінде АҚШ-қа қоныс тепкен эмигранттардың көп бөлігін Польша келімсектері құраған. Олар қалыптасқан сұрау әдісімен зерттеу үшін жақсы сандық базаны құрады. Мұндай сұрау көшіп келушілердің кету себептері, жаңа әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаға қосылу деңгейі мен нысаны, олардың материалдық жағдайы, жергілікті халықтың оларға деген қатынасы және т.б. туралы бай ақпарат берер еді.
Алайда, Томас пен Знанецкий процестің субъективтік жағына көңіл бөлуді ұйғарды. Олар респонденттерді зерттеуші қойған сұраққа ғана жауап беруге көндіруге тырысқан жоқ, респонденттерге не болып жатқанын өзіндік сезінуі, алуан түрлі сезімдері арқылы ақпарат жеткізуге мүмкіндік берілді.
У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке құжаттарды талдау және терең сұхбат әдістерін қолданды. Олар поляк көшіп кетушілерінің өз туысқандарына жіберген 764 хатын зерттеп, АҚШ-та орналасқан поляктармен терең сұхбат жүргізді.
Осы сұхбаттың кейбір жазбалары баспа мәтінінің 300 бетіне дейін жетті және зерттеушілер техникалық құралдарды іс жүзінде қолданбады.
Жұмыстың нәтижелері ақпараттың алуан түрлілігімен ғана емес, сондай-ақ қорытындылардың ғылыми маңыздылығы бойынша әсерлі болды. Зерттеудің барынша жеке-дараланған әдістемесі кең қорытындылауларға, көшіп келушілердің әлеуметтік бейімделуінің маңызды заңдылықтарының ашылуына әкелді.
Алайда, Томас пен Знанецкийдің ғылыми әдіснамасының көп еңбекті керек ететіні сол уақыттың әлеуметтанушыларын біршама қорқытқан секілді. Сапалық зерттеулер колданбалы әлеуметтануда да, қоғамдық пікірді зерделеуде де, нарықты зерттеуде де кең таралған жоқ.

7
Сонымен бірге, 20-ғасырдың 30-жылдарының басында американдық зерттеуші Джордж Гэллап құрған ұйым президент сайлауы нәтижелерін болжаудан тауарлардың әлеуетті сұранысын есептеуге дейін болжамның тиімді құралы болған жаппай формализмге негізделген сұраулардың алғашқы үлгілерін берді.
Сол уақыттан бастап эмпирикалық әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеулер дербес ғылыми-қолданбалы салаға ғана емес, сондай-ақ ерекше индустрия мен бизнес саласына айнала бастады. Осы өзгерудің екі негізгі факторы - іс-әрекет қарқыны мен ұйымдастырудың сипаты аса маңызды белгілерге айналды.
Бүгінде қолданбалы әлеуметтік зерттеулерге, қоғамдық пікірді, маркетингтік және жарнамалық медиа-зерттеулерді зерделеуге маманданған компаниялардың тек халықаралық кәсіби ұйымдармен ескерілген айналымы 20 миллиард доллардан асып тұсті. Қолданбалы әлеуметтану мен нарықты зерттеу саласында 30-ға жуық трансұлттық компаниялар қызмет жасайды. Зерттеу компаниялары индустрия мен бизнестің барлық ережелеріне сәйкес ұйымдастырылған. Олар өнімді өндіріп, таратады, клиенттермен жұмыс жасайды, нарықта бәсеке-лестік жасайды, тұтынушы үшін күреседі. Бұларда менеджменттің ерекше түрі қалыптасқан. Олар өздерінің жаңа атағы туралы ойлайды, жарнамалық пиар-стратегияны жүзеге асырады.
20 ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейін әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеулердің әлемдік индустриясында сандық әдістер басым болды. Бірақ, Батыс елдерінде жаппай тұтыну қоғамының дамуы, АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдерінде халықтың басым көпшілігін құраған орта таптың өсуі экономикалық, саяси және идеологиялық қызметті қиындата түсті. Бұл әлеуметтік зерттеулердің сапалық әдістеріне жаңа көзқарасты тудырды.
"Сандық" және "сапалық" әдістердің жақтаушылары арасындағы соңғы ірі қақтығыс 90-шы жылдардың бірінші жартысында ТМД мемлекеттері сахнасында орын алды. Қолданбалы әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің кеңестік мектебінде сапалық көзқарастың нақтылы дәстүрлері болмады. Сондықтан ТМД елдерінің көптеген жетекші қолданбалы әлеуметтанушылары "сапалы әлеуметтануға" бірден қарсы шықты.
Пікір алысулар тек академиялық ортаны ғана қамтыды. Қолданбалы әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеулер көлемінің көп бөлігі өткізілген жеке, коммерциялық зерттеу ұйымдарын бұл пікірталас қозғаған жоқ. Бұл жерде назар сандық және сапалық әдістемелерінің тиімді комбинациясы түрлерін іздеуге шоғырланған болатын.
Сапалық және сандық көзқарастар арасындағы айырмашылықтардың теориялық негіздемелері Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтану тұжырымдамаларына барып тіреледі, яғни мәселе қоғамды жеке-даралық үстіндегі шындық және жеке-даралық әлеуметтік маңызды әрекеттердің нәтижесі деп түсінулер арасындағы айырма-шылықтар жайында болып отыр.

8
Сандық және сапалық әдістер арасындағы айырмашылықты ары қарай мына сызықпен жүргізуге болады:
макроәлеуметтану - микроәлеуметтану;
объективті - субъективті;
жалпы - ерекше;
қарапайым - бірегей.
Диалектика тілімен айтқанда, бұл жерде "қарама-қарсылықтардың бірлігі" орын алады.
Әлеуметтану теориясы өз уақытында бағаламаған ол әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеу тәжірибесінде көп жылдар бойы табысты пайдаланылып келеді.
Сандық және сапалық әдістер өзінің "еңбек бөлінісіне" ие. Әлеуметтік ақпарат жинау мен талдауда біріншілері - қорытындылау, құрылымдандыру, типтендіру функциясын орындаса, екіншілері - түсіну, нақтылау және жеке-даралау функциясын орындайды.
Сонымен қатар, В.А.Ядовтың "Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу стратегиясы" атты кітабындағы сапалық зерттеуге арналған тараудың авторы В.Семенов әділ байқағандай, "сапалық зерттеулер жаппай таралмайтын жаңа құбылыстарды немесе процестерді, әсіресе кенеттен болған әлеуметтік өзгерістер жағдайында зерделеуге мүмкіндік береді" (22, 392 бет).
Кешенді зерттеу жобаларында сапалық зерттеулер сандық зерттеудің алдында, сол сияқты соңында да жүруі мүмкін. Бірінші жағдайда бұл зерттелетін объект туралы аз біліп, құралдар жиынтығын формализмге негіздей алмаумен байланысты, екінші жағдайда сандық әдістемелерден сапалық әдістемелерге өту жиналған фактілерді терең түсінумен, ерекшелігі мен өзгешелігін белгілеумен, нақтылау қажеттілігімен байланысты.

Формализмге негізделген сұрау

Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек әлеуметтану әдісі ғана емес, ол психология, медицина, журналистика, тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бірақ, сұраудың әдістемелік мәселелері толық күйінде нақ әлеуметтануда жасалынған.
Әлеуметтану қоғамдастығынан тыс әдістердің ішінде сұрау, ең белгілісі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, әлеуметтанушы - бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.
Алайда мұның барлығы сұрау әдісінің белгілі шектеулігі бар екендігін естен шығармауға тиіс. Бұл жерде эмпирикалық әлеуметтанушылық және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көз бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:
- деректік көздер;

9
- адамдардың мінез-құлқындағы, анық әлеуметтік жағдайлардағы әлеуметтік процестердің сыртқы көріністері;
- адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).
Бірінші қайнар көзге құжаттар талдау әдісі сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
Өндірістік басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Тарихи уақытты талдау
Өндірісті ұйымдастыру принциптері
Аудит мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Сапа менеджменті мен стратегиялық басқарудың кіріктірілген жүйесінің түйіні
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Жарнаманы зерделеу әдістері
Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары
Басқару ғылымының мазмұны мен әдістері
Пәндер