Жасуша органоидтары, олардың химиялық құрамы мен қызметтері



Кіріспе ... ... ... ..4.
Негізгі бөлім ... ... ... ... 5.
2.1. Жасуша туралы сипаттама ... ... ... .5.
2.2. Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы ... ..9.
2.3. Жасушаның химиялық құрамы ... .11.

Қорытынды ... ... ... ... 16.
Қолданылған әдебиеттер
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель мен оның шәкірті және жақын досы Теофраст болған. Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарылған, олардың қатарына Еуропаның өсімдіктерінен басқа Шығыс елдерінен алып келген өсімдіктерде кірген.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан – жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді.
1. Әметов Ә. Ботаника. –Алматы -2003 ж.-511 б.
2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647 с.
3. Жуковский. «Ботаника».-М.,; «Колос»-1982г,586с.
4. В.Т. Хржановский «Курс общей ботаники», т.2,М.,ВШ,1982
5. В.Т.Хржановский, С.Ф. Пономаренко «Практикум по общей ботанике»,М.,ВШ,1979.
Қосымша:
1.Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. «Современная ботаника»,М., Мир,1990.
2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Практикум по анатомии и морфологии растений //Минск: ООО «Новое знание», 2002-464 с.
3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений //Минск. Ураджай, 2001 -306 с.
4. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) //М.,Руссо, 2004-384 с.
5. Дербуш С.Н. Основные черты строения и жизнедеятельности растительных клеток //Учебное пособие. –Караганды, 2005. – 61 с.
6. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.И. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений //М.: Асаdema, 2001. – 429 с.
7. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии //Алматы, 2003. – 172 с.
8. Сергиевская Е. Систематика высших растений /парктический курс. –Санкт-Петербург, 2002.-447 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Технология және Биоресурстар факультеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы кафедрасы.

Реферат

СӨЖ тақырыбы: Жасуша органоидтары, олардың химиялық құрамы мен
қызметтері.

Орындаған: 5В080200-Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы
мамандығының 101-топ студенті Сыздықова Анар Асқарқызы

Қабылдаған: аға оқытушы Асылова Роза Ногаевна

Алматы 2017-2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 .
2.1. Жасуша туралы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5.
2.2. Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы ... ..9.
2.3. Жасушаның химиялық құрамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..16.
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17.

Кіріспе

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық
тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер
байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін,
тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз
қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге
келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы
өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін
жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін
меңгеру қажет болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның
алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель мен оның
шәкірті және жақын досы Теофраст болған. Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі
мен қасиеттері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта
қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп
жарыққа шығарылған, олардың қатарына Еуропаның өсімдіктерінен басқа Шығыс
елдерінен алып келген өсімдіктерде кірген. 
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың
жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша
айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан – жақты зерттеу жатады. Осы
өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер
жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың
қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және
тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты
жиілікте кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын,
оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылыққа
қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды
өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің
(интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда
келтірілгендердің өзі ботаника ғылым зерттейтін проблемаларды толық қамтиды
деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең
бастыларынан қоршаған ортаны және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми
негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе Қызыл Кітапқа енген сирек
кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл
бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің
алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының
мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.
Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия,
зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және
биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз
байланысты. Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі
болып табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді.
Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және
тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады. Өсімдіктердің
морфологиясы – ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің
бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген мүшелерінің пайда болып
қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. Органография – өсімдіктердің мүшелерінің, яғни тамырының,
сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда
болуын, дамуын және құрылысын зерттейді. Палинология - тозаңдар мен
споралардың морфологиясын зерттейді. 
Өсімдік жасушасының 3 негізгі бөліктері бар: 
1 жасушаның сыртын қоршайтын, жасуша қабықшасы. 
2 протопласт – жасушаның тірі құрамдас бөлігі. 
3) вакуоль. 
Протопласт – жасушаның белсенді құрамдас бөлігі. 
Протопласт әртүрлі компоненттерге бөлінген органеллардан тұратын күрделі
құрылым. 
Жасуша органеллаларына ядро, пластидтер, митохондрия, рибосомалар,
эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, микроденешіктер.
Органеллалар гиалоплазмаға жинақталған. 
Гиалоплазма органеллалармен жасушаның цитоплазмасын құрайды. 
протопласт жасуша қабықшасынан сыртқы мембрана– плазмалеммамен, вакуолден –
ішкі мембрана – тонопластпен бөлінген. 
Протопластта зат алмасудың негізгі үрдістері жүзеге асады. 
Протопластың химиялық құрамы өте күрделі және әртүрлі. Әрбір жасуша
физиологиялық қызметіне байланысты өзіндік химиялық құрамы бойынша
сипатталады. Протопластың негізгі құрамдас бөліктері болып: су (60-90%),
ақуыздар (40-50% протопластың құрғақ массасы ), нуклеин қышқылдары (1-2%),
липидтер (2-3%), ион және минералдық тұздар күйіндегі неорганикалық заттар
(2-6%). көмірсулар және басқада органикалық байланыстар.

Негізгі бөлім
2.1. Жасуша туралы сипаттама.
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым
бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын
қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда,
қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақта рда) немесе көп жасушалы
жануарлар, өсімдіктер және саңырауқ ұлақтардың тіндері мен ұлпаларының
құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
Жасуша терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 –
1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы
биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге
(түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер
Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде –
2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса,
организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады.
Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен)
шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма
және ядродан тұрады.
Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма
құрамындағыларды –
рибосома,
митохондрия,
эндоплазмалық тор,
Гольджи кешені,
лизосома,
клеткалық мембрана деп атайды.
Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт.
деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде
де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында
кездеседі.
Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық
макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар
(ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин
қышқылдары, гормондар, ферменттер,  витаминдер, тағы басқа) және минералдық
заттар түзіледі. Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз
ететін органоид.
Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100
мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш
фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін
Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.
Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық
қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.
Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және
түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды
тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және
улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.
Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 –
10 цистернадан және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған
органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа
шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.
Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері
(протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ
көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің
(20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша
құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.
Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша
қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы
7 – 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы
метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-
біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға
да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының құрылымы мен
метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар.
Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид
негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден
құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын
түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Жасуша
қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары
күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы
беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер
– хлоропласт, хромопласт, лейкоплас т бар.[1]
Жасуша теориясының ашылуы
Жасуша органоидтары
Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы
Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері
Жасушаның химиялық құрамы
Жасушаның құрылысы
Жасуша теориясының ашылуы
Толық мақаласы: Жасуша теориясы
Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі
және көпжасушалы организмдерді қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған
ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде
әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді.
Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.)
жасаған.Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын
шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын
көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп
көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап
отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.Ол осы
ұяларды грек сөзімен “целлюлла“- “жасуша” деп атады.Бұл жерде Роберт
Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-
жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін
микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасушалы организм-кірпікшелі
кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян
Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе
алғышқы плазма деп атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана
пайдаланылады,оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-
жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Роберт Броун жасуша протоплазмасының
тұрақты бөлігі-ядроны ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің
жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939
жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы
туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы
бойынша,өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және
тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі организмнің ең ұсақ бірлігі,сонымен
қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік
берді.Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты
зерттеле бастады.Мәселен,1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей
жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады. Карл Бэр
сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып,көп жасушалардың дамуы бір
жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа
қосылғанда,зигота түзетінін анықтады. К.Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың
организм дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық
құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын
дамытып,барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының
бірыңғай екенін дәлелдей түсті. Сонымен жасуша теориясының негізгі
қағидалары төмендегідей:
Жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі;
Әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы,зат алмасуы және
негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас;
Жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.
Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі
болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа
бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар
мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы
болмайды,бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші
тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай
ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл
балдырлар,қарапайымдар,жоғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі
хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні.
Қорта келгенде,жасуша теориясы ”жасушаның“ барлық тірі ағзалар құрылымының
бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін
толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір
екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан
түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.
Микроскоп.Жасушалардың мембранасына, ядросына және цитоплазмасының құрамына
кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп
арқылы көруге болады.Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды
100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды
қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін
үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасушаның химиялық
құрамын молекулалық деңгейде зерттеу үшін центрифуга деп аталатын күрделі
құралды пайдаланады.Ол өте жылдам айналып,жасушаның құрылымдық бөліктерін
бір-бірінен бөліп алады,себебі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі
болады. Жасушаның аса нәзік құрылысы мен қызметін зерттек
тек цитологтардың,биохимиктердің,фи зиологтардың, генетиктер мен биофизиктер
күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі
түсінікті. Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық
құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын
қызметін зерттеуге кең жол ашты.
Жасуша органоидтары
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның
қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.
1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) -
жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап
жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе -
түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ
майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ
рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша
ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос
күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді
өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі
жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада
ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша
қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар
- май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін
энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен
аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша
пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен
нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде
заттарды ерітеді.
5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала
қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың
тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық)
Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша
бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай
ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне
қатысады.

2.2. Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы.

Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы:
1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің
жасушаларында центриоль болмайды.
2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен
қоректенеді. Өсімдіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ең алғаш жасушаның ашылуы және зертеуі
Жасушаның құрылысы
Жасуша теориясының ашылуы
Жасуша органоидтары
Өсімдік жасушасы
Жасуша және оның ерекшелігі
Жасуша органеллалары қозғалысы
Тірі жасушаның негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама
Ядроның құрылымы
Клетканың органикалық заттары
Пәндер