Витаминдердің адам өміріндегі физиологиялық рөлі


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Технология және Биоресурстар факультеті

кафедрасы.

Реферат

СӨЖ тақырыбы : Витаминдердің адам өміріндегі физиологиялық рөлі.

Орындаған:

Қабылдаған:

Тобы:

Алматы 2017-2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3.

Негізгі бөлім . . . 4.

2. 1. Витаминдер туралы сипаттама . . . 4.

2. 2. Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы . . . 6. .

2. 3. Дәрумендер маңызы . . . 11.

2. 4. Витаминдердің адам өмірінде алатын орны . . . 13.

Қорытынды . . . 16.

Қолданылған әдебиеттер . . . 17.

Кіріспе

Дәрумендер. ағзаның зат алмасу және өмір сүру процесіне қажетті биологиялық белсенді органикалық қосылыстар.
Дәрумендер арнайы дәрі. дәрмектер күйінде шығарылады. Бірақ дәрумендердің табиғи түріне жүгінген жөн. тамақ өнімдерінде, тек қажетті жағдайларда ғана дәруменді дәрі. дәрмектерге жүгінуге болады.
А дәрумені (ретинол) . Майда еритін дәрумендер тобы, үш формадан тұрады(ретинол, ретинал, ретинолдық қышқыл) осы дәрумендерге сай коплексті биологиялық әрекет. Осы формалардың ылғи да бір тағам өнімдерінде кездесуін есепке алғанда(жануар тектес), оларды дәстүрлі бір атпен ретинол немесе А дәрумені деп айтады. Ретинол бойдың дұрыс өсуіне, қаңқаның өсуі мен қалыптасуына, сонымен қатар терінің эпителиалдық клеткаларына, шырышты қабыққа әсер етеді. Светорецепторалы көру мүшелерінің химия құрылымдары кешкi алакөлеңкелерде көру мүмкiндiгi және қараңғыға шапшаң бейiмделуді қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Оның С дәруменімен сәйкестігі противосклеротиялық фактор болып табылады. Ағзада ретинолдың жетіспеушілігі сүрiктiң эпителиясы және шырышты қабықтардың қайта жаңғыруын шақырады. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты бекітулерінің, бүйректің,
несеп шағаратын тармақтарын, ас қорыттатын темірді және басқа мүшелерді және ауруқоздырғыштарға жеңіл өткізгішті, олардың функционалдық ұйымының деңгейi төмендетеді. Дәруменнің ұзақ уақыт жетіспеушілігі клиникалық түрде көрінеді, олар бозарыңқылық және құрғақ тері, оның қабыршақтануы және іріндік жаралар, безеулер, қабыршақтану және қаз терісі.

Негізгі бөлім

2. 1. Витаминдер туралы сипаттама.

Витаминдер - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.

Витаминдер (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.

Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині - ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині - кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионын, тасымалдайды» деген мағынаны береді.

Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.

Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. (1-сурет)

1-сурет. Витаминдер түрлері.

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бар.

2-сурет . Дәрумендер кездесетін тағамдар.

Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы , В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады. Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға тиамин мен пиридоксинді аздап қоудың өзі көптеген өсімдіктердің тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.

2. 2. Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы

Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс ғалымы Н. И. Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударады. 19 ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н . И. Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н. И. Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспалардағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды.

Осындай пікірді С. А. Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді. 1986 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери» ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады.

Кейіннен Гопкин с (1906 жылы) күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады.

1912 жылы поляк оқымыстысы К. Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н. И. Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты «витаминдер» деп атады. «Вита» - латынның «тіршілік, өмір» деген сөзі, ал «амин» - деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды.

1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор «А» - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшамсоқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1, В2, В3, т. б. деп белгіледі.

1928 жылы Сент-Дьерьди С витаминінін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К витаминінін ашты.

1948 жылы Смит, Фолкерс В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.

3-сурет. Дәрумендердің топтары мен түрлері

Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп

Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.

Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.

Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады. соңғы кезде дәрумендерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты, алициклды, ароматикалық, гетероциклды ,

Майда еритін дәрумендер

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5 мг.

4-сурет. А дәрумені.

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2, 5 мг.

Суда еритін дәрумендер

С дәрумені (аскорбин қышқылы) . Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

6-сурет. С дәруменіңде кездесін жемістер мен көкеністер.

Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары

Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С дәрумені жойылып, В тобындағы дәрумендердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы дәрумендер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды. Тұздау кезінде дәрумендер сақталады. дәрумендерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады

В1 дәруменi

В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.

В2 дәрумені

В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. дәрумен ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

В6 дәруменi

В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

В12 дәрумені

В12 дәрумені (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз.

В15 дәруменi

В15 дәруменi (кальций пангаматы) . Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

Е дәруменi

Е дәруменi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері тұқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.

К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б. ), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ.

Р дәруменi

Р дәруменi (биофлавоноидтер) -жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С дәруменімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

РР дәрумені

РР дәрумені (ниацин) . Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады, зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады, қабыршықтанады.

Фолий қышқылы

Фолий қышқылы (фолацин) қан құралу процестерімен тығыз байланысты. Негізінен жапырақты көкөністердің құрамында болады, сонымен бірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқылар бар.

Пантотен қышқылы зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл дәруменнің тәулік ішінде адам ағзасына қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткілікті болуға тиіс.

2. 3. Дәрумендер маңызы

Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. Дәрумендер көпшілігі тағамдық ағзалардың құрамында болады, ал ал ағзадан адам ағзасында түзіледі. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, организм нашарлап, ауруға шалдығады, жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды.

Адамның денсаулығының жақсы болуы үшін бірінші кезекте дәрумендерді жеткілікті мөлшерінде болуына тікелей байланысты. Алайда, керісінше олардың жеткіліксіздігі көптеген ауруларға әкеліп соғады.

Мәселен, егер ағзада дәрумендер аз болса, адам тез қажып, асқа тәбеті нашарлап, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ауруға жиі шалдығады. Сондықтан да адамдар - денсаулығының жақсы болуы үшін үнемі ағзасын дәрумендермен қамтамасыз етіп отыру керек. Полюстік экспедицияларда көптеген зерттеушілер, сондай - ақ ұзақ мерзімді кемемен жүзуде теңізшілер белгісіз аурудан қайтыс болған.

Бірінші жер шарын айналып, саяхат жасаған кемедегі Колумб және оның жолдастары емделіп жазылудан еш үміт болмаған. Бірақ бірнеше айдан кейін таңғажайып оқиға болды, олар оралған соң көкөніс пен жеміс - жидекпен қоректенгенде аурудан айығады. Соның құрметіне бұл аралды „айығу” деген мағынаны білдіретін партугал тілінде „Кюрасао” деп атайды. Витаминдердің адам ағзасы үшін физиологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар. ғзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.

Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ - С - авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д - авитаминоз, бери-бери - В1 - авитаминоз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Витаминдердің физиологиялық рөлі
Химиялық құрамы
Тамақтану және денсаулық туралы
В, В1 тобының витаминдері
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Витаминдер. Аскорбин қышқылының адам организміне тигізетін әсері
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биохимиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К
Майлардың адам организмінде атқаратын физиологиялық рөлі
Жасыл балдырларда қанықпаған май қышқылдар көлемі жоғарылау
Стресстің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz