Сүт және сүт өнімдері


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Технология және Биоресурстар факультеті

Азық - түлік өнімдерін өңдеу технологиясы кафедрасы.

Реферат

СӨЖ тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері.

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 2017-2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3.

Негізгі бөлім . . . 4.

2. 1. Сүт өнімі жайлы сипаттама . . . 4.

2. 2. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін қойылатын талаптар . . . 8.

2. 3. Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар . . . 23.

Қорытынды . . . 29.

Қолданылған әдебиеттер . . . 30.

Кіріспе

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол. Сүт - адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат. Сүт - бағалы тағамдық өнім. Ана босанғаннан, мал төлдегеннен кейін алғашқы күндері сүт уыз түрінде шығады. Ана сүттінің уызы сәбиді әртүрлі аурулардан қорғайтын затқа (антиденелерге) бай. 7-10 күн өткен соң сүттің әдеттегі құрамы қалыптасады. Ана сүтінің құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны), ферменттер, ақуыздар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан сәбидің организмі оны жақсы сіңіреді. Сондай-ақ сүт құрамындағы минералды тұздардың (кальций мен фосфор) сәбидің қаңқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор. Сондықтан баланың дұрыс дамып, өсуі үшін жас сәбиді ана Сүтімен емізудің маңызы өте зор.

Негізгі бөлім

2. 1. Сүт өнімі жайлы сипаттама.

Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3, 2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2, 7 %), лактальбуминнен (0, 4 %) және лактоглобулиннен (0, 1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т. б. ), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т, б, ), газдар (СО 2 , О 2 , Н 2 , NH 3 ), микроорганизмдер болады.

Бір стақан сиыр сүті

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз - биенің сауылған сүті - саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда-биеден, түйеде- інгеннен, сиырда-сауын сиырдан, қой, ешкіде- саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкле", "ақты аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні қетеді" деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың дарқан дастарқанын барынша байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі де дәмді тағам. Оны қайнатып ішеді, шайға қатады. Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақтың тағам байлығының бірі жəне оның қайнар көзі.

Мал сүті - құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, т. б. жасалады. Адамның күнделікті тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр сүтінің құрамында су (87, 5%), сүт қанты (4, 7%), май (3, 9%), ақуыздар (3, 3%), минералды заттар (0, 7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы ақуыздар: альбумин - жас организмнің өсуі; глобулин - иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0, 1-20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) - таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т. б. ) мен микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т. б. ) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады. [1]

Сүт тағамдары - сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т. б. ), ашытылған сүт (айран, қатық, құрт, қымыз, сүзбе, шұбат, т. б. ) дайындау ісі ертеден белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т. б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т. б. өнімдерді шығарады.

Клегей

Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүт; түйе сүті; қой - ешкі сүті; сиыр сүті делінеді.

Ал, жас төлдеген малдың алғашқы бір - екі күнгі сүті уыз болады. Сиыр көктемгі және жаз айларында күніне үш рет, күзге қарай суала бастаған кезде екі рет сауылады. Қой тал түсте қосақталып бір-ақ рет, бие сағат сайын, тіпті одан да жиі сауылады. Інгеннің сауымы да бие тәрізді деуге болады, бірақ биеден гөрі сиректеу сауылады.

Сүт - мал баққан қазақ жанұясының негізі тағамы. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.

Қой мен ешкі мамыр айынан бастап тамыз айына дейін сауылады. Қой, ешкіні сауғанда төлін салып идіріп сауу, қосақтап қойып төлсіз сауу сияқты екі түрлі әдіс қолданылған. Салып сауу көбінесе төлдердің жас және өрістететіп бөлек бағуға еркін жарай қоймаған кезінде болған. Бұл кезде қозы, лақ көгенде немесе керегеден, шетеннен, шиден істелген қоршауда ұсталып, сауарда ғана емізіледі.

Екінші әдіс түрі қосақтап сауу. Мұнда сауылатын қой - ешкі төлдері бауырына салынбайды. Олар өрісте бөлек бағылады. Саулықтар мен ешкілер арқанға тізіліп, қосақталады да, бір шетінен сауыла бастайды. Мұндай қой матаудың түрін «қосақ» немесе «қой қосағы» дейді. Өйткені қой қосақтау қазақ тіліндегі «бие қосақтау» деген сөздің ұғымынан басқарақ. Қойды қосақтағанда оларды қатарластырып емес, қарама - қарсы тұрғызып, бастарын айқастырып, екі-екіден арқанға шалып қояды. Сонда ұзын қосақталған қойлардың бастары біріңғай ортаға келіп, артқы қосақтың екі жағында қатарласып тұрады. Өйткені, қой, ешкі басқа малдардай, бір жақ жанынан емес, тура артында отырып сауылады. Қосақта тұрған саулықтар, әдетте бір шетінен бастап, түгел сауылады, бұл «бірінші сауым» делінеді, одан кейін екінші рет сауылады, бұл «жебе сауу» деп аталады. Содан кейін қой ағытылып, қозысымен жамыратылады. Мұны «қозы жамырату» дейді. Жамыраған қозылар енесін еміп, 2-3 сағат бірге жайылғаннан кейін кешқұрым қайта бөлінеді. Бұл «қозы бөлу» делінеді.

Май

Қай түліктің болса да соңғы иіндісі, соның ішінде қойдың жебе сауған сүті қою, әрі майлы, жұғымдылығы да жақсы келеді. Мұны қазақ шаруалары ғасырлар бойғы бай тәжірибелерінен жақсы біледі.

Кейбір себептермен бұзау немесе қозы өліп қалған жағдайда енесінің суалып кетпеуі үшін оған басқа малдың төлін телиді. Мұндайда бір төл екі енені қатар емеді. Ал, төлдің өз енесі өліп, жетім қалса оны өлтірмеу, сүтсіз қалдырмау мақсатымен басқа малдың бауырына салып телиді. Мұнда екі енеден туған екі төл бір енені емеді. Соған қарай «тел құлын», «тел қозы» - дейтін атаулар қалыптасқан.

Сиырды күн сайын 3 рет, бұзауын салып, идіріп сауады. Бұзау бөлек бағылады немесе тұмылдырық, сірге кигізіп енесімен бірге жібереді. Жоғарыда айтылған артықшылығы бойынша сиырдың соңғы иіндісін шайға қатып, бөлек сауған.

Інген тез исініп кетеді, сондықтан оны тез сауу қажет. Осыған байланысты кей уақытта оның екі жағында түрегеп тұрып екі әйел сауады. Бие тез исінеді, оны сауған кісі құлынын салып, идіргеннен кейін бір қолымен оң жақ санының алдынан, екінші қолымен сол жақ санының артынын құшақтай отырып тез сауады. Бие емшегінің үрпі кең және жұмсақ келеді. Сондықтан оны тез-тез саумаса сүт ағып кетеді немесе исініп сүті тоқтап қалады. Бұзау мен қозының немесе құлын мен ботаның емген уақытта енесінің желінін түрткілеп еметіні белгілі. Өйткені желінді шайқаған сайын сүт мол келеді. Сондықтан да қосақтағы қойды сауған әйелдер әлсін - әлсін желінін жұдырықтап отырады. Сонымен қатар қай малды сауғанда да қол құрғамау үшін сауыншы екі қолын әлсін - әлсін жылы сүтке малып, дымдап отырады.

Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екенін жоғарыда айттық. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі - ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» - деп жазған ертедегі бір зерттеуші. [1]

2. 2. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды: сүт шикізаты және кілегей шикізаты; ішетін сүт және ішетін кілегей; сүт қышқылды өнімдер; сүзбе және сүзбе енімдері; қаймақ; сиыр сүтінен жасалған май. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге) : улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады.
Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды: сүт өнімдерін әзірлеу (жасау) ;
өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста;
сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау; 4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) ; 5) сақтау, тасымалдау, сату; 6) кәдеге жарату, жою. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі: сүт және сүт өнімдерін осы техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу; сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау; сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау; Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргізіледі. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіруді: сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде сынақ зертханалары (орталықтары) ; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі: дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен массалық үлесі (құрамында сары майы бар сүт өнімін қоспағанда) ; сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі пайызбен массалық үлесі; сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі кемінде 1, 5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда) ; Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру жүргізу хаттамасы түрінде талданады және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды: сүт және (немесе) сүт өнімдеріне сәйкестендіру жүргізген ұйым туралы мәліметтерді; заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген сүт және (немесе) сүт өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты; сәйкестендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын; оларға сәйкестендіру жүргізу кезінде пайдаланылған сүт немесе сүт өнімдері туралы мәліметтерді; сүт немесе сүт өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды көрсету (арнайы таңбалау болған кезде) ; сүт және (немесе) сүт өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (өткізу керек болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін; орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, сүт және сүт өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді; осы өнім партиясының мөлшерін; таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді; соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын; қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны, оның қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейді; осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды. Сүт және сүт өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған сүт және сүт өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату бойынша шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Сүт өнімдері өндірісінің жабдықтарының орналасуы
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Сүт өнімдерінің сапасын бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сүтті қайта өндеу талаптары
Сүт өнімдері өндірісіндегі технохимиялық бақылау
Қышқыл сүтті сусындар
Дайын өнімдердің сапасына қойылатын сапа көрсеткіштер талаптары
Тамақ өнеркәсібіндегі технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz