Әлеуметтану ғылымының дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ...3.
Негізгі бөлім ... ... ... ... 4.
2.1. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.
2.2.. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуындағы классикалық кезеңі ... ... ... ...5.
2.3.ХІХ ғасырдағы әлеуметтану. Жаңа ғасырдың әлеуметтануы ... ... ... ...8.
Қорытынды ... ... ... ... ... ..11.
Қолданылған әдебиеттер
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. "Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "По¬зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре¬тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Пла¬тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға¬сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.
3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.
4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.
6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.
7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.
8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.
9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Технология және Биоресурстар факультеті

Азық - түлік өнімдерін өңдеу технологиясы кафедрасы.

Реферат

СӨЖ тақырыбы: Әлеуметтану ғылымының даму тарихы.

Орындаған:_________________________

Қабылдаған:________________________ _

Алматы 2017-2018

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.

2.1. Әлеуметтану тарихының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4.

2.2.. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуындағы классикалық
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5.

2.3.ХІХ ғасырдағы әлеуметтану. Жаңа ғасырдың әлеуметтануы ... ... ... ...8.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12.

Кіріспе

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары
туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке
тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен
әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. "Әлеуметтану"
сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында"
позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның
атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін
көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін
айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір
ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат
ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы
революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де,
экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт:
барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы
ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық
және метафизикалық болып қала берді.

Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін
септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып,
және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның
фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен
революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін
қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден
сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық
себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен
экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия
мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік
әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап,
прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.

Негізгі бөлім

2.1. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.

Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі –ХІХ ғасырдың 40-
жылдары. Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікте, өмір
сұранысына байланысты пайда болады. Өмір, тәжірибе қажеттілігі, сұранысы
болмаса, ғылым пайда болмаған болар еді. Осыған орай әрбір ғылымның,
тіпті теорияның өзіне тән шығу, пайда болу тарихы бар. Сондықтан әрбір
ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет, өйткені бұларды білмейінше
біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болады.
Бұл шарттардың да әлеуметтану ғылымына тікелей қатысы бар және біз оның
әрбір теориясына, тұжырымдамасына тарихи тұрғыдан қарасақ, біз ондағы ескі,
кертартпа ой-пікірлерді, қателерді жағымсыз тәжірибені болдырмауға,
қайталамауға тырысып, болашағы зор теорияны, тұжырымдарды тәжірибені кең
қолдануға мүмкіндік тудыратын процестерге жол ашамыз. Олардың ілгерілеп
дамуына мүмкіндік жасалады. Сөйтіп қоғамның, адамның жан-жақты дамуына
тікелей ықпалын тигізеді. Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы
шарттары, шығу себептері қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай
қозғаушы күштер түрткі болды?

Бұл сұрақтарға бірден жауап беру емес оңай емес. Өйткені әлеуметтанудың
шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Қоғам, қоғамдық өмірдің
болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы VI
ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы”
еңбектері мен Аристотельдің “Саясат”, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл
мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір
тұжырымдалған. Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, оның өмірге
келуіне қандай алғышарттар себеп болды, т.с.с. сұрақтарға ғылыми дұрыс
жауап беру үшін біз ғылымдардың шығуы мен дамуы зерттейтін “Науковедение”
атты кітаптың деректеріне сүйенеміз. Бұл ғылымның ұйғарымы бойынша,
әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы
Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққаннан
кейін пайда болған. О.Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология”
деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді
міндет қойды. Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану
ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды.

Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 –
жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл
кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің,
түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде – ақ осы ғылымның пайда
болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер
қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды. Бұл
кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау
басталды., әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.Оның
әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен
қолдана бастады.
3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану
өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде
қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және
президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер
жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды.
Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген
теориялар пайда болды. Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар
бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т.б. әлеуметтануға қатысты
мәселелермен айналысқанынбайқаймыз. Әлеуметтану XIX ғасырдың 30 -40 жылдары
өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның
негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 – 1857 ж.ж.) болды. Оның
әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі
туралы идея жатыр.
2.2. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуындағы классикалық
кезеңі. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым
болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-
1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам
дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Конттың тұжырымдамасы
бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой
жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды
ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни
теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы
түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат
болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен
өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс
абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс,
олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде
түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты,
құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет
етеді.
Үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың
абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек
қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен
қатынастарды белгілеп отырды.
Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы
фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар
мен процесстер. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік
(яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай
позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология
ғылымдарына қолданған.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың
өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл
фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір
жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар
пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы
біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер
етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың
қолына жиналуына әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Конттың пікірінше,
осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы
реттеп отырады. О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика
және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика
қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл
салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын,
мемлекетті, дінді алып қарайды. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны
әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. Конттың пікірінше, қоғамның
ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау
әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді.
Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі- ол эксперимент. О.Конттың
пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жасанды жағдайда әлеуметтік
процесстердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау жатады. Конт бойынша
әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың
өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. Конттың осы әдістер туралы
пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.

О.Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын
әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына
қысқаша тоқтасақ, Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден
тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу
теориясының негізінде пайда болған.
1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2. Әлеуметтік эволюция идеясы.
Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару
мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм
арасында кейбір ерекшеліктер туралы, ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы
адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері
мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше,
тұтастық өзінің бөліктерінің игілігі үшін өмір сүреді.
Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік
беретіндей жол ашты. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды
іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар:
1) қолдаушы;
2) материалдық игілікті өндіру;
3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау,
қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа
бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік
институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Әлемдік әлеуметтану»
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтану ғылымы туралы ақпарат
Әлеуметтану ғылымының тарихы
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
Социология ғылымының деңгейлер
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Пәндер