Бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиялық даму ерекшеліктерінің сипатын ашу


КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi тәрбиешілердің келешек ұрпаққа көзқарасы әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi [1] .
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған.
Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі [2] .
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т. б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді) .
Осы проблеманы көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі (Г. А. Андреева, В. В. Знаков, Л. П. Колчина, О. Ю. Михайлова, А. А. Реан, Т. Г. Румянцева, Я. Л. Коломинский т. б. ) кездесті [3] .
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады. Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытра алатын, адамгершілік жоғары, эмпатиясы, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің эмпатиясының көрсеткіші- әдептілі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез қабылдайды.
Зерттеудің мақсаты: бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиялық даму ерекшеліктерінің сипатын ашу.
Зерттеу пәні: бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиясының даму ерекшеліктерін зерттеу.
Зертеу міндеттері:
- Эмпатия, эмпатиялық мінез-құлық, эмпатияның даму ерекшеліктерін теориялық зерттеу.
- Бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиясының даму ерекшеліктерінің
түрлерін ашып көрсету.
- Бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиясының даму ерекшеліктерін
эксперименталды зерттеу.
- Бала-бақша тәрбиешілерінің эмпатиясының даму ерекшеліктеріне бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер де бала-бақша тәрбиешілерінің балаға эмпатиялық қарым-қатынасы жоғары болса, онда ол баланың дамуына жағымды ықпал етеді.
Зерттеу нысаны: Ақтөбе қаласының №43 «Гүлдәурен» бала-бақша тәрбиешілері.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған Ю. В. Кулюткин, Э. Титченер В. В. Бойко Г. С. Сухобскаяның еңбектері болды.
Зерттеу жұмысының базасы:
зерттеу жұмысы Ақтөбе қаласындағы № 43«Гүлдәурен» бала бақшасында жүргізілді. Барлық мектепке даярлық және ересек топтарынан агрессивтілікті анықтау мақсатында алынған диагностиканың нәтижесінде 20 бала (ұл-қыз аралас) іріктеп алынды.
Зерттеу әдістері:
И. М. Юсуповтың «Эмпатия деңгейінің диагностикасы», В. В. Бойконың «Эмпатиялық қабілеттің даму деңгейін зерттеу», Г. А. Урунтаева мен Ю. А. Афонькиннің «Эмоциялық жағдайларды мектеп жасына дейінгілердің түсінуі» және «Балаларда эмоцияның білінуін зерттеу» әдістемелері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады.
1 Тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым-қатынас психологиясының ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалар мен тәрбиешілер арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, балалармен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті [4] . Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-тәрбиеші мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер мектепке дейінгі балалар үшін тәрбиеші барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар тәрбиешінің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және тәрбиешіикалық зерттеулер төменгі сынып балаларынан гөрі ересек балаларарасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, тәрбиеші мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-тәрбиешіикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда тәрбиешінің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе балалардың даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында тәрбиешінің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады [5] .
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе-тәрбиешідік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны тәрбиешіні және методикалық жағынан алып талдау.
Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Тәрбиешінің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін балалардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден тәрбиешінің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан тәрбиешіге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы тәрбиешінің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз тәрбиешілерның бойынан көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын балаларұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды [6] .
Екінші топқа тәрбиешінің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер. Тәрбиешінің өз пәнін жетік білетіндігі балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, тәрбиешінің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді. Балалардың ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:
- Тәрбиешінің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; балаларға деген қатынасы;
2. Тәрбиешінің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;
3. Тәрбиешінің класс ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы;
4. Тәрбиешінің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.
Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, тәрбиеші жайындағы балалардың пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол балалардың тәрбиешінің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:
а) балалардың адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;
ә) жасөспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу;
б) балаларға сенім білдіру;
в) балалардың бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай, жеке өзіне оңаша айтуы;
г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;
ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;
д) балалардың жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсетуі;
е) әрбір істе үнемі әділетті болуы;
ж) балалардың табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;
з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға:
а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы;
ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б) сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;
в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;
г) өз пәніне деген балалардың ықылас-ынтасын арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір баланың дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.
Үшінші топтағы сапалар: а) қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі;
ә) балалардың белсенділігі мен дербестігін бағалап, балалардың бастамасын үнемі қолдауы;
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы;
в) балаларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;
ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы;
д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.
Төртінші топтағы сапалар:
а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі;
ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;
б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар балалардың тәрбиешілер жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, балалар тәрбиешілердің іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.
Бірінші топтағы ерекшеліктер:
а) шәкірттерге немқұрайлы қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды балаға санайды;
ә) ақыл-есі жетілмеген деп санап, балаларға көбінесе ақыл айтады;
б) балаларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді;
в) балалардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды;
г) шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды; ғ) балалардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді;
д) шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е) кейбір балаларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;
ж) балаларбойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды;
з) балалардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.
Екінші топқа жататын кемшіліктер:
а) оқу материалдарын оқулық шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі: ә) балалардың бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді;
б) сабақты нақты түсіндіре алмайды;
в) сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді;
г) оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді;
ғ) балаларға бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.
Үшінші топқа жататын кемшіліктер:
а) мектептегі және кластағы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян-қолтық араласып кетпейді;
ә) балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп, балаларға сенімсіздік білдіреді;
б) балалардан тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді; в) класс ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды; г) балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер балалардың өз жұмыстары деп санайды;
ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады; д) қоғамдық жұмыстарды орындаудың жолын жете түсіне берме;
Төртінші топқа жатын кемшіліктер:
а) ашуланшақ, күйгелек;
ә) тұйық, балалармен қарым-қатынасы салқын;
б) жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.
Балалардың тәрбиешідерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді [7] . Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі балалардың жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.
Тәрбиеші мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара реніштің туындау себептері.
Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен дау-дамайдың өрбуі ерекше назар аударып, олардың себеп-салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындарымен мекеме ұжымдары арсындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып отыратындығына баса көңіл аударып, сондай жәйттерді жеңудің жөн-жосығын, әдіс-тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде психологиялық тұрғыдан іздестіріп көрдік.
Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруына әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардың болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді[8] .
Шәкірттер мен тәрбиешідер арасындағы, әсіресе тәрбиеші мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне, осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.
1. Орта жастағы мектеп балалары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі тәрбиешіді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2. Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір тәрбиешілер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.
Тәрбиеші мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге балалар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, тәрбиеші мен оның балалар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады. Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда тәрбиеші мен балаларарасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz