Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

«Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері»

Мазмұны

Кіріспе

  1. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ өзара қарым - қатынас мәселесіне теориялық шолуЖеткіншектердің өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
  2. ІІ. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ МЕН ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШІЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

2. 1. Жеткіншектердің өзара қарым - қатынасы мен өзін өзі бағалауын эксперименталды- психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру

2. 1. Эксперименталды- психологиялық зерттеулер

әдістемелерінің баяндауы

2. 2. Эксперименталды- психологиялық зерттеулердің қорытындысы

мен талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша.

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын психикалық нышандар мен оны дамытудың шарттарына деген көзқарас өзгерiп келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi отбасында бiлiм берудiң педагогикалық-психологиялық негiздерiн меңгерудiң мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде.

Бүгiнде жаңа Қазақстан қоғамы жағдайында жеке тұлғаны функционалдық әзiрлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi.

Осы тұста елбасы Н. Ә. Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" деген студент жастарға арнап оқыған лекциясында - "Бүгiнгi күн - талантты, жiгерлi, өзiне сенетiн адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерiк - жiгерi бар адамдардың уақыты", деп атап көрсеткен болатын [1] . Мұның өзi өскелең ұрпақты жаңа технологиялар негiзiнде бiлiмдi де жоғары мәдениеттi азамат етiп тәрбиелей отырып, олардың жеке басының тұлғалық қалыптасуына аса үлкен мән берудi көздейдi. Мұның өзi оқу-тәрбие үрдiсiнде жасөспiрiмдi оның жас ерекшелiктерiне сай жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi көздейдi[2] .

Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Б. Г. Ананьев, А. Б. Добрович, Я. Л. Коломинский, И. С. Кон, Г. М. Андреева, Дж. Брунер, Э. Фром, Л. А. Петровская, В. В. Столин, Н. И. Шеврандин т. б. ғалымдар зерттеген.

Қазақстанда ұрпақ тәрбиесiн оның жас ерекшелiктерiне сай дамытуға көңiл бөлiп, осы мәселе төңiрегiнде еңбектенiп жүрген психолог ғалымдар Жарықбаев Қ. Б., Намазбаева Ж., Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Елеусизова С., Елiкбаев Н. және т. б[3, 4] .

Әлеуметтік қоғамда негізгі мәселе ретінде жеткіншек шақтағы тұлға аралық қарым- қатынас қарастырылады. Тұлға аралық қарым- қатынас дегеніміз шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қарым- қатынас. Ең алдымен, тұлға аралық қарым- қатынас адамның тұлға ретінде қалыптасуына және жеткіншектің өзін-өзі бағалау деңгейіне тікелей әсер етеді. Адам өмір сүріп және әрекеттеніп жүргенде моральді түсініктер, қылықтарды бағалауға үйреніп, дағдыланады. Соңғы уақытта адам тәртібі мен оның өмір сүру мәні туралы сұрақтарға қызығушылық өсуде. Жеткіншекте құрдастарымен, ересектерімен қарым- қатынасының сапалық мінездемесі өзгеше.

Әрбір жеткіншек өзін қанағаттандыратын ұжымда орын алғысы келеді, алайда, олайша жаса алмайды. Соңғы кездері жеткіншектердің құрбыларымен қарым- қатынас, өзін-өзі бағалау мәселелері ашық қаралуда.

Жеткіншектердің қарым- қатынасының мәселелерінің факторларын білу, жеткіншектердің өзін- өзі бағалауын дағдылау, тұлға аралық өзара әрекеттестік жағдайларын анализдеуін үйренуін дамыту, сонымен бірге адамдармен қарым- қатынасындағы сәйкес тақырыбын коррекциялауға қажет[5] .

Қазіргі мектептердің негізгі мақсаты жеткіншектердің қарым- қатынасын зерттеу. Жеткіншектердің қарым- қатынасы мәселелері туралы әдебиеттерде аз берілгендіктен, оған назар аудартпауға болмайды. Жеткіншек шаққа тән қасиеттерге: өзін-өзі бағалау, жеткіншектің өз мүмкіншіліктерін сезіну, қоршаған ортада өз орнын табуға талпыныс, өз құқықтарын ересектер арасында қолдануға мұқтаждықтар жатады. Жеткіншек алдына жаңа қарым- қатынасқа түсу, сонымен қатар өмірлік жолын анықтау міндеті, осы шақтың актуалдылығы болып табылады. Олардың қалай қиындықтармен кездесетіндігі жеткіншектердің түрлі орталардағы қарым- қатынасы анықтайды. Нәтижесінде жеткіншектердің қиыншылықтарының психологиялық мәселелері өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты - жеткіншектердің өзара қарым- қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеуде келесі міндеттер орындалады:

  1. Психологиялық әдебиеттердегі жеткіншектердің өзара қарым - қатынасы мен өзін-өзі бағалауының мәселелердің теориялық анализі.
  2. Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасының және өзін-өзі бағалауының ерекшеліктерін ашу.
  3. Қарым - қатынаста қиындық көретін жеткіншектердің психологиялық портретін баяндау.

Зерттеу болжамы: Құрдастармен қарым-қатынаста қиындық көретін жеткіншектердің өзін-өзі бағалау деңгейі төмен болады. Бұл жеткіншектің социометриялық мәртебесіне әсер тигізеді.

Зерттеу пәні - жеткіншектің өзара қарым-қатынаста кездесетін қиындықтарды қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі : Ақтөбе қаласының № 23 орта мектебінің

6, 8 сыныбының 12-15 жастағы жасөспірімдердің 20 оқушысы.

Эксперименталды зерттеу әдістеріне Д. Мореноның «Социометрия» әдісі, коммуникативтік және ұйымдастыру қабілеттілігін зерттеу әдісі «КОС-1», Т. Дембо-С. Я. Рубинштейн әдiстемесi өзiн-өзi бағалаудың ерекшелiктерiн зерттеуге бағытталған әдістемесі.

қолданды.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

  1. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ өзара қарым - қатынас мәселесіне теориялық шолу

Психологиялық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Өзара қарым-қатынас қажеттілігі балаларда ерте басталып өсе келе күшее түседі, А. В. Мудриктің анықтауы бойынша мектепке дейінгі шақта, құрдастары мен қарым-қатынасы баланың коммуникативті қабілеті мен өзіндік санасына әсер етеді. Жеткіншектің тәртібі ұжымды топтық болып табылады.

Біріншіден: құрдастармен қарым-қатынас мәліметтердің ерекше өзегі, бұл арқылы жеткіншектер ата-аналардан белгілі себептермен ала алмаған мәліметтерді ала алады.

Екіншіден: өзара қарым-қатынастың өзекті түрі. Топтық ойындар мен түрлі бірлескен іс-әрекеттер әлеуметтік қарым-қатынасқа дағдылануына негіз болады. Бұл жеткіншектің ұжымдық тәртібіне бағыну, өз құқығын қорғауға, үйренуге мүмкіндік береді. Құрдастарынан тыс қарым-қатынаста балалар ересектерге тән коммуникативті қасиеттерді ұстана алмайды.

Үшіншіден бұл эмоционалды қатынастың өзекті түрі. Топқа енуі, жолдастық өзара көмек жеткіншекке ересектерден тәуелсіз болуына ғана әсер етпей, сонымен бірге эмоционалды тұрақтылық пен сәттілікті қамтамсыз етеді.

Ф. Райх атап кеткендей жеткіншек шақта жақсы жолдастарды емденуге мұқтаждық аса байқалады. Жеткіншек шақта жастық ерекшелікке көп мән берілмей, жолдастарды таңдау ойындар, жалпы қызығушылықтардың бірдей болуына байланысты болып келеді. Олар сенімді жоғалтуы немесе қайта емденуі мүмкін, ал эмоционалды қатынас маңызды орын алады. Эмоционалды қажеттілік құрдастармен қарым-қатынасқа түсінуінде қанағаттанбауы мүмкін. Бала қанағаттануды ата-анлардан іздейді. Солардан бала мақтауды, махаббатты күтеді.

Егерде баланы одан айырса, ол жолдастары мен өзге ересектер көмегімен эмоционалды қжеттілікті толтырады. Ал жеткіншек кезеңде өзгеріс пайда болады. Жаңа сезімдер пайда болып ата-анадан тәуелсіз болуға, бостандық емденуге тырысад. Жеткіншектер өз құрдастарына талпынады. / /

Д. И. Фельштейн еңбегінде жеткіншектің құрдастары мен ересектер арасындағы қарым-қатынастың қажетті іс-әрекет процесінде алатын орны туралы айтылған. Бұл жерде жеке-даралық стихиялы топтық, әлеуметтік бейімделу сияқты қарым-қатынас түрлерінің психологиялық мәнділігіне назар аударады. Өйткені оларсыз әлеуметтік бейімделудегі қарым-қатынастың түрлерінің мәнділігін анықтау қиынға соғады. Бұндай қарым-қатынас өзге адамдарға пайда әкелуге, қоғамаға жақсылық жасау қажеттілігін дамытуды болжайды. Өсіп келе жатқан адамның сәбилік шақтан, ересек шақта да негізгі қажеттілігі, қоғамда өз орнын анықтау. //

В. С. Мухинаның ойынша ересектік шақта құрдастармен болатын қарым-қатынас өзге мәнде болады. Жеткіншектер әлеуметтік қарым-қатынастың «мектебінен» өтіп, қарым-қатынастың түрлі тәсілдерін игереді. Бір бірімен қарым-қатынаста жеткіншектер өзіне және құрдастарына бағытталған рефлексияға үйренеді. Жеткіншек үшін өзара құштарлық, қоршағаны біріге түсіну өзіндік бағаны қалыптастырады. Қарым-қатынасқа деген құштарлық соншалық, балалар сабақтарын, үйдегі міндеттерін ұмытады. Балалық шақтағы ата-анамен болған эмоционалды байланыс, сатысыз байланысқа айналады. Өз жоспарлары мен сырларын ата-анаға емес, емденген жолдасына сенеді. Жолдастары мен достарына тіл тигізбейді. Жеке досының жағымды болсын, жағымсыз болсын жақтарын талқыға салғызбайды, өйткені ол таңдау құқығына қастандық ретінде қабылданады.

Өзара қарым-қатынасында жеткіншек өзінің тұлға ретінде дамуын жүзеге асыруға тырысады. Бұл үшін өзіндік жауапкершілік қажет. Есеюге құқығы бар екенін дәлелдеу үшін, өзінің бостандығын қорғайды. Осы сәтте жеткіншек ата-анасына қарама-қайшы позицияны ұстанады. Жеткіншектердің даму деңгейлеріне байланысты өзіндік ар-намыс кодекстері дамиды. Әрине, заңдар мен ережелер ересектерден алынады. Бірақ, әркім қалайша өзінің ар-намысын қорғайды, бостандығын қалай сақтайды барлығына мән беріледі, бақыланады. Бұл жерде сенімділік, шыншылдық бағаланады, ал өз сөзіне тұрмау, опасыздық жазаланады.

Қарым-қатынастағы бейімделушілік, ересектердің бейімделуімен сәйкес келеді. Бірақ, құрдастардың қылығын бағалау максималды және эмоционалды жүреді.

Қоршаған орта сияқты, жеткіншектердің қарым-қатынастағы бейімделу әдісі әртүрлі. Алайда, бұндай бейімделушілікке әсер ететін құрдастарға деген қажеттілік пен жалғыздықтан қорқыныш сезімі. Бұл сәтте жеткіншек өзін жалғыз санайды, мазасыздық сезімі туындайды. Ал егер құрдастарымен қарым-қатынас сәттә болса, жеткіншек өзін бақытты сезінеді. /6. 368-371/

Ұжымның оқушыға деген тигізетін әсері, ең алдымен оқушының сыныппен орныққан үйлесімділікке байланысты. Жеткіншек шақта қарым-қатынастың таңдауы өседі. /3. 360 б, / Бұл балалық ұжымның құрылымдық даралауына әкеледі, өсе келе сыныптағы сәтсіз орныққан оқушылар саны өсе береді. /7. 239 . / Статустың төмендегі сыныптағы оқушы үшін жағымсыз зардабын тигізеді; мазасыздық, агрессивтілік, оқушының невротизациясына әкеледі.

Осыған байланысты оқушының статусын анықтау ғылыми-практикалық міндет болып табылады. Топтағы оқушының орны ұнау немесе ұнмау құрылымының негізі болып табылады, бұл социометрикалық статуспен баяндалады. /8. 64 б. /

Түрлі авторлармен сныптағы сәтсіз орынға ие болатын жеткіншектер ерекшеліктері берілген. Қайшылықтардың негізгі себептері топтың әр мүшесінің даралық мінезінің акцентуациясына назар аудара авторлар, бірігу іс-әрекетінің ерекшелігін, құндылықтар мен нормалар құрылымына мән бермейді.

Өзара қарым-қатынастың дамуы, ең алдымен, топтың даму деңгейіне байланысты. /9. 256 б/. Сонымен, қарым-қатынас жеткіншек шақтың негізгі мақсаты болып табылады.

Біріншіден: құрдастармен қарым-қатынас мәліметтердің ерекше өзегі. Осынвң көмегі арқылы ата-анадан ала алмаған мәліметтерді ала алады.

Екіншіден, тұлғааралық қарым-қатынастың өзекті түрі. Іс-әрекетті бірігіп орындау, әлеуметтік өзара әрекеттестікке дағдылануды, ұжымдық тәртібіне бағынуға, үйренуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, бұл эмоционалды қатынастың өзекті түрі. Топқа енетін сезіну, жеткіншектің сәтті және тұрақтылықты сезінуге мүмкіндік береді.

Жеткіншектердің қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерін анализдеуге арналған жұмыстарға көшейік.

Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.

Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі - жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады. Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу Ал музыка - адамның сезімдерінің әміршісі. Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектің досы - ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес.

Ол - жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы.

Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дауірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму проццесстерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылды. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік-әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшілігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу- әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық- этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектіктің жеке басы дамуының аса-маңызды факторы оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі: ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен өзіне қарым-қатынас орнатуға бағытталды. Жеткіншек дамуының алуан түрлі көріністерімен елеулі айырмашылықтары: 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмрінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар; бірақ сонымен қатар оқу материалдарының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқые емес мектеп оқушылары да бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз балалалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемгшілер болса, енді бірулер әбден ерке болып кеткен, тпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшіліктерін, қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады.

Жеткіншектіктің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организімінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процессі өрістейді.

Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады жэне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялык-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің сңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие такырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К- Д- Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: « . . . өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалык кұбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыныз келетін жагдайларға сәйкес іс-әрскет жасаңыздар»- деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялык идеяларының айтарлықтай ыкпалы тиді. Олар психикалық дамудың кайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалык іс-әрекеттің маңызын кернекті орыс ғалымы Я. М. Сеченов те атап көрсетті.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарыкын жинакталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер еңгізе бастады. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалык дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми түрғыдан келуді негізден алатыны педагогтар мен психологтарға айкьн болды. Алайда ІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялык, экспериментті педагогикада колданудың арнайы жолдары әлі табыла коймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалык заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелсрінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы кимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б. ), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнін де үміт туғызды. Ашылған зацдылықтарды педагогикалык және балалар психолопиясына тек жан ауыстыра салса жетіп жататыи тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен кимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына катысты фактілерді біле отыръп, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарьн түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психо-логы П. Ф, Каптеревтің «Педагогикалык, психологиясы» (1877), америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы жәме сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.

М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие ғылымының (педагогика, психология және т. б. ) теориялық мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен -- саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж. ж. ) атты кiтап жазуы өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.

Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т. Т. Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi; Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М. М. Мұқановтың 1979 жылы жарық көрген " Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулар да осы кiтаптан орын алып отырғандығын айтады.

ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т. б. Бұлардың барлығын бiр жинаққа енгiзуге мүмкiндiк болмағанын оқырман қауымының есiне салады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Жеткіншектердің өзіндік бақылауының психологиялық табиғаты
Жасөспірімдік кезең онтогенез кезеңі
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Физикалық вербальды агрессия
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Жеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігінің психологиялык ерекшеліктері
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz