Девиантты жеткіншектермен коррекциялық жұмысты жүргізу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедрасы: биология және теориялық қолданбалы психология

Дипломдық жұмыс

«Девиантты жеткіншектермен коррекциялық жұмысты жүргізу»

Ақтөбе 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе 3

І Девиантты жеткіншектер психологиялық зерттеулер пәні ретінде

1. 1Девиантты жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері

1. 2 Балалардағы агрессивті құлық спецификасы 12

1. 3 Практикалық психологтың девиантты балалармен түзету жұмысы

Тарау ІІ

Психологиялық девиантты жеткіншектермен түзету жұмысын

эксперименталды зерттеу

2. 1. Зерттеу бағдарламасы 25

2. 2. Әдістемелерді қалыптастыру және анықтау 25

2. 3. Әдістеме нәтижелері 33

2. 4. Нәтижелерді талдау 35

Қорытынды 36

Әдебиеттер тізімі 38

Қосымшалар 41

КІРІСПЕ

Өзектілігі

Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстарға деген қиын бейімдеушілік жиі балаларда кернеуші эмоционалды жағдайдың соның ішінде агрессияның пайда болуына алып келеді.

Балалар девианттылығы және онымен түзету жұмыс мәселесіне назар аударған авторлар айтарлықтай көп емес. Девиант мәселесі психологиялық әдебиеттерде толық ашылып зерттелмеген. Ата-аналар өз балалармен күнделікті қарым-қатынаста жиі агрессивті реакцияны байқайды. Ата-аналарда өзін және өз балалар девианттылығы көріністерінен қорғау проблемасы туады және нақты осы жағдайда психолог көмегіне жүгіну қажеттілігі пайда болады.

Бұл аймақта нақты әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі берілген мәселесінің шешуін қиындатады және өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу мақсаты: жеткіншектер девианттылығын төмендетуге бағытталған психокоррекциялық жұмысты қалыптастыру.

Дипломдық жұмыс мендеттері:

  1. Практикалық психологтың девиантты жеткіншектермен жұмысы жайындағы әдебиеттерді теориялық талдау.
  2. Жеткіншектердегі мінез көрінісін зерттеу.
  3. Девиантты жеткіншектермен коррекциялық жұмыс жүргізу.
  4. Коррекциялық жұмыстық анализі.

Болжам: Біз, психокоррекционалдық жұмыс көмегімен девиантты жеткіншектермен төмендету мүмкін болады, ал бұл өз орнында жалпы жеке тұлға дамуына оң әсерін тигізеді деген болжам жасаймыз.

Зерттеу объектісі: Ақтөбе қаласының №1 мектептің жеткіншектері

Зерттеу пәні: 10 жастағы балалар агрессиясы.

Зерттеудің методологиялық негізі: З. Фрейдтің (психосиматикалық бағыт), Т. Лоренктің (этнологиялық бағыт) еңбектері, Н. Д. Левитов, А. Басса және А. Дарка концепциялары.

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан құралады.

ТАРАУ І. БАЛАЛАР АГРЕССИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ПӘНІ РЕТІНДЕ

1. 1 Агрессивті балалардың психологиялық ерекшеліктері

Ғылымда агрессияның пайда болуы, оның табиғаты және факторлары жайында түрлі көз қарастар бар. Ең алғашқы және ең әйгілі агрессияға қатысты теориялық көз қарас - бұл, оған сәйкес берілген қылық өзінің табиғаты жағынан инстинктивті. . пайда болады, өйткені адамзат генетикалық және конституционалды жағынан бұндай әрекетке «программаланған».

Психологиялық бағыт З. Фрейд өзінің ерте еңбектерінде былай деп тұжырымдаған: барлық адамзаттық қылық тікелей немесе жанама түрде өмір инстинктті, эростан ағымдайды, ал оның қуатын өмірде сақтап қалуға және бекітуге бағытталған. Бұл жалпы контекстте агрессия либидозды импульстердің бұзылуы немесе тұрып қалуына реакция ретінде қарастырылды. Агрессия өмірдің бөлінбес бөлігі ретінде қарастырылды. (30)

Бірінші дүние жүзілік соғыс зардабын шеккен Фрейд біртіндеп агрессияның шығу көзі және мәніне деген күнгірт сенімге келді. Ол екінші негізгі инстинкттің бар болуын мүмкін деп санады. Ол танатос-өмірге ұмтылыс, оның қуаты өмірді бұзу және тоқтауға бағытталған. Ол былай деп тұжырымдады: барлық адамзаттың қылық осы инстинкттің және эростың өзара күрделі байланысының нәтижесі және олардың арасында үнемі байланыс, кернеулік болады. Осылайша танатос агрессияның сыртқа шығуына және басқаларға бағытталуына жанаша түрде әсер етеді.

Фрейдтің эрос және тонтостың өзара әсері жайындағы теориясы төмендегі суретте бейнеленген:

Бұзылу→ Мен→ Сақтау

Өзгеру

Энергия бағыты

Басқаларға бағытталған агрессия

Психоанализ теориясында өлімге ұмтылу инстинктті жайында түсінік қарама-қайшылықты және толық зерттелмеген болып келеді. Бұл түсінік Фрейдтің көптеген шәкірттері жағынан қолдау таппады. Дегенмен, агрессия тума, инстинктивті күштерден бастау алады деген тұжырым бұл критиктер жағынан да қолдау тапты.

Әрі қарай біз адамның агрессивті қылығына эволюционды бағыт позициясынан үш көз қарасты қарастырамыз. Бұл теорияны қолдайтын мәліметтер алдымен жануарлар қылығын қабылдау нәтижесінде алынды. Сөз қозғалып жатқан үш бағыттың ортақ белгісі, адамның агрессияға бейімділігі табиғи іріктеудің әсерінің нәтижесі болатындығын мойындауы.

Этнологиялық бағыт: Лоренц, Нобель, сыйлығының лауреаты, әйгілі этолог агрессияға эволюциондық бағытты ұстамды, Фрейд позициясымен сәйкестікті танытты. Лоренц бойынша, агрессия адамдарда және басқа ірі ағзаларда бар, өмір сүруге күрес инстинктінен бастау алады. Ол бұл инстинкт ұзақ эволюция барысында дамыды деп санады, оның пайдасына үш маңызды фунция куә. Біріншіден, күрес кең географиялық кеңістікте түр өкілдерін жаяды. Сол арқылы бар тамақ ресурстарының максималды утилизациясы қамтамасыз етіледі. Екіншіден, агрессия түрдің генетикалық фондын, ұрпақты тек қана ең қуатты және күшті индивидуалдар қалдыра алатыны арқасында, жақсартуға көмектеседі. Ең аяғында, мықты жануар жақсы қорғанады және өз ұрпағының өмірінің сақталып қалуын қамтамасыз етеді.

Лоренц теориясының ең қызықты жайты оның көмегімен мына факті түсіндіруге болады, адамдарда басқа тірі ағзаларға қарағанда, өз түр өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық кең таралған. Бұл факты Лоренц былай деп түсіндірді, әлемдік лидерлердің үлкен ұлттарды өзін-өзі жоюға апаруға ұмтылысы, бұл адамдардың зорлық-зомбылықтарға қабілетті тума ұстамдылық бастаулар, агрессияның басушы әрекеттер алдында басым болып келеді (Лоренц) .

Агрессия мәселесін зерттеушілердің бірі болып Адридің ақшылық гипотезасы табылды. Голливуд сценаристі, бірнеше кітапты жазды, солардың арқасында көптеген адамдар әйгілі эволюция теориясымен таныс болады. Онда былай деп айтылған: табиғи іріктелу нәтижесінде жаңа түр пайда болды - ақшылар: «Біз аш қалмау үшін шабуыл жасадық. Біз қауіпсіздікті сақтамадық, өйткені тіршілік етуімізді тоқтатар едік. Біз ақшылыққа анатомиялық және физиологиялық жағынан бейімделдік» (30) . Осы ақшылық «табиғат» адам агрессиясының негізін құрайды. Адри айтуынша, нақ осы ақшылық инстинкт табиғи іріктеу нәтижесі ретінде мидың дамуымен бірлесе және қарудың пайда болуымен, өз түрінің өкілдеріне белсенді шабуылдайтын адамды қалыптастырады.

Әлеуметтану биологиялық бағыт. Әлеуметтанушы биологтар табиғи іріктелу процесін түсіндіру үшін белгілі бір спецификалық негіз бар деп санайды. Олардың негізгі келесідей: гендердің әсері соншалықты ұзақ өйткені олар бейімделушілік қылықты қамтамасыз етеді, яғни гендердің «бейімделу» дәрежесі соншалықты, олар репродукция жетістігіне өз үлесін қосады, солардың арқасында болашақ ұрпақта олардың сақталуы кепілденеді. Осылайша, әлеуметтенуші биологтар мынаны дәлелдейді: индивидуалдар ұқсас генді түрлердің өмірін сақтап қалуы үшін әрекет етіп, өз-өзін құрбан етуді және альтруизмді білдіреді, олардан ерекшелінетін немесе туысқандықта тұрмайтын, яғни ортақ гендердің болушының мүмкіндігі аз түрлерге агрессивтілік танытады. Осылайша әлеуметтанушы биологтар біздерді келесідей түсінікке сендіреді: агрессивтілік - бұл индивидуалдарын бар ресурстардан өз бөлігін алу үшін қолданатын құралы; ал ол табиғи іріктеуде жетістікті қамтамасыз етеді.

Агрессивті итермелеуші күштер: фрустрация және агрессия. Итермелеуші күштер теориясы бойынша агрессия көзі, ең алдымен сыртқы себептерден туатын итермелеуші күш. Осы бағыттағы теориялардың арасында әсерлісі фрустрация - агрессия теориясы, бірнеше он жылдықтар бұрын Доллард және оның әріптестерімен ұсынылған. Осы теория бойынша фрустрацияны басынан кешірген индивидте агрессияға итеруші күш пайда болады. Кейбір жағдайларда, агрессивті бағыт белгілі бір сыртқы кедергіге жолығып, сазайтын алу қорқынышын басынып қалады. Дегенмен, итермелеуші күш қалады және агрессивті әрекетке апарады, бірақ агрессивті бағыт нақ фрустраторға емес, басқа объектіге бағытталады. Бұл ығысқа агрессия жөніндегі жалпы түсінік Лишермен қайта қарастырылып толықтырылды, ол осы феноменнің пайда болуын түсіндіріп, жүйелген моделін ұсынды (30) .

Біз қарастыратын соңғы теориялық бағыт, агрессияны әлеуиеттік құбылыс деп қарастырды, ашып айтқанда үйрету процесінде игерілген мінез-құлық формасы ретінде. Әлеуметтік үйрету теориясына сәйкес агрессияны тереңірек түсінуге зейін арқылы жетуге болады: 1) мінез-құлықтың агрессивті моделі қалайша игерілгені; 2) оның пайда болуына итермелеуші факторлар; 3) берілген мінез-құлық моделінің тұрақталуына жағдай жасайтын шарттар. Агрессивті реакциялар тікелей агрессия көрінетін ситуацияларға қатысу жолымен игеріліп тұрақталады. Агрессияға инстинкт немесе итермелеуші күш ретінде қарау көз-қарасына сәйкес. Индивидуалдарды зорлық-зомбылық жасауға итеретін ішкі бір күштер немесе үздіксіз әсер ететін сыртқы стимулдар (мысалға фрустрация) . Ал әлеуметтік үйрету теориясы бойынша, басқа бағыттағы теорияларға қарағанда, агрессия тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда пайда болады деп түсіндіреді (30) .

Агрессия мәселесі бойынша қолда бар әдебиеттерді анализдей отырып, біз қазіргі кезде психологияда, соның ішінде оның қалыптасқан бағыттарында (фрейдизм, бихевиоризм және т. б. ) «агрессия» терминінің жалпыға бірдей түсінігі жоқ деген шешімге келдік.

Осылайша, мысалға К. Бютнер агрессияны «серіктесті балағаттайтын, жарақаттайтын және оның құртуға бағытталған сезім» деп түсінеді (10) . А. Басс агрессия және кекшілдікті айырды, олар әр дайым бір уақытта кездесіп, бірлеспейтіндігін бөліп көрсетеді. Сонда агрессияны бейнелей отырып, А. Басс және А. Дарки оның келесіде көріністеріне сүйенеді: шабуылдау тітіркену, вербалды және жанама агрессия. Кекшілдік авторлар пікірінше ренжу және күмәндануда көрінеді. Агрессия анықтамасына қатысты пікірталастарға қарамастан, қазіргі кезде көпшілік келесідей анықтаманы қабылдайды: агрессия - бұл келесі бір адамға қастық жасауға, жапа шектіруге бағытталған мінез-құлық формасы.

Балалардағы агрессия мәселесін қозғай үшін, «агрессия» және «агрессивтілік» түсініктерін бөліп, анықтап алу қажеттілігі туады. Ең алдымен Н. Д. Левитов адамның және жануардың агрессивті мінез-құлқын айрықша бөліп көрсету қажет деп санайды. Жануарлардың агрессивті мінез-құлқы түсінігі тек биологиялық заңдылықтар шеңберінде қарастырылады, ал адамдар тобының немесе жеке бір адамның агрессивті мінез-құлқы әлеуметтік қоғамдық-тарихи жағдайлармен анықталады. «Агрессия» түсінігі-мәні бойынша, бейнелік түсінік, оның мотиві, себептері жайында ешқандай мәлімет бермейді. Балалар агрессиясының өзіне тән динамикасы болады, бұндай мінез-құлықтың күшеюі тұлғалық даму кризистері кезінде байқалады. Г. М. Бреслов айтуы бойынша «баланың мінез-құлқын этикалық критерилер жағынан бағалау әдістемелік қате болар еді, өйткені этикалық критерилер дамыған адамгершілікті сананы қажет етеді, ал ол балаларда жоқ» (5) .

Агрессия және оның көрінуіне оң әсер ететін немесе керсінше кедергі болатын жеке тұлға қасиеттері және бірқатар психологиялық қасиеттер арасында байланысын зерттеу аса ерекше дейтін қоюды қасиет етеді. Агрессия белгілі бір психологиялық күй бейнесіне пайда болады, берілген жағдайда агрессивті күйде. Н. Д. Левитов агрессивті күйдің танымдық, эмоционалдық және еріктік компоненттерін бөледі. Танымдық - белгілі бір жағдайда бағдарлауды білдіреді және де шабылдау объектісін анықтау. Эмоционалды компонент ызаның пайда болуын түсіндіреді, кейде өзін-өзі ұстай алмайтындай аффект формасында көрінеді. Еріктік компанент Н. Д. Левитов бойынша, «агрессивті әрекетте еріктің барлық формалды қасиеттерін бейнелейді: мақсатты бағыттылық, табандылық». Кейбір жағдайларда - инициативтілік және батылдық. Агрессивті күй және күрес кезінде пайда болады және дамиды, ал қандай да болмасын күрес жоғарыда көрсетілген сапаларды қажет етеді (18) .

Балалардың әрекетінде берілген қасиеттер бар болады, бірақ өте дамымаған формада. Бала дамуының алғашқы кезеңінде пайда болып, агрессия көп уақытқа дейін мінез-құлықты реттейтіндей, қажетті дәрежеде қабылданады және жиі жағдайды адекватты бағалай алмау қабілеті ретінде немесе эмоцияларды жеңе алмау ретінде қабылданады. Л. С. Выготскийдің «педагогикалық психология» еңбегінде мәдени-тарихи бағыт идеялары дамытылған, Л. С. Выготский қоғамдағы моральдік түсініктердің динамикасын, өзгергіштігін айрықша бөледі және бұл жағдайда қоғам өмірінде, әлеуметтік топтарда өтпелі периодтар ерекше күрделі деп айтады. Нәтижесінде бала әр бір жасаған қадамында моральді күзелістерге соқтығысады, түрлі мәдениеттер араласуынан пайда болған.

«Эмоцияларды бақылай алу кез-келген тәрбиенің негізгі міндеті ретінде, оның басқа мінез-құлқы формаларымен байланысты сезімдерді бағындыруды білдіреді» (12) .

«Орта стрессорлары» агрессияның сыртқы детерминанттарында басты рөлге деген пікір бар. Агрессия детерминанттары - бұл агрессияның пайда болу мүмкіндігін жоғарлататын жағдайдың немесе орташа ерекшеліктері. Осы детерминанттардың көбі ортаның физикалық күйімен ассоциацияланған. Мысалға, ауаның жоғарғы температурасы агрессияның немесе керісінше эскапизмнің пайда болу мүмкіндігін жоғарлатады. Негативті аффект моделімен сәйкес, орташа жоғары температуралар, төмен немесе өте жоғарымен салыстырғанда, жоғары дәрежеде агрессивті тенденцияның күшеюіне жағдай жасайды. Басқа орта стрессорлары, мысалы: шу, қызуды күшейтіп агрессияның жоғарлауына жағдай жасайды. Бақылаулар көрсеткендей, агрессивті реакциялар ауада кейбір ластаушы агенттер бар болғанда күшейеді (мысалы, темекі түтікі және т. б. ) . Түрлі тұлғааралық өзара әрекет жағдайлар аспектілері индивидуалды агрессивті реакцияларды жүзеге асыруға итермелеуі мүмкін. Агрессия, жекелік сана-сезім мінездемесіне және дәрежесіне әсер ететін жағдайлар аспектілеріне байланысты күшеюі немесе басылуы мүмкін. Адам өз қылықтарын құрбан адамдардың потенциалды реакциялармен байланыстырған кезде, ашық сана-сезім туралы айтады; адам өзінің ойлары мен уайымдарына сүйенетін болса, тұйық сана-сезім туралы айтамыз. Көрсетілген екі жаңа тұлға сана-сезімінің кез-келген түрлі агрессивті реакциялардың көрінуінің мүмкіндігін төмендетуге жағдай жасайды.

Т. Г. Румянцеваның ойынша «адам агрессиясы теорияларының әдістемелік және концептуалды негіздері қазіргі кездегі жоғарғы дамыған философияның деңгейіне жиі сәйкес келмейді, осыған байланысты теориялардың көп бөлігі адам агрессиясы мәселесі өз мәні бойынша қазіргі заманның өзекті проблемалары деп айтуға негіз береді».

Осыған сүйене отырып, біз қазіргі балалар агрессивтілігін ашуды жөн көрдік. Баланың қоршаған адамдары ата-аналары, тәрбиешісі, мұғалімдері, құрдастарын ғана қозғап қоймай, агрессия баланың өзі үшін де қиыншылықтар тудырады, оның қоршаған адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді. Л. И. Божович ойынша, «агрессивтілік бала үшін мәнсіз болып табылмайды, өйткені баланың агрессивтілік танытуы, оның дамуының барысында күрделі сәтсіздіктің бар болуының нәтижесі» (4) .

Агрессивтілік баланың қоғамдық байланыстар және қатынастар жүйесіндегі сол сәттегі орнын анықтап қана қоймай, оның тұлға дамуына әсері әлде қайда ұзақ болып келеді. Лонгитюдті зерттеулер көрсеткендей агрессивтілік уақыты бойынша тұрақты болып келеді және бала кездегі агрессия кейін жас өспірімдердің тұрақты антиәлеуметтік мінез-құлқына өтуі әбден мүмкін. Осылайша 10 жастан мінез-құлқының жоғарғы агрессивтілік деңгейінен ерекшеленетін балалар, кейін мектеп үлгерімі нашар, интеллектуалды даму деңгейі төмен болатындығы анықталған. Бала жастағы агрессивті қылық баланың қоршаған шындыққа қарым-қатынасына әсер етіп қала қоймай, оның жеке тұлғасының дамуын да анықтайды. 20 - 30-шы жылдары жүргізілген бала агрессивтілігі зерттеулері, берілген мәселені шешкен жоқ, өйткені бала дамуын педагогикалық зерттеу саласында өтті. Балалар психологиясында педология сол кездерде өз алдына балалар психологиясына әсер ету, тәрбиелеу міндеттерін қойды. Балаларды оқыту және тәрбиелеуді адекватты әдістерді іздеу кезінде негізінде зейін жеке тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін диагностикалауға интеллекттің даму деңгейіне, қабілеттерге және де жеке тұлға дамуының ауытқушылықтарына қойылды.

1. 2Балалардағы агрессивті қылық спецификасы

Әлеуметтік үйрету теориясында (Б. Ф. Скиннер, А. Бандура) агрессия балалық шақта қабылданған, әлеуметтік-шартталған мінез-құлық деген түсінік айырықша бөлініп көрсетілді. Скиннер айтуынша, адам қылығы детерминацияланған және қоршаған ортамен реттеледі. Үйрету теориясының аймағындағы жетістіктер себепті анализ фокус гипотетикалық ішкі күштерден қоршаған ортаның әсеріне көшірді (А. Бандураның әлеуметтік когнитивті теориясы) . Адам функциялануының себептерін, оның ойынша қылықтың үздіксіз әсері, таным сферасы және қоршаған орта терминдерінде түсіну қажет. Агрессияның қалыптасуының механизмдері:

  1. Басқа адамдар жағынан агрессивті қылықтың күшейтілуі;
  2. Бақылау арқылы үйрету;
  3. Өз-өзін толықтыру. Агрессивті мінез-қылық моделі ретінде тірі мысалдар (ата-анасы, басқа адамдар, құрдастары) және символикалық үлгілер (телевизор, реклама және т. б. ) .

«Гуманистік психология» термині - 1960ж. басында А. Маслоу басқарған, екі маңызды интеллектуалды бағытқа - психоанализ және бихевиоризмге альтернативаны қалыптастыру мақсатымен біріккен персонологтар тобымен ойластырылып шығарылды (43) . Гуманисттік бағыттық әйгілі өкілдері Э. Формин, К. Роджерс, Р. Мэй және т. б. Маслоу және басқалары ойынша, адамдар жеке мақсаттарын іздеуге мотивтелген және бұл олардың өмірін толық және мәнді етеді. Ол адамдардың барлық қажеттіліктерін тума және инстинктивті деп бөлді:

  1. Физиологиялық қажеттіліктер.
  2. Қауіпсіздік және қорғаныс қажеттілігі.
  3. Махаббат қажеттілігі.
  4. Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі.
  5. Өзін-өзі өзектеу қажеттілігі (жеке тұлғалық жетілу) .

Балалар агрессиясына байланысты, балалардың физиологиялық қажеттіліктері және қауіпсіздік және қорғаныс қажеттілігі, пайда болғанға дейін махаббатты қажет еткенге дейін, қанағаттандырылуы керек. Егер де бұлай болмаса, агрессивті мінез-құлық формасында балада қорғаныс реакциясы көрінеді, ол арқылы бала өз қажеттіліктерін, мысалы, назар, махаббат, шамалы болса да қанағаттандырады (7) .

Балалақы шақта дамитын невроздарды зерттеуге арналған еңбектерде, агрессия қиын жағдайларда адекватты емес жауап беру тәсілі ретінде қарастырылады.

Жеке тұлғаның невротикалық дамуы кезінде агрессивтілік қорғану функциясын атқарады, баланы жарақаттаушы уайымдарын сақтайды (52) .

Бала агрессивтілігінің мәселесі балалар психиатриясы және патопсихология аймағындағы мамандармен де қозғалды. Психикалық бұзылыстар кезінде агрессивтіліктің дамуы индивидтің тек қана тұқымқуалаушылығы немесе конституционалды ерекшеліктерімен ғана емес әлеуметтік-психология факторлардың ықпалымен де анықталады. Балалық шақтағы агрессивтілікке әсер ететіндер: жанұя қатынастарының ерекшеліктері, жанұя тәрбиесінің стильдері, үлкендерден, құрдастарынан, теледидардан көретін агрессивті мінез-құлық.

Кейбір авторлар балалар агрессивтілігін жанұя құрылысымен байланыстырады. Мәліметтер бойынша, агрессивті балалар көп балалы немесе толық емес жанұялардан шығады. Соның ішінде, әкелері балалары туғанға дейін қайтыс болып, аналары баласын жалғыз тәрбиеленген жағдайда. Ол балалар, әкелері бар балаларға қарағанда агрессивті болады (7) .

Баланың агрессиясы ата-аналарының ажырауына деген реакциясы болуы мүмкін. Бұндай жағдайда, ситуацияға деген реакция баланың жынысы, жасына қарай түрлі болуы мүмкін. Балалар агрессиясының жетілмегені кейде себепсіз мәнде болуы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы ер балалар құрдастарына қарағанда жоғары агрессивтілікпен ерекшеленеді. Жанұяның құлдырауы баланы кекшілікке алып келеді, әкесіз тәрбиеленген ер балалар асоциалды қылықпен, үлкендерге бағынбауымен ерекшеленеді. Ата-аналардың ажырасқанға дейін және кейін конфликтілірі, олардың бөлек тұруы, зайыбтарының екінші рет үйленуі, ата-анасының баласымен жаман қарым-қатынасы бала мінез-құлқын қиындататып, негативті уайымдар тудырады. Баланың агрессивтілігі жанұяның басқа мүшелеріне, соның ішінде ағалары, апаларына қызғаныш ретінде көрінуі мүмкін. Бұндай агрессия негізінде ата-анасының зейінін өзіне аудару, үлкендер махаббаты үшін бәсекелестік жатыр. Жанұя тәрбиесінің ерекшеліктері арасында келесілері ерекшеленеді: ата-анасы жағынан жылушылықтың, махаббаттың жетіспеуі, балаларына деген мәнсіз қатынас (46) .

А. Болдуин ата-аналардың тәрбиелік практикасының үш стилін бөліп көрсетеді - демократиялық, бақылаушы және аралас. Тәрбиелеуде демократиялық стильді ұстанатын жанұяларда балалар агрессивтілікке, лидерлікке, әлеуметтік белсенділікке, орташа айқын қабілеттілікке ерекшеленеді. Бірақ, оларды альтруизм және эмпатия әлсіз дамыған. Тәрбиелеудің аралас және бақылаушы стилінде балалар тәртіпті және агрессивті емес болып өседі. Тәрбиелеудің авторлары стилінде, ата-анасының балаға деген салқын қатынаспен ерекшеленетін, балада агрессивтілік қалыптасады. Балалар агрессиясы мәселесімен айналысатын зерттеушілер, балалақы шақтағы агрессияның қалыптасуына алып келетін ата-аналардың тәрбиелік әрекетін бөлек параметрлерін бөлумен айналысуда (54) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Іскер – психологтың коррекциялық жұмыс ерекшелігі
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Агрессия түсінігі. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ
Мектеп психолог қызметінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz