Жас мамандардың жұмыс орнына бейімделуі



КІРІСПЕ
1 ЖАС МАМАННЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері
1.2 Жас маманның жаңа жұмыс орнына бейімделуіне әсер ететін негізгі факторлар
2 ЖАС МАМАННЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеу жұмысының сипаттамасы мен процедурасы
2.2 Зерттеу әдістерінің өңделуі мен нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі дамыған заманда білім нәрімен сусындаған әр адам өз мамандығының шебері болып қалыптасуы тиіс. Соған орай кез-келген оқу орнын бітірген жас маман жаңа жұмысқа орналасқанда сол ортаны алғаш қабылдағаннан бастап, оған бейімделгенше бейімделудің бірнеше сатыларынан өтеді. Болашақ мамандарға қойылатын талаптар да жоғары, сонымен қоса мақсат-міндеттердің күннен күнге өсуі жас маманның өз қызметін үлкен жауапкершілікпен атқаруы тиіс екенін ұқтырады. Жас маманның жаңа жұмыс орнына бейімделуі қазіргі маңызды мәселердің бірі болып саналады. Себебі қоғамды өзгертетін жас маман болғандықтан, оның біліктілігі мен шеңберлегін шыңдай түсуі бейімделу процесінен көрініп отырады. Қазіргі кезде жас мамандардың жұмыссыз жүруінің себебі де жұмыс берушінің оларға осы бейімделу сатысынан өтуіне көмектеспеуінен, сонымен қоса маманның өзінің теориялық алған білімін практикада қолдана алмауынан және сол ортаның талаптарын, нормаларын, ережелерін дұрыс меңгере алмағандығынан болса керек. Жас мамандардың жаңа келген жұмыс орнына бейімделуі оның ұжыммен қарым-қатынасынан да көрініс табады.
Кез келген адамның жаңа ортаға бейімделуі өте мағызды процесс болып табылады. Бұл мәселені көптеген ғалым психологтар өз зерттеулерінде қарастырды. Атап айтсақ, олар Л. Д. Столяренко, Е. А. Ямбург, Е.В. Шорохова, Ф.Б.Березин, Н.А.Свиридов, В.И.Курбатова, Р.Е.Хэнки, Т.А.Шибутани, Ю.Л.Львова, Б.Г.Ананьев, П.Г.Белкин, А.А.Налчаджян, М.И.Бобнева, Л.С.Митина, Е.Г.Эмери, В.Н.Дружинин т.б. көптеген авторлар қарастырды [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16].
1. Солерянко Л. Д. Основы психологии. Вт-е изд. Ростов.н.д. Фешинс, 1997.- 349с.
2. Ямбург, Е.А. Стратегия и тактика развития современной школы: в 2-х т. / Е.А. Ямбург. – М.: Центр «Пед. поиск», 2010.
3. Шорохова Е.В. Психологический аспект проблемы личности// Теоретические проблемы психологии личности. - М., 1974. 439.
4. Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация человека. - Л, 1988. 410.
5. Свиридов Н. А. соцальная адаптация личности в коллективе// Социологические исл. 1980. -№ 3- С.44-55.
6. Социальная работа /Под ред. В. И. Курбатова. - Ростов н/Д: «Феникс», 1999.
7. Хэнки, Р. Соцальная адаптация личности. / Р. Хэнки . М., 1998. 262 с.
8. Шибутании Т. Соцальная психология. – М., Изд-во Наука, 1969.- 520с.
9. Львова Ю.Л. Творческая лаборатория учителя: Из опыта работы. М., 1980.
10. Ананьев Б.Г. Сенсорно-перцептивная организация человека. Познавательные процессы: ощущение, восприятие. М., 1982.
11. Белкин Е.Л. и др. Педагогические основы организации самостоятельной работы студентов. Орел, 1989.
12. Налчаджян А.А. Социально-психологическая адаптация личности. - Ереван, 1988.
13. Бобнева М.И. Психологические механизмы регуляции социального поведения. - М.: Наука, 1979.
14. Митина Л. Профессиональное здоровье учителя: стратегия, концепция, технология //Народное образование. – 1998. - № 9-10. – С. 166-170
15. Эмери, Г. Когнитивная терапия депрессии : научное издание. — СПб.: Питер, 2003.
16. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. - М., 1997. – 124с.
17. Короленко Ц. П. Психофизиология человека в экстремальных условиях. — Л.: Медицина, 1978. — 272 с.
18. Бобнева М.И. Психологические проблемы социального развития личности // Социальная психология личности / Под ред. М.И. Бобневой, Е.В. Шороховой. - М.: Наука, 1979.
19. Курбатов В.И. Социальное проектирование: Учеб. пособие для студентов вузов. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2001.
20. Қалымбетова Э.К., Байтемирова Қ.Б. Кəсіби іс-əрекет барысындағы кəсіби деформацияның психологиялық ерекшелігі. ҚазҰПУ Хабаршысы, Психологии және әлеуметтану сериясы,2001.- № 2 (37)- 19-22 бет
21. Жайтапова А.Р. Шайхова М.А. Жастардың әлеуметтік бейімделу мәселесі. Ұлағат.жур. 2004.- № 6- 109-115б.
22. Бережная М.С. Педагогическая система социокультурной адаптации моло-дежи средствами художественного творчества – М., ИХО РАО, 2007 г. – 16,5 п.л.
23. Бобнева М.И. Социально-психологические последствия аварии на ЧАЭС и меры по ликвидации последствий//Сб.трудов Всероссийской конференции.Радиоэкологические, медицинские и социально-экономические последствия аварии на ЧАЭС.Реабилитация территории и населения.- М.: Научно-методический центр Голицино, 1995.-С.188.
24. Градева Д . Социальная адаптация.- М.,1996. - 431с.
25. Шорохова, Е.В. Психологический анализ нравственной устойчивости личности / Е.В. Шорохова. - М.: Наука, 1983. - 158 с.
26. Триандис Гарри К. Культура и социальное поведение, учебное пособие /Г.К.Триандис; пер. В.А.Соснин. – М.: Форум, 2007. – 382 с.
27. Белкин П.Г. О некоторых теоретических и методологических проблемах социальной адаптации // Философско-методологические аспекты гуманитарных наук. М., 1981.
28. Бернар К. Лекции по экспериментальной патологии. М. – Л., 1937
29. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. М., 1994.
30. Фрейд З. Психология и защитные механизмы. М., 1993.
31. Селье, Г. Очерки об адаптационном синдроме / Г. Селье. –М., 1960.
32. Реан A.A. Практическая психодиагностика. М.: Наука, 1999. - 123 с.
33. Эриксон Э. Идентичность: юность, кризис. М., 1996.
34. Короленко Ц.П. Социодинамическая психиатрия. – М.: «Академический Проект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2000. – 460 с.
35. Столяренко Л.Д. Основы психологии: практикум. – М: Феникс, 2002 – 412 с.
36. Петровский В.А. Психология неадаптивной активности. М.: Российский открытый университет, 1992. 213 с.
37. Павлов И.П. Двадцатилетний опыт объективного изучения высшей нервной деятельности (поведения) животных. М.: МГУ, 1951. 421 с.
38. Сеченов И.М. Избранные философские сочинения. М., 1947. 412 с.
39. Анохин П.К. Очерки по физиологии функциональной системы. М: Медицина, 1975.-447 с.
40. Жмыриков А. Н. Диагностика социально-психологической адаптированности личности в новых условиях деятельности и общения. - СПб., 2004.
41. Маклаков А.Г. Психологические механизмы поведения типа А у молодых людей в период адаптации к длительным психоэмоциональным нагрузкам // Психол. журнал. - 1993.- №6. - С. 86-94.
42. Милославова И.А. Понятие и структура социальной адаптации. Автореф. Дисс.канд.филос.наук, Л.,1974.
43. Свиридов Н.А. Некоторые методологические проблемы социальной адаптации личности. Владивосток, 1979.
44. Братусь Б. С. Психологический анализ изменений личности при алкоголизме.— М.: Изд-во МГУ, 1974.
45. Зелинский А. Ф. Осознаваемое и неосознаваемое в преступном поведении.— Харьков, 1986.
46. Бубнова С. Психологические аспекты профессиональной консультации.//Психологический журнал, 1990, № 1, 67-72.
47. Веснин В.Р. Практический менеджмент персонала, М., 1998. Стр. 206-224.
48. Қалымбетова Э. К. Еңбек псиологиясы. А. 2007. – 108б.
49. Щурова, Н.Е. Педагогическая технология / Н.Е.Щурова. М.: Педагогическое общество России, 2002. - 224 с.
50. Қалымбетова Э. К. Кәсіпке бейімделу мен мәнді-құндылықтық бағдарларды қалыптастыру ерекшеліктері. дис. 134-149б.
51. Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996, 308 с. 157. Мартынова Г.И. Социальное самочувствие женщин в условиях новой экономики. /Социальные трансформации и положение женщин в России. Международная научная конференция. Иваново, 1995, 3-7.
52. Львова Ю. Л. Творческая лаборатория учителя. М.: Просвещение, 1992. - 220 с.
53. Митина Л.М. Проблемы профессиональной социализации личности. Кемерово, 1996. - 160 с.
54. Основы и проблемы экономики предприятия. Пер. с нем. / Под ред. А. Г. Поршнова. - М.: Финансы и статистика, 2005.
55. Кухарева Т.А. Адаптация молодых специалистов - инжереров\ Автореф. дис.канд. психол-наук. - Л., 1980 - 345с.
56. Насырова И. Г. Профессиональная адаптации. Авто. реф.дис. канд. Пед. наук. -М., 1985. - 193с.
57. Платонов К. К. Структура и развитие личности. М., 1986. - 254 с.
58. Андреева Г. М. К проблематике психологии социального познание // Мир психологии. – 1999, -№ 6- С. 45- 47.
59. Труд в Казахстане. Адаптация молодых специалистов к профессиональной деятельности в условиях современного рынка. - А., 2003.- № 2- С. 115-119.
60. Андреева Г. М. Социольная психология. - М., Аспект - Пресс, 1997- 376с.
61. Юревич А. В., Аверьянов С.Р. Адаптация к трудовой деятельности. // Физиология трудовой деятельности. – СПб.: Наука. 1993. –229с.
62. Түңлікбаева Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды - статастикалық әдістер. Алматы – 1999. 115б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Жас мамандардың жұмыс орнына бейімделуі

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі дамыған заманда білім нәрімен
сусындаған әр адам өз мамандығының шебері болып қалыптасуы тиіс. Соған
орай кез-келген оқу орнын бітірген жас маман жаңа жұмысқа орналасқанда сол
ортаны алғаш қабылдағаннан бастап, оған бейімделгенше бейімделудің бірнеше
сатыларынан өтеді. Болашақ мамандарға қойылатын талаптар да жоғары, сонымен
қоса мақсат-міндеттердің күннен күнге өсуі жас маманның өз қызметін үлкен
жауапкершілікпен атқаруы тиіс екенін ұқтырады. Жас маманның жаңа жұмыс
орнына бейімделуі қазіргі маңызды мәселердің бірі болып саналады. Себебі
қоғамды өзгертетін жас маман болғандықтан, оның біліктілігі мен шеңберлегін
шыңдай түсуі бейімделу процесінен көрініп отырады. Қазіргі кезде жас
мамандардың жұмыссыз жүруінің себебі де жұмыс берушінің оларға осы
бейімделу сатысынан өтуіне көмектеспеуінен, сонымен қоса маманның өзінің
теориялық алған білімін практикада қолдана алмауынан және сол ортаның
талаптарын, нормаларын, ережелерін дұрыс меңгере алмағандығынан болса
керек. Жас мамандардың жаңа келген жұмыс орнына бейімделуі оның ұжыммен
қарым-қатынасынан да көрініс табады.
Кез келген адамның жаңа ортаға бейімделуі өте мағызды процесс болып
табылады. Бұл мәселені көптеген ғалым психологтар өз зерттеулерінде
қарастырды. Атап айтсақ, олар Л. Д. Столяренко, Е. А. Ямбург, Е.В.
Шорохова, Ф.Б.Березин, Н.А.Свиридов, В.И.Курбатова, Р.Е.Хэнки,
Т.А.Шибутани, Ю.Л.Львова, Б.Г.Ананьев, П.Г.Белкин, А.А.Налчаджян,
М.И.Бобнева, Л.С.Митина, Е.Г.Эмери, В.Н.Дружинин т.б. көптеген авторлар
қарастырды [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,1 5,16].
Ал Ц.П.Караленко, М.И.Бобнева, Е.В.Шорохова, В.И.Курбатова және т.б.
бейімделу түсінігіне өз анықтамаларын ұсынған [17,18,3,19].
Кез-келген жоғарғы оқу орнын бітірген жас маман өзінің мамандығы
бойынша жұмыс істеп, алған теориялық білімін практикалық түрде көрсете алуы
тиіс. Бірақ бұл процесс өте күрделі болып табылады. Себебі жаңа ортаға,
жаңа ұжымға келген адам бірден өзін көрсете алмайды. Жас маманға қандай да
бір көмек керек. Әсіресе, жаңа жұмыс орнына келген жас маман бейімделудің
барлық сатысынан өтеді. Өйткені жұмысқа бейімделу, біріншіден, жас маманның
қажетті теориялық білімі болуын қажет етеді. Екіншіден, оның өзіндік
қабілетінің өте жоғары болуын қажет етеді. Үшіншіден, жас маманның
тәжірибесі мен практикалық қабілетінің болуын қатаң түрде талап етеді.
Әрине, бұл көрсетілгендер шартты түрде болғанымен маңызды ролді иеленеді.
Осылардың барлық түрі де қоғамдық процестердің әлеуметтік қатынастың
жемісі. Жалпы алғанда көптеген ғылыми тұжырымдар бойынша тұлғаның сана
қалыптасуындағы бірден-бір фактор еңбек процесі болып табылады. Ал жаңа
жұмыс орнына бейімделу еңбек процесімен өте тығыз процесс екендігі
белгілі. Оның негізгі мәні – қоғамдық мән. Еңбек әрекеті табиғаты жағынан
ұжымдық, қоғамдық қызмет түрі. Сондықтан да жаңа жұмыс орнына бейімделу
жинақталған тәжірибеге байланысты. Себебі ол жеке іске аспайды, қоғаммен
біріге отырып іске асатын процесс болып табылады. Материалдық және рухани
бірліктердің барлығы ғылым, білімнің жемісі болса, еңбек әрекеті
әлеуметтену нәтижесі ғана емес, әлеуметтенудің қорғаушы күші екендігі
даусыз. Сондықтан жұмысқа бейімделу әлеуметтенудің қоғамдық жүйелерінің
бірлескен әрі тоқтаусыз қызметінің нәтижесінде іске асады. Қоғам тарапынан
жас маманға қойылатын талаптардың өсуін тақырыптың өзектілігімен
байланыстыруға болады.
Зерттеу мақсаты. Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделу
ерешеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері.
- Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуінің негізгі
ерекшеліктері мен факторларын теориялық тұрғыда зерттеу.
- Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуін айқындайтын
диагностикалық әдістерді іріктеу.
- Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуін диагностикалық
тұрғыда зерттеу арқылы алынған нәтижелерді қорытындылау.
Зерттеу болжамы. Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуіне
олардың тұлғааралық қарым-қатынас деңгейі әсер етеді.
Зерттеу нысаны. Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуі.
Зерттеу пәні. Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуінің негізгі
ерекшеліктері.
Әдістамалық және теориялық негіздері. Зерттеуде А.К.Порштовтың жас
маманның жаңа жұмыс орнына бейімделуінің негізгі сатылары туралы идиясы,
Ф.Б.Березин мен Р.Е.Хэнки, Т.А.Шибутанидің әлеуметтік бейімделу туралы
идеясы, Л.Г.Филипстің бейімделудің интеракционалистік концепциясы, А.Г.
Весниннің бейімделудің негізгі түрлері туралы идиясы, Э.К.Қалымбетованың
кәсіпке бейімделу мен кәсіби мәнді-құндылықтық бағдарларды қалыптастыру
ерекшеліктері идеясы басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері. Қойылған мақсаттарға байланысты зерттеу әдістерінің
жүйесіне жас маманның жаңа жұмыс орнына бейімделуін анықтау үшін К.Роджерс-
Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу сұрақнамасы, жас
мамандардың тұлғалық қарым-қатынасын анықтау мақсатында Т.Лиридің
Тұлғааралық қатынасты диагностикалау әдістемесі, жас мамандардың
бейімделу ерекшеліктерін анықтайтын анкеталық сұрақнамалар қолданылды.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Жас маманның жаңа
жұмыс орнына бейімделуін әдістемелер арқылы зерттеу барысында
диагностикалық әдістер кешені нәтижелі зерттеу құруға мүмкіндік береді.
Алынған теориялық тұжырымдамалар және практикалық нұсқауларды жас
мамандардың жаңа жұмыс орнына бейімделуінде кеңес беру, аттестациялау
жұмыстарында қолдануға болады. Шығарылған нәтижелер арқылы жас мамандардың
жаңа жұмыс орнына бейімделуі қоғаммен тікелей бірге жүретін процесс екені
анықталынып, толықтырылды. Сонымен қоса, жас мамандардың жаңа жұмыс орнына
бейімделуі тек тұлғаның өзіне ғана емес, тұлғааралық қарым-қатынастың
негізінде жүзеге асатынының маңыздылығы дәлеледенді. Бұл жас мамандардың
жаңа жұмыс орнына бейімделуінің психологиялық ерекшелігінің практикалық
маңыздылығын толықтырады.
Зерттеу базасы. Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Зертеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ЖАС МАМАННЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Жас маманның жаңа жұмыс жағдайына бейімделуінің психологиялық
ерекшеліктері

Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызды жағы болып
табылады, себебі ол арқылы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы іске асып, өз
мүмкіншіліктерінің толығымен жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Тұлғаның ішкі
позициясының дамуы көп жағдайда тұлғаның кәсіби маман ретінде дамуымен
анықталады деуге болады. Адамның ішкі позициясы өзінің объективті
бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрінеді. Әлеуметтік
аспектілердегі жас маманның бейімделуі қоғам дамуын қамтамасыз ететін
тәсілдермен, құралдармен тікелей байланысты болады [20].
Адамның бейімделуі организм-табиғи орта қатынасы аймағындағы
психофизиологиялық бейімделу және тұлға-әлеуметтік орта қатынасы
жүйесіндегі әлеуметтік бейімделу ретінде болады. Гуманитарлық білім
саласында бейімделу термині философияда, социологияда және психологияда
жиі кездеседі, бұл жерде ол өздігінен құрылатын жүйелердің ортаның
өзгермелі жағдайына бейімделу үдерісін білдіреді.
Т.Шибутани әлеуметтік бейімдеуді бірқатар актілер ретінде түсіндіреді,
оның әр қайсысы организмнің ішкі келіспеушіліктерінен, теңдіктің бұзылуынан
басталады да оны қалпына келтірумен аяқталады.
Т.Шибутани бойынша бейімдеу механизмі жағдайды ой елегінен өткізу, оны
эмоционалды күйзелу, қиын жағдайдан шығуды іздеу, іс-әрекет жоспары және
бейімделу стратегиясын таңдауды анықтайтын әрекеттің өзі болып табылады.
Бейімделу ішкі белсенділікпен, қиындықтарды жеңуге ұмтылушылықпен және
сыртқы әрекеттердің (мінез құлықтық) мазмұндылығымен сипатталады. Сонымен
біз бейімделуді индивидтің ұстанымдары, сенімдері және т.б. және қоршаған
ортаның жағдайлары арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюға бағытталған оны
өзгерту үдерісі ретінде, өзін тұлға ретінде сақтауды қарастырамыз [8].
Дербес жағдай ретінде біз психологиялық бейімделуді қарастырамыз, оның
құраушылары тұлғаның тәжірибені белсенді түрде меңгеруі, қарым –қатынас
дағдыларын игеруі, тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттесуі болып
табылады, олар тұлғаның мақсаты мен құндылықтарына және ортаның тиімді
қатынасына алып келеді. Сондай-ақ тұлғааралық потенциалды өмірдің нақты
жағдайларында жағымды эмоционалды өзін-өзі сезіну барысында іске асыруға
болады.
Психологияда бейімдеу тұлғаның ішкі күйінің қоршаған орта мен үйлесуі
ретінде анықталады. Бейімдеуді күзетуші өзгертулер организмнің барлық
деңгейлеріне әсер етеді, яғни молекулалықтан іс-әрекетті психологиялық
регуляциялауға дейін. Психологиялық бейімделу құрылымына танымдық,
эмоционалды-еріктік, мотивациялық және практикалық аспектілер енеді. Оның
тиімділігі тұлғаның өзін қабылдауының және өзінің әлеуметтік
байланыстарының барабарлығынан тәуелді болады.
М.С.Бережная жабдықталу дәрежесін нақты мәдени үдерістің элеметтерімен
және алынған білімдерді педагогикалық практикада қолдану мүмкіндігімен
анықтай отырып, бейімдеуді адамды мәдениетке қатыстыру үдерісі ретінде
анықтайды [22].
Ал Бобнева М.И.  Әлеуметтену мен әлеуметтік – психологиялық бейімделу
процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизімдер,
бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік орта мен өзара әрекет етуін жеке
алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивациялық құрылымы, психикалық құрылымы,
кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтеу процесінде әлеуметтік
жағдайдың әсерімен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі, тұлғаның  қоғамда,
нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады деп
тұжырымдайды [23]. Осы тұжырымдамаларға сүйене отырып, дипломдық жұмыста
әлеуметтену үрдісі мен әлеуметтік-психологиялық бейімделу үрдісін бір-
бірімен тығыз байланысты, өте ұқсас үрдіс ретінде қарастырдық.
 Психология ғылымында бейімделу теориялық сипаттамасында адам кез-
келген жағдайда өзін жақсы сезінуі үшін, әр түрлі жағдайларға икемделе,
бейімделе алуы өте маңызды болып табылады деп қарастырылған.
Латын тілінен аударғанда бейімделу - икемделу, үйлесу деген мағананы
береді. Қазіргі уақытқа дейін бейімделу түсінігінің нақты бір ашып
түсіндіретін анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп
мәнділігі сонша, әрбір зерттеуші өзінің зерттеуіне байланысты әр түрлі
жауап қайтарады деген.
Бейімделу үрдісі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбіне
обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік
тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б байланысты.
Тұлғаның әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселесі психология
ғылымындағы және психология ғылымының басқа да аймағындағы күрделі
мәселелердің бірі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік–психологиялық
мәселесі ауқымды түрде теориялық және қолданбалы маңызды иеленеді. Адамды
қоғамға, әлеуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік
тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым–қатынас және мәдени тәжірибелерге
бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады.
Адамның бейімделу ерекшелігі әлеуметтік әлемге бірте–бірте енуімен
мінез–құлық, жүріс–тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесімен,
адамның әлеуметтенуімен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу
әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады [24].
Психологиялық әдебиеттерде осы екі түсінік қатынасы жайлы түрлі
пікірлер айтылады. Е.В.Шорохова бойынша әлеуметтену сөзіне бейімделу
түсінігін енгізеді [25].
Әлеуметтену, тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, бұлар қоғам мен
тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай үрдісін сипаттайды, сондай–ақ
әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.
Әлеуметтену тұлғаны қоғамдық қарым – қатынас жүйесіне енгізу, сонымен
қатар қоғамдық қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін менгеру. Сонымен,
әлеуметтенудің негізгі функциясы - индивидтің қоғамда қалыпты функциялануын
қамтамасыз ету. Сәйкесінше әлеуметтік – психологиялық бейімделу процесіне
темперамент ерекшелігімен, құндылық бағдарымен, қызығушылығымен, тұлғаның
ішкі құрылымдық іс - әрекетімен және қоғамдық белгіленген мінез – құлықпен
жетеді.
Тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі,
көбінесе, адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және
оның әлеуметтік дамуына байланысты болады.
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік
пайдалы қарым – қатынас, мінез–құлық, іс - әрекеттің өзгеруіне бағытталған.
Психологиялық бейімделу - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез
–құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын,
бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары
бір – бірі мен үздіксіз байланыста.
Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған
ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы және іс-әрекетінің
сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез – құлықтың сай
болуы. Сәтті әлеуметтік бейімделу, ол тұлғаның ортаға әлеуметтік –
психологиялық бейімделуіне негіз болады.
Негізінде көптеген адамдар басқа елден білім алуға, жұмыс істеуге
талпынады, осыған байланысты Г.Триандис (1994) бейімделу процесінің бес
кезеңін бөліп көрсетеді.
Бірінші кезең, бал айы деп аталады, ол көтерінкі көңіл күй, үлкен
үміттің көрінуімен сипатталады. Бірақ бұл кезең жылдам екінші кезеңге
өтеді.
Екінші кезең, жаңа ортаға енуде ортаның теріс әсерлерінің әсер ете
бастауы. Көптеген жағдайда көңілдері толмай, барлық нәрседен көңілдері
қалып, тіпті бұл жағдай кейбір кездерде фрустрация мен депрессияға өтіп
кетуі мүмкін. Бұл жағдайда көбі нақтылықтан қашуға тырысады.
Үшінші кезең - қиын қыстау кезіңіне жетуі мүмкін, ауырлықты және толық
әлсіздікті сезінеді. Жаңа ортаға сәтті бейімделе алмаған адамдардың көбі
жұмыс орнын ауыстыруға тырысады.
Төртінші кезең - депрессия – оптимизацияға ауыса бастайды да өзіне
деген сенімділік және қанағаттану сезімін сезіне бастайды. Адам өзінің
икемделе бастағанын сезіне бастайды. Берри терминалогиясы бойынша – бұл
кезең толық немесе ұзақ кезең деп аталады. Ортаның талабына индивидтің
тұрақты өзгеруі. Бейімделу процесіне орта мен индивид өзара сәйкестікке
келеді. Осы кезеңді бейімделу процесінің аяқталуы деп те айтуға болады
[26].
Әлеуметтік – психологиялық бейімделу адамның дара ерекшеліктері мен
және қоғамдағы тұлғаның бағыты мен байланысты күрделі құбылыс. Қоғамда
тұлғаның бейімделуі үшін қоғам және тұлғаның міндеттері, мақсатының
ұқсастығы, пікірге қосылуы ерекше болып табылады.
П.Г.Белкиннің ойы бойынша – әлеуметтік – психологиялық бейімделу
даралықты дамыту жағдайларының бірі. Даралылықтың тұрақты қырының болуы
бейімделу процесінің жетістігінің бір көрсеткіші. Бірақ кейбір жағдайларда
нақты осы даралық сол немесе басқа топта тұлғаның бейімделуіне кедергі
келтіруі мүмкін [27].
Бейімделу механизімінің құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын
қамтамасыз етеді. Өмір әрекеті процесінде бейімделу механизімінің құрылуы
автоматтандырылған әдет, дағды, мінез – құлық, бейсаналы аймаққа өтеді. Бұл
даралықтың дамуы үшін шексіз мүмкіншілікті ашады.
Кез келген тірі ағзаға белгілі ортада өмір сүреді, ол сыртқы ортадан
міндетті түрде өмірге қажетті компоненттерді үнемі алуға мәжбүрлі. Тірі
ағзаны сыртқы ортадан шектеу, оның өлуіне әкеледі. Сондықтан тірі ағза ішкі
теңдікке жетуге талпынуда, ол бір уақытта тұрған орта жағдайына бейімделуі
керек. Осы құбылыс бейімделу түсінігінің сипатын анықтайды. К.Бернар
жұмысынан бастап бейімделуді теңсіз жүйелер аралығындағы қатынас ретінде
қозғалмалы құрылудың жиынтығы деп қарастырылады [28].
Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж.Пиаженің
интелектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды
дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда
икемделу барысында аккомадация және ассимиляция процесі бірігеді, ал
олардың қосылуы бейімделуді білдіреді. Ж.Пиаже аккомадацияны – жаңа
ақпаратты меңгеру мақсатында ақыл - ой белсенділік механизімін қайта құру
ретінде қарастырады, ал ассимиляция – сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша
қайта құру деп түсіндіріледі [29].
Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы
бейімделу процесінің арасындағы өз ара қарым – қатынасты зерттеу және
индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер
болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға
мүмкіндік береді.
Бейімделу өзгеріс пен болуы мүмкін, яғни индивид ойы оның психо
физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде З.Фрейдтің
аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды
болып табылады [30].
Жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделу реакциясының қарқындылығы
бірқатар жалпы арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу синдромы деп
аталады. Бейімделу синдромы - стрессордың, яғни жағымсыз әсерлердің
созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар
мен адамдар ағзасының бейімделу реакциясының жиынтығы. Стрессор әсерінен
дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық
физиолог Г.Селье бейімделу синдромының негізгі симптомдары болып бүйрек
үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады
[31].
Адам орта балансының бұзылысында белсенді қажеттілікті
қанағаттандыруға арналған немесе сол қанағаттану жүйесі мен келісу үшін
индивидиумның психикалық немесе физикалық ресурстарының жетіспеушілігі
мазасыздық негізі болып табылады. Мазасыздану былайша көрсетіледі
- белгісіз қауіпті сезіну,
- қауіптену және мазасыз күту сезімі,
- белгісіз алаңдаушылық психикалық стрестің өте күшті механизімін
көрсетеді. Бұның өзі айтылып кеткендегідей қауіпті сезінуден шығады, өзінің
мазасыздану орталық элементін және оның биологиялық маңыздылығын қауіптілік
және жағымсыз сигнал ретінде алады.
Мазасыздану қарқындылығы және ұзақтығы бойынша дәлме - дәл жағдай,
бейімделу мінез – құлықтың құрылуына кедергі келтіріп, мінез – құлық
интеграциясының бұзылуына әкеледі және адамның психикалық ұйымдаспауына
әкеледі. Бұл жағдайда мазасыздану кез – келген психикалық стресс пен
игерілген мінез – құлық және психикалық жағдайдың өзгеруінің негізінде
жатыр.
Психикалық бейімделу процесінің элементін көрсететін мазасыздық
қатарын көрсетуге болады:
- ішкі шиеленісуді сезіну
- мазасызданудың реңі өте айқын емес, тек оның жақындауының сигналы
болып ішкі жан дүниесіндегі ауыр дискомфорттың құрылуы.
- гиперстезиялық реакция – үрей өсіп, алдынғы бейтарап стимулдар
теріс бейнені алып тітіркендіргіш жоғарлайды.
- өзіндік мазасыздану – қарастыратын қатардың орталық элементі
белгісіз үрейді сезіну мен көрінеді.
- Қорқыныш – белгілі обьектіде айқындалған үрей. Бірақ обьекті мен
байланысты үрейлер оның себебіде болмауы мүмкін, субьектіде үрейді нақты
бір әрекеттер арқылы шектеуге болады деген көрініс туады.
- Болмай қоймайтын апатты сезіну – мазасыздық бұзылыстарының
қарқындылығының өсуі субьектіде сақтанып қалу мүмкін емес деген көрініс
туады.
- Мазасыз үрейлі қорқу – үрей негізіндегі ұйымдасудың бұзылысы
жоғарлайды және мақсатқа бағытталған әрекеттің мүмкінділігі жойылады.
Мазасызданудың күшеюі екі өзара байланысқан бейімделу механизім
әрекетінің қарқындылығының өсуіне әкеледі.
А.А Реан бейімделу синдромының даму негізінде үш сатыны бөліп
көрсетеді.
1) Мазасыздану сатысы – бірнеше сағаттан екі тәулікке созылып өзіне
екі фазаны енгізеді; шок және мақсатқа қарсы, сонғысында ағзаның қорғаныс
реакциясын жұмылдыру болады.
2) Қарсыласу сатысы - ағзаның түрлі әсерлерге тұрақтылығының
жоғарлауы. Осы саты жағдайдың тұрақталуына және созылуына әкеледі немесе
бейімделу синдромының сонғы сатысына - әлсіреу, титықтау сатысына, яғни
ағзаның өлуіне әкелуі мүмкін сатыға өтеді. Осы сатылар кез – келген
бейімделу процесіне тән.
Осы бейімделу мәселесін зерттеуде Реан А.А. үш бағытты бөліп
көрсетеді. Бірінші бағытқа негізінен тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара
әрекет етуінің психоаналетикалық тұрғысын жатқызуға болады. Негізінде
психосаматикалық және психофизиологиялық мәселелер мен байланысты. Толығы
мен осы бағыт шеңберінде әлеуметтік бейімделу – сыртқы орта талабына
тұлғаның гомеостатикалық теңдігінің көріну нәтижесі ретінде талданады.
Бейімделу процесінің мазмұнын жинап қортылған түр-пішіні бойынша
сипатталады: қақтығыс – үрей қорғаныс реакциясы [32].
Психоаналетикалық және психологиялық бағдар жұмысының авторларынан
басқа осы тұрғыға жақын Г.Сельенің (1979-1992) жалпы бейімделу синдром
концепциясы жүзеге асырылады. Осы бағыт шегінде қақтығыс әлеуметтік ортаның
шек қоятын талаптары мен тұлғаның қажеттіліктерінің сәйкестенбеуі ретінде
қарастырылады. Қақтығыс нәтижесі болып – жеке тұлғаның үрей жағдайын
өзектілеу болып табылады. Осы тұрғыда тұлғаның бейімделу денгейі оның
эмоционалды өзіндік көңіл-күй түрі мен анықталады. Осының салдарынан
бейімделудің екі денгейін көрсетуге болады: бейімделу және бейімделе алмау
[31].
Бейімделу – тұлғада үрейдің болмауымен байланысты. Бейімделе алмау –
үрей жағдайының көрінуімен байланысты.
Бұл жерде Э.Эриксон тұрғысына көңіл аудару керек және осы бағыт
бойынша әлеуметтік бейімделуді зерттеуде елеулі ерекшеліктер бар. Бұл
ерекшеліктер Э.Эриксон бойынша бейімделу процесінде формула бойынша
сипатталады: қайшылық үрей ортада индивидтің қорғаныс реакцияларының
жетіспегендігінен болады.
Екінші бағытта тұлға құндылықтары мен социум құндылықтарының
сәйкестенуі қарастырылады. Сонымен бірге бейімделген индивидте белгілі
қажетті тұлғалық қасиеттер дамиды деп шамалайды. Бұл тұрғыда:
гомеостатикалық кейіп шегінде бейімделу түсінігі сынға алынады. Гуманистік
психологияда гомеостаз идеясына қарама – қарсы, тұлға мен ортаның үйлесімді
өзара әрекет ету жайлы ой желісі қозғалады. Мұнда оны динамика ретінде
қолданады. Бұл тұрғыда бейімделу процесінің түр-пішінінің сипатталуына
қақтығыс-фрустрация – икемделу актілері және де қақтығыс тұлғаларының кез-
келген қажеттіліктері мен келісу барысында емес, ол тек тұлғаның негізгі,
басты қажеттіліктерді фрустрациялауда пайда болады. Олардың санына
А.Маслоудың физиологиялық қажеттіліктері, қауіпсіздік қажеттіліктерін, өзін
жетілдіру қажеттіліктерін қосады [33].
Ал Ц.П.Караленко бейімделуді - ағзаның құрылысы және функциясы,
оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді.
Л.Д.Столяренко бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі
қолайсыздықты сезінбей және ортақ қақтығыссыз икемделе алу қабілеті - деп
қарастырады [34,35].
Жоғарыда келтіріліп кеткендей бейімделу процесі әр түрлі денгейде
жүзеге асырылуы мүмкін: Биологиялық, физиологиялық, психологиялық және
әлеуметтік.Осы денгейлердің ішіндегі біздің таңдап алған тақырыбымызға
тікелей байланысы әлеуметтік және психологиялық бейімделу деңгейіне
толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
Сонымен психологиялық денгейде – бейімделу нәтижелі шешім қабылдау
ынтасының, ықыласының көрінуі мен жауапкершілікті қабылдауы ұсынылған
әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады. Әлеуметтік бейімделу – бұл
әлеуметтік орта мен нәтижелі өзара әрекет ету процесі. Ол әлеуметтенумен
байланысты индивид әлеуметтік орта мен өзара әрекет ету процесі нәтижесінде
әлеуметтік механизімдерін меңгеріп және оның бейімделу мәнділігі бар
ережелерді үйренеді.
Әлеуметтік бейімделу процесін міндетті түрде үш денгейде қарастыру
қажет:

1) қоғам (макроорта) – тұлғаның және әлеуметтік – экономикалық,
саяси, рухани және қоғамның мәдени дамуына бейімделуі.
2) әлеуметтік топ (микроорта) – адамның бейімделуі немесе керісінше
әлеуметтік топ пен адамның қызығушылығының түйіспеуі.
3) индивидтің өзі (тұлға ішілік бейімделу) – үйлесімділікке талпыну,
ішкі позициясы мен өзін бағалауын басқа индивидиум позициясымен баланс
жасау. Философиялық энциклопедиялық сөздікте бейімделу мәселесі былайша
қарастырылады: әлеуметтік бейімделу - әлеуметтік ортада әлеуметтік топ пен
тұлғаның өзара әрекет ету түрі. Психологиялық бейімделу – тұлғаның
белсенділігі және аккомадация, ассимиляция бірлігі ретінде көрінеді. Орта
тұлғаға немесе топқа әсер етеді. Осыдан бейімделу бір уақытта тұлғаның
немесе топтың белсенділігін бейімдейді. Бейімделудің бұндай механизімі
тұлғаның әлеуметтену процесінде құрылып, оның мінез – құлық және іс -
әрекет негізі болып табылады.
Адамдағы бейімделуді зерттеуде оның психикалық деңгейін ескермеу
мүмкін емес. Адамның психикалық дамуы қоғамдық процесте, ұжымда, табиғатта
болып жатқандарды дұрыс түсінуге, ортаға икемделуіне әкеледі. Бейімделу
мүмкіндігінің көлемі немесе мөлшері психикалық және психофизиологиялық
бейімделудің пайда болуымен байланысты. Сонымен бірге олардың өзгеруіне
байланысты басқа биологиялық обьектіге тән икемделу функциясы сақталады.
Адамның бейімделуінің жануарлардан айырмашылығы тек ортаға икемделуіне
байланысты ғана емес, ең алдымен ол өзінің қажеттілігіне сәйкес икемделуі.
Белсенді қажеттілікті қанағаттандыру, бейімделу процесінің нәтижелілігінің
маңызды критериі болады. Бұдан психикалық бейімделуді – адамға тән іс-
әркетті орындау барысында қоршаған орта мен тұлғаның үйлесімділігін
орнату, индивидтің белсенді қажеттіліктерін қанағаттандыруға және онымен
байланысты маңызды мақсат жүзеге асырылады және адамның іс – әрекетін оның
мінез қылығын орта талабымен сәйкестігін қамтамасыз ететін процесс ретінде
анықтауға болады.
Психикалық бейімделу толығымен процесс болып табылады, өзіндік
психикалық бейімделу екі аспектіні қамтиды: индивидиумның ортамен үнемі
өзара әсер етуін үйлесімді ету, психикалық және физиологиялық сипаттар
арасында дәлме – дәл сәйкестігін орнату. Әлеуметтік топтарда психикалық
бейімделуді нәтижелі ететін маңызды фактор болып - әлеуметтік тұтастылық,
тұлғааралық қарым – қатынасты орната алу қабілеті болып табылады. Адамның
психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесс болып табылады. Жағымсыз
жағдайлардың әсерінде осы бейімделудің түрі ең бірінші өзгеріске ұшырайды
және басқа бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. Психикалық жағдай
және онымен байланысты психикалық бейімделу жағымсыз әсерлердің бас миына
бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін және ортаның психогенді әсерлерімен
де байланысты.
Бейімделусіз түрлі климаттық жағдайға, үнемі өзгермелі ауа – райына
ағзаның қалыпты өмірлік әрекеттерін ұстап тұру мүмкін емес еді. Бейімделу –
барлық тірі және адам ағзасы үшін үлкен өмірлік маңызы бар. Осы тұрғыда
А.В.Петровский әлеуметтену процесінде тұлға дамуының үш кезеңін бөліп
көрсетеді: бейімделу, даралану, интеграция.
Бейімделу деңгейі – негізінен балалық кезеңге сәйкес келеді, адам
қоғамдық қарым – қатынас обьектісі ретінде қарастырылады. Бұл деңгейде адам
тұлға болуға бағытталады және ереже, талаптарды, белгілер жүйесін менгеру
болады. Егер бала бейімделу денгейінен өтпесе және әлеуметтік өмірдің
негізін меңгермесе, оның одан ары икемделе, бейімделе алуы күрделене
түседі.
Даралану деңгейі – даралық, жекелік қажеттілігі арқылы туындайтын
кейбір жекелену болады. Бұл жерде тұлға қоғамдық қарым – қатынастың
субъектісі. Бұл кезең бір адамнан екіншісінен ерекшеленуіне мүмкіндік
туғызады.
Интеграция денгейі – ол қоғам мен адам арасындағы белгілі байланысқа
жетуді шамалайды. Бұл кезеңде адам тіршілік әрекетінің үйлесімді түрін
табады, қоғамда өздігінен жүзеге асырылу процесіне мүмкіндік туғызады.
Тіршілік әрекетінің үйлесімді тәсілдері бар, ол нақты адамның бейімделуіне
біршама денгейде мүмкіндік береді [36].
Қазіргі кезде бейімделу жайлы түсінік И.П.Павлов, И.М.Сеченов,
П.К.Анохин т.б жұмыстарында негіз алған [37,38,39]. Бейімделу феноменінің
көптеген анықтамаларына қарамастан, обьективті түрде оның негізгі
көріністері бар, олар бейімделуді біріншіден – ағза қасиеті; екіншіден -
өзгермелі орта жағдайына бейімделу процесі; үшіншіден – адам – орта
жүйесі мен өзара әрекет ету нәтижесі; төртіншіден – ағзаның талпыну мақсаты
ретінде бекітуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бейімделу феноменін
қарастыру да екі жалпы тұрғыны бөліп көрсетуге болады.
а) бейімделу оның сыртқы орта жағдайына тұрақтылығын қамтамасыз ететін
кез келген тірі өзін реттеуші жүйе қасиеті ретінде қарастырылады.
б) бейімделу динамикалық құрылым, сыртқы орта жағдайына тікелей
бейімделу процесі ретінде қарастырылады.
Бейімделу тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекет ету түрі ретінде,
олардың талап күтілімдері мен келісуі көбіне қоғамдық иеархия жүйесінде
анықталатын индивидтің алғашқы, өзін бірегейлендіру жағдайына байланысты.
Тұлғаның өзін бірегейлендіруі индивидтің өзі істейтін істі таңдауы мен
тұлғаның өзін анықтауына сәйкес жүзеге асуы.
Тұлғаның теріс немесе тіпті әлеуметтік ортаның қылмысты жағдайына
икемделуін жалған бейімделу деп аталады.
Тұлғаның әлеуметтік бейімделу құрылымында келесі компоненттерді бөлуге
болады;
• тұлға іс- әрекетінінен шығатын параметрлері,
• тұлғаның макро- микро ортамен интеграциялану деңгейі,
• эмоционалды көңіл-күйі.
Осы көрсеткіштерді бейімделу түрінің қасиеті ретінде қолдану тұлғаның
негізгі бейімделу деңгейін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: жоғары -
үйлесімді, жоғары – артық, төмен, бейімделудің бұзылысы.
Осыған байланысты А.Н.Жмыриков (1989) бейімделудің белгісі ретінде тек
екі деңгейді көрсетеді: толық бейімделу және бейімделудің бұзылысы [40].
Енді бейімделу бұзылысына тоқтала кететін болсақ. Сонымен бейімделу
бұзылысы дегеніміз – қоршаған ортамен өзара әрекет етуінің бұзылуы,
мәселелі жағдайдың күрделенуі және тұлғааралық, тұлғаішілік қақтығыстардың
болуымен көрінетін процесс.
Тұлғаға әсер етуінің ұзақтығына байланысты уақытша, тұрақты жағдайлық
және жалпы тұрақты тұлғаның бейімделуінің бұзылысын көрсетеді. Уақытша
бейімделудің бұзылысы – жаңа жағдайға енумен байланысты міндетті түрде
бейімделуі керек (мектепке келу, жұмысқа тұру, баланың дүниеге келуі т.б)
жағдай. Тұрақты жағдайлы бейімделудің бұзылысы – мәселені шешу барысында
арнайы жағдайға бейімделуде қолайлы әдіс–тәсілдерін таба алмауымен
байланысты (кәсіби іс-әрекет жағдайында, жанұя қарым – қатынасы аймағында).
Жалпы тұрақты бейімделудің бұзылысы қорғаныс механизімін белсендендіруде
тұлғаның тұрақты икемделе алмау жағдайы.
Бейімделу бұзылысының пайда болу себептері болып:
1) Созылмалы ауру мен кәсіби мәселелер, ажырасу мен т.б шақырылған
психоәлеуметтік стресті басынан өткізуі.
2) Басынан өткізген экстремалды жағдайлар – жарақатты жағдайлар, яғни
адамның қайғылы оқиғаларға тікелей өзінің қатысуы болған жағдай;
3) Жаңа әлеуметтік жағдайға сәтсіз, қолайлы емес енуі немесе топтағы
өзара әрекет етуінің бұзылысы.
Сонымен зерттеуші ғалымдардың В.Н.Дружинин, А.Г.Маклаков,
Л.Д.Столяренко, Е.А.Ямбург, М.И.Бобнева, Ц.П.Короленко т.б
[16,41,35,2,18,34] ғалымдар бейімделу түсінігіне берген анықтамаларын
қорыта келсек, былайша анықтама беруге болады. Бейімделу дегеніміз – тірі
ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан
өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты
ұстайтын қозғалмалы процесс. Сондай-ақ осы бейімделу жоғарыда қарастырылып
кеткендей, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, әлеуметтік
деңгейлерде жүзеге асады.
Адамның бейімделу мәселесін қарастырғанда психикалық деңгейін ескермей
кете алмаймыз. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып
табылады. Осы бейімделу түрі жағымсыз жағдайлар нәтижесінде ең бірінші
өзгеріске ұшырап, басқа да бейімделу деңгейлерінің бұзылысына әкеледі.
Кәсіби бейімделу зерттеушілердің айтуы бойынша кез-келген жас маманның
кәсіби деңгейіне байланысты, сонымен қоса маманның өзіндік ерекшелігімен,
ақыл-ойы, дағдысы мен өзіне тән тұлғалық сапаларымен анықталынады және
қоғамға жағымды қатынасты көрсете алады.
Жас мамандардың әлеуметік-психологиялық-бейімделуі туралы жазған ғалымдар
пікірі бейімделудің әр қырына бағытталған. Оны алғашқылардың бірі болып
қарастырған И.А.Милославова болып табылады. Оның айтуынша, жас мамандардың
әлеуметтік-психологиялық бейімделуі тұлға мен топтың мақсаттары мен
құндылықтарының дұрыс үйлесуіне, жағымды эмоционалды көңіл-күй кезінде
нақты жағдайларды ішкі тұлғалық мүмкіндіктердің жүзеге асуына алып келетін
тұлға мен ортаның өзара диалектикалық көпдеңгейлі және иеархиялық процесі,
сондай-ақ маман әрекетінің прогресивті сипатын көрсетеді. Әлеуметтік-
психологиялық бейімделу қоғамда, еңбек ұжымы тікелей қоршаған әлеуметтік
ортада түрлі деңгейлерде көрінеді [42].
Н.А.Свиридов жас мамандардың жаңа жұмыс орнына бейімделуін әлеуметтік-
психологиялық тұрғыдан қарастырған авторлардың бірі болып табылады. Ол жас
маманның ұжымдағы әлеуметтік бейімделу процесін белгілі бір еңбек бөлінісі
негізіндегі іс-әрекетпен алмасуын бөліп көрсетеді. Тұлғаның қажеттіліктері
мен ұмтылыстарының қоғам міндеті мен мақсатарына сәйкес келуі адам
әрекетінің прогресивті сипатын көрсетеді. Әлеуметтік орта тұлғаның
қажетіліктері мен ұмтылыстарының жүзеге асуына мүмкіндік жасап, оның дамуы
мен ашылуына әсер еткенде жүзеге асады деген жүйелі пікір айтады [43].
Р.А.Братусь, Е.В.Зелонский, С.К.Бубнова зерттеулерінде жас мамандардың
бейімделуін тұлғаның құндылық бағдарымен байланыстырып қарастырды. Тұлғаның
жаңа ортаға бейімделуінің мәнді белгісінің бірі осы құндылық бағдар.
Зерттеушілер тұлға санасының дүниетанымдық құрылымының тұлғалық
мотивациялық қажеттілік сферасының қиылысындағы күрделі иерархиялық жүйе
ретінде қарастырады [44,45,46].
Жоғарыда айтылған авторлардың пікіріне қосыла отырып, жас маманның
жаңа ортаға бейімделуі оның сол қоғамдағы әлеуметтік тәрбиені қалай
меңгергеніне байланысты өз қызметін жаңа жағдайға икемдеудегі өзгерістерге
бейімделуі және бұл тұлғаның жеке дара қасиетерінің жиынтығы ретінде
көрінеді деген тұжырым жасаймыз.
В.Р.Весниннің айтуынша бейімделу өте күрделі процесс, кез келген адам
осы процесті басынан өткізбей, еңбек әрекетін басқара алмайды. Бейімделудің
ең негізгі ерекшелігі оның әр адамда әртүрлі өтетініде. В.Р.Веснин
бейімделудің ең негізгі үш түрін бөліп көрсетті:
1. Кәсіби бейімделу – жас маманның өзінің мамандығының қыр-сырын,
әдіс-тәсілін, спецификасын толық меңгеруіне бағытталған бейімделу. Ол
маманның өзіндік мінезіне, біліміне, үйренген дағдысына, дайындық формасына
байланысты болады. Кәсіби бейімделу әрекеттің әр түрлілігіне, оған деген
қызығушылығына, еңбек мазмұнына, ортаның әсеріне, тұлғаның индивидуалды
және психикалық қасиетіне тәуелді болады. Кәсіби бейімделудің критериі
толық түрде жас маманның атқарған еңбек әрекетіне, жұмысының нәтижелігіне
және сапалы болып шығуына тікелей әсер етеді. Кәсіби бейімделу еңбек
әрекетінің қалыптасу стереотипіне жұмысшылардың бейімделмеген қасиетіне де
байланысты болады.
2. Психофизиологиялық бейімделу – бейімделудің бұл түрі жас маманның
жеке өзіндік ерекшелігіне тікелей байланысты процесс болып табылады. Ол жас
маманның денсаулығына, санитарлы гигиеналық ерекшелігіне, табиғи
реакциясына, мінез-құлқының барлық шарттарына, жұмыс режиміне, жұмыстың әр
түрлілілігін атқара алу мүмкіндігіне (қолмен немесе автоматты түрде жеке
немесе топпен) байланысты болады.
3. Физиологиялық бейімделу – жалпы организмнің күшті тітіргендіргіш
әсерлеріне беретін арнайы емес реакцияларының кешені [47].
Бейімделудің теориялық алғышарттары Г.Сельенің жалпы адаптациялық
синдромы ілімінде жасалған. Г.Сельенің жалпы адаптациялық синдромы –
организмнің күшті тітіркеніштер әсерлеріне беретін арнайы емес
реакцияларының кешені. Синдром бірнеше кешенмен жүреді: үрейлену, титықтау.

Үрейлену кезеңіне физиологиялық жүйелерінің барынша жоғары жұмылуы
тән. Бұл кезеңдегі бейімделу гипоталамус – гипофиз – бүйрек безі жүйесі
гормондарының көп өндірілуімен байланысты. Жүйкенің қажу (стресс)
реакциясымен қатар жүретін бұлшық еттер жұмысының вегатативтік қамсыздануы
ең ұзақ жолмен жүреді
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу жас маманның жаңа жұмыс орнына,
жаңа ортаға, жұмыс нормасына, басшыларға, ұжымға үйренісе бастауын
білдіреді. Бейімделудің бұл түрі еңбек әрекетіне байланысты болады, яғни
табысқа тез жетуіне және өз қажеттілігін қоғамның қажеттілігімен
қанағаттандыру арқылы қанағаттандырып, өз мақсатарына жетуге және теориялық
білімін практикалық түрде қолдана алуына көмектеседі. Әлеуметтік
психологиялық бейімделуге әсер ететін факторлар ортаның психологиялық
климатына, жаңа ортаның ерекшелігіне, нормасына, бағытылық стиліне,
тұлғааралық ерекшелігіне үйренісуін білдіреді. Әлеуметік-психологиялық
бейімделу жас маманның өз жұмысынан қанағат алуы, жұмысшылармен
(қызметкерлермен), басшылармен дұрыс қарым-қатынас жасауын білдіреді [31].
Жас маманның жаңа жұмыс орнына тез бейімделуі және өндірістік
әрекеттерді тез ұйымдастыра алуы үлкен мәнге ие. Бейімделудің жоғары болуы
жұмыстағы барлық еңбек әрекетін, тұрақтылықты, белсенділік деңгейін,
тұлғаның қалыптасу процесін анықтауға көмектеседі. Бейімделу барлық
жұмыстың ұйымдасу уақытын, біліктілігін, жұмысқа қызығушылығын арттыруға
көмектеседі.
Жалпы алғанда жас маманның бейімделуі – жаңа жұмыс орнына бейімделу,
ұжымға бейімделу, жұмыс режиміне, міндеттеріне, жұмыс ерекшеліктеріне
үйренісуі арқылы болатын процесс болып табылады. Сонымен қоса, сол жұмыс
орнындағы талап-тілектеді, ережелерді, нормаларды оның табысты іс-әрекетін
қамтамасыз ететін процесс ретінде қарастырылады. Толық бейімделген жас
маман сол ортаның ерекшеліктерін қабылдай алатын адам болып табылады. Жаңа
түскен ортаның кез-келген ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсініп, қажет
жағдайда меңгере білген маман толық бейімделу сатысынан өтеді.
Әлеуметтік және психологиялық ғылымдар аясындағы жас маманның
бейімделу түсінігі үш түрлі мағынада түсіндіріледі. Біріншіден - бейімделу
түсінігі табиғи ортаға жас маманның икемделу реакциясының жиынтығы ретінде
қарастырылса, екінші жағынан маманның қоршаған әлеуметтік және табиғи орта
өзгерістеріне икемделу реакциясы деп қарастырылды, ал үшіншіден жас маманың
әртүрлі әлеуметтік рөлдерге кіруі. Сонымен, бейімделу жас маман мен орта
арасындағы құндылықтардың оптималды сәйкестігіне алып келетін
әрекеттестіктің күрделі динамикалық процесі болып табылады.
Жас маманның жұмыс орнына бейімделуінің табыстылығы жоғары оқу
орындарындағы оқыту процесінің сапасына, жұмысты таңдау мотивіне, жұмысты
ұнату және еңбек мазмұнын түсінуіне, өзара қарым-қатынас параметрлерінің
әсеріне байланысты болады. Жұмысқа бейімделу кезінде іс- әрекет бірлескен
түрде жүзеге асырылады және белгілі бір деңгейлері арқылы көрініп отырады,
яғни жұмысқа деген белсенділік, ұмтылыс, мотив, қызығушылық, мақсаттары,
құндылықтары, бағдарлары, өмірден өз орнын табуға деген ұмтылыстың жоғары
болуы, т.б.
Жас маманның жаңа ортаға бейімделу процесі – әр адамның индувидуалды
ерекшеліктерімен тығыз байланысты белсенді өмір сүру процесі болып
табылады. Сонымен қоса, бұл сыртқы орта шарттарына да байланысты болады.
Олар жаңа жұмыс орнының талаптары, жұмысшылардың ерекшеліктері, қоршаған
орта, өз жұмысын сәтті орындай білуі оның өмірден өз орнын табуына өзін-өзі
анықтауына көмектеседі.
Бейімделу жас маманның өзіндік ішкі дүниетанымының өзгеруі, оның қайта
қалыптасуы, мүмкіншіліктерді іздеуі, кәсіби сананың өсу деңгейі, жаңа жұмыс
орнына бейімделудегі негізгі кезеңдері болып табылады. Бұл кезеңде белгілі
бір сыртқы талаптарды, нормаларды ережелерді орындауға тура келеді.
Тұлғаның жаңа жұмыс орнына бейімделу кезеңінде өзіндік анықталуы, өзін-өзі
іске асыру мәселелері де үлкен мәнді иеленеді. Өзін іске асыру кезінде
адамның өмірлік стильдері қалыптасады. Жас маман өмірдің мәнін саналы түрде
түсіне бастайды, өз бетімен белгілі бір әрекет жасайды, кез-келген жағдайға
үлкен жауапкершілікпен қарай бастайды, соның негізінде оның кәсіби шеберлік
деңгейі белгілі бір дәрежеде жоғарлайды. Бейімделу жас маманның еңбек
әрекетіне белсенді араласуын, өз еңбегінен қанағат алуын, өзін-өзі
психологиялық және физиологиялық жағынан қамтамасыз ете алуын, жаңа жұмыс
орнының кез келген талаптарын орындай алуын, өз міндеттерін толық атқара
білуін, топта қалыптасқан нормаларды орындай алуын, ұйымның мәдени
талаптарын меңгеруін, ұжым мүшелерімен өзара қатынас жасауын, жас маманның
ішкі және сыртқы орта шарттарына толық үйренісуін және өмірлік әрекетін әр
түрлі сферада орындай алуын білдіреді.
Сонымен қатар, жаңа жұмыс орнына бейімделу бұл тұлғаның еңбек
ұжымымен диалектикалық өзара әрекетесу нәтижесінде ұжымдық нормалармен
құндылықтарды меңгеру, солардың негізінде тұлғааралық қарым-қатынас
дағдылары мен жүріс-тұрыс үлгілерін жасап шығару процесі.Сондай-ақ, жаңа
жұмыс орнына бейімделу жас маманның әлеуметтік психологиялық және
психофизиологиялық бейімделуімен тығыз байланысты. Осыған қарай бейімделу
тұлғалық таным, қарым-қатынас және еңбек субьектісі ретіндегі бірлігімен
шарттастықтағы біртұтас процесс ретінде жүзеге асады.
Жұмыс шарттарының ерекшелігіне қарай бейімделу әр түрлі болады.
Сонымен қоса жұмыстың нәтижелі немесе нәтижесіз болуынада осы бейімделу
процесі өте маңызды. Жұмыс барысында жас маман үнемі даму процесін басынан
өткізеді. Бейімделу жұмысты ұйымдастыру барысында динамикалық процесс
болып табылады және әр адамның тума қасиетіне байланысты болады. Бейімделу
процесі арқылы өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі жүзеге асыру, шеберлік
профессионализм, біліктілік сияқты қасиеттері одан әрі дамиды. Тұлға өз
жұмысынан еш қанағат алмаса, өз еркінен тыс жұмыс жасаса, ол адамға
физикалық және психологиялық ауруларды яғни стресс, дистресс жағдайына
түседі. Бұл, көбінесе, жас маманның өз мамандығын жетік білмегенде болады.
Алған білімін практикалық түрде қолдана алмай, немесе өз мамандығын
ұнатпағанда болатын құбылыс болып табылады [48].
Жас маманның бейімделуі барысында тұлға мен кәсіби әрекеттің бірігуі
жүреді, осы іс-әрекет құрамына кіретін арнайы білім, ептілік пен дағды және
мақсат пен мотивтері кіреді. Жас маманның бейімделу процесінде маман
белгілі бір іс-әрекет мазмұнын меңгереді. Мұндай процестің нәтижесі тұлға
мен іс-әрекеттің бұзылмайтын бірлігі болып табылады.
Жас маманның бейімделгенінің көрінісі қандай да болмасын іс-әрекетті
толығымен меңгеруі мен белгілі бір салада табысқа жетуімен айқындалады. Осы
жерде тоқталатын ең маңызды процесс бейімделумен қатар жүретін
бейімделмеушілік (дезадаптация). Бейімделмеушілікте ішкі пихикалық
процестердің дамуымен жас маманның мінез-құлқы, оның өмірдегі қиын
жағдайларын шешуге емес, керісінше бұрынғы бар қиындықтарын күшейтіп,
шиеленісуіне алып келеді. Жас маман ортаға да, жаңа жұмыс орнына да бірден
үйрене алмайды, басқалармен дұрыс қатынас жасай алмайды, өзін басқалардан
үнемі төмен санайды, өз пікірін айта алмайды, соның бәрі оның нәтижелі
жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді. Бейімделу сатыларынан дұрыс өте
алмауына алып келеді.
Әлеуметтену мен жаңа жұмыс орнына бейімделу процестері өзара өте
тығыз байланысты. Жас маманның ортаға бейімделуі барысындағы өзара
әрекетіне негіз болатын психикалық механизмдер, соның ішінде тұлғаның
мотивациялық құрылымы, психикалық қалыптасуы кейбір индивидуалды
ерекшеліктер, әлеуметтік жағдайлар әсерімен ндивиттік әлеуметтену
процесінде қалыптасады.
Жас маман жаңа жұмыс орнына осы әлеуметтену процесі арқылы ене
бастайды. Әлеуметенудің маңызды нәтижесі ретінде жас маманның мәдени
символикаға енуі және өз бойында жоқ кейбір мәдени құндылықтарды
қалыптастыра бастайды. Сондай-ақ, әлеуметтену барысында жас маман қоғамда
қолданылатын белгілер мен символдар жүйесін меңгеруімен қатар, сол қоғамға
тән ойлау тәсілдерін де меңгереді.
Отандық психологияда әлеуметтенудің негізгі нәтижесі ретінде жас
маманның жүріс тұрысын реттеуге жауап беретін терең құрылым бағыттылық,
яғни тұлғаның тұтастық құрылымы қарастырылады. Бағыттылық деп тұлғаның
әлеуметтік орта обьектілері мен өмірлік іс әрекет мақсаттарына қатысты ішкі
позицияны анықтайтын, оның дүниеге көзқарастарын, сенімдерін, жетекші мотив
қызығушылықтарын айтамыз.
Жас маманның бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін толықтыра
кететін болсақ, қазіргі таңда жас маманның өз мамандығын жоғарғы
деңгейде меңгеріп, шығармашылыққа жету, кез-келген маманның өзекті
мәселесі ретінде қарастырылады. Кәсіби бейімделу - жалпы жағдайда типтік
міндеттерді шешеді. Ол білім, дағды және іскерлікті жүйелі енгізуде
көрінетін жеке маманның интеграциялық сапасы. Психологиялық тұрғыда
қарастырсақ, жеке тұлғаның барлық уақытта кәсіби дамуға, біліктілігін
жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті толықтыру әрекеті,
өзіндік ынтасы мен талпынысы. Кәсіби бейімделуді қалыптастыру жеке
тұлғаның түрлі қасиеттеріне тәуелді, оның қайнар көзі оқу және жеке
субьект тәжірибесі болып табылады. Білім беру мазмұнын кәсіби әрекетке
негіздеуде индивидтің жеке қасиеттеріне қарай, біртіндеп бейімдеуден
тұрады. Кез-келген әрекетті жеке тұлғаға бағыттауда рухани құндылығына,
өмірлік және кәсіби жоспарына, сондай-ақ жеке қасиетіне негізделе отырып,
оның дара және жас ерекшелігін ескеруден тұрады. Н.Е.Щурованың пікірінше,
жеке тұлғалық қасиеттерді анықтау кәсіби құндылық, маман болуда ол маңызды
қажетті жағдайда бірнеше ролді атқарады: дене , психикалық саулық ,рухани
күштілікті меңгертеді [49].
Жас маманның өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге
жатады: жас маманның өміріндегі әлеуметті – психологиялық өзгерістер -
жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, жас маманның жаңа әлеуметтік
ролі. Жас маманның жаңа жұмысқа келуі саналы түрде өзінің орнын,
басқалардың позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы
қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда маманның жұмысқа
бейімделуінің бірінші кезеңінде оған қолдау көрсететін қандай іс-
әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер
кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте
маңызды рөл атқарады. Әсіресе, алғашкы күндер қиын болады. Бұл уақытта жаңа
жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде жас
маманның жұмыс талаптарына үйренісе алмағаны айқын байқалады.
Жас мамандардың бейімделе алмауына алған білімін жоғарғы деңгейде
көрсете алмауы, жұмыс талабын дұрыс орындай алмауы, жұмыстың талаптарына,
нормаларына, ережелеріне дұрыс үйренісе алмауы басты себеп болады. Жұмысқа
деген қызығушылық олардың алға ұмтылуымен тікелей байланысты.
Жас маманның жаңа жұмыс орнына бейімделуінің түрлеріне тоқталсақ:
Бірінші кезең – жұмыс басталуына байланысты жаңадан әсер етуші
ықпалдардың әсерінен ағзасының барлық жүйесі қарқынды түрде жауап
қайтарады. Бұл физиологиялық толқу айтарлықтай ұзақ уақытқа - 2-3 аптаға
созылады. Осы кезеңде ресурстарды үнемдеу туралы айтуға да болмайды, себебі
мұнда барлық күш-жігер жұмсалады. Сондықтан осы кезеңде әрбір адам жоғары
физиологиялық күш жұмсайтындығын ескеруі тиіс.
Екінші кезең - бұл тұрақсыз бейімделу кезеңі, ағза осы ықпалдарға әсер
ететін тиімді варианттарды іздеп табады.
Үшінші кезең - бұл біршама тұрақты бейімделу кезеңі, ағза аз күш
жұмсауды талап етуші варианттарды іздеп табады.
Жас маманды жаңа жұмыс орнына дайындау өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Жас маманның жаңа жұмыс орнына келуі – жас маманның өзіне де
үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еңбек әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі
табысты кірісіп кету үшін дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Сонымен, қорытындылай келе, жас мамандардың жаңа жұмыс орнына
бейімделуіне мынадай ерекшеліктері әсер етеді екен: өмірдегі өз орнын табу
және болашаққа жоспар құру қажеттілігі; азаматтық борышқа байланысты
әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы; өзін-өзі дамытудың барлық формаларына
деген қызығушылық; қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының
тұрақтылығы; мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;
тек өзіне ғана емес, басқалардың да пікіріне қатысты шешім қабылдай білуі;
мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын
түсінуі; әлеуметтік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің теориялық мазмұны
Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайлары
Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару
Кадрды басқару әдістері
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Пәндер