10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕІЗДЕРІ
. . .
1. 1 Оқушыларды мамандықты таңдауға негіздері . . . 10
1. 2. Кәсіби бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру . . . 35
1. 3. Кәсіби бағдар беру жүйесінде оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескерту . . . 42
2. 1. Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін
зерттеу . . .
2. 2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы . . .
2. 3. Эспериментік зерттеу барысы . . .
2. 4. Зеттеу мәліметтерінің сапалық психологиялық талдауы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу XIX ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді[1] .
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі психология ғылымы үшін әрқашан маңызды болып табылады.
Алайда, кәсіби бағдарлану жүйесінің білімдер сферасында жетіспей жатқан жастарының бірі оқушылардың ішкі әлемін, олардың қызығуын, білімділігін, қабілеттерін зерттеу және өзіндік бағалауларын, мамандық таңдауға байланысты зерттеу мәселелері әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да біздің зерттеудің негізгі мәселесі, кәсіби өзіндік анықталу процесіндегі тұлғаның іс-әрекетті психикалық өзіндік реттеу жүйелерінің қалыптасу ерекшеліктері, тұлғаның кәсіби өзіндік анықталуының позитивті жақтарын дұрыс ашып көрсете алады.
Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н. И. Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н. А. Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т. б. байланысты.
И. В. Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:
Сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;
Тұлғалық қажеттіліктің дамуы;
Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол жетерлік табыстары.
Қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анқтауда толық жауаптар берілген С. П. Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе мамандырылған мектеп таңдау[2] .
С. Л. Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге байланысты болып табылады. Сыртқы себептелу сыртқы детерминация әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын анықтайды. Бұл жағдайда жеке анықтама жеке детерминация болып табылады.
Сондай-ақ, Л. И. Божович жұмыстары да өзін-өзі анықтауға психологиялық анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі онтогенез өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л. И. Божович өзін-өзі анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда, болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру мағынасын іздеу болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби қызығушылығының қалыптасу дәрежесіне қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім дәрежесіне қарай дифференциалды және жеке қатынас болып табылады. Оқушыларды топқа дифференциалды түрде бөлу әр топтың мамандық таңдаудағы әсер ету жағдайларын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір топқа әсер ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы мүмкін. Сондай-ақ дифференциация жеке қатынастың іске асуына жағдай туғызады.
Кәсіптік бағдардың фундаменталды сұрағы және оқушылардың кәсіби дайындығы туралы П. Р. Атутова, С. Я. Батышева, В. А. Полякова, А. Д. Сазонова, М. Н. Скаткина, Н. Н. Чистякова, және т. б. еңбектерінде дәлелденді. Кәсіби бағдардың әдістемелік мәселелері А. В. Ботякова, А. Е. Голомшток, Л. А. Йовайши, Е. А. Климов, П. А. Шавир және т. б. еңбектерінде жарық көрді. Оқушыларда кәсіби қызығушылықтың және ниеттердің қалыптасу мәселесі, мамандықты таңдау мотивтері мына ғалымдардың еңбектерінде өз бейнелерін тапты: М. А. Весна, А. Л. Михащенко, Б. А. Федоришина және т. б. Қазіргі уақытта көптеген жеткіншектер 14-17 жастағы өздерінің алғашқы кәсіби таңдауларын жасайды, содан олардың келесідей еңбекке деген қарым-қатынасы тәуелді болуы мүмкін[3] .
Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.
Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады.
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі психология ғылымы үшін әрқашан маңызды болып табылады[4] .
Кәсіп - (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Бүгінгі заманда кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет. Кәсіби білім - қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады. Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н. И. Кареев болды. Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н. А. Рыбников болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т. б. байланысты.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу нысаны: 10 сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: 10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері .
Зерттеу мақсаты: 10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері мәселелерінің, теориялық негіздерін айқындау және тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу міндеттері:
- 10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздерін теориялық айқындау.
- 10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздерін анықтаудағы әдістемелерді жүйелеу.
Зерттеу жұмысының болжамы : 10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздерін айқындау және жүйелеу.
Зерттеу базасы: Ақтөбе қаласының № 23 орта мектебі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі : Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу XIX ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. XX ғасырдың басында В. Вундт, Мюнстерберг, Бине т. б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю. В. Большакова, П. П. Блонский, Н. К. Крупская, В. И. Лебедев, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, Т. Х. Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының докторлары, профессор Ж. Аймауытұлы, А. П. Сейтешов, Г. А. Уманов, Л. К. Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру -психологиялық, педагогикалың және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А. П. Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
1. 1 Оқушыларды мамандықты таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері
Мамандық - рrоfessio - деген фрацуз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағнаны білдіреді. Мамандық бағдар беру - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.
Мамандықты дұрыс таңдаудың өр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Мамандыққа бағдарлаудың негізін құрушылар Ф. Гальтон, А. Кершенштейнер, Г. Мюнстерберг, П. П. Блонский, Ю. П. Сокольников, Т. Н. Мальковская, Г. А. Уманов[5] т. б. ғалымдар әлеуметтік-кәсіби бағдарлау идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып барлық ізгіниетті мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға кәсіби бағдар беру, кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.
Жалпы білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер жасалған. Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т. б. анықтаған.
Жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық негідерін қарастыру барысында болашақ маманның тұлғалық құрылымындағы кәсіби бағыттылығының алғышарттық негізі ретінде кәсіби бағдар беру, оқушылардың кәсіби бағыттылығының қалыптасыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылады. Жеке адамның кәсіби бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психология, педагогика ғылымдарының ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Жеке адам құрылысындағы бағыттылық маңызын, оның іс-әрекет деңгейіне әсерін, жеке адамның негізгі қырларының бірі ретіндегі мәні мен динамикасын белсенді зерттеу жалғасуда. Бұл бағыттағы зерттеудің барлығы да өмірлік және кәсіби дұрыс айқындалу мәселесінің маңыздылығынан туындайды.
Психологиялық әдебиеттерде жеке тұлғаның бағыттылығы оның құрылымындағы негізгі компонент түрінде қарастырылады. К. К. Платоновтың пайымдауынша, жеке адамның бірінші құрылымында - бағыттылық қатынастар және моральдық қасиеттер “тұтастай алғанда бағыттылқ иерархия түрінде байланысқан бірнеше форманы қамтиды: бағыттылықтың ең қарапайым формасына дейін шет қалмайды” [6] .
В. С. Мерлиннің айтуынша, жеке адам сипаттамасында ең маңыздысы және негізгісі - оның кәсіби бағыттылығы, яғни адам өмірінің жалпы бағыты мен барлық белсенді шығармашылық іс-әрекеті соған байланысты.
В. Г. Леонтьев жеке адамның психологиялық тұжырымдамасын бастаушы мен мақсаттық тұрақты қарым-қатынасын бейнелейтін қажеттіліктер, сенім, мұрат, мотивтермен сипаттайды.
Қазіргі кездегі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығы оның бейнесін құрушы фактор ретінде қарастырылатын С. Л. Рубиншттейн, А. И. Леонтьев, Б. Г. Ананьев, К. К. Платонов, т. б. ғылымдардың теорияларын талдай келіп, Б. Ф. Попов былай дейді: “Жеке зерттейтін талдауларының әртүрлілігіне қарамастан . . . барлық көзқарастар жеке адамның негізгі сипаттамасы ретінде оның бағыттылығына зор көңіл бөледі . . . Нақ осы кәсіби бағыттылық қасиетінде жеке адамның мақсаты, мотивтері, іс-әрекетке субъективті қатынастарының жүйесі көрінеді.
Психологиялық әдебиеттерде жеке адам бағыттылығы ұғымын неғұрлым толық қарастырған ғалымдардың бірі - С. Л. Рубинштейн. “Бағыттылық, -деп жазады ол, - факт жүзінде индивидтен бөлек тұрған бір нәрсеге қажеттіліктен туады және бағыттылықты айқындайтын кез-келген динамикеалық тенденция әрқашан да индивидтен бөлек тұрған нәрсемен азды-көпті саналы түрде түсінілетін байланысты, ішкі мен сыртқының өзара қатынасын қамтиды.
С. Л. Рубинштейн жеке адам бағыттылығында екі өзара тығыз байланысты жағдайды ашты: біріншіден, бағыттылық қашанда нақты затқа бағытталған, екіншіден, осы жағдайда пайда болатын шиеленіс. Сонымен, С. Л. Рубинштейн тұрғысынан жеке адам бағыттылығы - оның кәсіби іс-әрекетін анықтайтын түрткілер мен мотивтер жүйесі [7] .
Л. И. Бошович бағыттылықты мінез-құлықтың нақты мотивтерінің үстемдігінің нәтижесі ретінде қарастырады. Психологиялық әдебиеттерде берілген бірқатар көззқарастар талдауы, бағыттылықтың әртүрлі анықтамаларындағы ортақ пікір, олардың бәрі де жеке адамның өзіне тән іс-әрекеті мен мінез-құлқының нақты деңгейін қамтамасыз ететін, онсыз кәсіби қалыптасуы мүмкін болмайтын жеке адам қасиетінің маңызды және тұрақты ерекшеліктері деген сипаттамада тұжырымдалады. Жеке тұлғаның жалпы бағыттылығына, оның өзгешелігі әсер етеді. Бағыттылықтың мазмұнына байланысты оның сапалық сипаттамасы мен жүйесін көруге болады. Жеке адам бағыттылығының негізгі типтері: қоғамдық, ұжымдық, жеке бастық, кәсіби, эстетикалық, т. б. қарастырылады. Аталмыш мәселеге педагогтар көзқарасы, жеке адам бағыттылығы - оқу, оқудан тыс іс-әрекет формаларының баршасының әсерінен қалыптасатын, оқушы жастардың болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығын тәрбиелейтін күрделі жеке адамдық құрылым деген түсінікке сияды.
Біздің жұмысымыз үшін маңыздысы - жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру арқылы олардың кәсіби бағыттылығының мәнін айқындау. Бұл мәселеге бірқатар ғалымдардың зерттеулері арналған. Олардың қатарында А. Е. Голомшток, Л. А. Йовайши, А. П. Сейтешов, Ю. В. Укке, П. А. Шавир және т. б. атауға болады [8] .
Бағыттылық жеке тұлғаның ерекшеліктерін тұтастай анықтайтын құрылым болса, кәсіби бағыттылық жеке адамның жалпы бағыттылығының құрамдас компоненті ретінде қарастырылады.
Кәсіби бағыттылық - адамның таңдалынған мамандыққа көзқарасын сипаттайтын кәсіби іс-әрекетке дайындығы мен оның табыстылығына әсер ететін жеке адамның интегралды қасиеті.
Кәсіби бағыттылықтың жан-жақтылығын жеке адамның жүйесін құрайтын қасиеті ретінде П. А. Шавир еңбектерінде қарастырады. Оның пікірінше, кәсіби бағыттылық - нақты іс-әрекетті артығырақ көретін мотивтер жүйесі, оның өзі жеке адамның танымдық және құндылық бағдарлық іс-әрекеті негізінде өтетін кәсіби әсерлер жүйесімен қарым-қатынас үрдісінде қалыптасады.
Кәсіби бағыттылық - жеке адамның интегральды қасиеті, оның тұлғалық бейнесін құрайтын факторы ретінде түсіну, оны комплекс түрінде, оның ішінде, кәсіби іс-әрекетке, қажеттілік, бейімділіктер, кәсіби мұраттар, кәсіби іс-әрекетке деген құндылық бағдарлар және дүниетаным компоненті деп түсінуді талап етеді.
Кәсіби бағыттылықтың психологиялық-педагогикалық аспектісін, кәсіби шеберлікті дамыту бағытында кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды жетілдіру және жеке адамның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А. П. Сейтешов.
А. П. Сейтешовтың пікірінше, кәсіби бағыттылық дегеніміз - жеке адамның маңыздды жақтарының бірі, ол оның қызығулары, ниеттері, бейімділіктері, мұраты мен сенімдерінде көрінеді [9] .
Психология білімінің қағидалары мен өз зерттеулерінің нәтижесін негізге ала отырып, А. П. Сейтешов бағытының көрінуінің ұлық формаларын толығымен қарастырады, жас жұмысшылардың жеке тұлғасының кәсіби бағыттылығы дамуының кейбір заңдылықтарын, оны тәрбиелеу жағдайларын көрсету.
Кәсіби бағыттылық - болашақ маманның жеке тұлғасының біртұтас және жан-жақты қасиеті түрінде толық түсіну үшін, оның компонентік құрамын, санасы сипаттамалары мен динамикасын анықтау қажет.
Кәсіби бағыттылықтың құрылымы туралы зерттеушілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Жалпы осы бағытта жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, кәсіби біліктілік компоненттерін былайша анықтауға болады: қызығулар, бейімділіктер, кәсіби ниеттер, жеке тәжірибе, еңбек етуге даярлық, мақсат, кәсіби мотивтер, шығармашылық кәсіби ойлау, ұжымшылдық, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер, мотивтердің иерархиялық жүйесі, танымдық, мотивациялық, дүниетанымдық, эмоциялық-еріктік, мінез-құлықтық, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz