Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мұрат Мансия

Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандық: 5В050300- Психология

Ақтөбе - 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді

Теориялық және қолданбалы

психология кафедрасының

меңгерушісі А. А. Карабалина

«»2016 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу

Мамандық: 5В050300- Психология

Орындаған Мұрат М.

Ғылыми жетекші

Психология магистрі, аға оқытушы Таумышева Р. Е.

Ақтөбе - 2016

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

А. А. Карабалина

«» 2016ж.

Диплом жұмысын орындауға тапсырма

Студент Мұрат М.

  1. Жұмыстың тақырыбы: Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық

қалпын реттеу.

2. Жұмыстың аяқталған уақыты 30. 05. 2016

3. Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны.

Студенттік кезеңдегі жасөсіпірімдердің ерекшеліктерінің ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі. Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні. Эмоциялық қалыпты реттеудегі психотерапиялық тренингтің міндеттері мен ұстанымдары. Арт-терапия- өнермен емдеуге бағытталған шығармашылық терапиясы ретінде. Студенттік кезеңдегі жасөсіпірімдермен жұмыс жүргізу жүйесі.

Арт-терапия арқылы студенттік кезеңдегі жасөсіпірімдердің эмоциялық қалпын реттеуге бағытталған психологиялық - тәжірибелік эксперимент. Тәжірибелік эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау қорытындылау, салыстыру.

4. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Ананьев Б. Г. Избранные психологические труды. Т. 1. -М., 1998. -380 с.
  2. Асмолов А. Г. Психология личности. - М., 201. -286 с.
  3. Зейгарник Б. В Теории личности в зарубежной психологии. М., 1997. 128 с.
  4. Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики. М., 2005. - 575 с.
  5. Ляудис В. Я. Методика преподавания психологии: Учеб. метод. пособие для студентов фак. Пихол. Гос. Ун-тов. М., 1999. -77с.
  6. Лисина М. И. Генезис форм общения у детей. Принцип развития в психологии. -М., 1998. С. 268-294.
  7. Бодалев А. А. Восприятие и понимание человека человеком. -М., 1992. - С. 199.
  8. Бреслав Г. М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве: норма и отклонения. - М., 1990.
  9. Борисова А. А. Эмоциональный облик человека и психологическая проницательность // Особенности познания и общения в процессе обучения. - Ярославль, 1982. - С. 92-96.
  10. Денисова З. М. Механизмы эмоционального поведения ребенка. - СПб., 1999.
  11. Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций. - М., 1979.
  12. Рожина Л. Н. Развитие эмоционального мира личности. Учебно-методическое пособие. - Минск, 1999.
  13. Сермягина О. С. Эмоциональные отношения в семье. - М., 1991.
  14. Тищенко С. П. Самооценка младших школьников как эмоциональный фактор их учебной активности // Эмоциональная регуляция учебной и трудовой деятельности. - М. ; Одесса, 1986.
  15. Ильин Е. П., Пономарева М. С. Возрастно-половая динамика базовых эмоций // Ананьевские чтения-2001: Тезисы научно-практической конференции. - СПб., 2001.
  16. Никольская И. М. Психологическая диагностика, коррекция и профилактика патогенных эмоциональных состояний у младших школьников: Автореф. дис . . . канд. наук. - СПб., 2001.
  17. Рахманина Т. Н., Гайдапак А. Н. Диагностика и коррекция эмоциональных нарушений у дошкольников // Активные формы работы практического психолога. Сб. научных статей. - Шадринск, 1994.
  18. Личностная шкала проявления тревоги (Дж. Тейлор, адаптация В. Г. Норакидзе) / Диагностика эмоционально-нравственного развития. Ред. и сост. Дерманова И. Б. - СПб., 2002. С. 126-129.
5. Графикалық материалдар тізімі (кесте, сызба, диаграмма т. б. ) :

Кесте 1. Баллдардың жиынтығы симтомдар кешені бойынша бөлінуі

Кесте 2. «Жанұяның кинестетикалық суреті» әдістемесі жүргізілу барысынан алынған нәтижелер

Кесте 3. Спилбергер -Ханин бойынша мазасыздықты зерттеу әдістемесі жүргізілгеннен кейін алынған нәтижелер көрсеткіші

Кесте 4. Жүргізілген әдістемелерден алынған нәтижелердің салыстырмалы талдануы

Кесте 5. Спирмен формуласы бойынша рангтік корреляция коэфицентін зерттеу

Кесте 6. Студенттердің эмоциялық қалпының (көңіл-күйлерінің) түстер арқылы бейнеленуі

Кесте 7. Студенттердің бақылаушы экспериментте алынған нәтижелерін диагностикалау

Тапсырма берілген күн:

Ғылыми жетекшісі Таумышева Р. Е.

Тапсырманы орындауға алған студент Мұрат М.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

А. А. Карабалина

«» 2016ж.

Диплом жұмысы үшін күнтізбелік жұмыс кестесі

Диплом жұмысының тақырыбы: Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу

Студенттің аты-жөні:

Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны
Орындау мерзімі
№: 1
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Зерттеу пәнін анықтау
Орындау мерзімі: 01. 10. 2015
№: 2
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Кітапхана қорымен және электронды ресурстармен танысу
Орындау мерзімі:
№: 3
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмыстың құрылымын анықтау
Орындау мерзімі:
№: 4
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Диплом жұмысының тақырыбын бекіту
Орындау мерзімі:
№: 5
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Құжаттар мен дереккөздерді жинақтау және зерттеу
Орындау мерзімі:
№: 6
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Бар материалдарды сараптау, материалдар жинау, тәжірибелер жүргізу
Орындау мерзімі:
№: 7
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жеке бөлімдерді жазу
Орындау мерзімі:
№: 8
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмыстың жалпы тұжырымдарын анықтау
Орындау мерзімі:
№: 9
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Баяндама тезисін жазу
Орындау мерзімі:
№: 10
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмыстың аталуын, мақсатын, негізгі міндеттерін және олардың тұжырымдарға сәйкестігін нақтылау
Орындау мерзімі:
№: 11
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмыс мәтінінің жоба нұсқасын дайындау және жетекшіге ұсыну
Орындау мерзімі:
№: 12
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Түзету енгізу
Орындау мерзімі:
№: 13
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмысты безендіру
Орындау мерзімі:
№: 14
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Кафедрада диплом жұмысын алдын-ала қорғаудан өткізу
Орындау мерзімі: 06. 04. 2016
№: 15
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Студенттер конференциясына баяндамамен қатынасу
Орындау мерзімі: 08. 04. 2016
№: 16
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмысты кафедраға тапсыру
Орындау мерзімі: 30. 05. 2016

Ғылыми жетекшісі Таумышева Р. Е.

Тапсырманы орындауға алған студент Абилова Б. А.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: І .
КІРІСПЕ: ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚАЛПЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
:
КІРІСПЕ: 1. 1
3: Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
:
КІРІСПЕ: 1. 2
3:

Эмоциялық қалыпты реттеудегі психотерапиялық тренингтің

міндеттері мен ұстанымдары

:
КІРІСПЕ:

1. 3

1. 4

3:

Арт-терапия- өнермен емдеуге бағытталған шығармашылық терапиясы ретінде

Студенттік шақтың психологиялық ерекшеліктері және олармен жұмыс жүргізу жүйесі

: ІІ.
КІРІСПЕ: СТУДЕНТТІК ШАҚТАҒЫ ҚАЛПЫН АРТ-ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ РЕТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
3:
:
КІРІСПЕ: 2. 1
3: Эксперименттік- психологиялық зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары
:
КІРІСПЕ:

2. 2

2. 3

2. 4

3:

Зерттеу әдістері мен әдістемелері

Эксперименттің жүру барысы мен алынған нәтижелер

Студенттік шақтағы қалпын арт-терапия арқылы реттеу жұмыстары

:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3:
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
3:

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, оның әсерімен бірге, адамдардың уайым түрінде өзінде пайдалы әр түрлі құбылыстар мен заттардың субьективті бағалануы мазмұнының көрінісі. Эмоция адамдарға қоршаған әлемді тануға бағыт-бағдар береді: пайдалы- зияндылығы, негізді-негізсізділігі, т. б. Эмоциялық бағыт-бағдар мен рационалды бағыттың ерекшелігін қарастыратын болсақ, мынадай өзгешеліктерді байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтін (яғни туа біткен) , ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкіндіктерін түсінбеушіліктер және қысқа мерзімді (жиі тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез-келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік сигналы болып табылады. Осы орайда, келесі ойы мен әрекетін басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептері мен негізін жөнді ақылмен түсінбеуі мүмкін. Бірақ олардың дәлдігіне сенімді болуы шарт. Тұлға деңгейінің ішкі сенімділігі әрқашан да жоғары эмоциялық сипатта қалады. Психологиялық әдебиеттерде эмоцияға адамдардың рухани өміріндегі ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу, т. б. түрлі уайымдар бір-бірін өзара орын ауыстыруы мен толықсуы кіреді [1; 2; 3; 4] .

Эмоциялық құбылыс құрылымында үш компоненті көрсетуге болады: пәні, эмоциялық уайым және қажеттіліктері (мотив- түрткілер) . Сондықтан тұлға өмірінде эмоцияның алар орны ерекше. Эмоция біздің іс-әрекет нәтижемізде басты орынға ие. Практикалық психология саласында адамның ішкі күйінің жағымды сезімдерге қарай өзгеруін қамтамасыз ететін тәсілдерді соңғы кездері ғылыми негіздеп жүр [5; 6] . Осы орайда, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін эмоциялық қалыпты реттеу жолдарын ғылыми негіздеу басты мәселелердің бірі болып отыр.

Арттерапия- қазіргі психологиялық ғылым мен практикада адамзат өмірлік әрекетінің қарқындылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыт. Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен.

Біздің жұмысымыз арт-терапияны ғылыми және практикалық тұрғыда негіздей отырып, эмоциялық қалыпты реттеу үшін пайдалану жолдарын жүйелеуді көздейді. Сондықтан қазіргі таңдағы жаһандану жағдайындағы тұлғаның психологиялық денсаулығын нығайтуда бұл мәселе өзінің өзектілігін туындатып отырғаны сөзсіз.

Зерттеудің мақсаты: Студенттердің эмоциялық қалпын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан талдап, арт-терапияны пайдалану арқылы тәжірибелік эксперимент жүргізіп зерттеу.

Зерттеу нысаны:

Зерттеудің пәні: Студенттік шақтағы қалпы.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, студенттік шақтағы элементтері қосылған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырылса, олардың эмоциялық қалпын реттеп отыруға болады.

Жеке болжамдары:

1. Эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияны пайдаланған тиімді;

2. Арт-терапия тұлғаның үйлесімсіз күйін реттей алады.

Зерттеу міндеттері:

1. Эмоция мен арт-терапия туралы ғалым- ойшылдардың зерттеулеріне теориялық талдау жасау.

2. Эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияның элементтерін пайдалану жолдарын негіздеу.

3. Студенттік шақтағы ерекшеліктерін анықтап, олармен жұмыс жүргізу жүйесін зерттеу.

4. Арт-терапия арқылы студенттік шақтағы қалпын реттеуге бағытталған психологиялық - тәжірибелік эксперимент өткізу.

Мәселенің деректік көздері: Зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық психолог ғалымдардың еңбектері, ҚР «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Жолдауы.

Әдіснамалық және теориялық негізі: философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы; Л. С. Выготский [49], А. Н. Леонтьев [50], С. Л. Рубинштейн [51], Б. Ф. Ломовтартың [52] іс-әрекет қалыптастыру принциптері, К. А. Абульханова- Славскаяның [53] іс-әрекет субъектісі даму принциптері; В. В. Давыдов [54], Д. Б. Эльконин [55], Н. Ф. Талызина [56], Л. В. Занков [57], С. М. Джакуповтың [58] оқыту процесіндегі тұлғаның оқу іс-әрекетін дамытуға дәйектелген қағидалары және нұсқалары талданды. Л. И. Божович [59], Ж. И. Намазбаева [60], Қ. Т. Шерьязданованың [61] жеке тұлғалық қасиеттер мен қарым-қатынас қалыптасуының қағидалары айқындалды.

З. Фрейдтің, К. Г. Юнг, К. Роджерс, А. Хилл, М. Наумбург, А. Маслоу, Н. И. Чуприкова, Асмолов А. Г., В. И. Мясищев, Ж. Пиаже мен С. Л. Рубинштейн, П. Симонов тағы басқалардың қарастырылып отырылған мәселе туралы ой-пікірлері мен зерттеу жұмыстары негіз болды.

Зерттеу әдістері:

  • зерттеу барысында теория мен практиканы жүйелі талдау, студент жеке тұлғасын психологиялық зерттеу әдістері, сонымен бірге алынған эмперикалық мәліметтерді жүйелі талдау кең қолданылды;
  • эмперикалық мәліметтер алу үшін психо-педагогикалық бақылаулар, әңгімелесу, интервью, анкеталау, құжаттарды талдау және т. б. әдістер пайдаланылды;
  • талдау процесінде математикалық және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Ғылыми жаңашылдығы:

1. Арт-терапияның эмоциялық қалыпты реттеуде пайдалану жолдары теориялық және практикалық тұрғыда жүйеленді;

2. Эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияны пайдалану жолдары көрсетілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Зерттеуден алынған мәліметтерді оқу орындарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыруда пайдануға болады. Арт-терапияны колледж педагогтары, педагог- психологтары, ата-аналардың балаларымен жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалана алады.

Зерттеу жұмысының базасы: Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің студенттері алынды.

Дипломдық жұмыс көлемі : дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейтестілігі мен маңызы анықталып, ғылыми жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы көрсетілген.

«Психология ғылымында тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау, студенттердің психологиялық ерекшеліктері мен олармен жұмыс жүргізу жүйесі, эмоциялық қалыпты реттеуде арт-терапияның элементтерін пайдалану мәселелері талданған.

«Студенттік шақтағы қалпын арт-терапия арқылы реттеуге бағытталған эксперименттік зерттеу » атты екінші тарауда эмоциялық қалыпты арттерапия арқылы реттеуге бағытталған диагностикалық зерттеу және психологиялық эксперименттің нәтижелері қорытындыланған.

І ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚАЛПЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік- психлогиялық мәні

Эмоция пәні - адамның өмірінде эмоциялық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамда мәнді құбылыстардың көрінісі. Олар мынадай болуы мүмкін: емтиханда алған баға, жұмысқа кешігу, табиғат құбылысы, біреулердің қылығы және ой-пікірлер т. б. Мұндай мағыналы оқиғалар мен жағдаяттар эмоциогендік деп аталады [7; 8] . Бұл эмоциогендік жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе біреудің көздеген ойынан тууы мүмкін. Жалпы алғанда адамның уайымдары эмоция пәнінің мазмұнын анықтайды.

Эмоциялық уайымдар сыртқы құбылыстардың негізгі компонентін құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін шиеленістер түсінбеушілік, у-шу, таң қалу т. б. субьективті реакциялар туғызады. Эмоциялық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоциялық уайым түрлі деңгейде саналы және адамның ішкі рухани әлемін (зейінін, ойлауын, есін, қабылдауын), физиологиялық процестерін (жүрек, қан -тамырлары, тыныс алу, ас қорыту, т. б. ) өзгертеді.

Қажеттілік эмоциялық құбылыстың компонентін құрайды. Қажеттілік адамның ішкі психологиялық негізі (көрсеткіштері) болып бағаланады. Болып

жатқан немесе өтіп кеткен жағдаяттардың мәні - қазіргі жағдайда өзекті қажеттілігімен белгілі бір мөлшерде байланысы қажеттіліктерге кедергі немесе қанағаттандыруға жағдай жасауы мүмкін. Адам өмірлік әрекетінің мағыналық әрқашан да қажеттіліктермен белгіленеді. Егер мағыналық жағдайлар болмаса эмоция көрінбейді. Мәселен, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бірақ та сол жағдаяттар тек тамақ қажеттілігін қанағаттандырғаннан кейін адамға мағынасы мәнсіз болып қалады.

Тұрақсыз әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүлі ауытқулардың өсуіне бейімделдендіреді. Біріншіден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттіліктерін қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиі ұшырасқанда адамдарда эмоциялық шиеленісу болады.

Екіншіден, әлеуметтік ортадағы, жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңіл-күйге, яғни осы өмірге деген қорқыныш, сенімсіздік пайда болады. Мәселен, қоғамда қауіпті жағдай кездескенде онымен күресудің әдіс-тәсілдерін, ыңғайын іздестіру керек.

Біздің зерттеумізде эмоцияның қызметтерін қарастыруды жөн көріп отырмыз. Эмоциялар адамның әдеуметтік болмысын қамтамасыз ететін маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның ішкі жан дүниесінің қажетті жағы ретінде пайда болады және өмір сүреді.

Тұлға эмоциялары төмендегідей функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативті, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясы.

Эмоцияның алғашқы және маңызды функциясы адам үшін қоршаған заттардың, құбылыстардың, адамдардың, оқиғалардың өз ойларының, жоспарларының, шешімдерінің және т. б. субьективті мәнін бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшін әр түрлі өмірдегі оқиғаларда, адамдарға және өзіне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенімді бағдар жасауға мүмкіндік беретін өзінше бір шеті компас рөлін атқарады. Бізге эмоциялық бағалаулар интеллекттік бағалауға қарағанда сенімдірек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да адам никотиннің зияндылығын біле тұрса да, темекіні тастамайды. Бұл білімі оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекіге деген қарым-қатынасын өзгерту үшін сол адам темекінің зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешіру керек.

Эмоциялар адамға оның қажеттілігінің күйі туралы сигнал беріп тұрады. Бір нәрсеге деген мәжбүрлік өзектілігінен, сәйкесінше эмоциялық күйзелістер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктің күйіне байланысты күшеюі, азаюы, мүлдем жоғалып кетуі, белгісі бойынша қарама-қарсыға ауысуы мүмкін. Қажеттіліктің өмір сүруінің эмоциялық негізі мен субьективті формасын құрайды.

Эмоциялар оятушы функцияларды да атқарады, яғни белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкіндіктері тікелей олардың күші мен белгісіне байланысты. Мәселен, бұл жерде қатты және жай ауруды, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсенділіктің бағыты эмоцияның белгісімен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттерді оятады. Әсіресе, қуаныш эмоциясы адам өмірінде ерекше маңызды болып табылады. Кейбір зерттеулерде « . . . біздің бойымыздағы қуанышымыз өмірге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем береді» деген тұжырым жасайды [9] . Қоғамға пайдалы шындық біздің бойымызға қуаныш әкеледі. Ал, келесі зерттеуші Н. И. Чуприкованың пікірінше жағымды эмоциялар адам өз жолын таңдау барысында өмірлік бағдар береді [10] .

Жағымсыз эмоциялар керісінше ояту функцияларын орындайды. Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етеді, себебі эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйені құрайды. Сондықтанда эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көпті өзгерістермен бірге жүреді. Физиологиялық функцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкіндіктері өте көп. Олар әртүлі бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруі мүмкін: күшеюі, әлсіреуі, тіптен толық өшіп қалуға дейін жақсаруы, паталогияға дейін нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т. б. басқа көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негізде пайда болады.

Эмоциялар адамның санасымен танымдық процестеріне де дәл осылай әсер етеді. Эмоциялардың әсерімен олардың мүмкіндіктері мен функционалдық сипттамалары қатты өзгеріске ұшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды) .

Мәселен, адам қатты стресстің әсерінен ойлауға, есте сақтауға зейінін тұрақтандыруы, нашарлауы, өз әрекеттерін саналы бақылауы, төмендеуі мүмкін. Эмоцияның бұл функциялық ерекшеліктерінің практикалық мәні маңызды.

Эмоциялар ішкі психикалық процестер болып табылады. Бірақ та олар сырттай жақсы көрінеді: мимикадан көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудің басқа да ерекшеліктерінен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйін түсінуге және олармен нәтижелі қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Эмоцияның формалары және негізгі түрлері көрсеткен қасиеттерін теориялық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерін айқындауға болады. Бірақ белгілі, жақсы кейбіреулері ғана жеткілікті суреттелген. Американдық психолог К. Изард еңбектерінде фундаменталды он эмоциялардың түрлерін көрсетілген [11] .

Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыю, ой-өрісті кеңейте білу, зерттеу ықыласы, біреуге немесе бір нәрсеге әуесқойлық және сезім құшағына күйзелу. Тиімді әсіресе, танымдық мотив (түрткі) іс-әрекеттің мағынасына сәйкес және күштілігі жеткілікті көрінеді. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерігу деп атаймыз [12] . Ол монотондық жағдайда туады. Субьектінің тиісті пәнімен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоциясы күшейеді. Таңырқау қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелік жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бірақ, тез уақытта өтетін эмоция болып көрінеді. Күшті танымдық мотив ретінде көрінеді, соңғы әрекеттерді итермелейді, яғни айқындау, білу, анықтау, көз жеткізу, т. б.

Қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктерін және негізгі тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және өмірге қанағаттану күйі. Оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту күштің көбею сезімінен байқалады.

Эмоция азабы өмірлік мақсақа жетуге ұмтылықа кері әсерін тигізе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйін талдау адам құндылықтарын елеке етуіне себеп болуы мүмкін. Адамдарға азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш береді. Күшті азап аффектіге және ашық күреске айналып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда адамның өзіндік бақылауы, саналы түрде басқару мүмкіншілігі шектеледі, тіпті өз әрекетін жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ оң бағытталуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Психотерапиядағы арт-терапия
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз
Психологиялық сауаттану
Арт терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу
АРТ - ТЕРАПИЯ - ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz