Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері


Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері
Мазмұны
І ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Педагогикада тұлғаның қалыптасу мәселесіне теориялық шолу . . .
1. 2. Әлеуметтік факторлардың педагогикалық-психологиялық сипаты
1. 3. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуші әлеуметтік факторлар
ІІ ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
2. 1. Зерттеудің тәжірибелік негізі мен зерттеу жұмысын ұйымдастыру . . .
2. 2. Баланың тұлға ретінде қалыптасуын эксперименталды зерттеу нәтижесі . . . Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың және қоғамның табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы мен қоғам туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген [1] .
Балалардың психологиялық денсаулығы әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, мәдени, психологиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Педагогика, психология, философия ғылымдары тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік - биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен құралады.
Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті. Жеке тұлғамен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т. б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мєселелері. Мектепке дейінгі жаста тұлғаға мінез, еркіндік, адамның қатынасы мен сезімдері, оның қызығушылықтары мен әдеттері, қажеттіліктер мен тәртіптің себептері кіреді. Мектепке дейінгі жаста баланың тұлғасының қалыптасуына көбінесе үлкендер арасындағы қарым-қатынастары әсер етеді.
Бала дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Себебі, оның дамуы - күрделі процесс. Баланың дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Мұндай ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп дамиды. Баланың тұлғалық дамуына оның денсаулығы, қоршағандардың қарым-қатынасы, еліктеу үлгілерінің болуы, табыс пен сәтсіздіктің өмірлік тәжірибесі әсер етеді. Бала өзі адамдарға қалай қатынасатыны, және олар балаға қалай қатынасатыны баланың денсаулығына тәуелді. Әдетте дені сау балаға қарағанда, физикалық науқас және әлсіз балаға басқаша қарайды. Бұл айтарлықтай тұлға ретінде дамуына тәуелділігінен баланың жима жеке тәжірибесі анықталады.
Баланың тұлға ретінде даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А. Я Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, Л. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Эигельс, З. Фрейд, Д. Дью, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, Б. Б. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) . Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа М. Ф. Харламовтың “Педагогика” атты еңбегі, Н. Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе”, В. А. Сухаевтың “Біз әртүрлі тілде сөйлейміз”, К. С. Пироговтың “Философияға кіріспе”, А. М. Қасабеков пен Ж. Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д. Кішібековтың “Философия”, Г. К. Нұрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Баланың тұлға ретінде дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.
В. А. Петровский былай деп жазды: «Бір жағынан, тұлға нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді» [] . Ғылыми әдебиеттегі баланаң тұлға ретінде анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, С. Л. Рубинштейн бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған [] .
Ал Қазақстанда тұлға мәселесі Ж. И. Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкірттерінің, яғни Л. О. Сарсенбаева, Р. Ш. Сабирова, Л. В. Пилипчук, С. Ж, Өмірбекова, Г. Т. Бекмуратова және т. б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда.
Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет барысында жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде балаға тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда психологияның жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр.
Зерттеудің мақсаты: Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу.
Зерттеудіңміндеттері:
- баланың тұлға ретінде дамуының психологиялық тұрғыдан жан - жақты зерттеу;
- баланың тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу;
- әлеуметтік факторларға теориялық сипаттама беру;
- баланың тұлға ретінде дамуын психологиялық - педагогикалық зерттеу әдістер арқылы зерттеу;
Зерттеу объектісі: 5-7 жастағы балалар.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік факторлардың баланың тұлға ретінде қалыптасуына әсері.
Зерттеу әдістері:
тәжірибелік әдісі: оқушылар үшін сауалнамалар жүргізу, педагогикалық тәжірибені сынақтан өткізу.
Ғылыми болжам : Егер, баланың тұлға ретінде қалыптасуында әлеуметтік факторлар жағымды әсер етсе, онда бала .
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. БАЛАНЫҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Педагогикада тұлғаның қалыптасу мәселесіне теориялық шолу
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды.
Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «баласыздық» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің аркасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек.
Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі - тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді[8] .
Педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді жағдайларын анықтайды және зерттейді.
Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.
«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берілген анықтамалар өте көп.
1) Адам (биологиялық түсінік ретінде) - тіршілік иесі, өкілі, фило- және онтогенетикалық даму өнімі.
2) Адам - адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.
Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Әр адам - индивид.
Даралық, қысқаша айтқанда, бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік. Даралық мінез және темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, әр адамды өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) даралық ретінде қарауымыз керек.
Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы проблемасы бойынша үш бағыт бар: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.
Биологиялық (преформистер) бағыт өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер ықпалы деп түсіндіреді (З. Фрейд) . Адам қоғам талаптарына бағынуға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі басып отыруға мәжбүр. Ол өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» немесе қанағаттандырылмаған табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады дейді. З. Фрейд адамның жүріс-тұрысы толығымен жыныстық инстинктен (либидо) тәуелді деп есептеді.
Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру барысында өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т. б. инстинктер.
Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылдау, ойлау және т. б. ) биологиялық негізде, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылықтары, қабілеттері әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді.
Қазіргі заманғы педагогика ғылымы тұлғаны биологиялықты әлеуметтіктен бөлуге болмайтын біртұтас ретінде қарастырады. Тұлға бойындағы биологиялық өзгерістер оның іс-әрекетіне ғана емес, өмір сүру образына әсерін тигізеді. Дегенмен, шешуші рольді әлеуметтік өмір нәтижелері: мотивтер, қызығушылықтар, мақсаты атқарады. Олар тұлғаның бейнесін анықтай отырып дене (физикалық) кемшіліктері мен мінез ерекшеліктерін (қызуқандылық, ұялшақтық және т. б. ) жеңуге мүмкіндік береді.
Тұлға қоғамдық өмірдің өнімі бола тұра сонымен қатар тірі организм. Тұлға қалыптасуында биологиялық пен әлеуметтіктің қатынасы өте күрделі және адам дамуының әр кезеңіндегі, әртүрлі жағдайларындағы ықпалдары біркелкі емес.
Л. И. Божович тұлға деп психикалық дамуында белгілі бір деңгейге жеткен адамды айтады. Бұл деңгей адам өзін-өзі тану процесінде өзін басқалардан бөлек деп қараумен және «Мен» деген түсінікпен сипатталады. Сонымен қатар, психикалық дамудың бұл деңгейі адамның өзінің көзқарастарына сәйкес келмейтін қоршаған ортаның ықпалдарынан тәуелсіздігімен және салыстырмалы түрде оны тұрақты ететін өзіндік көзқарастары, моральдік талаптары және бағалары болуымен сипатталады.
Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға - белгілі бір функцияларды атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы - қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеру және адамды қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады, өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып туса, тұлға болып қалыптасады [9] .
Тұлғаның мәнді сипаттамалары:
1) дүниетанымының мазмұны, психологиялық мәні;
2) дүниетанымының, сенімдерінің тұтастығы;
3) қоғамдағы өз орнын сезіну деңгейі;
4) қажеттіліктер мен қызығушылықтар сипаты және мазмұны;
5) әртүрлі тұлғалық қасиеттерінің көрінуі мен қатынасының ерекшеліктері.
Тұлға дамуын түсіндіруде де әртүрлі көзқарастар бар. Метафизиктер дамуды зерттеліп отырған құбылыстың азаюы немесе көбеюі, қарапайым қайталау, сандық жинақталу процесі деп түсіндіреді.
Табиғи жағдайлармен адам дамуы формаларының байланысын Э. Геккелмен Ф. Мюллер ашқан биогенетикалық заң көрсетеді. Бұл заң бойынша онтогения (жеке даму) дегеніміз филогенияның (түрдің дамуы) қысқа және тез қайталануы. Шынында, адам өзінің жеке дамуында адамзаттың дамуын қайталатыны туралы фактілер бар. Бірақ, бұл осындай қысқа мерзім ішінде түрдің дамуын қайталау барлық организм белгілеріне тән дегенді білдірмейді (өмір жағдайына бейімделу барысында пайда болған белгілер де бар) . Адам дамуы бұдан күрделірек.
Диалектикалық материализм өкілдері дамуды табиғаттың, қоғамның және ойлаудың бөлінбейтін қасиеті, төменнен жоғарыға қозғалыс, жаңаның пайда болуы және ескінің жойылуы немесе қайта құрылуы деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан қарастырсақ тұлға дамуы тек сандық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар сапалық өзгерістер жүретін біртұтас биоәлеуметтік процесс. Оқыту мен тәрбие барысында туындайтын ескі мен жаңаның арасындағы қарама-қайшылық тұлға дамуының қозғаушы күші болып табылады. Ол қарама-қайшылықтар:
- іс-әрекет барысында туындайтын жаңа қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру арасындағы қарама-қайшылық;
- баланың өскен дене және рухани мүмкіндіктері мен ертерек қалыптасқан өзара қарым-қатынас формалары және іс-әрекет түрлері арасындағы қарама-қайшылық;
- қоғам талаптары мен тұлға дамуының деңгейі арасындағы қарама-қайшылық.
Баланың тұлға ретінде дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан үш бағыт бойынша жүреді: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Әр бағыт бойынша қайтымсыз өзгерістер - оқушы тұлғасының жаңа сапалық жағдайы пайда болады [10] .
Тұлғаның дамуы келесі негізгі кезеңдерден өтеді.
1 кезең - Нәрестелік шақ, туғаннан бастап 1 жасқа дейін. Осы кезде баланың дамуына адамдарға сенімділігі, көпшілдік, ашықтық, жақсылық, немесе қарама-қарсы қасиеттер: сенімсіздік, теріс ниеттілік, тұйықтық кіреді. Баланың алғашқы жылдарында балаға ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар қалай қарайтынына байланыысты тұлғалық қасиеттер қалыптаса бастайды.
Егер олардың қатынастары ізгі болып, махаббат пен іңкәрліктен негізделсе, балада жағымды тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Басқа жағдайда кері әсер: теріс тұлғалық қасиеттер пайда болуы мүмкін.
2 кезең -Алғашқы кезеңдегі тұлғаның қалыптасуы жас шаққа келеді (1-3 жас) . Балада жақсы мен жаман түсінігі қалыптасады. Балада өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі, табысқа жету уәждемесі, қарапайым нормалар мен этикалық тәртіптің пішіндері қалыптаса бастайды. Сонымен қатарлар, нәрестелік шақтағы қалыптасқан тұлғалық қасиеттер де дамиды.
3 кезең - Мектепке дейінгі тұлғалық қалыптасу процессі 3 жастан 6-7 жасқа дейін жатады. Осы кезде баланың еріктік мінез ерекшелігі, рольдік тәртібі, адамдармен ережелер және әрекеттестік пішіндер меңгеріледі. Іскерлік және тұлға аралық қасиеттердің қалыптасуы тұлғаның алғашқы кезеңі
Бала түрлі ішкі әсерлерге икемді, ол үлкендерге толығымен сенімді, бірақ олардың әрекеттері мен қылықтарын бағалауға, өзі өз бетінше бәрін реттеуге мүмкіншілігі жоқ. Бала талғаусыз барлығына және бәріне еліктейді. Балада айналадағы үлкендерден және құрдастардан көрген, тұлғалық қасиеттер мен тәртіп түрлері қалыптасады. Олар тура еліктеуге үлгі бола бастайды. Сондықтан да ересекте бала кезіндегі қоршаған адамдарда болған тұлғалық қасиеттерді жиі көріп тұрамыз. Баланың өмірлік табыстар және сәтсіздіктер тәжірибесі өзіне деген қатынасына, өзін-өзі бағалауына, әрекеттену дейгейіне, мотивациясына әсер етеді.
Замандас жағдайда педагогиканың дамуы әр алуан түрде белсендіріледі: ізгілікті, әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, эксперименталды, ынтымақтастық педагогика. Ізгілік педагогикасының пәні: ізгілікті бостандығы бар, келешек демократиялық қоғамда өмір сүріп, жаңа нәрселерді тудыра алатын тұлғаны, яғни адамды тәрбиелеу.
Бала тұлғасы жалпыадамдық бағалығы ретінде қарастырылатын, ізгілік педагогикасының теориясында, «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар.
Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибесі жиналып, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын жасайды. Оқыту ортасы табиғатпен сәйкестілікке бағытталған. Жеке көзқарас - баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеудегі өзіндік бейнелілік қарастыратын, психологиялық ғылымның маңызды принципі. Осы көзқарас баланың тәрбиелеу үрдісіндегі жағдайын анықтап, баланы осы үрдістің белсенді объекті ретінде, яғни субъект болуы, субъектілік қатынас құра алатынын белгілейді.
Баланың өзіндік мәдениеті - ересектер әрдайым түсінбей алатын, өз заңдары бойынша өмір сүретін, үлкен әлем. Бала үшін оның белсенді істеріндегі, қатынастағы, өзін өрнектеудегі, әр алуан әсерде жарқын көрінетін, өмірге құштарлығы тән. Мектепке дейінгі баланың жасқа сай ерекшеліктерін есепке алып, болар-болмас міндеттерді қоюға және қызметтердің бірнеше бағыттарын бірге қамтуын талап етуге керек емес. Осының барлығы балаларды шығармашылық және тәжірибелік қызметтің әр түріне, экскурсияларға, ойындарға електеп, ойын ретінде іске асырылады[11] .
Осындай жұмыс барысында бала шығармашылық ұжымда әлеуметтік қатынас тәжірибесін және еңбекті ұйымдастыру мен қатынас жасаудың принциптері туралы өз пікірін жасап, алынған білімді өз қызметінде пайдаланып, таным субъектісі болып қалып, жекеленген «мен» жиынтығында нақты қызметте өзін бақылау және өзін талдауды дамыту.
Мектепке дейінгі жастан бастап, өз жұмысын тұлғаны қолдау бойынша, оған көмек көрсету бойынша, балаға сүйіспеншілік пен құрмет көрсету, оның шығармашылық күшіне сенім білдіруде жасау керек. Сонда ғана балалар басқалардың пікірлерін құрметтеп, қамқорлық жасау, педагогтармен қатынас жасауды және мектепке дейінгі мекемеге үлкен ынтамен баруға үйренеді.
Баланың жеке басының қалыптасуындағы мектепке дейінгі кезең мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие беру кезеңін қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани және дене бітімінің даму ерекшеліктерін, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz