1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
1. Қазақ ғылым академиясының ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті
2. Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері
3. Қ.Ғ.А ашылғаннан кейінгі институттардың ашылуы
4. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жүргізген жұмыстар мен жүктелген міндеттер
5. Қ.И.Сәтбаев өмірбаяны

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.
Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.

1. ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 2-қ., 1-т., 570-іс, 64-п.
2. Ахмедова Н.Б., Центральная научная библиотека Академии наук Казахстана. Наука советского Казахстана 1920-1960 гг. -А.-А., 1960, с. 89-677;
3. ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 11-қ.,2-т., 5-іс, 11-14пп
4. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алматы, 1961.- 6-б.
5. Ш.Ч. Чокин. Путь национальной АН. – Алматы, 1996.- c. 24.
6. Есенов Ш., Академия наук Казахской ССР. – Алматы: Казахстан, 1970.-47-б.
7. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алматы, 1961.- 20-б
8. Медеу Сәрсеке. ЖЗЛ. Сәтпаев. Мәскеу, Молодая гвардия, 2003 жыл
9. "Қаныш" энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" редакциясы, 2011 жыл.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындығы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және Өнер факультеті
С Ө Ж
Тақырыбы: 1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Дайындаған: СР-121 Рахметов Нұрдәулет
Тексерген: т.ғ.к. Меңдігереев К.Б.
Атырау-2017
Жоспары:
1. Қазақ ғылым академиясының ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті
2. Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері
3. Қ.Ғ.А ашылғаннан кейінгі институттардың ашылуы
4. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жүргізген жұмыстар мен жүктелген міндеттер
5. Қ.И.Сәтбаев өмірбаяны
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.
Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.
Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты.Ғылым орталығы жаңадан ашылған кезде оның құрамында минералдық ресурстар, физика-математикалық, биология және медицина ғылымдары сондай-ақ, қоғамдық ғылыми-зерттеу бөлімдері жұмыс істеді. Аталмыш, бөлімдердің құрамында ғылыми зерттеу институттары мен секторлар жұмыс істеді [1, 64].
Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, секторлар, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, кабинеттер мен комиссиялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді [2, 51].
Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, олардың ашқан жаңалықтары мен жеткен жетістіктері де еліміздің ғылыми кешенді даму белестерін айқындай түсті [3, 36]
Алғаш құрылған кездегі Ғылым академиясының құрамында 5 бөлім, 24 институт, 2 сектор болды. Академия құрылмай тұрып, Қазақ ССР ҒА қазақ филиалы болған кезде 1942 ж. астрономия және физика, тарих, тіл және әдебиет, сондай-ақ, химия-металлургиялық атты 3 институт болған еді. 1950 ж. астрономия және физика ғылыми зерттеу орталығынан астрофизика институты бөлініп шығады. Яғни, ол Қазақ КСР ҒА болып өз еншісін алған кездегі алғашқы құрылған институт болып табылады. Оның негізгі зерттеу нысаны: аспан денелері, жұлдызаралық материя табиғаты, аспанның денелерінің химиялық құрамын анықтау болып табылады [4, 8].
1952 ж. Экономика , 1956 ж. Микробиология және вирусология, 1958 ж. Философия және право, 1961 ж. Тіл білімі, 1965 ж. Гидрогеология және гидрофизика, 1969 ж. ашылған Органикалық катализ және электрохимия,
1970 ж. физика-математика ғылымдары бөлімі құрамында Жоғары энергия физикасы институттары және тағы басқа ғылыми зерттеу орталықтары құрылған болатын [5, 8].
Институттардың ашылуы бір-бірімен етене байланысып, Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізді. Себебі ол кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауда болды. Ұлы отан соғысы жылдары барлық өнімдер майданға арналды, ал соғыстан кейінгі ауылдың жағдайы мүшкіл еді. 1947-1948 жж. ауылдық жерлерде жұмысшы қолының жетіспеуі немесе техникалық жетіспеушіліктер орын алды. Егістік аймақтарда тек қол еңбегі өнімі болғандықтан жұмыс өнбеді. Кейбір аймақтарда ғана кәрістерді көшіріп әкелгеніне байланысты күріш алқаптары болды. Егіс алқаптары тек 1952-54 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көбейіп, ауыл аймақтарындағы халық нанға сол кезден кейін ғана тоя бастады. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары әрі қарай ауыл шаруашылығы, халық шаруашылығын жақсарту негізінде өрбіді [6, 91] .
Ғылым Академиясының жаңа ғылыми-зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады. Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40 жылдардың соңы мен 50 жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ. Сатпаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сатпаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді [7,11].
Қаныш Имантайұлы Сатпаев қазақ ғылымының жанашыры болды. Ол Ғылым академиясының басшылығында болған кезінде ғылымға байланысты әр саланы мұқият қарап, оны орындалуын қадағалап отырды. Мысалы, 1950 ж. №134 хат бойынша Қазақстан КП(б) ОК хатшысы Ж. Шаяхметовке Абай Құнанбаевты мәңгілік есте қалдыру туралы Ұлы ақынның 1954 ж. өлгеніне 50 жыл толуына байланысты Абайдың кітаптары сұраныста екенін, қалған шығармаларын да шығару керектігін айтып, еске алу шараларын өткізуді күн тәртібіне кіргізу керектігін дәлелдеп, іске асырды. Бұл өз елінің тұлғаларын дәріптеп, олардың еңбегін елге таныстыру ісіндегі ғалымның атқарған қызметі еді [8,6].
1958 жылы Қаныш Имантайұлы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясының депутаты болып сайланды. 1959 жылы КОКП XXI съезінде делегат, 1961 жылы - КОКП XXII съезінде делегат, КСРО ҒА Президиумының мүшесі болып сайланады. 1962 жылы Сәтбаев Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің алтыншы шақырылған сессиясында депутат және төраға орынбасары болып сайланады. 1963 жылы Қаныш Имантайұлы геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Ленин орденімен 4-ші рет марапатталды[9, 24].
Қ.И. Сатпаевтың құнды да бай дәлелдерінің арқасында ашылған Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелерінде 1961 ж. Қазақ КСР ҒА 39 академигі, 34 корреспондент мүшесі, 87 ғылым докторы және 536 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан бері, яғни 1946-1960 жылдары аралығында 82 ғылым докторы мен 800-ден астам ғылым кандидаты қорғап шықты. 1970 ж. Қазақ КСР ҒА ғылыми мекемелерінде 114 ғылым докторлары, 1060 ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Бұл көрсеткіш 1946 жылмен салыстырғанда ғылым орталығында академиктер 4 есе, корреспонденттар 4 есе, ғылым докторлары 2 есе, ғылым кандидаттары 5,9 есеге өскендігін көрсетеді.Қазақ КСР ҒА құрылғаннан кейінгі көрсеткіш бойынша ғылыми зерттеу мекемелердегі қызметкерлердің көбісі қазақтар болды [10, 47].
Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканы жедел дамытуға бағытталды. Осындай тапсырмалармен тығыз байланыста болған ғылым академиясы Кеңес Одағының негізгі ғылыми зерттеу мекемелерімен байланысып, келісіп отырды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттаулармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді [11,20].
Қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Қ.И. Сатпаевтың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Мәселен, Қарағандыда металлургиялық зауыттың өмірге келуі, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеру, және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Сондықтан Қ.И. Сатпаев сияқты Ұлы тұлғалар бастаған ғылым саласы өз болашағын еш жоғалтпақ емес. Бүгінде Қазақ КСР Ғылым академиясы болып құрылған Ғылым ордасы өсіп, өркендеп, мұнда дайындалған ғалымдар көптеген ғылыми жаңалықтарымен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақ КСР Ғылым академиясының тарихына байланысты құжаттар Ғылым ордасы ведомстволық мұрағатының қорларында сақтаулы. Қазақ КСР Ғылым академиясы атты 2 қорында Ғылым академиясының тарихына байланысты барлық құжаттар бар және бүгінде бұл құжаттар өз құндылықтарын жоғалтқан емес.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы осы жетістіктерге бастамашы болған. Екі жылдан кейін (тіпті одан да аз уақыттан кейін) ол өзінің 70-жылдық мерейтойын тойлайды. Академияның тарихы -- бұл қазақстандық ғылым тарихының қалыптасу мен даму тарихы. Қазіргі кезде отандық ғылымның деңгейі жоғары, ғылым негізін аталған Академия қалаған. КСРО Халық Комиссары Кеңесінің қаулысына сәйкес 1945 жылдың 26 қазанында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы ретінде қайта құрылған; бірақ, соған қарамастан, Академия ресми түрде тек 1946 жылдың 1 маусымында ашылды. Ғылым Академиясының негізін қалаушылар арасында 14 академик және ҚазКСР-ының 16 корреспондент-мүшесі болды. Осы кезде Қазақ КСР Ғылым Академиясының жарғысы мен құрылымы бекітілді. Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті. ҒА-ының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика-математтикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар. Минералды ресурстар Бөлімінің құрамына 8 институт енді (Геологиялық ғылымдар институты, Кен жұмысының институты, Металлургия және кенді байыту институты, Құрылыс және құрылыс материалдары институты, Энергетика институты, Химикалық ғылымдар институты, Мұнай институты, Алтай тау-металлургиялы институты) және география секторы. Бөлім қарастыратын мәселелердің көбі география, геология, техника және химия салаларындағы сұрақтар болып табылады. ҚазКСР ҒА бөлімінің басшысы Әбікен Бектұрұлы Бектұров болып тағайындалды. Ол минералды тыңайтқыштар саласындағы маман. Геологиялық ғылымдар институты Ғылым Академиясының құрылымындағы ең ірі ғылыми мекеме болған. Ол геологияның теоретикалық сұрақтарына жауап іздей отырып, геологиялық карталарды құрастырап, статиграфия, вулканизм, тектоника, литология, палеонтология ғылымдарының зерттелуімен айналысқан болатын. 1956 жылы Қ.И. Сатпаев басшылығымен ғалымдар-геологтар Орталық Қазақстанның комплекстіболжамды-металлогенді картасын құрастырып, оны жариялады. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланған. Ол Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланып отырды. Сонымен бірге, ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Осы жылы Энергетика институты құрылған, республикадағы барлық энегретикалық ресурстардың зерттелуі -- оның жұмысының басты бағыты. Сонымен бірге, институт қызметкерлері энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану деген мәселені зерттей отырып, халық шаруашылығын қалай дұрыс электрлендіру деген сұраққа да назарын аударды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, терең теоретикалық зерттеулерді-де қатар жүргізді. 1945 жылы құрылған Химикалық ғылымдар Институтының маңыздылығы зор болып табылады. Ол республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт мұнай және көмірді тереңірек зерттей отырып, мұнай өндіретін өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды. 1946 жылы құрылған Металлургия және кенді байыту институты көпметаллды және өндірістің жартылай өнімдерінің қайта жасап шығару әдістерін ашуға тырысып, кенді байыту жолындағы тиімді тәсілдерді құрастырып отырған. Ғылым Академиясындағы келесі Бөлім -- К. П. Персидский басшылығымен Физика-математика ғылымдар бөлімі. Аталған ұйымның құрамына 2 институт, 2 секторд және 1 зертхана енген. Астрофизикалық институт 1950 жылы пайда болды. Институтның маңызды жетістіктерінің бірі Газ-тозаңды тұмандылық атласының" жасап шығаруы болды. Ол КСРО аймағында және шетелдерде тұратын азаматтарына белгілі боп кетті. Институт жетістіктерінің ішінде 2600 метр биіктігінде Короналды станциясының ұймдастырылуы, жарық шашырауы теориясының құрылуы деп атауға болады. 1951 жылы үш зертханасы бар Физика-техникалық институты құрылды. Оның 3 зертханасы бар: ғарыштық сәулелер, спектрлық талдау, металлфизика және металлтану. Институт қызметкерлері спектрлық сызықтардың және элементтер спектрлерінің атластарын дайындады. Металлургиялық өнімдерден сирек кездесетін металлдарды шығару әдіснамасы әзірленді. Биологиялық және медициналық ғылымдар бөліміне 7 Институт, Алма-Атылық ботаника бағы енді. Осы бөлімнің алғашқы Төрағасы академик Н. В. Павлов болды. Ботаника институты Қазақстан аумағындағы пайдалы және техникалық өсімдіктерді ажыратып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін-де зерттеді. Республиканың флорасы жан-жақты зерттелді. Көптеген геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Физиология институты 6 зертханасы бар ірі ғылыми-зерттеу мекемесіне айналып кетті. Мұнда 4 ірі мәселе зерттелді: дем алу, лимфоайналым, қан айналымындағы жүйкелі-рефлекторлы реттеу; нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары; Қазақстандағы дәрілік шикізатты фармакологиялық тұрғыдан зерттеу; жануарлардың өнімділігі және олардың ағзаларындағы физиологиялық заңдылықтар. Зоология институтының басты бағыты -- Қазақстан фаунасын зерттеу (оның пайда болуы, дамуы және т.б.). 1945 жылы құрылған Топырақтану институты Қазақстандағы жер ресурстарын, олардың пайда болуын, дамуын зерттеді. Институт қызметкерлері Қазақстан ауданының топырақ картасын құрастырды. Өлкелік паталогия институты 3 мәселені зерттеді: Өлкелік жұқпалы және паразиттік аурулары, олармен күресу жолдары, Нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары, Қазақстан шипажайлары. Клиника және эксперименттік хирургия институты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін өзекті болып табылатын мәселелерді зерттеген: өндірістік және ауылшаруашылық жарақаттанушылықпен күресу жолдары. Қоғамдық ғылымдар Бөлімі екі институтты (тарих және археология, этнография және экономика) біріктірді. Институттың алғашқы Төрағасы Н. Т. Сауранбаев болды. Тарих және археология институты Тарих секторының негізінде қаланды, ол келесі тақырыптар бойынша зерттеулерді жүргізді: Ұлы Қазан төңкерісі, қазақ мемлекеттілігі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел, қазақ халқының этногенезисі, төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Сонымен қатар, археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізілді. Экономика институты 1952 жылы құрылған, ол саяси экономика, халық шаруашылығының тарихы, халық шаруашылығындағы салалардың орналастыру және даму жолдарын зерттеді. Осылай, қайта құрылған ғылыми-зерттеу институттары елдегі халық шаруашылығының жағдайын қалпына келтіруге және аталған саланың дамуына бағытталған зерттеулерді көп жүргізді. Зерттеулер қоғам мен адам тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болды. Ғылыми зерттеулер қойылған мақсат-міндеттеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz