Операциялық жүйелер жайлы


Операциялық жүйе

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICKнемесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйе.

Даму тарихы.

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың ОЖ -лерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты. йелер де кездеседі.

Үдіріс басқару .

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.
Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

Операциялық жүйе .

Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Сервистік программалар.
Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Желілік операциялық жүйе
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
• ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
• желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
• ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
• ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
• ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

Жүйелік үзілісті ұйымдастыру
Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды. BIOS - тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар. BIO. COM (IBMIO. COM) - BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды. DOS. COM (IBMDOS. COM) - ның жұмысы - пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т. б. . Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады. COMMAND. COM - ның негізгі жұмысы - пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND. COM - ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т. б. . )
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

C:\Users\PC\Desktop\images.png C:\Users\PC\Desktop\images.png

Операциялық жүйенің жұмысы
«Компьютер жүктеліп жатыр», «Операциялық жүйе жүктеліп жатыр» деген сияқты сөздерді естіген боларсыздар? Компьютерді қосу тетігін басқаннан кейінгі процесс осылай түсіндіріледі. Бір немесе екі минут алатын бұл процесс жүріп жатқанда компьютер бірнеше маңызды функцияларды атқарып жатады:
- Барлық бағдарламалар дұрыс істеп тұрған-тұрмағанын тексеріп шығады;
- Жаңа жабдықтың пайда болған-болмағанын тексереді;
- Операциялық жүйе іске қосылады.

Операциялық жүйенің жұмысы
«Компьютер жүктеліп жатыр», «Операциялық жүйе жүктеліп жатыр» деген сияқты сөздерді естіген боларсыздар? Компьютерді қосу тетігін басқаннан кейінгі процесс осылай түсіндіріледі. Бір немесе екі минут алатын бұл процесс жүріп жатқанда компьютер бірнеше маңызды функцияларды атқарып жатады:
- Барлық бағдарламалар дұрыс істеп тұрған-тұрмағанын тексеріп шығады;
- Жаңа жабдықтың пайда болған-болмағанын тексереді;
- Операциялық жүйе іске қосылады.

Операциялық жүйелердің түрлері
Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады.
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.

танымал операциялық жүйелер

Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI - Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Яғни компьютерде тышқан, пернетақта және т. б. арқылы оңай жұмыс істеуге болады.

Әр операциялық жүйенің GUI-інің сырт бейнесі әртүрлі, сондықтан егер сіз басқа операциялық жүйеге көшетін болсаңыз, онда жаңа таныс емес операциялық жүйеге біраз уақыт үйрену қажет болады. Дегенмен олардың әрқайсы пайдалануға барынша ыңғайлы етіп жасақталған.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/09/20/original/59ea5ab52b8a87773d4617d04e5509e7.png

Microsoft Windows
Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесін 1980-жылдарың ортасында жасап шығарды. Содан бері Windows-тің көптеген нұсқалары шықты, бірақ олардың ішінде ең танымалы - Windows 10 (2015 жылы шығарылған), Windows 8 (2012), Windows 7 (2009), Windows Vista (2007), мен Windows XP (2001) . Windows көптеген жаңа компьютерлерге алдын-ала орнатылып қойылады және де әлемдегі ең көп таралған операциялық жүйе болып саналады.
Егер сіз Windows операциялық жүйеңізді соңғы нұсқасына жаңартқыңыз келсе, онда Windows-тың соңғы шыққан Home Premium, Professional және Ultimate сияқтыларының бірін таңдай аласыз. Бірақ орнатпас бұрын қайсы сізге оңтайлы болатынын зерттеп алыңыз.

Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер
Жоғарыда айтып өткен барлық операциялық жүйелер үстел үстілік және ноутбук сияқты портативті компьютерлерге арналған. Телефон, смартфон, планшеттік компьютерлер мен МР3-плеерлер сияқты мобильді құрылғыларға арналып жасалған операциялық жүйелер бар, мысалы, Apple, IOS, Windows Phone және Google Android. Суреттен IPad-та жұмыс істейтін Apple, IOS-ты көре аласыз.
Әрине, функционалдылығы жағынан олар компьютерлік операциялық жүйелерден әлдеқайда төмен, бірақ олар көптеген негізгі тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, фильмдер қарау, интернетте веб-парақшаларды ашу, қосымшаларды, ойындарды іске қосу және т. б.

C:\Users\PC\Desktop\скачанные файлы.jpg

C:\Users\PC\Desktop\operatcyalik-juier-turali-1.jpg

Операциялық жүйе ядросы - операциялық жүйенің негізгі функцияларын орындайтын модульдер. Бұл модульдер әдетте, процестерді, жадты, енгізу-шығару құрылғыларын басқаруды қолдайды. Операциялық жүйе ядросының коды процессор жұмысының пұрсатты режимінде орындалады.

Операциялық жүйенің кейбір компоненттері осы операциялық жүйе үшін стандартты форматтағы қарапайым қосымшалар болып табылады. Оларды операциялық жүйенің көмекші модульдері деп атайды. Сондықтан көп жағдайда операциялық жүйе мен қосымшалар арасында шекара жүргізу қиынға соғады. Әдетте, қандай да бір бағдарламаның операциялық жүйеге тиістілігі туралы шешімді өндіруші қабылдайды.

3. Операциялық жүйелердің даму бағыттары.

ОЖ-лердің төменде келтірілген тарихи буындарын атап көрсету қабылданған:

  • Нөлдік буын. Алғашқы компьютерлерде ОЖ-лер болмаған. Бұл алғашқы компьютерлердің пайда болуынан бастап ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасына дейінгі период.
  • Бірінші буын. Пакеттік өғдеу, мультибағдарламалық ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасында пайда болды.
  • Екінші буын. Көпрежимді ОЖ-лер, нақты уақыт ОЖ-лері. ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болды.
  • Үшінші буын. Дербес компьютерлерге арналған ОЖ-лер, желілік ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында пайда болды
  • Төртінші буын. Үлестірілген ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында пайда болды
  • 1. Орталықтандырылған (жергілікті) ОЖ-лер. Бұл жүйелер жалғыз локальді компьютер ресурстарын басқарады. Оларға алгоритмдер жағынан алғанда екі әртүрлі ішкікластар кіреді: - Бірпроцессорлы жүйелер; - Көппроцессорлы жүйелер.
  • 2. Желілік ОЖ-лер. Мұндай жүйелер желі пайдаланушыларына нақты желілік аппаратураға қарағанда жұмыс істеуге ыңғайлы қайсыбір виртуальді машинаны ұсынады. Алайда, пайдаланушы желілік ресурстарға қол жеткізу үшін әрқашан арнайы операцияларды орындайды. Желілік жүйелер үш негізгі компоненттен тұратын қосымша желілік құралдардан тұрады:
  • 1. Енгізу-шығаруды басқару. Енгізу-шығару жүйесін басқару.
  • Операциялық жүйенің ең негізгі функцияларының бірі компьютердің барлық енгізу-шығару құрылғыларын басқару болып табылады. Операциялық жүйе осы құрылғыларға командалар беруі, үзілулерді ұстауы және қателерді өңдеуі қажет. ол құрылғылар және жүйенің қалған бөліктері арасында қарапайым және ыңғайлы интерфейс орнатуы қажет. Интерфейс мүмкіндігінше барлық құрылғыларға бірдей болғаны жөн (ол қолданылатын жабдыққа тәуелді болмауы тиіс) . Енгізу-шығарудың бағдарламалық қамтамасы операциялық жүйенің айтарлықтай бөлігін құрайды.
  • Енгізу-шығару жүйесін басқару үшін ең алдымен оның аппараттық қамтамасыз етуін білуіміз абзал. Әртүрлі мамандар енгізу-шығарудың аппараттық қамтамасын әртүрлі қарастырады. Инженер-электроншылар микросхемаларды, өткізгіштерді, қоректену көздерін, двигательдерді және басқа да физикалық компоненттерді көреді. Бағдарламалаушылар бірінші кезекте интерфейске, бағдарламалық қамтамаға ұсынылған - аппаратурамен қабылданатын командалар, онымен орындалатын функциялар, аппаратура хабарлай алатын қателерге назар аударады
  • Енгізу-шығару құрылғыларын жалпы екі категорияға бөлуге болады: блоктық және символдық. Блоктық құрылғылар деп ақпаратты фиксирленген өлшемді адрестелетін блоктар түрінде сақтайтын құрылғыларды айтамыз. Әдетте, блоктар өлшемі 512-ден 32768 байтқа дейін болады. Блоктық құрылғының маңызды қасиеті - әрбір блокты қалған блоктардан тәуелсіз оқуға болатындығында. Анағұрлым кеңінен таралған блоктық құрылғылар - дискілер болып табылады. Егер ерекше ықыласпен қарайтын болсақ, блоктық адрестелетін құрылғылар мен жеке құраушыларына тікелей адрестеле алмайтын құрылғылар арасындағы шекара қатаң айқындалмағанын көруге болады.
  • Дискіжетектің бастиегінің ағымдық орналасқан орнына тәуелсіз оны белгілі бір цилиндрге қойып, жеке блокты қажетті жолдан бастап оқуға немесе жазуға болатындықтан диск блоктық адресетелетін құрылғы екенін барлығы да біледі. Дисктің резервтік көшірмесін сақтау үшін қолданылатын магнитті лентадағы жинақтауышты (магнитофон) қарастырайық. Лентада блоктар тізбегі сақталады. Егер магнитофонға қайсыбір блокты оқуға бұйрық берілсе, оған лентаны қайта орап, процесс сұраныс жасалған блокқа жеткенге дейін деректерді оқуды бастауға тура келеді. Бұл операция дискте блокты іздеуге ұқсайды, шамалы айырмашылығы - ол айтарлықтай көп уақыт алады. Сонымен қатар, жинақтауышқа байланысты және онда сақталған деректердің форматына қарай лентаның ортасына жеке кездейсоқ блокты жазуға кепілдік берілмеген. Магниттік лентаны кездейсоқ қол жетерлік блоктық құрылғы ретінде пайдалану әрекеті едәуір ауыр болады: ешкім оларды мұндай түрде пайдаланбайды. Енгізу-шығару құрылғысының басқа түрі - символдық құрылғы. Символдық құрылғы символдар ағынын ешқандай блоктық құрылымсыз ұсынады немесе қабылдайды. Символдық құрылғы адрестелмейді және іздеу операциясын орындамайды. Дискке ұқсамайтын принтерлер, желілік интерфейстік адаптерлер, тышқан (экранды позицияны көрсету үшін), атжалмандар (психология бойынша лабораториялық эксперименттер үшін) және көптеген басқа құрылғыларды символдық құрылғылар ретінде қарастыруға болады.
  • 4. Ақпаратты тораптық қорғау программалық құралдары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЯДРОСЫ
Операциялық жүйенің жоғары бөліктегі жазылуы
Windows 8 ОЖ жұмыс режимдері
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
Операциялық жүйенің жіктелуі
Операциялық жүйеге сипаттама
Операционды менеджментті басқару жүйелеріндегі жобалаудың негізі операционды стратегиясы
Желілік бағдарламалау
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz