Нашақорлық кесаптың белгісі



Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді. Сондықтан қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қарастырылуда. Соның біріне қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылдың 18 қаңтарында қол қойылған заңның шеңбе-рінде Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген болатын. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған қадам болатын. Бірақта менің ойымша осындай ізгілендірудің салдарынан нашақорлар көбейіп кетпей ме, деген ой туындайды. Олар қылмыстық жаза қолданылмайтынын біле тұра одан сайын құлшына нашақорлықпен айналысуы мүмкін. Сосын әкімшілік материалдар, қылмыстық материалдарға қарағанда сапасыз жиналып, қылмыскер әкімшілік жазадан да құтылып кетуі мүмкін. Бұны әрине келешектегі статистикалық мәліметтерден білуге болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 — 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қаулысында «Есірткінің заңсыз айна- лымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер 205 мен щарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды ролі бар екені атап өтілген болатын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді» деп көрсеткен. Аталмыш қаулыда нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту профилактикасында да ерекше тоқталып өткен. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалтудың негізгі үш деңгейін бағдарламада атап көрсеткен. Олар: бастапқы, екінші және үшінші. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Яғни күш — жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретінде көзқарасын өзгерту, салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады.
1. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2009 — 2011 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысы
2. Баландин А., Баландина Л., Джанибеков В. Самые опасные наркотики. — Изд. «Гроссмедиа», 2008
3. Сердюкова Н. Б. Наркотики и наркомания. Ростов н/Д., 2000
4. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Нашақорлық кесаптың белгісі

Нашақорлық кесаптың белгісі
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл жұқпалы ауруға Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне -- мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді. Сондықтан қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қарастырылуда. Соның біріне қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылдың 18 қаңтарында қол қойылған заңның шеңбе-рінде Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген болатын. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған қадам болатын. Бірақта менің ойымша осындай ізгілендірудің салдарынан нашақорлар көбейіп кетпей ме, деген ой туындайды. Олар қылмыстық жаза қолданылмайтынын біле тұра одан сайын құлшына нашақорлықпен айналысуы мүмкін. Сосын әкімшілік материалдар, қылмыстық материалдарға қарағанда сапасыз жиналып, қылмыскер әкімшілік жазадан да құтылып кетуі мүмкін. Бұны әрине келешектегі статистикалық мәліметтерден білуге болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 -- 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы Қаулысында Есірткінің заңсыз айна- лымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер 205 мен щарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды ролі бар екені атап өтілген болатын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді деп көрсеткен. Аталмыш қаулыда нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту профилактикасында да ерекше тоқталып өткен. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалтудың негізгі үш деңгейін бағдарламада атап көрсеткен. Олар: бастапқы, екінші және үшінші. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Яғни күш -- жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретінде көзқарасын өзгерту, салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай құқыққорғау органдарының нашақорлықтың алдын алудағы ролдері басқа органдарға қарағанда маңыздырақ деп ойлаймын. Оны төмендегі статистикалық мәліметтерден де көруге болады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүргізген статистикалық деректердің талдауы өткен 2012 жыл ішінде елде тіркелген есірткі қылмыстары санының біршама төмендегенің көрсетеді. Осылайша, елдің құқық қорғау органдары талданып отырған кезеңде аталған санатта 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 4360 қылмыспен салыстырғанда 3886 қылмысты тіркеді, бұл яғни 10,9%-ға төмен. Сондай-ақ, тіркелген жалпы қылмыстардың ішінде есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты тіркелген қылмыстардың үлес салмағының төмендеуі байқалады (2009 жылы есірткі қылмыстарының үлес салмағы 5,1%-ды, 2010 жылы - 4,9%-ды, 2011 жылы - 2,1%-ды, ал 2012 жылы -- 1,35%-ды құрады). Елдің өңірлері шегінде есірткі қылмыстарының көбі Қостанай (385), Жамбыл (377), Қарағанды (372) облыстарында және Алматы қаласында (329) тіркелді. Есірткі қылмыстарының құрылымында ҚР ҚК 259-бабында көзделген Есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату қылмыстары басым. Талданып отырған кезеңде аталған бап бойынша барлығы 3526 қылмыс тіркелді. Аталған санатта тіркелген қылмыстардың жалпы санынан олардың үлес салмағы 91 %-ды (2009 жылы -95,3%; 2010 жылы - 95,3 %; 2011жылы - 92,5%) құрады. Есірткі заттарын, психотроптық заттарды өткізуге немесе өткізу мақсатына байланысты қылмыстардың саны 6,1%-ға кеміді (2414-тен 2266-ға дейін). 2012 жылы ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған, есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау не өткiзу жөніндегі тіркелген қылмыстардың саны 89,5%-ға өсті (38-ден 72-ге дейін). Талданып отырған кезеңде заңсыз айналымнан алып қойылған есірткінің жалпы салмағы 15,2%-ға кеміді (33,9-дан 28,8 тоннаға дейін). Ал, 2009 жылы айналымнан алып қойылған есірткінің жалпы салмағының өсуі байқалған болатын, сонымен ол 2009 жылы - 27,9 тоннаны, 2010 жылы - 28,4 тоннаны, 2011 жылы -- 33,9 тоннаны құрады. Бұл ретте алып қойылған героинның жалпы салмағы 2012 жылы 306,7 кг құрады. Жалпы алғанда, Ресейдің өткізу нарықтарына келіп түсетін есірткі шекарасынан өтетін соңғы мемлекет Қазақстан екенін ескерсе, героинды алып қою көлемі жоғары емес. Орталық Азияда есіркі 206 заттарды алып қоюдың шамамен 90%-ы героин Қазақстанға жетпей тұрып жүзеге асырылады. 2010-2012 жылдары алып қойылған есірткі заттары түрлерінің ішінде марихуана, героин, гашиш, апиын жиі кездеседі. Жоғарыдағы статистикалық мәліметтер Қазақстандағы нашақорлық пен наркобизнестің жасалынып жатқан іс - шараларға, Стратегиялық бағдарламаларға және бюджеттен бөлініп жатқан миллиондаған қаражатқа қарамастан әліде болса күшін жоймағаны байқалады. Мүмкін бұл келесі жағдайларға байланысты шығар. Есеп комитеті Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2009 -2011 жылдарға және 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бақылаудың қорытындысын шығарған. Есеп комитетінің бағалауынша, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама жеткілікті дәрежеде тиімді іске асырылмаған. Нашақорлықтың жай-күйіне қатысты талдау жұмыстарының жасалмауы, тиімді мониторингінің жүргізілмеуі, тәуекелдер мен күтілген нәтижелердің жеткілікті дәрежеде пысықталмауы, орындаушылардың мәселеге үстірт қарауы жаңа қатерлердің туындауына әкеп соқтырған, сөйтіп халықтың денсаулығына, экономикаға және жалпы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаһандық тұрғыдан қауіп-қатер төндірілген. Ішкі істер министрлігі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бөлінген қаражаттың пайдаланылуына мониторинг жүргізбеген. Жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталған. Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті Бағдарламаның іс-шараларын орындау жөніндегі үйлестіру жұмыстарын, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етпеген. Бағдарламаны нақты іске асырудың тетігі жоқ. Жоспарлау кезеңінде мәселелерді сапалы пысықтау жөнінде тиісті шаралар қабылданбағандықтан, Бағдарламаның жекелеген іс-шаралары орындалмай қалған. Іс- шаралар жоспарында қарастырылған 66 тармақтың 21-сі ішінара орындалған, 6-уы орындалмаған. Бағдарламаның күтілген 9 нәтижесінің 2-уіне ішінара қол жеткізілген, 4- уіне қол жеткізілмеген. Жергілікті атқарушы органдар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, тиісті өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту қызметтерін нығайту бойынша жүйелі шаралар қабылдамаған. Ел аумағы арқылы есірткіні әкелу және оның транзит каналдарының жолын кесуді қамтамасыз ететін жабдықтармен кедендік бекеттердің жарақталуы бар болғаны 77%-ды құрайтын көрінеді. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 2,7 млрд.теңгеге жабдықтар және техника сатып алынғанымен, олар есірткі заттарын іздеп табуға немесе анықтауға арналмаған. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламаның орындалу барысының тиімділігін бағалау оны іске асыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Нашақорлық – өлім тұзағы
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Жасөспірім және заң туралы
Психобелсенді заттарға тәуелді науқастарға иммунологиялық диагностика әдістері
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Есірткі және нашақорлық
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Пәндер