Жүк көтеру крандарына қысқаша мəліметтер


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

6. 1. Жүк көтеру крандарына қысқаша мəліметтер

Крандар - дегеніміз циклді түрде жұмыс жасайтын жүгі босатылғанда кері қайту жүрісі бар, бірнеше механизмнің қатысумен дана жүктерді шектелген кеңістікте көтеріп тасымалдайтын құрылғыны айтады. Крандар құрылымы бойынша: 1) жебелі; 2) көпірлі; 3) арқанды аспалы жүктеулі (канатты) боп үш түрге бөлінеді. Жебелі крандар сұлбасы «Г» əрпіне ұқсас, мұнарасының бас жағына жүк көтеру жебесі орналасқан құрылғы. Жебенің орналасуына жəне жұмыс істеу тəсіліне байланысты екі түрге бөлінеді: 1) қозғалмайтын, горизонталь орналасқан жебе; 2) топсалы, қозғалатын жебе. Біріншісінде жебе белгілі бір биіктікте горизонталь орналасады, оған орналастырған жүк көтеру лебедкасы бар арба сол жебе бойымен горизонталь жазықтықта алға-артқа басқа лебедканың көмегімен жүргізіледі. Сонымен көтерілетін жүктің салмағы мен жүкті максимальды көтеру биіктігі тұрақты, ал жүктің алшақтығын немесе кранның айналу осінен көтерілген жүктің осіне дейінгі арақашықтықты, арбаны қозғалтушы лебедкамен реттейді. Бірінші топтағы крандардың артықшылығы: жүкті көтеріп тасымалдау жұмысы тұрақты, жүкті монтаждау немесе ауыр жүкті орналастыру кезінде жүктің шайқалмауы, тұрақтылығы жоғары жəне энергияны анағұрлым үнемделуі, себебі арбаны дөңгелегімен арнайы жебедегі бағыттаушы бойымен қозғалту өте жеңіл. Екінші топтағы крандар, жебе топса арқылы мұнараға бір ұшы бекітіледі, ал екінші ұшына шығыр арқылы жүк ілінеді. Жүктің алшақтығын жебенің көлбеу бұрышын ұлғайтуға арналған лебедканың көмегімен іске асырылады, бірақ бұған көп энергия жұмсалады, себебі, жүк қармаушының жəне жебенің салмағын көтеруге тура келеді. Жүкті көтеру кезінде динамикалық күштер пайда болып, жүк шайқалып монтаждауға қиындық туғызады.

Жебелі крандар тіреу - бұрылмалы қондырғыларының құрылымдарына байланысты төрт түрге бөлінеді 1) қозғалмайтын тіреуіште орналасқан жебелі крандар; 2) қабырғаға орналастырған крандар; 3) мұнаралы рельспен жүретін топсалы жебелі крандар; 4) пневматикалық немесе шынжыр табанды өздігінен жүретін, маневрлі крандар Крандар жұмыс істеу орындарына байланысты: 1) тұрақты орында жұмыс жасайтын; 2) тіркеумен жүретін крандар; 3) өздігінен жүретін крандар жəне 4) автокөлікті мобильді крандар. Жүру жолдарына байланысты: 1) рельс бойымен жүретін крандар; 2) шынжыр табанды өздігінен жүретін крандар; 3) пневмодөңгелекті өздігінен жүретін крандар; 4) порталды (кемеге орналасқан) крандар. Айналу бұрышына байланысты: 1) жартылай айналу бұрышымен (олар толық 360° айнала алмайды, себебі кедергі бар, мəселен қабырға кедергі болады; 2) толық айналу бұрышымен, яғни 360° оңға - солға. Айналу платформасының орналасу орнына байланысты: 1 (төменде орналасқан, мұнда мұнара, жебемен бірге айналады; 2) жоғарыда орналасқан, яғни тек жебе ғана көтерілетін жүкпен бірге айналады. Бұл тəсіл өте ыңғайлы, үнемді, себебі электр энергиясы тек жебе мен жүкті айналдыруға жұмсалады, динамикалық күштер азаяды. Жоғарыда көрсетілген жебелі крандар барлық өнеркəсіптерде кеңінен қолданылады. Мəселен тұрақты орнында жұмыс жасайтын крандар жөндеу цехтарында, қоймаларда жүктерді тиептүсіруде кеңінен қолданылады, ал рельске орналасқан мұнаралы крандар өндірістік немесе тұрғын үй, көп қабатты ғимараттарды тұрғызу кезінде, жүктерді тиеп-түсіруде ірі қоймаларда, құрылыс жұмыстарын жүргізуде қолданылады. Машинажасау өндірісінде машина бөлшектерін, жабдықтарын тиеп-түсіруде, монтаждау, жөндеу жұмыстарында немесе сол бөлшектерді тиеп-түсіруде қолданылады.

Көпірлі (арқалы) крандар құрылымы бойынша екі түрге бөлінеді: 1) көпірлі крандар 2) төрт тағанды көпірлі кран. Біріншісі көбінесе цех қойма іштерінде орналасады, ғимараттың екі бүйір қабырғаларына арнайы тіреуіш орналастырады жəне үстіне бағыттаушы рельс бекітіледі. Сол рельске құрылымы көпір іспеттес, фермадан немесе бүтіндей балкадан құрастырылған (арқа), көпір, өзінің екі ұшына орналасқан темір дөңгелектерімен цех бойымен қозғалады. Металл көпірдің үстіне немесе астына бағыттаушы профиль (рельс) орналасқан, сол бағыттаушының бойымен жүк көтеру арбасы қозғалады. Төрт тағанды (аяқты) көпірлі кранның-көпірлі краннан айырмасы көпір төрт тіреуішке (аяққа), ал жүру рельсі жер бетіне орналасқан, сондықтан оларды ашық алаңда орналастырады. Бұл крандар көбінесе ашық құрылыс алаңдарда, ауыр өнеркəсіп немесе порттарда, ашық қоймаларда, тиеп-түсіру базаларында кеңінен қолданады. Бұл крандарда кемінде үш немесе төрт бөлек механизмдер орналасқан: 1) жүкті көтеру механизмі (лебедка) жүкті көтеріптүсіруге арналған; 2) жүктің алшақтығын (адымын) реттейтін механизм (лебедка), олар топсалы жебелі крандарда платформаға орналасып, полиспаст арқылы жебенің көлбеу бұрышын өзгертіп жүктің жақындауын, алыстауын реттейді. Ал горизонталь қозғалмайтын жебеде немесе көпірлі крандарда жүк көтеру арбаны, көлденең қозғалтуға арналған лебедкамен орындайды. Лебедка жеңіл түрде арбаға орналасады, ал орташа жəне ауыр түрде, арнайы платформаға орналасып арқан арқылы арбаны жылжытады; 3) кранды жер бетімен жүргізу механизмі, жылжымалы крандарға тəн. Кранды қозғалту механизмі көбіне жүру дөңгелектерінің қасына орналасады жəне жетек арқылы кранды шектелген бағыттаушы бойымен (рельс, профильдер) немесе шектеусіз ашық алаңдарда жүруін қамтамасыз етеді. Тұрақты крандарда бұл механизм жоқ; 4) крандарды бұру механизмі, бұл механизм тек жебелі түрдегі крандарға жəне кранның бұрылатын бөлігін, белгілі бұрышқа бұрады. Аталған механизмдер жекелей жұмыс істейді немесе өнімділігін, уақытты үнемдеу үшін бірге жұмыс жасайды. Мəселен жүкті ілген соң, көтеру механизмін қосады, сонан соң жүктің тасымалдау траекториясына байланысты басқа механизмдерін іске қосады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жөнделіп жатқан қондырғы - көтеру механизмі
Мұнаралы кран
Мұнаралы жүк көтеру крандары
Автомобильді крандар қораптары
Технологиялық карта
Көпірлі крандардың негізгі механизміне сипаттама, сұлбасы. Көпірлі крандардың өнімділігін анықтау
Геоақпараттық технологияларды қолдану
Ақтөбе облысы бойынша ғимаратты жоспарлау
МАШИНА ЖИЫНТЫҒЫ РЕТІНДЕ ТОПЫРАҚТЫ ТАСМАЛДАУ ҮШІН АВТОСАМОСВАЛ ТАҢДАУ
Ғимараттарды жинақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz