Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?



Жоспар

І Кіріспе
1. “Ұлыстың ұлы күні . ұлы күн”

ІІ Негізгі бөлім
а) Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
б) Наурыз туралы түсінік.
в) Айтыңыз құтты болсын.

Пайдаланылған әдебиеттер
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты жаз ("йас") бен алты ай қысқа ("қыш") бөлінген. Тіліміздегі „алты ай жаз бойы", „ала жаздай", „алты ай қыс бойы", „ала қыстай" секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойып босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан — „жағымды", ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан — „жағымсыз" саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті „Авеста" кітабында, XI ғасырдағы түркі тілдерінің энциклопедиясы—„Диван лугат-ат-түрк" сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа „Ахуромазда", жамандыққа „Ахирман" деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты „Кие", жамандықты „Кесір", қысты „Зымыстан", жазды „Табысқан" деп атаған.
Бүл күіі — аспан денелері өздерінің „ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді „Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн" деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Наурыз сөзі иран тілінің ноу — „жаңа", руз — „күн"деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде „наурыз" сөзі, біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
1. “Ұлыстың ұлы күні – ұлы күн”

ІІ Негізгі бөлім
а) Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
б) Наурыз туралы түсінік.
в) Айтыңыз құтты болсын.

Пайдаланылған әдебиеттер

„Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн"
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер
шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл
мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты
жаз ("йас") бен алты ай қысқа ("қыш") бөлінген. Тіліміздегі „алты ай жаз
бойы", „ала жаздай", „алты ай қыс бойы", „ала қыстай" секілді сөз
оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние
кеңіп, шаруадан мойып босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан —
„жағымды", ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан — „жағымсыз"
саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды
адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне
жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге
келген қасиетті „Авеста" кітабында, XI ғасырдағы түркі тілдерінің
энциклопедиясы—„Диван лугат-ат-түрк" сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының
қиял-ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады.
Соғдалықтар жақсылыққа „Ахуромазда", жамандыққа „Ахирман" деп ат қойса,
бұрынғы қазақтар жақсылықты „Кие", жамандықты „Кесір", қысты „Зымыстан",
жазды „Табысқан" деп атаған.
Бүл күіі — аспан денелері өздерінің „ең бастапқы нүктелеріне келіп,
күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін,
жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді „Ұлыстың ұлы күні — ұлыс
күн" деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен
22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Наурыз сөзі иран тілінің ноу — „жаңа", руз — „күн"деген
сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде
„наурыз" сөзі, біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам,
екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты
айтылады.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының
көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл
мейрамды ежелгі гректер „Патрих", бирмалықтар „Су мейрамы", тәжіктер „Гүл
гардон", „Бәйшешек", „Гүлнаурыз", хорезмдіктер „Наусарджи", татарлар
„Нардуган", буряттар „Сагааи сара", соғдалықтар „Наусарыз", армяндар
„Навасарди", чуваштар „Норис ояхе" деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының
Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан
Бируни, Ибн Балхи, Омар һайям еңбектері арқылы жетіп отыр.

ҚАЗАҚ ЕЛІ НАУРЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛҒАН?
Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықтан аттап үйге енгенде, "жалғыз шала
сәуле болмас" деп терге қос шырақ жағылып қойылады. "Жаңа жыл мұнтаздай
таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады" деген
сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз мүліктің шаны қағылып, жуылып,
тазартылады. "Береке басынан басталады" демекші, "жыл басы жақсы басталса,
аяғы да жақсы болады". "Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп
болсын" деп Қызыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (бидай , тары, арпа, сұлы,
жүгері т. б.) аққа (сүт, айран, шұбат, уыз т. б.) және кәусар бұлақ суына
толтырады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы
Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн "Қызыр түні" деп аталады. Қызыр —
адамдарга дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін
қиял-ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы —
Қызыр аты даланы кезе жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібіеді,
ат тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себезгілеп
атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс
келеді, сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22-сі күні
таңғы сағат 3-те қарсы алады.
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның
соқты етін уызға салып пісіріп. "ұйқыашар" деп аталатын ерекше дәм
дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қолақысының
қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын "селт еткізер", “дір еткізер”
сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна — пәктік пен жастықтың,
тарақ — әдемілік пен сұлулықтың, иіссу — бүршігін жаңа жарған жауқазындай
құлпырып жайнай түсудің белгісі.
Наурыз күнінің бір ерекшелігі — бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс
күнінде сәлемдесудің қалыптаскан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен
кездескеңде:
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле-жала жерге енсін!—

НАУРЫЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Наурыз — парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, "жаңа күн" деген сөз. 22
наурыз күнін "Жаңа күн" деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-
не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы
бола бастайды. Күн жылыға айналғаны — жазға айналғаны. Сондықтан 22 наурыз
жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып,
жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде
дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны — жаз. Сол тоқсанның басы 22 март
болғандықтан бұл күн "Наурыз'' яғни "жаңа күн" дел аталады.

Айтыңыз құтты болсын
Ұлттың болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын,
рухани өресін, танымы мен нанымын жалпақ жұртқа жайып, өзін-өзі жұрағаттап
танытатын әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз мерекесі
Наурыз – көне мейрам
Наурыз мерекесін тойлау
Наурыз – қазақша жыл басы
Наурыз – көне мереке
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Наурыз мейрамы туралы
Буынаяқтылардың классификациясы
Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Пәндер