Ашық және жабық нөмерлеу жүйелерін зерттеу


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: ІІ
3: Телефон және телефонды желілердегі нөмірлеу жүйелері
Кіріспе . . .: 2. 1
3: Жүйе ұғымы және телефон жүйесі . . .
4
Кіріспе . . .: 2. 2
3: Телефонды желілердегі нөмірлеу жүйелері . . .
5
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 7
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 8

Кіріспе

Бұл жұмыстың тақырыбы: «ашық және жабық нөмерлеу жүйелерін зерттеу» болып табылады. Тәжірибелік жұмыста, жалпы телефон, жүйе (система), телефондық жүйелер, ашық және жабық нөмерлеу жүйелер туралық анықтама берілді.

Жүйе - бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы. Сондай-ақ жүйелер әр салада, әр түрлі мағынаға ие болады. Мысалы: механикалыө жүйе, философиялық жүйе, телекоммуникациялық жүйе, физикалық жүйе, химиялық жүйе, ақпараттық жүйе, билогиялық және геологиялық жүйе тағы басқалары.

Телефон байланысың жүйесі: телефон желісі мен абоненттік терминалдардан тұрады. Телефон желілерінде нөмірлеу жүйелерінің ашық және жабық түрлері қолданылады, бірінші жағдайда желінің кез келген екі абоненті арасындағы байланыс үшін бір ғана мәнді нөмір теріледі. Екінші жағдайда нөмір таңбасының саны байланыс түріне тәуелді.


ІІ Телефон және телефонды желілердегі нөмірлеу жүйелері

2. 1 Жүйе ұғымы және телефон жүйесі

Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα- бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) - бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы. Сондай-ақ жүйелер әр салада, әр түрлі мағынаға ие болады. Мысалы: механикалыө жүйе, философиялық жүйе, телекоммуникациялық жүйе, физикалық жүйе, химиялық жүйе, ақпараттық жүйе, билогиялық және геологиялық жүйе тағы басқалары.

Телефон байланысың жүйесі: телефон желісі мен абоненттік терминалдардан тұрады.

Жалпы жағдайда телефон желісі дегеніміз - коммутация түйіндерінің жиынтығы. Телефон желісінің ролін автоматты телефон станциялары (АТС) орындайды. АТС қызметі, коммутация түйіндеріндегі байланыс арналары мен абоненттік арналарды жалғайды, абонент терминалдарын АТС-пен байланыстырады - бұның барлығы біріншілік желі. Абоненттік арналарды көбінесе «соңғы миль» арнасы деп, немесе жай ғана «соңғы миль» деп атайды.

Абоненттік терминалдар (оларға абоненттік телефон аппараттары, офистік АТС немесе компьютерлердің жатуы мүмкін) желіге әдетте мыс сым жұптары арқылы - абоненттік жол (желі) арқылы қосылады. Абоненттік жолдың желіде өзінің бірегей нөмірі (абонент нөмірі) болады; оның ұзындығы қағида бойынша 7-8 км аспау керек, және де оның бойымен ақпараттың берілуі көбінесе аналогты формада жүргізіледі.

Еліміздегі телефон байланысы құрамына: жалпы қолданыстағы телефон желісі (ТфОП) мен жалпы қолданыстағы жылжымалы радиотелефонды байланыс желісі (РТОП) кіретін телефонды байланыс жүйесінен (СТфС) тұрады.

Жалпы қолданыстағы екіншілік телефон желісі дегеніміз - автоматты телефон станцияларының (АТС), автоматты коммутация түйіндерінің (УАК), абоненттік аппараттар мен жолдардың, сонымен қатар біріншілік желіден алынған тарату арналарының жиынтығы. Бұл екіншілік желіде біріншілік желінің ярустарына ұқсас иерархия бар.

Ереже бойынша абоненттер бұл иерархияға осы желінің төменгі ярусы болып табылатын жергілікті (қалалық немесе ауылдық) байланыс желілері арқылы қосылады. Жергілікті желілер аймақ ішілік біріншілік желінің байланыс арналары арқылы аймақтық желілермен (ортаңғы ярус) біріге алады. Әр түрлі аймақтар (жоғарғы ярус) арасындағы байланыс біріншілік магистральді желілердің арналары арқылы іске асырылады.

2. 2 Телефонды желілердегі нөмірлеу жүйелері

Телефон желілерінде нөмірлеу жүйелерінің ашық және жабық түрлері қолданылады, бірінші жағдайда желінің кез келген екі абоненті арасындағы байланыс үшін бір ғана мәнді нөмір теріледі. Екінші жағдайда нөмір таңбасының саны байланыс түріне тәуелді. Мысалы, іш станционды байланыстар қысқартылған нөмір бойынша орнатылады, ал станция аралық байланыстарды орнату үшін абонент абонент нөмірінің барлық таңбаларын тереді. ГТС ішіндегі байланыс кезінде нөмірлеудің жабық жүйесі қабылданған. СТС-да әртүрлі ашық жүйелердің түрлері жиі қолданылады. Перспективада нөмірлеудің жабық жүйесін қолдану қарастырылады. Қазіргі уақытта ел территориясы нөмірлеудің жеті таңбалы аумақтарына бөлінген, олардың әрқайсысына үш таңбалы АВС коды меншіктелген. А түрінде кез-келген сан қолданыла алады, 1 және 2-ден басқа, ал В және С түрінде - кез-келген сандар. Аумақ шегінде әр абонент жеті таңбалы аумақ ішілік ab нөміріне ие. Аумақ ішілік ab кода әр жүз мыңдаған нөмірлеу тобына меншіктеледі. Бірінші a саны түрінде 8 және 0-ден басқа кез келген сандар қолданыла алады. Жүз мыңдаған топта абоненттік нөмір бес таңбалы болады. Нөмірлеу аумағында жүз мыңдаған топ саны 80-нен аса алмағандықтан, онда аумақ ішілік жүйенің шекті сыйымдылығы 8 млн. нөмірге тең.

Желі сыйымдылығына тәуелді ГТС-дағы нөмірлеу бес-алты немесе жеті таңбалы бола алады. Аналогты қалалық телефонды желінің негізгі сыйымдылық бірлігі он мыңдаған АТС бола алады, сондықтан абонентік нөмір АТС х кодынан және 4 орынды нөмірден (-) құрылады. Егер желі сыйымдылығы 10 мың нөмірден (аудандалмаған) немесе 80-мың нөмірден (райондалған) аспаса, онда бес таңбалы нөмірлеу қолданылады. Райондалған жағдайда УВС бар (сиымдылығы 800 мың нөмірге дейін) желіде алты таңбалы нөмірлеу b қолданылады, мұнда b-жүз мыңдық түйінді район кодын анықтайды, bх- АТС коды. Егер УВС және УИС (сыйымдылығы 8 млн. нөмірге дейін жетеді) бар райондалған желі қарастырылатын болса, онда 7 таңбалы нөмірлеу ab қолданылады, ab- жүз мың район коды. Мұндай ГТС бір уақытта 7 таңбалы нөмірлеу аумағы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
S-12 типті электронды АТС жобалау
Қалааралық тораптар
Әрбір тарау мен бөлім толық қарастырылған бір ақпаратты қамтиді
Байланыс тораптары. Алғашқы тораптар
Станция сызбасын таңдау
Математика ғылымының қалыптасуы
Балалар әлемі интернет-дүкенің құру
Деректерді тасымалдау жылдамдығы
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Сандық технология негізінде жергілікті қалалық байланыс жүйелерін жүзеге асырудың мүмкіндіктерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz