Химиялық және биологиялық


Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Химиялық қару - уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 - 36) химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т. б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

Химиялық қарудан қорғану. Химиялық қарудан қорғану - әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық қару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық - гигиена шаралары, жарақат алғандарға алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Химиялық заттардан күю.

Денені күйдіріп жіберетін химиялық заттарға концентрациясы күшті қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұзды ерінділері және фосфор жатады.

Концентрациясы күшті қышқылдар мен ауыр металдардың тұзды ерітінділері тканьдарға бірдей әсер етеді. Бұл химиялық заттар тканьнің белогын бүрістіріп және құрғатып жіберетіндіктен, оны коагуляциялық өлі ткань (наркоз) дейді. Жансыз тканьдардан қалың қабыршық пайда болады да, жаңадан келген химиялық заттарды тканьның терең қабатына жібермей оған бөгет жасайды.

Химиялық заттың зардабынан күйген адамның жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, естен танып қалу кездеспейді. Улану белгілері де болмайды. Жансыз тканьдардан тазарған жара қатайып, тыртық болып жазылады. Жараның жазылу процесі ұзаққа созылады.

Емдеу әдістері. Химиялық затпен күйіп қалған жерді сол мезетінде суық сумен жуу қажет. Су химиялық заттың концентрациясын азайтады, химиялық заттардың қалдықтарынан тазартылады да, химиялық заттардың әрман қарайғы зиянды әсерін тоқтатады.

Биологиялық қару

Биологиялық қару (БҚ) - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.

Бқ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:

Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ) ; вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит) ; риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба) ;

Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;

Өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т. б. химиялық заттар.

БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.

Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1, 5 млн адам шейіт болса, 6, 5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген.

Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады. 1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды. 1940-1944 жылдары жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы БҚ-дың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан қаза болды.

Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері.

БҚ-дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды. Оларға жататындар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық, биологиялық улармен күресудің негіздері
Химиялық қарудан қорғану
Радиоактивті химиялық, биологиялық зақымдану кезінде халыққа көмек көрсету
Ксенобиотиктер туралы
Биофизика пәні
Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы
Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz